Құлындардың өлі туылуының бір себебі жылқы сальмонеллезі


Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ветеринария факультеті

Райым Бекзат Бекежанұлы

Жылқы қылауының вакцинапрофилактикасы

6В120101- Ветеринарлық медицина

Алматы 2021

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР

3

4

5

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: РЕФЕРАТ
345: 6
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: ABSTRACT
345: 8
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 1
345:

КІРІСПЕ

10
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 1. 1
345:

Тақырыптың өзектілігі

10
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 1. 2
345:

Зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері

10
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 2
345: ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
12
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 2. 1
345: Қарастырылып отырған мәселенің қазіргі ахуалын бағалау
12
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 2. 2
345: Жануарлар сальмонеллезінің алдын алу шаралары
26
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3
345: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
33
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 1
345: Зерттеулердің материалдары мен әдістері
33
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 2
345: Зерттеу нәтижелері
37
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 2. 1
345: Алматы облысында құлындар ауруының этиологиясы
37
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 3
345: Бөлініп алынған сальмонелла өсіндісінің биологиялық қасиеттері
40
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 4
345: Вакциндік Salmonella typhimurium 274 штамының биологиялық қасиеттері
46
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 5
345: Salmonella typhimurium 274 вакциндік штамының иммуногендік қасиетін анықтау үшін зертханалық жануарларға тәжірибе қою
51
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 6
345: Salmonella typhimurium 274 штамымен иммундеу кезіндегі вакциналық реакция
55
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 7
345:

Salmonella typhimurium 274 вакциндік штамының иммуногендік

қасиетін анықтау үшін құлындарға тәжірибе қою

57
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 8
345: Жылқы сальмонеллезіне қарсы аттенуирленген Salmonella typhimurium 274 штамынан дайындалған вакцинаның профилактикалық қасиетін өндірістік жағдайда тексеру
59
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 3. 9
345: Жылқы сальмонеллезіне қарсы тірі вакцинаны дайындау технологиясы
60
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 4
345: ҚОРЫТЫНДЫЛАР
63
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 5
345: ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫС
64
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕРАНЫҚТАМАЛАРҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР: 6
345: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
65

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер келтірілген:

ГОСТ 20730-75
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 5962-67
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Ректификатты 96% этил спирті
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 6038-79
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Сахара
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 6709-72
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Дистилденген су
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 64-2-10-87
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Шыны флакондар
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 13805-76
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Бактериологиялық мақсатқа арналған құрғақ пептон. ТУ
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 3345-88
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Фармакопиялы формалин
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 42-2567-88
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Хлорлы кальций
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 4233-77
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Хлорлы натрий
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 720803-85
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Алюминді-калилі квасцтер
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 4233-77
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Хлорлы натрий. Техникалық жағдайы
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 6709-72
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Дистилденген су. Техникалық жағдайы
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 17206-84
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Микробиологиялық агар. Техникалық жағдайы
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 200227-91
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Зертханалық шыны ыдыстар. Бағаланушы пипеткалар
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 22967
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Инъекциялы шприцтер 2 см 3 , 5 см 3
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 4452-86
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Биолам - биологиялық микроскоп
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 3164-78
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Вазелин майы. Техникалық жағдайы
ГОСТ 20730-75: ГОСТ 20292-74
Қоректік орталар. Хоттингер сорпасы.: Өлшеу колбалары, сыйымдылығы 100, 200, 1000 см 3

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі терминдер келтірілген:

Антиген - антидене синтезі қабілетін тудырып, олармен спецификалық әрекеттесетін, организм үшін бөгде жоғарғы молекулярлы органикалық заттар.

Антидене - антигендердің әсерінен организмде түзілетін спецификалық белоктар.

Иммунизация - белгілі бір жұқпалы ауруға спецификалық бейімсіздікті құру.

Вакциналар - профилактикалық мақсатта қолданылатын биологиялық препаратттар.

Иммуногендік-ауру қоздырушыларына қарсы организмнің қорғаныштық реакциясын тудыратын вакциналардың қабілеттілігі.

Гипериммундеу - организмнің ең жоғарғы иммунологиялық реакциясына жауап алу мақсатында белгілі бір антигеннің біркелкі көбейтіліп отыратын мөлшерін жануарларға парентеральді әдіс жолымен енгізу.

Идентификация (сәйкестендіру) - микроорганизмдердің қай түрге (типке) жататынын анықтау.

Уыттылық дәрежесі - уыттылық өлшемі.

Штамм - бұл қандайда бір кез -келген типтеу әдісімен талдауда ерекшеленбейтін, бірақ басқа изолятордан ажыратылатын изоляторлар жиынтығы.

Өндіруші штаммдар - белсенсіз вакциналарды, анатоксиндер немесе диагностикумдерді дайындауға арналған орталар. Белгілі микроорганизмдерің туыстары мен түрлерінің өкілдері жоғары деңгейлі вируленттілікті сақтауы керек.

Вакциналық штаммдар - бұл генетикалық белгілерге (маркерлерге) тән вируленттіліктің төмендеуімен қатар, сол түрге жататын микроорганизмдердің және вирустардың жоғары деңгейлі иммунногенділікті сақтайтын тірі вакциналық орта.

Өсінді - бірінші субөсінділерден түзілетін, көптеген клеткалар желісінен тұратын, алғашқы өсіндіге қатысатын клеткалардан пайда болады.

Дезоксирибонуклеин қышқылы - генетикалық ақпаратты кодтайтын жоғарғы молекулалық органикалық қоспа.

Поливалентті вакцина - құрамында бір инфекциялық ауру қоздырушысының бірнеше штамдары (сероварлары) бар вакцина.

Инактивтелген вакцина(өлтірілген) -бұл физико- химиялық факторлардың әсерімен кобею қасиетін жоғалтқан, бірақ, иммуногендік құрылымын, яғни, антигендігін және иммуногендігін сақтаған белгілі бір бактерия немесе вирус өсіндісі бар препарат.

Термостат - өсірілетін микробтарға қажетті белгілі бір температураны үнемі ұстап тұратын құрылғы.

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР

Бұл диссертациялық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар келтірілген:

БДҰ
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы
БДҰ: ӨІА
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Өткір ішек аурулары
БДҰ: ДНҚ
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Дезоксирибозалы нуклеинды қышқыл
БДҰ: ЛПС
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Липополисахарид
БДҰ: ЕПС
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Ет пептонды сорпа
БДҰ: ЕПА
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Ет пептонды агар
БДҰ: ЕД
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Иммундеуші доза
БДҰ: LD 50
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -50% леталді доза
БДҰ: ИФА
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Иммуноферментті анализ
БДҰ: ФТБ
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Фосфатты-тұз буфері
БДҰ: Ig
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Иммунноглобулин
БДҰ: ШТБ
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Шоғыр түзуші бірліктер
БДҰ: АР
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Агглютинация реакциясы
БДҰ: КБР
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Комплемент байланыстыру реакциясы
БДҰ: КҰБР
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Комплементті ұзақ байланыстыру реакциясы
БДҰ: ИФТ
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Иммунды ферментативтік талдау
БДҰ: ЖСА
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Жартылай сұйық агар
БДҰ: ШҚ
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -Шаруа қожалығы
БДҰ: б
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -бет
БДҰ: Б
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -бет
БДҰ: С
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -страница
БДҰ: Ж
Бүкіләлемдік денсаулық Ұйымы: -жыл

1 КІРІСПЕ

1. 1 Тақырыптың өзіктілігі

Біздің еліміздің заманауи аграрлық саясатының басты міндеті - тағамдық өнімдерге өсіп жатқан сұранысты қанағаттандыруға бағытталған. Бағдарламаны сәтті орындау үшін ауыл шаруашылығының барынша интенсификациясына қол жеткізіп, ары қарай малшаруашылығы өнімін өндіруді жоғарылатуды қамтамасыз ету қажет. Малшаруашылығын дамыту инфекциялық аурулар, соның ішінде сальмонеллез ауруынан біршама деңгейде артта қалуда.

Сальмонеллез ғаламдық таралған және жыл сайын үлкен маңыздылыққа ие болып отырған инфекциялар қатарына жатады. Бұл аурудан келетін зиян тек ауылшаруашылық жануарлары мен құстарының өлімімен шектелмейді, ауырып жазылған жануарлар ұзақ уақыт бойына сальмонелла тасымалдаушы және қоршаған ортада инфекцияның тұрақты көзі болып табылады. Сальмонелла тасымалдаушы жануарлардан алынған жануар текті өнімдерді (ет, сүт, жұмыртқа) жеткіліксіз өңдеуден өтпеген жағдайда адамдарда тағамдық токсико-инфекция тудыруы мүмкін .

Сальмонеллез ішек инфекция тобына жатады, бірақ бұл аурумен күрес және алдын алу басқа ішек-қарын ауруларымен салыстырғанда күрделірек. Бұл табиғатта сальмонелланың сан түрлі сероварларының кең айналымда, қоздырушының уыттылық факторының полидетерминанттығына, полиэтиологиялылығына, адам мен жануардың организміне әртүрлі ену жолына, сондай-ақ антибиотиктер мен химиялық препараттардың әсерінен қалыптасқан сұрыпталған және айналымдағы R- факторлы штамдардың болуына байланысты. Осының бәрі сальмонеллезді емдеу мен алдын алуды қиындатады. Сальмонеллезбен күрес және алдын алу күрделі эпизоотияға қарсы, эпидемияға қарсы, санитарлық-ветеринариялық және санитарлық-гигиеналық шаралар кешенімен жүзеге асырылады. Жануарлар организмінің жалпы төзімділігін жоғарылатуға, жануар басын сақтауға бағытталған шаралар қатарына жылқы сальмонеллезіне спецификалық алдын алуды жүргізу жатады.

Ғылыми жаңалығы.

Жылқы сальмонеллезіне қарсы тірі вакцинаны «Қайрат» шаруа қожалығында қолдану және белсенділігін зерттеу үлкен теориялық және тәжірибелік маңыздылыққа ие болды.

1. 2 Зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеттері

Зерттеу жұмыстары 2020-2021 ж. аралығында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Микробиология және вирусология» кафедрасына қарасты «Бактериозға қарсы биотехнология» зертханасы мен Алматы облысы, Балқаш ауданы. Құланбасы елді мекені «Қайрат» шаруа қожалығында жүргізілді.

Зерттеудің мақсаты және негізгі міндеттері.

Зерттеудің негізгі мақсаты жылқы сальмонеллезіне қарсы вакцинаның тиімділігін зерттеу болды. Осы мақсатқа жету үшін алдыға келесідей міндеттер қойылды:

1. Алматы облысындағы «Қайрат» ШҚ жылқы ауруларының этиологиясын зерттеу.

2. Бөлініп алынған сальмонелла штамдарының биологиялық қасиеттерін зерттеу.

3. Жылқы сальмонеллезіне қарсы тірі вакцинаның профилактикалық қасиетін зерттеу.

Күтілетін нәтижелер.

1. Алматы облысындағы «Қайрат» ШҚ жылқы ауруларының этиологиясы анықталынды.

2. Бөлініп алынған сальмонелла штамдарының биологиялық қасиеті анықталынды.

3. Жылқы сальмонеллезіне қарсы тірі вакцинаның профилактикалық қасиеті анықталынды.

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2. 1 Қарастырылып отырған мәселенің қазіргі ахуалын бағалау

Қазақ халқы үшін жылқы шаруашылығы қалыптасқан тарихи құндылықтары мен ұлттық ерекшеліктеріне, мəдениеті мен тұрмыстық жағдайына байланысты мал шаруашылығының дəстүрлі саласы болып табылады. Республиканың табиғи-климаттық қолайлы жағдайы жылқы шаруашылығының дамуына өз ықпалын тигізуде. Кең байтақ табиғи жайылымның (187 млн. Га шамасында) болуы жылқы шаруашылығы өнімінің артуына ерекеше жағдай тудырады, өйткені жайылымның жартысынан астамы су тоғандардан шалғайда орналасқан, сол себепті жылқы өсіруші шаруашылықтардың үлесінде. Қазіргі таңда жылқы шаруашылығы бірнеше бағыттағы, толық жəне кең шеңберлі бұрын қолданылмаған құндылықтарды тұтынудағы халық шаруашылығының маңызды бір саласы болып қалыптасты. Нарықтық қатынастарда, яғни асыл тұқымды малдың бағасы өсіп, жылқы өнімінің өтімділігі мен жылқыны экспорттау шеңбері өсуіне байланысты, сальмонеллездің маңыздылығы артуда. Жылқы санының көбеюіне, дені сау құлындардың қатарға қосылып, жылқы шаруашылығында өнімділіктің жоғарғы деңгейіне жетуге жылқылардың инфекциялық аурулары кедергі келтіруде. Осы аурулардың кең тараған және ауқымды экономикалық шығын келтіретін бір түрі жылқы сальмонеллезі. Біздің елімізде сальмонеллез ауруы жылқы түлігінің арасында кең тараған. Швецияның шаруашылықтарында жылқылардың жаппай іш тастауын алғаш зерттей бастаған H. Magnusson (1935) болды. H. Magnusson Швеция шаруашылықтарында жылқылардың жаппай түсік тастауы кезінде 302 түсікті зерттеп, соның ішінде -14% Salmonella abortus-equi қоздырушысымен ауырғаны анықтаған. D. Bulling (1967) мәліметі бойынша Германия Федеративтік Республикасында 1961-1965 жылдар аралығында жылқылар арасында 168 жағдай сальмонеллез бойынша анықталған. Соның 89-Salmonella typhimurium, 24- S. dublin, 2- Salmonella abortus-equi бөліп алған. Қырғызстан Республикасында Дреняцкин (1932) жылқылардың арасында сальмонелла індетінің көп таралғаны туралы деректер қарастырған. Ал Қазақстанда жылқының сальмонеллезін түпкілікті зерттеу жүргізгендердің бірі Б. А. Матвиенко(1986) . Қазіргі таңда республикамыздың шаруашылықтарында жылына 30-40% биелер құлын бермейді. Түсіктің себебі және биелердің қысыр қалуы толық зерттелмеген. Құлындардың өлі туылуының бір себебі жылқы сальмонеллезі. Сальмонеллез қоздырушылары белгілі бір аймаққа тез бейімделеді. Оған жайылым, су қоймалары, ойпат және батпақты жерлер жатады [1] .

Республика аумағында сальмонеллез табиғи ошағының негізгі иелеріне: сұр егеуқұйрық, түз, орман, үй, қарапайым сұр тышқандар және т. б. жатады. Жабайы жануарлар мен егеуқұйрықтар арасындағы ауыл шаруашылық жануарларына белгілі эпизоотиялық, эпидемиологиялық қауіпті сау малмен жанасу мүмкіндігі арқылы тудырады [2] .

Ауыл шаруашылық жануарларының арасында ауру спорадиялық және энзоотиялық түрде өтеді. Сальмонеллез негізінен іш тастау түрде өтіп, әдетте олардың өлімімен аяқталады. Ал, ересек мал арасында болғанымен, негізінен індеттің клиникалық белгілері байқалмайды. Малдың сальмонеллез белгісіне: іш тастау, өлі және өміршеңдігі төмен төлдердің туылуы жатады. Бұл жағдай жылқы шаруашылығында үлкен экономикалық шығын келтіреді. Ветеринария департаментінің АШМ берген есебінде Республикалық ветеринарлық зертханалардың мәліметтері жылқы сальмонеллезінің республикамыздың барлық аймақтарындағы жылқы шаруашылықтарында тіркелгенін көрсетеді. Республика бойынша жылқы шаруашылығы бар 12 ауданда жылқы сальмонеллезі тіркелген. Сальмонеллездің мұндай кең таралуының себебі алдын алудың тиімділігі жоғары спецификалық әдістерінің болмауы. Кейбір шаруашылықтарда жылқы сальмонеллезіне қарсы Алматы Зооветеринарлық Институтының ТРЕ “841” аттенниурленген штаммынан жасалған құрғақ тірі вакцина тәжірибеде сынақтан өткен. Вакцина жоғары иммундық қасиет көрсеткен, бірақ егілген жылқылардың органдары мен ұлпаларында вакциндеу процесіне тән морфологиялық өзгерістер байқалған. Дегенмен аталған вакцина экстремалды жағдайларда ауқымды қолданыс таппады. Қазіргі таңда адамдардан, ауылшаруашылық малдарынан, жануар тектес азықтардан және қоршаған ортадан бөлініп алынған сальмонелла сероварларының 2500 ден астам түрлері бар. Осылардың басым бөлігі тағамдық токсикоинфекция қоздырушылары ретінде сипатталған(Дж. Хоулт-1980, 1997) [3] .

Жылқы сальмонеллезінің кең ауқымда таралуының бірден бір себебі жылқы шаруашылығының өндірістік негізге ауысуы, жылқылардың шектелген территорияда тығыз орналасуы олардың ауруды қайта жұқтыруына, қоздырушының қоршаған ортаға диссеминациясы ауруға жануар тірі кезінде диагноз қойып, ауырған жануарларды бөліп алуға кедергі жасауы, ветеринарлық-санитариялық шараларды сақтамауы болып табылады [4] .

Қазақстанда И. А. Даньшев, А. С. Мартынов (1936) ; И. А. Жалабовский, А. А. Пальгов (1940) ; А. А. Пальгов., М. О. Солоницин (1950) жылқы сальмонеллезін солтүстік, батыс және оңтүстік облыстарында анықтаған. Олардың мәлеметі бойынша 3-6 жас аралығындағы биелерде жылдың күз-қыс мезгілдерінде түсік тастау басым болған.

Қырғыз ССР-і шаруашылықтарында сальмонеллездің жылқылар арасында кең ауқымда (48%) таралуы С. Д. Морозов мәліметтерінде келтірген. Бактериологиялық зерттеу барысында 423 түсік жағдайының 203-де Salmonella abortus-equi культурасы бөлініп алынған. Қазақ ССР-да жылқы сальмонеллезін анықтау профессор Б. А. Матвиенко әріптестерімен бірге жасаған жұмыстарында келтірілген. Олардың айтуынша 1968, 1970-1972, 1980 жылдары жылқылар арасында жаппай түсік тастау кезінде республикамыздың он облысындағы шаруашылықта сальмонеллездің таралуы 40-70% жеткені және құлындардың сальмонеллезбен ауырғаны тіркелген. Жылқылар арасында түсік тастаудың үдеуі желтоқсан-наурыз айларында байқалған. Ауру әр 3-4 жылда қайталанып отырған [2] .

Б. А. Матвиенко жануарлардың сальмонеллалармен зақымдалуы азық қорыту жолдары арқылы буаз биелердің жатырына, қағанақ қабығынан құлынға өтіп, сонда көбейіп, қабыну үрдісі жүріп, сепсис және түсікке алып келеді. Түсік кезінде және түсік болғаннан кейінде сальмонеллалар жыныс жолдары арқылы нәжіспен және танау қуысының сұйығымен сыртқы ортаға қарқынды бөлініп отырады. Жылқы сальмонеллезі кезінде бактериологиялық зерттеуге ең қолайлы материал түсік, қағанақ қабығы, жыныс жолы сұйығы, ал сальмоннел тасмалдаушылықты анықтау мақсатында фекали алынады [37] .

АР, КБР серологиялық реакциялары сальмонеллез кезінде эпизоотологиялық жағдайды анықтау барысында ағымдағы диагноз қою мақсатында қолданылады ( Е. Е. Нестерова, 1950; Е. Я. Грибановская, 1955; Б. А. Матвиенко, Р. Куляшбекова, 1972; Б. А. Матвиенко, 1982, 1986) . Түсік тастаған биелер қансарысуында агглютинин (I : 1600 - I : 3200) титрде анықталған (Б. А. Матвиенко, 1982; Н. Н. Ахметсадыков, 1987) [11] .

Көптеген авторлар (А. А. Пальгов, Л. А. Тюрина, 1957; С. Д. Морозов, 1958; Б. А. Матвиенко, 1966, 1972) ауырған жылқылардың айығуы жылқы сальмонеллезіне қарсы жасанды иммундеуден пайда болған гуморальдық және клеткалық факторлар негізінде қалыптасатын иммунитетке байланысты делінген [9] .

Түсік тастаған жануарлар қансарысуында агглютининдер мен комплемент байланыстырушы антиденелер табылған. Антиденелер ең жоғарғы көрсеткішке аурудың алғашқы екінші-үшінші апталарында жетіп, 1-2 ай ішінде ақырындап төмендейді. Түсік тастаған биелерде қоздырушыға жоғары төзімділік пайда болады (Б. А. Матвиенко, 1982) [10] .

Б. А. Матвиенко, Р. Куляшбекова (1976) Е-841 вакциндік штаммының жануарларда қарқынды антидене (агглютининдер) түзетінін көрсетті. Биелерге (буаздықтың 4-7 айында) тәжірибе қою барысында олар вакцинацияның 10-шы тәулігінде қансарысуында антиденелер титрі (1: 1600-1:3200) көрсеткенін және лейкоцитоз байқалады дейді [11] .

Тірі вакцина иммуногендік қасиеті айқын байқалуымен, толыққанды антигендік құрамымен, иммунды жауапқа қызмет ететін иммунокомпетентті клеткалардың көптеп қатысуымен, нәтижесінде жоғары дәрежеде ұзақ уақытқа иммунитеттің пайда болуымен ерекшеленеді (К. Б. Бияшев, 1991) .

Өндірістік тәжірибе көрсеткендей, тірі вакцина жылқы сальмонеллезін алдын алады. Ауру басталған кезінде қолданғанда түсік болмауын 7-10 тәулікке дейін тоқтатады. Вакцинделген биелерден өміршеңдігі жоғары құлындар туылған және олар сальмонеллезбен ауырмаған. 1971-1987 жылдары республикамыздағы жылқы сальмонеллезінен сау емес шаруашылықтарда Е-841 және Е-841 str штаммдарымен 300 мыңнан астам буаз биелер вакцинделген. Осылай экономикалық үлкен шығынды алдын алған. Осыған байланысты еліміздің табиғи климаттық жағдайын ескере отырып, жылқы сальмонеллезінің алдын алу үшін жылқы сальмонеллезінің эпизоотикалық штаммын қолдану арқылы ғылыми дәлелденген экологиялық қауіпсіз спецификалық тиімділігі жоғары тірі вакцина дайындау ветеринарлық медицинада жылқы шаруашылығында өзекті мәселе [8] .

Мемлекеттің сауда-саттық туралы бағдарламасында, негізгі міндетті ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ алға қойылған мақсат халықты азық-түлікпен және шикі затпен қамтамасыз ету.

Сальмонеллез (қылау) - типтік зоонозды, жоғары дәрежелі ауру тудыратын және жабайы, ауыл шаруашылық жануарлары тасымалдаушы, қоршаған орта факторларына төзімдірек келеді. Омыртқалы және омыртқасыз жануарлар мен қоршаған орта обьектілері сальмонеллез қоздырушысын факультативті-трансмиссивті механизм арқылы кең таралған. Жыл сайын сальмонеллездан проблема көбейіп, кең ауқымды жануарлармен адамдар арасында таралып, сальмонеллез қоздырғышын тудыратын инфекциялық аурумен ауырған малдар саны жоғарылауда. Адамдар, жануарлар жаппай сальмонелла қоздырушысымен ауруы салдарынан сальмонелла серологиялық варианттары көбеюде, сондай-ақ азық-түлік, суда және тағы басқа қоршаған орта обьектілерінде таралған.

Қазіргі заманауи жүйе бойынша 2500 астам сальмонелла қоздырушысын адамдардан, жануарлардан, жануар өнімдерінен және қоршаған ортадан анықтаған. Азық-түлік токсикоинфекциялық қоздырушысы екені баяндалған. (Дж. Хоулт-1980, 1997)

Сальмонелла қоздырушысынан туындаған проблеманы шешу үшін эпизоотияға қарсы, ветерениялық-санитарияға қарсы шараларды ұйымдастыру алдын-алуға жақсы нәтиже береді.

Қазіргі таңда инактивтелген және тірі вакцина кеңінен қолданылуда. Кейбір ветенария мамандары сальмонелла қоздырушыларынан таза шаруа қожалықтарында тірі вакцинаны алдын-алу мақсатында қолдану керек екенін, иммуногенді коэфициенті инактивтелген вакцинадан жоғары екенін байқаған. ( Н. Н. Гинсбург, 1969; H. J. Bote, 1966; H. Meyer, 1986, 1986; Б. А. Матвиенко, 1986; Б. Ю. Шустер, 1988; К. Б. Бияшев, 1991 және т. б. ) Бірақта, сальмонелла инфекциясы тараған шаруа қожалығында инактивтелген вакцина жақсы нәтиже береді. (А. Г. Малявин, 1972; Ю. А. Малахов және т. б., 1974; В. В. Кирилова, 1988)

Грамм теріс бактериялар олар Enterobacteriaceae , Vibrionaceae және Pasteurellaceae тұқымдастықтары және де басқа факультативті анаэроб таяқшалар жатады. Жоғарыда баяндалған микроорганизмдер қауымдасқан түрде жануарлар да, иелерінде және өсімдіктерде кездеседі. Көпшілігі адамдар мен жануарлар және кейбір түрлері жәндіктермен өсімдіктер үшін патогенді.

Таяқшалы бактериялар тұқымдастығы Enterobacteriaceae тармағы Eubacterialis бактериялар. Заманауи классификациясы бойынша тұқымдастықтар 5 негізгі топқа және 12 түрге бөлінген [1] .

Энтеробактерия - көп таралған тұқымдастар, грам теріс, спора түзбейтін таяқша, орташа көлемі (1 - 5 мкм) перитрихиальді, қозғалмайтын, кейбіреулері капсула түзеді. Аэробты немесе факультативті анаэробтарға жатады. Қарапайым қоректік ортада жақсы өсіп, әр түрлі дәрежеде көмірқышқыл газын түзіп, нитратты нитритке дейін айналдырып, оксидозды бөліп, каталазаны ыдыратпайды, Shigella серотипінен басқалары. Көпшілік энтеробактериялар ұқсас келеді, себебі, кірпікшелері ортақ барлығында дерлік болуы адгезиялық және тағы басқа қасиеттеріне байланысты [2, 3] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқының сальмонеллез індетін алдын алу үшін біздің елде және шет елдерде
Тері шикізатын өндіру туралы ақпарат
Тері шикізатын өндіру туралы
Жылқыны азықтандырудың негізгі көрсеткіштері
Құлындарға арналған қора жайы жобасының зоогигиеналық негізделуі
Бұзаулардың сальмонеллез ауруы кезіндегі патоморфологиясы
Жануарлардың өте қауіпті инфекциалық аурулары
Қостанай жылқы зауытының тарихы
Қазіргі кезде Қазақстанда өсірілетін негізгі жергілікті тұқымдар жабы мен қарабайыр жылқылары
Қымыз микрофлорасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz