АБАЙДЫҢ МАХАББАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

АБАЙДЫҢ МАХАББАТ КОНЦЕПЦИЯСЫ

I. Кіріспе

1. 1 Махаббат философиясы

1. 2 Абай өлеңдеріндегі махаббат лирикасы

II ТАРАУ

Абайдың 45- ші және 38-ші қара сөздегі ниет пен махаббат ұғымына сипаттама бере отырып, талдау.

III ТАРАУ

3. 1 Абайдың ғашығы Тоғжанға деген сырлы сезім және үш жұбайына деген құрмет пен махаббат.

3. 2 Абай ұнатқан әйелдер бейнесі

VI. Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Тақырыптың өзектілігі: Абай шығармаларында күллі қазақ еліне, қазақ дәстүріне, діліне тән мазмұн да, сонымен бірге даналық жолымен дамыған, даналықты жүзеге асырған Батыс және Шығыс ойшылдарына, атап айтқанда, Сократ пен Платонға, Монтень мен Паскальға немесе Конфуций мен Буддаға ұқсас пайымдау да бар. И. Кант философияны адамға бұрып, философияның алдына даналықты, түсінікті қажет ететін: Мен не біле аламын? Мен не істеуім керек? Мен неге үміт арта аламын? Мен кіммін? - деген сияқты мәселелер қойды, соларды шешуге арналған ірі-ірі шығармаларын жазды. Канттың түсінігінде, философияның негізгі міндеті - адамға адам болып өмір сүруді үйрету. Канттың пікірінше, философияның ғылым жолымен жүріп, дүниені танудағы мақсаты - дүниені өзгерту емес, адамның дүниедегі орнын анықтау. Міне осындай күрделі сұрақ төңірегінде Абай да ойланып, толғанып өз шығармаларында қарапайым даналық тілінде жауап беріп отырды. Абай өзінің қырық бесінші қарасөзінде «Адамшылдықтың алды - махаббат, ғаділет сезім» - дейді. Ол рас, адам баласының бойында махаббат болған ғана ол адми тұрғыдан адамгершілік деген сезімді ұғына алады. Шынымен махаббат болмаса, бойында ешқашан махаббат сезімін өткермеген, сезінбеген адам тас бауыр, қатыгез болар еді. Махаббат сезімін сезінген пенде ғана адамгершілік құндылықты түсінері хақ. Осы бір адам бойындағы сырлы құдірет адам өзі басқара алмайтын, адамға айтып келмейтін, оқыстан пайда болып, адам бойын керемет сезімге бөлейтін осы бір керемет махаббат деген сыйқырлы күшті тамаша сөз етеді. Сөз етіп қана қоймай оның адам өмірінде алар орны туралы сөз етеді. Сол бір сиқырлы сезімді бас өткерген адамның көңіл күйін егжей- тегжей талдап ашып береді. Абай шығармаларындағы осы бір махаббат ұғымының ауқымы кең. Әр бір шығармасында туған жерге, елге, ғылымға, білімге, құдңреті құдайға, сұлулыққа, табиғатқа, адамзатқа деген ерекше ықылас, ыждаһатты терең де мағыналы етіп ашып көрсетіп берген. Тіпті әр бір істі істемекте де осы бір сезімді сезініп барып қана істеу керектігін баса айтады. Абайдың пікірінше, адам қандай да бір дайын жеке қасиеттермен дүниеге келмейді. Ізгіліктің барлық ұғымдары, мінез-құлықтың барлық ережелері оның өмірі мен жұмысы барысында алынады. Шынымен қандай да бір істі бастарда ерекше ыжһат керек. Сонда ғана ол өз жемісін береді дейді. Абайдың пікірінше достыққа берік болуда да, сүйіспеншілікті сезінуде де, бауырмалдықта да, білімге деген құштарлыққа да, адми құндылықтың жоғары болуына да еі алдымен махаббат керек екендігін баса айтып өтеді. Еңбекқорлы, достық, білімділі, бауырмалдық мәне осы қасиеттермен бірге махаббат ұғымын біріктіргенде ғана адам жек тұлға ретінде рухани түрде дамыған барлық жақсы қырынан көре алады.

Осы бір ақын Абай да, әлемді аузына қаратқан қанша ойшылдар да айтып кеткен осы бір құдіретті Алладан адам бойына берілген сезімнің қазіргі замандяларымен бөлісе алады. Ұялы телефон ондай эмоцияны бере алмайды. Осындай шынай сұхбат барысында ғана адамдар бір бірінің ішкі сезімін даусынан, бет пшінінен сезіп, біліп отырған. Соныдқтан а Абай ілімін негізге ала отырыпа құны құлдырап тұр. Осы бір технологияның дамыған заманында осы бір адами құндылыққа жетелейтін махаббат жетіспейді. Қазіргі уақытта еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін ұялы телефонның экранына мөлейіп, үңіліп отыратынына куәміз. Осы бір мылқау вертуалды әлемде тәрбиеленіп жатқан жас ұрпақтың бойында бұл қасиетін дами қою күмән туғызады. Не десеңіз адамдар бір бірімен шынай қарым- қатынас түсіп, бір- бірінің бет жүзін көре отырып сұхбаттасқанда ғана өз бойларында эмоцияны шығара алады. Абай Құнанбаев шығармаларындағы махаббат ұғымын зерттеп, салыстырып, саралап жан жақты талдау.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: ақын Абай Құнанбайұлының достық, ғашықтық, сүйіспеншілік сынды адам бойындағы асыл қасиеттердің көрініс тапқан шығармаларын саралай отырып, ақынның өн бойынан өткізген осы бір сиқырлы, құдіретті күшке ие махаббат ұғымының адам өмірінде алар орны туралы жан-жақты зерттеп, тақырыптық, идеялық мазмұнын анықтау

Дипломдық жұмыстың міндеті:

Абай Құнанбайұлының махаббат лирикасы тақырыбында жазылған өлеңдердің мағынасын ашу

Абай Құнанбаевтың қарасөздеріндегі адами құндылыққа жетелейтін асыл қасиеттерді дамыту туралы ойтолғауларын зерделей отырып, философиялық тұрғыдан махаббат туралы таным ілімдерін талдау

Абай Құнанбаевтың өмірінде аса маңызды орын алған тұлғаларға деген құрметін, сыйластығын, махаббатын ашу

Зерттеу нысаны: Абайдың махаббат консепциясы

Зерттеу әдістері: зерттеу жұмысын орындауда тарихи-салыстырмалы, типологиялық талдау, жинақтау, баяндау, түсіндіру, қорыту әдістері қолданылды. Сондай-ақ зерттеудің негізі ретінде отандық және алыс -жақын шетелдік әдебиетші, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалымдардың ғылыми еңбектері басшылыққа алынды.

Дипломдық жұмыстың ғылымилығы: Абайдың махаббат лирикасын жан-жақты ашып, толық жырлаған ақын. Ол өз шығармаларында табиғатқа, адмзатқа, достыққа, ілімге, білімге деген махаббатты толғаныспен жырлаған ақын. Абайдың өлеңдері - адам сезімене терең үңіле білетін ой толғанысқа толы шығармалар. Сондықтан осы шығармалардың табиғатына терең үңіле отырып, адамзат баласының көзіне көрінбейтін, тек адамның көңіл күйі арқылы берілетін ішік толғаныстарын, сырлы сезімін сезіне отырып талдау жасау, мән мағынасын ашу.

Дипломдық жұмысытың құрлымы: кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Сонымен қатар пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады

Махаббат философиясы

Махаббат - маңызды адами құндылықтардың бірі. Бұл адам іс әркетінде де байқалады, сондықтан оны жақсылық пен жамандықтың айырмашылығын көрсете алатын өте айқын құндылық деп санайды. Махаббат шынайы болады. Жасандылық болған жерде махаббат жоқ. Ал шынайы махаббат дегеніміз - бір адамның екінші адамға деген сезімі мен шынайы берілгендігін сезіну. Бұл романтизмге өте тән махаббаттың идеалдандырылған тұжырымдамасы, соған сәйкес бәріміз өз серіктесімізбен жетуге ұмтылатын таза және толық махаббат бар, ол шынайы махаббат. Әлемде қандай философияна алсаңыз барлығы да осы махаббат тақырыбын айналып өтпеген. «Христиан дінінде құдай дегеніміз - махаббат. » делінген [2. 117 бет]

Жалпы махаббат адам жүрегінде пайда болатын нәзік сезім ғой. Осы бір жүрек толқынысы арқылы дүниеге қаншама сыр мен сезімге толы шығарма келді. Сондықтан мен айтар едім бәрі де адам жүрегінің тоқынысынан бастау алады деп. Махаббат адамға айтып келмейді ғой. Оны жүрекпен ұғынасын. Осы тұста Әл-Фарабидің “Қарапайым қала тұрғындары көзқарастары” атты еңбегінде жүрек туралы мынадай ойлар айтылады: “Адамның негізгі қабілеттері: қоректену, сезімдік, елестету, ойлау, ұмтылу - бәрі де жүректе орналасқан. Сондықтан жүрек ең басты орган және ол басқаға тәуелсіз… жүрек туа біткен жылулықтың қайнар көзі”[2. 117 бет] . Жүрек жылуы басқа қабілеттердің жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

«Сенімсіз махаббат жоқ, имансыз кәмәләт жоқ, ғашықтыққа жетер ұстаз жоқ» [Руми] . . . [3, 6 бет] «Махаббат - сәулесі зор Құдай нұры, сол нұрды көрген адам қалмас құры» [Мәшһүр Жүсіп] …[3. 8 бет]

1. 2 Абай өлеңдеріндегі махаббат лирикасы

Абай лирикасы сырға толы асыл қазына. Абайдың қай өлеңін оқып қалар болсаң, астарында терең ұғым мен әсерлі ой бар. Абай лирикасы тұтастай бір мұңды, шерлі деуге келмейді, барлық лирикалық өлеңдері әр аулуан, әртүрлі тақырыпқа құрылған. Әр бір шумағында керемет ой жатады, өмірілік мәні бар дүниелер. Тіпті оқып болғаннан кейінде адамға әсер қалдырады.

Ұлы ақын Абай өзінің саналы өмірінде махаббат тақырыбында кең жазып, қаншама әсем әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен жырлап берген қазақта мұндай ақын жоқ шығар.

Сөз басын мына өлеңмен бастасақ па деймін:

Махаббатсыз - дүние бос

Қайуанға оны қосыңдар.

Қызықтан өзге қалсаң бос,

Қатының, балаң, досың бар. [13. 33 бет]

Иа, шынында да махаббатсыз дүние бос. Адам жүрегі махаббатқа толы болған кезде ғана керемет көңіл күйге бөленері хақ. Осы бір керемет әсердің желігінен өмірге әдемі туындылар туатыны да шындық. Егер адам жүрегінде махаббат болмаса, ол әйтеуір құлазып қалған бос кеуде дер едім. Сондықтан да Абай ақын өзге жақтан қызық іздеме, нағыз қызық отыңның басында ол жарың, балаң. Иа, адамның өмірлік мақсаты болуы керек, ол үшін сүйіспеншілік, махаббат болу керек. Әр нәрсені істемес бұрын оған алдымен ыждаһат керек емес пе, егер бар ынта, сезіміңді беріп істелмесе, оның нәтижесі де солай болмақ. Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне, дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарды хайуанға теңеп, махаббатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр.

Абай сұл қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел тейсіздігі, сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін өз жырларында көрініс етіп жазып кеткен.

Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы,

Аласы аз қара көзі нұр жайнайды.

Жіңішке қара қасы сызып қойған,

Бір жаңа ұқсатамын туған айды.

Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын,

Ақша жүз, ал-қызыл бет тіл байлайды.

Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,

Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды. [13. 44бет]

Керемет суреттеу, сұлу бейнені көркемдеп, қолмен сызғандай етіп көз алдыңа әкеледі. Оқып отырған сәтте ақ көз алдыңа бейнелеп отырған арудың келбеті суреттеліп келе қалады. Недеген шеберлік. Абай сұлу қыздың көркін осындай тамаша суреттеп келеді де:

Сөйлесе, сөзі әдепті әм мағыналы

Күлкісі бейне бұлбұл құс сайрайды [13. 48бет]

деп қыз сұлулығының бейнесі ендігі жерде әдеп, сыпайылығын айта кетеді.

Жігітті жұрт жақтаған қыз мақтаған,

Кей жігіт мақтан үшін қылық қылмай

Бойында майдалық пен сыр сақтаған,

Кей жігіт арсыздық пен ұят сынбай,

Қолы жетпес нәрсеге тыртақтаған. [13. 5бет]

Иа, осы жолдар арқылы сүлулығына ақылы сай бозжеткен әр жігіттің арманы ғой. Сол армандағы аруға қол жеткізу үшін арзан арсыздыққа бой алдыратын, бос мақтан жігіттердің қылығын сынай кетеді. «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат» деген өлеңінде бозбалаларға өзінің ақыл-кеңесі мен шын ықыласын білдіреді.

Шын көңілмен сүйсе екен, кімді сүйсе

Бір сөзімен тұрса екен, жанса-күйсе

Қырмызы қызыл жібек бозбалалар

Оңғақ бұлдай былғайды, бір дым тисе . [13. 84бет]

Осы өлең жолдары арқылы сөзім деген қасиетті ұғым екенін түсіндірі тұрғандай. Шын көңілмен сүйсе екен дейді. Тек бір күндік ойын -сауық іздемеу, босқа қыз жүрегін жараламай шын ықыласын, шын көңілін білдірсе екен дейді. Рас, қазіргі заманда да осы бір арзан сезім белең алып кетті ғой. Махаббат деген ұғым жастардың арасында тек байлықпен, билікпен өлшенгендей. Мен осы жерде ойшыл да, сыршыл ақын Абай атамыздың сөзіне қосыламын. Сезімді білдіргеннен кейін ол шынайы болу керек, ол өміршең болу керек. Айтқан сөзінде тұру керек. Ақын осы тұста бозбалаларға сезімді, махаббатты дұрыс бағалауға жөн сілтейді

Шу деген де көрінер сұлу артық,

Көбі көпшіл келеді ондай қаншық. . [13. 55бет]

Осы шумақ өлеңінде сұлу қыздың да өз кемшіліктері болатынын, бетім барда бетіме кім шыдар деп паңдау, тәкәппар келетін сұлуларымызға мін айтып кеткен жайы бар. Түлкінің қызылдығы, өзіне сор демекші, сұлуға көз сүзетіндер де көп болады, бірақ адам өз сұлулығын бағалағандай, адамдық құндылығында бағалай білу керек. Арзан сөзге, арзан желікке ерік бермеу керек дегендей сын айтады.

Ақыл керек, іс керек, мінез керек

Ер ұялар іс қылмас қатын зерек

деп нендей нәрсе керек екенін айтып жатыр.

Біреуді көркі бар деп жақсы көрме,

Лапылдақ көрсе қызар нәпсіге ерме!

Әйел жақсы болмайды көркіменен,

Мінезіне көз жетпей, көңіл берме! . [13. 99 бет]

Жігіттерге шынында неге көңіл аудару керек екеніне құлақ қағыс айтады. Тек сырт сұлулығы ғана маңызды емес, адамның ішкі сұлулығына да назар аудару керек деп те ой салғандай.

Қатының сені сүйсе, сен де оны сүй,

Қоржаң суық келеді кей сасық ми.

Ері ақылды, қатыны мінезді боп,

Тату болса, райыс үстіндегі үй.

Жоқ болса қатыныңның жат өсегі,

Болмаса мінезінің еш кесегі.

Майысқан, бейне гүлдей толықсыған,

Кем емес алтын тақтан жар төсегі.

Жасаулы деп, малда деп байдан алма,

Кедей қызы арзан деп құмарлан ба.

Ары бар, ақылы бар, ұяты бар,

Ата-анаңның қызығынан ғапыл қалма. . [13. 80 бет]

деп ақын Абай қызды қалай таңдау керек екенін, несіне көңіл адару керек екенін, жақсы құрбы, адал жар, үйленгенге дейін үйленгенен кейін нендей қам-қарекетте болу жайлы түгел айтып жатыр.

Демеңдер өнбес іске жабыналақ,

Ақыл тапсақ, мал тапсақ қуаналық.

Қызды сүйсе, бірді-ақ, сүй таңдап тауып,

Көрсе қызар, күне асық диуаналық. . [13. 118 бет]

Адалдықты шынайы сүіспеншілікті жақсы істерге итермелеп жатыр. Әр сұлуға бір қадалмай, өмірлік жар тауып соны ғана сүюді насихаттап тұр.

Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды,

Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.

деп ақын Абай өзі де, айтып кеткен. . [13. 278 бет]

Ғашықтың тілі - тілсіз тіл,

Көзбен көр де ішпен біл.

Сүйісер жастар қате етпес,

Мейлің илан мейлің күл. . [13. 212 бет]

Жалпы махаббат, ғашықтық деген тілсіз сезім адамға айтып келмейді. Оны іштен өзің сезінесің . Ол бір тылсым дүние іспетті . Өйткені ол сезімді сен басқара алмайсың. Ол сені басқарады. Сондықтан да ғашықтың тілі -тілсіз тіл деп керемет теңеу тапқандай.

Ғашықтық, құмарлық пен - ол екі жол,

Құмарлық бір нәпсі үшін болады сол.

Сенен артық жан жоқ деп ғашық болдым,

Мен не болсам болайын, сен аман бол. . [13. 147 бет]

Ғашық адамның бойынан өткізетін сезімді суреттеп отыр. Ғашық жан ештемеге қарамастан сол ғашық адамының көңіліне қаяу түспесе екен деп, қолынан келген барлық жақсылықты жасауға тырысады. Абай ғашықтықты, сүюді, жақсы көруді өз басынан өткізіп тіл шеберлігі мен сөз көркемділігі арқылы жеткізіп айтады. Ғашық жарына - мен не болсам болайын, сен аман бол - деп тұр.

Ғашықтық келсе, жеңер бойыңды алып.

Жүдетер безгек ауру сықылданып.

Тұла бой тоңар, суыр үміт үзсе,

Дәмеленсе, өртенер күйіп - жанып. . [13. 148 бет]

сыртқы көркемділігі мен сөздің ішкі мазмұны шын ғашық болған адамның кейіпін танытып жатады.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны - терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп. . [13. 126 бет]

осы өлеңінде Абай өзінің ғашықтық, жастықтың керемет балғын шақтарын өлең мен ән қылып жазады.

Көзімнің қарасы

Көңлімнің санасы

Бітпейді ішімде

Ғашықтың жарасы. [13. 187 бет]

Бұл жерде көздің қарасы мен көңілдің санасы жай ғана өлең ұйқасы емес, терең сөз астарына үңіле кетсек адамның бірінші көзі түседі көз жақсы көрген кезде көңілі жай табады. Ал егер көзге әдемі болып бірақ көңілінен жай таппай, санасын селт еткізбесе ол ғашықтық сезім емес. Міне осы жерде ақын саналы түрде жақсы көрген адам ғана ғашықтықтың не екенін сезінеді. Ал ол дерт деп отырғаны сол сезім аяқталмады, дегеніне жетпеді сондықтан іште тұмшалаған күйде қалды деген ой. Абайдың ғашықтыққа деген оның көңлі қандай ынтық, қайта айналып келіп көңлі ғашықтыққа алып кететін болса жазған әні мен өлеңі адамды сондай тебрентіп алып кетеді.

Ғашық адаммен бірге болу ол -үлкен бақыт. Ал ол адамнан қол үзу әрине Абай атқандай ол - айықпас дерт. Өйткені сол адамның қасына барған кезде сен өзіңнің бойыңды бір басқа сезім билейтінін білесің, сенде басқа әлем құшағында тұрғандай өзіңді сезінесің. Міне сондай бақытты сәттер алысқа қол бұлғап кетіп бара жатқанда сенің ішіңді қимастық дерті өртейді. Оны әрине ғашық жанға түсінеді. Әр нәрсені бастан өткерген де ғана сол туралы әдемі жыр жазылады.

өлең соңында:

Ер емес қымсынар,

Әр кім-ау, ұмсынар.

Құдай-ау, бұл көңлім

Күн бар ма бір тынар? - деп көңлі жабырқайды. . [13. 185бет]

Жігіт сөзі, қыз сөзі өлеңдерінде екі жақтың бір-біріне ыстық ықыласын, ашық түрдегі ерік, жігер ынтасын қысылмай, қиналмай өлең ән қылып айтады.

Айттым сәлем, қаламқас,

Саған құрбан мал мен бас.

Сағынғаннан сені ойлап,

Келер көзге ыстық жас.

Сенен артық жан тумас,

Туса туар - артылмас.

Бір өзіңнен басқаны,

Ынтықтығым айтылмас.

Сізде сымбат, бізде ықылас,

Осы сөзім бәрі рас,

Сіздей жардың жалғанда

Қызығынан жан тоймас. . [13. 155бет]

Жігіт сөзі айтылады да оған қыз сөзінде:

Қиыстырып мақтайсыз

Ойласаң не таппайсыз?

Бізде ерік жоқ өзің біл,

Әлденеге бастайсыз.

Біз де әркімді байқаймыз,

Тап бергеннен тайқаймыз.

Сіздей асыл кез болса,

Қайтып басты шайқаймыз?

Қабыл көрсе көрім жай,

Тастап кетсең япырмай

Ит қор адам болар ма

Бұл жалғанда сорлыңдай?

деп қыз сөзін білдіреді.

Кейде есер көңіл құрғырың,

Махаббат іздеп талпынар.

Ішсем деп бейнет сусынын,

Асау жүрек алқынар. . [13. 156бет]

Есер көңіл деп махаббатқа асау жүрегі алқынғанын іздеп, талпынғанын меңзеп, өз жүрегіне терең бойлайды.

Аяндап ақырын,

Жүрекпен алысып.

Сыбырын, тықырын,

Көңілмен танысып.

Жүрегі елжіреп,

Буындар босанып,

Рахатпен әлсіреп,

Көзіне жас алып. . [13. 75бет]

Екі ынтық жандардың сезімдерін сол кездегі қандай күйде екенін шеберлікпен сыртқы және ішкі түр үндестігімен білдіріп отыр.

Абай тағы бір өлеңін де:

Бұраң бел, бойы сұлу, кішкене аяқ,

Болады осындай қыз некен-саяқ.

Піскен алма секілді тәтті қызды,

Боламын да, тұрамын көргендей-ақ,

Егер қолың тисе білегіне,

Лүпілдеп қан соғады жүрегіңе,

Бетіңді таяп барсай тамағына,

Шымырлап бу енеді сүйегіңе. . [13. 156 бет]

Сол кездегі сезген, көрген, білгенін еш мүлтіксіз ақындық зор шабытпен еркін, ақ қағазға түсіре салған.

Абай ғашық жарын қандай сүйсе сондай күйінді, жүрегінің түбінен зарланды, қайғырды керек болса өлең де ән де болып төгілді.

Ауру жүрек ақырын соғады жай,

Шаршап қалған кеудеме тулай алмай.

Кейде ыстық қан басып кетеді оны,

Дөмбекшіген түндерде тынши алмай.

деп өз халін баяндай отырып . . .

Жарқ етпес қара көңлім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың әділеттілік туралы іліміне шолу
Абай ұлы ұстаз
Шәкәрім поэзиясындағы адамгершілік құндылықтар
Абай (Ибрагим) Құнанбаев
Абай және Йасауи хикметтері
Философия тарихындағы адам мәселесі
Философия тарихындағы адам өміріндегі достықтың орны
Түр - түс атауларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Шәкәрім өлеңдеріндегі тұлға мәселесінің дәстүрлік негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz