Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар пәнінің мазмұны


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті

«Физика математика және цифрлық технологиялар жоғарғы мектебі»

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

Аты-жөні: Сәлім Айымгүл Ерғалымқызы

Тақырыбы: Цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту әдістемесі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В011100-Информатика

(күндізгі бөлім, 4 жылдық, 4-курс)

Алматы, 2021 жыл

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

«Физика математика және цифрлық технологиялар жоғарғы мектебі»

Информатика және қолданбалы математика кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«___» 2021ж.

Кафедра меңгерушісі,

Пед. магистрі, аға оқытушы

Г. Б. Ильясова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту әдістемесі

5В011100-Информатика

(күндізгі бөлім, 4 жылдық, 4-курс)

Орындаған: Сәлім А. Е

Ғылыми жетекшісі аға оқытушы: Сагымбаева А.

Алматы, 2021 жыл

ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ПАЙДАЛАНЫП БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ «АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ПӘНІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1. Бастауыш мектепте «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудың теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.

1. 2. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің мазмұны.

1. 3. Бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнінің стандартына шолу.

2. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланып бастауыш мектепте «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» пәнін оқыту әдістемесі 2. 1. Цифрлық білім беру ресурстарын пайдаланудағы алғашқы қадамдар теория мен практикадағы маңыздылығы.

2. 2. Қашықтан оқыту барысында цифрлық білім беру рестурстарын қолдану әдістемесі.

2. 3 «Education» программасын цифрлық білім беру ресурсы ретінде қолдану әдістемесі.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы:

Тақырыптың өзектілігі:

Дипломдың жұмыстың мақсаты:

Міндеті:

Зерттеудің объектісі:

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Дипломдық жұмыстың практикалық мағыздылығы:

Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:

Зерттеудің дереккөздері:

Зерттеу әдістері:

Дипломдық жұмыс құрлымы:

1. Бастауыш мектепте «Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудың теориялық негіздері

1. 1. Бастауыш мектепте «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудың негізгі мақсаттары мен міндеттері.

Адамзат тарихындағы адамдар арасындағы қарым - қатынас ақпарат алмасу арқылы дамылады . Білім саласында бұл қарым қатынас ерекше рөл атқарады. Адамдар басқа бір адамға ақпарат беру арқылы сонымен қатар адамдарды оқыту пайда болды. Ақпарат алмасусыз оқытушымен оқушы арасындағы жұмыс мүмкін емес. Адамзат тарихының басында қарым - қатынас ақпарат алмасу белгілі бір дыбыспен, соңында кәдімгі адами тілмен жүзеге асты. Мыңдаған жылдар бойы ақпарат алмасу тек тікелей қарым- қатынаспен орындалды. Содан кейін жазбаша түрде, папирустық түрде, пергаменттің, қағаздың көмегімен жүзеге асты. Бұл жағдайда адамдардың тікелей қатынасы қажет болды. Соңғы жүз елу жылда адамдар арасындағы ақпарат алмасу телеграф, телефон, радио, теледидар көмегімен технологияның дамуы арқасында мүмкін болды. Бұндай технологияның кұралдарын ақпарат алмасудың бірнеше түрлеріне қол жеткізетіндіктен толығымен телекоммуникациалық деп айтуға болады. Бұл құралдар білім беру үрдісін арттырады. Қазіргі әлемде, үлкен рөлді ақпарат алмасуда компьютер алады, оның негізгі компьютерлік телекоммуникациалық құралдар . Өткен ғасырдың 60 жылдарының ортасын да адамдар компьютерді бір - бірімен байланыстыруды үйренді . [1]

Білімді ақпараттандыру оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық мақсаттарына жету үшін білім саласын да мағлұматтардың келтіріп, жаңасын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ақпаратты жинақтау, сақтау және тарату технологиялары мен құралдарын қолдануға бағытталған адамзат қызметінің ғылыми - практикалық саласын білдіреді. Ақпаратық технологияларды қазіргі білім жүйесінің әр түрлі саласына ендіру барынша ауқымды және кешенді сипат алуда. Білімді ақпараттандырудың екі стратегиялық мақсатқа жетуді қамтамасыз ететіндігін еске сақтау маңызды. Біріншісі, ақпараттық және телекомуникациялық технологияларды пайдалану негізінде білім қызметінің барлық түрлерінің тиімділігін арттырудан тұрса, ал екіншісі, ақпараттық талаптарына сай, ойлауы жаңа түрдегі мамандарды дайындаудың сапасын арттырудан тұрады. [2]

Компьютерлік технологияны қолдану қазіргі заманның сәннің әсері емес, білімнің қазіргі даму деңгейінің қажеттілігі. АКТ-ны қолданудың артықшылықтарын екі топқа бөлуге болады: техникалық және дидактикалық. Техникалық артықшылығы - жылдамдық, маневрлік, тиімділік, фрагменттерді және басқа мультимедиялық функцияларды көру және тыңдау мүмкіндігі. Интерактивті сабақтардың дидактикалық артықшылықтары - қатысу эффектісін құру («Мен оны көрдім!») . Оқушыларда ақпапаратты сезіну, оқиғалар шындығы, қызығушылық, көп нәрсені білуге ​​және көруге деген ұмтылыс пайда болады. Ол келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

сабақтарға презентация құру;

интернет ресурстарымен жұмыс;

дайын оқыту бағдарламаларын пайдалану;

Тарихи тұрғыдан білімді ақпараттандыру екі негізгі бағытта басқарылатын және басқарылмайтын бағытта жүзеге асырылады Басқарылатын білімді ақпараттандыру ұйымдастырылған үдеріс сипатты болып, материалдық ресурстармен сүйемелденеді . Оның негізін көпшілікпен мойындалын негізделген тұжырымдар мен программалар құрайды. Басқарылмайтын білімді ақпараттандыру білім жүйесінің қызметкерлерінің бастамасымен төменнен жүзеге асырылып, білім қызметінің және пәндік облыстардың ең көкейкесті салаларын қамтиды. Білімді ақпараттандыру, білімді ақпараттандыру құралдары деп аталатын, арнайы жасалынған компьютерлік аппараттық және программалық құралдарды қолданусыз іс жүзінде мүмкін емес . 4

Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар құралдары - ол микропроцессорлық және жаңа ақпараттық - коммуникациялық технология негізінде қызмет атқаратын, ақпаратты таратудың жаңа құралдары мен жүйелері, ақпаратты жинақтау мен олардың қорын жасау, сақтау мен ендеу, оларды жан - жакты таратуды, одан қалды компьютерлік жүйелердің ақпараттар қорына енуін қамтамасыз ететін программалық - аппараттық агне тех никалық куралдар мен құрылымдар . Қазіргі таңдағы заманауи әр маман кем дегенде ЭЕМ, дербес компьютерлер, терминалдык куралдардың жинақтары жергілікті есептеу жүйелері, мәтіндік және графикалық ақпараттардын курылымдары, келемі үлкен ақпараттары сақтау құралдары, аудиовизуалдык ақпараттарды бақылайтын кұралдар мен құрылымдар, машиналык, графика жүйелері, программалық кешендер, жергілікті желілер, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуын қамтамасыз ететін казіргі кездегі байланыс құралдарын жетік меңгеруі тиіс. [4]

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар адам қызметінің барлық салаларына енуімен қоса күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігі болып табылады. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану әртүрлі ақпараттың түрлерімен жұмыс істеу үдерісін тездетеді және жеңілдетеді.

Ақпараттық- коммуникациялық технологиялар (АКТ) - ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету және пайдалану мақсатында интеграцияланған әдістердің, процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы. АКТ компьютерлік технологиялар негізінде жұмыс істейтін әртүрлі бағдарламалық-аппараттық құралдар мен құрылғыларды, сондай-ақ ақпаратты жинауды, жинақтауды, сақтауды, өндіруді және беруді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы ақпарат алмасу құралдары мен жүйелерін қамтиды [1] . Ақпараттық қоғам және жаңа экономика жөніндегі түсіндірме сөздікте мынадай түсінік келтіріледі: ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ) /INFORMATION AND COMMUNICATION TECHNOLOGIES) (ICT) - ақпаратты пайдаланушылардың мүддесі үшін жинау, өңдеу, сақтау, тарату, көрсету және пайдалану мақсатында интеграцияланған әдістердің, өндірістік процестердің және бағдарламалық-техникалық құралдардың жиынтығы [3] .

Бірнеше елдерде білім берудің басым бағыттарының бірі - оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілігін қалыптастыру. Бір жағынан оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзіреттілікті меңгеруі уақыт талабы болса, екінші жағынан бұл талап басқа да білім беру салаларымен кіріктіру үшін ресурстары мен техникалық құралдарының ұсына отырып оқу пәндерін оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар жаңа құрал ретінде пайдаланылады.

Ақпарат көлемінің екпінді өсуі мен ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты ақпараттың алып тасқынында оқушыларға бағыт бағдар беретін дағдыларын қалыптастыруына бағытталған саланы құру, сонымен қоса күнделікті өмірде, оқуда және одан әрі кәсіби еңбегінде әртүрлі мәселелерді шешу мақсатында жаңа технологияларды тиімді пайдалану көкейкесті мәселе болып табылады. Оқушылардың ақпаратты қолданудың этикалық және құқықтық нормаларын түсінуі және сақтауы қажет. Ағымдағы ақпараттық технологиялар ғасыры адамдардың араласуына кең мүмкіндіктер ұсына отырып, адамдардың өзара қарым-қатынасында, тәжірибе алмасуында, жаңа идеяларды талқылауда «адамдар арасындағы арақашықтық» ұғымын жоққа шығарды.

«АКТ» пәнінің теориялық және практикалық базасы бай. Курс абстракция және модельдеу жолдары арқылы АҚТ құралдарын пайдалана отырып, басқа білім беру салаларынан және өмірден алынған міндеттерді шешу үшін оқу үдерісінде практикалық дағдыларын дамытуға көп уақыт беруді көздейді.

Үлкен көлемді ақпараттармен жұмыс істеу мақсатында аталған пәнді оқыту оқушылардың логикалық, алгоритмдік, жүйелік және сыни бағалау тұрғысынан ойлау қабілеттерін қалыптастыруына және дамыуына ықпал етеді. Сонымен қатар, пән бойынша академиялық тілін және ұғымдар аппаратын біртіндеп дамыту маңызды рөл атқарады.

Оқыту үдерісін тиімді ұйымдастыру мақсатында бастауыш сыныпта «АКТ» пәнін оқыту негізгі мектептің базалық курсын меңгеруіне ықпал ете отырып, пропедевтика міндеттерін шешетіні сөзсіз.

«АКТ» пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты

«АКТ» пәні бойынша оқу бағдарламасының мақсаты оқушыларды нақты объектілер мен үдерістердің ақпараттық модельдерін түрлендіру, құру және қолдану. Сонымен қатар, басқа да оқу пәндерін оқыту үшін оқушыларды ақпараттық-коммуникациялық құралдарымен жұмыс істеу дағдыларымен, біліктерімен және базалық біліммен қамтамасыз ету. Бағдарлама оқушылардың қоғамдағы ақпараттық үдерістердің рөлі, техникалық мүмкіндіктері мен адамзаттың түрлі қызмет саласында АКТ құралдарын пайдаланудың келешегі туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған.

Сандық технологияларды пайдаланудағы құзіреттілік оларды үйде, мектепте, жұмыста, бос уақытта және коммуникацияда сенімді түрде және сыни тұрғыдан пайдалануды көздейді. Оқушылар АКТ бойынша дағдыларын курс бойы ақпаратты жинау, құру және басқару, ресурстар және иделялармен жұмыс істеу, құрылғылар мен қосымшаларды пайдалану арқылы өз жұмыстарын бағалау, түзетулер негіздерінде дамытады.

«АКТ» пәні оқушыларды компьютермен жұмыс істеу барысында техникалық қауіпсіздік ережесін, ақпараттық іс-рекеттің құқықтық және этикалық нормаларын сақтауға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді және жобамен жұмыс істеу барысында ұжымдық жұмысқа жұмылдыруға бағытталған.

«АКТ» пәнін оқыту барысында оқушылар:

- компьютер туралы алғашқы ұғымдар, қазіргі заманауи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі алатын рөлі туралы білу;

- ақпараттық-комуникациялық технологиялар құралдарын пайдалана отырып, ақпаратты әртүрлі формаларда іздеу, жинақтау, өндеу, сақтау және жіберуді іске асыру;

- әртүрлі программалық қосымшаларды пайдалана отырып, өз ойларын іске асыру;

- бір-бірімен сөйлесу, ақпаратпен алмасу және өзара жұмыс істеу мақсатында АКТ құралдарын пайдалану;

- авторлық құқықтарды сыйлау және компьютерді қолдану барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтау дағдыларына ие болады.

Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. Оқу бағдарламасы оқушылардың жас ерекшеліктерінің танымдық мүмкіндіктеріне сәйкес әр оқу пәнінің мазмұнын және олардың білім, білік, дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады. Пәннің оқу бағдарламасы «шиыршық» қағидаты негізінде әзірленген, яғни оқу мақсаттары мен тақырыптардың басым көпшілігі белгілі бір оқу кезеңінен кейін (оқу жылы барысында немесе келесі сыныптарда) білім мен дағдының көлемі көбірек, тереңірек, күрделірек деңгейде қайта қарастырылады.

Оқу бағдарламасы оқу жылы көлемінде бөлімдердің оқытылу ретін көрсететін ұзақ мерзімді жоспарға сәйкес жүзеге асырылады. Тақырыптарға сағат санының үлестірілуі және тоқсан көлемінде тақырыптардың оқытылу реттілігін мұғалім анықтай алады. Ұзақ мерзімді жоспар күнтізбелік-тақырыптық жоспарды әзірлеудің негізі бола алады.

Оқу бағдарламасы оқыту процесін оқушылардың пән салалары бойынша білім мен біліктіліктерді саналы түрде меңгеруі үшін әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға, оқу, жоба, зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы дербестігін дамытуға, әлеуметтік-мәдени кеңістікте орнын таба білуі үшін бағыттайды.

Оқу бағдарламасында оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі міндеттері заманауи мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың инновациялық тәсілдерді кіріктіреді. Оқытудағы тәсілдер пән бойынша оқу бағдарламасының түбегейлі жаңа құрылымын құруда негізгі бағдарлары болып табылады.

Қазіргі кезеңде өздігінен білімді игеруі үшін оқушының белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Мұндай тәсіл пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.

Тұлғалық-бағдарлық білім беруді осындай сипатта жақсарту білім беру процесіне барлық қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілікке жол бермей, ынтымақтастығы үшін алғышарттарды құрайтын оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану кезінде мүмкін. Диалогтік және рефлексивті технологияларды қолдану оқушылардың жоба және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыруымен сабақтасады.

Білім беру процесін ұйымдастырудың барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім, идеялар және іс-әрекет тәсілдерімен белсенді түрде алмасуды көздейтін оқушының шынайы шығармашылық процесіндегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.

Нақты пәннің оқу бағдарламасы жергілікті сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау іс-әрекеттерін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан оқушының белсенділігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы пәннің оқу мақсаттары аясында жүзеге асырылатын тәрбиелік сипаттағы жоба жұмысын ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен бірлесе отырып, ұйымдастыруға болады.

Әр пәннің оқу бағдарламаларында үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған, онда үш тілді меңгертіп қана қоймай, сол сияқты оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын да үш (қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде) тілде ұйымдастыру қарастырылған. Көптілді оқу ортасын құруда әр пәннің қосқан үлесі үш тілде білім беру саясатын іске асыруды қамтамасыз ету. Тіл үйретудің негізі болып табылатын коммуникативтік т әсіл әрбір оқу пәнінің түрлі оқу жағдаяттарында білім және білікпен алмасу, тілдік және сөйлеу нормалары жүйесін дұрыс қолдану сияқты әдіс-тәсілдері арқылы оқушылардың сөйлеу әрекеттерін дамытудың жетекші қағидаты ретінде қарастырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Қашықтықтан оқыту тәсілі
БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚАЗІРГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
Студенттердің кәсіптік құзырлықтарын қалыптастырудағы педагогикалық шарттар
ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС ПАЙДАЛАНУ
Биологияны оқыту үрдісін жетілдіруде ақпараттық технологияның маңызы
ЖАҢАРТЫЛҒАН БАҒДАРЛАМА БОЙЫНША ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Бастауыш сыныпта ақпаратты оқыту әдістемесін тәжірибеде қолдану
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану – кәсіптік білім мамандығы студенттерінің кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың маңызды элементі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz