Әрбір тарау мен бөлім толық қарастырылған бір ақпаратты қамтиді


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Дипломдық жұмысты әзірлеу ережелері

1. Негізгі қағидалары

1. 1. Дипломдық жұмыс мамандықтың модульдік білім беру бағдарламасында көрсетілген жағдайда оқудың соңғы кезеңінде орындалатын жазбаша бітіру жұмысы болып табылады.

1. 2. Дипломдық жұмысты орындау мақсаты:

1) мамандық бойынша теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды жүйелеу, бекіту және кеңейту, және оларды нақты ғылыми, техникалық, экономикалық және өндірістік мәселелерді, сонымен қатар, мәдени бағыттағы мәсеелерді шешу үшін қолдану;

2) өзіндік жұмысты орындау дағдыларын дамыту және қарастырылып отырған мәселелерді шешу үшін ғылыми зерттеу мен тәжірибе әдістемелерін меңгеру;

3) заманауи өндіріс, ғылым, техника, мәдениет жағдайларында студенттің өзіндік жұмыстарға дайындығын, сонымен қатар, оның кәсіби құзырет деңгейін анықтау;

1. 3. Дипломдық жұмыста нақты мамандыққа сәйкес ғылым саласындағы өзекті мәселелерді зерттеу және өздігінен анықтаудың жалпылама нәтижелері көрсетіледі.

1. 4. Дипломдық жұмыс ғылыми жетекшінің көмегімен жүзеге асырылады және төмендегі талаптарға сай болуы керек:

1) ғалымдардың, аналитиктердің және практиктердің жүргізген зерттеулерінің, жобалық шешімдерінің нәтижелерін жалпылау;

2) зерттеліп отырған нысан бойынша ғылыми негізделген теориялық мәліметтердің болуы;

3) нақты тапсырманың орындалуын қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.

2. Диплом жұмысының тақырыбына қойылатын талаптар

2. 1. Дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті, ғылым, техника және мәдениеттің заманауи күйі мен даму перспективасына сәйкес болып, мазмұны бойынша 1. 4 тармақта көрсетілген талаптарға сай болуы керек. Дипломдық жұмыстар тақырыптарын анықтау кезінде өндіріс, білім, ғылым және мәдениеттің нақты мәселелерін ескеру қажет.

2. 2. Дипломдық жұмыстар тақырыптары мамандыққа және маман дайындауының салаларына сәйкес болуы керек.

2. 3. Дипломдық жұмыстар тақырыптарын шығарушы кафедра анықтап, факультет кеңесінде қарастырылып бекітіледі.

2. 4. Дипломдық жұмыстардың жалпы тізімі жыл сайын кемінде 30%-ға жаңартылып отыруы керек.

2. 5. Дипломдық жұмыстың тақырыбы бітіруші курстың басында қазан айында анықталып, ректор бұйрығымен бекітіледі. Диплом алды тәжірибе аяқталғанда дипломдық жұмыстың тақырыбы қажет болған жағдайда кафедраның ұсынысы бойынша өзгертілуі мүмкін.

3. Дипломдық жұмысты жазу ретіне қойылатын талаптар

3. 1. Студент дипломдық жұмысты жазу үшін кафедраның ұсынуымен ғылыми жетекші таңдайды. Жетекшіні таңдағаннан кейін студент өз қолымен бекітілген нысанда кафедра меңгерушісінің атына өтініш жазады және диплом жұмысының жетекшісінің келісімі жөніндегі белгісімен 1-қарашаға дейінгі мерзімде кафедраға табыс етеді. Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының жетекшісін, тақырыбының атауын және рецензенттерін көрсетіп факультет кеңесіне қарауға ұсынады. Факультет деканы факультетіне кеңесінде қаралған дипломдық жұмыстардың тақырыптары мен жетекшілерін және рецезенттерді бекітуге институттың ғылыми кеңесіне ұсынады. Көрсетілген мерзімге дейін бекітілген нысанда кафедраға өтініш тапсырмаған студенттер, диплом жұмысының жетекшілерін және тақырыбын бекітуге жасалған бұйрыққа қосылмайды. Диплом жұмысының жетекшілерін және тақырыбын бекітуге жасалған бұйрықты бекіткеннен кейін, тақырып атауын және жаңа жетекші таңдауға өзгерістер енгізуге институт ректоры рұқсат бермейді. Кафедра меңгерушісі бітірушінің диплом алдындағы іс-тәжірибесін өтуі үшін және оның диплом жұмысын жазуы үшін жүйелі түрде бақылауды қамтамасыз етеді.

3. 2. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі институттың ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр білім алушыға дербес бекітіледі.

Дипломдық жұмыстардың рецензенттері ректордың бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі (мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі) көрсетіліп тиісті факультеттің деканының ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

3. 3. Дипломдық жұмыстардың ғылыми жетекшісі болып институттің профессорлары, доценттері, аға оқытушылары, ғылыми зерттеулері мен ғылыми жарияланымдары білім алушының мамандығына сәйкес басқа ұйымдардың ғылыми қызметкелері мен жоғары білікті мамандары тағайындалады.

Профессорлар, доценттер, ғылыми дәрежесі бар аға оқытушылар 8 дипломдық жұмысқа дейін, ал ғылыми дәрежесі жоқ аға оқытушылар 5 дипломдық жұмысқа дейін жетекші бола алады.

Дипломдық жұмысты рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.

3. 4. Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі:

1) дипломдық жұмысты орындауға тапсырма береді;

2) студентке дипломдық жұмысты жасаудың толық мерзіміне күнтізбелі кестені құрастыруға көмектеседі;

3) студентке керекті негізгі әдебиеттерді, анықтама және мұрағаттық материалдарды, типтік жобалар мен тақырып бойынша басқа да мәліметтерді ұсынады;

4) дипломдық жұмыстың күнтізбелі кестесінің орындалуын бақылап отыру үшін кеңес беру кестесін анықтайды;

5) дипломдық жұмыстың барлық тарауларының көлемін анықтап, студент пен кеңес берушілердің жұмысын үйлестіріп отырады.

3. 5. Дипломдық жұмыстың тапсырмасы бастапқы материалдар мен көздердің сипаттамасынан, студенттер құрастырған сұрақтардан, ұсынылған әдебиеттерден, рафикалық материалдар тізімінен (кестелер, диаграммалар, схемалар және т. б. ), дипломдық жұмысты жазудың толық күнтізбелік графигінен тұрады (қосымша) .

Дипломдық жұмыстың тақырыбы бекітілгеннен кейін дипломдық жұмыстың тапсырмасын аяқталу мерзімін көрсетіп кафедра меңгеруші бекітеді. Дипломдық жұмыстың тапсырмасы дипломдық жұмысқа тігіледі.

3. 6. Әр тараудың орындалу кезеңдері көрсетілген жұмыстың күнтізбелі кестесі толық мерзіміге құрастырылып, ғылыми жетекшімен келісіледі.

3. 7. Керек болған жағдайда дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісінің ұсынуымен ғылыми жетекшілікке бөлінген уақыт есебінен кафедра дипломдық жұмыс жеке тараулары бойынша кеңесшілерді шақыруына болады.

3. 8. Кеңесші болып ЖОО-лар профессорлары, доценттері, оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ, басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері тағайындалуы мүмкін. Кеңесшілер студенттің орындаған сәйкес тарауларын тексеріп қол қояды.

3. 9. Түлек шығарушы кафедра дипломдық жұмыс бойынша жұмыс басталмай тұрып әдістемелік нұақаулықтар жасап, студентті қаматамасыз ету керек. Бұл нұсқаулықта мамандықтың кәсіби білім беру бағдарламаларына және осы ережелерге сәйкес дипломдық жұмысқа қойылатын талаптар көрсетіледі.

3. 10. Кафедра меңгерушісі дипломдық жұмысты орындау бойынша кезеңді есеп беру уақытын белгілейді. Осы уақытта студент ғылыми жетекші мен кафедра меңгерушісі алдында жауап береді. Олар дипломдық жұмыстың дайындық дәрежесін анықтап, ол туралы факультет деканына мағлұмат береді.

3. 11. Дипломдық жұмыс мамандық бойынша әдебиеттерді (оқулықтарды, оқу құралдары, монографияларды, дәріс курстарын, журналдарды, соның ішінде шетел тіліндегі, нормативтік әдебиеттерді және т. б. ) . терең оқып меңгеру негізінде жасалады.

3. 12. Кез-келген дипломдық жұмыс тапсырмаға сәйкес перспективті теориялық және практикалық мәселелерді қамтуы керек.

3. 13. Дипломдық жұмыстың негізгі мәтіні шығармашылық ойын, зерттеу әдістерінің негіздемесін, есептеу әдістері мен компьютерлік технологиялар арқылы алынған есептеулерді, жүргізілген тәжірибелердің сипаттамаларын, оларды талдау мен қорытындыларын, нұсқаулардың техникалық-экономикалық салыстыруын толық ашып, иллюстрациялар, графиктер, эскиздер, диаграммалар, схемалар және т. б. өңделуі керек.

3. 14. Дипломдық жұмыс ЖОО-да, мекемелерде, ғылыми, жобалық- конструкторлық және т. б ұйымдарда орындалуы мүмкін.

4. Дипломдық жұмыстың(жобаның) мазмұны мен құрылымы

4. 1. Мазмұны бойынша дипломдық жұмыс бітіруші курстың студенті мамандыққа қарай өз бетінше орындаған қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы болып табылады.

4. 2. Дипломдық жұмыстың көлемі жаратылыстану бағыттағы жұмыс үшін 40-60 беттен, әлеуметтану-гуманитарлық бағыттағы үшін 50-70 беттен тұруы тиіс. Гуманитарлық бағыттағы дипломдық жұмыс көлемі 100 бетке дейін жетуі мүмкін. Қосымшалар дипломдық жұмыстың көрсетілген көлеміне кірмейді.

4. 3. Дипломдық жұмыстың құрылымдық элементтері:

- мұқаба;

- титул парағы;

- дипломдық жұмыстың тапсырма парағы;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды;

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

4. 4. Мұқаба мен титул парағын рәсімдеу мысалдары сәйкесінше 1-ші, 2-ші қосымшаларда көрсетілген.

4. 5. Дипломдық жұмыстың мазмұнында кіріспе, барлық тараулар мен бөлімдердің рет сандары мен атаулары, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың аталуы және дипломдық жұмыстың осы элементтеріне қатысты беттердің саны көрсетіледі.

4. 6. Кіріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі, ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығының негіздемесі, қарастырылып отырған ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы жағдайының талдауы, сонымен қатар дипломдық зерттеудің мақсаты, міндеттері және нысандары, теориялық және әдістемелік негізі мен практикалық базасы көрсетілуі тиіс.

4. 7. Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың маңызын, мазмұнын, әдістемесін және негізгі нәтижелерін көрсететін мәліметтер келтіріледі. Дипломдық жұмыстың негізгі бөлімі, әдетте, тарауларға, бөлімдерге, параграфтарға бөлінеді.

4. 8. Қорытынды бөлімде дипломдық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындылары жасалып, қойылған міндеттердің орындалу дәрежесі анықталады және зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстар беріледі.

4. 9. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылатын талаптарға сәйкес рәсімделеді.

4. 10. Қосымшаға негізгі бөлімде көрсетілмеген дипломдық зерттеуге қатысты материалдар кіреді.

4. 11. Дипломдық жұмыстағы мәліметтердің дәлдігі мен шынайылығына дипломдық жұмыстың авторы - студент жауапты.

5. Дипломдық жұмысты рәсімдеу ережелері

5. 1. Дипломдық жұмыс компьютер мен принтер арқылы А4 қағазының бір жақ бетінде бір интервал арқылы басылып шығарылады. Қаріп - Times New Roman, қалыпты, 14 кегль. Дипломдық жұмыс мәтінін шығару кезінде парақ шеттері келесідегідей болу керек: сол жақ - 30 мм, жоғарғысы - 20мм, оң жақ - 10 мм және төменгісі - 25 мм. Терминдер, формулалар, теоремаларға көңіл аудару мақсатымен әртүрлі қаріптерді қолдану арқылы компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.

5. 2. Дипломдық жұмысты басып шығару әдісіне қарамастан жазылған мәтіннің, иллюстрациялардың, кестелердің, суреттердің сапасы олардың анық жазылуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.

5. 3. Дипломдық жұмыстың жазылу барысында кеткен қателіктер, жаңылыстар және графикалық дәлсіздіктерді тазалап немесе ақ түсті бояумен бояп, машиналық немесе жазбаша әдіспен (қара сиямен) түзетілген мәтінді қайта жазуға болады.

5. 4. Фамилиялар, мекемелердің, ұйымдардың, фирмалардың, өнімдердің аттары және т. б. жалқы есімдер өз тілінде жазылу керек. Жалқы есімдер мен ұйымдардың атын транслитерация арқылы дипломдық жұмыс тілінде келтіруге рұқсат етіледі.

5. 5. Дипломдық жұмыс құрылымдық элементтерінің атаулары: «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» осы элементтердің аты болып көрсетіледі.

5. 6. Дипломдық жұмыс тараулар мен бөлімдерге бөлінеді. Әрбір тарау мен бөлім толық қарастырылған бір ақпаратты қамтиді. Барлық тараудың аттары жалпы дипломдық жұмыс (жобаның) тақырыбын, ал бөлімдердің аты сәйкес тараудың тақырыбын ашып көрсету керек.

5. 7. Тараулар мен бөлімдердің аттары қысқа әрі нақты түрде олардың мазмұнын көрсету керек.

5. 8. Тараулар мен бөлімдердің аттарын абзацтан және бас әріптен бастап жазу керек. Егер атау екі сөйлемнен тұрса, онда оларды нүктемен бөледі.

5. 9. Дипломдық жұмыстың беттерін араб цифрларымен номерлеу керек. Беттер санын төменгі жақтың ортасына нүктесіз орналастыру керек.

5. 10. Титул парағы жалпы номерлеуге кіреді. Титулдық бетте бет санын көрсетпейді.

5. 11. Басқа беттерде жеке орналасқан иллюстрациялар мен кестелерді дипломдық жұмыстың жалпы номерлеуіне қосады. А3 форматында жасалған иллюстрациялар мен кестелерді бір бет деп есептейді.

5. 12. Дипломдық жұмыстың тарауларының реттік номерлері болуы керек және араб цифрларымен нүктесіз белгіленіп, абзацтан басталуы керек. Әр тараудың шеңберіндегі бөлімдер де номерленуі тиіс. Бөлімдердің номерлері нүкте арқылы бөлінген тарау мен бөлімдердің номерілерінен тұрады. Бөлімнің номерінен кейін нүкте қойылмайды. Тараулар екі немесе одан да көп бөлімдерден тұрады.

Үлгі

1. Типтер және негізгі өлшемдер

1. 1

1. 2 Құжаттағы бірінші тарау бөлімдерінің номерлері

1. 3

2. Техникалық талаптар

2. 1

2. 2 Құжаттағы екінші тарау бөлімдерінің номерлері

2. 3

5. 13. Дипломдық жұмыстың әр тарауын жаңа беттен бастау керек. Бір тараудың ішіндегі екі бөлімді бір-бірінен бөлу үшін мәтіннен кейін екі бос жол тастайды.

5. 14. Дипломдық жұмыст беттері мен қосымшалары тура номерленуі керек.

5. 15. Иллюстрацияларды (сызбалар, карталар, графиктер, схемалар, диаграммалар, фотосуреттер) дипломдық жұмыста алғашқы рет айтылған мәтініннен кейін немесе келесі бетте орналасу керек. Иллюстрациялар, оның ішінде түрлі түстісуреттер, компьютермен жасалуы мүмкін. Дипломдық жұмыста барлық иллюстрацияларға сілтеме берілуі керек.

5. 16. Дипломдық жұмыста көрсетілген сызбалар, графиктер, диаграммлар, схемалар, иллюстрациялар Конструкторлық жүйесінің мемлекеттік стандартына сай келуі керек.

5. 17. Қосымшадағыдан басқа суреттерді араб цифрларымен тура номерлеу керек. Егер сурет біреу болса, «1-сурет» деп белгіленеді, «сурет» сөзі мен оның атауы жолдың ортасына жазылады.

5. 18. Суреттерді тарау ішінде номерлеуге болады. Мұндай жағдайда сурет номері нүктемен бөлінген тарау мен суреттің реттік номерінен тұрады. Мысалы: 1. 1-сурет.

5. 20. Керек жағдайда, суреттердің атауы және түсіндірме мәліметі болады. «Сурет» сөзі мен оның аты түсіндірме мәліметтерден кейін орналасады.

5. 21. Суреттерге сілтеме жасағанда «2-суретте көрсетілгендей» (тура номерлегенде), «2. 1-суретте көрсетілгендей» (тарау ішінде номерлегенде) деп жазылу керек.

5. 22. Көрсеткіштердің көрнекілігі мен салыстыру мүмкіндігін жақсарту үшін кестелер қолданылады. Кестенің аталуы оның мағынасын толық ашып, нақты және қысқа болу керек. Кестенің аты кестеден жоғары «кесте» сөзінен кейінгі жолда абзацтан бастап жазылу керек.

5. 23. Кестені дипломдық жұмыста (жобада) ол туралы алғашқы рет айтылған мәтініннен кейін немесе келесі бетте орналастыру керек.

5. 24. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) барлық кестелерге сілтеме жасалуы керек. Сілтемеде номері көрсетілген «кесте» сөзін жазу керек.

5. 25. Көп жолдан тұратын кестені келесі бетке ауыстыруға болады. Кестені келесі бетке ауыстырғанда «кесте» сөзі мен номерін кестенің бірінші бөлігінің сол жақ үстіне жазады, қалған бөлігінің үстіне «жалғасы» деп жазып, кестенің номерін көрсетеді, мысалы, «1- кестенің жалғасы». Кестені келесі бетке ауыстырғанда, оның атын тек бірінші бөлігінің үстіне жазады. Кесте бөлігін басқа бетке ауыстырғанда, төменгі горизонтал сызықты көрсетпейді. Бағандар саны көп кестелерді қосымшаға шығарған жөн.

5. 26. Егер кестенің жолдарында (бағандарында) бір сөзден тұратын мәтін қайталанатын болса, бірінші рет жазылғаннан кейін оның орнына тырнақша қоюға болады, егер қайталанатын мәтін екі немесе одан көп сөзден тұрса, бірінші қайталауда оның орнына «Дәл сондай» сөзі жазылып, ары қарай тырнақша қойылады. Қайталанатын цифрлардың, маркалардың, белгілердің, таңбалардың, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақша қоюға рұқсат етілмейді. Егер кестенің қандай да бір жолында мәліметтер келтірілмесе, сол ұяшыққа сызықша қойылады.

5. 27. Қосымшалардағы кестелерден басқа кестелерді араб цифрларымен номерлеу керек.

5. 28. Кестелерді тарау ішінде номерлеуге болады. Мұндай жағдайда кесте номері нүктемен бөлінген тарау мен кестенің реттік номерінен тұрады.

5. 29. Кесте бағандары мен жолдарының атаулары бас әріппен жекеше түрде жазылады. Тақырыпшалар негізгі атаулармен бір сөйлемді құраса - кішкентай әріппен, жеке өзіндік мағынада болса -бас әріппен жазылады. Кестедегі атаулар мен тақырыпшалардың соңында нүкте қойылмайды.

5. 30. Кестелерді сол, оң және төменгіжағынан, ереже бойынша, сызықтармен шектейді. Мәтіндегіге қарағанда кестеде қаріптің кіші өлшемін қолдануға рұқсат етіледі. Бағандардың атауларын кесте жолдарына параллель орналастырады. Қажет жағдайда атауларды жолдарға перпендикуляр бағытта жазуға рұқсат етіледі. Кестенің басы басқа бөліктерінен сызық арқылы бөлінеді.

5. 31. «Ескертпе» сөзі бас әріппен және абзацтың басынан сиретіп жазылады және асты сызылмайды.

5. 32. Ескертпелер дипломдық жұмыста (жобада) мәтін мазмұнын, кестені немесе графикалық материалды түсіндіру үшін немесе анықтамалық мәліметтер қажет жағдайда келтіріледі.

5. 33. Ескертпелер оларға байланысты мәтіндік, графикалық материалдан кейін немесе кестеде келтіріледі. кестедегі графикалық, тексттік материалдан кейін жазу керек. Егер ескертпе біреу болса, онда «Ескертпе» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескертпе бас әріппен жазылады. Жалғыз ескертпе номерленбейді. Бірнеше ескертпені ретімен араб цифрларымен нүктесіз номерлейді. Кестеге қатысты ескертпені кестені төменгі жағынан шектейтін сызықтың жоғарғы жағына орналастырады.

5. 34. Формулалар мен теңдеулерді мәтіннен бөліп жеке жолға жазу керек. Әр формула мен теңдеудің жоғарғы және төменгі жағынан кемінде бір бос жол қалдыру керек. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол (=), (+), (х), (:) немесе басқа математикалық белгілерден кейін жазылып, сол белгі келесі жолда қайталану керек.

5. 35. Символдар мен сандық коэффициенттердің түсініктемелерін формуладан кейін, формуладағы ретпен келтіру керек.

5. 36. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) формулалар рет-ретімен араб , номерлер формула тұрған жолдың шеткі оң жағына жай жақша ішіне орналастырылады.

5. 37. Формулалардың номеріне берілетін беріледі. Мысалы, « . . . (1) -формулада . . . ».

5. 38. Формулаларды тарау ішінде номерлеуге болады. Мұндай жағдайда формуланың номері нүктемен бөлінген тарау мен формуланың реттік номерінен тұрады, мысалы, (3. 1) .

5. 39. Пайдаланылған әдебиеттерге жасалатын сілтемелерді төртбұрышты жақшада келтіру керек.

5. 40. Әдебиет көздері бойынша мәліметтерді олардың дипломдық жұмыста (жобада) кездесу реті бойынша араб цифрларымен нүктесіз номерлеп, абзацтан бастап жазу керек (3- қосымша) .

5. 41. Қосымшаларды дипломдық жұмыстың (жобаның) жалғасы ретінде соңғы беттерде рәсімдейді.

5. 42. Дипломдық жұмыстағы (жобадағы) барлық қосымшаға сілтеме берілу керек. Қосымшаларды мәтіндегі сілтемелер ретімен орналастырады.

5. 43. Әр қосымшаны жаңа беттен бастап, беттің жоғарғы жағының ортасына «Қосымша» сөзі мен белгілеуін жазады. Қосымшаның атауы болуы керек, оны мәтінге қатысты симметриялық орналастырып, жеке жолға бас әріппен жазады. Егер дипломдық жұмысқа (жобаға) бір қосымша берілсе, оны белгілемеуге болады.

5. 44. Қосымшалар орналасқан беттердің номерленуі дипломдық жұмыс беттерінің номерлерін жалғастырады.

6. Дипломдық жұмысты плагиатқа тексеру тәртібі

6. 1. Дипломдық жұмысты плагиатқа тексерудің мақсаты - білім алушылардың өз бетімен және ғылыми-зерттеу жұмыстарының үрдісін жетілдіру, студенттердің ғылыми деңгейін арттыру, ақпараттық құзыреттілігі мен өзіндік менеджмент құзыреттілігін дамыту, әдебиетпен мінсіз жұмыстану мен ғылыми еңбекке таза көқарас қалыптастыру және ғылыми этиканы сақтау.

6. 2. Студенттердің дипломдық жұмыстарын орындау кезінде авторлық құқық бұзушылыққа байланысты қарым-қатынасын реттейді.

6. 3. Жазбаша жұмыстарды орындау кезінде студент жеке ізденіс пен талдау негізінде ақпаратпен жұмыстың ғылыми әдістерін қолдана отырып мәтін құру керек. Басқа адамның идеясы мен мәтінін қолданған жағдайда, дипломдық жұмыстарды дайындау және рәсімдеу туралыбекітілген ережеге сәйкесстудент қолданылған материалға сілтеме жасауы тиіс.

6. 4. Осы ережемен реттелетін академиялық нормаларды бұзушылыққа келесі жатады:

  • жазба жұмыстарында басқа автордың мәтіні мен идеясын (плагиат) сілтемесіз қолдану;
  • материал мен жұмыс нәтижелерін фабрикациялау.

6. 5.

6. 6. Мамандықтың дипломдық жұмыстарды қорғау бойынша МАК жұмысы басталардан 3 апта бұрын студент дипломдық жұмысын өтінішпен бірге «Антиплагиат» жүйесімен тексеруге деканатқа ұсынады. Өтінішке дипломдық жұмыстың электрондық және қағаз нұсқаларын және ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелді қорытындысы берілген пікірімен қоса өткізілуі тиіс.

6. 7. Декан орынбасары дипломдық жұмысының мазмұнын электрондық және қағаз нұсқалармен сәйкестілігіне іріктемелі тексеруді жүзеге асырады, «Антиплагиат» бағдарламасының мәліметтер базасына студенттің жазбаша жұмысының электрондық нұсқасын енгізеді, ал қағаз нұсқасында «Электрондық нұсқа тапсырылды» белгісін қойып, өз қолтаңбасымен куәландырады.

6. 8. Мамандық (топ) бойынша барлық жұмыстарды енгізген соң тексеріс нәтижелері бойынша есеп жасалады, факультет деканның қолымен бекітіліп, шығарушы кафедраға беріледі.

6. 9. Түпнұсқадағы мәліметке жасалған сілтемелерді қосқанда бөтен мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі 30%-дан аспаған жағдайда (дипломдық жұмыстың түпнұсқалығы 70%-дан асқан жағдайда), студентке көшірудің межелі нормаға сәйкестігі туралы анықтама береді (Қосымша Ә) .

6. 10. Түпнұсқадағы мәліметке жасалған сілтемелерді қосқанда бөтен мәтіннен көшірілген мәлімет көлемі 30%-дан асып кетсе (дипломдық жұмыстың түпнұсқалығы 70%-дан төмен болған жағдайда), студентке анықтама берілмейді.

6. 11. Жұмыста шеттен алып пайдаланулардың 30%-дан жоғары анықталған жағдайда дипломдық жұмыс енгізілген өзгерістерден кейін факультет деканымен бекітілетін факультет деканынан, деканның орынбасарынан, кафедра меңгерушісінен және ОПҚ-нан тұратын Комиссиясының қаралуына жіберіледі.

6. 12. Комиссия студенттің көзінше қорытынды шешімін қабылдайды. Комиссиясының хаттамалық шешімімен қорғауға жіберілмеуге (шеттен алып пайдаланулардың 30%-дан жоғары болғанда), немесе алдыңғы тақырыптың сақтауымен қайта аяқтап істеуге, жеке бөлімдер мен тарауларды қайта аяқтап өңдеуге және қайталмалы тексерістің мерзімін анықтау шешімін бекітеді.

6. 13. Комиссия отырысында қаралып, «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасында қайта тексерілуі жөнінде шешім қабылданады. Шешімнің көшірмелері деканатқа және тиісті кафедраға тапсырылады.

6. 14. Осыдан кейін МАК-ның жұмысының бастау алдында өтуінің (ақырғы мерзімі қорғауға дейін) 10 күн бұрын қайталмалы тексеріске түсіріледі. Қайталмалы тексеріс кезінде жұмыстағы шеттен алып пайдаланулардың 30%-дан асатын болса дипломдық жұмыс қорғауға жіберілмейді.

6. 15. «Антиплагиат» автоматтандырылған ақпараттық бағдарламасындағы тексеріс келесі ретпен жүзеге асырылады:

1) тексеріс жүргізу;

2) мәлімет қорына енгізу;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалдау шарты
Халықаралық құқық нормаларын қалыптастырудағы халықаралық ұйымдардың орны мен ролі
Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері
Туристтік агенствосы деректер базасын құру
Құжаттарды библиографиялық іріктеу
Кәсіпорынның ақпараттық жүйесіндегі басқару есебі
World Wіde Web және гипермедия-жариялаулар
Жерді экономикалық бағалау
Қылмыстық заңның қолдануы
БҚО Зеленов ауданының жерін есепке алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz