Қыс мезгілінде балаларды табиғатпен таныстыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫН ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІМЕН ТАНЫСТЫРУ

Кіріспе . . . 3

  1. Мектепке жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстырудың маңызы . . . 5

1. 2Жыл мезгілдерін таныстыруға байланысты ғылыми еңбектер . . . . ……. 11

1. 3Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларын (қыс, көктем, жаз, күз) жыл мезгілдерімен таныстыру . . . 19

ТӘЖІРИБЕЛІК КЕЗЕҢ

2. 1 Балабақшада балаларға жыл мезгілдерін білудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарының ұйымдастырылуы . . . 252. 2 Ересек топтарда жыл мезгілдерін оқытуда ұйымдастырылған іс-шаралар . . . . . . 30

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 38

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 41

Кіріспе

Табиғат! Осы бір жүрекке жылы, көңілге қонымды естілетін салиқалы сөзге қаншама мазмұн, терең мағына, тұжырымында кең ой жатыр десеңші!

Табиғат-күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы Анасы, сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.

Қазақ халқының бар өмірі тіршілігі табиғатпен тікелей етене байланыста өтіп келеді. Сан ғасырлар бойы халқымыз сол өзін аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді және сол туралы орынды пікірлерге келді. Халқымыздың табиғат жөніндегі ой-пікірлері табиғат құбылыстарымен, заңдылықтарымен үнемі үндесіп жатты. Халық өзін табиғаттың бөлінбес бір бөлшегі, құрамдас тобы деп есептейді. Сондықтан да табиғатпен бірлікте өмір сүруі қажеттігін ерте кезден-ақ сезіне біледі. Табиғаттың қатаң жағдайына, түрлі өзгерістеріне сай көшіп-қонып жүріп, өз шаруашылығын табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырды және табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық қажет екендігін ерте сезінді. Осыған орай халқымыздың да мінез-құлқы бірте-бірте қалыптасып, ондай қасиеттер атадан-балаға, ұрпақтан ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.

Қазақ халқының халық педагокикасындағы асыл мұраларының бірі-табиғатқа деген аса зор сүйіспеншілігі мен оған деген асқан адамгершілік қасиеті болды. Халық ұғымында табиғат деген қасиетті сөз, туған жер, өскен ел, атамекен, аяулым деген тұла бойыңа нәр беріп, жүрегіңді шымырлататын аса қымбат сөздермен қатар тұрады

Курстық жұмыстың өзектілігі , адамзат қоғамы мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынас қазіргі кезеңдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Экологиялық жағдайдың нашарлауы қоршаған ортадағы қайтарымсыз табиғи өзгерістерге әкеліп соғып отыр. Айталық, климаттың жылынуы, өзен-көлдердің суының азаюы, мұздықтардың еруі, сел тасқындардың жиі қайталануы, биологиялық алуантүрліліктің азайып, тіршіліктің жұтаңдануы және т. б. ғаламдық экологиялық проблемалар адамзат баласының болашағына деген алаңдатушылық туғызып отырғаны сөзсіз.

Табиғатты қорғау мен аялауды, табиғаттың адам өміріндегі маңызын балабақшадан балаларымыздың санасына сіңірмесек ертең тым кеш болатыны белгілі. Осыған орай Жыл мезгілдерінің қыр-сырын үйретудің ғылыми жоспарын алуыма негіз болды.

Курстық жұмыстың мақсаты -мектеп жасына дейінгі балалардың табиғатты қабылдау барысындағы өзіндік ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу мақсатына жету үшін курстық жұмыстың құрылымы мен зерттеу логикасын анықтайтын мынадай міндеттер қойылған:

- мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру әдістемесіне тоқталу;

- балабақшада балаларға жыл мезгілдерін білудің маңыздылығын түсіндіру жұмыстарының ұйымдастырылуын қарастыру;

- мектепке дейінгі жастағы балаларды жыл мезгілдерімен таныстыру әдістері мен түрлерімен танысу;

Зерттеу объектісі: табиғат элементтерінің адам өмірінде алатын орны, маңызы.

Зерттеу пәні: табиғаттың адам өмірі үшін маңыздылығын көрсететін элементтерін айқындау.

Курстық жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде «Мәңгілік Ел» мектеп жасына дейінгі балаларды рухани-адамгершілік тәрбиелеу бойынша ұлттық идея мәнмәтінінде әдістемелік ұсынымдар, «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 160 Заңы алынды. Адамгершілікке тәрбиелеу мәселелері Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ш. Құдайбердиев, С. Көбеев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов секілді қазақ ойшылдарының, К. Д. Ушинский, В. А. Сухомлинский, А. С Макаренко сияқты көрнекті педогогтардың еңбектерінде кең талданған.

Жұмыстың теориялық мәні . Жыл мезгілдерінің адам өміріндегі маңыздылығын дәлелдейтін нақты ғылыми-тәжірибелік мағлұматтармен танысу.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы, жұмыстағы айтылған жыл мезгілдерінің адам өміріндегі маңыздылығын ескере отырып, табиғатты ары қарай сақтап қалу үшін әдістемелік ұсынымдарға негіз ретінде пайдалануға бағытталған.

1. 1Мектепке жасына дейінгі балаларды жыл мезгілдерімен таныстырудың маңызы

Табиғат әлемі таңғажайып және керемет. Дегенмен, барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді. Бірақ балалар көп нәрсені байқай бермейді, үстірт қабылдайды. Табиғат сұлулығы рухани қайырымдылыққа тәрбиелеуде үлкен рөл атқарады, яғни, балаларды мейірімділікке, адамгершілікке, жақын адамдарға қамқор бола білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және сөздік қорын байыту көзі. Бұл-балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Баланың қандай болып өсуі бізге, ересектерге байланысты.

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске асырылады.

Мектепке жасына дейінгі балаларға адам мен табиғат арасындағы қарым - қатынасты анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің алдында негізінен мына төмендегі міндеттер тұр.

Атап айтқанда:

-педагогтардың экологиялық тәрбие беру жөнінде білім деңгейін көтеру;

-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;

-әртүрлі жастағы балалар топтарындағы оқу-тәрбиелік жұмыстар;

Қоршаған ортаны аялауға деген адамның саналы көзқарасын қалыптастыру оның бала кезінен ерте басталуы тиіс.

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды. Баланың болашағы сол кезеңде алған тәрбиесіне өте байланысты. Олай болса адамзаттың рухани және материалдық жағдайы осы кезеңде алған тәрбие негіздеріне тәуелді. Сұлулыққа тәрбиелемей тұрып жақсы ниеттегі, адамгершілігі бар, шығармашылықпен жұмыс істейтін адамды қалыптастыру мүмкін емес. Сұлулық бала бойында қуаныш сияқты ең жақсы сезімдерді тудыра отырып, баланың белсенді түрде шығармашылықпен жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін сұлулықты өз көзімен көріп, оны қабылдай білуі керек.

Балалар тәрбие арқылы, ересектердің өнегесі арқылы дүниені таниды, көруді, сезінуді, тыңдауды үйренеді. Тәрбиелеуші жақсы өнегені беруге неғұрлым қабілетті болса, балада соғұрлым көбірек үйренеді. Баланың өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт бере отырып, өмір бойы есінде қалады. Жаңа ғасырда табиғатсыз баланы тәрбиелеуді көз алдымызға елестете аламыз. Сондықтан да балабақшамыздағы тәрбие ісінің негізгі міндеттерінің бірі "Балаларды айналамен таныстыра отырып, оларға экологиялық тәрбие беру" болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге, оны аялай білуге, оны қорғауға қызығушылығын арттырып, жауапкершілігін күшейтуге, табиғатпен бірге өмір сүретінін сезінуге үйрету мақсат.

Балаларды табиғатқа деген сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп қана қоймай, сол сұлулық жолында еңбектене білуге үйретудің маңызы зор.

Біз табиғи факторлар - су, ауа, күнді қолдана отырып экологиялық тәрбие мәселелерін шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы, оларды күтіп баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және өлі табиғат арасында, тірі организм мен олардың өмір сүру ортасындағы байланыстарды орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады.

Табиғат баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз ойын жеткізе білу өнерін дамытады.

Табиғатты танып, білу мектеп жасына дейінгі баланың бойында табиғатпен эстетикалық қарым қатынас жасаудың базасын құрайтын экологиялық тәрбиені бере отырып, сонымен бірге оны қорғай, аялай білуге үйретеді.

Мектеп жасына дейінгі балалардың табиғат туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру үшін қолданылатын шаралар қолданған жөн:

1. Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға экологиялық тәрбие берудің алғы шарттарын құру;

2. Балалардың экологиялық сауығуының дамуы үшін атқарылатын жұмыстарға көгалдандырылған зоналар құру және ұйымдастыру;

3. Тірі объектілерді күтіп-баптауға қолайлы ортаны іс жүзінде құру үшін іс-шаралар ұйымдастыру;

4. Сабақта көркем құралдарды, әдістемелік және материалдық құралдарды, ойыншықтарды, түрлі ертегі кейіпкерлерін жүйелі түрде қолдану;

5. Педагог мамандардың білім деңгейі мен олардың біліктілігін арттыру.

Тәрбиеші-педагогикалық үрдістің ең басты тұлғасы және экологиялық тәрбие берудегі шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі керек. Бала жүрегіне табиғаттың әсері өте зор, сол себептен де ол тәрбиелеу мен дамыту әрекетінде кеңінен пайдаланылады. Дегенмен, табиғат өздігінен бала бойына қажетті жеке тұлғалық сапаларды қалыптастыра алмайды, оған міндетті түрде ересектер тарапынан басшылық жасау қажет. Балалардың табиғатқа қызығушылығы оның құбылыстары арасындағы өзара байланыс пен олардың пайдасын жете түсінгенде ғана арта бастайды.

Мектеп жасына дейінгі ересек топ балаларының табиғатқа қарым-қатынасын бақылау барысында біздің байқағанымыз: табиғат құбылыстарының барлығы тең дәрежеде балаларды қызықтыра алмайды. Мысалы: табиғаттың кейбір құбылыстары, өзінің қабылдауға жеңілдігіне қарамастан, балалардың сәндік ою-өрнектерін жасау әрекетіндегі еңбектерінде мүлдем көрініс таппады деуге болады. Сондай-ақ олар шеңбер, жұлдыздар, найзағай, толқын, ай т. б бейнелеуге де жете көңіл бөлмегені байқалды. Табиғаттың нақ осы құбылыстары мен объектілері қазақ халқының күнтізбесінің негізіне жатады, ал жұлдызды аспан сырын жете ұғыну көшпелі өмір тіршілігі үшін аса қажет болды.

Балабақшадағы тәрбие бағдарламасына сәйкес балаларды табиғатпен таныстыру барысында өзара байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен таныстыру және шынайы қамқорлыққа алу жағдайында адамгершілік және эстетикалық тәрбие беру мақсатында өтіледі.

Балабақшада балалардың өздері бақылап, бағып-баптап жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, еңбекке деген сүйіспеншілікке және соған дағдылануға үйретеді, сондай-ақ бала бойында бәртіндеп тапсырылған іске жауапкершілік сияқты қасиеттер де қалыптаса береді.

К. Д. Ушинский "Баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту, оның өзіндік логикалық ойлауын, сөздік қорын, санасының жетілуіне әсері мол екенін атап көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны дәлелдеп беруге жетелейді.

Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларының түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.

Баладағы ой-сана мен жүйкенің қозғалуы мен тежелуі ширығып, күшейеді, тепе-теңдік сипат алады. Абстракты ойлау біршама дамиды, айналадағы орта туралы талдау, ой түю әжептәуір жетіледі, табиғат туралы кәдімгідей түйсік, таным қалыптасады. Ол енді табиғаттың өзіне тән кейбір құбылыстары мен қасиеттері жайында білетін болады. Ойын мен еңбек әрекеті ұштаса жүреді. Табиғат құбылыстарының кейбір заңдылықтары, бұл құбылыстардың мерзімді қайталануымен таныстырылады, осының негізінде табиғат құбылыстарын реалистік тұрғыда ұғынуы, білуге құлшынысы, байқап-көре білуі, логикалық ойлауы, табиғатқа эстетикалық тұрғыдан қарау сезімі қалыптаса береді.

Мектепке дейінгі балалардың туған өлкеге сүйіспеншілігін тәрбиелеудің негізгі құралы-ұлттық тілі, мәдениеті, көркем өнер туындыларды, әдеби шығармаларды: өлең, ертегі, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, аңыз-әңгіме, батырлар жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді.

Адам табиғат пен өмірдің бар қызығын ән-жырға қосып, оның әдемі де сұлу көріністерін бала санасына ән арқылы жеткізе білген. Халқымыздың қандай ән - әуені болмасын мейірім -шапағатқа, мәнді мазмұнға, ұлағатты тәлім-тәрбие, терең философияға негізделе жазылған. Сондықтан да ол сезімге әсер етіп, балалардың мінез-құлқы мен адамгершілік қасиеттерін, эстетикалық талғамын дамытуға ықпал етеді. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Эстетикалық тәрбие нысанасы-баланың бойындағы әдемілік, әсемдікке іңкәрлігін оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу, сүйсіне білу қабілетін ұстарту, көзін ашқан бұлақтай талғам қиялын ұштау. Осы тұрғыдан алғанда табиғат балаларға эстетикалық тәрбие берудің бірден-бір құралы болып есептеледі. Айналадағы орта, орман, су, тау, тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған әсем дауысы, жануарлар дүниесі, олардың барлығы бала жанына әсер етіп назарларын қытықтап, табиғат әсемдігі туралы түйсігін тоғайтады. Тәрбиеші балаларды табиғат құбылыстарымен таныстырып қана қоймай, әдемілікті түсініп, сезе білуге, күн сәулесінің шуағын, жаңбырдың нұрын, ормандағы құстардың сайрағанын зерделеп түсінуге баулиды. Балалардың зейінін табиғат жанашырларының іс-қимылына аударып, олардың қимыл әрекеттерін бақылатады, мұның бәрі балалардың эстетикалық сезімін оятып, еңбектене білуге, табиғат байлығын жанашырлықпен қорғауға үйретеді. Табиғатта болып жатқан алуан түрлі болып жатқан құбылыстар желісі, алуан түрге енетін әуе кеңістігі, қызылды-жасылды ағаштар жемісі бәрі-бәрі адам баласын таңқалдыратыны сөзсіз. Міне, адам баласының табиғатты жырлау шеберлігі, табиғатпен сырласуы-осының айғағы. Қалай десек те, табиғаттың күйін, әсемдігін, қазынаға толы қоймасын көрсек жанымыз тойғысыз, жырласақ тіл жеткісіз. Дүниеге жаңа зымырандар, тікұшақтар, мықты моторлы қайықтар, роботтар келді. Ғылымдағы озық техниканың жетістігі саналатын мұндай жаңа дүниелер құпияға толы табиғаттан үйренген адам баласының жетістігі екендігі рас. Мысалы, қазіргі тікұшақты инелікке, жүк машинасын қоңызға, ұшақты құсқа, автобусты есекқұртқа, сүңгуір қайықты балыққа, жерді қопарғыш тракторды бұзаубасқа қарап жасалғандығы анық. Жер жүзіндегі жеті кереметке Вавилон бақшасы арқылы үлесін қосқан табиғаттың шеберлігін ұққан адамзат сән өнері, сурет салу, сәулет өнері, шеберлік сынды қасиеттерді бойына дарытқандығы даусыз. Мәселен, өзіміздің әлемге әйгілі суретшіміз -Әбілхан Қастеевтен:"Сен мұндай өнерді қайдан үйден?"- деп сұрағанда:"Таудың бұлағынан қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен үйрендім"-деген екен.

Яғни, адамзат өмір бойы барлығын табиғаттан үйренді, үйреніп келеді. Міне, сондықтан да табиғатқа адамзаттың қыруар өлшеусіз қарыздылығы оның табиғат тынысын тазартып, аялай білумен қатар, көркем бейнесін қалпына келтіріп, әлемнің жеті кереметін жетпіс кереметке жеткізумен өлшенбек.

"Таза болса табиғат-аман болар адамзат, табиғат, сен-тіршілік тұнып тұрған, сен-күнсің, көтерілген күліп қырдан, сен-көлсің, сен -ормансың, сен- бұлбұлсың, адамға сұлулықты шын ұқтырған", -деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай, табиғат күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені, адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да, қадірлі жан-анасы болса, адамның табиғатты"Ана" деп құрметтеуінде өте үлкен мән жатыр. Адам-табиғаттың бір бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам өміріне қажетті заттардың барлығын табиғаттан алады.

Сондықтан табиғат пен адамды бөліп қарауға болмайды. Әсіресе, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігін табиғатсыз елестету мүмкін емес. Сан ғасырлар бойы халқымыз табиғат аясында көшіп-қонып тіршілік еткен. Табиғаттың сан алуан құпия сырларына үңіліп, өзіндік ой түйген. Сол атқылы табиғат табиғат заңдылықтарына үндесіп, бірлікте өмір сүрген. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысқан халқымыз өз кәсібін табиғатпен үйлесімді жүргізіп отырған. Табиғатқа аялы алақан, жылы жүрек сезімі, көздің қарашығындай қамқорлық керек екендігіне ерекше мән берген. Табиғат- тылсым дүние, табиғаттың өзі арайлап атқан таң, қызарып батқан күн, жүйіткіген бұйра бұлттар, мың құбылған сағым, жарқыраған әсем жұлдыз, әнші құм, биші қайың секілді құпия сырлы тылсым дүние, жұмбаққа толы ғой шіркін! Сол себепті, табиғат тылсымын түсіне білгендер-бақытты жандар! "Табиғат -біздің дүниетанымымызды қалыптастырушы және басты ұстаз. Адам баласының білім алатын көзі-табиғат. Сол табиғатты бақылау, зерттеу оны қорыту, сырын шешу қажет".

"Ғаламның ғажайып көркі де сонда, сыры да сонда, мақамы да сонда . . . ғылымы да сонда, адамның өмірі де сонда", -деп А. Машанов айтпақшы тілсіз табиғаттың тылсымын түсініп, оны аялау, қорғау және көркейту - әрбір адамның міндеті әрі борышы. Себебі, табиғат пен адам - егіз. Біз жас ұрпақ табиғаттың қорғаны. Атадан балаға мирас болып келе жатқан табиғатымызды көздің қарашығындай сақтап, анамыздай аялап, келер ұрпаққа таза күйінде қалдыруымыз керек. Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Сол сұлулықты, әсемдікті жоғалтпай қастерлеуіміз керек. Бұл жайында халқымыздың қалдырған тағылымдық, тәрбиелік мәні зор: " Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" " Бұлақ көрсең, көзін аш", " Бір тал кессең, он тал ек" тағы да басқа ұлағатты сөздері, табиғатқа сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы Табиғат-Анаға қарыздар. Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар.

Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек. Табиғат озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігінің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр сипатын түсіне білуге әрекет жасап көр.

Адам табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында талмай, жалықпай еңбек ету барлық үлкен-кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Табиғат-адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктің бастауы. Адамзаттың басты міндеті табиғи қуат көздерін орнымен пайдалану, табиғат әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу екенін ұмытпайық.

" Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші, барша байлықтың анасы - Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат пен қоршаған ортаны түлетіп гүлдендіре беру өз қолымызда.

1. 2 Жыл мезгілдерін таныстыруға бпйланысты ғылыми еңбектер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларды табиғатпен таныстырудың маңызы
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Мектеп жасына дейінгі балаға(кыс,көктем) жыл мезгілдерімен таныстыру
Балаларды табиғатпен таныстыру
Бастауыш мектеп балаларына табиғат туралы білім беру мәселесінің зерттелуі
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық тәрбиелеудің формалары мен әдістері
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатқа деген саналы қатынасқа тәрбиелеу
Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға табиғатпен таныстыру үрдісінде эстетикалық тәрбие беру
Балалар бақшасында балаларды табиғатпен таныстыруда ойындар мен тапсырмаларды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балалардың еңбегін ұйымдастыру әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz