Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 1

НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 2

1ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ . . . 3

  1. Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері . . . 4
  2. Жас ерекшеліктеріне байланысты ақыл-ойының жетілуі . . . 5
  1. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ . . . 6

2. 1 Биология пәнінен оқушылардың жас ерекшеліктері мен ақыл ойының жетілуін резервтік пайдалану . . . 7

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 8

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 9

КІРІСПЕ

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп айтылған. Егемендік алған тәуелсіз Қазақстанның әлемдік өркениетке жетудегі бірден-бір дара жолы- білім жүйесі. Орта мектеп- білім жүйесінің ең басты буыны [1] .

Орта мектепте қаланған білім негізі оқушының болашағына жол ашады. Қазіргі кезеңдегі басты мәселенің бірі жаңа технологиялардың дамуы кезеңінде болашақ ұрпақтың тәрбиесі мен білім алуында ұстаздардың атқаратын рөлі ерекше. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында. Сонымен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады.

Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болу емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлға ретінде ұлағатты саналады.

Қазіргі мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілеті, өздігінен іздену деңгейі төмен. Оқушылар тек қана тыңдаушының рөлін ғана емес, ізденушінің рөлін де атқару қажет. Оқушылардың білуге деген қызығуын арттыру үшін:

-оқушылардың өздерінің ізденістерін ұйымдастыру қажет;

-өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстырыпотыру қажет;

-оқушылардың білімі мен білігін тексергенде әр түрлі жұмыс формаларын пайдалану керек;

-сабақта жаңа әдістермен белсенді сабақ түрлерін пайдаланған жөн.

Жалпыға жаппай орта білім беру кезеңінде мұғалім оқушылардың бәрін бірдей жақсы оқытуға міндетті. Сондықтан қазіргі кезде мектептерде жаңаша оқытуға көшу жүйесі жасалынды, пән мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндет- оқушылардың білім деңгейлерін барынша жетілдіру.

1ОҚУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

Оқушылардың білім деңгейлерін төмендігі- олардың қабілетінің жоқтығынан емес, өз беттерімен жүйелі түрде білім алуға дағдыланбаудан, жүйелі еңбектің жоқтығынан. Сондықтан әр мұғалімнің мақсаты - оқушылардың алған білімін қолдана білуге үйрету. Олардың жеке тұлға ретінде дамуына жағдай жасау, өз бетінше білімді меңгерту, оқушылардың біртұтас өмірге деген көзқарасын қалыптастыру және интеллектуалдық іс-әрекеттерге әзірлеуде, білім берудің инновациялық әдістерін қолданудың маңызы зор [2] .

Пәнаралақ байланыстар мектептегі оқылатын негізгі пәндерді оқушылардың жан-жақты және терең меңгеруіне көмектеседі.

Қазіргі оқу үрдісінде дәстүрлі емес сабақтар, әртүрлі әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданылап жүр. Сабақты әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, түрлендіріп өткізу оқушыларымыздың білімге, оқып-үйренуге құштарлығын арттыратыны анық. Ұстаз қандай әдіс-тәсіл қолданса да мақсаты біреу, ол оқушыларға тиянақты да сапалы білім беру.

Оқушы белсенділігін, ізденушілік қабілетін дамытатын сабақтардың бірі- кіріктірілген сабақтар. Егер кіріктірілген сабақтарды рөлдік ойындар ретінде өткізсе, оқушылар сабақта белсенділікпен жұмыс жасап, өз бетінше ізденуге, қорытынды шығаруға, іскерлікке дағдыланады. Ондай сабақтарда оқушылар материалды игеріп қана қоймай, зерттеу, сынау, сараптау, өмірмен байланыстыру, білім мен білікті практикада пайдалану, өз пікірін қорғай білу арқылы белсенділік көрсетеді.

Білімді меңгеру белгілі әрекет үстінде жүзеге асады. А. Науменко: «Ойын арқылы адам әлемді таниды, біліктілікті игереді, білім алады»- деп, өте орынды атап өткен [3] .

Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабаққа үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Өйткені ойын кезінде олар тең құқыққа ғана қолы жетіп қоймай, басқаларды өзіне қарататын мүмкіндікке ие болады. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды.

Басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп, оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек. Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет.

Оқыту үрдісі педагогикалық үрдістің басты құраушысы болып табылады. Оқыту үрдісі мұғалім және оқушының бірлескен әрекеті ретінде оқыту мен оқудың бірлігін көрсетеді. Қазіргі таңда оқыту:

  1. екі жақты сипатта;
  2. мұғалім мен оқушылардың бірлескен әрекеттері;
  3. жоспарлы ұйымдастыру мен басқару;
  4. тұтастығы және бірлігі;
  5. балалардың жас ерекшелігіне сәйкестігі;
  6. олардың даму мен тәрбиесін бақылау, басқару белгілеріне ие.

Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетінде мынадай кезеңдер айқындалады:

-оқушының оқуға қызығушылығын ояту;

-оқушының білім, білік, тәжірибесін айқындау;

-жаңа тақырыпты меңгеруін ұйымдастыру

-өткенді пысықтау;

-оқытудың нәтижелілігін айқындау.

Әр кезеңде мұғалім мен оқушының өз міндеттері бар, бірақ екеуінің де мақсаты ортақ.

Білім, білік, дағдыны меңгерудегі мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеттерінің негізгі кезеңдерін сызба түрінде төмендегідей көрсетсе болады:

қабылдау (тапсырма, мәселе қою, өзектігі, ынталандыру) - түсіну (ұғыну логикалық, сезінушілік) - меңгеру (білім, білік, дағды) - бекіту (қайталау есте сақтау) - қолдану (теориялық, тәжірибелік, сөз арқылы) - қорыту (дәлелдер, теориялық ұғымдар, тәжірибелік әрекеттер, шығармашылық әрекеттер) - диагностикалау.

Оқыту үрдісі қызығушылық оятудан басталуы керек. Осы кезеңде балалардың айналадағы заттар, құбылыстар туралы түсініктері, ұғымдары қалыптаса бастайды.

Мұғалім оқушыға сұрақтар қою, әңгімелесу арқылы өтілетін тақырып бойынша бала не біледі, қаншалықты осы білімді іске асыратындығын анықтайды. Мұғалім сабаққа дайындалу барысында мынадай мақсаттарды көздейді:

-баланың қазіргі білімі мен білімді қабылдауға қаншалықта жеткілікті екенін анықтау;

-олардың білгенін еске түсіру үшін қандай тәжірибелік материал, жаттығулар ұсыну;

-жаңа тақырыпқа қызығушылығын тудыру үшін балалардың сезімін ояту.

Жаңа тақырыпты айқындағаннан-ақ білімді қабылдау үрдісі басталады. Бұл кезеңде мұғалімнің оқушы алдындағы борышы - осы жаңа білімнің алдағы өміріне қажеттілігіне көзін жеткізу.

Жаңа тақырыпты түсіну- ол қабылдаудан дерексіз ойлауға, теориялық білімді меңгеруге жол ашады. Оқушы көп нәрсені түсінбей есте сақтауы да мүмкін, бірақ бұл жол дамуға жеткізбейді. Жалпы айтқанда, түсіну үрдісі белгілі бір әрекеттердің орындалуын қажет етеді: сараптау, жалпының ішінде маңыздыны табу, салыстыру, дерексіздендіру, нақтылау, дәйек, дәлел келтіру, қорыту. Бала тақырыпты жақсы түсінсе, білім білік дағдығаайналып жақсы меңгеріледі. Меңгеру нәтижесі болып- заттардың, құбылыстардың, үрдістердің мән мағынасы туралы оқушыларда ұғымдар туралы түсінік қалыптасуы табылады [4] .

Осы меңгерілген ұғымдар, түсініктер бекіту кезеңінде өтілген материалды тәжірибеде қолдану барысында жетіледі. Мұғалім бұл кезеңде үнемі қайталаудың маңызын есте сақтағаны дұрыс

Кафедраның пәндер бойынша дайындауы жоғары оқу орындарына арналған Мемлекеттік жалпы білім беру стандартына, типтік оқу жоспарларына, ЖОО-ның Кеңесінде бекітілген мамандықтың жұмыс оқу жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Жоғары математика кафедрасының миссиясы: «Техникалық жоғары оқу орны студенттерін кәсіптік оқыту бағыты тұрғысынан үзіліссіз математикалық даярлау, бұл дайындықты кәсіптік есептерді шығаруға математикалық біліктілікті қалыптастыру және заманауи Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық даму шарттарына қатысты математиканы оқыту процессіне жоғары білімді бәсекелесуге қабілетті кадрлар дайындауға жаңа білім технологияларын енгізу арқылы іске асыру».

"Жоғарғы математика" кафедрасы "6М060100 - математика" мамандығы бойынша магистрлік білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Магистрлік бағдарламаның мақсаты ғылымның, білімнің, өндірістің және математикалық үлгілеуді қолдануды басқарудың ғылыми және ғылыми-педагогикалық мамандарының қажеттілігін қамтамасыз ету болып табылады.

2005 жылдан бастап университетте студенттердің білімін бағалау рейтинг жүйесі бойынша жүргізіледі. Кафедрадағы аралық бақылау студенттердің білім сапасын ай сайын тестік бақылау және сабақ мезетінде сұрау негізінде жүргізеді. Білім сапасының қорытындысы топтың кураторлық сағаттарында және кафедра отырысында талқыланады. Кафедра пәндері бойынша білім сапасын басқаруда студенттердің білімін бағалау рейтингтік жүйе негізінде жүзеге асады (сабаққа қатысуын есептеу, уақытында жұмысты орындау, аралық бақылау жұмысы) [5] .

РҚ ШҚМТУ 808-IІI-2013 «Қорытынды бақылау және студенттердің білімін бағалау» эмтихан сессиясы уақытында тәуелсіз және объективті түрде студенттердің білімін бақылау мақсатында тәжірибелік концепцияның іске асуы құрастырылған.

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да студенттердің қорытынды білімін бақылау негізгі үш түрде жүреді (емтихан) :

-компьютерлік тестілеу;

-қағазда жазылған сұрақтар бойынша емтихан тапсыру;

-билет түріндегі емтихан.

Ағымдағы және аралық бақылауды оқытушы өзі жүргізеді. Қорытынды тестілеу ЖОО-ның орталық тестілеу орталығы арқылы жүзеге асады. Барлық студенттер міндетті түрде емтихан тапсырады. Оқу жүйесінің түріне байланыссыз емтихан автоматты түрде қойылмайды.

Бекітілген кесте бойынша емтихандар электрондық тестілеу түрінде компьютерлік сыныптарда өткізіледі.

Оқытушылардың кеңес беру, оқытушылардың өзара сабаққа қатысу журналы және кафеда меңгерушісінің сабаққа қатысуын бақылау кестесі бар. Ашық сабақтар кафедра отырысында талқыланады.

Оқу үрдісінің ағымында магистранттар ғылыми-зерттеу және педагогикалық тәжирибелерден өтеді.

Жоғары оқу орнының оқытушыларын кәсіптік даярлау жүйесінде педагогикалық тәжірибе маңызды рөл атқарады. Педагогикалық практика толық үрдіс негізінде магистранттардың өздік жетілулерін, олардың қасиеттері мен сапасын жетілдіреді, аса маңызды кәсіптік қасиеттерге, педагогикалық ойлауға, педагогикалық рефлексияға, кәсіптік іс-әрекеттерді ұйымдастыра білуге жетелейді.

Магистранттардың ғылыми-зерттеу тәжирибесі отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, методологиялық және технологиялық жетістіктерін меңгеру, сондай-ақ тәжірибелік ілімді бекіту, қазіргі заманғы ғылыми зерттеу әдістерін қолдану, диссертациялық зерттеулердегі сынақтық берілгендерді өңдеу және талғап-талдап түсіндіру мақсатында жүргізіледі.

Ғылыми-зерттеу тәжірибесі теориялық бағыттағы (әдіс, әдістеме, үлгілер және т. с. с. ) зерттеме және мақалалар жазу түріндегі зерттеу проектілерінің орындалуымен іске асады.

Тәжірибе оқу пәніне теңесетін мәртебеге ие және магистранттың білім алу траекториясын құрайды. Тәжірибе мамандықтың жұмыс оқу жоспарына және тәжірибе бағдарламасына сәйкес жүргізіледі. Тәжірибе жүргізу уақыты оқу үрдісі мен жұмыс оқу жоспарына сай анықталады. Тәжірибе жүргізу базасы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ.

Оқу үрдісін аяқтағаннан кейін "6М060100 - математика" мамандығы бойынша магистратура бітірушілер Мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша кешенді емтихан тапсырады және магистрлік диссертация қорғайды.

Мамандық бойынша кешенді емтиханға магистратураның оқу бағдарламасының негізгі пәндерінің базалық топтамалары мен профильдік пәндері енгізіледі. Мемлекеттік аттестациялық емтиханның мақсаты құзырлылыққа және кәсіптік тапсырмаларды ұқыпты орындауға қажетті магистратура бітірушілерінің білім, ілім, дағдылары деңгейін анықтау [6] .

Үлгерімнің аралық бақылауын, ағымдық және қорытынды мемлекеттік аттестациялауды жүргізудің ережесіне сәйкес, білім мекемесінде оқитындарға кафедра келесі жұмыстарды атқарады: магистрлік диссертацияны даярлауға арналған әдістемелік нұсқауларды даярлау және баспадан шығару, магистрлік диссертациялардың тақырыптарын бекіту, магистрлік диссертациялардың тақырыптарын бекіту бұйрығының даярлануы және жетекшінің тағайындалуы, рецензенттердің бекітілу бұйрығының дайындалуы және т. с. с.

Шағын жинақты бастауыш мектеп дегеніміз балалардың саны аз, оқу - тәрбие процесін ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігі бар, біріктірілген сыныптардан тұратын жалпы білім беретін мектепті айтамыз. Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді.

Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Нақты айтқанда, 1999-жылғы маусымның 7-сінде (№389-І ҚРЗ) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ-ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып-жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп». ШЖБМ-те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтың жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.

Егер мектепте барлық балалар саны 15-тен аспайтын болса, 1- сынып комплект, 15- тен жоғары 2 немесе 3-сынып комплект болуы тиіс. Мұнда 1 сынып-комплект 20 оқушыдан аспауы керек делінген. (Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений № 2. 01. 07. -99. г §2 Пункт 9. 11 - 21 стр. ) .

Мұнда екінші сынып-комплект өте дұрыс, оларды біріктіргенде 1+3 сыныптарды, 2+4 сыныптарды біріктіру қажет делінген. Егер де бала санының аздығына байланысты, яғни 5-тен 15-ке дейін ғана бала болса, онда 1 сынып-комплект - 1, 2, 3, 4 сынып оқушылары бірге оқитын жағдайда тиімді жылжымалы сабақ кестесін жасау керек болады делінген. «ҚР Жалпы білім беретін мектептердің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелерде»: (-2000 ж. №32 (6) ) «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту үдерісін ұйымдастыру мен оқу-тәрбие үдерісінің жоспары оқу жоспары негізінде құрылып, жылдық күнтізбелік оқу кестесі мен сабақ кестелері арқылы реттеледі», - делінген.

1. 1 Оқушылардың оқу үрдісін ұйымдастыруда жас ерекшеліктері

Шағын жинақты мектеп мәселесін зерттеушілер Ж. Қ. Астамбаева мен Г. И. Уәйісова өздерінің «Шағын жинақты бастауыш мектептегі педагогикалық үдеріс теориясы мен технологиясы» атты еңбегінде «Шағын жинақты мектептің тарихы ерте кезден, сонау Л. Толстой, К. Д. Ушинский өмір сүрген кезеңнен бастау алады. Қазақстан топырағында ондай мектептің пайда болуы Ы. Алтынсариннің ағартушылық қызметімен тікелей байланыст. ы XVIII ғасырдың 60 жылдарында дүниеге келді. Содан бері бұл үлгідегі мектептің мәселесі күн тәртібінен түспей келеді» деп атап көрсетеді Шағын жинақты мектеп параллель сыныптардың болмауы, сыныптар санының аз болуы және бір сыныптағы оқушылардың жас шамалары әртүрлі болуына байланысты өз қызметін ұйымдастыру формалары мен әдістерін таңдауына құқылы [7] .

Сыныптарды бiрiктiру тәжiрибесi екi нұсқада қарастырылады: аралас және әр жастағыларды бiрiктiру. Әртүрлі жастағы оқушылары бар сыныптарды ұйымдастыру педагогикалық тұрғыдан неғұрлым тиімді, өйткенi ол балалардың ауыспалы жұптарда жұмыс iстеуіне, жоғарғы сынып оқушыларының өзiндiк жұмыстарын ұйымдастыруға, сөйтiп көбiрек көңiл бөлудi керек ететiн төменгі сынып оқушыларына сабақ түсiндiру үшiн уақыт бөлiп алуға мүмкiндiк бередi.

Біріктірілген сыныптарда пәнішілік кіріктіре оқыту мұғалімдер мен оқушылар үшін төмендегідей тиімділіктерді көрсетеді:

- оқушылар әртүрлі сыныпта оқығанымен, олардың назарын бір пәннің мазмұнындағы ұқсас тақырыптарға аударуға мүмкіндік жасалады;

- әр оқушы білім деңгейіне қарай өзіндік жұмыс түрлерін орындайды;

- өзіндік жұмыстарды оқушылардың жас ерекшелігіне қарай деңгейлеп беруге жағдай жасалады;

- оқушылардың бір-біріне көмектесіп, ұжымдық қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік беріледі;

- оқушылардың бірін-бірі тексеруін, өзін-өзі тексеруін және бағалауын жүзеге асырылады;

Бастауыш шағын жинақты мектеп жағдайында балалардың бағдарламалық материалдармен ұйымдастырылатын өзiндiк жұмысына кететiн уақыт мөлшерi сақталуы керек:

- жазу сабағы бойынша 2-сыныпта 20 минуттан, 3-сыныпта 25 минуттан;

- математика сабағы бойынша 2-сыныпта 15 минуттан, 3-сыныпта
20 минуттан аспауы тиiс.

Шағын жинақты мектепте оқу үдерісін ұйымдастыруда тиімді педагогикалық технологиялар (деңгейлеп, саралап оқыту, ұжымдық оқыту, дидактикалық бірлікті ірілендіру, дамыта оқыту, модульдік оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технология және т. б. ) қолданылады. Деңгейлеп оқыту оқушылардың жас және білім деңгейі ерекшеліктерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру арқылы олардың танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Ұжымдық оқыту әдісі динамикалық жұптар құра отырып, оқушылар арасында танымдық қарым-қатынасын, оқушылардың бірін-бірі оқытуын ұйымдастыру болып табылады. Ұжымдық оқыту әдісі балалардың қарым-қатынасы тапшылығын азайтуға, ауылдық жерлерде оқушылардың аздығы жағдайында оқушылардың монологтік және диалогтік сөйлеу қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, мұғалімнің жалпы сыныппен жұмысын азайтып, жекелей оқыту уақытын көбейтуге мүмкіндік береді.

Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) - ақпараттардың біртұтас игерілуін қамтамасыз ететін, мағыналық қисынды байланыстар негізінде білімдік ұғымдарды біріктіру жүйесі. Бұл технология оқу пәндері және салалас пәндер блоктарының ішіндегі материалдардың дидактикалық құрылымын құру арқылы аралас сынып сабақтарын ұтымды өткізуге мүмкіндік жасайды.

Дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдерін кең қолдану - әр оқушының жан-жақты дамуына жағдай жасау арқылы белсенді тұлға тәрбиелеу. Шағын жинақты мектеп жағдайында ақпараттық-коммуникациялық технологияны қолдану арқылы білім беру, ғылым мен мәдениет және т. б. салаларда ақпараттардың халықаралық дереккөздерін, электрондық оқу материалдарын пайдаланады, тірек мектебімен (ресурстық орталықпен) байланыс орната отырып, сессияаралық кезеңде олардың білім қорларын пайдаланады, қашықтан оқытуды жүзеге асырады. Жақын орналасқан шағын жинақты мектептерді біріктіретін, білім беру ұйымы болып табылатын тірек мектептер (ресурстық орталықтар) оқушылардың сапалы білімге қол жеткізуіне жағдай туғызады.

Тірек мектептер (ресурстық орталықтар) базасында шағын жинақты мектеп оқушылары үш рет (оқу жылының басында, ортасында жəне соңында) он күннен (сессия) білім алады əрі онда аралық жəне қорытынды аттестаттау тапсырады. Сессияаралық кезеңде шағын жинақты мектептерде оқыту тірек мектеп мұғалімдерінің қатысуымен жəне қашықта оқыту технологияларының көмегімен жүргізіледі [8] .

Тірек мектептердің қорларын қолдану негізінде білім сапасы, мектептердің педагогикалық өзара қарым-қатынасы, тәжірибе алмасу жүйесі дамытылады. Шәкіртті оқыта білу үшін оның білім алуға деген таудай талабын төмендетпеу үшін әрбір оқушының мінез-құлқымен жеке басының ерекшеліктерінің есте болғаны абзал. Балалардың бәрін оқыта білуге жету педагогтардың алдына оқу еңбегінің көлемін шамалай білу, шәкірттерге саралаумен және жекелей қатынас жасай білу, оқыту, еркіндік бере білу, әрбір еңбегін лайықты, орынды бағалай білу, қайырымдылық пен қызығушылық, білуге құштарлығына бағыт, көмек бере білу талаптарын қояды.

Бүгінгі жас өскін- елімізде қабылданған стратегиялық маңызы бар бағдарламаларды жүзеге асыратын болашақ маман. Ол-еліміздің кемел келешегі. «Ұрпақ тәрбиесі - адамзат баласының асыл мұраты. Елбасы Н. Ә Назарбаев халқымыздың алдында ХХІ ғасырда құрушы іскер, өмірге икемделген, жан - жақты мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек» - деп жауапты міндет қойып отыр. Педагог беделі оның парасаты мен жанының жемісі, өз мақсат мұратына сенімдеріне орнықтыра білуі шеберлігіне, іскерлігінде, ізденуінде екені белгілі.

Мақсаты:

  • Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенді іс - әрекетке бағыттау.
  • Тиімді әдіс - тәсілдерді әріптестерінен үйрену, өз іс - тәжірибемен бөлісу.
  • Оқу - тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа жолдарын айқындау.

Міндеті:

  • Оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру.
  • Оқу - тәрбие процесін тиімді пайдалану дағдысын ойластыру.
  • Өнегелі, еңбексүйгіш абзал азамат болып өсу үшін халық педагогикасының негізгі мақсатын ұғындыру.

Күтілетін нәтиже: Бастауышта оқыту мазмұнын жаңарту жұмысын жаңа тұрғыда ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаны өздігінен ізденуге, ой - өрісін, жан - жақты дамуына жағдай туғызылады, білім сапасы артады.

Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіні-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүние танымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі функциялары
Оқыту жұмысын ұйымдастырудың түрлері
САБАҚТА ЖӘНЕ ТӘРБИЕДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ДАРА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқу материалының логикалық құрылымы
Қазіргі замануйы технологияны бастауыш мектепте қолдану
Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлетінің маңызы
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері
Оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуда диагностикалау жұмыстары
Зерттеудің теориялық маңыздылығы
Оқыту үрдісіндегі ұжымдық, топтық оқыту әрекеттерін ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz