Проблемалық оқытудың теориясы
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің
Жоғары колледжі
Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Педагогика
Тақырыбы: Проблемалық оқыту және оның ерекшеліктері
Орындаған: А.С. Нарекова
Тобы:ШМ-405
Жетекшісі: Н.Е. Ауезханова
Ақтөбе 2020 ж
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-5
І тарау. Оқытудың жаңа технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1. Оқытудың жаңа технологиясы түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6-10
ІІ тарау. Проблемалық оқытудың теориясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2.1.Проблемалық оқытудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .11-12
2.2.Проблемалық оқыту туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13-14
2.3. Проблемалық оқытудың негізгі ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..15-20
2.4.Проблемалық оқыту технологиясын сабақта қолдану ... ... ... ... ... ... ..21 -25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Кіріспе
Қазіргі заман талабы - оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі - ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.
Бүгінгі күннің басты талабы еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда кәсіптік білім берудің беделі артып отыр. Осы мақсатта 2008 жылы Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді. Оның мақсаты - техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қайта ұйымдастыру, бәсекеге қабілетті дағдылары бар және білім алуды жалғастыру үшін жеткілікті әлеуеті бар экономика салалары мен жұмыс берушілерді техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті мамандарымен қамтамасыз ету. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдері іздестірілуде.Оқытудың ақпараттық технологиясы - бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).Оқытудың ақпараттық технологиясы - білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушыларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру болып табылады. Төмендегі қасиеттер білім жүйесінің өзіндік ерекшелігі болып саналады.
· Тұтынушының қолдану сапасында;
· Нәтижесінде әр түрлі салаларда қолданылатын, ақпараттық технологияларды жасаушы сапасында.
Өзектілігі - қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Ақпараттық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде қолдану оқушының өз мамандығына қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда үлесі мол. Қазіргі кезде қоғамның ақпараттық сипатқа ие болуы негізінде ғаламдық ақпараттық үдерістерге ілесуінің мәні өте зор болып отыр. Соған орай, ақпараттандырудың ықпалымен қазіргі қоғамдағы адам әрекеттерінің, сонымен қатар, педагогикалық іс-әрекеттердің барлық аймақтарындағы ақпараттық білімдерді пайдалану арқылы болашақ қоғам құрылымы да нарықтық экономика жағдайына байланысты дамуда. Қоғамды ақпараттандырудың басты мақсаты - білім беру саласы арқылы ақпараттық үдерістерді, құбылыстарды, олардың арасындағы өзара байланыстарды модельдеу негізінде қабылданған шешімдердің нәтижелерін талдау және болжау, оқу мен практикалық міндеттерді шешудің стратегиясын жасау, мамандардың кәсіптік біліктілігін қалыптастыру, олардың жеке және альтернативті ойлау қабілеттерін дамыту, қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланудың теориясы мен практикасын тереңірек меңгеру. Қазіргі уақытта іс-әрекетте жоғары сапаға жетуді, өз бетінше негізделген және ықпалды шешім қабылдай алуды ақпараттық технологияларды қолдану әдістерін меңгермей жүзеге асыру мүмкін емес.
Зерттеудің объектісі - бастауыш кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану үрдісі.
Зерттеудің мақсаты - ақпараттық технологияларды пайдаланып, кәсіптік мектеп оқушыларының білімдерін кеңейту .
Зерттеудің міндеттері:
- білім беруді ақпараттандырудың тұжырымдамалық негіздерін зерделеу;
- жаңа ақпараттық технологияларға салыстырмалы талдау жасау арқылы оқытудың ақпараттық технологиясының мүмкіндіктерін айқындау;
- оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын технология пәніне оқытуға қолданудың әдістемелік жүйесін жасақтау.
Зерттеу болжамы - егер,оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы кәсіптік мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасасақ,онда ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналылыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелей аламыз.
Қорғалатын жағдайлар - оқытудағы ақпараттық технологияларды пайдалану жолдары.
Жаңашылдығы - кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру қазіргі заман талабына сай ақпараттық технологияларды, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
1.Оқытудың негізгі түрлері
1.1. Оқытудың жаңа технологиясы түрлері
Оқыту теориясы мен тәжірибесі дамуының жалпы заңдылықтарының бірі-дидактикалық жүйелердің бірізділігі, сабақтастығы. Әрбір жаңа жүйе дәстүрлі жүйелердің күшті қасиеттерін, идеяларын, тәжірибесін өзіне сіңіріп алады.
Дидактика тарихында оқытудың үш түрі қалыптасқан: түсіндірмелі-иллюстрациялы (дәстүрлі), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлік).
Проблемалық оқыту.Заманауи білімдендірудің мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екені даусыз. Шығармашылық дегеніміз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа білім, жаңа проблема, жаңа әдіс) ашу. Осыған орай, проблемалық оқытудың өзі де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу мәселені бейқалыпты әдістермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрінің мәні: мұғалім жаңа білімді дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды шешудің жолдары мен тәсілдерін іздеуге бейімдейді.
Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезінде бұған өз үлесін қосқан педагог-ғалымдар: Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтің дәлелдеуінше, "жаман ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны іздеп табуды үйретеді".
Проблемалық оқытуды ойдағыдай іске асыру үшін шәкірттерге ұсынатын проблемалық сұрақтар жүйесін жасап шығу қажет. Ескеретін жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейді. Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы міндетті түрде өзі іздеуі шарт. Ол сұрақ баланың сана-сезімінде қиындық туғызуы қажет. Оқушы іштей түйсінген ойлау қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бір жағынан, қиын болуы, екінші жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек. Осындай проблемалық жағдаят туғызу, проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңі.
Келесі кезеңінде бала іштей өз білімін талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткіліксіз екенін анықтайды да ізденіс жолына белсенділікпен түседі. Үшінші кезеңде ол сұрақтың жауабын дұрыс шеше білу амалдарын, жаңа білімді меңгереді. "Мен білдім!" деген қуанышты жағдайға жетеді. Кейінгі кезеңдерде дұрыс жауапты тексереді, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған білім мен білікті қорытындылайды, жинақтайды.
Мұғалім проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пікір қайшылқтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелігі: оқушыға дайын білім берілмей, одан проблемаларды ізденіс арқылы шешу талап етіледі.
Проблемалық оқытудың күшті жақтары:
- Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттырады;
- Оқу еңбегіне қызығушылығын арттырады;
- Оларды өздігінен саналы жұмыс істеуге үйретеді;
- Берік білімге, оқытудың жоғары нәтижесіне жеткізеді.
Проблемалық оқытудың кемшіліктері:
- Оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқаруға әлсіз ықпал ету;
- Мақсатқа жету үшін көп уақыт жұмсау.
Қазіргі мектептерде түсіндірмелі және проблемалық оқыту түрлері бірге қатар қолданылады. Білім беру - оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз үдерісі. Белгілі балалар психологы Д.Б.Эльконин дәлелдегендей, 3-10 жас аралығындағы балалар біріккен мәдени - білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүру керек. Яғни бұдан шығатын қорытынды - бұл сабақтастықтың яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С.Выготскийдің негізі бойынша Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Оқу-тәрбиесінде мынадай өзекті яғни актуальды жерлерінде проблемалар бар: 1. Оқушылардың өз бетінше ойланып, әрекет етулері жеткіліксіз.Бір оқу міндетін басқа түрлі жолдармен өзгертіп, шеше білу қабілеттері, сонымен қатар алынған білім-білік дағдыларын қазіргі өмір мен ғылым,техника жаңалықтарымен байланыстырып, салыстырып, зерттеп өз болжамдарын жасау қабілеттері әлі де төмен деңгейде.
Ал мұның себебі қайда жатыр және бұл проблемаларды шешу үшін, білім үрдісінде инновациялық технологияларды оқып үйреніп өз іс-әрекетімде енгізу қажет деп ойлаймын.Білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәрбиеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Проблемалық оқытудың мақсаты - ғылыми таным нәтижелерін, білімдер жүйесін ғана меңгеріп қоймай, сонымен бірге бұл нәтижелерге жету жолының өзіне де, процесінде меңгеру, оқушының таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Проблемалық оқыту - ойлау операциялары логикасы талдау, қорытындылау және т.б оқушылардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын проблемалық ситуация, танымдық қызығушылығының, қажетсінуінің және т.басқасын ескере отырып оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдердің қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.
Проблемалық оқыту шығармашылық жұмыстарды жүргізудің ең өнімді жолы болып табылады.Проблемалық оқытуда оқушылар бейтаныс, белгілі емес мәселелерді өз беттерінше шешуге жұмсайды.
Проблемалық оқыту арқылы өнімді, тиімді нәтижеге қол жеткізу үшін мұғалім тарапынан проблеманы дәл, нақты қоя білудің де маңызы зор.Оқушылар проблеманы шешуде қиындыққа кезіксе, мұғалім оларды жетелеп, әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап егетін есептердің, тапсырмаларын, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әртүрлілігін түсінуге болады.
Проблемалық оқытудың ерекшелігі - мұнда мұғалім білімді дайын түрде баяндап бермейді, оқушылардың алдына проблемалық міндет қояды. Шешімді және шешу құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс.
Проблемалық оқыту - оқытудың әдіс - тәсілдерін қолдана отырып білімді шығармашылық тұрғыдан меңгеруге негізделген дидактикалық жүйе.
Проблемалық оқытудың негізгі психологиялық және педагогикалық мақсаттары:
Оқушылардың шығармашылық ойлау қабілеттері мен дағдыларын дамыту;
Оқушылардың белсенді ізденіс нәтижесінде игерген білімдері мен дағдылары дәстүрлі оқыту әдістеріне қарағанда есте тез және берік сақталады;
Түрлі проблемаларды көріп, қойып, шеше білетін белсенді оқушы тұлғасын қалыптастыру; Кез-келген нақты қызмет саласында өз ерекшелігі болатын кәсіби проблемалық ойлау жүйесін қалыптастыру және дамыту.
Проблемалық оқыту технологиясының мақсаттары:
Оқу материалдарында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
Білімге қасиеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгеру; Оқудың бала өміріндегі еңбегімен байланыстылығы;
Оқушының өз бетімен ізденуге үйрету олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту;
Оқушының белсенділігін арттыру.
Проблемалық жағдайды құрудың әдістемелік тәсілдері төмендегідей:
oo Мұғалім оқушыларды қарама-қайшылық жағдайына әкеліп, одан шығудың жолдарын өздеріне қалдырады;
oo Біркелкі сүраққа әртүрлі пікірлерді жинақтайды;
oo Сыныпқа берілген жағдайды әртүрлі позициядан қарастыруды ұсынады;
oo Нақты сұрақтар қояды;
oo Проблемалық теориялық және практикалық міндеттерді анықтайды;
oo Проблемалық міндеттерді қояды.
Проблемалық жағдайдың құрылуы және оның оқу проблемасына ауысуы, проблемалық міндеттердің құрастырылуы:
oo Проблемалық оқытудың бастапқы кезеңдері ғана, әрі қарай оқушылар оқытушының бағыттауымен келесі шығармашылықпен ойлау операцияларын шешуге тиіс;
oo Проблеманы шешетіндей варианттарды ұсынып, болжамдарын айту;
oo Болжамдары теориялы және тәжірибелік тұрғыдан тексеру;
oo Қорытынды жасау;
oo Шешілген проблеманың дұрысытығын тексеру.
Проблема қойып оқытудың нәтижелі болуының 4 негізгі шарты бар:
oo Проблеманың мазмұнына қызығушылық тудыра алатындай жеткілікті мотивациямен қамтамасыз ету;
oo Әрбір этапта туындап отыратын проблемалардың шама жетерліктей болуы (белгілі мен белгісіздің тепе-теңдік қарым-қатынасы);
oo Шешілетін проблеманың оқушы үшін маңыздылығы;
oo Педагогтың оқушымен диологының өзара түсіністік пен сыйластыққа құрылу.
Проблемалық оқытудағы оқушының шығармашылық іс-әрекетін бұлай тұжырымдауға болады:
1. Оқу материалының мазмұнын талдау, саралау.
2. Проблеманы ашу, өнім жасаушы шығармашылық еңбекке қол жеткізу.
3. Қорытынды жасау, өзіне-өзі баға беру, саралау.
Проблемалық оқытуға негізделген тапсырмалардың қай түрі болмасын, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін талап етеді, ол тапсырмалардың барлығы - оқушылардың шығармашылық қабілетін дарынын дамытуға бағытталады.
Проблемалық оқыту технологиясы дұрыс іздене білгенде, ол тіл дамытуда өнімді нәтижелі қорытынды береді.
ІІ тарау. Проблемалық оқытудың теориясы
2.1.Проблемалық оқытудың теориялық негіздері
Экономикалық, саяси, әлеументтік, мәдени, ғылыми тұрғыда даму жолына түскен Қазақстанның болашағы өскелең ұрпақтың білім мен ғылымды қатар меңгеруіне байланысты. Азаматтардың, соның ішінде, жастардың интеллектуалды потенциалының деңгейі - еліміздің экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуының ең маңызды факторларының бірі. Сондықтан қазіргі білім беру мекемелерінің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі білім алушылардың ғылыми ойлау дәрежесін барынша шығармашылықпен, ғылыми жұмыстармен байланыстыра отырып дамыту болып отыр. Ол әрине жоғары білім сапасымен тікелей байланысты. Жоғары білім беру жүйесінің ең басты міндеттерінің бірі - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке тұлғаны қалыптастыру және оның ғылыми-зерттеу даярлығын жетілдіру. Осыған орай білім берудің жаңа парадигмасы қалыптасты. Жоғары білім берудің жаңа парадигмасына сәйкес студенттің ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізуіне үлкен көңіл бөлініп, барлық білім беру үрдісі жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталып отыр.
Студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін тиімді ұйымдастырып, ғылыми-ізденушілік жұмыстарға бағыт беретін жаңа оқыту технологиясының бірі - проблемалық оқыту технологиясы.
Проблемалық оқыту тарихы зерттеу әдісінің пайда болуымен тығыз байланысты болды да, оны жан-жақты зерттеу 60 жылдардан басталды. Проблемалық оқыту идеясы мен принциптері психолог ғалымдар С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Богоявленский, Н.А.Менчинская, А.М.Матюшкин еңбектерінде көрініс тапса, мектеп оқу үрдісінде қолдану мәселесі М.А.Данилов, М.Н.Скаткин сияқты әдіскерлердің еңбектерінде қарастырылды. Проблемалық оқыту мәселесімен Т.В.Кудрявцев, Д.В.Вилькеев, Ю.К.Бабанский, М.И.Махмутов, И.Я.Лернер сияқты ғалымдар да айналысты. Қазіргі кезеңде де бұл мәселені басқа да педагогика ғылымы өкілдері қарастыруда.
Проблемалық оқыту технологиясына көптеген ғалымдар әр түрлі анықтама береді. В.Оконь проблемалық оқыту Проблемалық жағдай тудыру, проблема көтеру, қойылған мәселелерді шешуде оқушыларға қажетті көмек көрсету, ол шешімдердің дұрыстығын оқушылардың дәлелдеуі, оқушылардың меңгерген білімдерін жүйелендіру және бекіту үрдісіне басшылық жасау сияқты іс-әрекеттердің жиынтығы деп есептесе [1], Д.В.Вилькеев ғылыми ізденуге негізделген оқыту проблемалық оқыту бола алады деп есептейді. Ғалым И.Я.Лернер проблемалық оқытуды қарастыра отырып, проблемалық оқытудың маңызы Оқушы оқытушы жетекшілігімен жаңа танымдық және тәжірибелік мәселелердің шешімін табуға қатысыуында,- деген ой түйіндейді. В.Кудрявцев бойынша, проблемалық оқыту дегеніміз теориялық зерттеулер нәтижесін тәжірибеде қолдану және талдау. Мұндай пікірді М.И.Махмутов, Ю.К.Бабанский сияқты ғалымдар да қолдады. Мысалы М.И.Махмутов Проблемное обучение. Основные вопросы теорий деген еңбегінде проблемалық оқытуға мынандай анықтама береді: Проблемалық оқыту оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға бағытталады және ол оқыту арқылы іске асырылады [3]. Бұдан проблемалық оқыту оқушылардың ой-санасының белсенді жұмыс атқаруы нәтижесінде және оладың ой-өрісін өз бетінше шығармашылық жолмен дамыту нәтижесінде жүзеге асады деген қорытынды жасауға болады. Проблемалық оқыту оқушы ой-санасын белсендіретін ең тиімді әдістердің бірі болып табылады. Проблемалық оқыту нәтижесінде туындайтын белсенділіктің мәні оқушы берілген материал негізінде өз бетімен жаңа ақпараттар тауып, оны талдап және іс жүзінде, яғни тәжірибеде қолдана алуымен айқындалады. Басқаша айтқанда, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан, меңгерген білімдерін пайдалану арқылы білімді одан әрі жетілдіру, тереңдету және дамыту болып табылады. Оқушыға бұрыннан игерген білімдерін жаңа проблемалық жағдайды шешуде қалай пайдалану керектігін оқытушы да көрсетіп бере алмайды, кітаптан да ала алмайды. Ол тек оқушының өзіндік іс-әрекеті арқылы ғана іске асатын үрдіс. Жаңа проблемалық жағдайды шешу үшін оқушы өзі ізденеді, зерттейді, анықтайды, жаңа мәселелердің түйінін шешеді.
Кез келген ізденіс, зерттеу жұмысы кезінде проблема туындай бермейді. Мысалы, оқушы оқытушының берген тапсырмасын өз бетімен орындауы, сол сияқты ғылыми зерттеу жұмыстарына белсене қатысып, оған материал сұрыптауы да мүмкін. Бірақ ол одан ешқандай мәселелер түйінін шешпейді. Бұл да оқытудың белсенді түрі болады, өйткені оқытушы берген білімді оқушылар қабылдап және оны өмірде іске асырады. Ол проблемалық оқыту белсенділігі бола алмайды. Проблемалық оқыту белсенділігі оқушылардың өз бетінше шығармашылық жолмен ой-өрістерін дамыту, білімдерін жетілдіру болып табылады. Оқушылардың ой-өрісін шығармашылық жолмен белсендіру танымдық қызығушылықты қалыптастыратын проблемалық жағдайлардың туындауымен байланысты. Проблемалық жағдай дегеніміз - өзіне күрделі әрі қиын қандай да бір тапсырмаларды шешуге қажетті мәліметтерді оқушының өзінің іздеп табуы. М.А.Матюшкин сөзімен алсақ, проблемалық жағдай дегеніміз особый вид умственного взаимодействия объекта и субъекта, характеризующийся таким психическим состоянием субъекта (учащегося) при решении им задач, который требует обнаружения
Проблемалық жағдай туғызуда мынадай ережеге сүйену керек:
2.2.Проблемалық оқыту туралы ұғым
1 Проблемалық сұрақтарды оқушылардың білмеуі;
2 Проблемалық сұрақтарды шешуде оқушылардың бұрынғы қалыптасқан білімін пайдалану, ол жетіспеген жағдайда жаңа ұғымдарды іздестіру.
П.И.Пидкасистый проблемалық жағдай туғызу мен оны шешудің 5 кезеңін былай деп көрсетеді:
1 Проблемалық жағдай туғызу.
2 Проблеманы шешу жолдарын іздестіру және оған өз ой тұжырымын беру.
3 Қиындық тудырған мәселеге талдау жасау, себебін іздестіру және оны шешудің ғылыми болжамын беру.
4 Білімін жетілдіру арқылы берген ғылыми болжамын дәлелдеу.
5 Проблемалық жағдайды толық шешу, оған көз жеткізу .
Зерттеу нәтижесі проблемалық жағдай мынандай жағдайларда туындауы мүмкін екендігін көрсетті (барлық пәндер бойынша).
1 Оқушы қойылған мәселенің шешімін табу әдісін білмеген жағдайда, проблемалық сұраққа жауап бере алмағанда және жаңа фактіге түсініктеме бере алмаған жағдайда, яғни жаңа ұғымды түсіндіру үшін бұрынғы алған білімнің жетіспеуі кезінде проблемалық жағдай туындайды.
2 Оқушының бұрынғы меңгерген білімін тәжірибеде қолдану қажеттігі туындаған кезде және оны тәжірибеде қолдану үшін білімнің жетіспеушілігі анықталған жағдайда проблемалық жағдай туындайды. Білімнің жетіспеушілігін түсінген жағдайда оқушыда танымдық қызығушылық пайда болып, ізденімпаздыққа ынталандырады.
3 Мәселені теориялық тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны тәжірибеде жүзеге асыру тәсілі арасында қарама-қайшылық болған жағдайда проблемалық жағдай оп-оңай туындайды.
4 Керісінше, мәселені тәжірибелік тұрғыда шешу мүмкіндігі бар, бірақ оны теориялық тұрғыда негіздеуге мүмкіндік болмаған жағдайда проблемалық жағдай туындайды.
Ал оқу үрдісінде проблемалық жағдай тудырудың дидактикалық негіздері төмендегі 4 түрлі мақсатты іске асыруды көздейді.
1) Қойылған проблемалық сұраққа, мәселеге т.б. оқушының назарын аударту, оның танымдық қызығушылығын ояту;
2) Оқушының ойлау қабілетін белсендіруге ықпал ететін күрделі танымдық тапсырмалар беру;
3) Оқушыға берілген танымдық тапсырманың, мәселенің негізгі түйінін шешуге, қиындықтардан шығу жолдарын іздестіруге көмектесу;
4) Тығырықтан шығудың ең тиімді жолдарын іздестіруге бағыттау.
Проблемалық жағдайлар тудырып, оны шешу дұрыс жолға қойылған жағдайда оқушылардың ой-өрісін жан-жақты дамытуға, интеллектісі мен зейінін арттыруға мүмкіндік туады.
Проблемалық оқытудың мән мағынасын ашу үшін дәстүрлі оқыту әдісі мен проблемалық оқыту әдісін салыстырып өткен жөн.
Басқа оқыту әдісінен проблемалық оқытудың екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншісі - оқытудың мақсаты жөнінен, екіншісі - педагогикалық үрдісті ұйымдастыру қағидасы жөнінен. Біріншісі бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде материал дайын күйінде беріледі, оқытушы ең алдымен бағдарламаға мән береді. Проблемалық оқытуда мұнда әдебиеттерде көрсетілген дайын білімді қайталап өз қалпында түсіну талап етілмейді. Керісінше, сол оқу әдебиеттерінде көрсетілген теориялық мәселелерден туатын жаңа пікірлерді, жаңа ұғымдарды оқушылардың өз беттерімен іздестіру мақсаты қойылады. Жаңа ақпаратты оқушы теориялық және тәжірибелік мәселелерді шешу барысында алады. Мұнда оқушылардың білімге деген ынтасын арттыру көзделеді. Екінші айырмашылық бойынша, дәстүрлі оқыту әдісінде оқушыда әр түрлі қиындықтар мен кедергілер туындайды, ол қиындықтарды жеңе алмайды, себебі оқушы үшін мұғалім жұмыс жасайды, оқушының ізденуіне, тығырықтан шығудың жолдарын іздестіруге мұғалім мүмкіндік бермейді. Проблемалық оқыту әдісінде оқытушы оқу материалын баяндай отырып, оған байланысты бірнеше сұрақтарды оқушылардың өздерінің шешуіне жағдай жасайды. Қойылған мәселені шешу барысында барлық кедергілер мен қиындықтарды жеңіп шығады, себебі оқушы өз бетімен белсенді жұмыс жасайды. Яғни, проблемаларды оқушылардың өздерінің шешуіне жол ашылады.
2.3.Проблемелық оқытудың негізгі ерекшеліктері.
Проблемалық оқытудың ең басты ерекшеліктерінің бірі - теориялық мәселелерден туындайтын жаңа ұғымдар мен пікірлерді оқушылардың өз беттерімен іздестіруі.
Проблемалық оқытудың екінші ерекшелігі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыра отырып, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру болса, үшінші ерекшелігі теориялық және тәжірибелік мәселелер арасындағы байланыс заңдылықтарынан келіп шығады да, дидактиканың оқыту мен өмір тәжірибесі арасындағы байланыс ұстанымымен анықталады. Яғни оқушылар теориялық білімдерін тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігіне ие болады.
Проблемалық оқытудың төртінші ерекшелігі оқушылардың әр түрлі үлгідегі өздік жұмыстарын тиімді орындауы болып табылады.
Оқушылар өздік жұмыстарын орындай отырып, бұрыннан қалыптасқан білім қорларын пайдаланады, жаңа білім, білік, дағды меңгереді.
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz