ДСҰ міндеттері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Курстық жұмыс
Пән атауы: Автомобиль көлігін ұйымдастыру, көліктегі сертификаттау және лицензиялау.
Тақырып: Дүние жүзілік сату ұйымы.
Орындаған: Сембек. Б. Ә
Тобы: ТТ-19-1c
Тексерген: Анбиев. Е. Ж
Қарағанды 2021
Мазмұны
1. Бүкіл әлемдік сату ұйымы.
2. Саудаларға техникалық тосқауыл.
КІРІСПЕ
Қазіргі заманғы халықаралық экономикалық қатынастардың даму кезеңінде әлемдік шаруашылық байланыстарының жүйесінде жетекші орынды халықаралық сауда алады. Әлемдік сауда халықаралық еңбек бөлінісінің барлық дерлік түрлерін қамтып, барлық мемлекеттерді бір бүтінге біріктіреді.
Әлемдік саудаға қатысушы мемлекеттер әрдайым осы саладағы келіспеушіліктерді жою жолдарын іздестіруде. Бір жағынан, олар сыртқы сауданы дамыту мен кеңейтуде өз талпыныстарын біріктіруге ұмтылады, екінші жағынан, жеке мемлекеттер мен экономикалық топтарды алшақтататын өз мүдделерін қорғау саясаты. Бұл орайда халықаралық сауданың қатысушы мемлекеттері арасындағы бір-бірімен байланысқан сыртқы сауда саясатын жүйелендіру орынды болып табылады.
Дүниежүзілік Сауда ұйымы шеңберінде көпжақты келіссөздер, консультациялар және қатысушы мемлекеттердің ресми және ресми емес кездесулері өтіп тұрады.
Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Сол ықпалдың әсерінен мемлекеттің сыртқы саясаты күшейеді.
Қазақстанның алдында халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде нақты орынды иелену міндеті тұр. Республика отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экпорт пен импорт құрылымын реттеу, мемлекеттік төлем және сауда балансын жүйелендіру, мемлекет тарапынан экспорт-импортты бақылау және салық салу жүйесін жетілдіру, мемлекеттің нормативті-құқықтық базасын жүйелендіру сияқты міндеттерді қамтитын экономикалық дамудың маңызды бағыттарды анықтауы тиіс. Бұл міндеттердің барлығы тек нақты және рационалды сыртқы сауда саясаты арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Қазақстанның ДСҰ-на кіруі тек республиканың осы ұйымға кіруінің экономикалық мүмкіндігін талдауды ғана емес, осы қадамның салдарларын талдауды да қажет етеді. ДСҰ-ға мүше болудың тағы бір артыұшылықтарын айтатын болсақ, ДСҰ-ға мүше елдер халықтарының әл-ауқатын, өмір деңгейін жоғарылатуына, тауарлар және қызметтермен толық қамтылуына қол жеткізуіне, сонымен қатар нақты кірістердің жоғарылауы және үнемі өсуіне ықпал етуіне мүмкіндік алады.
Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру - елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Осылайша, Қазақстан Дүниежүзілік Сауда ұйымына кіруге дайын екенін көрсетуде. Және осы орайда, елімізде сауда, яғни импорт пен экспорт көлемі артып, халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, жұмыссыздықтың саны біршама азая түседі. Жеке елдермен қатынасты жақсартуға Дүниежүзілік сауда ұйымы бірден бір себепші болады.
Бүкіл әлемдік сату ұйымы.
1. Бүкіл әемдік сату ұйымы.
Бүкіләлемдік сауда ұйымы 1995 жылы Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімді жетілдіру туралы көп жақты келіссөздердің нәтижесінде құрылды. Бұл келісім еркін сауда дамуында маңызды орын алады. Бірақ оның ережелері қызметтерді сату туралы және интеллектуалдық меншікті алу туралы мәселелерді қамтымайды. Оған қоса ГАТТ шеңберінде оның ережелерін күштеп орындау институттары мен механизмдер құрылмаған болатын.
1986 жылдан 1994 жылға дейін созылған халықаралық келісімдердің Уругвай раунды БСҰ-ның құрылуы туралы келісім де, өзге келісімдер де кірген Қорытынды актіні қабылдаумен аяқталды. Қорытынды актіге кірген тағы бір келісім - интеллектуалдық меншік құқытарының сауда аспектілері жөніндегі келісім (Trade Related Aspects of Intellectual Property Rights - TRIPS) . Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөніндегі келісім ТРИПС мемлекеттің интеллектуалдық меншік жөніндегі негізгі халықаралық шарттарды ұстану, сәйкес шарттар бойынша талап етілетіндей оның қорғалуының деңгейін қамтамасыз ету дайындығы және ең бастысы, шарттық міндеттемені күштеп орындаудың тиімді механизмдерін қолдану БСҰ-ға мүшеліктің талаптарын көрсететін ережелері бар.
Заң жобасы «Авторлық кұқық және сабақтас құқықтар туралы», «Қазақстан Республикасында селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары мен тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Интегралды микротәсімдер топологияларын құқықтық қорғау туралы» сияқты Қазақстан Республикасының бірнеше заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң жобасы Қазақстанның интеллектуалдық меншік объектілерінің кажетті деңгейде қорғалуын және бұл салада ұлттық заңнаманың интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері жөнівдегі БСҰ Келісіміне сәйкестендірілуін талап ететін Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуге дайындалуына байланысты жасалды.
Заң жобасы әрекеттегі заңдардың негізгі қағидаларын сақтай отырып, оларды біздің мемлекетіміз соңғы жылдары жасасқан «Таңбаларды тіркеу үшін тауарлар мен қызметтерді халықаралық классификациялау туралы» Ницце келісімі, «Халықаралық патенттік классификациялау туралы» Страсбург келісімі т. б. сияқты халықаралық шарттар талаптарына сәйкестендіреді.
«Қазакстан Республикасындағы селекциялық жетістіктерді қорғау туралы», «Қазақстан Республикасының Патент Заңы», «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» және «Интегралды микротәсімдер топологияларын құқықтық корғау туралы» Заңдарына енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар әрекеттегі нормалардың бірқатар ережелерін нақтылайды, құқықтық әрекеттің шекараларын анықтап, олардын бір мәнді емес талқылануына жол бермейді.
Заң жобасы еліміздің заңнамасының өзгерістерін, сонымен қатар, аталған заңдардың интеллектуалдық меншік объектілеріне қорғау беру тәжірибесінде қолданылуын ескереді және жұмыс істемейтін ережелерді жою мен неғұрлым жаңа реттеу механизмдерін енгізуге бағыггалған.
Бүкіләлемдік санаткерлік меншік ұйымымен Бүкіләлемдік сауда ұйымы арасындағы байланыстар.
Бүкіләлемдік сауда ұйымы (БСҰ) ГАТТ шеңберіндегі көп жақты сауда келіссөздерінің Уругвай раундының сәтті аяқталуы нәтижесінде 1994 жылдың 15 сәуірінде құрылды. 1995 жылдын 1 қантарында күшіне енген Интеллектуалдық меншік құқықтарының сауда аспектілері туралы келісім (ТРИПС) сол кезде жасалған келісім болып табылады. ТРИПС келісімі интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету саласында жаңа кезеңді белгіледі, сонымен қатар БИМҰ жұмысы бағдарламасының маңыздылығын арттырды. ТРИПС келісімінің авторлық құқыққа және сабақтас құқықтарға, патенттерге, тауар таңбаларына, өнеркәсіптік үлгілерге және интегралды микротәсімдер топологиясына қатысты ережелері БИМҰ хатшылығы және оның алдында болған ұйымдары 100 жыл бойы қызмет көрсеткен халықаралық шарттар мен конвенцияларды тікелей толықтырады.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) - халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2015 жылғы 30 қарашадағы соңғы мәлімет бойынша оған 162 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина Ресей және Қазақстан бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және де 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
1. 1ДСҰ міндеттері
ДСҰ басты міндеті - іркіліссіз халықаралық сауда-саттыққа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
- Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
- Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
- Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
- Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
- Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды.
1. 2Қазақстан - ДСҰ-ға кіруге мүдделіҚазақстан Үкіметі ДСҰ-ға кіру - елдің сыртқы экономикалық саясатындағы басымды бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді, сонымен бірге нарыққа тауарларды шығару жөніндегі келіссөздерге 14 ел, ал қызмет нарығына қатысты 10 ел қатысады.
Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:
- Тауарлар рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен соң Қазақстан пайдалануға құқық алатын импорттық кедендік алымдарды барынша байланыстыру деңгейлерін ДСҰ-ға мүше-елдермен анықтау және келісуді көздейді;
- Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады;
- Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;
- ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;
Жеке елдермен өткізілген екіжақты келіссөздердің 14 раундының қорытындылары бойынша Қазақстан тауарлар нарығына шығу жөнінде келіссөздердің соңғы мәресіне жетті. Бүгінгі таңда тарифтік міндеттемелерді егжей-тегжейлі талқылап, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада сияқты елдермен диалог құруға қол жеткізді. Сонымен қатар қызметтер нарығына шығу жөніндегі келіссөздер процесін одан әрі қарқынды жүргізуге негіз қаланды.
Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика, Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С. Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.
Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады.
Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.
World Trade Organization (ағылш. )
Organisation mondiale du commerce (франц. )
Organización Mundial del Comercio (исп. )

ДСҰ мүшелері( қаңтар 1, 1995) ДСҰ-ның қазіргі уақыттағы мүшелері
«ДСҰ жұмысының тәжірибелік қағидасына тоқталатын болсақ, ДСҰ қызметінің негізінде әлемдік шаруашылық қатынастарына белсенді қатысатын көпшәләк мемлекет қол қойған үш халықаралық келісімдер бар: 1994 ж. Мәтініндегі Тауар саудасы жөніндегі бас келісім (ТСБК-ГАТТ), Қызмет көрсету саудасы жөніндегі бас келісім (ҚСБК-GATS-General agreement on Trade in Services) және Зияткерлік меншік құқы саудасының астарлары жөніндегі келісім (ЗМҚСК - TRISP-Trade - related Aspects of Intellectual Property Rights) . Бұл келісімдердің негізгі мақсаты - шетке тауар шығару және ішке әкелу әрекеттерімен айналысатын барлық елдің фирмаларына кқмек көрсету. ДСҰ келісімдерін жүзеге асыру, негізінен тек қана ұзақ мерзімді табыс әкеліп қана қоймай, сонымен бірге сол сәттегі қиыншылықтарға да толы. Мысалға, протекционистік кеден тарифтерін төмендету сатып алушыларға шетелдік әлдеқайда арзан тауарлар сатып алуын жеңілдетеді, бұл тек отандық өнім шығарушылардың күйреуіне әкелу мүмкін, егер олардың шағаратын тауарының өзіндік құны жоғары болса. Сол себепті ДСҰ ережелеріне сай мүше - мемлекеттердің қарастарған өзгерістерін бірден емес, сатылап, өрлеуші либерализация қағидасы бойынша жүргізуіне мүмкіндік берген. Бұл тұста көбіне дамушы мемлекеттерге өз міндеттерін толық жүзеге асыру үшін ұзақ мерзім беріледі.
Дегенмен, ДСҰ - ға мүше - елдер арасында бірқатар қайшылықтар да кездеседі. ДСҰ жарғысы барлық қатысушы - елдердің теңдігін мәлімдегенімен, бұл ұйымның ішінде дамыған жәнен дамушы елдер арасында күшті объективті қайшылықтар бар. Дамушы елдер арзан, тек тым білікті жұмысшы күшіне ие. Сондақтан «үшінші әлем» мемлекеттері негізінен дәстүрлі тауарларды, ең алдымен киім - кешек және металдар, ауыл шаруашылық өнімдерін ішке енгізе алады. Дамыған елдер өзінің тоқыма өнеркәсібі мен агробизнесін қорғай отырып, ішке әкелетін тауарларға жоғары кедендік баж салығын салу барысында дамушы елдерден өнім кіргізуді шектейді. Өзінің протекционистік шараларын олар дамушы елдер демпинг саясатын ұлдануда деп негіздейді. Өз кезегінде, дамыған елдер жоғары технологиялық тауарлар нарығында алда және қазір дамушы елдер де оларға қарсы протекционистік қорғаныс шараларын қолдануда. Осыған орай, протекционистік қорғанысқа ұандай да сәтте барлық елдер жүгінеді. Сондықтан протекционистік кедергілерді өзара төмендету өте қиын үрдіс болып табылады».
2. Саудаларға техникалық тосқауыл
Саудадағы техникалық кедергілер - бұл ұлттық өнеркәсіптік стандарттарды, тауарлардың сапасын өлшеу және тексеру жүйелерін, қауіпсіздік талаптарын, тауарларды орау мен таңбалау ережелерін, санитарлық-ветеринарлық нормативтерді және кейбір әкімшілік формальдылықтарды қолданудан туындайтын сыртқы саудадағы кедергілер. Барлық осы талаптар мен нормалар техникалық немесе әкімшілік саясаттың құралдары болып табылады. Олар халықаралық сауданы жеңілдетуі керек. Оларды пайдалану жаппай өнеркәсіптік өндірістің объективті талаптарына, қауіпсіздікке, денсаулықты қорғауға, қоршаған ортаны қорғауға және басқа да ұқсас себептерге байланысты. Олар сауда саясатының құралдары болмауы керек.
ДСҰ сауда-саттығындағы техникалық кедергілер туралы келісімнің негізгі ережесінде (2. 2-бап) ДСҰ мүшелері техникалық нормалардың, стандарттардың, оларға сәйкестік ережелерінің тұжырымдалмауын және халықаралық қатынастарға кедергілер туғызатындай етіп қолданылуын қамтамасыз етуі керек делінген. өздері үшін құрылған мақсаттар үшін әдеттегі пайдаланудан туындауы мүмкін сауда-саттықтан асып түсетін сауда.
Дәл осы ереже ДСҰ-ның санитарлық және фитосанитарлық стандарттары туралы келісімде де (2-бап) қамтылған, онда да осы Келісімнің ережелері халықаралық саудаға жасырын кедергілер тудырмауы керек делінген. Алайда, көптеген жағдайларда бұл нормалар протекционистік мазмұнмен толтырылып, тарифтік емес тосқауылға айналатын етіп тұжырымдалады және қолданылады. Мұндай ережелердің протекционистік әсері бұл жағдайда тауар өндірушіні немесе экспорттаушыны қосымша іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етеді, бұл сайып келгенде өнімнің экспорттық бағасын жоғарылатады және оның бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. ДСҰ ережелері саудадағы техникалық кедергілерді мұндай пайдалануға тыйым салады.
Дүниежүзілік сауда ұйымының пайдасы қандай?Қазақстан - жаһандық сауданың элитасына кірді. «Елдегі шағын және орта бизнестің нарықтық аясы кеңейе ме, Еуропаға, Шығыс Азияға тауарды еркін өткізіп, оны сатуға мүмкіндік ашыла ма?», дегендей күмәнді сауалдарға Президенттің жауабын естідіңіздер. Отандық кәсіпкерлер мейлінше сауатты құрылған сауда нарығына түседі. Ұйымға мүше мемлекеттер қазақстандық тауарларға бірдей мүмкіндіктер беруге кепілдік етеді.
Расында, жаһанның 160-тан астам мемлекетін біріктіретін экономикалық алып ұйымға мүше болу аса күрделі шаруа. Ол қайырымдылық одағы емес. Керісінше, қиян-кескі бәсекелестік алаңы.
Онда күшті өндірісі бар ел ғана жеңіске жетеді. Яғни, өзіндік құны төмен, жұрт қызығатындай сапалы тауар өндірсең ғана ұйымның қызығын көресің. Ал, ондай мүмкіндігі болмағандар импортқа тәуелді, тұтынушы болып қалады. Дүниежүзілік сауда ұйымы - әлемдік сауданы реттейтін экономикалық ұйым. 1990 жылдары оған 77 мемлекет мүше болса, біздің ел ұйымға биыл 162-болып тіркелді. Қазір әлемде жасалатын сауданың 95 пайызы дәл осы ұйым арқылы жүзеге асады. Ал, сауда жүрген жерде пайда қатар жүреді. Сондықтан, Қазақ елі үшін ең алдымен сыртқа өнім шығарып, тауарлар мен қызмет түрлерін таңдауға мүмкіндік туды. Әрі шетелден инвестиция тартып, жаңа өндірістерді өркендетуге жол ашылмақ.
Техникалық регламенттер мен өнім стандарттары . Әр елде әр түрлі болуы мүмкін. Әр түрлі ережелер мен стандарттардың болуы өндірушілер мен экспорттаушылардың жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, ал оларды жеткілікті негіздемесіз қабылдау протекционизмге себеп бола алады.
Техникалық кедергілер туралы келісім (ТБТ келісімі) ережелер, стандарттар, тестілеу және сертификаттау рәсімдері қажетсіз кедергілер тудырмауын қамтамасыз етуге бағытталған, сонымен бірге ДСҰ мүшелеріне заңды саяси мақсаттарға жету үшін қажетті шараларды қабылдау құқығын береді, мысалы, адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігін, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауды қорғау.
ТБТ келісімі әр елдің өздері қажет деп санайтын стандарттарды қабылдауға құқығы бар екенін мойындайды, мысалы, адамдар мен жануарлардың денсаулығын, қоршаған ортаны қорғауды немесе тұтынушылардың мүдделерін қамтамасыз ету үшін. Сонымен қатар, бұл құжат әр ел үшін міндетті техникалық нормаларды - техникалық регламенттер мен стандарттарды белгілеу құқығын таниды. Дегенмен, оларды пайдалану теңдестірілген болуы керек.
Техникалық регламенттер ғылыми негізделген мәліметтерге негізделуі керек; халықаралық саудаға ерікті немесе қажетсіз кедергілер тудырмайтындай етіп тұжырымдалады және қолданылады. Техникалық регламенттер ұлттық режимде қолданылуы керек және импорттық тауарлар үшін отандық өндірілген тауарларға қарағанда ауыр болмауы керек.
ТБТ келісімі үкіметтердің, үкіметтік емес немесе салалық ұйымдардың ерікті стандарттарды дайындауы, қабылдауы және қолдануы үшін жақсы тәжірибе кодексін белгілейді. Осы кодексті 200-ден астам стандартты орган қолданады
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz