Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1
Табу мен эвфемизмнің зерттелуі
4
1.1
Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі
4
1.2
Табу мен эвфемизмнің орыс тіл білімінде зерттелуі
16
2
Табу мен эвфемизмнің этномәдени сипаты
21
2.1
Қазақ және орыс тіліндегі этномәдени жүйесі негіздері
21
2.2
Қазақ және орыс тіліндегі табу мен эвфемизмнің тақырыптық топтары және жасалу жолдары
33

Қорытынды
40

Әдебиеттер тізімі
41

КІРІСПЕ

Этнографиялық лексиканың көлемді бір саласы -- табу мен эвфемизмдер. Қазақ тіл білімінде бұл мәселеге нақты назар аударып, ғылыми негіздерін қарастырған ғалымдар өте көп.
Табу мен эвфемизмдер өзіндік мазмұндық, тақырыптық ерекшеліктеріне қарай әлемдегі кез келген ұттың тілінен орын алатын этнографиялық лексика.
Табу терминінің қазақша түсінігі - тыйым сөздер. Табу полинезияның тонга тілінен тарағанымен, қазір әлем тілдерінің бәріне таралған халықаралық термин. Табудың шығуын, таралуын және түрлерін этнографиялық тұрғыдан бүкіл әлем деңгейінде зерттеу.
Жалпы тіл білімінде эвфемизмнің пайда болу жолы табу сөздердің қолданысымен байланысты деген пікір орныққан. Табу дегеніміз - тыйым сөз ретінде қолданылады, тек ұғымға салынатын тыйым емес, сол ұғымның тілдегі атауына, яғни сөзге салынатын тыйым екені мәлім.
Бұл дипломдық жұмысты екі тарауға бөлдім. Бірінші тарауда табу мен эвфемизмнің анықтамаларына тоқталып, қазақ және орыс тілдеріндегі табу мен эвфемизмнің зерттелу жолдарына тоқталдық. Екінші бөлімде табу мен эвфемизмнің этномәдени сипатына мән бердік. Қазақ және орыс тілдеріндегі табу мен эвфемизмнің этномәдени жүйелерін қарастырдық. Қазақ және орыс тіліндегі табу мен эвфемизмнің тақырыптық топтары және жасалу жолдарына қарастырдық.

1 Табу мен эвфемизмнің зерттелуі

1.1 Табу мен эвфемизмнің қазақ тіл білімінде зерттелуі

Қазақ тіліндегі эвфемизмдер мәселесі - әлі де толық айқындалмаған құбылыс. Эвфемизмдер кез келген халықтың тілінінен орын алады. Түркі тілдес қазақ тілінде де эвфемизмдер молынан, сан түрлі болып қолданылады және кейбір сөздердің эвфемистік мағынада қолдануына байланысты айырмашылықтар да жоқ емес. Түркі тілдерінде, соның ішінде қазақ тілінде эвфемия құбылысын ғалым Ә. Ахметов алғаш ғылыми зерттеудің нысанына алып, табу мен эвфемизмді этнографиялық лексикаға жатқызады: Кез келген этнографиялық лексиканың сыртында белгілі бір этнографиялық ұғымдардың тұратыны сияқты табу мен эвфемизмнің сыртында да олармен ұштасып, астарласып жататын этнографиялық ұғымдар, атап айтқанда, дәстүрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, қоғамда қалыптасқан тіл мәдениетімен байланысты этикалық нормалар тұрады . Ғалым бұл сөздердің қыр-сырын ашуда этнография мен лингвистика ғылымдарының біртұтас нысаны ретінде зерттелінуінің тиімділігін айтып, эвфемизмдердің этнолингвистикалық бағытта айқындалуына жол ашады. Олардың пайда болуын этнолингвистикалық жүйе және этномәдени негіздер арқылы айқындап түсіндіреді, дәстүрлі моральдық-этикалық қатынастарға байланысты қалыптасқан табу мен эвфемизмдерді топтастырып көрсетеді, яғни өлімге, анатомия мен физиологиялық процестерге, саяси эвфемизмдерге, сондай-ақ эвфемизмдердің жасалу жолдары: эвфемистік метафора, эвфемистік метонимия, эвфемистік синекдоха, эвфемистік символ, эвфемистік ирония түрлері мен өзіндік ерекшеліктерін айқындайды. Эвфемизмдердің мұншама түрлерінің өзі академик В.В.Виноградов пікірінше: Рухани мәдениеттің көтерілуі тілдегі өзгерістерде көріне отырып, сонымен бірге сөзге, көркем шығармашылық туындыларына айрықша талап пен мүдделілік те тудырады. Өмірдің түбегейлі жаңаруы дәуірінде филологияның - тіл мен әдебиет, халықтың сөз мәдениеті, сондай-ақ әдеби шығармаларды талдау әдістемесі жөніндегі ғылымның қоғамдық рөлі ерекше маңызды да ықпалды бола түспек - деген тұжырымда терең болжам жатыр. Қазіргі таңда тіл, тіл мәдениеті, ғылымға деген талап, жауап-жауапкершілік, ықылас-қызығушылық, мүдделілік шынында да күн сайын артуда. Осы тілдік, қазақ ділдігінің бір мәселесі эвфемизмдік қолданыстарда жатқанын өмірдің өзі дәлелдеп отыр.
Жалпы тіл білімінде эвфемизмнің пайда болу жолы табу сөздердің қолданысымен байланысты деген пікір орныққан. Табу дегеніміз - тыйым сөз ретінде қолданылады, тек ұғымға салынатын тыйым емес, сол ұғымның тілдегі атауына, яғни сөзге салынатын тыйым екені мәлім. Бұл орайда Ә. Ахметов өз еңбегінде ... табу мен эвфемизмдердің арасындағы байланысты себеп пен салдар деп қараған жөн. Өйткені эвфемизмдерді тудыратын - табу. Сондықтан да олар бірінсіз бірі жүре алмайды. Сосын табу эвфемизмдерді тудырып қана қоймай, оларға үнемі өз орнын беріп, өзі солардың тасасына бой жасырады деп, эвфемизм құбылысының тілдік табиғаты мен әлеуметтік сипатын айқындауға мүмкіндік беретін іргелі тұжырым жасайды.
Сондай-ақ табу мен эвфемизмдердің тілмен бірге туып, бірге жасайтын бір-бірімен ажырамас құбылыс екенін көрсетеді.
Ә. Хасенов Тіл білімі деген еңбегінде Эвфемизм - бір затты не құбылысты я болмаса бір оқиғаны сыпайылап айтып жеткізу амалы; адамның көңіліне келмейтіндей, жұқалап, жайдарылап, майдалап, іштей ренжіп тұрса да, рахаттана баяндағандай айта білу тәсілі, деп түсіндіреді. Адамзат, табиғат т.б. болсын жалпы тіршілік иелері дейтін болсақ (жанды, жансыз) қарама-қарсы екі құбылыстан тұрады түн және күн бар дегендей.Тіл де осы заңдылыққа бағынады, әрі оның көрінісі. Ғалымдардың табу мен эвфемизмдер бірін-бірі толықтыратын тілдік амалдар дегенде, олардың сан не сапа жағынан өсуі бұларға қарсы мәндес дисфемизмдердің әсерін естен шығарму керек. Кез келген эвфемизмдердің дисфемистік қолданысы (тіпті контекстік мағынада болсын) болуы - осының айғағы. Айталық, оттама деген қарапайым дисфемизмнің көп сөйлеу, сөзіне ие болу т.б. толып жатқан эвфемизмдік қолданыстары бар. Сонда диалектиканың қарама-қайшылық заңының нәтижесі дамуға әкеледі деген қағидасына сай сайып келгенде эвфемизм мен дисфемизмдер ғасырлар өткен сайын тілдік байлықты толықтыра түседі. Сондықтан бұл екі тілдік құбылыстың (эвфемистік, дисфемистік) қатар өмір сүруі қай тілде болмасын - тілдік заңдылық.
Кейбір еңбектерде табу, эвфемизм сөздер сөйлеу тілі лексикасына жатқызылып бір-біріне мағыналары жақын, мәндес терминдер тұрғысынан сипатталады: Сөйлеу тілі лексикасына стильдік бояуы жағынан табу сөздер мен эвфемизмдер де жатады. Табу, эвфемизм - бір-біріне мағыналары жақын, мәндес терминдер. Әлдебір, діни нанымға, ескі әдет-ғұрыпқа байланысты айтуға болмайтын, сондай-ақ цензуралық ретпен де қолдануға тыйым салынған табу (эвфемизм) деп атайды. Бір жағдайда, хабарды тура айтпай, тұспалдап жеткізетін сөздер де табу (эвфемизм) делінеді. Өйткені стиль тұрғысынан алғанда, тура сөзден гөрі (яғни ашық түрде, тура айтуға қарағанда) оны ауыстырған тұспал сөздің өзі ұтымды. Табу мен эвфемизмнің көбіне-көп сөйлеу стилі мен көркем әдебиетте қолданылатын олардың осы ерекшелігімен тығыз байланысты.
Негізінен эвфемизмдер мен табу сөздердің бірлігі (ұқсастығы) мен айырым белгілері бар. Бұл екі термин түптеп келгенде бір тілдік құбылысқа жатады. Басқаша айтқанда, табу да, эвфемизмдер де кез келген нәрсені жұмсартып, ойды жеткізудегі сыпайы тілдік қолданымдар деген бағытта бірлікте болады. Ал нақты стильдік үрдістерде екі түрлі мақсатты көздейді, бірі (табу) наным-сенімге, салт-дәстүрді ұстанс, екіншісі (эвфемизмдер) тікелей тілдік мәдениетке қатысты болып келетінін ғалымдар атап көрсетеді. Бір затты, құбылысты өз атымен тура атамай, басқаша атаумен атау тек табумен байланысты емес. Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда да тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады. Эвфемизм табу сияқты үрейленуден туған сенімге негізделмейді, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді. Демек, қазіргі кездегі қолданылып жүрген эвфемизмдер бүгінгі таңдағы өскелең халқымыздың қалыптасқан этикалық және эстетикалық нормаларының күнделікті нақ көріністері деп есептеледі. Сондықтан табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан деп, эвфемизмді құбылыс ретінде қарастырып, оның өзіндік еркшеліктерін көрсетеді.
Б. Сағындықұлы ...табу мен эвфемизмдерді бір-бірімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі түрлі мақсаттан шыққан. Эвфемизм табу сияқты қорқыныштан, үрейленуден туған сенімге емес, сыпайыгершілік пен әдептілікке негізделеді - деген пікірді негізге ала отырып, ...ауыстыра алатын қасиеті үшін ғана эвфемизмдерді табуға телудің реті жоқ. Әлеуметтік саладағы құбылыс - жаргондар мен арголар да бір сөзді екінші сөзбен алмастыра алады. Эвфемизмнің семантикалық табиғаты табумен үйлеспейді деп, эвфемизм құбылысының семантикалық табиғатына баса назар аударады. Бұл айтылғандар эвфемизм мен табудың ара жігін ажыратудағы негізгі тұжырым екенін байқаймыз. Дегенмен ғалымның пікіріне қосыла отырып, мына секілді толықтыруларды айтуға болады. Әңгіме бір сөзді екінші сөзбен ауыстыруда емес, бір жағынан солай көріну де ықтимал. Біздің тақырыбымыз бойынша кез келген сөздерді екінші бір сөзбен (автор көрсетіп отырған жаргон не арголар т.б. секілді) ауыстыра салу емес, керісінше тілдің эволюциялық даму барысында белгілі бір бағытта сөз қолданылуларда іштей табиғи байланыста болады. Айталық үлкен тілдік құбылыс бағыттарына көмекші екінші бір бағыттар қосарлана жүреді де, келешекте олар диференциалданып өз алдына жеке тілдік заңдылық құрайды. Біз сөз етіп отырған эвфемизм бұл үлкен, ауқымды (сыпайылап, астарлап жеткізу амалын ұстанған) бағыт болып табылады да, ал табу сол екінші тілдік амалмен жеткізілетін, тұспалдап немесе тыйым салынған, киелі сөздерді жалпы халықтық қолданылудағы сөздермен ауыстыру мақсатындағы тілдік тұлғалар болып табылады. Осы тұста әрине эвфемизм мен табу арасында еш байланыс жоқ деу, асығыс пікір деген ойдамыз. Бұлардың табиғи байланыстары қалай болған күнде де екінші бір сөзбен жеткізу амалында жатыр. Сонда бұлар (эвфемизмдер мен табу) бір бағыттағы екі түрлі мақсатты көрсететін сөз ауыстыру амалдары болмақ. Айталық қатын деп айтудың орнына тіл мәдениетінен хабары бар, әдеби тілдік норманы сақтай білетін азаматтардың жұбайым, өмірлік жолдасым, жарым т.б. дегенмен салыстырыңыз. Қазіргі таңда тіл мәдениетінде әдептілікті, сыпайылықты ескерген адам әйел, әйелім деп те қолданбайтыны бәрімізге белгілі. Заман өткен сайын бұл сөз де тұрпайлық мағынаға, қолданымға айналып отыр. Ал автор сөз етіп отырған жаргон сөздер мен арголар да сөз ауыстыру қабілетіне келсек, әрине бұл - ауыстыру бағытындағы құптарлық пікір. Дегенмен мұндай тілдік талдауларда әдеби тілдік норманы ескеру бірінші қажеттілік екенін ұмытуға болмайды. Бұл терминдер (жаргон, арго) табиғатына енетін сөздер біріншіден - әдеби нормаға жатпайды, екіншіден - өміршең сөздер емес. Олар жуық арада жоғалып немесе бұл құбылыстардан шығып, жалпыхалықтық сөздерге айналып отырады. Мысалы, кезінде студенттер арасындағы құлап қалу - емтихан не сынақ тапсыра алмау мағынасында елге танымал сөзге айналып кетті. Қазіргі арақ мағынасындағы тентек су, көк су, көк мойын, жынды сулар да кезінде маскүнемдердің жаргондық сөзінен жалпыхалықтық қолданысқа айналған тілдік тұлғалар.
Сонда біз сөз етіп отырған эвфемизмдер мен табулар сөз алмастыру болғанда бірі - сыпайылықты, екіншісі - тыйым салынған сөздерді ауыстырса, ал жаргон мен арго құпиялықты сақтау мақсатында қолданылатын сөздер. Мысалы, ұрылар тіліндегі жарым-попалам - түскен олжаны қылдай бөлісу, апсар-жапсар - ұрланған дүние орны белгілі т.б. сол әлеуметтік шағын топтар ғана қолданатын түсінікті сөздер. Ал эвфемизмдер мен табулар мүлдем керісінше жалпыхалық қолданысындағы тұлғалар болып табылады.
Сондай-ақ эвфемизмдер мен табуды тең дәрежеде қарастыруға болмайтындығы ескерілуі қажет.
Олардың өзіндік ерекшеліктеріне қарай аталуы да назарға алынып жүр. Бұл орайда ғалым Б.Сағындықұлы былайша тұжырымдайды: Әр түрлі наным-сенімдер, мифтер, әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, т.б. негізінде қалыптасқан этнографиялық ұғымдарды этнографиялық табу деп, тыйым салынған атауларды алмастыратын сөздерді лингвистикалық табу деп - атау дәстүрі тіл білімінде бар. Алайда, этнографиялық табудың мағыналық ауқымы кең болса, лингвистикалық табудың өрісі тар, ол - этнографиялық табудың бір бөлігі ғана. Кеңістік тіл білімінде бұларға тиісінше табу және эвфемизмдер деген терминдер телінді дей келе, Этнографиялық табуды ділдік табу, лингвистикалық табуды тілдік табу деуге болады. Себебі, ділдік табу да, тілдік табу да ақшаның екі беті сияқты, бір түсініктің (яғни табудың) аясында қарастырылады, ал ділдік, тілдік дегендер - анықтауыштар. Этнографиялық ұғымдарды - адамдардың ішкі жан дүниесіне, дүние-танымына, ой-өрісіне, сана-сезіміне, іс-әрекетіне, мінез-құлқына қатысты болғандықтан - ділдік ұғымдар деп атаған жөн. Тыйым салынған ділдік ұғымдардың барлығы - ділдік табу.
Сөйтіп, табу іштей екіге бөлінеді: 1) ділдік табулар, 2) тілдік табулар. Тікелей айтуға, хабарлауға тыйым салынатын (затқа, құбылысқа, қимылға, іс-әрекетке, сөз бен тілге, т.б. байланысты) этнографиялық ұғымдар ділдік табуға жатады. Ділдік табулардың орнына жүретін, яки оларды алмастыратын қосалқы, жанама сөздер тілдік табулар болып есептеледі - деп табу мен эвфемизмнің өзіндік ерекшеліктері мен қызметін саралай отыра оларға жаңа атау беруді ұсынады. Бұл құбылыстарды жаңа атаумен атау олардың ара жігін ажыратуға бірден-бір септігі болар еді.
Сондай-ақ М.Жұмағұлова: Әдеттегі эвфемизмдер жеке адамдар арасындағы коммуникативтік қолайсыздықты (коммуникативтік дискомфорт) болдырмауды көздейді де, жеке бастық қатынасқа тән сипатқа ие болады. Ал газет бағаналарындағы эвфемистік формалардың әлеуметтік сипаты басым болады деп есептейді. Газети публицистика тіліндегі эвфемизмдердің әлеуметтік сипатымен ерекшеленетінін: ...сөздің эвфемистік мағынасын да тілдің өз ішінде ғана емес, тілдік ұжымның этикалық-моральдық, дүниетанымдық ерекшелігімен, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірімен байланыстыра қарау құбылыстың мәнін айқындай түседі деп, эвфемистік мағынаның мәнін айқындайтын басқа себептеріне де тоқталады. Яғни, эвфемистік мағынаның басты қызметі - дөрекі, тұрпайы, айтуға қолайсыз сөздерді алмастырып, тыңдаушысына коммуникативтік қолайсыздық тудырмау. Мысалы: Басына пұшпақ бөрік киіп, қолына таяқ ұстаған шоқша сақалдысы - жетпісті мол аралап кеткен адам.
Шоқша сақалдының құлағы ауыр ести ме, қалай үшеуі гүлзарды басына көтеріп, әлденеге келісе алмай дауласып отыр.
О дүниеге аттану кезегі кімге келіп тұр? Дегенді жай бір күнделікті шаруадай-ақ сөз етіп отыр. Сондай-ақ бұл тіл мәдениетін, сөйлеу мәдениетін көтеруге септігін тигізері, тілді тиімді жұмсай білуге үйрететіні даусыз. Мысалы: Сенің мұндай қоян жүрек, қорқақ, екі жүзді екеніңді бұрын білген болсам... (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары). Біреуі аңқау, ақ көңіл, екіншісі момақан, момын келген де, енді үшінші біреуінің тұрлаусыз, екі жақтылау мінезі бар-ды (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары) деп, қолданудағы адамның мінез-құлқын ашу мақсатында контрастық құбылыстарға дисфемизмдер мен эвфемизмдердің қызметі айрықша екендігі көрініп тұр. Контекстік мағынада қоян жүрек пен екі жүзді, ақ көңіл, момақан мен тұрлаусыз, екі жақтыларды, яғни дисфемизмдер мен эвфемизмдерді қаламгер жалпы адам болмысын ашуда өте ұтымды қолданған. Дисфемизмдер мен эвфемизмдердің бұл сықылды қатар келуі стильдік алуан түрлі қызмет атқарып, ойды жеткізуде өзіндік бояуымен оқшау танылатын сөздер тобы болып табылады. Мен орасан тентек едім де, ол жуас еді (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары). Ұлтшылдар ғой жұрт қан жылап отырғанда, бұлардың рахаттанып жүргендерін қарашы, - деп Барис оларға кектене қарады (Қайсенов Қ. Партизан соқпақтары) деген тұстары қаламгердің дисфемизм мен эвфемизмдер секілді контрастық құбылыс қолданымдарына енгізіп, жекелеген сөйлемдер құрамында өзара салыстыра шендестіріп, айқын қарсы қойылған мән сипаттарын ұштай түсуде бұл тілдік құбылыстар ерекше стильдік қызметте жұмсалғаны көрініп тұр.
Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынандай түрлері бар:
1. Ауру аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дәстүрі бар Мәселен, туберкулезнемесе құрт ауру деудің орнына өкпе `ауруы, рак нсмесе қылтамак, деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе сөз деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудіц орнына `самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін `сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.
2. Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік: атаулары алмастырылады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгелек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосақ деген сөздермен, аягы ақсақ дсгспді аяғы-ың сылтымасы бар деп алмастырып айта беруге болады.
3. Мағынасы айтушы мен тьщдаушыға бірдеіі соншама жағым-сыз, өрекі сөздер алмастырылады. Мәселен, нәжіс, қи несеп, дайрақ, үлкен дәрет, кіші дәрет, дәрет сындыру, ұлы дегендердің бәрі де белгілі контексте сыпайылық мән тудырады.
4. Үйлену мен тұрмыс құруга байланысты сөздер алмастырылады. Мәселен, тұрмыс күру, түрмысқа шыгу, баласын құтты орнына қондыру, баласын аяқтандыру, қолына кұс қон үйлі-баранды болу, семья құру, отау тігу, бөпелі болу, аяғы ауыр, орауға отыру тәрізді сөздср үйленуге байлаиысты айтылады.
5. Қоғам өміріндегі адамдардыц бір-бірінің жағымсыз қарым-қатынастарына қатысты сөздер алмастырылады, Мәселен аузы жеңіл, қолының жымысқысы бар, қосып айтады, ауыз бастырық, сөзге келу, бет жыртыспау, жасы үлғаю, қалтасы тесік көзіне шөп салды, жаяу почта, үзын күлақ, аузының желі бар ішінде бүкпесі бар, сымсыз телефон дегендер сыпайылық мәнде айтылады.
Эвфемизмдер ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің негізгі бір тәсілі. Сондықтан алдағы уақытта да сан түрлі эвфемизмдер туып қалыптасатындығына ешбір шек келтіруге болмайды.
Осы айтылғандарды ескере отырып профессор Б.Сағындықұлы жаңа термин ұсынады: этнографиялық табуды ділдік табу, мен лингвистикалық табуды тілдік табу деуге болады. Сөйтіп, табу іштей екіге бөлінеді:
1) ділдік табулар, 2) тілдік табулар.
Тікелей айтуға, хабарлауға тыйым салынатын (затқа, құбылысқа, қимылға, іс-эрекетке, сөз бен тілге т.б. байланысты) этнографиялык ұғымдар ділдік табуга жатады. Ділдік табулардың орнына жүретін, яки оларды алмастыратын косалқы, жанама сөздер тілдік табулар болып есептеледі.
Қазақ тіл білімінде табуды тар шеңберде қарастыру окулықтарда орнығып алған. Табуды тек мифологиялық, діни ұғымдармен, әдет-ғұрып, салт- дәстүрмен тыгыз байланысты қарау табуды зерттеудің негізгі принциптерінің біріне айналды. Шындығында, солай ма?
Тіл -- ұлттың жаны деген сөз бекер айтылмаған. Әдет-ғұрып, салт-сана, ұрпақ тэрбиесіне байланысты тәжірибе тағылымын халқымыз нұсқалы сөзбен өрнектеп, оған терең мазмұн сыйдыра білген. Жылдар бойы ауызша тарап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан тыйым сөздерді жинақтап, бір тақырып төңірегіне топтастыра қараудың бүгінгі күні қайсыбір халықтың дәстүр, игі салты ұмыт болып бара жатқан кезде мэні айрықша. Тэлім-тэрбие элеуметтік өмірі тынысын аңғартатын байырғы наным-сенімдер, өмірден жинақтаған ұжымдық тэжірибені, өзге де деректерді іздесек, олардың тілімізде сақталған.
Жарық дүние есігін ашқан адамға азан шақырып, ат қою -- күллі халықта бар дәстүр. Бірақ ат қоюдың шарты, салт-жоралғысы, ырымы эр халықта эр түрлі болатындығы белгілі. Ертеректе қазак тұрмысында казанның кұлағын қағып, жаңа туған баланың құлағына ата-анасы мақұлдаған атты үш қайтара дыбыстап айтатын болған.
Қазақ халқының байырғы тұрмыс-салт жырларында, эпостарында кездесетін деректерге қарағанда, ат қоюдың өзгеше ырым жоралғысы болғандығы байқалады. Жаңа туған ер балаға мазмұны қарапайымдау бір атты Қоя салатын болған. Бала алғашқы ерлігін жасағанға дейін шартты атпен жүреді. Бала өсе келе жұртты куантарлык іс етсе, ерлік жасаса, соган орай мазмұны келісті ат беретін болған. Ат коюдағы мұндай жоралғылар әсіресе, жаугершілік заманда қолданылған. Академик Ә.Марғұланның айтуынша, Қоркыт жырында Ұланга бірінші ерлік қадамын жасаганша ат койылмайды. Оғыз бен кыпшактарда, тағы да басқа түркі тайпаларында Ұлан белгілі сыннан өткенше, бірінші ерлік ісін өзі көрсетпейінше -- оган ат коймаған, ал 12-14 жасқа дейін шартты атпен (Бокмұрын, Итпай) жүрген; Немесе Ұланның көрсеткен ерлігі, жаужүректігіне орай оның есіміне түрлі эпитет сөздер (батыр, ер, кабылан, т.б.) косылып айтылатын болған. Сүйіншінің жасы қырыққа келгенде бала көрмей жүріп барып бір балалы болады. Ол баланың атын ноғайлы елі жиналып отырып: Арғы атасы Қарадөң, одан туған Жұбаныш, өз әкесі Сүйініш катарынан аскан ерлер еді. Мұнан туған бала да ер болар, мұның атын Бегіс коялық. Егер ер болса, қатарына ер атағын косармыз, -- деп ойлайды да, бұның атын Бегіс кояды (Қарадөң батыр).
Міне, осындай деректерге қараганда, бала өсе келе ел корғаған батыр, ел кұраған би, коғамды көркейткен кайраткер болса, азан шакырып койған атына әр түрлі жағымды эпитеттер косарлана айтылады. Асан Қаты, Әз Жәнібек, Ер Тәуке, Ер Еңсегей, бойлы Ер Есш, Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке шешен, Қара Керей Қабанбай, Жалацтөс банадур, Сырьш батыр сынды тарихи тұлғалар калыптаскан эпитет немесе қосарлы айкындауышпен айтылады. Мұндай косар сөздер, түптеп келгенде, халыктың аяулы азаматтарына берген жоғаргы атак деуге болады. Ел-жұрт кұрметтеп, барша қазак кадір тұткан ұлы тұлғаларды тұракты эпитетпен айту этикеттік нормаға жатады. Мұндай ұлттык этикет нормаларынан бейхабар адам, әсіресе бұл жөнінде арнайы тәлім-тәрбие көрмеген оқушы жастар тарихи есімдерге косарлана айтылатын эпитет сөздерге жете мэн бермей, оларды тек номинативтік кызметтегі сөздер немесе кісінің азан шақырып қойган аты деп ұғады. Олардың этикетті мэні бар сөздер екенін байыптай бермейді.
Сондай-ак казіргі кезде ресми жағдайда кісі есіміне қосарлана айтылатын профессор, доктор, жазушы, инженер, дәрігер, депутат тәрізділер -- мамандық, кәсіп, атак-дәрежені аңғартатын сөздер гана емес, этикеттік кызметі бар атаулар. Бұлар ұлттык этикет нормасына кейіннен қосылган жаңалыктар.
Байырғы қазак тұрмысында кісіге ат койып, айдар тагудың этикетке катысты тағы бір эдет-салты болған. Ауылды жерде күні кешеге дейін ұл болсын, кыз болсын, азан шакырып қойган атымен ғана жүрмеген, оларға косымша ат жамылып отырған. Мысалы, ертеректе жаңа түскен келін, тай мінген баладан таяк ұстаған кэріге дейін сол ауылдың адамдарының атын тура атамай, жанама атпен атаған. Бұл салт казақ тұрмысында ат тергеу деп аталады. Ат кою мен азан шақырып казанның құлағын кағып койған ат тергеу екеуі екі баска ұғымды білдіреді. Кісінің азан шакырып койған есімі немесе оның ел-жұрты кұрметтеп койған аты я болмаса ата-анасының балаға жас кезде еркелетіп койған есімі жалпыға ортақ болса, ал оның жанама аты туыстык карым-қатынасы бар бір ғана адресантка (немесе адресанттар тобына) тиісті болған.
Ат тергеу тэрізді салтка эуелде ат жасыру тәрізді табу негіз болуы ықтимал. Табудың бұл түрі ерте кездегі мифологиялық санага байланысты қалыптасқан. Мұндай таным-түсінік бойынша дүлей күш иелері (жын, пері, дию т.б.) адамның шын атын білмеуге тиіс. Егер олар кісінің шын атын білетін болса, оны тура жолдан тайдырады деп түсінген. Қазіргі кездің өзінде ел ішінде әйел адам кетіп бара жаткан ер адамның атын дауыстап шакырмайды (жолы болмай қалады деген ырым). Ат тергеу салты әуелде осындай мифологиялык түсінікке байланысты пайда болган, бертін келе ондай мазмұннан арылып, этикеттік мэнге көшкен.
Көркем эдебиеттен алынған мын бір үзік ел ішінде кездесетін осындай дэстүрлі эдет-ғұрыптың жарқын бір мысалы бола алады. Манадан ешкімді кездестіре алмай тұрған әйел, асығыс болса да, аз кідіріп карап калған Байшегірге алыстан айғайлап: -- Үлкен кісі, жүзден жиырмасы кем аулының жігіттері қайда жатады екен? Білсеңіз, жөн сілтеп жіберіңізші? -- дейді.
Әйелдің сұрап тұрғаны Сексен аулының жігіттері екенін аңғармай қалған Байшегір:
-- Шырағым, ондай оспағыңа шоркак едім... Пайғамбардың аулы болса да атын аташы! -- деді.
Әйел біреу естіп қалмас па екен дегендей, айнала бір карап алды да:
-Тэңірі деген жүзге жиырмасы жетпесе, сексен болмайтын ба еді! Сексен ауылының жігіттерін сұрамаймын, -- деді енді турасынан тартып" (Ғ.Мүсірепов. Оянған өлке, 296-6.).
Шаңыракка түскен жас келін ата-енесінің ғана емес, ат тергеу салты бойынша күйеуінің жасы үлкен туған-тусқандарының да атын атамайды. Күйеуінің іні-карындастарына да ат кояды.
М.Әуезовтың Абай жолындағы Тоғжанның, Ғ.Мүсіреповтың Оянған өлкесіндегі Назыкеш, С.Мұқановтың Ботакөзіндегі Ботакөз т.б. жеңгелерінен сырын жасырмайды, олардың акын-кеңесін тыңдап, біріне-бірі тілекші болады.
Отбасындағы тату-тәтті мұндай карым-қатынастың орнауына, сірә, ежелден келе жатқан ат тергеу тәрізді этикеттік карым-катынастың тигізер ізгі ықпалы аз болмаған. Ат тергеу салты, бір жағынан, от басындағы, ағайын-туыс арасындагы қарым-катынасты реттеп отыратын кызмет аткарса, екінші жағынан мұндай салт адресаттың сезім күйін де көтеретіндей кызметте жұмсалған. Әдетте адамның азан шакырып койған аты бейтарап реңкте болады. Онда ешбір бояу әсірелеу деген болмайды. Ал жеңге қайын сіңлі, кайын інілеріне көбіне мазмұны ұнамды, жагымды ат кояды. Кісінің азан шакырып қойған атымен (бұлар маркирленбеген атаулар) салыстырғанда Көзжаксым, Кенжетай, Шырайлым, Шырақ, Сал жігіт, мырза жігіт, молда жігіт, мырзажан, Ортаншым, Еркем, Еркежан, Қалкажан, Сері жігіт т.б. атауларда (бұлар макирленген атаулар) еркелету іштарту тэрізді сыйластык мазмұн, интимдік мән болады. Мұндай атаулардың кұлакты үйіріп тұратыны сондыктан. Созге тапқыр әрі байқағыш жеңгелер кайынсіңлілерін пішінін, мінез-кұлкын, жүріс- [тұрысын дәл бейнелейтін Еркекшем, жігітжан, қызторе тэрізді кызғылыкты ат -га коя білген.
Көрнекті этнограф Х.Арғынбаев өзінің этнографиялық зерттеулерінде ат тергеу салтына байланысты былай деп пікір түйеді:
Қазақ дәстүрінде үлкеннің атын атамай, оған арнайы ат қойып, оны өле- өлгенше есінде сақтаулы үлкен эдептілік, көргенділік деп есептейтін де, ондай адамдарга барша жұртшылық дэн ризалықпен қарайтын. Өйткені кіші үлкенді сыйласа, үлкен өз тарапынан кішінің кішілігін сыйлау -- халқымыздың қанына сіңісті болған абзал әдет.
Сондай-ақ, табу бірыңғай ескі наным-сенімге, мифологиялық көзқарастарға ғана емес, дидактикалық ақыл-кеңестерге, тэлім-тэрбиеге, гигиеналық тазалыққа т.б. негізделеді: жағыңды таянба, аузыңцы кере ашпа, ішегіңді тартпа, жер таянып отырма, қолыңды төбеңе қойма, қолыңды тарактама, бейітке қолыңды шошайтпа, дэм мен дастарханды баспа, дастарханнан аттама, астың аузын ашық тастама, түннен қалған тамақты ішпе, нанды бір қолыңмен үзбе т.б.
Қысқасы, тотемизмнің негізінде қалыптасқан тыйымдар, ғылыми түрде табу этнографиялық ұғыммен байланысты. Табу полинезия тілінен алынған, кейбір заттардың аттарын тікелей атауға тыйым салу мағынасын білдіреді. Табудың пайда болуы бүкіл адамзат тарихымен, әсіресе рухани дамудың төменгі сатыларындагы діни ұғымдармен тығыз байланысты. Егер тотемдік түсініктерде жануарлар мен өсімдіктердің адамға қандас қатынасы бар деп түсіндірілетін болса, табудағы кейбір жануарлар мен өсімдіктер касиетті деп ұғындырылып, егер өз атын атаса, олар есітп, адамға немесе оның мал- мүлкіне зиян келтіреді деп корыққаннан олардың өз атын атауға тыйым салынған. Бұл құбылыс -- табуды лингвистикалық сипатқа көтереді. Өйткені жануарлардың аттарын ашық қолдануга салынған тыйымды өзгертуден баскаша атаудан, жасанды синонимдерді, дәлірек айтқанда, эвфемизмдерді тудырды. Мәселен, қазақ тілінде бөрінің атын тура атауға қаймыгып, қара кұлак, ұлыма, серек кұлак, ит-кұс, кара ауыз немесе теріс азу, жиен сиякты эвфемизмдерді колданатын болған.
Ғалым Ә.Қ.Ахметов зерттеуі бойынша казақ раасында каскырға деген көзкарас екі жакты болып келеді. Біріншіден, казақ касқырды тотемдік жануар ретінде кұрметтеген. Екіншіден, казақ касқырды малдың жауы, жыртқыш деп білген эрі одан магиялык нанымға байланысты, атын атаса малға шабады деп сескенген де. Сондықтан қасқырдың атын атауға тыйым салынган.
Эвфемизм, сыпайы сөз -- мағынасы тұрпайы сөздерді сыпайылап жеткізу. Эвфемизм сыпайыгершілікке, әдептілікке байланысты туған, тіл-тілдің барлығында кездесетін кұбылыстардың бірі. Сөйлеуші белгілі бір тілдік ркымда қалыптасқан этикеттік нормаларды сақтауға тырысады. Адамның сезіміне, көңіл-күйіне ауыр тиетін сөздерді жүмсартып қолдану эвфемистік тәсіл. Мысалы, біреу өлді деудің орнына демі бітті, қайтпас сапарға кетті дейді. Сондай-ақ адамның дене мүшелеріндегі кем-кетікті саңырау (құлагының мүкісі бар), кедей, жарлы сөздері қалтасы жұқа, байга тиді (кұтты орнына қондырды) т.б. деген эвфемизмдермен ауыстырылады Бұл жағынан эвфемия этикеттік нормамен байланысып жатады.
Эвфемизм тілдің лексика-фразеологиялық жүйесіндей кездейсоқ құбылыс емес, бастапқыда бұл ұгым белгілі бір қоғамда айтуға ұят саналатын сөздерді басқа сөзбен ауыстыру дегенмен шектелді. Тыйым салынған іс-әрекет, зат, құбылыс т.б. табу деп, ал іс-әрекеттің сол затты, құбылысты, нэрселерді білдіретін атаулары табу сөз деп арнайы терминмен аталды.
Эвфемизмдер адамдар арасындағы коммуникативтік қолайсыздықты (коммуникативтік дискомфорт) болдырмауды көздейді. Сөздің эвфемистік формасын дұрыс, орынды колдану коммуниканттар арасындағы қарым- қатынастың ойдагыдай болуына, үзілмеуіне ерекше эсер етеді. Бұл, бір жағынан, адамдардың жеке басының мәдениетін көрсетсе, екінші жағынан, сөз иесі мен қабылдаушының арасындағы тілдік байланыстың ойдағыдай болуын қамтамасыз етіп, әсіресе мэтіннің қабылдаушының ой-сезіміне әсерін күшейте түседі. Ал сөздің эвфемистік мағынасына көніл бөлмеу, түптеп келгенде, сөз мэдениетіне керісінше ықпал етеді. Мысалы, ұрланыпты деудің орнына қолды болыпты, ұрысты деудің орнына тіл тигізді, алдап кеттінің орнына отырғызып кетті т.б.
Эвфемизмнің тұрақты яғни релевантты белгілері, біріншіден, тыйым салынған сөздерді (мифологиялық, діни, саяси, экімшілік, идеологиялык, т.б.) басқа атаулармен ауыстыру, екіншіден, белгілі бір тілдік ұжымда айтуға ұят саналатын сөздерді (кейбір дене мүшелері, жыныстық катынасқа байланысты атаулар, физиологиялық зат алмасуымен байланысты кейбір атаулар т.б.), үшіншіден, сөйлеуші ұғымында, түсінігінде дөрекі, әдептілікке жатпайды- ау деген сөздерді басқаша сөздермен (қарапайым лексика) ауыстыру, төртіншіден, тыңдаушыға жайлы, жағымды болып көрінетін сөздерді таңдап, талғау. Міне, бұл аталғандарды эвфемизмдердің тұрақты белгілері деп атауға болады
Түркі тілдеріндегі эвфемизмдердің этномифологиялық, этнопсихологиялық негіздерін көрсете келіп, Ә.Қ. Ахметов табу мен эвфемизмнің тілдің табиғаты мен қоғамдық мәнін тереңдете түсетін теориялық тұжырым ұсынады: ...табу мен эвфемизмдердің арасындағы байланысты себеп пен салдар деп қараған жөн. Өйткені эвфемизмдерді тудыратын табу. Сондықтан да олар бір-бірінсіз жүре алмайды. Сосын табу эвфемизмдерді Тудырып қана коймай, оларға үнемі өз орнын беріп, өзі солардың тасасына бой жасырады.
Эвфемизмдердің жасалу жолдары эр түрлі. Солардың ішінде ең өнімділері троптың түрлері арқылы, атап айтқанда, метафора, синекдоха, метонимия, митота тәсілдері аркылы жасалған эвфемизмдер жиі кедеседі.
Табу мен эвфемизмдер кай тілде болмасын сөздік кұрамның дамуына әсерін тигізіп отырады.
Қазақ лексикологиясында табуды эвфемизмдерден, эвфемизмдерді табудан бөлек, екеуі екі баска кұбылыс деп танушылык басым. Мысалы, кейбір еңбектерде табу туралы: Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталады [35;24], эвфемизм туралы осы авторлар: Сөздің ұғымы дөрекілеу, қолайсыздау, көңілге тиетіндей болып келген жағдайда тілде бір сөз бір сөзбен алмастырыла береді. Мұндай жағдайда мағынасы тұрпайы сөздің орнына сол ұғымды жұмсартып, жеңілдетіп жеткізетін сыпайы, жұмсақ сөздер айтылады. Мұндай құбылыс тіл білімінде эвфемизм деп аталады -- дейді.
Профессор Ә.Қ.Ахметов өзінің зерттеулерінде эвфемия кұбылысына жан-жакты талдау жасай келіп, табу мен эфмемизмдердің тілмен бірге туып, бірге жасайтын, бір-бірімен ажырамас кұбылыс екенін көрсетеді. Эвфемизмдер, автордың айтуынша, табу немесе тыйым болған жерлердің бэрінде кездеседі, яғни табусыз эвфемизмдер болмайды. Ал түркі тілдері бойынша зерттеулерге карағанда, табу күні біткен, ал эвфемизм, өмір сүретін кұбылыс тэрізді көрінеді.
Профессор Ә.Қ.Ахметов: Табу мен эвфемизмдердің шығу тегін куаласа, олар адамзат тарихының түкпіріне карай жетелейді. Оған тереңірек бойласақ, табу мен эвфемизмдер адам баласының рухани мәдениетінің бастапкы сатыларынан бастап күні бүгінге дейін калыптаскан дэстүрлі наным- сенімдермен де, эдет-ғұрып, салт-санасымен де, қазіргі заманның басты діндерімен де, тіпті өзіміз өмір сүріп отырған дэл бүгінгі таңдағы тіл мэдениетімен де тікелей байланысты екеніне көз жеткіземіз.
Қыскасы, эвфемия кұбылысы тыйым жүрген жерде еш уакытта жоғалмайды, яғни табу болған жерде ғана эвфемизм болады, табусыз эвфемизм болмайды. Бұл екеуінің диалектикалық бірлігін ескермеген кезде эвфемизм сөзді көріктеу, эшекейлеу деген стильдік амал-тэсілдің бірі болып көрінеді. Мысалы, кейбір оқулыктарда эвфемизмдер көріктеуіш тәсіл деп, жаңсақ түсіндіріледі. Сөйтіп, эвфемизм белгілі бір кұбылыс, зат, нәрсе, әрекетті айтудың жанама номинациясы екендігі айқындалмай, тура номинациясымен шатастырылады. Ал, эвфемистік колданыстың ең негізгі мәні -- сөздің тыйым салынган формасын тыйым салынбаған бейтарап формамен ауыстыру болып табылады.
Мысалы, айтуға ұят саналатын сөздер, ауру атаулары, өлім-жітімге байланысты сөздер. Сөздің табулык формаларымен бірге эвфемистік формалары да синонимдік мэнде колданылады. Өйткені жеке адамдар арасындагы коммуникацияда табулық форманы эвфемистік формамен ауыстыру кажет болады. Мысалы, аурудың накты атын атамай, ауыратыны бар еді, кедейлер -- әл-ауқаты төмен адамдар.

1.2 Табу мен эвфемизмнің орыс тіл білімінде зерттелуі

Орыс тіл білімінде эвфемизмдердің теориялық негіздері пайда болуы, жасалу жолдары Б.А.Ларин, Л.А.Булаховская, А.А.Реформатский, Л. Крысин т.б. еңбектерінде көрсетіледі. Эвфемизмдер дөрекі сөздерді сыпайы сөздермен алмастыруда қызмет ететін сөздер мен қолданыстар ретінде қарастырылады: Эвфемизмы - слова или выражения, служащие в определенных условях для замены таких обозначений, которые представляются говорящему нежелательными, не вполне вежливыми, слишком резкими. Например, задерживается вместо опаздывает, кто крайний? Вместо - кто последний? (в очереди) наряду с такими более или менее устойчивыми заменами, в речи отличаются смягчающие индивидуально-контекстные обозначения, которые так же обычно расцениваются как эвфемизмы.
Бұған қоса Л. Крысин Эвфемистическая замена используется в стремлении избегать коммуникативных конфликтов и неудач, не создавать у собеседника ощущения коммуникативного дискомфорта деп, адамдар арасындағы қарым-қатынаста қолайсыздық тудырмау үшін эвфемизмдермен ауыстырылатындығын айтады. - Партия қызыметіндегі орыс ағайындар да жақсы жейтін сияқты осы қазаны, - деді, екінші жапырақтыаузына салған Саржан, оңды-солды қарш-құрш шайнап. (22 бет Мағауин М.) Контексті жұмсарту мақсатында сөйлеу тіліне тән ағайын лексемасы тіркесіп берілген орыс ағайындар қолданысы эвфемистік формада жасалынған.
Бүгінгі күні эвфемизмдерді функционалдық стильдер ішінде зерттеу қолға алына бастады. Функционалдық стильдерді тереңдете зерттеу жалпы әдеби тілмен байланыс ерекшелігін анықтауды қажет етеді. Орыс тіл білімінің көрнекті өкілі В. Виноградов функционалды стиль түрлерінің тілдегі үш түрлі қызметін атап көрсетеді: бірінші - қарым-қатынас қызметі (ауызекі сөйлеу стилі), екіншісі - хабар беру қызметі (ресми және ғылыми), үшінші - ықпал ету қызметі (публицистикалық және көркем әдебиет стильдері.
Жалпы тілтанымдағы эвфемизмдердің теориялық негіздері Б.А. Ларин, Л.А. Булаховская, А.А. Реформатский сияқты ғалымдар еңбектерінде түрлі нысанда көрсетіліп, оның тілдік материалдардағы әмбебап дамуы мен пайда болуы, ерекшеліктері ескеріледі. Ал В.И. Жельвис, Н.А. Евсеева сынды ғалымдар эвфемизмдерді диахрондық және синхрондық нысандар тұрғысынан қарастырса, В.П. Москвина, Е.И. Шейгал, Т.Л. Павленко т.б. эвфемизмдердің түрлі жасалу жолдарын көрсетеді. Эвфемизмдерді кешенді түрде (тілдік, әлеуметтік, танымдық феномен) тану Н.В. Тишина еңбектерінде кең қолданыс табады. Ол эвфемизмдердің сәтті шығуындағы негізгі белгі - сыпайы әрекет, әсер деп таниды. Эвфемизмдерді эвфемизмдер семантикасы, эвфемизмдер формасы деп бөліп көрсетеді. Ал В.П. Москвин эвфемизмдерге кең көлемде жіктеме жасап уәжділік, метафоралық, метонимиялық, перефраздану, эллипсис, антономазия сынды қасиеттерін ұсынады.
Эвфемизмдерді тақырыптық жағынан жіктеген ғалым Л.П. Крысин болды. Л.П. Крысин, Е.И. Шейгал, А.Д. Шмелев сынды бірнеше ғалымдар эвфемизмдердің сөз табына қатысы жайлы да сөз етеді. Қазіргі қолданыстағы эвфемизмдерді ғалым Е.П. Сеничкина былайша топтастырады:
- Тарихи эвфемизмдер
- Тілдік эвфемизмдер
- Окказионал эвфемизмдер
Әдетте, табу мен эвфемизмдер мифологиялық дүниені қабылдау аспектісінде де қарастырылады. Сонымен қатар табу мен эвфемизмдердің кейбір түрлері тек мифологиялық емес, өзгеше сипатқа да ие болады. Мәселен, зерттеушілер былай деп көрсетеді: На современной стадии развития общества религиозные эвфемизмы в Европейских языках являются уже пережитком или отголоском более ранних эпох. Для современного языкового употребления значительно большую роль играет социальный и моральный эвфемизм. В силу сложившихся условий в обществе не всегда возможно или целособразно называть вещи их действительными именами. Это невозможно либо из этических соображений, соображений вежливости, либо вследствие некрасивости и запретности вещей. Этические эвфемизмы заключаются главным образом, в смягчении понятий или в замене родного слова словом из какого-либо иностранного языка.
Табу мен эвфемизмдердің пайда болу себептері алуан түрлі: этикалық, саяси, мифологиялық-діни және т.б. болуы да мүмкін.
Функционалдық стильдерді тереңдете зерттеу жалпы әдеби тілмен байланыс ерекшелігін анықтауды қажет етеді. Орыс тіл білімінің көрнекті өкілі В. Виноградов функционалды стильдің тілдегі үш түрлі қызметін атап көрсетеді: бірінші - қарым-қатынас қызметі (ауызекі сөйлеу стилі), екіншісі - хабар беру қызметі (ресми және ғылыми), үшінші - ықпал ету қызметі (публицистикалық және көркем әдебиет стильдері.
Эвфемизм терминінің шешен сөйлеуге қатысын айта келе орыс ғалымы В.П. Москвин пікірін былайша білдіреді: Эвфемизация служит соблюдению одного из условий так называемой хорошей речи, определяющих ее уместность. Последняя определяется соответствием речи, во-первых, ее теме, во-вторых - коммуникативной ситуации. Первое соответствие назовем тематической уместностью, второе - уместностью ситуативной. Приемы эвфемии напрямую связаны реализацией ситуативной уместности речи.
Жалпы тілтанымдағы эвфемизмдердің теориялық негіздері Б.А. Ларин, Л.А. Булаховская, А.А. Реформатский сияқты ғалымдар еңбектерінде түрлі нысанда көрсетіліп, оның тілдік материалдардағы әмбебап дамуы мен пайда болуы, ерекшеліктері ескеріледі. Ал В.И. Жельвис, Н.А. Евсеева сынды ғалымдар эвфемизмдерді диахрондық және синхрондық нысандар тұрғысынан қарастырса, В.П. Москвина, Е.И. Шейгал, Т.Л. Павленко т.б. эвфемизмдердің түрлі жасалу жолдарын көрсетеді. Эвфемизмдерді кешенді түрде (тілдік, әлеуметтік, танымдық феномен) тану Н.В. Тишина еңбектерінде кең қолданыс табады. Ол эвфемизмдердің сәтті шығуындағы негізгі белгі - сыпайы әрекет, әсер деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТАБУ МЕН ЭВФЕМИЗМДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Тыйым салынған атаулар
Эвфемизм. Эвфемизмдердің жасалу жолдары
БАҚ материалдарындағы эвфемизмдер
Табу және эвфемизм
Қазіргі қазақ тіліндегі эвфемизмдердің тыйымдары мен ерекшеліктері
Фразеологизмдер - тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі
Эвфемизмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылу мәселесі
ЭВФЕМИЗМДЕР МЕН ДИСФЕМИЗМДЕРДІҢ КЕЙІПКЕР ТІЛІНДЕ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы
Пәндер