Тарихи жыр табиғаты


Мазмұны
Кіріспе . . . 31 «Шора батыр» жырының тарихилығы және нұсқалары . . . 8 1. 1 Шора батыр және оның дәуірі . . . 8 1. 2 Тарихи жыр табиғаты . . . 17 1. 3 Жырдағы тарихи және эпикалық шындық . . . 21 1. 4 «Шора батыр» жырының ұлттық нұсқалары, даму жолдары . . . 30 2 «Шора батыр» жырындағы сюжеттік желі . . . 39 2. 1 Жыр сюжетінің өзіндік ерекшелігі . . . 39 2. 2 Жырдағы сюжет пен композиция тұтастығы . . . 42 3 «Шора батыр» жырының көркемдік ерекшелігі . . . 46 3. 1 Ажарлау мен құбылту - жырдағы көркем тіл негіздері . . . 46 3. 2 Жырдағы айшықтаулардың өзіндік мәні . . . 53 3. 3 Өлең өрнегінің жырдағы көрінісі . . . 54 Қорытынды . . . 57 Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының данышпаны, ақындық жан жүрегі болған кемеңгер Абайдың: «Дүние үлкен көл, заман соққан жел, алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын - інілер; кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» деген нақыл сөзі бар. Замана толқыны тарих теңізінің жағалауына көркемөнердің баға жетпес меруерт маржандарын қалдырды. Бұл бағзы заманнан қалған архитектуралық ескерткіштер, грек храмдары, мысыр пирамидалары, қытай сарайлары, скульптура, лағыл тастар мен мәрмәрден жасалған кереметтер өткен дәурен адамдарының жай - күйін аңыз етіп шертетін сурет пен музыка. Бірақ сол асылдардың асылы - адам баласының рухы мен ақыл - ойын барша ұрпаққа паш еткен ескірмес, өлмес, өшпес өлең - жыр.
Өткен замандардың көп күйлерін сақтап келген сол бір асыл меруерттің сырын аңдып, ғасырлар құрдымына үңілсек, бағзы өмір қаз қалпында көз алдымызда елес беріп кеткендей болар еді. Өткен заман жайын шертетін өлмес, өшпес, дана шежіресі - эпос бізде ғасырлар тынысын жеткізгендей, сол кездегі жандар бейне бір тіріліп келіп сыр - сезімін, ойы мен шынын, үзілмес арманы мен бақыт аңсаған тілегін алдымызға жайып салғандай болар еді.
Бақыт іздеп, ғасырлар бойына сахараны шарлап шарқ ұрған мұңдар жолаушы қазақ халқы бізге архитектура мен скульптураның, сурет өнерінің ескерткіштерін қалдыра алмады. Бірақ ол бізге ең асыл мұра - жыр мұрасын мирас етті. Жыршы халық, ақын халық есте жоқ ескі замандардан бастап дарыған ақындық даналығын қапысыз жұмсап, өзінің рухын ұмытылмас эпостық дастандарында, сан алуан түрлі жырларында бейнеледі.
Эпос көркемдік ойлаудың қайталанбас, мәңгілік мағынасы кемімес, сұлулығы тозбас айрықша ажарлы бір деңгейі. Үстірт қарағанда ол өткен замандар ермегі, болған, біткен, тарих сахнасынан өшкен оқиғалардың тізбегі, көне түсінік, қиял аралас, әсірелеуі мол әлем сияқтанып көрінсе де, оның сымбаты мен ғибраты түпсіз терең. Эпостың асыл мұраты, ірі тұлғалары, таза табиғи шындығы, керемет көркемдігі сан қауымды адамдық, азаматтық рухында тәрбиелеп келді, оның әрі қарапайым, әрі қол жетпестей биік туындылары әлі де алуан буын өкілдеріне ерлік, шындық, мәрттік өнегесін дарыта бермек.
Эпостың өзіне хас, қалыпты белгілері: онда белгілі бір халықтың эпикалық өткен дәурені суреттеледі, эпопея негізіне жеке бастың емес, ұлттық өмірдің аңызы алынады, мұнда бұрынғы мен қазіргінің арасында ұзақ уақыттық белестер жатады. Эпос - өмір оқиғаларының нақтылы талдауы емес, естелігі.
Ал қандай да болмасын ұлттың эпикалық естелігі қайта өзгертуге, басқаша баяндауға болмастай қасиетті ұғым. Ол жеке адамдардың өңдеуіне, әрлеуіне көнбейді, өйткені эпикалық аңыз өз келбетімен қызық, оның бағасы да беріліп, қорытындысы да шығарылып қойылған. Эпикалық жырларда халықтың жақсылық пен жамандық туралы ұғымы, тарихи тәжірибесі, әлеуметтік құбылыстарға бағасы, келешектен күтер үміті ерекше тәсілмен көрініс береді.
Сондықтан да жырлар мен тарихтың ұзына бойында орын тепкен оқиғалардың арасынан дәлме дәл ұқсастық, үндестік іздеу шындыққа жеткізбейді. Мұның қаһармандары да эпикалық идеалдандыру тәсілімен берілген «таныс бейтаныс». Эпос кейіпкерінің аты тарихи адамдарға ұқсас келуі оларды қалайда нақтылы бір түбірден шыққан дегізе алмайды.
Эпос қазақ фольклорының елеулі бір саласы. Танымдық - тәрбиелік мәні өте зор бұл жанр үлгілерінің көпшілігі күні бүгінге дейін жарияланып, зерттеліп жатыр.
Жетпісінші жылдардың соңына дейін қаһармандық жырлар жөніндегі зерттеулер қазақ әдебиетінің жалпы тарихы туралы жазылған оқулықтардың жекелеген тарауларымен шектеліп, олар арқылы білдірілген ақиқат цензура белгілеген мөлшерден аспады.
Баспа бетін тек таптық, халықтық көзқарастарға сай келеді деген мәліметтер ғана көрді. Осының бәрі қаһармандық жырды танып білу ісінің ақтаңдақ беттерін көбейтті.
Қаһармандық жырлардың әлі де болса зерттеуді қажет ететін мәселелері - аталған жанрдың өзіндік ерекшеліктері, жанрлық сипаты мен типологиялық негіздері.
Бұндай қажеттілік, біріншіден, қаһармандық жырлардың нақты өмір шындығына, бір табан болса да жақындау тұратындығынан туындайды.
«Шора батыр» әрісі түркі халықтарының, берісі қазақ халқының поэтикалық шығармашылығындағы жетістіктерін таныта алатын бірегей шығарма.
Елуінші жылдары Орта Азия фольклористикасында эпос халық туындысы емес, ақсүйек феодалдар тобының туындысы, эпос тек феодализм заманыныда туған, сондықтан феодализм және ислам дінінің арқауы «эпостың алтын заманы» болды дейтін қисын бел алды. Осының нәтижесінде Қырғызстанда «Манас», Татарстанда «Едіге», Түркменстанда «Қорқыт ата кітабы», Өзбекстанда «Алпамыс» сияқты эпостардың тағдыры сынға түсіп, қым-қиғаш айтыс-тартыс жүріп жатқанда, Қазақстанда да эпостың төңірегіндегі үрда-жық пікірлер, үкім-қарарлар өзге республикалардан асып түспесе кем қалған жоқ.
«Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази», «Едіге», «Ер Есім», «Ер Сайын», «Шора батыр» сияқты ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан жырлар осы қисынның құрбандығына шалынды. Бұл қаһармандық эпостарды зерттеу түгілі, атын атаудың өзі қорқынышқа айналды. Осынау ұлтымыздың рухани әлемі мен тарихи танымының өлшем-таразысы болған мұралар сананы улайтын ескінің сарқыншағы ретінде «тазалауға» ілініп, ұзақ жылдар бойы жабулы жатты.
Қазақтың қаншама эпостары ішінен саяси сүзгі елегінен аман өткен «Қамбар батыр» ғана болды.
1952 жылы «Қамбардан» басқа бүкіл қазақ батырлық жырының оқу бағдарламасынан шығып қалуы бақылаудың тым қаталдығын, солақай саясаткерлердің асқан қырағылығын танытса керек. Сондықтан болар, сол кезеңде жекелеген ғалымдар ой безбенінен ілгеріде «асығып өткен» пікірлерінен бас тартты. Соған қарамастан «үстем тап қоспасынан тазарту», «іріктеп пайдалану», «буржуазияшылдық-ұлтшылдық қалдықтардан арылту» сияқты «жеңілдіктерді» пайдалану арқылы эпостың шын жанашырлары «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын» сынды жырларды қайта тірілтті.
Бүгінгі таңда еліміздің егемендік алуына байланысты халқымыздың рухани өмірінде үлкен сілкіністер болып жатыр. Қасаң қағидалар салдарынан қағажу көрген эпостардың қайта оралуы - ұлттық дүниетаныммен қатар ақтаңдақтар орнын толтыруда. Үзақ уақыт жарық көрмеген халықтық туындыларды жариялау, ғылыми зерделеу ісі қолға алынып, үлкенді-кішілі зерттеу еңбектер оқырманымен қауыша бастады.
«Шора батыр» - қырағы идеология құрығына іліккен қаһармандық эпостың бірі. Жырдың бас кейіпкері кәпірлерден азат ету мақсатында Қазан шаһарына аттанған болып суреттелуіне байланысты «халықтар достығына» нұқсан келтіретін эпос ретінде айыпталған.
Бұрын кеңестік идеология жариялауға, зерттеуғе қатаң тиым салып келген бұл жырды әр қырынан ғылыми зерделеудің бүгінгі қазақ фольклортануы үшін мән-маңызы зор. Басқа жырлармен салыстырғанда, «Шора батыр» жырының айрықша аңғарылатын ерекшелігі ретінде оның тарихилығын, яғни тарихи деректілігін алдымен атауға болады. Нақты тарихи тұлға Шора Нәрікұлы мен оның эпикалық бейнесінің арақатынасы жөнінде ғалым-зерттеушілердің жол-жөнекей пікірінен басқа салиқалы ой айтылған жоқ. Осы кезге дейінгі зерттеулерде «Шора батыр» жырының тарихи шындығы мен көркемдік шындығы ғылыми байсалдықпен түбегейлі сараланған емес.
Эпикалық шығармалардың барлық ұлттық нұсқаларын тарихи-типологиялық тұрғыдан салыстыра зерттеу - бүгінгі дамыған фольклортанудың басты талаптарының бірі. Жұмыста тақырып үшін ең керекті тарихи-типологиялық және аналитикалық тәсілдер басты бағдар етіп алынды. Сан алуан ұлттық нұсқалары бар «Шора батыр» жыры іргелі зерттеуге қажетті материал бола алады.
Жырдың тарихи негізі неғұрлым айқын болса, оның пайда болу мен даму ерекшеліктері де соғұрлым көрнекті болатыны аян. Бұл жағынан келгенде де «Шора батырды» типологиялық тұрғыда зерттеу арқылы жалпы тарихи және батырлық жырларды зерттеудің әдістемесі мен әдіснамасын орнықтыра түсуге болады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - «Шора батыр» жырын әдеби, тарихи контексте қарастыру. Осыдан келіп зерттеу жұмысының міндеттері туындайды:
- тарихи оқиға эпос сюжетінің астарында қалай көрініс тапқанын зерттеп білу;
- эпосты мотивтер арқылы талдап, олардың жыр композициясынан алатын орнын белгілеу;
- жырдың көркемдік кестелерін, бейнелеу құрал-тәсілдерін, өлең өлшемін зерделеу;
- тарихи Шора мен эпикалық Шора батырдың аражігін анықтау.
Жұмыстың жаңашылдығы. Жұмыста тақырып тұтастықта қарастырылып, «Шора батыр» жырының әр түрлі нұсқалары қамтылды және әрбір варианттың өзіндік ерекшелігі қарастырылды.
Тақырыпқа бүтіндей келудің нәтижесінде ұлттық нұсқалар синхрондык және диахрондық түрғыдан салыстырып, жырдың пайда болуы, тұтастану сипаты, көркемдік эволюциясы ашып көрсетілді. Диплом жұмысында эпос қаһарманының түптұлғасының кім екендігі жайындағы мәселелер де сараланды. Классикалық қаһармандық жырлардың төрінен орын алатын эпостың тарихқа қатысы туралы ілгеріде айтылған тұжырымдарға талдау жасай отырып, тың ғылыми қорытынды жасалды.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. «Шора батыр» жырының поэтикасын зерттеу эпостану үшін айрықша мәнге ие.
Жұмыс генеологиялық байланысы бар халықтардың рухани сабақтастығын танытуда тек фольклортану ғана емес, әдебиеттану, тарих, этнография, түркология сияқты өзге де ғылым салалары үшін аса қажетті мәліметтер береді. Эпостануда әлі де айқындала әрі нақтылана түсетін теориялық тұжырымдарға мысал ретінде қызмет ете алады. Фольклордың тарихилығы жөнінде жазылатын еңбектер үшін де роль атқарары сөзсіз.
Диплом жұмысының нәтижелері және қорытындыларын жоғарғы оқу орындарының филология факультеттеріне «Қазақ халық ауыз әдебиеті» пәні бойынша каһармандық жырларды оқытқанда пайдалануға, сол сияқты орта мектеп бағдарламасына енгізуге болады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің тұғырнамалық негізін «Шора батыр» жыры туралы, жалпы эпос жайлы әр кезеңде жазылған теориялық еңбектер, монографиялар мен ғылыми мақалалар, диссертациялық еңбектерде айтылған тұжырымдар құрайды.
Зерттеудің әдістері. Жұмысты орындау мақсатына қарай негізінен салыстырмалы әдістер кеңінен жүзеге асты. Ол үшін тексерудің түрлерін үздіксіз мәтінге жүгінуге бағыттап, жинақтау, жүйелеу және қорытындылау арқылы орындауды қаперімізде ұстадық. Жалқыдан жалпыға қарай орындалу амалдарының жүзеге асқандығын зерттеудің нәтижесі анықтай алады деген ойдамыз.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы зерттеу мақсатына сай кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан түрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.
1 «Шора батыр» жырының тарихилығы және нұсқалары
- Шора батыр және оның дәуірі
Тәуелсіз даму - өткенді мұқият зерделемей, келешекті кеңінен болжамай, жүзеге аса қоймайды. Сондықтан да қалың жұртшылық бүгінгі ұлттығымыз бен мемлекеттігіміздің тарихи бастауларына айрықша ықылас аударуда. Тек күні кеше ел жолында жан қиған боздақтарымызбен қоса ұлан-ғайыр атамекенімізді қорғап қалған бағзы бабаларымызға, рухани түрлаулығымызды қалып-тастырған ойшылдарымыз бен пірәдарларымызға ризагер ұрпақтың атынан тағзым етіп, құрмет көрсетуде.
Ондай қастерлі есімдер мен жәдігерліктер кең-байтақ еліміздің қай шалғайында да халық назарынан қақыс қалып жатқан жоқ. Далба тауында атақты Бұхар Қабанбайға Мінәжат орны салынды. Жендеттік пен шолақ белсенділік жер төмпешікке айналдырған Махамбет қабірі ат басын бұрып, іздеп барар зиярат орнына айналды. Еділ бойында Құрманғазы сағанасы еңсе көтерді. Мұндай жан қуантар жақсы құбылыстар, әсіресе, халқымыздың қай ғасырда да қасиетті қара орыны саналған ежелгі Қаратаудың екі бетінде өте көп. Күнгейі біршама көзге ілігіп, зерттеліп келсе, теріскейі енді-енді назарға іліге бастады. Ғалым Мелиоранский Шаш уалаятының бас пірәдары санаған Қызылкөл маңындағы Баба Түкті Шашты Әзіздің күмбезі жаңартылды. Тұран даласында мұсылман дінін таратуда тиянақ бекеті болған Баба-Атаның көне ғимараттары археолог күрегі мен жәдігерлікті жаңғыртатын зерделі құрылысшы қалағын сағынып тұр.
Қыр мен Сыр арасындағы қарым-қатынастың кіндігі болган Көне Созақ шаһары әлі ат басы бұрылмаған тың тұрақ. Ол тек транзиттік сауда бекеті ғана емес, ұлттық мемлекеттілігіміздің бесігі болған саяси орталық. Оның көне топырағына көмілген құпия мен сыр әте көп. Тек кілтін тауып, қаныға білу керек. Сондай бір ыждаһатты зерделеуді талап ететін нысана - Қарабура мазары.
Ол туралы ел аузында айран-асыр қалдыратын аңыз көп. Кешегі солақай заманда әулие деген сөзден ат-тонымызды ала қаштық. Олар жайында ойлануға да құлқымыз болған жоқ. Халықтың ғасырлар бойы өшпей келе жатқан ерекше ықыласының сыры неде екеніне де назар аудармадық. Оны біржолата надандыққа, санадағы мешеулікке сайыдық. Ауызша мәдениет өкілдерінің ақиқаттың өзін аңызға айналдыруға мәжбүр болғанын түсінбедік. Өйтпесе, ел өмірінде елеулі маңызға ие болған небір ерекше тұлғалар мен оқиғалар әлдеқашан естен шығып кетер еді.
Халық ондай ұмытылмас тұлғаларды қандай тауқымет тартса да, естерінен шығарған жоқ, Енді соның сырына салихалықпен қарамай, әншейін көп ертегінің бірі ғой деп салғыртсынсақ, тарихи санамыз тайыздана түспесе, молаймайды. Онда біздің этникалық, саяси қалыптасуымыздың, әсіресе, бастапқы кезеңдерінің қыр-сыры қалтарыста қала береді.
Ендеше, ең болмаса, аты ұранға айналып, бір тайпа елдің туына айналған тұлғаларға байланысты ақиқаттарды аңыздан аршып алуға күш салмасақ болмайды. Ол, әрине, бір сәтте жүзеге аса салмайды. Ұзақ уақытты, көп әрекетті қажет етеді.
Бұл, әсіресе, қазір керек. Елдігіміз бен жер-суымызды неше қилы таласқа салғысы келетін кертартпа солақайлық арылмай тұрғанда керек. Кеше неге олай болғанын, бүгін неге бұлай болатынымызды да дәлелдеу үшін өткеннің куәгерлігі керек. Сол бағзының бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ұласып келе жатқан жалғастығы керек.
Бәлкім, халқымыздың: «Ағайын бір - әліде, бір - тіріде», - дейтіні де сондықтан шығар. Өйткені, орасан қуаныш пен орасан қайғы жан-жағыңды еріксіз түгендетеді. Талабың оңға басу үшін тәуекеліңе тәуекел қосар күш керегі даусыз. Адам ғана емес, тұтас халық та солай. Басына қиын міндет түскенде ол да алды-артын тегіс барлап, жан-жағынан таяныш-тірек іздейді.
Біз қазір де дәл сондай өткелектің өтінде тұрмыз. Тарих бүгінгі ұрпақтың мойнына бабаларымыздың да иығына түсе қоймаған ауыр жүк артып отыр. Абыройлы атқарып шығу үшін өлінің шарапатына, тірінің қолғабысына жүгінбеске шара жоқ. Азаттық жегенің аузында, жемегенің алдыңда, қарқалазы боп шалқып жүруге емес, болғаның мен болмағыңды, бүгінгің мен болашағыңды өзің қарастырып, өзің қамдастырып жүру үшін керек. Кісіге қол жайып, күніңді басқаға қаратпауың үшін керек. Азаттықтың дәмін бір татқан оны аңсамай тұра алмайды. Аңсағанына жетпей тынбайды. Біз бүгін бұрын да азат болған жұрттың ұрпағы болғасын азат болып отырмыз. Сондай дәуренді бастан кешкен бабалардың рухына сеніп, тәуекелге бел буып отырмыз.
Ежелгі Қаратау - халқымызды жаңа бір құбылыс ретінде қалыптастырып, қияға қанат қақтырып ұшырған құтты ұя. Теріскей мен Күнгейдің, Шығыс пен Батыстың ортасындағы қыр арқа қырбық шоқылар жан-жақтан тарам-тарам ағылып келген әр төркін нәсілдердің басын қосып, бір жүйектен дәм, бір жүлгеден нәр татырып, қоян-қолтық араластырып, бір бүтінге айналдырып, қайтадан өрелі іске жұмылдырып, өрісті жолға шығарып отырған. Біздің түп-төркініміз болып есептелетін қай нәсіл де осындай көпті бастан кешкен. Алты жалаулы Алаш атанғанда да осылай еттік. Үш жалаулы Алаш атанғанда да осылай еттік. Үш жалаулы Қазақ атанғанда да да осылай еттік.
Ежелгі Қаратау соны еріксіз еске салады. Оның теріскей бетіндегі ұшан далаға ұласар жердегі ескі Созақ шаһары да соны еске салады. Сол шаһардың ту байлар тұлғасындай қайта бой көтерген Қарабура мазары да соны еске салады. Қарабура . . . Әлденеше ғасыр бойы ауыздан түспей келе жатқан есім. Қиналғанда медет болар Қуат. Шамданғанда қайрат бітірер Ұран.
Қалай болғанда да, бүгінгі қазақтың ұлт болып ұйысуына ғасырлар бойы нақты үлес қосып келе жатқан нақты құбылыс. Оның халқымыз дамудың жаңа жолына түсіп, күллі адамзатқа танылып, жаңа заманаға көшіп жатқан тарихи кезеңде қайтадан ауызға алынып, кеңінен ұлықталып жатуы да әбден заңды.
Қарабураны мыңдаған жандар тарихи тұлға деп, нақты адам деп, нақты адамдардың нақты баласы деп біледі. Бірақ оның хатқа түскен өмірбаяны жоқ. Тегі, ортасы, өмір сүрген заманы - бәрі тек тұспалдап мөлшерленеді. Бірақ одан оның тұлғасы аруақтанбаса, әлжуазданбайды, биіктемесе, аласармайды. Оның Қарабура атануы да, Қожа Ахмет Жасауиды ақ жауып, арулаған, демек бір тайпа ел емес, күллі түркі дүниесі мойындарлық рухани Пір саналуы да тегіннен-тегін емес.
Ол бір кездегі бабаларымыздың нақты тарихи тағдырларын еске салады. Шежіреге айтқызсаңыз, ол - Тама батырдың баласы. Ал, Тама батыр атақты Қырымның қырық батыры дастанының бір тарауы Қарадөң балалары топтамасында, Мұрын жыраудың айтуынша, былайша өрбиді: Қарадөң батыр, оның баласы - Жұбаныш, оның баласы - Сүйеніш, оның баласы - Ер Бегіс, оның баласы - Ер Көгіс, (кеңде Тоғыс деп та аталады), оның баласы - Тама, одан - Тана туады. Жырау бір топтаманы осы арадан үзіп, Нәрікхан мен оның баласы Шора батыр туралы жеке жырлайды.
Ал қазақ аузындағы шежіреде Тамадан - Қарабура, Қарабурадан - Нәрік, Нәріктен - Шора, Шорадан - Есенгелді, Есенгелдіден - Атамшыл, Атамшылдан - Торым, Торымнан - Базарқұл, Базарқұлдан - Көкі, Көкіден - атақты Есет батыр туады. Орынбор губернаторы И. Неплюевтің 1747 жылдың 8 шілдесіндегі Сыртқы істер коллегиясына жолдаған ақпарында Есет тарханның жасы сексенде екені айтылады, ал 1750 жылғы 5 шілдеде берілген Қырғыз Шектінің батыры Бәйімбеттің асына қатысқанына қарағанда жасы тоқсанды тақымдап барып қайтыс болғанға ұқсайды. Бұл мәліметке қарағанда, Есет 1667 жылы туған болып шығады, Оның оныншы атасы болып табылатын Қарабура, шамамен, IVғасырдың орта шенінде өмір сүрген кісі болып шығар еді. Олай болса, қазір бір тайпа елге атау болып отырған Тама сол XIVғасырдың аяқ шамасында немесе XVғасырдың бас шамасында дүниеге келгенге ұқсар еді.
Бұған тек тарихқа сүйеніп қана жауап таба аламыз. Ал ел аузындағы шежіреде аталатындардан нақты тарихи деректер қалдырған сүйекті тұлға - Нәрік ұлы Шора батыр. Оның есімі жырда да, аңызда да Қазанға байланыстырылып айтылады. Қазақтың Шора батыр және Нәріктің ұлы Шора дастандары қазақтың тама тайпасын бір кезде Қазан маңын жайлаған ел қып бейнелейді. Сондықтан Шора мен Нәрікханның басқа да балалары бар болғаны 114 жыл өмір сүрген Қазан хандығының тарихында өшпес із қалдырған тарихи тұлғалар ретінде бауырлас татар халқы да зор мақтаныш тұтады.
Ендеше, бұл мәселеде көп нәрсенің түйінін шешетін. Қазан қаласын 1177 жылы бұлғарлардың Сайын деген ханы салдырған деп есептеледі. Бұлғар мемлекетінде Сайын деген хан болды деген басқа мәлімет жоқ. Бұл арада да Сайын деген лақап та иеленген Бату сөз болып отыруы әбден мүмкін. Ендеше, бұл қаза Батудың ұлы Сартак үшін салдырылған деген сөздің жаны бар болып шығады. Қайткен күнде де ол 1376 жылы Ақсақ Темір шапқыншылығына ұшырағанға дейін назарға көп іліге қоймайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz