Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
АСТАНА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Мектепке дейінгі бөлім
Мектепке дейінгі пәндер ПБК-сы
САКЕНОВА КАМИЛА

ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ
Курстық жұмыс

Ғылыми жетекшісі
А.Е Иргебаева,
мектепке дейінгі жеке әдістемелер оқытушысы

Жоспар
1. Кіріспе
1.1. Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың
теориялық негіздері 2
1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа
деген сүйіспеншілікті қалыптастыру 5
1.3. Табиғатпен таныстыру арқылы балалардың тұлғалық
қасиетін қалыптастыру жолдары 8

2. ТӘЖІРИБЕЛІК КЕЗЕҢ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру
арқылы олардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістері
2.2 Табиғатпен таныстыру арқылы мектеп жасына дейінгі
балалардың бойында патриоттық сезімге тәрбиелеу 13
2.3 Мектеп жасына дейінгі балалардың эксперименттік кезең 19
2.4 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру
жұмыстарын ұйымдастыру 21
2.5 Балалардың бойында танымдық процестердің қалыптастыру
әдістері мен жолдары 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондықтан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдарының бірі.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты - табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп өнер мекені екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Мектеп жасына дейінгі балалардың тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым- қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары арқылы жүргізіледі.
Зерттеудің өзектілігі: Адам өмірі табиғат аясында өтетіндіктен, ол табиғаттың тылсым тынысын, ішкі сырын білуді ғасырлар бойы арман еткен. Тіпті айналадағы ортаның, табиғаттың сұлу да әсем көріністері жас нәрестені де қызықтыратыны, таңдандыратыны бекер ме? Баланың мұндай қызығушылығын байқап, жеткіншектің туған табиғат әлемінін саналуан сырларын ұғынуына, тереңдеп түсінуіне ерте заманнын өзінде-ақ ұлағатты тәлімгерлер зер сала көңіл бөлген.
Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рұхани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балар үшін табиғат - бұл әр түрлі табиғат құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл - балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді.
Қоршаған ақиқатты танудың методологиялық негіздері философ - психологтар: Г.С.Батищев, В.Н.Филипповтың еңбектерінде көрсетілген. Г.С.Батищев танымның іс-әрекеттік қырын анықтады. В.Н.Филиппов интеллекттің білім қайшылықтарымен беттесуінің бастапқы қағидасын әзірледі. Танымдық іс-әрекет мәселесін зерттеуде үлестерін қосқан психолог-ғалымдар: Л.С. Выготский,А.М.Коршунов С. Л. Рубинштейн, С.М. Жақыпов, т.б.Л.С.Выготский сананы бір нәрсе арқылы дамыту теориясын қалыптастырды. А.М.Коршунов жүйкеде ақиқатты бейнелеу белсенділігі қағидасына назар аударды. С.Л.Рубинштейн адам жүйкесін дамытуға қызмет етуге шартталған ұстанымды негіздеді. С.М. Жақыпов, танымдық әрекет психологиясын зерттеді.Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Зерттеудің мақсаты: мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру барысын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
oo мектеп жасына дейінгі балалардың тұла бойында дүниетанымдық қасиеттерінің пайда болу ерекшеліктерін анықтау;
oo мектеп жасына дейінгі балалар танымдарына жыл мезгілдерінің ерекшеліктері, олардың ауы су ықпалын анықтау;
oo мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру жұмыстарының мазмұнын талдау
Зерттеудің әдістері:философиялық, педагогикалық-психологиялық т.б. әдебиеттерді, нормативтік құжаттарды теориялық талдау; Теориялық зерттеу нәтижелерін жүйелеу, бағалау, зерттеу барысында жинақталған теориялық және эмпирикалық материалдарды зерделеу, мазмұндық жалпылау, салыстыру, модельдеу, ойша жобалауәдісі;Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені талдау.
Зерттеудің болжамы:Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болсақ, балада соғырлым көбірек үйренеді.
Зерттеудің объектісі: Мектеп жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстырудың әдістемелік негізі.
Зерттеудің құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Табиғат туралы білім жүйесіне оның объектілері мен құбылыстары туралы білім, сондай - ақ олардың арасындағы байланыс пен қатынас кіреді. Мектеп жасына дейінгі балаларда табиғат туралы білім маңызды көрінетін, алайда сыртқы белгі, байланыс пен қатынасты білдіретін түсінік деңгейінде қалыптасады.
Балаларда табиғатқа деген танымдық қатынасты дамыту білім жүйесін меңгерумен байланысты. Ол ізденімпаздыққа, көп білуге деген құлшыныста көрінеді. Еңбек дағдылары мен білікті қалыптастыруда білімнің рөлі зор. Өсімдіктер мен жануарлардың қажеттіліктерін, олардың қамқорлықты қажет ететін тіршілік иесі екендіктерін біле отырып, бала өсімдіктер мен жануарларға күтім жасаудың түрлі әдістерін меңгеруге және қандай жағдайда болмасын оларға дұрыс таңдау жасауға ұмтылады.
Табиғат туралы білім балаларда оған қамқорлықпен қарау сезімдерін оятады. Қайырымды әрекеттер табиғатты қорғау мақсатындағы мұндай әрекеттер дұрыс және қажетті ойлаумен беки түседі. Алайда табиғатқа деген қамқорлықты тек білім негізінде ғана қалыптастыруға болмайды. Табиғаттағы еңбек оған белсенді қамқорлық көрсету болып табылады.
1.1 Мектепке дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың теориялық негіздері
Қоршаған ортамен таныстыру бойынша балалар өзінің аты-жөнін, жасын, жанұясын, балабақшадағы тәрбиешілермен топтағы балалардың аты-жөніндерін тани бастайды. Балабақшаның ішкі құрылысымен таныстырылып, топ бөлме, асхана, дәрігер бөлмесі т.б айырмашылықтарын ажырата бастайды. Сонымен қатар әр бөлмеде жұмыс түрін, қажетті құралдарды, олардың аты, не үшін қажет, неден жасағаны, қайда, кімде, қандай, кім не істейді сұрақтарына дұрыс жауап беруге балабақшада өздері немен шұғылданатыны туралы әңгімелейді.
Балалар әсіресе ұлдар жағы қызығы көлік түрлерін, яғни ұшақ, поезд, жеңіл,жүк машина және әртүрлі көліктер түрлерінің міндеттерін жақсы біледі. Балалар бос уақытында жүк машинасымен ойнағанды жақсы көреді.
Мектепке дейінгі кезеңде бала қоршаған ортаны танып біледі. Баланың табиғатты танып білуге деген қызығушылығын оята отырып, тәрбиеші оны табиғатпен таныстырып қана қоймай, оны түсінуге, өсімдіктер мен құстарды қамқорлауға, табиғаттың сұлулығын сезіне білуге үйретеді.
Қарапайым экологиялық түсініктерді меңгерту баланың қоршаған орта нысандарына танымдық қызығушылығын арттырумен тығыз байланысты болып табылады. Баланың танымдық дамуы ойын барысында, табиғи нысандар мен құбылыстарға бақылау жасау, заттарды қарап, зерттеу кезінде, табиғат пен табиғат күнтізбесіндегі ауа-райы жағдайына бақылау нәтижелерін айта білу, еңбек және басқа да әрекеттер барысында жүзеге асады.
Мектепке дейінгі балалық шақ кезеңінде баланың танымдық дамуы эмоционалдық қызығушылықпен қабылдайтын қарым-қатынастар арқылы қалыптасады. Әрбір жеке бала - қоршаған ортаны кішкентай зерттеуші. Бала белсенді әрекеттерге талпынады. Сондықтан да серуне арқылы бақылау мен зерттеу сияқты әдістер балаға неғұрлым жақын болып табылады.
Серуен - тәрбиешінің көмегімен атқарылатын іс-әрекет. Серуен барысында балалардың табиғатқа қызығушылықтарын арттыра отырып, бақылыу жұмыстарын өткізу.
Біріншіден, арнайы бағдарлама пайдалану оқу-тәрбие жұмысын жоспарлау кезінде жеңілдік туғызады.
Екіншіден, бақылауды жүргізуге қойылатын талаптар сақталады. Балалардың танымдық құзіреттілікті меңгеруі, бақылау нәтижесі тәрбиешінің қолданатын әдіс-тәсілдері мен бақылауды ұйымдастыруына тікелей байланысты болып келеді. Баланың жан-жақты дамуы, оның қоршаған ортамен белсенді қарым-қатынасы негізінде қалыптасады. Бұл тұрғыда Сезіну-танып білу- жүзеге асыру - осы үш бағытта жұмысты ұйымдастыру қажет. Ол үшін тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап алудың маңызы зор.
Табиғи нысанды қабылдау, зерттеу баланы шаршатпауы тиіс. Бала бақылауды жақсы көңіл-күймен бастап, сондай жақсы әсермен аяқталуы тиіс. Бақылау барысында баланың зейінін шоғырландырып, назарын аудару. Серуен кезінде әр түрлі ойындар арқылы жаңа ойын технологияларын әдіс-тәсілдердін қолдану қажет. Серуен барысында тек бақылап қана қоймай, еңбек шараларын қатар жүргізіп отыру керек. Серуенде ағаштарды, гүлдер мен шөптерді ажыратуға, оларға қамқорлықпен қарауға көңіл аудару керек. Еңбек барысында - ойын әрекеті арқылы балалардың қызығушылықтарын дамыту қажет. Бала серуен барысында (еңбек, бақылау, ойын) - әрекеттері арқылы не үйренді, неге қызығушылықтарының артқанын сұрай отырып, қортынды жасау керек. Сонымен, аталған талаптарға сай бақылауды өткізу тәрбиешінің арнайы дайындығы болған жағдайда жүзеге асады.
Бақылауға дайындық келесі жұмыстардан тұрады:
+ Бақылау мазмұны және ұйымдастыру;
+ Бақылауды өткізу орны және уақыты;
+ Бақылаудың әр бөлімінде пайдаланатын әдіс-тәсілдері болады;
+ Бақылау барысында шешілетін міндеттердің де маңызы зор;
+ Балаларды топырақпен және оның қасиеттерімен таныстыру;
+ Ылғалды және құрғақ топырақты ажырата білуге үйрету;
+ Тастардың әр түрлі болатынына назар аудару және оны топырақпен салыстыру;
+ Балаларды екі табиғи компонент: саз бен топырақты ажыратуға үйрету;
+ Топырақтың қасиеттерін атап айтуға үйрету;
Әр бақылаудың өз мазмұны, мақсаты бар, басқаларын қайталамайды, бірақ бір-бірімен байланысты болып келеді. Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, тәрбиешімен ,ересектермен, құрдастарымен қарым - қатынас кезінде танып біледі. Сондай-ақ 5-6 жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады және тілі дами түседі. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер оларды ойлантады. Ойларын айтып жеткізгісі келеді. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан жасқаншақтайды және бұл баланың дүниені тануына кері әсер етуі мүмкін
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді өйткені, олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды. Мектепке дейінгі жас-естің және тілдің қарқынды дамуы жасы.
Тәрбиеші-педагог баланы ертеңгі болашағына дұрыс көзқараспен қарай отырып, баланың мінез құлқын сана - сезімнің тілінің жетілу дәрежесін, таным үрдістеріні (түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып дамуын қадағалап, әрі дұрыс бағдар беру керек. Балалардың тілдерінің дамуы, байланыстырып сөйлеу дағдылары - (зейін, қабылдау, есту, ойлау, есте сақтау)- қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
1.2 Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балалардың бойында табиғатқа, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру біздің қоғамымыздың адамгершілік бағыттағы тәрбие мен барлық адамзаттың маңызды қамқорлығы табиғатты қорғау қажеттілігінен шығады. Табиғатқа деген ықыласты қатынас қажет кезде қайырымды іс - әрекеттің пайда болуын болжалдайды, ол үшін балалар өсімдіктер мен жануарларды қалай күту керектігін, олардың қолайлы өсуі мен дамуына қандай жағдай жасау керектігін білу керек.
Табиғатқа деген ықыласты қатынас байқампаздықты дамытумен байланысты, яғни баланы табиғатқа деген сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелей отырып, бала алаңдаушылық туғызатын кез келген құбылысқа назар аудармай өтіп кетпей, табиғатқа қамқорлықты іс жүзінде көрсете білуіне ұмтылу керек.
Табиғатқа деген ықыласты қатынасты қалыптастыру оның эстетикалық тұрғыда қабылдау қабілеттеріне, яғни табиғат сұлулығын көре білуге байланысты. Эстетикалық қабылдау балалардың табиғатпен тікелей тірідей сөйлесуімен қамтамасыз етіледі.
Табиғат құбылыстарының сұлулығын бақылау - эстетикалық әсерлердің таусылмас қайнар көзі. Балаларға табиғат құбылыстарының эстетикалық қасиеттерін көрсету, оларды әдемілікті сезінуге үйрету, бақыланатын құбылыс әдеміліктерімен байланысты бағалау пікірлерін айтқызу маңызды.
Н.Н.Моисеев Экология мен білім (1996) еңбегінде аталған екі үрдістің арақатынасын сараптай келе: Экологиялық тәрбие экологиялық білімсіз мүмкін болмайды, сондықтан білім тәрбиенің мән мәтінінде дамуы керек, оның үстіне білім өздігінен адам әрекетінің бағытын анықтамайды деп айтқанын белгілеу орынды [1, 42-бет].
Табиғат - мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен дамытудың маңызды құралы. Бала онымен сөйлесе отырып көптеген жаңалықтар жасайды. Сәбидің көзімен байқалған әрбір тірі зат қайталанбас нәрсе. Балалар ойнағанды жақсы көретін табиғи материалдар да (құм, топырақ, су, қар т.б) әртүрлі. Мектеп жасына дейінгі балалар табиғатпен кез келген мезгілде, айналада аппақ ұлпа қар жатқанда да, бау - бақша гүлдегенде де қауыша алады. Табиғатпен танысуда бала үшін қоршаған ортаны тануда бірге жүретін ересектердің жеке тұлғасы өте маңызды болып табылады. Балалар алдында табиғаттың заттары мен құбылыстары көрнекі болып тұрады. Осылайша бала сезім мүшелерінің көмегімен табиғат ерекшелігінің көптүрлілігін:
* формасын;
* аумағын;
* дыбыстарды;
* бояуларды;
* кеңістік жағдайын;
* қозғалысын тікелей қабйлдайды.
Балада оған әрі қарай табиғат құбылыстарының қатынасы мен байланысын түсіну мен көруге көмектесетін, жаңа түсініктерді меңгертетін алғашқы табиғат туралы нақты және ашық түсінік қалыптасады. Балалар табиғат құбылыстарының арасындағы көптеген байланыс пен қатынасты бақылау арқылы таниды. Бұл педагогқа тәрбиеленушілердің логикалық ойлауын дамытуға мүмкіндік береді.
Тәрбие формалары - тәрбие үрдісінің ішкі көрінісі. Тәрбие формалары: жеке, шағын топтар мен топтарға бөлінеді. Тәрбие формасының мазмұнында түрлі құралдардың көмегімен жүзеге асырылатын тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерінің кешені бар.
Тәрбие әдістері - тәрбиелеу мақсатының жетістігіне бағытталған ересектер мен балалардың өзара байланысқан әрекетінің әдістері.
Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр [2, 8-бет].
Табиғат объектілерінің әртүрлілігі тәрбиешіге балалардың қызықты және пайдалы әрекеттерін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Бақылай үрдісінде табиғаттағы ойындар мен еңбекте балалар табиғат құбылыстары объектілерінің ерекшеліктерімен және қасиеттерімен танысады, олардың дамуы мен өзгеруін байқайды. Олардың ізденімпаздық қасиеттері дамиды.
Мектеп жасына дейінгі балалар алған білімдері мен біліктерін практика жүзінде пайдалану керек: балалар құмды ылғалдандырады, берік құрылыс жасау үшін қарға су құяды, суды тоқтату үшін арықтардың түбін топырақпен жабады. Бұл әрекет үрдісінде балалардың ақыл - ой қабілеттіліктерін дамыту мен білімін ары қарай жетілдіру әрекеті жүзеге асады.
Бала тұлғасын қалыптастыруда табиғаттағы еңбек жағымды әсер етеді. Еңбек балаға ауыз толтырып айтарлық және мәнді нәтиже береді. Өсімдіктер мен жануарларды күтуден бала табиғатқа деген қамқорлығын көрсетеді. Еңбекте алынған білімді тану мен қолданудың белсенді үрдісі жүреді. Табиғаттағы еңбек үрдісінде бала денсаулығы нығаяды және оның психикасының дамуы байқалады. Сонымен қатар әрбір тәрбиеленушінің табиғатпен танысудағы белсенділігі мен дербестігін қамтамасыз ететін жағдай жасауда педагогтің де рөлі маңызды болады.
Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т.б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды. Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі. Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді [4, 13-бет].
Бала тұлғасының дамуына табиғаттың әсері оның объектілері мен құбылыстары туралы білімнің қалыптасуымен байланысты. Табиғат туралы білім балаға түрлі заттардың қасиеттері мен белгілерін және ерекшеліктерін ажырата білуіне көмектеседі. Сондықтан балаларды табиғатпен таныстыратын тәрбиеші алдындағы міндеттерді айтқанда, ең бірінші балада қарапайым білім жүйесін қалыптастыруды айтқанымыз жөн.
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы. Кіші мектеп оқушысының экологиялық мәдениет тұлғасын қалыптастырудың бірінші сатысы - когнитивті құрамын орындау үрдісінде жүзеге асырылатын танысу сатысы болып табылады. Оның мәнісі табиғаттың нақты нақты объектілері мен құбылыстары туралы юелгілі мәліметтерді меңгеруінде, табиғаттың объектілері мен құбылыстарының, адам мен табиғаттың арасындағы өзара байланысында жатыр. Осы сатыны әлемді философиялық ойлау, адамның өмір сүру ортасындағы өзара әрекетін философиялық түсіну үрдісінің алғашқысы ретінде қарастыруға болады.
Экологиялық эмоцияларды меңгеруге байланысты мектепке дейінгі балаларды табиғатқа деген эмоционалды - құнды қатынас типтеріне сәйкес 4 топқа бөлуге болады:
1. экологиялық әрекеттің мақсаты ретінде жоғары, жақсы қалыптасқан табиғатқа деген эмоционалды - құнды қатынас - тілекті - әрекетті тип;
2. жеткілікті, бірақ табиғатқа деген тұрақсыз эмоционалды - құнды қатынас - тілекті - пассивті тип;
3. нақты факты ретінде табиғатқа деген орташа эмоционалды - құнды - қатынас - бейтарапты - пассивті тип;
4. жеке тұлғалық қажеттілікті қанағаттандыру құралы ретінде табиғатқа деген қалыптаспаған эмоционалды - құнды қатынас - тұтынушылық тип.
Мектепке дейінгі кезеңде балалар өз әрекеттерін ғана емес, өзге тұлғалардың әрекеттерін, олардың қоршаған ортаға әсерін бағалай алады. Осымен балалардың шынайы болмысты басқалардың көзімен көре білу мен тілегін, басқаның орнына өзін қойып көру қабілетін, оны түсіну, өзіне және басқаларға объективті болу және қалыс қалмауын дамыту керек.
Мектепке дейінгі жаста экологиялық мәдениетті қалыптастыруда уәжді тәртіпті қарастыра отырып, экологиялық дұрыс түсу қажеттілігі кіші мектеп оқушыларында табиғатпен қатынас қажеттілігі, баланың табиғатпен тең дәрежеде жұмыс жасай алу қажеттілігі сияқты адамның шынайы қажеттілігі негізінде туындайды.

1.3 Табиғатпен таныстыру арқылы балалардың тұлғалық қасиетінқалыптастыру жолдары
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы өте зор. Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты.
Балабақша балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады:
oo саяхат;
oo мұражайларға бару;
oo мақсаттық серуен;
oo телебағдарламалар,
oo бейнефильмдер;
oo табиғат туралы көркем әдебиеттер;
oo суреттерді, фотосуреттерді, иллюстрацияларды тамашалау;
oo музыка тыңдау;
oo дидактикалық ойындар, мақал-мәтелдер.
Мектепке дейінгі жастағы балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр. Атап айтқанда:
* педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;
* балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;
* әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;
Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс. Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді [2, 27-бет].
Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат. Балалармен жұмыс істеу барысында сабақ өтілетін бөлме ғана емес, сонымен қатар мекеме орналасқан ғимарат та әсем болуы керек. Егер балалар сұлулықты өмірден өз көздерімен көре отырып, оның өмірімен байланысын сезіне білсе, онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.
Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.
Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып,сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.
Мектепке дейінгі жастағы балаға экологиялық мәдениеттің алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін:
1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;
2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;
3. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;
4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;
5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.
Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.
К.Д.Ушинский Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын, сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді [3, 37-бет].
Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру. Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді.
Балалардың айналадағы табиғатқа деген сүйіспеншілігін оятып, ұғымын кеңейту, оның әсемдігін нәзік сезінуге, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қамқорлыққа алуға баулу негізгі міндеттердің бірі. Балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім беріп, осының негізінде тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде нақты және жалпылама таным-түйсік қалыптастыру керек. Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік пен таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады,осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байқап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.
Эстетикалық тәрбие нысанасы - баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап,табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп сезе білуге, күн сәулесінің шуағын,жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді.
Табиғатта болып жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін, қазыныға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз.

3. ТӘЖІРИБЕЛІК КЕЗЕҢ
2.1 Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыру арқылы олардың танымдық қызығушылығын дамыту әдістері
Қоршаған ортаның заттары мен құбылыстары туралы білімді қалыптастыру баланың ақыл - ой дамуының шін мәніндегі маңызды құралы болып табылады және оны қоршаған ортаға қосудың қажеттігімен байланысты. Баланың ақыл-ойының дамуында табиғат және оның құбылыстары, сондай-ақ адам және оның өмір сүру жағдайлары туралы білу аса маңызды болып табылады.
Балаларды табиғатпен таныстыру әдістері:
1.Көрнекілік әдісі
2. Практикалық әдіс
3. Элементарлы тәжіибелер
4. Сөздік әдіс
Балаларды табиғатпен таныстыру тәсілдері:
1. Ойын - сабақтар.
2.Топсеруендер және ондағы бақылаулар.
3.Күнделікті еңбек немесе бөлмеде және аулада.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Ұйымдастырушылық
Психологиялық сәт. Тілек шеңбері.
Балалар тілек шеңберіне тұрады. Бір - біріне жүрекше ұсынып, ізгі тілектерін жолдайды.
Ізденушілік
- Балалар, біздің тобымызғасаяхатшы Дара келіп тұр. Үстел үстіне қуыршақ Дараны қояды. (Тәрбиеші қуыршақты балалармен амандастырады).- Ол біздерді өзімен біргесаяхатқа шығуға шақырады. Қалай қарайсыңдар, барамыз ба?- Саяхатқа қандай көлікпеншығамыз.
- Ендеше автобусқа билет
алып, әр кім өз орындарымызға отырайық.
І тапсырма. Жұмбақ бекеті.
Бұл бекетке жету үшін Дара бізге мынандай жұмбақ әкеліпті. Соны шешіп көрейік. Қуыршақ сөмкесіндегі жұмбақты алып оқу.
Жұмбақ:
Су ағып сай - саладан,
Тасып өзен толады.
Құстар кеп ән салады,
Бұл қай кезде болады?
Көктем мезгілі туралы әңгімелеу.
Көктемдегі табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақ айту.
1.Аспандағы көлеңке,
Жерге сусын себеді.
2.Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады.
3.Тырс - тырс тамады,
Сайға қарай ағады. Тағыда басқа
Балалар, Жұмбақ бекетінің тапсырмаларын орындадық. Дара достарың сендерге риза болды. Орнымызға отырып, сапарымызды одан әрі жалғастырайық.
ІІ тапсырма. Бейнелер сыры.
Бекет тапсырмасы: Дидактикалық ойын: Қайсысы қайда тұрады? Шарты: Суреттегі бейнелерге қажетті бөліктерін дұрыс орналастыру.Мыс: ағашқа жапырақтар, аспанға бұлттар мен күн, құстар.Өзенге көпір мен су тағыда басқа
Сурет бойынша әңгіме құрау.
ІІІ бекет. Мерекелер бекеті.
Балалар, біздер келесі бекетке де келіп қалдық.Бұл жер гүлдер мен шарлармен безендірілген екен. Мереке күні сияқты.Неліктен солай ененін түсіндіру.
Көктем айындағы мерекелер туралы әңгімелеу,сұрау.
Аналар мерекесі, Наурыз мерекесі туралы айту, мәнін түсіну.

Сергіту сәті: Көктем вальсі.

Тіл ұстарту жаттығулары:
1.Тем - тем - тем,
Келді көктем.
2.Шек - шек, -- шек,
Шығады Бәйшешек тағыда басқа
ІҮ тапсырма. Гүлдер бекеті.
Бекет тапсырмасы: Аналар мерекесіне арнап әркім өз анасына гүл бейнесінен ашық хаттар дайындауы керек.
Қажет еткендерге көмек, ақыл - кеңестер беру.
Балалар қуыршақ Дарамен амандасады.Қуана келіседі.- Барамыз, барамыз.
Балалар өз ойларын айтады.
Поезд, автобус тағыда басқа
Кассадан билет алады.Билетте көрсетілген пішінге сәйкес орындықтарға жайғасады.

Тыңдайды.Жұмбақты шешуге әрекеттенеді.Қажет болса тәрбиеші тарапыннан көмек беріледі.

Жауабы: Көктем.
Тыңдайды. Жауап береді.

Жұмбақты шешеді.

Шешуі: Бұлт пен жаңбыр.

Шешуі: Күн.

Шешуі:Жаңбыр.

Орындарына отырады.

Суретпен танысып, қажетті бөліктерін керекті жеріне орналастырады.

Сурет бойынша әңгімелейді.

Балалардың бойында мерекелік көңіл күй пайда болады. Қуанышты көңіл- күйге бөленеді.
Тыңдайды.Берілген сұрақтарға жауап береді.
Сыйластық, достық, ізет, құрмет көрсету туралы ойларын білдіреді.
Музыка ырғағымен би қимылдарын орындау.
Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.

Балалар жұмысқа кіріседі.
Ақ қағаз бетіне жапырақтардан гүл құрастырып, жапсырады.

Қорытушы
Біткен жұмыстарды талдау, мадақтау. Ашық хаттарды аналарына сыйлау, мейірімділік лебіздерін білдіру туралы әңгімелеу.Сұрақ - жауап арқылы көктем мезгілінің ерекшеліктері туралы білімдерін бекіту.
Әркім өз жұмысына қанағаттанғандық сезімде болады.

Бүлдіршіндер мен мектепке дейінгі кіші жас балаларын қоршаған ортамен таныстыру мазмұнына алдымен сезіну бейнесіндегі қоршаған орта туралы қосымша білімдерін жинақтау кіреді. Сондықтан, әртүрлі әрекет түрлерін қолдана отырып, алдымен заттық әрекетті ересектер балалар назарын түрлі заттар мен объектілерге аударуға ұмтылады, сол заттардың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы білімді жинақтаудың көмегімен олардың белсенді әрекетін қамтамасыз етеді.
Оқыту әдістері: сөйлесу, көрнекілік, практикалық. Бала өмірінде тірі табиғатпен: жануарлар мен өсімдіктер, олардың сыртқы бейнесі, өмір сүру жағдайы, оларға күтім жасау, жануарлардың әрекеттерімен танысу маңызды болып саналады. Бүлдіршіндерді өздері бақылай алатын үй жануарларымен таныстырады. Қоршаған ортамен таныстыру жұмыстарының табиғаттану, қоғамтану, математикалық бағыты анық байқалады. Баланың қоршаған ортаға қатынасын қалыптастыру қоғамдық өмір туралы, ересектердің еңбегі мен әрекеті туралы, ересектер мен бала арасындағы қатынас туралы білімдерін меңгерумен байланысты. Түрлі әлеуметтік құбылыстармен танысу экскурсияларда, балалардың қатысуымен шынайы жағдайларда адам әрекетін бақылауда, дидактикалық және сюжетті ойындарда, өздігінен кітап, альбомдар жасауда жүзеге асады [5, 54-бет].
Балаларды табиғатпен таныстырудың жалпы әдістері. Тәрбиеші сабақтарда, экскурсия мен серуендерде, баламен күнделікті сөйлесуде табиғат туралы әңгімелерді пайдаланады. Бұл әдістің негізгі мақсаты - балаларды табиғаттың дәл сол уақытта бақыланып тұрған немесе бұрын көрген объектілері, құбылыстары туралы нақты түсінік қалыптастыру. Әңгіме балаларға жаңа, олар бұрын білмеген фактілерді айту үшін пайдаланылады. Әңгіме балалардың назарын аударып, олардың ойлануына, олардың қиялы мен сезімдерін оятуға тиіс. Табиғат туралы әңгімені пайдаланудың кейбір талаптары оқыту әдісінің бір түрі екендігін білу және есте сақтау керек. Алдымен балаларға айтылатын құбылыстың несі таныс, несі таныс емес екенін біліп алу қажет. Олардың қызығушылығын, сондай - ақ әдеби мәтіндерді жас ерекшелігіне сәйкес қабылдауын ескеру керек. Әңгіме тақырыбын тәрбиеші балабақша бағдарламасымен анықталған білім мазмұнына сәйкес таңдайды. Әңгіме - тәрбиешіден табиғат туралы белгілі білімді, байқампаздықты, табиғат құбылыстарын орынды қоя білуді қажет ететін шығармашылық көркем іс - әрекет түрі. Әңгімелерге табиғат туралы балалар кітаптарынан қысқа үзінділерді пайдалануға болады.
Әңгімені суреттермен, слайдтар қатар баяндау өте жақсы. Бқл балаларға оның мағынасын түсінуіне көмектеседі. Балалардың назарын аударып, оны сөйлесу ұзақтығы бойына ұстап тұру үшін, тартымды оқиғалы қызықты тақырыпты таңдап қана қоймай, болған жағдайға өзінің қарым - қатынасын бейнелі, нақты сөзбен жеткізе білу керек. Балаға табиғаттың негізгі ерекшеліктерін, әр жыл мезгіліне байланысты қоршаған ортада, өсімдіктер мен жануарлар әлемінде болып жататын сан алуан өзгерістер мен құбылыстарды көрсету, сезіндіру, байқату барысында баланы дамыту мақсаты көзделеді. Тіпті балалармен жүргізілетін барлық педагогикалық процесстер, ақыл -- ойын, тілін дамытуда пайдаланылатын ойындар, жұмбақ-мысалдар, әңгімелер, қолданылатын көрнекі құралдар мен ойыншықтар болсын, бәрі-бәрі табиғаттың жемісі екендігін ғалымдар әрқашан мойындаған.
С.Н.Николаева балаға тірі табиғат жайында жүйелі білім беру ісінің негізгі бағыттарын былайша топтастырды:
а) белгілі бір территорияда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлар жайында білім жүйесін қалыптастыру;
ә) осы өсімдіктер мен жануарларды сыртқы пішіні мен негізгі қасиеттеріне байланысты бөліп, топтастырып қарау және олардың өмір сүретін ортамен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық мәдениет тәрбиесінің тұжырымдамасы
Табиғатпен танысу барысында мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстырудың әдістері
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі кіші топ балаларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Мектепке дейінгі жастағы балаларға экологиялық мәдениетке тәрбиелеудің жүйесі
Балабақшадағы патриоттық тәрбие
Мектеп жасына дейінгі балаларды туған жердің табиғатын сүйюге және қорғауға үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы
Пәндер