Ислам мейірімділік пен қамқорлық діні


РЕФЕРАТ
Жұмыстың атауы: «Экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтық бағдары»
Жұмыстың құрылымы: Кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі: 66
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 69
Зерттеудің нысаны: Экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтық бағдарын айқындау.
Зерттеудің пәні : Экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның даму үдерісі.
Зерттеу жұмысының әдістемесі: теориялық-методологиялық, ғылыми-практикалық.
Кілт сөздер: «Экстремизммен күрес жолындағы мұсылман», дін, құндылық, салт-дәстүр, экстремизм.
РЕФЕРАТ
Название работы: Мусульманские ценности на пути к борбе с экстремизмом
Структура работы: состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы.
Объем работы: 66 страниц
Количество использованной литературы: 69
Объект исследования: Определение ценностной ориентации мусульманина в борбе с экстремизмом.
Предмет исследования: Процесс мусульманского развития в борьбе с экстремизмом.
Методы исследования: теоретико-методологические, научно-практические.
Ключевые слова: «Мусульманин в борбе с экстремизмом», религия, ценности, традиции, экстремизм.
ABSTRACT
The theme of the work: Muslim values on the path to combating extremism
The structure of the work: it consists of an introduction, two chapters, conclusion, and a list of references.
The volume of the work: 66 pages
Number of references: 69
The aim of the research: Determination of the value orientation of a Muslim in the fight against extremism.
The subject of the research: The process of Muslim development in the fight against extremism.
Methods: Theoretical - methodological, scientific - practical.
Keywords : " Muslim in the fight against extremism ", religion, values, traditions, , экстремизм.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 5
1. ИСЛАМ - МЕЙІРІМДІЛІК ДІНІ . . . 7
1. 1 Исламның толеранттылығы және барлық агрессия түрлерінен бас тарту . . . 9
1. 2Қәзіргі әлемдегі джихадтың дұрыс түсінілмеуі . . . 7
2 ЭКСТРЕМИЗММЕН КҮРЕС ЖОЛЫНДА ДІНИ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДӘРІПТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ . . . 6
2. 1 Экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтары . . . 11
2. 2 Экстремизммен күрес жолында ұлттық құндылықтарды дәріптеу
. . . 10
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 2
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыстың тақырыбы Экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтық бағдары болып табылады. Ғылыми жұмысымда мұсылманның құндылықтық бағдары арқылы экстремизммен күресу жолында, оның қоғамдық санаға әсері, өзіндік ерекшеліктері дінтанулық тұрғыдан қарастырылды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіз дамуымыздың отыз жылдығын басынан өткеріп отырған шақта, халқымыздың ұлттық тұтастығы және мемлекетіміздің іргелі бірлігі негізінде орнығып отырған рухани-мәдени үрдістер болашақ ұрпақ тәрбиесінде насихатталатын құндылықтар жүйесін анықтап алу мәселесін күн тәртібіне қойып отыр. Бүгінгі мемлекет пен діннің арасындағы қатынас жаһандану дәуіріне негізделген жаңа ұстанымдар арқасында жүргізілуде. Рухани идеологияның ең басты аспектілерінің бірі ата-бабаларымыз ұстанған ислам дінінің құндылықтары дұрыс түсіндіріліп, дәріптелуінде болмақ. Әрбір қоғам аясында адамдар өздерінің қарым-қатынастарын негіздейтін діннің, діни қағидалардың болуы табиғи құбылыс. Тарихта дінді ұстанбайтын адам болғанымен, діннен тыс қалған қоғамның болмағандығы шындық. Олай болса, Еуразия континентінде бейбітшілік пен ынтымағы жарасқан орталық, аймақтық деңгейдегі экономикалық және саяси дамудың, халықаралық деңгейде Орталық Азия келіссөздер қақпасына айналған Қазақстанның ұлттық әлеуетін дамытуға бастайтын ең маңызды құндылықтарды анықтау, осы құндылықтарды қоғамдық санаға сіңіру, қоғамдағы тұрақтылықтың символы - исламның өміршеңдігін тану бүгінгі монографияның маңыздылығын салмақтай түседі. Адамның бойындағы ислам құндылықтары жалпы әдептік ұғымдар мен тікелей байланысты. Бір жағынан, ислам құндылықтарының адам өміріне қосар үлесі зерделенсе, екінші жағынан, қазақ қоғамындағы тұрақтылық пен тұлғалық өсу қасиеттері осы құндылықтардың таралу аймағымен тікелей байланысты екендігі тұжырымдалды. Исламның тарихи тұрғыдан басқа діндердің территориясына енуі жаһандану үрдістерінің, халықтың мобильділігінің, бұқаралық ақпарат құралдарының дамығандығымен түсіндіріледі. Исламның бейім делу мүмкіндігі, қысым көрсетпеу және жалпыұлттық құндылықтарды ислам құндылықтарына орайластыру мұсылмандық дүниетанымның мазмұнды ерекшелігі болып табылады. Қазақстанның тарихи контекстілік және мәдени-әдептік ерекшелігі қазақ мәдениетінде ислам құндылықтарының кеңінен таралуына оңтайлы әсер етті. Қазақстан көпұлтты және поликонфессионалды мемлекет. Ислам Қазақстанды мекендейтін түрлі этностар арасында басымдыққа ие дін ретінде қазақстандық қоғамды біріктіру жолында маңызды рөл атқарады. Исламның құндылықтық мәні негізінде оның Қазақстанның көптеген халықтарының мәдениетіндегі әсері осы зерттеуде алғаш рет көрсетілді. Қазақ мәдениеті дүниетанымдық тұжырымдамаларының қалыптасуындағы ислам құндылықтарының идеялық алғышарт тарын анықтау, қасиетті Құран Кәрім мәтіндеріне салыстырмалы сараптама жасау негізінде қазақ мәдениетіндегі рухани құндылықтардың өзара байланысы мен ерекшеліктерін тану, Қазақстандағы дәстүрлі исламға жат, радикалды ағымдардың қоғамға таралуының алдын алу, қазақстандық қоғамда орын алған рухани құндылықтар құрылымында исламның гуманистік және әлеуметтік мазмұнына, адамның рухани болмысындағы ислам құндылықтарына мәдени антропологиялық сараптама жасау зерттеудің өзектілігін арттыра түседі.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтық бағдары мәселелері болып табылады. Осы жолдарда ғылыми жұмыс өз алдына мынадай мақсаттарды қояды:
-Экстремизммен күрес жолында діни және ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңызын көрсету;
- Экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтарын анықтау ;
- Экстремизммен күрес жолында ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
- Экстремизммен күрес жолында ұлттық құндылықтық бағдар мәселелерін түсіндіру;
Ғылыми жұмыстың теориялық-методологиялық негізі. Зерттеудің негізгі әдісі тарихи салыстырмалы түрде талдау, экстремизммен күрес жолындағы құндылықтық бағдары мәселелерін айқындай отыра, әлемдік тәжірибені зерттей келе, дін мәслелерінің тенденцияларын анықтау болып табылады. Ғылыми жұмыста эктремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтық бағдарының қоғамдық санаға әсері және қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне жүйелі түрде талдау жүргізілді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтық бағдарын айқындаудың қоғамдық санаға әсер етуін рухани, мәдени байланыстарын зерттеу, феномен ретінде көпқырлы болып табылатындығынан пәнаралық талдау тұрғысынан зерттеу жүргізуге негізделген: тарихи-мәдени зерттеулер әдістері қолданылды. Ғылыми жұмыстағы зерттеулер шетел және отандық ғалымдардың еңбектеріне негізделді. Ғылыми жұмыстың маңызды бөлігін отандық және шетел дінтанушы ғалымдар еңбектерінен - Султангавлиева А. Ислам в Казахстане. История, этничность, общество., // Құрманбаев Қ. Исламдағы адам құқықтары// Оңғаров Е. Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары// Жолдыбайұлы Қ. Дін мен Діл// Әбдірасылқызы А. Дін мен Дәстүр// Қалмахан Ержан Сейітұлы. Матруди ақидасы - Әбу Ханифа жалғасы// Асқар Сабдин. Радикалсыздандырудың теологиялық нарративтері., әдістемелік құрал// Али Жұма. Дінде шектен шыққандар// Балшыкеев С. Б. Дінтану негіздері: Оқу құралы / Балшыкеев С. Б. / Орысшадан аударған Мұсағұлова А. Е. ; // Оңғаров Е. А. Қазақ мәдениеті және ислам құндылықтары; Балшыкеев С. Б. Дінтану негіздері: Оқу құралы / Балшыкеев С. Б. / Орысшадан аударған Мұсағұлова А. Е. ; Религия истины. Ислам. // Мавдуди А. А. К пониманию ислама. //Ислам: дозволенное и запретное. - Алматы; // Крывелев И. А. История религий. - М., // Діни экстремизм мен терроризмнің таралуына қарсы күрес және алдын алу сұрақтары бойынша әдістемелік құрал // Б. Б. Турабаев, В. А. Иванов, Т. Т. Құдайкулов. //Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы., Мұсылманның тұлғалық бейнесі /тәлім/ Астана. //М. Джамиль Зину, «Исламская акида по Священному Корану и достоверной Сунне». Мәскеу: «Бадр» баспасы, - 2003 ж. // Насыруддин әл- Албани. «Описание молитвы Пророка». Мәскеу: «Умма» баспасы. 2008 ж. // Э. Кулиев, «Құранның орыс тіліндегі мағыналық аудармасы», Әбду әр-Рахман әс- Саадидің сыни пікірімен қоса. Алматы: «Әлбәракат» баспасы. 2010 ж. // Ахмедов А. Социальная доктрина ислама. - М., // Р. М. Рупова Теология: встреча Востока и Запада: Алетейя, // Даурбекова Н. «Орталық Азия елдеріндегі дәстүрлі емес діни ағымдар идеяларының таралуының алдын алу», Алматы халықаралық ғылыми тәжірибиелік конференциясының материалдары, Алматы қ, 2017 ж // Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. Алматы: Қазақстан, // Нұртазина Н. Қазақ мәдениеті және ислам (тарихи мәденитеттанулық зерттеу) . - Алматы, // Грюнебаум, Густав Эдмунд фон. Основные черты арабо-мусульманской культуры. - М., // Камалиденова А. Особенности ислама в Казахстане. Обычное право// Власть как ценность и власть ценностей: сетамарфозы свободы. - Алматы, 2007. // Өсерұлы Н. Шариат. - Алматы: Қайнар, // Козыбаев М. К., Козыбаев И. М. История Казахстана. - Алма - Ата, // Валиханов Ч. Ч следы шиманства у киргизов. Сбор. соч. в 5 т. Т. 4 - Алма - Ата: Главная редакция Казахской советской энциклопедии, // Абирова Б. И аспекты суфизма. Алматы «Алла Прима», // Давлетшин Гамирзан. Очерки по истории духовной культуры предков татарского народа. - Казань. Татарское книжное изд. // Қасымжанов А. Х Пространство и время великих традиции Алматы: Қазақ Университеті, // Т. Х. Ғабитов. Құқық философиясы. - Алматы: Нұрпресс, // Қ. Жарықбаев. Қазақ психологиясының тарихы. - Алматы: Қазақстан, // Нысанбаев Ә. Қазақ даласының ойшылдары. 2-ші кітап/ред. -Алматы: // Әл-Фараби философиясы//Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 томдық. - Астана: Аударма, 2005. 2 том. // Қазақ поэзиясы/редактор Дербісалиев Ә. - Алматы: Ғылым, 1982. // Ғабитов Т. Х. Қазақ философиясы: ұлттық идея кең мәтінінде. - Алматы:«Раритет», 2010 // Әл-Фараби философиясы //Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 томдық. - Астана: Аударма, 2005. 2 том. //
Уәлиханов Ш. Ш. Қытай империясының батыс өлкесі//Таңдамалы. - Алматы: Жазушы, 1980. // Әбішев Қ. Философия. - Алматы: Ақыл кітабы, 1998. //
Кенжалиев К. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. - Алматы: Жеті жарғы, 1997. // Әл-Фараби философиясы//Қазақ халқының философиялық мұрасы: 20 томдық. - Астана: Аударма, 2005. 2 том. - // ХV-ХVIII ғасырлардағы қазақ поэзиясы/редактор Дербісалиев Ә. - Алматы: Ғылым, 1982. - // Сборник материалов по мусульманству. Том 2//Под ред. Наливкина, В. П. - Ташкент: Типо-Литография бр. Порцевых, 1990. - // Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең - Алматы: Ғылым, 1999. -// Ғабитов Т. Х. Қазақ философиясы: ұлттық идея кеңмәтінінде. - Алматы: «Раритет», 2010. - // Уәлиханов Ш. Ш. Қытай империясының батыс өлкесі//Таңдамалы. - Алматы: Жазушы, 1980. - // Сейдімбеков А. С. Күңгір-күңгір күмбездер. - Алматы: Өнер, 1984. - // Бейбіт мәдениет жолында // редактор Нұржанов Б. Ғ. - Алматы: ҚазҰУ - ЮНЕСКО, 2000. - // Кенжалиев К. Көшпелі қазақ қоғамындағы дәстүрлі құқықтық мәдениет. - Алматы: Жеті жарғы, 1997. - // Құран Кәрім. Қазақша аудармасы. Халифа Алтай. 1991 ж. // Ержан қажы Малғажаұлы бастамасымен; Баспаға дайындағандар: С. З. Ибадуллаев, Е. А. Оңғаров. «Дін мен дәстүр» ІІ кітап (тал бесіктен жер бесікке дейін) . Астана, 2017 - // Әбу Дәуіт Сүлейман ибн әл-Ашғас әс-Сижистани. Сүнән Әби Дәуіт. - Дәр әл-китаб әл-арабия-Бейрут. IV том, // Ахмад ибн Али ибн әл-Муснад Әбу Яғла әл-Мусили әт-Тәмими. Мүснәд Әби Яғла. Баспаға әзірлеген Хусейн Сәлим Әсәд. - Димашқ, 1984. ХІІ том, // Әбу Бәкір Ахмад ибн әл-Хусейн ибн Али әл-Байһақи. Әс-Сүнән әл-кубра. - Хайдарабад, һижри 1344 ж. ІХ том, // Сүлеймен ибн Ахмад ибн Аюб Әбу әл-Қасим Ат-Табарани. әл-Муғжам әл-кабир. -Әл-Мусал, 1983, VII том, // Ахмад ибн Ханбал. Мүснад әл-имам Ахмад ибн Ханбал. - Муассасату ар-рисала, 1999. ІІ том, // Абуова А. С., Ерболатова А. М. (2017) . Қазақ халқының салт дәстүрлерінің тәрбиелік мәні // Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Махамбет Ержанұлы Ержановтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Заманауи Қазақстан мәдениетінің ұлттық құндылықтарын сақтау және дамыту» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. - Орал. // ӘзірбеАханов Б. (1993) . Дін және еркін ойшылдық: көмекші оқу құралы. - Алматы: Қазақ университеті. редакциялығымен шыққанын атап өтуге болады.
Сонымен қатар жұмысты жазу барысында ғаламтор беттері сайттарынан мәліметтер алынды.
Зерттеудің нысаны мен пәні. Дипломдық зерттеудің нысаны - Экстремизммен күрес жолындағы мұсылманның құндылықтық бағдары мәселелері. Зерттеу пәні - қазіргі әлемдегі мұсылманның құндылықтылық бағдарына діни тұрғыда талдау жасап, оңтайлы жағдайларын айқындау.
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізі. Жұмыстың теориялық негізін еліміздің майталмандары еңбектерінің аудармалары мен Оңғаров Ершат Ағыбайұлы, Қайрат Құрманбаев, Қайрат Жолдыбайұлы, Қалмахан Ержан Сейітұлы, Смайыл Сейітбеков, Айнұр Әбдірәсілқызы, Асқар Сабдин, Али Жұма, Балшыкеев Серік, Мұсағұлова А. Е., Оңғаров Е. А. Балшыкеев С. Б., Мавдуди А. А., Крывелев И. А., Б. Б. Турабаев, В. А. Иванов, Т. Т. Құдайкулов., М. Джамиль Зину., Ахмедов А., Р. М. Рупова., Даурбекова Н., Жарықбаев Қ., Нұртазина Н., Грюнебаум, Густав Эдмунд, Камалиденова А., Өсерұлы Н., Козыбаев М. К., Козыбаев И. М., Абирова Б. И., Давлетшин Гамирзан., Қасымжанов А. Х., Қ. Жарықбаев., Нысанбаев Ә., Әбішев Қ., Кенжалиев К., Дербісалиев Ә., Кішібеков Д., Ғабитов Т. Х., Уәлиханов Ш. Ш., Сейдімбеков А. С., Нұржанов Б. Ғ., Кенжалиев К., Халифа Алтай., Әбу Дәуіт Сүлейман ибн әл-Ашғас әс-Сижистани., сынды ғалымдардың еңбектері құрайды. Зерттеу процесі барысында гуманитарлық білімдерде кеңінен қолданылып жүрген тарихилық және логикалық, герменевтикалық, компаративистикалық, жүйелі-құрылымдық талдау тәсілдері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыстың мақсаттары мен міндеттеріне сай кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ИСЛАМ - МЕЙІРІМДІЛІК ДІНІ
1. 1 Исламның толеранттылығы және барлық агрессия түрлерінен бас тарту
Ислам буддизм және христиан сынды әлем діндерінің қатарындағы дүниежүзілік дін болып табылады. Мұсылмандар саны 1 миллиард адамнан асады. Пайда болу кезеңі - Арабия, б. з. VII ғ. Мұсылмандар барлық құрлықта өмір сүреді, әсіресе, олардың көп бөлігі араб және түркі мемлекеттерінде шоғырланған. Он мыңдаған мемлекеттердің ішінде ислам мемлекеттік дін болып саналады. Мұсылман дін ілімдері бойынша Құдай әр түрлі кезеңде әр түрлі халықтарға пайғамбарларды жіберген, олар халықты Құдай Сөзімен оқытқан. Пайғамбарлық кезеңді соңғы пайғамбар болып табылған «Пайғамбарлардың мөрі» деп танылған Мұхаммед адамдарды мына нәрселерге үйретті:
1. Құдайдың жалғыздығына сену. «Алладан басқа Тәңір жоқ» - исламның ең басты догматы. «Алла» сөзі дүниені жаратушы және оны өзі ешбір «серіктестерсіз» жеке басқарушы жалпыға ортақ Құдайдың есімі болып табылады.
2. Жаратушының Періштелеріне сену. Періштелер құдіретті күшке ие болмайды, тәні жоқ, Құдай алдында адамдарды қорғамайды, күнәдан таза болады. Олар біздің арамызда жүреді, Алланың алдында о дүниеге аттанған соң ұсынылатын жақсы және жаман ойларымыз бен әрекеттерімізді белгілейді. Періштелерге табыну мен олардан көмек сұрауға тыйым салынады.
3. Алланың жолдауына сену. Құранға дейін Құдай адамдарға Авраамның Библиясы, Моисейдің Торы, Давидтің Псалмасы және И. Христостың Евангелиесі сияқты кітаптарды пайғамбарлар арқылы жіберген. Құран алдыңғы елшіліктерге қарағанда айырмашылығы бар соңғы жолдауы: - алдыңғы жолдаулардың көпшілігінің бастапқы мәтіндері жоғалған және олардың тек аудармалары ғана бар. Құран бастапқы нұсқасында сақталған; - алғашқы жазбаларда адамзаттың мәтіндері мен Құдайдың сөзін адамның сөзінен айыру мүмкін емес. Ал Құранда тек Құдайдың сөздері түсірілген; - басқа кітаптар жөнінде, қай ғасырда және кімге арнайы ашылғаны туралы мәлімет жоқ. Бұл мәселе бойынша Құранда толық түсіндірілген: ол Мұхаммедке VII ғасырда жеткен; - алдыңғы жазбалар әр тілдерде жеткізілген, сондықтан оларды тек белгілі бір шағын көлемдегі мамандар ғана түсіне алады. Құран миллиондаған адамдардың қолданысындағы тірі тілде жеткен; Әркім Құранды бастапқы үлгісінде оқи алады; - алғашқы жазбалардың әрқайсысы тек бір халыққа және белгілі бір тарихи кезеңге арналып жазылған. Құран болса барлық адамзат үшін шексіз уақытқа арналып жазылған; - алғашқы кітаптарда адамдар көптеген ерсі және адамгершілікке жат заттарды енгізген. Құран болса даналықтың, адамгершілік пен шындықтың қайнар көзі болып табылады.
4. Тәңір пайғамбарларына сену. Мұсылмандар Құранда жазылған барлық пайғамбарларға сенуге міндетті. Мұхаммед және оған дейін өмір сүрген пайғамбарлар арасындағы айырмашылықтарды есте сақтаған жөн: - алғашқыда пайғамбарлар белгілі бір халыққа және кезеңге байланысты жіберілген. Мұхаммед барлық халыққа ортақ барлық кезеңге жіберілген; - көптеген пайғамбарлардың ілімдері ұмытылған және бұрмаланған, олар бойынша өмір сүру мүмкін емес жағдай. Мұхаммед ілімінің мәні - ол бойынша жаңылысудан қорықпай өмір сүру мүмкіндігінің болуында; - алғашқы пайғамбарлардың әулиелігі тегіс қамтылмаған, ал әрбір жаңа пайғамбар алдыңғы пайғамбарлардың бұйрықтарын жойған немесе өзгертіп отырған. Мұхаммедтің ілімі барлығын тегіс қамтыған, оны қайтадан өзгертуге немесе жақсартуға болмайды.
5. О дүниелік өмірге сену. Мұсылмандардың пікірінше, кімде-кім қайта тірілуге сенбесе, ол кәпір болып табылады, өйткені, өлгеннен соң өмір сүруді жоққа шығару барлық нанымдардың мәнін жоғалтады. О дүниелік өмір мәңгілікте өмір сүрудің сапалы жаңа күйі ретінде түсіндіріледі. Діннен қашқандарға, мұсылмандық адамгершіліктен бас тартқандарға тозақтың оты дайын тұрады, ал діншіл мұсылмандарға жұмақтың шексіз рахаты тарту етіледі. Жоғарыда аталған догматтар ислам дінінің негізі болып табылады: оларға сенген адам мұсылман қауымдастығының мүшесіне айналады [1, 85-87б] . Мұсылманның немесе «дін тармақтарының басты міндеттері» мыналар болып табылады:
1. Дұға тілеу (намаз) . Мұсылманның кҥніне бес уақыт орындауға тиісті басты міндеті: таңертең, түскі уақытта, тҥстен кейін, күннің батуына дейін және ұйықтар алдында оқу. Бұл дұғалар мұсылманға күнделікті тіршілік қамына шомып, Алланы ұмытуға жол бермейді. Намаз оқудың төмендегідей ережелері бар: - шамамен болса да, намаздың уақытын білу; - тәннің, жанның, киімнің таза болуы; - Қағбаға қарай бетімен және денесімен тұру; - намазды асығып оқымау; - Аллаға тікелей жалбарыну; - қаза болған намаздың орнын ыңғайлы уақытта толтыру. Жұма кҥні оқылатын намазға баса назар аударылады, оны тек белгілі бір орынды себептерге байланысты қаза қылуға болады. Тірілер және өлілер үшін жалбарынып, денсаулық, жаңбыр және т. б. тілеуге болады. Топпен бірге намаз оқу барысында әйелдер жабық киім киіп, әтір мен косметика қолданбай, ерлердің артында тұрып оқулары қажет.
2. Ауыз бекіту (ораза) . Оразаны Рамадан (Рамазан) айының күнтізбесі бойынша тоғызыншы айдың ішінде ұстайды. Бұл кезде мұсылмандар қасиетті күн бойы тағамнан, сусыннан, ерлі-зайыптылардың қатынасынан, ойын-күлкіден және т. б. бас тартады. Тағам мен сусынға қану түнгі уақытта рұқсат етіледі. Ораза ұстаудан аурулар, жүкті әйелдер, емізетін аналар, жол жүретіндер, тоғыз жасқа дейінгі қыз балалар мен он төрт жасқа дейінгі ұл балалар босатылады. Діндарлардың пайымдауынша, ораза ұстау асқорыту жүйелерін жеңілдетеді, жанды жайландырады, аш адамдарға мейірімділік сезімдерін білдіруді тәрбиелейді. Егер мұсылман Рамадан айында келесі әрекеттерді орындаса, ораза жарамсыз деп саналады: - жаман сөздер айту, айқайлау, күндіз темекі шегу, киноға бару; - тағам мен сусынды біле тұра ішу, жалған әңгіме айту; - әдейі қисық қису. Әрбір бұзылған ораза жоғалтқан күндерді өтеу әрекеттерімен қоса орны толтырылатынын айта кеткен жөн: құлдарды босатуға, алпыс аш адамды тойдыруға болады және т. б. Мұхаммедтің айтуы бойынша, Рамадан айы келген уақытта жұмақтың есігі ашылып, тозақтың есігі жабылады. Алла үшін ораза ұстаушының иісі мускустың иісінен тартымды болады.
3. Зекет. Ислам бойынша жылына бір рет мүлкі мен табысының бөлігін тарату міндеттеледі. Зекет келесі мүлік түрлерінен төленеді: бидай және жеміс төріндегі егін шаруашылығының өнімдерінен; алтыннан, күміс пен қағаз ақшадан; сауда нысаны болып табылатын және табыс әкелетін заттардан; малдан. Зекетке берілетін мүлік пен табыстың мөлшері мұсылмандарды жоқшылыққа ұшырататындай болмауы қажет. Ислам зекет берілетін адамдардың категориясын сегізге бөліп қарастырады:
1. Кедей. Бұл қажетті заттардың жартысынан азына ие адам.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz