Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 2 бет
Таңдаулыға:   

Ғылыми дүниетанудың ерекшеліктері мен құрылысы

XX ғ. - ғылым ғасыры десе де болады. Ғылымның қазіргі қоғамдағы беделі мен маңызы өлшеусіз артып отыр, сол себепті де қазір "білім" деген ұғымды көбінше "ғылыми білім" деген ұғыммен тепе-тең ұғым деп түсінеміз.

Ғылым дегеніміз адамның шындық дүние жайлы қызметінің арнайы бір жүйеге келтірілген идеялық системасы (жүйесі) .

Ғылым, жалпы алғанда, дүниетану процесі болып табылады екен. Бірақ, ол жай күнделікті таным процесі емес, арнайы ұйымдастырылған теориялық таным процесі болып табылады. Ол - теориялық білімдер жүйесі. Теориялық білімдер жүйесінің бастамасын салған Ертедегі Греция елі деп саналады. Ертедегі гректер ғылымның негізін салушы болуының себебі олардың ғылыми фактілер мен техникалық жаңалықтарды көбірек жинақтауында емес, ойлау процесінің, таным процесінің, логикасы мен мазмұнына жан - жақты назар аударуында, зерттеуінде болды.

Ертедегі грек ойшылдары фактілерді, ой - пікірлерді, жаңалықтарды жай жинақтап қана қойған жоқ, оларды негіздеп дәлелдеумен айналысты.

Жаңа методологиялық әдіс XVII ғасырда - Жаңа заманда ғана жасалды, өйткені ғылыми зерттеушілер тәжірибелік (эксперименттік) -математикалық әдістің дүние танымдағы маңызын осы кезде түсініп, осының негізінде классикалық жаратылыстану дүниеге келді.

Ғылым - білімі, қысқа тарихи мерзімнің ішінде тамаша математикалық теориялар (Евклид, Архимед, т. б. ), космологиялық модельдер (Аристарх Самосский, Птоломей т. б. ) жасап, физика, биология т. б. болашақ ғылымдар үшін құнды - құнды идеяларды тұжырымдады.

Ғылыми танымның құрылысыла келсек, өзі өмір сүріп келе жатқан екі жарым мың жылдан бері ғылым жүйелі түрде ұйымдасқан, өзіндік айқын құрылысы бар күрделі құбылысқа айналғанын атап айтпасқа болмайды. Ғылыми білімнің негізгі элементтері мыналар:

а) дәл анықталған фактілер;

ә) бір топ фактілердің жиынтығына қолданылатын жинақтаушы заңдылықтар;

б) шындық дүниенің бірқатар құбылыстарын түсіндіруші заңдылықтар системасын біріктіретін теориялар;

в) бүкіл шындық дүниенің жинақталған бейнесі болып табылатын дүниенің ғылыми көрінісі (картинасы) ; мұнда өзара үйлесімді теориялардың бәрі біртұтас системаға (жүйеге) біріктіріледі.

Ғылымның сенімді негізі - әрине анықталған фактілер.

Егер факті дұрыс анықталған болса, онда ол сөзсіз ақиқат болғаны.

Бұл ғылымның эмпириктік, яғни тәжірибелік негізі.

Ғылыми зерттеу мұнымен аяқталмайды. Бұл ғылыми танымның тек бірінші деңгейі (сатысы) ғана деп саналады. Ғылыми танымның бұл эмпирикалық деңгейінен кейін келетін теориялық деңгей.

Ғылымның мақсаты - заңдылықтарды ашу. Ал заң, заңдылық дегеніміз құбылыстардың арасындағы жалпы, мәнді, қажетті, тұрақты, қайталанбалы байланыстар, яғни шындық дүниенің қайсыбір құбылыстар тобына, класына қатысты жалпылық.

Заттар мен құбылыстардың бойындағы жалпылық абстракциялау жолымен анықталады, яғни олардың әрқайсысына тән жекеше, ерекше белгі, қасиеттерге назар аудармай, жалпы, ортақ белгі, қасиеттерді ойша бөліп алу арқылы іске асады. Абстракция деген латын тіліндегі сөзді қазақшаласақ, "көңіл аудармау" дегенді білдіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
“Қазіргі жаратылыстану концепциялары” пәні және оның әлеуметтік маңызы
Адам табиғат, қоғам - біртұтас дүние
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Дүниетану пәні
Қоғамдық сана
Қоғамдық сана ұғымы
Бағалы қағаздарға байланысты қылмыстылықтың негізгі себептері
Ғылым және дін туралы ұғым
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту
Джорджано Бруно философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz