Университеттің Диссертациялық кеңесі жұмыстарын үйлестіру


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1. 1 Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - тәуелсіз елдің заманауи білім ордасы
1. 2 Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары
2. Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖЕТІСТІКТЕРІ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫНДА (2015-2020)
2. 1 Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қол жеткізген ғылыми жетістіктері (2015-2019)
2. 2 Еуразия ұлттық университеті - болашақ университеті: 2020 жылы жарияланған мақалалардағы университет келбеті
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Интеллектуалдық танымның ең құдіреттісі, ең дәлі, табиғатты, қоғамды, адамды өзгертудегі ең пәрмендісі - ғылым. Шет жағасын көріп те жүрміз. Алладан кейінгі құдірет ғылым десек, еш қателеспейміз деп ойлаймын. Әлемді өзгертуге келгенде ғылыммен тайталасқа түстеін, бәсекелесетін, ғылымға тең келетін, ғылымнан асып түсетін бірдеңе бар ма десек, ол - ешкімнің ырқына бағынбайтын табиғат құбылысы ғана.
Жалпы әдебиеттерде ғылымға берілген анықтама жетіп, артылады. 1918 жылы жарияланған «Ғылым» атты мақаласынды М. Әуезов: «Өмірдің тізесі өткен сайын адам күннен-күнге түр тауып, дүниенің (жаратылыстың) әр түрлі сырын ашқан, сол сырлардың қорытындысынан шыққан - осы ғылымдар», - деп жазыпты [1] . «Ғылымның артынан еріп, көрсеткен жолымен жүрген - бұл күнде өмірдің төрінде». Демек, Қазақстандағы ғылымтанудың ұлттық үлгісі ХХ ғасыр басында қалыптасқан. Болашақта әлемдік дамыған елдердің қатарына кіру отандық ғылымсыз еш мүмкін емес. Қазақстаннның болашағы - ғылымда.
Демек, ғылымның дамуы әлемнің жетекші елдерінің қарыштап дамуы постиндустриалды экономиканың, ал кейіннен жаңа экономиканың - білім, инновация, жаһандық ақпараттық жүйелер экономикасының, зияткерлік еңбектің, жаңашыл технологиялар экономикасының қалыптасуына алып келді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаев Ұлттық ғылым академиясының 70 жылдық мерейтойына байланысты салтанатты жиында сөйлеген сөзінде: «Қазақ ғылымына жанашыр болған тұлғалар басшылығы тұсында отандық ғылым қай саласында да кенже қалмай, Одақ көлемінде Ресей мен Украинадан кейінгі авангардтық алдыңғы орында алға жылжып, ғылым жетістігін ел игілігіне айналдырып отырды. Елдегі экономикалық қиындықтарға байланысты Қазақстан ғылымы да әртүрлі реформаларды бастан кешіріп, академия айналасында айтыс-тартыс көп болғанымен, әлемдік тәжірибенің озық жағына сүйене отырып, тығырықтан шығар жол тауып, алыптар қалыптастырған айтөбел атын жоғалтпай ұстап қалды. Соған сәйкес ғылым әлеуеті де сақталды», - деген болатын [2] .
Республикадағы ғылыми саланың дамуында соңғы жылдар өзгерістерге толы болды. Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» Заңына [3] сәйкес ғылымды басқару мен қаржыландырудың озық халықаралық тәжірибеге мейлінше бейімделген жаңа механизмдері іске қосылды. Олар ғылыми саланың дамуына қолайлы жағдай қалыптастырып, ғалымдардың бастамашылдық танытуына дем беріп, ғылыми идеяларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерінің аясын кеңейте түсті.
Мысалы, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары Ядролық зерттеулер біріккен институтымен (ЯЗБИ) ынтымақтастықта табысты жұмыс істейді. Үндістанмен ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойылды. Келісім бойынша үнді тарапынан Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде заманауи суперкомпьютер орнатылды
Қазақстанның ғылым саласын қалыптастарда жоғарғы оқу орындарының үлесі ерекше. Қазақстандық ғылыми әлеуетке 25 жыл бойы еңбек сіңіріп келе жатқан ең жоғары дәрежелі жоғарғы оқу орындарының бірі - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті екенін ғалымдар ортасы мақұлдап отыр.
Демек, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қабырғасында еңбек етіп отырған белгілі ғалымдар мен жас мамандардың ғылыми жетістігін паш ету - қазіргі бұқаралық ақпарат құралдарының түп мақсаты. Осы тұста зерттеліп от ырған тақырыптың сипаттамасы айқындалып, өзектілігі тереңдей түседі.
Диплом жұмысының өзектілігі. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғылыми жетістіктерін мерзімдік бұқаралық ақпарат құралдарының беттерінде жариялаудың маңызы зор. Мерзімдік басысылмад мен ақпарат құралдары арқылы қазақстандық ғалымдардың жетістігі бүкіл елге танылады.
Мерзімдік басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы танылған университеттің ғылыми жаңашылдықтары мемлекет пен халықтың игілігіне айналатыны белгілі.
Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекеттік деңгейде ғылымның әлеуетін көтеруге айрықша көңіл бөлініп, ғылымның нақты салаларында іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеу жұмыстары кеңінен қолға алынып, ғылымитехникалық зерттемелер барынша жүргізіле бастады. Қазақстан ғалымдарының ғылыми жетістіктерін саралап, олардың журналистика саласында публицистикалық мақала болып жариялануы - осы жұмыстың өзектілігін нақтылай түседі.
Диплом жұмысының мақсаты. 2015-2020 оқу жылдары аралығындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми жетістіктерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жазылуын зерттеу.
Осы мақсатқа сүйене отырып, алға төмендегідей міндеттерді қоямын:
1. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - тәуелсіз елдің заманауи білім ордасы екенін дәлелдеу.
2. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына публицистикалық талдау жасау.
3. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің қол жеткізген ғылыми жетістіктері (2015-2019) жарияланған мақалаларға журналистік көзқараспен талдау жүргізу.
4. 2020 жылы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми жаңашылдықтары жарияланған мақалаларды зерттеу.
Зерттеу жұмысының нысаны . 2015-2020 оқу жылдары аралығындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми жетістіктерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жария болған мақалалары.
Зерттеу әдістері. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін дереккөздерді жинау барысында жаппай іріктеу әдісі, ғылыми мақалалардың тілі мен стилін ажырата талдау, авторлардың тілдік қолданысын салыстырмалы-салғастырмалы талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы және теориялық маңыздылығы. Зерттеліп отырған диплом жұмысында 2015-2020 оқу жылдары аралығындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми жетістіктерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаны алғаш рет сараланып, ғылыми мақалалардың тілдік стилі анықталып отыр. Жұмыс барысында Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми жетістіктері жөнінде жарық көрген мақалалардың публицистикалық қырлары ашылады. Ғылыми мақалалардың көркем және публицистикалық тілі бұқаралық ақпарат құралдарында өзгеше жазылатыны анықталды.
Қорғауға ұсынылатын ұсыныстар:
1. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - үздіксіз дамып келе жатқан білім ордасы.
2. Университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстары - қалыптасқан жүйе.
3. 2015-2019 жылдардағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіні жетістіктері - білім ордасының ғылыми базасы.
4. 2020 жылдағы университеттің ғылыми жетістіктері - тәуелсіз елдің болашағы.
Диплом жұмысының теориялық-әдіснамалық негіздері мен материалдары. Зерттеудің теориялық базасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың сөйлеген сөздері, қазақстандық ғалымдардың ғылым туралы ой-пікірлері, Egemen Qazaqstan, «Ана тілі», «Казахстанская правда» сынды республикалық мерзімдік баспасөз құралдары негізге алынды. Сондай-ақ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Е. Б. Сыдықовтың, Б. Сомжүректің, А. Жолдасбекованың және басқа да отандық және шетелдік сарапшылардың ғылыми мақалаларына сүйендім.
Диплом жұмысының зерттеу материалдары ретінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ресми сайтындағы Ғылым бөліміне жарияланған мәліметтер қатары, сондайақ университет ғалымдарының баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары алынды.
Диплом жұмысының практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының материалдарын «Журналистика», «Ғылыми тіл стилі» курстары бойынша және терминология, публицистика салаларында қолдануға болады. Жұмыста ғылыми мақалалардың тілі мен стильдік ерекшелігін анықтаған мысалдар берілген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ғалымдарының баспасөз беттеріндегі ғылыми жетістіктеріне сүйене отырып, зерттелген материалдар журналистика, публицистикаға қызығушылық танытатын ғылыми ізденушілерге қажетті құрал бола алады.
Диплом жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тараудан, бірнеше тараушалардан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының қысқаша мазмұны мен мақсат-міндеттерімен танысуға болады. Сонымен қатар зерттеу нысанын басшылыққа ала отырып, осы жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығы жөнінде мағлұмат берілген.
Бірінші тарауда Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазақстанның білім саласында алатын орны анықталып, университеттің ғылыми-зерттеу жұмыстарына терең түсінік беріледі.
Екінші бөлімде 2015-2020 оқу жылдары аралығындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғылыми жетістіктерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жазылуына публицистикалық талдау жасалады.
1. Л. Н. ГУМИЛЕВ АТЫНДАҒЫ ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЕЛ ТАРИХЫНДАҒЫ МАҢЫЗЫ
1. 1 Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - тәуелсіз елдің заманауи білім ордасы
Ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігімізді алып, енді ғана болашаққа нық қадам жасап жатқан тұста заманауи жоғары білім беретін оқу орнын қалыптастыру - еліміздің алдында тұрған басты міндеттердің бірі болатын. Осындай тарихи шешімдердің бірі деп қазіргі таңда ең жоғарғы рейтингісімен алдыңғы қатарда тұрған Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін айта аламыз. Унивеситет Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1996 жылғы 23 мамырдағы Жарлығымен екі университеттің - Целиноград инженерлік-құрылыс институты мен Целиноград педагогикалық инстиутының бірігуі негізінде құрылды.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Қаулысымен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясымен біріге отырып, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университеті болып қайта құрылды.
2001 жылғы 5 шілдедегі «Жеке мемлекеттік жоғары оқу орындарына ерекше статус беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес университетке «Ұлттық және жалпыадамдық құндылық, ғылым мен техника жетістіктері негізінде тұлғаларды дамыту мен кәсіби қалыптастырудағы елеулі үлесі» ерекше мәртебесі берілді.
2001 жылдың 29 маусымындағы N 892 «Жекелеген мемлекеттік жоғары оқу орындарын қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес университет Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті атауы берілді.
Жалпы еліміздегі мықты жоғары оқу орны саналатын университетке Лев Николаевич Гумилевтің аты қалай берілді? Лев Николаевич Гумилев қандай тарихи тұлға? Оның қазақ еліне сіңірген еңбегі қандай? Осындай сұрақтар қатары қарша борауы әбден мүмкін. Олай болса осы мәселеге тоқталып өтейік.
Лев Николаевич Гумилев - XX ғасырдың көрнекті еуразияшыл ғалымы, тарихшы-этнолог, тарих және география ғылымдарының докторы, ақын, парсы тілінен аудармашы. Этногенез пассионарлық теориясының авторы.
Ол Ресей империясының Царское селосында 1912 жылы 1 қазанда дүниеге келген. Ақын Николай Гумилёв пен ақын Анна Ахматованың ұлы. Балалық шағын Тверь губерниясының Слепнёво атындағы Бежецк уезінде әжесінің қолында өткізген.
1917-1929 жылдары аралығында Бежецк қаласында тұрады. Бежецк қаласының №1 мектебінде 1926 жылдан 1929 жылға дейін білім алады. Ал 1930 жылы Ленинградта оқиды. 1930-1934 жылдары Саян, Памирдегі, Қырымдағы экспедицияларда жұмыс істейді. 1934 жылдан бастап Ленинград университетінің тарих факультетінде оқиды. 1935 жылы университеттен шығарылып, тұтқынға түседі, бірақ аз уақыттан кейін босатылады. 1937 жылы Ленинград мемлекеттік университетіне оқуға түседі.
1938 жылы тағы да қамалып, ЛМУ студенті бола жүріп, бес жылға жазаланады. Ол бір жұмыс бойынша ЛМУ-дың екі студентімен - Николай Ерехович пен Теодор Шумовскимен бірге жүреді. Норильлагта жазалау уақытын өтейді. 1939 жылдың 21 қыркүйегінде Гумилев Норильлагтың 4-ші лагерь бөліміне түседі. Қамаудағы уақыт аралығында ол жер қазушы, тау-кеніш шахтасында 3/6 рудниктегі кітапханада кітап сақтаушы, техник, геолог (геотехникалық, кейін тау басқаруында геофизикалық топта) болып жұмыс істеп үлгереді, ал уақытының соңында тіпті лаборант-химик болып орналасады. Уақыты біткен соң ол Норильскте кету құқығынан айырылып қайта қалады.
1944 жылы күзде Қызыл әскер қатарына өз еркімен қосылып, 31-ші зенит-артиллерийстік дивизияға Бірінші Белорус фронтына кіріп, соғысты Берлинде аяқтаған 1386-шы зенит-артиллерийстік полкте қатардағы жауынгер болады.
Оның әскери тақырыпқа жазған өлеңдері де бар.
1991 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдарынң акдемигі (РАЕН) болып таңдалады. Зейнетке шыққанға дейін 1986 жылы Ленинград мемлекеттік университетінің география Ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейді. 1992 жылы 15 маусымда Санкт-Петербургте қайтыс болды. Александро-Невской лаврлары Никольскта жерленген.
2005 жылы тамызда Қазанда «Санкт-Петербург күндеріне және Қазан қаласының мыңжылдығын тойлауына байланысты» Лев Гумилёвке ескерткіш қойылды, онда мынандай сөздер жазылған: «Өмір бойы татарларды жала жабудан қорғаған орыс адамына».
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке бастамасымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының елордасы Астанадағы жоғары оқу орындарының бірі Еуразия ұлттық университетіне ғалымның есімі берілді. 2002 жылы университет қабырғасында Л. Н. Гумилёвтің кабинет-музейі құрылды.
2000 жылдан бастап Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті халықаралық деңгейдегі жоғары оқу орны болып саналады. 2001 жылы тамыз айында Мемлекеттік аккредитациядан өтті.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетi халықаралық ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс атқаруда . Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия университетi жоғарғы мектеп ғылымдарының Халықаралық академиясына, Еуразия университеттер қауымдастығы және ТМД және Балтық елдерінің халықаралық зерттеулер қауымдастығына, Халықаралық университеттер қауымдастығы мен жоғары оқу орындарының Еуропалық қауымдастығына кiредi. 2005 жылы қыркүйекте Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті еуропалық бiлiм беру қатынастарына белсендi кiрiгу үшiн жаңа мүмкiншiлiктiң көзiн табатын Болон хартиясына қол қойды.
Ұлттық рейтингте Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті озық тәжірибесімен және замануи білім жүйесімен бірнеше жылдан бері көш бастап келеді. Еліміздегі тұңғыш ұлттық жоғары оқу орнының жетістігі оның халықаралық бағыттағы өрлеуімен, білім берудің автономды ұйымдастыруына трансформациясымен ерекшеленеді. Онда білім беріліп қана қоймай, сонымен қатар, қазіргі ғылымның жетістігінде негізделген жаңа идеялар туындайды. Бүгінде Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - үздіксіз дамып келе жатқан білім ордасы.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлемдік мойындалғанын марапаттарынан көреміз. 2005 жылы Оксфорд университетінде білім ордамыз «Бiрiккен Еуропа» мәртебелi халықаралық медаліне лайық деп танылды. 2006 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіСократ атындағы қазiргi қоғамның зияткерлiк дамуына үлес қосқаны үшін (Оксфорд ) Халықаралық жүлдесіне ие болды.
2007 жылы «ТМД ең үздік компаниясы» алтын жұлдызымен марапатталған.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - 2010 жылы QS World Universities рейтингтік агенттігінің нәтижесі бойынша қазақстандық жоғарғы оқу орындары арасынан әлемнің үздік 500 топ оқу орны қатарынан көрінген алғашқы оқу ордасы. 2012 жылы аталмыш рейтингіде 369-шы орынға табан тіреді.
Жиырма жыл бойы жоғары білім беру саласындағы қажымас еңбек өз жемісін беріп келеді. Қазір Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - QS «TOP 50 under 50» атты құрылғанына 50 жыл толмаған алдыңғы әлем университеттерінің қатарына кірген ТМД бойынша жалғыз жоғары оқу орны. Бұл тізімнің ішінде Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, Испания, Нидерланд, Финляндия, Швеция, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, Жапония, Германия, Норвегия, Дания, Италия, Израиль, Франция және Сауд Арабиясының жоғары білім беру ордалары бар. Тәуелсіз мемлекеттер ынтымақтастығының экономикалық кеңесі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін өнім және қызмет сапасы саласында жеңімпаз деп таныды.
2012 жылы «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымындағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының иегері атанды.
Университеттің марапаттары мен сапа белгілерін шексіз жалғастыра беруге болады. Кейінгі марапаттардың ішінде тағы бір айта кететін жүоденің бірі - Еуропалық ғылыми-өндіріс палатасының «Еуропалық стандарт» жоғары бағасын да қоржынына байлады.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық қатынастағы да орны ерекше. Халықаралық қатынас шетелдік жоғарғы оқу орындарымен, ғылыми орталықтар және басқа да Еуропалық одақ, Америка мен Мұхит, Азия және Африка, ТМД елдерінің ұйымдарымен, Қазақстандағы халықаралық ғылым-білім беру қорлары, елшіліктер, өкілдіктермен жасалынған 116 келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. 2001 жылы Елбасының бастамасымен Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалы ашылды.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті - Қазақстандағы алғашқы ТМД Желілік университеті мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы университеті аясындағы қос дипломды білім беруді жүзеге асырған білім ордасы.
Университеттегі білім беру жүйесі жоғары дәрежеде десек қателеспейтініміз анық. Қазіргі таңда Еуразия ұлттық университеті - Қазақстанның жетекші классикалық жоғары оқу орындарының бірі.
Еуразия ұлттық университетінде мамандарды даярлау жүйесі үш білім беру баспалдағы бойынша: жоғары негізді білім (бакалавриат), магистратура және Ph. D докторантура. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне қабылдау мемлекеттік білім гранты мен ақылы негізде жүзеге асырылады.
Университет құрамына 13 факультет кіреді (механика-математика факультеті, ақпарттық технологиялар факультеті, сәулет-құрылыс факультеті, жаратылыстану ғылымдар факультеті, әлеуметтік ғылымдар факультеті, заң факультеті, филология факультеті, экономика факультеті, халықаралық қатынастар факультеті, физика-техника факультеті, журналистика және саясаттану факультеті, тарих факультеті және көлік-энергетика факультеті) .
Сонымен қатар университетте екі әскери-оқу мамандығы бойынша запастағы офицерлерді дайындайтын әскери кафедра жұмыс істеуде.
Магистрлер мен PhD докорларды дайындауда ғылыми жетекшілік етуге заманауи талаптарға сәйкес Қазақстанның жетекші ғалымдары әлем университеттері мен ғылыми орталықтардың шетел ғалымдары тартылып жатыр.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстанда алғаш рет ТМД Желілік университеті мен ШЫҰ университеті аясында қос дипломды білім беруді келесі мамандықтар бойынша іске асырды:халықаралық құқық, филология, география, экология, экономика, менеджмент, заңтану, наноматериалдар мен нанотехнологиялар.
Университеттегі ғылым бір жүйеге қойылып, нақты қадамдармен алға басып келеді. Бүгінде университет құрамында жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағытта ғылыми зерттеу жүргізілетін 28 ғылыми бөлімше жүзеге асырылады. Ғылыми-зерттеу жұмыстың басты бағыты - іргелі ғылым, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым бағыттары мәселлерін шешу болып табылады. Жыл сайын университетте 100-ге жуық халықаралық, республикалық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференциялар, жаратылыстану-техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық бағыттағы форумдар, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады.
Университеттегі әлеуметтік-мәдени өмір алуан түрлі. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне студент-жастардың ұлттық-мәдениетiне, рухани-адамгершiлiгәне, эстетикалық және отансүйгiштiк тәрбиесiне аса мән беріп келеді. Жыл сайын студенттерiміздiң қатысуымен өлкемізде және басқа қалаларда көптеген іс-шаралар, университет байқаулары ұйымдастырылады. Студенттер университетті басқару, білім ордамыздың түрлі мәселелерін шешуде белсенді атсалысып келеді. Университет қабырғасында Еуразия ұлттық университетінде білім алатын жастар саясатының даму мәселелері, студенттердің әлеуметтік қорғалуы, «Қазақстан студенттерiнiң Альянсы», «Қазақстан жастарының Конгресi», «Жас Отан», Есірткісіз болашақ» және тағы да басқа ұлттық және аймақтық жастар ұйымдарына қатысу мәселелерімен айналысатын Жастар саясатының орталығы құрылған.
Сондай-ақ, студенттiң шығармашылық қабілетін шыңдауда барлық жағдай жасалған. Студенттiк филармония келесi бағыттар бойынша жұмыс iстейдi: театр-студия, хореография, вокал, домбыра, КТК, имидж-топ, телерадиостудия ашылған.
Студенттердiң, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкердің салауатты өмiр салтына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл сайын оқытушылар мен қызметкерлердің спартакиадасы өткізіліп келеді. Спорттық секцияларға қатысып, халықаралық деңгейдегі жарыстарда жеңіспен оралған көптеген білім алушыларымыз тек білім ордамыздың ғана емес, сонымен қатар мемлекетіміздің мақтанышы деп айтуға негіз бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz