Механизмнің құрылымдық талдауы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Машиналар мен механизмдер теориясы-машиналар мен механизмдерді жобалау және зерттеу әдістері жөніндегі ғылым.
Машина жасау, ауыр өнеркәсіп салаларының комплексі халық шаруашылығына еңбек құрал жабдықтарын,тұтыну заттары мен қорғаныс үшін қажетті өнімдер дайындайды.
Машина жасаудың басты міндеті - өнеркәсіптің барлық салаларын, ауылшаруашылығы мен ғылымды жоғары сапалы және жоғары өнімді мезанизмдермен, машиналармен, білдектермен және приборлармен қамтамасыз ету.
Машина жасаудың даму деңгейі едәуір дәрежеде еліміздің техникалық прогресс жолындағы жетістіктерін, қоғамның материалдық байлығының өсуін, халықтың әл - ауқатының және еңбек жағдайларының жақсаруын анықтайды.
Машина жасау, ауыр өнеркәсіп салаларының комплексі халық шаруашылығына еңьек құрал - жабдықтарын тұтыну заттарымен қорғаныс үшін қажетті өнімдер дайындайды. Сондықтан да еліміздің экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларында маашина жасауды дамытуға көп көңіл бөлініп, жекелеген машиналар мен технологиялық процестерді жетілдіру, өндірістің барлық саласын механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ететін тиімділігі жоғары машиналар, жабдықтар, приборлар жасауға, оларды жаппай қолдануға көшуді дәйекті түрде жүзеге асыру міндеттері қойылған.
Машина жасау саласының болашағы көлемі шағын электрондық жүйелі санды программамен басқарылатын автоматты жабдықтар өндірісінің, ауыр және сирек кездесетін станоктар мен машиналар, жоғары дәлдікті станоктар өндірісінің жедел дамуымен байланысты.
Ғылыми - техникалық прогрестің қазіргі жоғары талабына сай мамандар даярлау - аса маңызды іс.
Машина жасау салаларының мамандарына - жаңа машиналар мен механизмдер жобалайтын инженер конструкторлар үшін де, машина жасау өнеркәсібі және оларды пайдалану саласында істейтін инженер - механиктер үшін де, ғылымның көптеген салаларымен бірге машиналар мен механизмдер теориясы ( ММТ) білімдері өте қажет.
Машиналар мен механизмдер теориясы механиканың жалпы принциптері мен заңдарына сүйене отырып, қазірде бар механизмдерді зерттейді және жаңа ерекше механизмдер жүйесін жасау методтарын қарастырады.Әр түрлі приборларда, машиналарда және автоматты линияларда қолданылатын механизмдерді жетілдіре түсуде, қазіргі талапқа сай жаңа машиналар мен механизмдер жасауда ММТ ерекше орын алады.

Курстық жобаның негізгі мақсаты:
-пәннің материалдарын жақсылап ұғып, түсініп білуге септігін тигізу;
-студенттерді машиналар механизмдерін зерттеу және жұмыстың бастапқы кезеңдерінде өздігінен зерттеу, есептеу, графиктік жұмыстарын жүргізуге үйретіп, өзгерістер енгізіп, өздігінше шешім қабылдауға және жаңалықтар ашуға бейімдеу;
-механизмдерді жасаудың және зерттеудің жалпы тәсілдерін әр түрлі қызмет атқаратын белгілі машиналар мен жабдықтар және приборлар механизмдерін жасау және зерттеу үшін қолдана білуді үйрету;
-студенттерді жұмыстың есептерін шығару жолдарын ізденуде творчествалық ойлануға баулу;
-жұмысты қорғау кезіндде көпшілік алдында өзінің істеген жұмыстарының қорытындысын айтып, қабылдаған шешімдерін дәлелдеп, түсіндіріп баяндауына мүмкіндік беру.
Курстық жобада графиктік әдістермен есептер шығару қолданылады. Графиктік тәсілдерінің ерекшелігі-олардың оңайлылығы, көрнектілігі және жеңіл тексерілетіндігі. Сондай-ақ оның дәлдігі көпшілік практикалық есептерді, біркелкі графикалық операциялар жүргізілетін жағдайда графиктік тәсілдерді қолдану қиындайды, ол өте қиын есептерді шығару және жоғары дәлдік қажет болған жағдайларда, мұны қолдану болмай қалады.
Машина жасау салаларының болашағы көлемі шағын электрондық жүйелі санды программамен басқарылатын автоматты жабдықтар өндірісінің, ауыр және сирек кездесетін білдектер мен машиналар, жоғары дәлдікті білдектер өндірісінің жедел дамуымен байланысты.

1 Механизмнің құрылымдық талдауы

Механизмге құрылымдық талдау жүргізген кезде қозғалатын және қозғалмайтын звенолар санын, кинематикалық жұптар класын және еркіндік дәреже санын анықтаймыз. Механизмді Ассур топтарына жіктеп, классификациясын анықтап, қандай класқа және қандай түрге жататындығын қорытындылауымыз қажет.
Маған пресс білдектің рычагты механизмі берілді (сурет 1.1).

Сурет 1- Көмір ұнтақтағыш білдектің рычагты механизімі

Бұл механизм келесі звенолардан тұрады:
0 - тірек;
1 - айналшақ;
2 - кулиса тасы;
3 - кулиса;
4 - бұлғақ;
5 - тиек;
Бұл механизім тіректен және 5 қозғалмалы звенодан тұрады.
Механизімнің кинематикалық жұптпр класы:
1. А(0,1) - Vкласты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
2. В(1,2) - V класты, ілгерілемелі, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
3. В'(2,3) - V класты, ілгерілемелі, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
4. С`(3,0) - V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
5. D(3,4) - V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
6. E(5,0) - V класты, ілгерілемелі, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
7. E`(5,4) - V класты, ілгерілемелі, жазық, төменгі кинематикалық жұп.
Берілген рычагты механизм тек қана V класты жазық, төменгі кинематикалық жұптардан тұратын болғандықтан жазық механизм болып табылады.
Жазық механизмнің еркіндік дәреже саны Чебышев формуласымен анықталады :
(1)

мұндағы, n-қозғалмалы звенолар саны;
p5- V класты кинематикалық жұптар саны;
p4- IVкласты кинематикалық жұптар саны.

Демек, бұл механизм бір қозғалмалы болып табылады.
Механизмді құрылымдық топтарға жіктейміз (сурет 1.2-а,ә,б) :

Сурет 1.2 - Жетекші звено 1 болғандағы механизмнің құрылымдық топтары. а - I класты механизм; ә - II класты 1 түрлі Ассур тобы; б - II класты 2 түрлі Ассур тобы.

Механизмнің құрылымдық формуласы:

(1.2)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Механизмінің құрылымдық талдауы
ПШН-8-3-5500 тербелмелі құрылғы рычагты механизмнің кинематикалық және динамикалық анализін жасау
Механизмді құрылымдық талдау
Рычагты механизм
Жылдамдық жоспарлары әдісімен механизмнің нүктелерінің жылдамдықтарын анықтау
Жұдырықшалы механизмнің құрылымдық анализі
Механизмнің кинематикалық анализі
СИЛОВОЙ АНАЛИЗ РЫЧАЖНОГО МЕХАНИЗМА
Курстық жобаның тақырыбы Баспа механизмдерін жобалау
Рычагты механизм - звенолары тек төменгі кинематикалық жұп жасап байланысатын механизм
Пәндер