Эмоционалды мәтін прагматикасы


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті» КЕАҚ

Гуманитарлық факультет

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Магистрлік диссертация

ЭМОЦИОНАЛДЫ МАЗМҰНДАҒЫ МӘТІН ТҮРЛЕРІ: ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Орындаған Шенгельбаева Н. С. «» 2021ж.

Ғылыми жетекші ф. ғ. к. Сырлыбаева Г. Т. «» 2021ж.

Қорғауға жіберілсін:

Кафедра меңгерушісі Кыяхметова Ш. «» 2021ж.

Талдықорған 2021ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

1 ЭМОЦИОНАЛДЫҚ РЕҢКТІК КӨРКЕМ МӘТІНГЕ ҚАТЫСЫ

1. 1 Эмоционалдылық ұғымының лингвистика мен психологиядағы орны

1. 2. Тілдегі эмоция мен психолингвистиканың байланысы . . .

1. 3 Эмоционалды мазмұндағы мәтіннің тақырыптық жағынан жіктелуі

2 ЭМОЦИОНАЛДЫ МАЗМҰНДАҒЫ МӘТІНДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІГІ (ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТ)

2. 1 Эмоционалды мазмұндағы мәтінді зерттеудің маңыздылығы және негізгі ерекшеліктері

2. 1 Мәтін тақырыптарының эмоционалды мазмұнда келуі . . .

2. 2 Мәтінде эмоционалды реңк туындататын тілдік амалдар

2. 3. Эмоционалды мәтін прагматикасы

2. 4. В. П. Беляниннің классификациясы бойынша көркем мәтінді психолингвистикалық талдау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Ғылыми диссертациямызда көркем мәтіндегі эмоциялардың белгілерін зерттеуді қарастырамыз. Диссертациялық зерттеудің негізгі мәселесі - эмоция белгілерінің мәтін құрылымына, мағынасына, жүйесіне тәуелділігі болып табылады. Бұл еңбекте адам эмоцияларының эмоционалды мазмұндағы мәтіндерде көрініс табуы, эмоционалды мазмұндағы мәтіндердің ерекшеліктері, тақырыптық жағынан жіктелуі сөз болады.

Сөйлеу коммуникациясы бірқатар физиологиялық және психофизиологиялық сипаттамаларға ие бола алады. Яғни, паралингвистикалық құбылыстарды да, эмоционалды жағдайдың психофизиологиялық белгілерін де қамтиды. Көркем әдебиетте бұл құбылыстардың барлығы әртүрлі дәрежеде көрініс табады. Бұл диссертациялық зерттеуде адам эмоциясының әртүрлі жағдайда берілуі, ішкі эмоционалды жағдайынан бастап эмоционалды күйдің сыртқы көрінісіне дейін болатын психологиялық белгілері (бет тері түсінің өзгеруі, дыбыстық және қозғалғыштық белгілері), паралингвистика, мінез-құлық, қимылдар мен қалыптар секілді әртүрлі тәсілдері қарастырылған.

Зерттеу барысында бірқатар еңбектерден эмоцияға байланысты тұжырымдар жинақтап, сұрыпталды. Орыс ғалымдарының эмоционалды мазмұндағы мәтіндерді жіктеуі негізге алынып, көркем шығармалардан мысалдар келтірілді.

Алдымен “эмоция” ұғымы, оның түрлері, атқаратын функциялары туралы ойымызды тереңдету мақсатымен эмоция, эмоционалдық, эмоциялық мағына жайындағы философтардың, психологтардың, физиологтардың, тіл мамандарының анықтамаларын салыстыра, басшылыққа ала отырып, тілдегі эмоцияға, сонымен қатар орыс ғалымдарының эмоционалды мазмұндағы мәтіндерді топтастыруына бірінші тарауда тоқталамыз. Зерттеу жұмысы бойынша келесі авторлардың еңбектері талданды: В. П. Белянин, А. А. Льентьев, Н. В. Сапрыгина, Ж. Қ. Ибраева т. б.

Екінші тарауда А. Байтұрсыновтың көңіл-күйлердің толғау түрлерін жайлы айтқанына тоқталып, эмоционалды мазмұндағы мәтіндердің ерекшелігі жан-жақты талданып, Т. Ахтановтың «Шырағың сөнбесін!», Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», І. Жансүгіровтің «Бадырақ» романдарынан, Сайын Мұратбековтың әңгімелерінен, Б. Момышұлының шығармаларынан мысалдар теріліп жазылды. Аталған тарауда мәтін тақырыптарының эмоционалды мазмұнда келуін, мәтінде эмоционалды реңк туындататын тілдік амалдардың кездесуін, эмоционалды мәтіннің прагматикасын жан-жақты талдадық. В. В. Беляниннің классификациясы бойынша көркем шығармалардан мәтіндер келтіріліп, психолингвистикалық талдау жасалынды.

Сонымен, ғылыми диссертациялық зерттеуде - адамның эмоцияларын, атап айтқанда эмоционалды реакциялар мен эмоционалды күйлердің берілуінің әртүрлі тәсілдерін, көркем мәтінде эмоцияның көрініс табуын қарастырамыз.

Зерттеудің өзектілігі. Тіл біліміндегі эмоционалды мазмұндағы мәтіндердің түрлері, мәтінге эмоционалды реңк беретін тілдік құралдардың қызметі, мәтін тақырыптарындағы эмоционалдылық мәселесін психолингвистикалық аспектіде зерттеу.

Зерттеу нысаны - қазіргі тілдік қорда көп зерттеуді қажет ететін психолингвистика ғылымын, эмоция, эмоционалдық терминдерін қарастыру.

Зерттеу пәні - психолингвистика, психология.

Зерттеудің материалдары мен дереккөздері . Ибраева Ж. Психолингвистика негіздері. Оқу құралы. - Алматы, 2010. -122 бет. Сапрыгина Н. В. Психолингвистика художественного текста: коммуникация автора и читателя. - Одесса: Астропринт, 2012. -248стр. Залевская А. А Медведева И. Л. Психолингвистические проблемы учебного двуязычия. - Тверь, 2002. - 299 стр. Майтанов Б. Қазақ романы және психологиялық талдау. - Алматы: Санат, 1996. - 336 бет. Серғалиев М. Көркем әдебиет тілі. Оқу құралы. - Алматы: Мектеп, 1995. - 172 бет. Шалабай Б. Көркем проза тілі. - Алматы, 1994. - 128 бет. Жарықбаев Қ. Психология. - Алматы, 1982. - 280 бет. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. - Алматы, 1990. -203 бет. Елеусізова С. Қарым-қатынас психологиясы. -Алматы, 1996. -189 бет. Белянин В. П. Психолингвистичесчкие аспекты художественного текста. - Москва, 1998. -120 стр. Белянин В. П. Основы психолингвистической диагностики. (Модели мира в литературе) . - Москва:Тривола. - 2000. -204 стр. Шульц Д. П., Шульц С. Е. Қазіргі психология тарихы. - Алматы, 2018. -448 бет. Пинкер С. Тіл - инстинг. - Алматы, 2019. -386 бет.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық жұмыстың негізгі мақсаты - эмоцияны, эмоционалды мазмұндағы мәтіндерді психолингвистикалық аспектіде қарастыру. Осы мақсатқа жету үшін бір-бірімен іштей байланысатын мынадай міндеттерді жүзеге асыру көзделді:

  • Эмоция ұғымы, оның мәні мен зерттелу тарихына шолу;
  • Эмоционалды мазмұндағы мәтіндерді жинақтау;
  • Эмоционалды мазмұндағы мәтіндерді психолингвистикалық аспектіде тақырыптық жағынан жіктеу;
  • Мәтін тақырыптарындағы эмоционалдылық реңкті айқындау;
  • Эмоционалды мазмұндағы: шуақты, қайғылы, қызықты, аралас мәтін т. б. түрлерін айқындау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Арнайы зерттеу нысаны бойынша мынадай мәселелер ғылыми шешімін тапты:

  • Эмоционалды мазмұндағы мәтіндерді психолингвистикалық аспектіде зерттеудің маңыздылығы талданды;
  • Көркем мәтінге эмоционалды реңк беретін тілдік құралдар анықталды;
  • Эмоционалды мазмұндағы мәтіндердегі фразеологизмдер мен бейвербалды амалдардың қызметі талданды;
  • Мәтіндегі эмоцияның көрінісін анықтауда прагмастилистиканың рөлі нақтыланды;
  • «автор - мәтін - оқырман» негізінде эмоционалды мазмұндағы мәтіндер мазмұны талданды;
  • Эмоционалды мазмұндағы мәтіндердегі автор сөзі мен кейіпкер сөзінің рөлі айқындалды;
  • Мәтіндердің: қайғылы, күлкілі, шуақты, аралас т. б. түрлері ажыратылды.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар. Зерттеу нысаны бойынша қорғауға төмендегідей мәселелер ұсынылады:

  • адамның эмоцияны танып, білу тәжірибесі тілдік бірліктер арқылы түйінделеді.
  • психолингвистика адамның сөйлеу әрекетін, ондағы ерекшеліктерді зерттеуге бағытталған жаңа бағыт.
  • эмоционалды мазмұндағы мәтінді тану мәтінді ұғынып-меңгеруге байланысты, тақырып аясына байланысты жүзеге асады.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Қазақ тіліндегі эмоционалды мазмұндағы мәтіндердің арнайы зерттелуі тақырыптық-мағыналық топтарын жан-жақты саралап талдауда белгілі бір дәрежеде бағыт-бағдар береді.

Зерттеудің теорриялық тұжырымдары мен нәтижелері психолингвистика мен эмоцияның теорияларын толықтырып, аталған саладағы зерттеулерді қалыптастыруға, аталған бағыттарда маңызды қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.

Жұмыстың зерттеу әдістері . Зерттеу жұмысында сипаттау, жүйелеу, топтастыру, салыстыру, қорытындылау әдістері қолданылды.

Жұмыстың әдістанымдық негізі. Эмоция, эмоционалдылық терминін талдауда әлемдік тіл біліміндегі, түркітанудағы, қазақ тіл біліміндегі негізгі теориялық және методологиялық тұжырымдар мен ғалымдар пікірлеріне, ғылыми концепцияларына сүйендік. Олар: Белянин В. П. «Психолингвистичесчкие аспекты художественного текста», Сорокин Ю. А. «Психолингвистические аспекты изучения текста» еңбектері зерттеуге арқау болды. Сонымен қатар, Горелов И. Н., Седов К. Ф. «Основы психолингвистики», Иманалиева Ғ. Қ. «Қазақ тіліндегі эмоционалды құрылымдар», Ибраева Ж. «Психолингвистика негіздері» еңбектерінен ақпараттар жинақталды.

Зерттеудің мақұлдануы мен жариялануы. Магистрлік диссертация тақырыбы бойынша ғылыми басылымдарға мақала жариялау:

  1. З. Ахметованың «Шуақты күндер» естелік-эссесіндегі эмоционалды мазмұндағы мәтін түрлері (Материалы ХХІІ Международной научно-практической интернет-конференции «Проблемы и перспективы развития современной науки в странах Европы и Азии» . Украина, Переяслав, 2019г. )
  2. Көркем мәтін психолингвистикасы («Білім-ғылым-инновация: ұлттық жаңғырулар мен интеграциялық үдерістер» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Талдықорған, 2020ж. ) .
  3. І. Жансүгіровтің «Бадырақ» романындағы эмоцияның берілу ерекшелігі

(Innovation Management and Technology in the Era of Globalization, Ұлыбритания, Бирмингем, 2021 жыл)

Зерттеудің құрылымы. Диссертация 80 беттік жұмыста баяндалады, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер және мысалдар алған көркем шығармалар тізімінен тұрады.

1 ЭМОЦИОНАЛДЫҚ РЕҢКТІК КӨРКЕМ МӘТІНГЕ ҚАТЫСЫ

  1. Эмоционалдылық ұғымының лингвистика мен психологиядағы орны

Магистрлік диссертациямызда эмоция ұғымының қазақ тіл білімінде зерттелуін айтпас бұрын, ең алдымен орыс ғалымдарының зерттеуіне тоқталамыз. Эмоциялар түрлі ситуацияларға байланысты, іс‑әрекет, қарым-қатынасқа түсу барысында пайда болатыны бізге мәлім. В. К. Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастыра келе, эмоционалды құбылыстың құрылымы бір жағынан қандай да бір бейнелеуші мазмұннан, екінші жағынан эмоционалды күйзелістің өзінен тұрады деп есептеген. Эмоциялардың теориялық мәселелерін зерттеуде Л. С. Выготскийдің де қосқан үлесі зор. Ол эмоцияларды ойлаудың адамның сезімдік іс‑әрекетімен байланысының ішкі психологиялық механизмі ретінде қарастырып, олар ағзаны белсенділікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен қатынасын реттейді деп көрсеткен. Ал, П. Я. Якобсон өз уақытында сезімдерді, көңіл-күйлерді, аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді өмірмен тікелей байланыстырған.

Жалпы эмoциoнaлдылық, экспpессивтiлік, бaғaлaуыштық мəселелеpіне қaтысты aйтылaтын пікіpлеp әpтүpлі. Кeз кeлген зepттеу жұмыстаpының көпшілiгiнде эмoция, эмoционaлды, экспpессивті, эмoционaлды-экспрессивті сөздері бірінің орнына бірі қолданыла беретіндігін байқаймыз. Кейбір лингвистикалық еңбектерде ешқандай эмоциялық мəні, реңкі немесе бейнесі жоқ сөздерге қатысты да эмоционалды-экспрессивті немесе экспрессивті- эмоционалды терминдерді қолдана береді.

Орыс тіл білімінде тек эмоцияға ғана қатысты емес, сонымен қатар өз еңбектерінде эмоционалдылық, экспрессивтілік сынды терминдер жайлы да айтып өткен. Мысалы, Е. М. Галкина-Федорчук эмоционалдылық пен экспрессивтілікке байланысты: «Эмоциональные средства языка всегда экспрессивны, но экспрессивные средства языка могут и не быть эмоциональными», - деген пікір айтады [1, 4 б] . Ғалымның бұл пікірін бірқатар зерттеушілердің басшылыққа алатындығын, эмоционалдылық пен экспрессивтіліктің айырым-белгілерін көрсетуде өзіндік маңызы болғандығын эмоционалдылық пен экспрессивтілік мəселесін көтерген еңбектерінен байқауға болады. Ал, Д. С. Писарев эмоционалдық пен экспрессивтілік туралы ғалымдардың пікірлеріне шолу жасай отырып: « . . . во многих исследованиях не всегда четко проводится разграничение понятий «эмоциональность» и «экспрессивность». Категории «эмоциональность» и «экспрессивность» являются соотносимыми, а главное различие между ними состоит в следующем: если основной функцией эмоциональности является чувственная оценка объектов внеязыковой действительности, то экспрессивность - это целенаправленное воздействие на слушателя с точки зрения впечатляющей силы высказывания, выразительности. Таким образом, экспрессивность - это категория, ориентированная на адресата, т. е. имеющая прагматическое значение», - деп түйіндеп, экспрессивтілікті прагматикалық категория ретінде қарастырады [2, 116 б] .

Жоғарыда келтірілген тұжырымдарға, пікірлерге арқа сүйей отырып, адамға түрлі реакция тудыратын сөздерді эмоционалды сөздер деп атап, эмоционалдылық - адамның жан-дүниесімен, іс-әрекетімен тікелей байланысты құбылыс екеніне көз жеткіземіз.

Аталған эмоционалдылық мəселесі қазақ тіл білімінде де жан‑жақты қарастырылып келеді. Эмоционалдылық, экспрессивтілік жайлы терминдерді бірқатар зерттеушілер өз еңбектерінде келтіріп, негізгі мәселе етіп алған. Солардың бірегейі З. Х. Ибадильдина өз еңбегінде былай дейді: «Синонимичное употребление терминов «эмоционально-экспрессивный», «экспрессивно-эмоциональный», «экспрессивно-эмоционально оценочный» (с разной последовательности компонентов) указывает на отсутствие разграничений разных понятий, стоящих за ними. Термин же «лексика с эмоциональной окраской» уместен в стилистических исследованиях, где эмоциональная окраска слова рассматривается как его стилистическое качество» [3, 20 б] .

Қазақ тіл білімінде эмоционалдылық пен экпрессивтілік жайында мәселені Ғ. Иманалиева «Эмоционалдылық және оның тілдегі көрінісі» атты ғылыми мақаласында: «Қазақ тіл білімінде эмоционалдылық пен экспрессивтілік мəселесінің қарастырылуын шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, арнаулы орта жəне жоғары оқу орындарына арналған қазақ тілінің оқулығы, оқу құралдарында берілуі, сондай-ақ ғылыми басылым ретінде жарық көрген жəне тілдің лексикология, стилистика немесе басқа мəселелерін қарастыру барысында айтылған мəліметтер, ал екіншісі соңғы жылдары қолға алына бастаған, эмоционалдылық пен экспрессивтілік арнайы зерттеу нысаны етіп алынған жұмыстар» деп бөліп қарастырып, эмоционалдылық мәселесін зерттеуге қатысты бірнеше канд. диссертацияларды атап көрсетеді. Олар: Х. М. Нұрмұқaновтың «Эмоционaльно-экспрессивная лексика драмaтургических произведении М. Ауэзова» атты кaндидаттық диссертациясы (1969), Ш. И. Нұрғожинaның «Эмоционально-экспрессивaя лексика казахского разговорного языка» атты кандидаттық диссертациясы (1989), З. Х. Ибaдильдинаның «Эмотивная лексика казахского и русского языков» aтты кандидаттық диссертациясы (1997), А. Ғ. Сембaеваның «Көркем шығaрмалардағы эмоционалды-экспрессивті лексика (О. Бөкеев шығaрмалары бойынша) (2002), Б. С. Жонкешовтың «Эмоционaлды бірліктердің тілдік табиғаты (семантика, сөзжасам, фоносемантика) » aтты кандидaттық диссертaциясы (2006), А. А. Мұсaбекованың «Қaзіргі қазақ публицистикасында экспрессия мен эмоцияны білдірудің тілдік құралдары» aтты кандидаттық диссертaциясы (2004), К. С. Сарышовaның «Қазaқ тіліндегі эмоцияны бейнелейтін фразеологизмдер» атты кандидаттық диссертaциясы (2006) [4] .

Жоғарыда аталған еңбектерден тіл білімімізде де эмоционалдылықтың жан‑жақты зерттеліну үстінде екенін көреміз.

Эмоцияның тіл арқылы көрініс табуын, тілдік құралдар арқылы берілуін орыс ғалымдары кеңінен зерттеп, аталған бағыт бойынша көптеген зерттеу еңбектері жарық көрген. Алайда, қазақ тіл білімінде де бірқатар зерттеушілеріміз осы мәселе аясында канд. диссертация, оқулық, монографияларды жазған. Мысалы, қазақ тілінде эмоция мәселесі Қ. Жарықбаевтың “Психология”, Ә. Алдамұратовтың “Жалпы психология”, Н. Итбаевтың “Жалпы психология” оқулықтары мен Х. Нұрмұқановтың “Сөз және шеберлік” монографиясында көрініс тапқан.

Соңғы жылдардағы зерттеулерге сүйенсек, халықтың өмір сүру салты, болмысы, табиғаты, рухани құндылықтары тіліміздің түрлі салаларында кездесетінін аңғарамыз. Осыған байланысты тіл біліміндегі кейіннен жазылған ғылыми-зерттеу жұмыстары тілдегі рухты, ұлттық ерекшелікті, мінез-құлықты танытуға бағытталған.

Зерттеу жұмысын жазу барысында адамның басынан түрлі күйдің өтетіндігін, кейде көкірегін қуаныш кернеп, кейде мұңайып, бірде салы суға кететін кездері болатындығын анықтадық. Адамның мұндай кездегі түрлі эмоциялары сөйлеу арқылы сыртқа шығады. Ә. Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» романындағы ержүрек жауынгер, дара тұлға Бауыржан Момышұлының мына бір мәтінде көрініс тапқан көңіл-күйіне назар аударайық:

─ Ол адамдарға пәтер кейінірек беруге ұйғарылған еді. Сіз пәтер сұраған соң сол екеуін қосып, сізге қамқорлық жасайық деген едік . . .

─ Молчать! ─ дейді Бауыржан. ─ Маған мұндай қамқорлықтың керегі жоқ. Жиырма минуттан кейін маған телефон соғып, бұл пәтердің бұрынғы иелеріне берілгендігін хабарлаңыз. Понятно вам?!

─ Түсінікті, түсінікті, жолдас Момышұлы. Тек сіздің берген пәтерден неге бас тартып тұрғаныңыз түсініксіз.

─ Ол солдаттың анасы ғой! Солдаттың анасы деген сөздің мағынасын түсінесіз бе? Солдаттың анасы ─ Россияның анасы! Енді ұғынықты ма сізге?(33-бет)

Бұл үзіндіден Бауыржан Момышұлының өзіне тән қаталдығы оның сөйлеу мәнерінен, интонациясынан көрініп тұрғанын байқауға болады. Сұрақ белгісі, леп белгісі қойылған сөйлемдер адамның эмоциясын жеткізуде маңызды рөл атқарады. Сол эмоцияның әсерінен Бауыржанның көзі ежірейіп, мұрты одан сайын тікірейе түсіп тұр.

Көркем шығармадағы кейіпкер эмоциясы оның басқа кейіпкермен қарым-қатынас жасау барысында көрінетіні анық. Сонымен қатар, адам эмоциясы белгілі бір ситуацияға, басына түскен жайтқа байланысты қалыптасатынын ерекше айтып өтуге болады. Оған дәлел ретінде «Ақиқат пен аңыз » романының бас кейіпкері қолбасшылық қызметін атқарған, жау тылынан талай солдаттарын аман алып қалған Бауыржан Момышұлының дауыс ырғағының жоғары болуы, қатал мінезі, өзіне ұнамаған сәттерде ашуға булығуы, бұйыра сөйлеуі бола алады. Мысалы:

Ол жара арқаңыздың қай тұсында? ─ дедім ойымда бөтен ештеңе жоқ мен, батырлар жырында айтылатын: «Омыртқада он жара, қабырғада қырық жара» дейтін жолдар есіме түсіп.

Бауыржан маған алая бір қарады да, жонын беріп теріс айналып кетті. Үстіндегі кительді жауырынының астындағы көйлекпен қоса, жоғары қарай жұлқи тартып, тез көтерді де:

─ Қара! ─ деп зекіді маған.

Мен оның етіндегі жараның орнын тексерейін деп ойлаған жоқ едім. Ол арқасын жалаңаштай бастағанда не істерімді білмей, бөгеліп қалдым.

─ Қара деймін! ─ деді ол даусын одан сайын қатайта түсіп. Мен амалсыздан оның қоңырқай тәніне көз салып, қолыммен арқасын сипалай бастадым.

─ Мына біреу ме? ─ дедім сегізкөздің тұсындағы титтей тыртықты көріп.

─ Жоғары сырсаңшы көйлекті, адам құсап, ─ деді Бауыржан дегбірсізденіп.

Қолым дірілдеп көйлегін жоғары көтерсем, расында да жауырынынан бір қарыстай төмен, қыр арқасында ақ тыртық бар екен(18-бет) .

Мұнда бас кейіпкердің бойын бір ашу сезімі билеп, екінші кейіпкерге бұйыра, дауыс көтере сөйлеп тұр. Адам біреуге деген сезімін оған қарым-қатынасы арқылы білдіреді. Эмоцияның тууы тікелей сезімге қатысты және оның қысқаша көрінісі болып табылады. Алайда, эмоцияның бір ерекшелігі ол сезім секілді емес, адамға бағынады, адам эмоциясын тежей алады.

Қ. Жарықбаев «Психология» атты еңбегінде сезімге мынадай анықтама береді: «сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі адамда көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік, шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т. б. осындай сезімдер мен эмоциялардың сан алуан түрлері» [5, 192 б. ] . Сонымен қатар, сезім мен эмоцияның аражігін ажыратудың маңызын айта келе, сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктерін жіктеп көрсетеді. 1) қарама-қарсы полярлық сапалықтар. Мысалы, сүйсіну, сүйсінбеу, көңілдену, қажу, шаттық, уайым т. б; 2) сезімдер актив және пассив бөлінуі. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық, достық, айбаттылық т. б жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік т. б сезімдер жатады; 3) жігерлену және кернеуден босану немесе шешілу. Мәселен, адамның мәреге жетуі шешуші кезең болып табылады. Мәреге тақалғанда адам бар күш-жігерін жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден босану (шешілу) сезімі дейді [5, 192 б. ] .

Жоғарыда айтып өткеніміздей, эмоцияға байланысты да түрлі пікір, тұжырымдар жетерлік. Эмоция - латын тілінен аударғанда тітіркендіру, толқу, деген мағынаны білдіреді. Бұл жан-дүниенің сыртқы және ішкі әсерлер салдарынан ызалану, қаһарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Эмоция - адамдар мен жануарлар дүниесінде де көрініс беретін кейіп. Сезім мен эмоцияның адам іс әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық-күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады [6, 51 б. ] .

Эмоция термині жайында И. С. Баженова өзінің «ОБОЗНАЧЕНИЯ ЭМОЦИЙ В ХУДОЖЕСТВЕННОМ ТЕКСТЕ» авторефератында мынадай тұжырым жасайды: «Эмоция, ішкі модификацияны білдіретін күрделі ұғым ретінде адамның күйі және оның қоршаған ортаға қатынасын екі құбылыс арқылы білдіреді: эмоционалды күйлер және эмоционалды реакциялар. «Эмоционалдық жай-күй» белгілі бір жайтқа байланысты адамның сезінген көзге көрінбейтін ішкі, жасырын күйлері, ал эмоцияны сезіну арқылы адамның сезімдерінің сыртқа шығуы "эмоционалды реакциялар" болып табылады» [7, 14 б. ] .

Философия, физиология, психология т. б. ғылымдардың аталған бағыт бойынша зерттеулерін, нәтижелерін тіл өз бойына жинақтай алады. Осыны ескере отырып, адам эмоциясына қатысты лингвистикалық зерттеу жұмыстарын өзге ғылымдармен байланыстыра қарастырған дұрыс деп тауып отырмыз. Адамға тəн жақсы көру, жек көру, жирену, таңдану, жеру, күйіну, сүйсіну, наздану т. б. да сезім, жай-күйлеріне қатысты тілдік бірліктерге лингвистикалық талдау жасағанда оларға тек тілдік тұрғыдан ғана емес, философиялық, физиологиялық, əлеуметтік, психологиялық, педагогикалық тұрғыдан да талдау жасау қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіларалық коммуникация
Газет тақырыптарының және айдарларының зерттелуі
Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы
Қазақ тілді хабарламалардың зерделенуі
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ газеттері
Ағылшын тіліндегі фильмдерді қазақ тіліне аударудың прагматикалық мәселелері
Аударма стратегиясы мен коммуникация аспектісіндегі дипломатиялық дискурс
Қазақ кинематогрфиясының және кинодраматургиясы
Қазақ әндерінің өткені мен бүгіні
Тілдік сана және прагматика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz