Сақтандыру шартын жасаудың тәртібін
Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АӨУ-НІҢ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырып: Сақтандыру шартын құқықтық реттеу
(Курстық жұмыстың атауы)
Білім алушы: Кеңесова Ж.А.
Курс, топ: 3курс, ПК-304
Ғылыми жетекші: Конысов А.Ж.
Ақтөбе қаласы, 2021 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ.
Сақтандырудың пайда болуы мен түсінігі.
Сақтандыру түрлері.
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ.
Сақтандыру шартының түсінігі.
Сақтандыру шартының мазмұны мен нысаны.
Сақтандыру шартының жасалу тәртібі, орындалуы мен қолданылуы.
Сақтандыру шартының күшінде болуы мен жарамсыздығы.
САҚТАНДЫРУ ШАРТЫНДАҒЫ ТӨЛЕМДЕР.
Сақтандыру шартындағы төлемдер және оны жүргізу тәртібі.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда сақтандыру - бұл заматтардың өміріндегі әртүрлі салаларының барынша жиі болатын жағдайлардыңтеріс әсерінен заңды тұлғалар мен азаматтардың мүдделерін қорғау әдістерінің бірі.
Адамдар жиі өрттерден, су тасқыны, әртүрлі жарытылыстар және осылар секілді әртүрлі апатты жағдайлар нәтижесінде өздерінің қозғалмайтын және қозғалатын мүліктерінен айырылып қалғылары келмейд және оларды барынша сақтауға тырысады. Кәсіпкерлер де өзіндік даму жолындағы әріптестерінің сенімсіз болып шығуы, нарықтағы бағалар кенет өзеріске ұшырауы, тағы да сол сияқты кәсіпкерліктегі өзіндік жағдаяттар оры алуы мүмкін. Бұл да сақтандырудың дамуына түрткі болатын жағдайларға жатады. Уақыт өткен сайын мұндай қажеттілітер саны көбеюде, яғни сақтандырудағы қажеттілік одан әрі арта түседі.
Жоғарыда айтылғандардың сенімділігін Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен № 491 27 қараша, 2000 жылы бекітілген, 2000 - 2002 жылдары Қазақстан Республикасында сақтандыруды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын қабылдау фактісі растайды. Бұл бағдарламаның мақсаты ретінде қазіргі заманға сәйкес және тұрақты ұлттық сақтандыру нарығын қалыптастыру белгіленген. Мұндай сақтандыру нарығы мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық субъектілердің мүдделерін қорғаудың шынайы құралы болуы қажет. Осымен қатар тиімді сақтандыру жүйесін құру, мемлекеттік әлеуметтік саясаттың бір құрамасы ретінде де танылуы керек. Бағдарламада атап өтілгендей, сақтандыру саласы адам өмірінң өндірістік және әлеуметтік экономикалық қызметтерінің барлық жағын қамтиды. Сақтандырудың дәстүрлі орын толтыру міндетімен бірге өзге де міндеті қарастырылған. Енді сақтандыру жинақтау - қаражат сақтау міндетін де атқаруы қажет.
Сақтандырудың мәні бір қатар факторлармен анықталады. Ол мемлекет тарапынан қаралған шаралар көлемі мен сипатынан тәуелсіз халық пен ұйымардың әртүрлі мүдделерін қосымша қорғауды ұсынуға мүмкіндік береді. Табиғи және техногендік апаттар әсерлерін жою бойынша шығындардың негізгі ауыртпалығы қазіргі уақытта оның мүмкіншіліктері объективті шектеулі болып келетін мемлекеттік бюджетке түседі. Сақтандыру осы қолайсыздықты жоюы тиіс. Бұдан басқа сақтандыру механизмі пайдалану өндірісте қолданылып жүрген технологияның жетілдірілуіне, кәсіпкерлік қызметтің жедел дамуына мүмкіншілік береді.
Яғни сақтандырудың негізгі мақсаты - адам баласының басына түскен бақытсыз жағдай туындаған кезде азаматтарға материалдық жағынан көмек көрсету болып табылады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде азаматтардың сақтандыру шартына жүйелі түрде қызмет ету механизмі құқықтық қатынастар арқылы реттеліп отырады. Сақтандыру шарты сақтандыру құқық қатынасының пайда болу негізі болып табылатын заңды факт. Шарт болып екі немесе одан көп адамдардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтатылуы танылады. Сақтандыру шарты негізінен ақша құрайтын шарттың түріне жатады. Сақтандыру сыйақысы, сақтандыру төлемдері ақшалай нысанда төленеді.
Сақтандыру шарты мынадай пункттерден тұрады:
Сақтандырушының атауы, орналасқан жері мен реквизиттері.
Сақтанушының тегі, аты, әкесінің аты және тұрған жері немесе оның атауы, орналасқан жері болуға тиіс.
Сақтандыру объектісін көрсету.
Сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемін жүзеге асырудың тәртібі.
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздікке ие болу заңдылығы егемен мемлекет пен оның азаматтарының өміріне тірек болатын құқықтық негізін қайта құрып ғана емес, тіптен мемлекетті басқару, экономика, мәдениет, тәртіпті сақтау, елді қорғау т.б. заңдар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар демократия және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына негізделген құқықтық мемлекеттің азаматтардың құқықтық сауаттылығының кепілдемесі немесе кепілдігі қандай да болмасын қоғамдық өмірдің маңызды жақтарының бірі заң актілерімен жүзеге асырылатын сақтандыру болып табылады. Сақтандырудың түрлеріне, тәртібіне, талаптарына сәйкес заң актілерін Қазақстан Республикасының Парламенті белгілейді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті сақтандыру жүйесінің нормативтік актілерін белгілесе, ал Қазақстан Республикасының Үкіметі осы қабылданған сақтандыру жүйесінің заңды-нормативтік актілерінің жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі қадағалап, бақылап отырады.
Жоғарыда айтылған мәселелерден менің осы тақырыпты таңдау себептері ретінде және Сақтандыру шартын құқықтық реттеу атты тақырыптың өзектілігін көруге болады.
САҚТАНДЫРУ ТҮСІНІГІ.
Сақтандырудың пайда болуы мен түсінігі.
Адам баласы пайда болғаннан бері сақтандыру ұғымы да бірге пайда болған деп айтуға да болады. Себебі, олар сол кезден бастап ақ өздерінің артық тамақтарын жерге көміп отырған, бұл жердегі олардың негізгі ойы алдағы күндерін ойлап тамақсыз аштан өліп қалмау үшін өзін-өзі сақтандырып отырған. Дәл осы алғашқы қауымнан бастап өзін-өзі сақтандырудың негізі пайда болғанын көре аламыз. Сақтандырудың заңды негіздері б.з.д. 3,5 мың жыл бұрын өткен Вавилон патшасы Хамурапидің заңдарында көрініс тапқан, өз елінің керуен басыларын, саяхатшыларын тонаушылардан немесе басқа да кездесетін шығындардан сақтандырып отырған. Одан басқа көне Египетте де діни негізде өзара сақтандыру қорлары құрылған, өздерінің арасынан қайтыс болған адамдардың отбасыларына өз араларынан көмектерін көрсетіп отырған. Дәл осындай қорлар ертедегі Римде "collegіa tenuіrum" деген атпен серіктестік құрылған, серіктестік қатысушылардың арасынан бір кісі қайтыс болса, оның жерлеуіне, отбасына немесе туысқандарына белгілі бір қаржы бөлініп отырған, бұл қаржы серіктестіктегі барлық қатысушылардан үлес ретінде жиналып отырған. Ал қазіргі қоғамда сақтандыру маңызды салалардың біріне айналды, яғни сақтандыру үшін арнайы кәсіби мамандар бөлініп, сақтандыру қорлары мен мекемелері ашылып, олар заңдармен қорғалып және реттеліп отырды.
Сақтандыру - сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жғдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағызаңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады. Сақтандыру белгілі бір мүдделерге келген шығынның орнын толықтыруда маңызды орын алады. Сақтандыру бұл сыртқы немесе ішкі факторлар әсерінен адамға немесе мекемеге келетін залалдардан қорғау болып табылады. Сақтандыру экономикалық категория ретінде белгілі бір шаруашылық іс қималдарының нәтижесінд, арнайы мекеменің басқаруындағы, қаржының жинақталуы мен оның жұмсалуын қамтамасыз ету, сол мекеменің құрылуыа мүдделі мекемелер мен азаматтардың өзгеше бір жағдайлар туындағанда мүлікті және басқа да шығындардың орнын толтырылуын реттеп отыру. Мұндай мекемелерді құру мен оған қаржы аудару адам өмір сүру процесінде табиғатқа және қоршаған ортаға келетін қауіп-қатерлерден, яғни су тасқыны, жер сілкінуі тағы да сол сияқты табиғаттағы орын алатын апаттардан келеті зияндардың орнын толтыру үшін қажет болып отырған. Сақтандыру қандай да бір мүліктік шығындардың орнын толықтай және тез қайтарудың тиімді тәсілі болып табылады. Сақтандыру аясында кенеттен келетін оқиғалардың зардабы мен күресу, одан келген шығындарды толықтай қайтару және оны есепеу заңда белгіленген мөлшерде жүргізіледі.
Сақтандыру қызметі - Қазақстан Республикасы заң талаптарына сәйкес мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі.
Сақтандыру жағдайы - сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы - табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретіне өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қаратырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне иемденуі қажет. Сақтадыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын ласа мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды.
Сақтандырудың түрлері.
Заңда сақтандыру нысанының түсінігі деқарастырылған. Ол сақтандыру түрлері деген бұрын күшінде болған заңнаманың түсінігіне сәйкес келеді. Сақтандыруды нысандарға бөлу әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі. Қазақстан Республикасының заң актілері бойынша мынадай түрлерге:
1) міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;
2) объекті бойынша: жеке және мүліктік;
Міндеттілік дәрежесіне қарай сақтандыру ерікті және міндетті бөлінеді.
Кейінгі жылдары міндетті сақтандыру кеңінен қолданылады.Міндетті сақтандыру азаматтық құқықтық жауапкершілігі, нотариустардың және кейбір өзге субъектілердің азаматтық құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыруға жатады. Қазақстан Республикаысндағы банктер және банк қызметі туралы Қазақстан Республикасы Заңының 52-бабына сәйкес, банктердегі салымдарды ұжымдық сақтандыру жүзеге асады.
Міндетті сақтандырудың түрлері, тәртібі мен талаптары зң актілерімен белгіленеді. Өз өмірін немесе десаулығын сақтандыру міндетін азаматқа заң актілерімен д, шартпен де жүктеуге болмайды. Сонымен қатар, өмірді және денаулықты сақтандыру жағдайларында міндетті сақтандыру сақтандыру қатынастарында сақтанушының міндетті қатысуын талап етеді. Міндетті сақтандыру кезінде сақтанушы сақтандырудың ос түрін реттейтін заң актілерінде жазылған талаптар бойынша сақтандырушымен шарт жасауға міндетті. Міндеттілік негізінен сақтандыру объектілеріне, сақтандыру жағдайларының тізіміне бір немесе басқа жағдайларда тиесілі сақтандыру төлемнің көлеміне қатысты болып келеді. Сақтандыру төлемдерінің мөлшері өз кезегінде сақтанушының сақтандыру сыйақыларын төлеу міндетіне әсер етеді. Заң актілеріне сәйкес пайдасына міндетті сақтандыру жүзеге асырылуы тиіс болған адам, егер оған оның сақтандырылмағандығы белгілі болса, осы міндет жүктелген тұлғадан өзінің сақтандырылуын сот тәртібінде талап етуге құқылы.
Ерікті сақтандырудың міндетті сақтандырудан айырмашылығы, ол толығымен тараптардың еркін білдіруіне негізделеді. Ерікті сақтандыруыдң түрлері, шарттары мен тәртібі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Объекті бойынша жеке және мүліктік болып бөлінеді. Азаматтың өмірін, денсаулығын, еңбекке қабілеттілігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін сақтандыру жеке сақтадыруға жатады. Жеке сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа адам сақтандырылған болуы мүмкін.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер мен азаматтық құқықтық жауапершілікті қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады. Мүлікті сақтадыру кезінде мүліктің жоғалуы (жойылуы), жетіспеуі немесе бүлінуі және заңда көзделген өзге де мүлітік құқықтар сақатндырылады. Сақтанушының немесе пайда алушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын кәсіпкердің шарттары бойынша әріптестерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болуы мүмкін залалдардың тәуекелі немесе кәсіпкерден тәуелсіз жағдайлардан осы қызмет шарттарынң өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Мүлікті сақтандырудан айырмашылығы сақтандырудың бұл класында тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру арты немесе өзге тұлғаның пайдасына жасалған шарт жарамсыз болуы мүмкін.
Жеке өзін қос (көпше) сақтандыру кезінде әрбір сақтандырушы өзінің сақтанушы алдындағы сақтандыру міндеттемелерін, оларды басқа сақтандырушылардың орындағанына қарамастан, өз бетінше атқарады.
Келесі сақтандырудың күрделі түріне топтық сақтандыру жатады. Топтық сақтандыру кезінде бір сақтандыру шартымен бір мезгілде өздері пайда алушы болып табылатын бірнеше сақтандырылған адамдар қамтиды. Мысалы: тұтынушы кооператив саяжай құрылысын, кооператив мүшелерінің саяжайларын өрттен және басқада төтенше жағдайлардан сақтандырады. Бұл жерде сақтанушы ретінде кооператив танылады және ол өз атынан сақтандырушымен шартқа отырады және сақтандыру төлемдерін төлейді. Сақтандыру объектісі болып кооператив мүшелерінің саяжай учаскілері кіреді. Әрбір кооператив мүшелерінің жеке мүлкі есебінде саяжай учаскелері сақтандырылады. Егерде саяжай құрылысына сақтандыру жағдайы туындап сақтандырушы сақтандыру төлемдерін төлеген жағдайда кооператив мүшелері пайда алушылар болып есептеледі.
Топтық сақтандыру адамдардың белгілі бір санаттарын қамтитын жеке де, мүліктік те, дербестендірілген де, иесіздендірілген де болуы мүмкін. Иесіздендірілген сақтандыру кезінде сақтандырылған адамдар тобы сақтандыру шартында бұл оның әрбір сақтандырылған адамға қатысты зардабын және оған тиесілі сақтандыру төлемінің мөлшерін дараландыру үшін қажетті шамада нақтылануға тиіс.
Топтық сақтандырудың көп тараған түріне адам өмірін ұжымдық сақтандыру, яғни бұл жерде сақтанушы болып әкімшілік (жұмыс беруші) немесе кәсіподақ ұйымы танылады, ал сақтандырылған адам есебінде мекеме қызметкерлері немесе мекеме жұмысшылары жатады.
Қазіргі кезде мемлекеттік қызметкерлердің белгілі бір топтары атқаратын қызметтерінің қауіптілігіне байланысты сақтандырылады. Мысалға: әскери қызметкерлер, ішкі істер органдарының қызметкерлері, соттар, прокурорлар. Топтық сақтандырудың тағы бір түріне жанұялық сақтандыру жатады. Жанұялық сақтандыру бұл бір уақытта сақтанушы және сақтандырылған адам болып жанұя мүшелері танылатын жеке сақтандыру. Бұл жерде сақтанушылар қайтыс болу жағдайын және денсаулығын сақтандырады. Топтық сақтандырудың тағы бір түріне қоғамдық өзара сақтандыру жатады және оның әрбір қатысушылары бір мезгілде сақтанушы да, сақтандырушыда да бола алады.
Сақтандырудың аралас түріне ортақ сақтандыру жатады. Сақтандыру объектісі бірнеше сақтандырушы (ортақ сақтандыру) бірлескен бір шарт бойынша сақтандырылуы мүмкін. Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының келісілген үлестердегі құқықтары мен міндеттерін айқындайтын талаптары болуы тиіс. Мысалға: жеке меншік үй иесі өз үйін өрт қауіпсіздігінен сақтандыру үшін бір уақытта үш сақтандырушымен шарт жасасқан.
Ортақ сақтандыру бұл сақтанушының мүддесін қорғауды жақсартуды көздейді. Бір сақтандырушының қолынан келмегенін олар қосыла отырып атқарады. Ортақ сақтандыру сақтандырушылар арасындағы сақтандыру жүйесін дамуын және Қазақстанда сақтандыру қатынасын жетілдіру мен сақтанушылардың мүдделерін қорғауға және дамытуға негізделген [3].
Тағы бір сақтандырудың күрделі түріне қайта сақтандыру жатады. Қайта сақтандыру сақтандырушының қаржылық жағдайын қамтамасыз етумен қатар оның сақтандыру төлемдерін төлеуіне кепілдік береді. Сақтандырушы өзі шартпен қабылдаған сақтандыру тәуекелін екінші сақтандырушыға өткізген кезде, ол қайта сақтанушы болып табылады. Ал осы тәуекелді қабылдаған сақтандырушы қайта сақтандырушы болып табылады. Өз кезегінде қайта сақтандырушы өзі қабылдаған сақтандыру тәуекелін басқа бір сақтандырушыға өткізе алады. Мұндай операция ретроцессия деген атауға ие. Сақтандырушы өз тәуекелін ретроцессияға берген жағдайда ол ретроцессионер деп аталады. Қайта сақтандыру талаптары қайта сақтанушының және қайта сақтандырушының шартымен айқындалады. Қайта сақтандыруды ұйымдастыру үшін қайта сақтандырушылар бірлескен қызмет туралы шарттың негізінде жай серіктестікке біріге алады. Екі немесе бірнеше қайта сақтандыру шарттарын біртіндеп жасауға жол беріледі. Қазақстан Республикасының аумағында қайта сақтандыруды жүзеге асыру жөніндегі қызмет "Сақтандыру қызметі туралы" заңында көзделген тәртіппен лицензиялануға тиіс.
2. САҚТАНДЫРУ ШАРТЫ.
2.1. Сақтандыру шартының түсінігі.
Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы заңның барлық талаптарының және оның қызметін бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтаныдру қызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі.
Сақтандыру ережелері сақтадырушымен сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады жәе сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үші лицензияны беру құқығы өкілетті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтадыру ережелеріндегі жағдайлар алынуы тиіс. Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек:
Сақтандыру объектілерінің тізімін;
Сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін;
Сақтандыру тәуекелдерді;
Сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар;
Сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі және орнын;
Сақтандыру шартын жасаудың тәртібін;
Тараптардың құқықтары мен міндеттерін;
Сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді;
Сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;
Сақтандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін;
Сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабылдау мерзімін;
Сақтандыру шарты жағдайларының тоқтатылуы;
Дауларды шешудің тәртібін;
Сақтандыру тарифтерін және оларды экоомикалық негіздеу;
Ерекше жағдайлар.
Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақтандырудың әдет ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айтуға болады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 825-бабының 4-тармағының мазмұны осыны дәлелдейді. Келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушының арасында қосымша жағдайларды ескеретін сақтандыру шарты жасалуы мүмкін. Қосымша жағдайлар үш еседен көп қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді өзгертуге міндетті.Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжірибесінің бөлігі ретінде қарастырылады.
Сақтандыру шартының сипаттамасы заңнамаға сәйкес консенсуалды болып қаралады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 827-бабына сәйкес сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлық ақысын төлеген кезен бастап, ал оны бөліп төлеу қарастырылса бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Осыларды қарастырсақ іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шарты реалды болып келетіні түсінікті. Сақтандыру шартына консенсуалдық мінез тараптардың келісімімен немесе жеке заң актілерімен берілі мүмкін.
Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аударып қарасақ көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлық ақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төлеуін талап етуге құқылы. Өз кезегінде сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемін жасау бойынша міндеті орындалуын талап ете алады.
Сақтандыру шарты - ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына мүліктік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық ақылары түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немесе пайда табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтынына қарамастан сақтала береді. Оның орнатылуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың ниетімен қамтылады.
2.2. Сақтандыру шартының мазмұны мен нысаны.
Сақтандыру шартының мазмұны тараптардың құқытары мен міндеттерінен тұрады. Сақтандыру сомасы шегінде сақтандыру жағдайынан келетін шығынның мөлшерінде сақтандыру төлемін сақтанушы алуға құқылы. Сонымен қатар, сақтанушы сақтандыру шартының талаптарын, сақтандыру сомасын, жауаптылық көлемін өзгертуге құқылы.
Сақтанушы сақтандыру шартын кез-келген уақытта бұзуға құқылы. Сақтанушының міндеттері:
шарт жасау кезінде сақтанушы сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталу ықтималдығын және оның басталуынан (сақтандыру тәуекелінен) туындауы мүмкін залалдардың мөлшерін айқындау үшін елеулі мәні бар өзіне белгілі жағдайларды, егер бұл жағдайлар сақтандырушыға белгісіз болса және белгісіз болуға тиісті болса, хабарлауға;
сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру сыйақысын төлеуге;
сақтандыру тәуекелінің жай - күйі туралы сақтандырушыны хабардар ету;
сақтандырушыға сақтандыру жағдайының басталғандығы туралы хабарлау;
сақтандыру жағдайынан туындайтын залалдарды болдырмау үшін қисынды және қолдан келетін шаралар, оның ішінде сақтандырылған мүлікті құтқару шараларын қолдануға;
сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушыға барлық қажетті құжаттар мен айғақтар беруге және оған талап қою құқықтарын жүзеге асыру үшін барлық мәліметтерді хабарлауға;
сақтандыру объектісін қарап тексеру үшін сақтандырушыға көмектесуге міндетті.
Сонымен сақтандырушының құқықтарына келетін болсақ сақтандырушы мүліктік сақтандыру шартын жасаған кезде сақтандырылатын мүлікті қарап тексеруге, ал қажет болған жағдайда оның нақты құнын белгілеу мақсаты мен сараптама тағайындауға құқылы.
Жеке сақтандыру шартын жасау кезінде сақтандырушы оның нақты денсаулық жағдайына баға беру үшін сақтандырылатын адамға тексеру жүргізуге құқылы.
Сақтандыру тәуекелін арттыруға әкеп соғатын мән - жайлар туралы хабардар етілген сақтандырушы, шарттың талаптарын өзгеруді немесе тәуекелдің артуымен мөлшерлес қосымша сақтандыру сыйақысын төлеуді талап етуге құқылы.
Сақтанушы немесе сақтандырылған адам шартта көрсетілген міндеттерді орындамаған жағдайда сақтандырушы шартты бұзуды және шартты бұзудан болған залалардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Мына жағдайларда сақтандырушы сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға құқылы:
сақтанушының сақтандырушыға, сақтандыру объектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру жағдайы және оның зардаптары туралы көрінеу жалған мәліметтер хабарлау;
сақтанушының сақтандыру жағдайларынан болған залалдарды азайту жөніндегі шараларды қасақана қолданбауы;
сақтанушының залалдар келтіруге кінәлі тұлғадан мүліктік сақтандыру бойынша залалдарға тиісті өтем алуы;
сақтандырушының сақтандыру жағдайы басталуының мән-жайын тексеруде және одан келген залалдардың мөлшерін белгілеуде сақтандырушыға кедергі жасауы;
сақтандыру жағдайының басталуы туралы сақтандырушыға хабарламау;
сақтанушының сақтандыру жағдайының басталғандығы үшін жауапты адамға талап қою құқықтарынан бас тартуы, сондай-ақ сақтандырушыға талап ету құқығын өткізу үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартуы.
Егер сақтандару өтемі ендігі төленіп қойған болса, сақтандырушы оның толық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы.
Сақтандырушының міндеттеріне келетін болсақ сақтандырушы:
1) сақтаныру жағдайы басталған кезде сақтандыру шартында немесе заң актілерінде белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімдерде сақтандыру төлемін жүргізуге;
2) сақтанушыны сақтандыру ережелерімен таныстыруға;
3) сақтанушыға сақтандыру жағдайы кезінде олардың залалдарды азайту үшін жұмсаған шығындарын өтеуге;
4) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге міндетті.
Сақтандыру құпиясына сақтандыру сомасының, сатып алу сомасының мөлшерлері туралы және төленген сақтандыру сыйақылары, сақтандыру (қайта сақтандыру) шартының сақтанушының, сақтандырылған адамның немесе пайда алушының жеке басына қатысты өзге де талаптары туралы мәліметтер жатады.
Сақтандырушыға сақтандыру төлемін төлеу туралы талап келіп түскеннен кейін мына мән-жайларды анықтауға міндетті:
сақтандыру объектісін қарау кезінде өзінің экспертін қатыстыруы керек;
сақтанушының қатысуымен сақтандыру жағдайы туралы акт жасауы керек;
келген шығынды анықтауы керек;
барлық керекті құжаттар мен мәліметтер алғаннан кейін 72 - сағат ішінде сақтандыру төлемін төлеуі керек.
Сақтандыру шартының нысаны (форма) ұлкен маңызға ие. Мәмілелер және шарттар ауызша және жазбаша (жай және нотариалдық жолмен куәландырылған) нысанда жасалады.
Сақтандыру шарты жазбаша нысанда жасалуы керек. Сақтандыру шарты жазбаша нысанда:
тараптар бір құжат жасауы;
сақтанушы біржақты тәртіпте (бірігу шарты) сақтандырушы әзірлеген үлгілік шарттарға (сақтандыру ережелеріне) қосу;
сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру куәлігін (полисін, сертификатын және т.б.) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz