Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық министрлігі

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ

Тлеулес Диляра Нұрланқызы

Колледжде пәндерді оқыту барысында білім алушыларының шығармашылық ойлауын дамыту жолдары

Дипломдық жҰмыс

Мамандығы: 5В012000 Кәсіптік оқыту

Нұр-Султан 2019

Қазақстан Республикасының Ауыл Шаруашылық министрлігі

С. Сейфуллин атындағы ҚАТУ

«Қорғауға жіберілді»

КББ кафедра меңгерушісі

М. Д. Есекешова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырып: Колледжде пәндерді оқыту барысында білім алушыларының шығармашылық ойлауын дамыту жолдары

Мамандық 5В012000 Кәсіптік оқыту

Орындаған Тлеулес Д.

Ғылыми жетекшісі

п. ғ. д., профессор Мұкұшев Б. А

Нұс-Султан 2020

«С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ

Факультет: Компьютерлік жүйелер және кәсіптік оқыту

Кафедра: Кәсіптік білім беру

Мамандығы: 5В012000 Кәсіптік оқыту

Бекітемін

Кафедра меңгерушісі

Есекешова М. Д.

қолы аты - жөні

(күні, айы, жылы)

Студент Тлеулес Д.

(тегі, аты, әкесінің аты)

дипломдық жұмысты орындау бойынша

тапсырма

Тақырып: Колледжде пәндерді оқыту барысында білім алушыларының шығармашылық ойлауын дамыту жолдары

«___»20___ж. № бұйрықпен бекітілді

Студент бітірген жобаның тапсыру мерзімі

Жобаның шығыс мәліметтері

Түсіндірме-есептік жазбаның мазмұны (қарастырылуға тиісті сұрақтар тізімі)

Графикалық материалдың тізімі (міндетті нақты сызбаларды көрсету керек)

Ұсынылған негізгі әдебиет

Жоба бойынша кеңесшілер (оларға қатысты жоба бөлімдерін көрсетіңіз)

Бөлім
Кеңесші
Бақылау
мерзімі
қолы
Бөлім: Экономикалық бөлім
Кеңесші: Б. А Мұкұшев
Бақылау:
Бөлім: Қоршаған ортаны қорғау
Кеңесші: Б. А Мұкұшев
Бақылау:
Бөлім: Еңбек қорғау
Кеңесші: Б. А Мұкұшев
Бақылау:
Бөлім: Норма бақылау
Кеңесші: М. Д. Есекешова
Бақылау:

Тапсырманың берілу күні

Жобаның жетекшісі

Қолы, аты-жөні, лауазымы

Тапсырманы орындауға алған студент

(студенттің аты-жөні, қолы)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
11
Кіріспе . . .: Нормативті сілтемелер
11: 14
Кіріспе . . .: Анықтамалар . . .
11: 15
Кіріспе . . .: Қысқартулар мен белгілер
11: 16
Кіріспе . . .: 1 Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру . . .
11: 17
Кіріспе . . .: 1. 1 Философиялық және психологиялық-педагогикалық әдебиеттегі оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту мәселесі . . .
11: 17
Кіріспе . . .: 1. 2 Оқушылардың шығармашылық бастамасын дамыту . . .
11: 25
Кіріспе . . .:

1. 3 Оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын

қалыптастыру негіздері . . .

11: 29
Кіріспе . . .: 2 Арнаулы техникалық пәндерді оқыту барысында білім алушылардың шығармашылық ойлауын дамыту әдістері . . .
11: 34
Кіріспе . . .: 2. 1 Колледж білім алушыларының шығармашылық ойлауын дамытудағы педагогикалық технологиялар . . .
11: 34
Кіріспе . . .: 2. 2 Нұр-Султан қаласының Көпбейінді колледж білім алушылардың шығармашылық ойлауын даму деңгейін зерттеу . . .
11: 40
Кіріспе . . .: 2. 3 Арнаулы техникалық пәндерді меңгеру барысында колледж білім алушыларының шығармашылық ойлауын дамытуда қалыптастырушы эксперимент . . .
11: 43
Кіріспе . . .: 3 Экономикалық бөлім . . .
11: 47
Кіріспе . . .: 4 Қоршаған ортаны қорғау . . .
11: 51
Кіріспе . . .: 5 Еңбек қорғау . . .
11: 58
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
11: 70
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
11: 71

Кіріспе

Зерттелетін мәселенің өзектілігі . Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бірболашақ» Жолдауында Қазақстанның ең дамыған 30 елдің қатарына ену стратегиясының аясында ұзақ жылдарға арналған басымдықтар анықталды, оныңбірі ретінде ұтқырлық, мультимедиялық, нано және космостық технологияларды, робототехниканы, гендік инженерия, болашақ энергияны бағыттарында салалар ашу ұсынылды. «Қазақстан жастарының мейлінше сапалы кәсіптік-техникалық білім игеруіне және сол арқылы олардың еңбек нарығына мейлінше лайықты бейімделуіне жағдай жасау қажет. Бұл - басты мақсат», - деді Н. Ә. Назарбаев [1] .

Ол үшін сапалы білім қажет, жастардың әлеуетін толық ашуға мүмкіндіктер жасалуы тиіс. Сондықтан білім беру жүйесінің алдында маңызды мәселе тұр: колледж білім алушылардың оқу жетістіктері сыни ойлау, өзіндік ізденіс және ақпаратты талдау дағдыларын игеру болып табылады.

Қоғамның әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық т. б. үрдістері жастардың белсенді, шығармашылықпен жұмыс істейтін және кеңінен ойлауға қабілетті болуын қажет етеді. Сондықтан, колледж оқу үрдісінің негізгі мақсаты - арнайы педагогикалық әдістер арқылы мақсатты және жүйелі түрде білім алушылардың интеллектін, шығармашылықпен ойлауын дамыту, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше білім ала алу дағдыларының дамуына негіз салу. Мұндай мақсаттың баянды болуы оқу - ағарту жүйесінің үлесіне түсетінін ескерсек, білім негізі бастауыштан басталғандықтан, жас жеткіншектердің білімді, білікті болуында екені айқын.

Білікті жұмысшы даярлау, оның шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, оның әлеуетті мүмкіндіктерін ашу, ең алдымен, кәсіптік бастауыш білім беру мекемелеріне жүктеледі. Алайда оқыту мен тәрбиелеу практикасында шығармашылық қабілеттерін дамыту білім беру технологияларына енгізілмеген, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға функционалдық көзқарас басым. Кейбір педагогтар оқу-шығармашылық қызметтің жағымды уәждерін ынталандыруға, басқалары - зияткерлік қасиеттерді дамытуға, үшіншілері оқу-шығармашылық қызметте оқушы тұлғасының өзін-өзі ұйымдастыруын барынша белсендіреді. Бұл ретте тұлғаның шығармашылық қабілеттерінің компоненттері біркелкі дамымайды. Нәтижесінде көптеген жас жұмысшылар техника мен технологиялық процестерге әрдайым бағдарланбайды, шығармашылық қызметке қызығушылық танытпайды.

Ғылым негіздері бойынша белсенді шығармашылық іс-әрекетке дайындық процесі педагогикалық ғылым мен тәжірибенің өзекті міндеті болып қала береді. Бүгінгі күні іс-әрекетке шығармашылықпен қарайтын адам ғана оның алдына ғылыми-техникалық прогресті қоятын барлық практикалық және теориялық міндеттерді шеше алады.

Тұлғаның шығармашылық белсенділігін қалыптастыру идеясы А. С. Макаренко [2], С. Т. Шацкий [3], В. А. Сухомлинскийдің [4] еңбектерінде өз дамуын тапты. Онда осы үдерісті тиімді ұйымдастырудың маңызды шарттары қарастырылған.

Техникалық шығармашылықты дамытудың дидактикалық аспектісін Г. С. Альтшуллер [5] , Ю. К. Бабанский [6] т. б зерттеді.

Аталған авторлардың жұмыстарын талдау, шығармашылыққа жаңа бірегей тәсілдерді, міндеттерді шешу жолдары мен тәсілдерін іске асырудың жоғары деңгейіне қол жеткізуге бағытталған дербес, жоғары ұйымдастырылған, дәлелді қызмет ретінде анықтама беруге мүмкіндік береді. Мұндай қызметтің нәтижесі жаңа қоғамдық немесе субъективті маңызды білімдер мен материалдық құндылықтар болып табылады.

Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетке мақсатты дайындық мәселесі күрделі және көп қырлы. Бұл шығармашылық іс-әрекет оқушылардың оқу қызметін ұйымдастырудың белгілі бір тәсілімен негізделген, сондай - ақ оқыту процесінің тиімділігін арттыру құралы ретінде жеке тұлғаны қалыптастыру тұрғысынан бір мезгілде әрекет ете отырып, оқу үдерісінің көптеген жақтарын байланыстыруымен байланысты.

Жоғарыда аталғандардың барлығы біздің дипломдық зерттеу тақырыбымыздың таңдауын анықтады: «Арнаулы техникалық пәндерді меңгеру барысында колледж білім алушыларының шығармашылық қабілетін дамыту ».

Зерттеу мақсаты: Арнаулы техникалық пәндерді меңгеру барысында колледж білім алушыларының шығармашылық ойлауын дамыту әдістерін теориялық негіздеу және эксперименталдық зерттеу.

Зерттеу нысаны : қазіргі заманғы кәсіптік білім беру мекемесінде оқушыларының ойлау қабілеттерін дамыту үдерісі.

Зерттеу пәні: оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытудың әдістері.

Зерттеу болжамы: егер, арнаулы техникалық пәндерді оқыту барысында белсенды оқыту әдістері пайдаланса, онда білім алушыларының шығармашылық ойлауы және қабілеттері дамып, болашақ кәсібіне қызығушылық таңытады

Нысынға, пәнге, болжамға сәйкес зерттеу міндеттері қойылды:

1 Кәсіптік білім беру үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын және қабілеттерін тиімді дамыту мәселелерін педагогикалық теория мен практикадағы даму дәрежесін анықтау;

2 Білім беруде оқушылардың шығармашылық ойлауын және қабілеттерін дамыту процесінің тиімділігін қамтамасыз ететін әдістерді теориялық негіздеу; проблемалық оқыту әдісін пайдалану негізінде, шығармашылық тапсырмаларды шешу білімі мен дағдыларын меңгеруді ұйымдастыру.

3 Кәсіптік білім беру үдерісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын және қабілеттерін дамытуда проблемалық оқыту әдістемесін әзірлеу және эксперименталдық тексеру.

Дипломдық зерттеу барысында келесі ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау, психо-диагностикалық әдістемелерді іріктеп алу, мектеп оқушылары арасында олардың темпераментің, таным процестерін, интеллектуалдық қабілеттілігін анықтау тестерін қолданып жеке даралық қасиеттерін бағалау, тренинг элементтерін қолданып түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: Кәсіптік оқыту орындарында қолдануға болатын арнайы пәндерді оқыту процесінде қолданылатын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту әдістемесі әзірленді.

Зерттеу базасы: Нұр-Султан қаласының Көпбейінді колледжде өткізілді.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер жасалған:

  • ҚР Конституциясының 24 бабы 30. 08. 1995ж.
  • ҚР Экологиялық Кодексы. 09. 01. 2007 ж.
  • ҚР экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. 01. 08. 2003ж.
  • ҚР Білім туралы Заңы 27. 07. 2007, №319.
  • Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі» 23. 11. 2015

Анықтамалар

Шығармашылық - сапалы жаңа нәрсе тудыратын және қайталанбастықпен ерекшеленетін қызмет . . . Шығармашылық ерекше адам үшін, т. б. көздейді жаратушы - субъектінің шығармашылық іс -әрекет

Шығармашылық - өзін-өзі оң бағалауға мүмкіндік беретін және өз дамуында индивидтің өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін күш.

Шығармашылық іс-әрекет адамның жаңа нәрсе жасайтын іс-әрекеті деп аталады, яғни бұл шығармашылық іс-әрекет сыртқы дүниенің қандай да бір нәрсе немесе адамның өзінде өмір сүретін және байқалатын ақыл немесе сезімнің белгілі құрылымы

Шығармашылық әрекет- тұлғаның шығармашылық міндеттерді өз бетінше шешуі: білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай алуы, белгіліден жаңа мәселені көре білуі, объектінің жаңа қызметін байқай алуы, жаңа соны шешімдер қабылдауы;

Шығармашылық тұлға - бұл шығармашылыққа деген тұрақты да жоғары қызығушылығын білдіретін, шығармашылық қабілетті қалыптастырудың органикалық бірлігінде көрінетін, оған бір немесе бірнеше әрекет түрлеріне прогресивті, жеке мәнді шығармашылық нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін мотивациялық--тұлға.

Шығармашылық жағдай - бұл адам қолда бар тәжірибені пайдалануға мүмкіндік бермейтін немесе шектейтін мақсатты қызметті жүзеге асыру қажеттілігін түсінетін жағдай.

Проблемалық жағдай - танымдық немесе практикалық қиындықтарды бастан кешірген субъектінің кейбір психикалық жағдайы, бұл субъект пен қызмет объектісі мен таным арасындағы қарама-қайшылықты анықтаған.

Қиял - бұл адамның шығармашылық қызметінің қажетті элементі, ол еңбек өнімдерінің бейнесін құруда, сондай-ақ проблемалық жағдай белгісіздікпен сипатталған жағдайларда мінез-құлық бағдарламасын құруды қамтамасыз етеді

Белгілеулер мен қысқартулар

  • ҚР - Қазақстан Республикасы
  • ТжКО -техникалық және кәсіптік оқыту
  • БОӘ - белсенді оқыту әдістері
  • БТ- бақылау тобы
  • ЭТ - эксперименттік топ

ЖОО -жоғары оқу орны

КТОО - кәсіптік техникалық оқу орны

МЕСТ- Мемлекеттік стандарт

1 Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық ойлауын қалыптастыру

1. 1 Философиялық және психологиялық-педагогикалық әдебиеттегі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі

Ақпараттандыру, жаһандану жағдайындағы қазіргі білім беруді дамыту және жетілдіруді түрлі инновацияларды енгізусіз, жаңаша оқытуға қатысты принципті бағыттар қатарын қайта қарамайынша елестету мүмкін емес. Солармен бірге, қазіргі мектептің педагогикалық процесін бүгінде қарқынды даму үстіндегі инновациялық білім беру жүйелерімен, бірінші кезекте, шығармашылық қабілетке, шығармашылық әлеуетке, шығармашылық өзін-өзі дамытуға, шығармашылық дербестікке, креативтілікке қойылып жатқан талаптарға сәйкес келуі мәселесінің қарастырылуына да үлкен мән берілуі керек.

Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуетін дамыту тетіктерін зерттеуге деген әлеуметтік тапсырыс креативтік проблемасының ерекше өзектілігін ескертіп отыр.

Шығармашылық қызығушылықтың динамикалық даралық сипаты креативтілікке және оның негізгі көрсеткіштерінде көрінеді. Бірақ, мәселе мынада: креативтілік педагогикалық, психологиялық ғылымдарда тұрақталған категориялар болып табылса да, «креативтілік» түсінігі өз пайымдауын тапқан жоқ және шығармашылық психологиясынан жеткілікті талдауын талап етеді. Креативтілік проблемасы қазіргі кезеңде зерттеліп жатқанымен, бірқатар ғылыми-зерттеу жұмысы белгілі бір дәрежеде шығармашылықтың түрлі аспектісін қарастырғанымен, бүгінге дейін проблеманың өзіне де, оған қатысы бар түрлі қолданбалы сипаттағы сұрақтарға байланысты да біріңғай пікір қалыптаспай отыр.

Шығармашылық қабілет құпиясы, данышпандық жұмбағы т. б. осымен байланысты мәселелер адамзатты барлық уақытта да ойландырған және бүгінге дейін де ойландырып келеді.

Қоғамды гуманизациялау - XXIғасыр басындағы ғылыми мәселе десек те болады. Қазірдің өзінде, оның дамуының бүгінгі кезеңінде бұл тенденция адамдық фактордың анықтаушы ролімен көрсетіліп отыр. Осы фактор феноменологиясында шығармашылық қызығушылық басым және оның негізгі құраушысы болып табылады.

"Шығармашылық" ұғымын қалыптастыруға көптеген философтар қатысты. Философия тарихында шығармашылық үдеріске әртүрлі көзқарастарды анықтайтын бірқатар тұжырымдамалар бар. Антикалық философияда шығармашылық - адамның әлемнің жоғары ("ақылды") жетілуіне ұмтылысы. Ортағасырлық философияда шығармашылық - бұл болмыс тудырмайтын ерік актісі, Ал Құдай - еркін әлемді құрайтын тұлға. Сондықтан адамдардың шығармашылығы олардың Құдайға деген ұмтылысын, жер бетінде жаңа тудыру актісі арқылы оған табандылығын білдіреді. Бұл адам өмірінің мәні де ақталады [7] .

Шығармашылық туралы алғашқы ойларды біз ежелгі философтар еңбегінен табамыз. Аристотель өзінің еңбектерінде жаңа білімдердің пайда болуын логикалық ой түйіндеулер, алгоритм құру жолымен түсіндіруге тырысады.

"Шығармашылық - сапалы жаңа нәрсе тудыратын және қайталанбастықпен ерекшеленетін қызмет . . . Шығармашылық ерекше адам үшін, т. б. көздейді жаратушы - субъектінің шығармашылық іс -әрекет [8] .

Психологияда мұндай шартпен жаңаны табу ұзақ уақыт бойы ойлау операциялары: индукция, кейінірек - дедукция (Б. Бэкон, Р. Декарт, Г. Лейбниц, Дж. Милль) деп саналды. Шығармашылық табиғатын анықтаудағы мұндай тәсілдер детерменистік сипатта болды. Тек психологияда ассоциативтік тұжырымдаманың үстемдік құрған дәуірінде ғана шығармашылық табиғаты туралы «ғылымилықтың детерменистік идеалына»: шығармашылық синтез туралы (В. Вундт) және шығармашылық ассоциацияларға (А. Бэн) ішінара болса да сәйкес келетін түсініктер пайда бола бастады [9] .

Шығармашылық қызығушылық міндеттерін шешудің психологиялық тетіктері туралы ертедегі түсініктердің бірі интуиция ұғымында көрініс табады. Бұл ұғым туа бітті идеялардың өмір сүретінін мойындаған Платон уақытынан бергі, танымның идеалистік теориясына сүйенген психологияда мейлінше берік бекіді.

Креативтілік тарихын зерттеу шығармашылық қызығушылық мәселелерін шешу тәсілдерін адаптивтік және инновативтік, ал ойлаудың өзін дивенгенттік және конвенргенттік деп бөлген Уильям Даффа (XVIII ғ. ) еңбектерімен де байланысты [10] .

Шығармашылық процестің мәні ұзақ уақыт білім мазмұнына жаңа ештеңе қоспайтын ойлаудың комбинациялы (қиыстырушы үйлестіруші) іс-әрекеті ретінде ғана қарастырылып келді.

Вольтер былай деп жазған болатын: «Белсенді қиял бөлек пәндерді өзара жақындастырады, бір-бірімен араласып кететіндерді айырады, оларды үйлестіре отырып, өзгертеді. Шындығында тек үйлестіре қосып жатса да, ол жаңаны жасап жатыр деп ойлап қалуға болады» [11] .

Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен шығармашылық қызығушылық мәселесіне көзқарастар дамып өзгеріп отырады. Түрлі психологиялық мектептер шығармашылық феноменіне, шығармашылық ойлау, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге деген өзіндік тәсілдерді ұсынды.

Шығармашылықтың гештальтпсихологиялық теориясы шығармашылық, нәтижелі ойлаудың негізгі тетіктерін оны шығармашылық емес, репродуктивтік ойлаудан айырмашылығымен қарастыратын М. Вертхаймердің «Продуктивное мышление» еңбегінде неғұрлым толық түрде баяндалған.

Вертхаймер пікірінше, шығармашылықтың өзегі - мәселені шешуде инсайттың, кенеттен ой шабытының жарқ етудің пайда болуы. Бұл механизм логикалық операциялар санына қосылмауы керек деп есептейді. Вертхаймер мәселені шешуде шығармашылық процестің негізгі кезеңдерін атап көрсетеді:

-алғашында берілген тапсырманың, мәселенің анық еместігін түйсіну пайда болады;

-мәселені түсінуге деген қызыығушылық кейбір сұрақтардың қойылуына себепші болады;

-мәселені шешуде маңызды элементтер көріне бастайды;

-әрбір элемент тұтастық құраушы бөлік ретінде қабылданады;

-мұның барлығы мәселені шешу үшін негіз бола отырып, ситуацияны кенеттен көру немесе мәселені түсінуге әкеледі [12] .

Инсайт - сапалы секіріс, ситуацияны бірінші көруден келесіге өту ретінде көрінеді.

Психологиялық-педогогикалық ойлар дамуының келесі бір тарихи кезеңінде шығармашылықты бұлайша қарау тұрғысы өзгерді. Ол салдар арқылы ғылыми сипаттау парадигмасында (шығармашылық субъектінің эктериоризациясы ретінде) қарастырыла бастады.

З. Фрейд шығармашылық - индивидтің жыныстық энергиядан құтылу тәсілдерінің бірі болып табылады деп санайды. Бұл жағдайда катарсис (тазалану) деп аталатын жолмен сублимация процесі өтеді [13] .

Шығармашылық қызығушылықты зерттеу туралы айта отырып, тәжірибелік жағдаяттың ерекше типі - «дункерлік тапсырманы» ұсынған А. Дункердің еңбегін еске алмауға болмайды. Бұл - «бірнеше қабатқа» ие негізгі қайшылықтары бар, елестетудің түрлі тәсілдерін ұсынатын, бірақ олардың біреуі ғана балама бола алатын тапсырма түрі. Мұндай міндетті шешу үшін оның ішкі құрылымына ену керек, сонда ғана шешу процесі жүзеге асырылады. Эксперимент жағдаяты түсіну мәселені шешуге мүмкіндік береді. Бірақ бұған өткен тәжірибені қайта жасау жолымен, қалыптасқан сызбалардан бас тартумен ғана жетуге болады. Тапсырма шарттары мен оған қойылатын талаптар арасындағы қайшылық әсерінен шабыт, инсайт жолымен ғана шешілуі мүмкін шиеленіс пайда болады [14] .

Берілген кезеңдердегі психологиялық ойлардың зерттеушілік бағдарламасындағы креативтік дамуын жалпылай келе М. Г. Ярошевский, олардың айырмашылығына қарамастан бұл тұжырымдамалардағы ортақ ой - «индивидтің бұрынғы тәжірибесінде» орны болмаған, жаңаның пайда болуын түсіндірудің белгілі тәсілі, «шығармашылық өнімнің» пайда болуын атап өтеді [15] .

Демек, педагогикалық, психологиялық талдаулар, тұжырымдар креативтік анықтамасы нәтижесінде адамдық іс-әрекеттің түрлі саласы: ғылымда, өнерде, техникада және т. б. жаңа үлгідегі құндылықтарды пайда ететін жаңа жасалымдар шығармашылық қызығушылық сипатымен байланыстырады.

Психологиялық ойлардың келесі даму кезеңдеріндегі гуманистік психологияда бұл мотивациялық вектор - жеке тұлғаның, жасаушының өзін-өзі өзектіленген санасы. Бұл бағыттың өкілдері (А. Маслау, Р. Мэй, К. Роджерс, Н. Роджерс) өзін-өзі дамытудың тәсілі ретінде креативтілік әрбір адамда имманентті имплитацияланған деп есептейді.

Шығармашылық - өзін-өзі оң бағалауға мүмкіндік беретін және өз дамуында индивидтің өзін-өзі дамытуын қамтамасыз ететін күш. Бірақ әлеуметтік факторлар жеке тұлғаның имманентті қасиетін басып, оны қоршап, жеке тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуіне мүмкіндік бермейді. Сөйтіп, гуманистік психологияда шығармашылық табиғатын анықтауда негізгі бағыт заттар мен идеялар саласындағы жаңа өнімдерге емес, сол процестің өзіне, оның жағымды динамикасына басымдық береді. Сонда оның өлшемі болып нәтижесінің сапасы емес, шығармашылық іс-әрекеті белсендіруші сипаттар мен процестер болып табылады, себебі шығармашылықтың өзі - бұл рухани, білімдік толықтырушы космологиялық процесс [16] .

Ғылымдағы гуманистік бағыт адамның шығармашыл табиғатына деген үміткер сенімімен және бірқатар детерминант: шығармашыл тұлғаға деген қоғамның өсіп келе жатқан сұранысы, жаңа ғылыми технологиялардың өсуі - креативтік саласындағы зерттеулерге жаңа қарқын берді. Дарынды және талантты балаларды оқыту мен дамыту адамның шығармашыл дарындылық психологиясының жаңа шектері, талант пен дарындылықты зерттеу мәселесіне бірқатар ғалымдардың қызығушылығын (Дж. Гильфорд, Дж. Рензулле, К. Тейлор, Е. Торренс) оятты.

С. О. Грузенберг өзінің «Шығармашылық теориясы мен психологиясына кіріспе» монографиясында шығармашылық теориясын жасайды. Өз теориясын С. О. Грузенберг шығармашылықтың сипаты мен көріну тәсілдері бойынша белгілі бір типтерге дифференциациялау тұрғысынан құрады. Ол шығармашылықты үш мынадай типке бөледі: философиялық, психологиялық және интуитивті.

1. Философиялық тип екі түрде: гносеологиялық және метафизикалық сипатымен көрінеді. Алғашқысы үшін дүниені көркем интуиция ретінде тану тән (Платон, Шопенгауэр) . Екіншісі үшін - діни-этикалық интуиция тұрғысынан метафизикалық мәнді ашу (Сократ) .

2. Психологиялық типке екі бағыт енеді: алғашқысы - жаратылыстанумен, екіншісі - психопотологиямен (В. М. Бехтерев, В. О. Чиж) байланысты; түрлі факторлардың ықпалын талдау: генетикалық, әлеуметтік (тұқымқуалаушылық, жынысы, алкоголизм, данышпандық және т. б. )

3. Интуитивті тип. Мұнда шығармашылық - интуитивті процесс ретінде түсіндіріледі (Платон, Ницше) . [17] .

Өткен жүзжылдықтың ортасында-ақ шығармашылықтың қайта жаңарған зерттеулері аясында танымдық процестерді машиналы модельдеу бағыты ерекше бөлініп шықты. Эвристикалық бағдарламалар шығармашылықтың интелектуалды жағын зерттеудің жалғыз тәсілі ретінде саналды, шығармашылық ойлау теориясы ретінде қарастырылды.

Сонымен, шығамашылық қызығушылық мәселесіне деген мүлде басқаша тәсіл Б. М. Теплов еңбектері арқылы көрінді. Олар шығармашыл тұлғаның қалыптасуы адам іс-әрекетінің көпқырлылығымен байланысты екендігін көрсетіп берді. Ақыл-ой әрекетін зерттей отырып, Б. М. Теплов оның көп жағдайда өзіндік мазмұны жағынан шығармашылықтың күрделірек болып келетінін атап көрсетті [18] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Жазбаша жұмыс арқылы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС -ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда қолданылатын тапсырмалар
Оқушылардың сыныптан тыс оқыту үрдісінде танымдық іс-әрекетін қалыптастыру
Педагогикалық технологиялар жүйесі арқылы оқушыларды шығармашылық әрекетке бағыттау және қызығушылығын қалыптастыру
Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда диагностикалау жұмыстары
Шет тілін оқытуда бастауыш сынып оқушыларының танымдық қабілеттерін дамыту
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz