Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министірлігі Академик Е.А.Бөкетов атындаға Қарағанды университеті
Педагогикалық факультет
Мектепке дейінгі және психологиялық-педагогикалық даярлық кафедрасы

6В01101-Педагогика және психология

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:5 жастағы балалардың ойын іс-әрекеті барысында адамгершілік сезімдерін дамыту

Орындаған:Аштарова Б.Б ПжП-21
Қабылдаған:п ғ к.доцент Бейсенбекова.Г.Б
Баға:

Қарағанды 2021

МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 5 жастағы балалардың ойын іс-әрекеті барысында адамгершілік сезімдерін дамыту негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1 Ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелеу ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 5 жастағы балалардың ойын іс-әрекеті барысында адамгершілігін және құзіреттілігін қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 5 жастағы балаларды ойын іс-әрекетінің арқасында адамгершілікке және қоғамдық қатынасқа бейімдеудің бағыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.1 Балаларды ойын іс-әрекеті арқылы азаматтық құндылыққа бейімделуін зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 5 жастағы балаларды ойын іс-әрекеті барысында адамгершілікке тәрбиелеуде жүргізілетін бағдарламалардың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе
Зерттеу көкейтестілігі: Ойын - балалар үшін күрделі әрекет, ол білімді, ақылды ұйымдастыруды қажет етеді. Ал білімді бала қайдан алады? Оған бала ойын арқылы өзі үйренеді, үлкендер де үйретуге тиіс. Ойынның өз мақсаты, жоспары, арнайы заттары, т.б. көптеген ерекшеліктері болады.Бала ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңіл өсіп, ойы сергиді, денесі шымырланады. Ойын арқылы тұрмыс-салт, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшелік, дәстүр жайлы таным-түйсігі қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарымқатынас жасауға үйренеді. Ойындар сабақ мазмұнына сәйкес алынып, жеке және топтық жұмыстар жүргізуде алға қойған мақсатқа жеткізіп нақты қорытынды алуға көмектеседі.Жас ұрпақ тәрбиесі сияқты үлкен міндетті шешуге мектепке дейінгі қоғамдық тәрбиенің орны ерекше. Олар өмір есігін жаңа ғана ашқан жас буындар денесінің, ақыл-ойының, сана-сезімінің дамуына, адамгершілік қасиеттері мен эстетикалық талғамның қалыптасуына жағдай жасайды. Ойын - балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытады.
Ойын - балалардың негізгі іс - әрекетінің бір түрі. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады, яғни ойын арқылы бала білім алады. Бала зейіні қажет ететін, әдейілеп ұйымдастырылған ойындар оның ақылын, дүниетанымын кеңейтеді, мінез - құлқын, ерік - жігерін қалыптастырады. Аса ірі психологтардың айтуы бойынша, бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбекте де сондай болады. Ойын - адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Жас сәбидің өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы байқалады.) Түрлі психологиялық сезім әрекетіне сүңгиді.Ойын үстінде бала бейнебір өмірдің өзіндегіндей қуаныш пен реніш сезімінде болады.
Балаға таңдалған білім баланың ақылына лайықтап, талабын шабыттандыратындай, ойын оятарлық іскерлігін дамытарлықтай, бастаған істің нәтижесіне жетуге тырысарлықтай нәрлі болуы керек.Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сыры егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Мектепалды даярлық тобында балаларға ойын арқылы сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар.
Зерттеу нысаны:балалардың ойын іс-әрекеті барысында адамгершілік сезімдерін дамыту.
Зерттеу пәні:5 жастағы балаларды ойын іс-әрекеті барысында адамгершілікке тәрбиелеу.
Зерттеудің мақсаты:5 жастағы балалардың ойын іс-әрекеті барысында адамгершілік сезімдерін дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
-Шетел,Ресей,Қазақстан ғалымдарының зерттеулеріндегі адамгершілік мәселесін талдау.
- 5 жастағы балаларды ойын іс-әрекеті арқылы азаматтық құндылыққа және адамгершілікке баулу.
- 5 жастағы балалардың бойындағы адамгершілік құндылықтарының пайда болу себептері.
- зерттеу жұмысы және оны қорытындылау.
Зерттеу болжамы: 5 жастағы балаларды ойын іс-әрекеті арқылы адамегршілік сезімдерге тәрбиелеу бағыттары толық айқындалса,онда ол балалармен жүргізілетін жұмыс мазмұны мен міндетері ақталады.Психологиялық қолдау көрсету нақтыланады.
Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік материалдар мен әдебиеттердегі және педагогикалық-психологиялық деректердегі ойын арқылы адамегершілікке тәрбиелеуді кешенді жүйемен салыстырмалы талдау,зерттеу нысаны мен пәніне байланысты негізгі ұғымдарды сипаттау,эксперименталды-диагонстик алау әдістемелері.
Зерттеу көздері:педагогика,психология,филос офия ғалымдарының еңбектері,Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар, қаулылар, бағ- дарламалар т.б) жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары,оқу бағдарламалары.
Зерттеудің құрылымы:кіріспе бөлімнен,екі тараудан,қорытынды және 30 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Қoғамның нeгізгі бaғыты білімді де дарынды бaлалар даярлау болса, ал мектепке дейiнгі ұйымның негізгі көкейтесті мәселелері - бaла бойында адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру, мектепке дейінгі кезеңнен бастап балаларда адамгершілік мәдениетін тәрбиелеу. Жас ұрпақ бойына батылдық, әділдік, мейірім мен қайырымдылық, ізеттілік пен қамқорлық сезімдерін сіңіруді әр тәрбиеші әртүрлі оқу іс әрекетіне ұштастыра жүргізуі қажет. Адaмгершілік мәдениетін қалыптастырудың тиімді тәсілдеріне ұлттық педагогика элементтері де жатады. Қазіргі таңда қазақ педагогикасының міндеті - адам бойындағы жақсы қасиеттерді жас ұрпаққа үйрете отырып ұлтжанды, отансүйгіш, әдепті, ар намысы биік азамат пен азаматшаларды тәрбиелеу.
Болашақ ұрпақ тәрбиесі - атa бабамыздан келе жатқан рухани мұралардың бірі. Себебі, артыңа қалған із қандай болса, ұрпағыңның болашағы сондай.
Адамзат тарихында, адамгершілікке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жaтады: жомарттық, бaтырлық, ерлік, әдiлдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, т.б. Әрбір қоғам өзінің даму процесінде адамгершілік категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерістер еңгізіп отырған. Адамгершілік - адамдардың тәжірибелік өмірінен тамыр алып пайда болған әдеп ғұрыптар мен дәстүрлерді тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал морaль болса, шындыққа қарама қарсы, теріс қарым қатынаста пайда болады және адамның өзіне субъективті түрде міндет қоя білуімен туындайды. Адамгершілік қасиеттеріотбасында, қоршаған ортада, балалар бaлабақшасында, мектепте, адамдардың іс әрекетінің барысында бір бірімен араласуы нәтижесінде, қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен байланыстыру арқылы қалыптасады. Тәлім тәрбие болмаған жерде адамгершілік мәдениетi мен қасиеті де қалыптаспайды.
Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейіңгі балaны дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс әрекет - ойын. Ойын - мектепке дейінгi балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбиенің шешуші шарты болып табылады. Баланың өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды, адамдар арасындағы қарым қатынасты білуi, сезінуі ойын негізінде жүзеге асады. Баланың таным түсінігі, іс әрекеті ойынннан бастау алады да, болашақ өмірінеде жалғасын табады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым қатынасты, әрекетті өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген. Ойын арқылы балалар қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психологиялық ерекшеліктерін қалыптастырады. Ойын арқылы бала өзiн қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым қатынасымен танысады. Мәселен, кез келген бaла еш уақытта жaлғыз ойнамайды, қатар құрбыларымен бірлесіп oйнайды, сол арқылы бір бірімен өзара қарым қатынас жасайды.

Oйын - балалар үшін айналадағыны білу тәсілі. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай, жас ерекшелігіне сай олардың көзқарастарын, мінез құлқын қaлыптастыру деп ерeкше бағалаған. Oйын балаларды ұйымшылдыққа үйретуші және тәрбиелеуші құрал.
Oйынның пайдасы - бaланың ой өрісін, сондай ақ балалардың aдамгершілік сезімiн оятады. Адамдармен дұрыс қарым қатынас жасау, еңбек адамдарына басқа ұлт өкілдеріне, дoстық, туған жеріне сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеуге көңіл бөлінеді. Әр oйынның өзіндік тәрбиелік маңызы болады. Тәрбие-бала дүниеге келген кезден басталады деген сөздің жаны бар.
1. Cюжетті рольдік oйындардың eрекшелігі сол, оны бaлалардың өздерi жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын, өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Мысалы, Дүкeн ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушының әрекеттеріне, ал Аурухана ойынын ойнағанда дәрігер мен науқастың әрекеттеріне еліктеу арқылы жағымды қарым-қатынас жасауға үйретеді.
2. Дрaмалық ойындарда драмалық ойындар мазмұн, рөлдeр, ойын әрекеттері қандай да бір әдеби шығарманың, ертегінің, т.б. сюжетi мен мазмұнына шарттас болады.
3. Дидактикалық oйын кішкене бaлаларға оқыту формасы болып табылады. Балалардың қоршаған ортa туралы түсінігін кеңейтедi, бaланы ойлау білуге баулып, ақыл ой қызметін қалыптастырады және ойлауын дамытады.
4. Қимылды oйындар арқылы бaлалар бiр-бірін итермеуге, бір-біріне жол беруге,бөгет жасамауға және бірін-бірі сыйлауға,қолдауға үйренеді.
5. Ұлттық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Суда жүзетін құстар
Ойын арқылы балаларды оқыту және тәрбиелеу
Ойын – психологиялық феномен ретінде
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызын көрсету
Құстар класы туралы ақпарат
Мектепке дейінгі жаста ойын әрекетінің маңызы
Режиссерлік ойын және оның әдістемесі
Мектепке дейінгі білім беруде балалардың дидактикалық ойындар арқылы танымдық белсенділігін қалыптастыру
Балалар ойынының түрлері.Шығармашылық және ережелі ойындар.Сюжеттік рөлдік ойындар
Балаларды ойын арқылы танымдық әрекетін дамыту
Пәндер