Оқытудың компьютерлік технологиялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Жоғары колледжі

Мамандығы: 0111000 Негізгі орта білім беру

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пәні: Шет тілін оқыту әдістемесі

Тақырыбы: Ағылшын тілі сабақтарында компьютерлік технологияларды қолданудың тиімділігі

Орындаған: А.Балқашбай
Тобы: ШМ-405

Жетекшісі: А.Абилкасымова

Ақтөбе 2021
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3-5
І тарау.Компьютерлік технологиялар
1.1Оқытудың компьютерлік технологиялары ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 6-9
1.2Компьютерлік технологиялардың оқудағы қолдану бағыттары ... ... ...10-13
1.3Электрондық оқулықтар және электрондық почта ... ... ... ... ... ... ... .. ...14-17
ІІ тарау.Ағылшын сабақтарында компьютерлік технологияны қолдану
2.1Тіл үйренуде жаңа технологиялардың үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .18-20
2.2Ағылшын сабағында АКТ-ны қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21-25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26-28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..29

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:
Оқу үрдісінде ақпараттық технологияны қолдану білім сапасын жақсартуға көмектеседі. Сонымен бірге кейде қол жетпейтін көрнекіліктерді пайдалануға білім мен мәліметтерді әр түрлі формада ұйымдастыруға, қажетті модульге тез арада қол жеткізуге көмектесе алады. Заманға сай ехникалық құралдарды ағылшын тілі сабақтарында қолдану - мұғалім жетістігіне апаратын тиімді жол.
Зерттеу мақсаты- жаңа технологияны кеңінен қолдана отырып, оқушылардың ағылшын тілін үйренуіне қолайлы жағдай жасау, оқудың тиімді жолдарын қарастыру.
Зерттеу міндеттері:
-Ағылшын тілі сабақтарында компьютерлік технологияны кеңінен қолдану;
-Электронды оқулықтардың көмегімен ағылшын тілін оқытуды жеделдету;
-Тілді оқытудың тиімді жолдарын табу.
Зерттеу нысаны(обьектісі)-мектеп оқушылары, ағылшын тілі сабағы, жаңа ақпараттық технологиялар.
Зерттеу болжамы-егер ағылшын тілін үйретудің тиімді жаңа ақпараттық технологиялық жолдарын анықтап,оның методикасын жасайтын болсақ,онда шет тілін үйрену процестері жылдам жүргізіліп,жоғары нәтижеге жетуге болады.

Білім беру мекемелерінде компьютер арқылы оқыту мынандай міндеттерді қамтиды:
-дәріс алушылардың компьютерлік сауаттылығын ашу;
-оқыту, тәрбиелеу үрдісіндегі ақпараттық алмасу сипатын айқындау.
-дайын бағдарламаларды қолдана білу шеберлігін арттыру;
-ойлау қабілетін дамыту;
-ЭЕМ-нің мүмкіндіктерін пәндік материалды меңгеруді қолдана білуге үйрету.

Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу оқушылардың пәнге деген танымдық қызығуын арттырады, тиянақты білім алуына жағдай туғызады. Ағылшын тілі сабақтарында төмендегідей компьютерлік оқыту бағдарламаларын пайдалануға болады. Олар: Self English, Hangman, English Practice, Merits, Active Studio, English on holidays, Bridge to English , Triple play plus in English т.б . Аталмыш бағдарламалар оқушылардың есте сақтау қабілетін, сөздік қорын, дұрыс оқу, сауатты жазу мен аудару қабілеттерін дамытуға көмектеседі.

Білім беруде Электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. Электрондық оқулықтарда теориялық тақырыптар кеңінен беріліп түсіндіріледі, теориялық тақырыптарды графикалық иллюстрация түріндегі әртүрлі суреттер, сызба - нұсқалар арқылы береді. Оқулықтың ерекшелігі - әрбір тақырып қажетті суреттермен көркемделіп безендіріледі. Оқулық - дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол өз бетімен керекті материалдарды жете меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Электронды оқулықты пайдалану мұғалімнің де ғылыми - әдістемелік потенциялын дамытып, оның сабақ үстіндегі жұмысын жеңілдетеді. Электрондық оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады; - шұғыл кері байланысты қамтамасыз ету;
-дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;
- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді; (мультимедиялық- технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы осы жерде көрінеді).
- әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады. Электрондық оқулықтармен жұмыс негізгі үш деңгейде атқарылады:
- оқу
- оқыту
- бақылау және тексеру

Интербелсенді тақтаны әр сабақта ұтымды пайдалана білу керек. ертегілерді әңгімелегенде, тақтадан қимылдарды көрсете отырып, үйретуге болады. оқушылар тақтадағы бене жазбалар мен суреттерге қарап отырып, көру дағдысы артады және сол арқылы есте сақтау қабілеттері артады.

І тарау.Компьютерлік технологиялар
1.1Оқытудың компьютерлік технологиялары
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себепті педагогикалық үрдісті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.

Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.

Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.

Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.

Соңғы жылдары білім беру аясы жүйесінде компьютерлік техниканы пайдалану белсенді түрде жүзеге асырылуда. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз - оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, оқу қызметіндегі есептеуіш техниканың техникалық құралдары, олардың ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және оқытушылар еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология - білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және балаларға білім беруші құрал.

Ақпараттық технология қызметінің құралы ретінде жаңа ақпараттық технологияның компьютерлік құралдары қолданылып жүр, алайда заман талабына сай компьютерлік техниканың дамып жетілуіне байланысты ғылыми сипаттағы компьютерлік бағдарламаларды жасау керек және ол оқушының іс әрекетінің интеллектуалды құрылысымен сәйкес келуі тиіс.

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың бірнеше бағыттары көрсетілген, солардың ішінде мектептегі оқу практикасында қажеттілерінің негізгілері мыналар: компьютер - оқушы білімін бағалау құралы; компьютерлік модельдеуді қолданатын зертханалық практикум; мультимедиа-технология, жаңа материалды түсіндірудегі иллюстрациялық құрал; дербес компьютер, білім жетілдіру құралы.

Мұғалім жұмысы практикада оқушы білімін бағалау үшін алатын тақырыптық тестерден көрінеді. Тест көзі мультимедиа компакт-дискілер немесе интернет желісі болуы мүмкін.

Біз гимназиямыздағы Rinel Lingo бағдарламасының мүмкіндіктерін пайдаланып, көптеген сабақтардан тест құрастырдық. Бұл бағдарлама көмегімен балалар тест жауаптарын бірден немесе барлық тест сұрақтарына түгелдей жауап бергеннен кейін көруіне болады. Бұл балаларды қызықтыруға мүмкіндік жасайды.

Бұдан басқа да, тест генераторлары деп аталатын тестілеуші бағдарламалар құруға болатын арнайы компьютер бағдарламалары (қосымшалар) бар. Бұл жағдайда мұғалім тестің сұрақтарын және барысын өздігінен таңдап алады.

Қазіргі кездегі ақпараттық технологиялар оқу материалдарын иллюстрация жасау кезінде (мысалы анимациялы слайд-фильмдер) қолданылады. Бұл оқу үрдісін қозғалыста бейнелеуге мүмкіндік береді. Компьютердің көмегімен дыбыстық және бейнефрагменттерді де демонстрация жасауға болады.

Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Бұл бірінші кезекте сандық түрде жазылған ақпараттарды пайдалану кезінде қажетті мәліметтерді оңай табуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде көптеген әлемге танымал энциклопедиялар, сөздіктер электронды түрге айналдырылған.

Бірақ, практика көрсеткендей, компьютер толыққанды оқу құралына әлі айнала қойған жоқ. Бұл көптеген дербес жағдайларға байланысты:

- Уақытша. Мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің өз ұйымдастырушылық-әдістемелік және мазмұндық ерекшеліктері болады, соған орай оған ақпараттық технологияны енгізу кезін таңдай алу керек.

- Техникалық. Дербес компьютерлердің техникалық сипаттамасы әрқилы. Сондықтан өзімізге қажет қосымша құрылғыларды (сканер, принтер, модем, наушниктер, микрофон және т.б.) таңдай білуіміз керек.

- Ұйымдастырушылық. Пәнді оқыту үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізу барысында бағдарламалық жабдықтарды баптау және құрылғыларды жөндеу сұрағы тұрады. Сондықтан мұғалімдерге білікті көмекші қажет.

Осы шарттарды орындаған жағдайда қазіргі ақпараттық технологиялар әсер етуші дидактикалық құралдар болмақ. Оқу үрдісінде компьютерлік техниканы қолданудағы қиыншылықтар көбіне мұғалімнің дербес компьютерді дидактикалық құрал ретінде қабылдауына дайын екендігіне байланысты.

Қазіргі кезде компьютердің көмегімен тек белгілі бір аудиторияларда ғана емес, сонымен бірге қашықтан оқыту үрдісі де дамып келе жатыр. Ол үшін Интернет желісіне қосылған компьютер керек. Қашықтан оқыту кезінде тапсырманы және онымен бірге ұсынылған оқулықтарды қарап отырып білім алғысы келетін адам өзі ізденіп, жауаптарын салып жібереді. Немесе бірлескен телеконференцияларға қатысады. Оқытудың бұл түрі анағұрлым арзан, әрі қалаған уақытыңда оқуыңа, тапсырмаларды орындауыңа мүмкіндік береді.

1.2Компьютерлік технологиялардың оқудағы қолдану бағыттары
* Оқытудың жаңа педагогикалық технологиясын іске асыру құралы ретінде;
* Оқу үрдісінің тиімділігі мен сапасын көтеру білім берудің мазмұнын түрлері мен әдістерін жетілдіретін білім және оқыту құралы ретінде;
* Өзін-өзі тану және қоршаған ортаны танып білу құралы ретінде;
* Оқу танымдық белсенділігін мәдениетін қалыптастыру мақсатында;
* Мектептегі тәжірибелердің нәтижесін өңдеу үрдісін автоматтандыру үшін іздену-зерттеу жұмысының компьютерлік оқыту шағын ортасын жасыу;
* Мектепте оқыту курсының негізінде оқыту объектісі ретінде;
* Оқу үрдісі басқаруды автоматтандыру мен оңтайландыру.
Қазіргі кезде жұмыс істеп жүрген, өндірістен қол үзбей сырттай оқитын қызметкерлерге де қашықтықтан білім беру жүйесі өте тиімді тәсіл болып табылады. Компьютер оқу материалының берік мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедианы, бейнетехниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді.

Телекоммуникациялық құралдарын пайдалану оқу үрдісінде жаңа құбылыс болып табылады. Компьютерлік телекоммуникациялардың осы заманғы жүйесі физика бойынш өткізілетін, әр аймақ оқушылары қатыса алатын оқу жобаларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Мультимедиа-оқытудың әр түрлі құралдарын пайдалану: басылған оқу құралдары, аудио және видео жазбалар, компьютерлік оқу бағдарламары және т.б. Мультимедиа-компьютерде дыбысты, ақпаратты, тұрақты және қозғалыстағы бейнелерді біріктіріп көрсету үшін жинақталған компьютерлік технология. Ол ақпаратты кешенді түрде бейнелеуді-мәліметтерді мәтіндік, графикалық, бейне, аудио және мультипликациялық түрде шығаруды жүзеге асырады. Бірнеше ақпараттық технологияларды қолдануға арналған мультимедиа білім беру ісінде ең тиімді әдіс болып табылады. Мәселен, компьютер мен адамның арасындағы байланысты арттырады, дауыс шығару, бейне электрондық оқулықтар және оөу құралдары, энциклопедиялар, виртуальдық (компьютермен жасалған) әлем, бағдарламамен оқу және жаттығулар. Мультимедиа технологиясының өркендеуіне байланысты оқу үрдістері түрлі көрнекілік құралдармен толыға бастады. Мультимедиа технологиясы білім беру саласында ең керекті құралдардың біріне, әрі дербес компьютерді кеңінен қолдануға жол ашты. Қазіргі мультимедиа құралдары материалдары жағынан өте ақпараттық құрылымдар жасауға мүмкіндік береді. Мультимедиалық құралдардың дыбыстық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, акустика сабақтары бойынша қызғылықты бағдарламалар жасауға болады.

Қазіргі ақпарат көздері-компакт дискілер мен қуатты процессорлар құрамына мәтіндік ақпарат, мультипликация, фото, бейне, модельдеу, дыбыстық сүйемел ететін жаңа сапалы бағдарламалар жасауға мүмкіндік береді. Мұндай жобаға қатынасушылар эксперименттер өткізіп, зерттеу нәтижелерімен алмасады, электрондық почта бойынша бірлескен талдау жұмыстарын жүргізеді. Мұндай жобалар қазірдің өзінде бірнеше жыл бойына экология саласында жүзеге асырылуда, бірақ оларды физиканы, информатиканы оқытуда пайдаланудың да келешегі мол. Қазіргі кезде АҚШ-та "Comunity of Explorers" (зерттеушілер қауымдастығы) жобасы жүзеге асырылу үстінде. Оған Калифорния мен Жаңа Англияның 27 мектебі қатынасуда. Жобаға қатынасушылар Science Explorer (ғылыми зерттеуші) және Relleb (релятивистік лаборатория) бағдарламаларының жәрдемімен биология, физика салалары бойынша зерттеулер жүргізеді, сондай-ақ олардың интернет жүйесі бойынша ақпарат жіберуге, қабылдауға мүмкіндігі бар. Көптеген мектептердің мұғалімдері мен оқушылары ортақ мәселелерді бірлесе шешуге және зерттеу нәтижелерімен алмасуға мүмкіндік алған. Олар ақпаратты мәтіндер, графиктер және сандық мәліметтер күйінде жөнелте алады. Сонымен, мультимедиа технологиясының өркендеуіне байланысты оқу үрдістері түрлі көрнекілік құралдармен толыға бастады. Әсіресе, CD-ROM қондырғысының көмегімен оқушы өзінің білім деңгейін қадағалауға мүмкіндік алды. Бұл қондырғы арқылы компакт дискіге жазылған ақпараттарды оқушы өткен тақырыптарға қайта келу алады. Мысалы, бір дискіге бірден бірнеше томдық мәтіндерді, жүздеген суреттерді көркем графикалық иллюстрацияларды, ондаған аудио-видео фрагменттерді еркін сыйғызып жаза алады.

Білім беру троекторияларын жүзеге асырумен байланысты мәселелерді шешудің айқындалған жолдарының бірі-интернет болып табылады. Интернет жүйесіндегі CD-ROM интерактивті дискілер, хабарландырудың электрондық тақталары, мультимедиалық гипертекстер сияқты жаңа электрондық технологиялар Mosaic және www интерфейстің көмегімен оқушылырды оқу үрдісіне белсенді түрде тартуға мүмкіндік беріп қана қоймайды, дәстүрлі оқыту әдістерінің көпшілігінен айырмашылығы, оқыту үрдісін басқаруды да жүзеге асырады. Дыбыс пен қиындық, образ бен тақырыптың интеграциясы мүмкіндіктері мол оқыту ортасын жасайды, бұл ортаның дамуымен қатар оқушылардың оқыту үрдісіне қатыстыру дәрежесі де өсе түседі. Жоғарыда айтылғандай жаңа материалды жеткізудің жиі кездесетін түрі электрондық оқулықтар болып табылады. Электронндық оқулықтар бір мезгілде жаттығуларды, лабораториялық жұмыстар мен тесттерді, яғни бір мезгілде білім беру мен бақылау жасауды да құрайды. Жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей, жаңа технологиялық оқыту кезіндегі сабақ сапасы мен оқу курстарының құрылымы дәстүрлі әдістерінен әлде-қайда жоғары болады. Электрондық оқулықтың мазмұнды-амалдық компоненті гипермәтін арқылы жүзеге асырылады. Гипермәтіндер сол пән саласы бойынша бейне материалдарымен толықтырылады. Электрондық оқулықтың мотивациялы-тұлғалық копоненті интерактивті жағдайдағы тапсырмаларды орындауға негізделген. Бұл әдістің жүзеге асуы, негізінен, оқыту әдістемесіндегі педагогикалық мәселенің дайындалу деңгейіне және сонымен қатар қашықтықтан оқыту әдістемесіне байланысты. Электрондық оқулықтың бағалық-нәтижелік компоненті тесттер арқылы жүзеге асады. Тест сұрақтарына жауап бергеннен кейін оқушы диаграмма түрінде өзінің білім деңгейін көре алады.

Электрондық оқулықтар оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына, яғни танымдық белсенділігін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Электрондық оқулықтың ішкі мазмұны үнемі интернет желісі және де басқа да электрондық кітапханалар толықтырылып отырады. Сөйтіп, әр оқушы өз мүмкіндігінше, даярлығына сәйкес ақпарат, мәліметтер алып, танымдық өрісін кеңейтіп, белсенді жұмыс жасай алады. Оқытудың компьютерлік технологиясының оқу үрдісіне кеңінен енуі оқушының танымдық белсенділігін таныта отырып, электрондық оқулық көмегімен оқушыларды өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.

1.3Электрондық оқулықтар және электрондық почта
Қазіргі уақытта дәстүрлі оқулықтармен салыстырғанда электрондық оқулықтардың артықшылықтары туралы көп айтылуда.

Электрондық оқулықтар арқылы:
* педагогикалық еңбекті автоматтандыру мен интенсификациялауға (оқыту жүйесін жоспарлауда, сабаққа дайындау барысында, оқу мақсатына сәйкес оқу материалын іріктеуде);
* оқытудың ойын түрлерін іске асыру (іскерлік, бақылау-тестілік,т.б.);
* оқушының ақыл-ойын, энергиясын шамалайтын экономикалық талаптарды қамтамасыз етуж
* имитациялық модельдеудің динамикалық нәтижелерін көркем түрде беру мен нақты объектілерді машиналы түрде имитациялау;
* хабардың мультимедиалық және гипертекстілік берілуін қолдану;
* оқушыныі жеке қабілетін ескеру және достық интерфейсті қалыптастыру арқылы жұмыста жағдай жасау;
* үлкен ақпараттық массивтердің сақталу қарапайымдылығы;
Қазіргі уақытта дүние жүзінде электрондық почта көпшілікке белгілі және телефон, радио, факс ретінде кең таралған. Электрондық почта-мұғалімдер мен алыстағы оқушылар арасындағы ақпарат алмасудың тиімді тәсілі. Электрондық почта экономикалық және технологиялық жағынан тиімді технология болып табылады және оқу үрдісі кезінде оқу курстарының мазмұндық жағын жеткізу және оқытушымен оқушымен кері байланысын қамтамасыз ету үшін қолданылады. Бұл уақытта дәстүрлі оқыту кезінде мұғалім мен оқушы арасындағы "диалог" шектеулі түрде іске асады, педагогикалық тиімділігі шектеулі болады. Алайда оқушылар модельді және телефонды каналы бар жеке компьютерді пайдалана алады, электрондық почта консультацияның интенсивті үрдісін іске асырады. Бөлінетін ақпараттық ресурстарға жол табу белгілі бір пәнді игеруде кітапханаларға, ақпараттық-анықтамалық жүйелерге интерактивті түрде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ON LINE режимі белгілі бір секундтар мөлшерінде қажет оқу материалдарын, компьютерлік бағдарламаларды жалпы саны әлемде 125 млн. астам интернет жүйесінің нүктелері мен ірі ғылыми-педагогикалық орталықтардан GORNER, WWW, VERONIKA сияқты компьютерлік жүйелердің көмегімен жүзеге асырады.

электрондық почтаның дидактикалық қасиетін Е.С,Полат ішінара қарастырған. Бұл тәсілдік мұқият талдау жасау бөліктерге тән дидактикалық қасиеттерді және де оған телекоммуникацияны қосатын компьютерлік жүйелердің болу фактісіне көңіл аударуға мүмкіндік береді.
Электрондық почта көмегімен виртуальдық оқу сыныптарын құрастыруға болады. Қазіргі кезде оқытудың виртуальды әдісін пайдалана отырып, физиканы үйренуге де мүмкіндік бар. Дүниежүзілік өрмек (Web) арқылы оқыту-бұл оқытудың жаңа виртуальды жолы. Виртуальды стенд-бұл оқу-практикалық (лабораториялық) стенд немесе оқу-квалификациялы шеберхана, оқушылардың теориялық білімін жетілдіруге арналған, компьютерлік бағдарламалар мен технологиялардың көмегімен белгілі бір бағыт бойынша тәжірибе жинау. Виртуальды стенд оқушыға өз білімін бақылауға, лабораториялық жұмыстарды орындауға кететін уақытты компьютердің көмегімен үнемдеуге мүмкіндік береді. Дәстүрлі оқыту кезінде лабораториялық және практикалық сабақтар "қайсысын істеуге болады" деген ұстаныммен жүреді. Ал "істеуге болмайды" деген ұстанымдар оқушыға тек теориялық тұрғыда түсіндіріледі. Бұл кезде лабораториялық жұмыстар қойылмайды, өйткені адамға, қоршаған ортаға зияны бар. Виртуальды стенд ешқандай қауіпті жағдайларды болдырмай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Математиканы оқыту жүйесін компъютерлендіру мәселелері
Қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастырудың ЕРЕЖЕСІ
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Қашықтықтан оқытудың технологиялары
Толықтырылған шынайылық технологияларын қолдану
Мектеп оқушыларына информатиканы оқытуға арналған толықтырылған шынайылық элементтерін әзірлеу
Инновациялық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланудың тиімділігі мен ерекшеліктері
Оқытудың ақпараттық технологиясын білім беру жүйесінде қолдану
Пәндер