Біржан сал Қожағұлұлы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ әдебитінде, мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі XIX ғасырдағы қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі Біржан сал Қожағұлұлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің жағасында дүниеге келген. Біржанның ескі ата-қонысы Обаған болған. Біржанның арғы атасы Бертістен Ақшолақ, Айшуақ, Жаншуақ, Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан Тұрлыбай, Нұралы, Ералы туады. Біржан Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке Біржан «Баласы Қожағұлдың Біржан салмын» деп жар салатын содан. Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді. Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен ән салуға, өлең сөз қиыстыруға бейімдігін байқатады. Өлеңге құмар жас тар аяда қалмай, ошақ басы, от қасы әңгімелерінен биік тұрып, ел тамсандырар серілер өміріне қызығып, өзі де салдық, серілік құра бастайды. Осы әншілігінің, ақындығының арқасында Біржан алты алашқа оңай танылып, кейінгіге ертегідей жетіп, қазақтың ерекше салт-дәстүрі серілік дәстүрін шыңға шығарған жанға айналады. Ол тек Көкшетау аймағы ғана емес, бүкіл Сарыарқаға танылып, кейіндері қазақ әдебиетінің биік тұлғасына айналады. Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, балуан Шолақ секілді әнші-ақындар Біржан жолын жалғастырушы болып, соның жолымен жүрген жандар еді. Біржанның әр әні ерекше жағдайларда, ерекше жайларда туады. Мәжіліс құрып отырған шақтарда, я болмаса көңілінде қалған бір түйткіл жайларға байланысты Біржан ән шығара береді.
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын
Адамға зияны жоқ жүрген жанмын.
Қасыңа мені сендер неге алмайсың,
Өзім сұңқар, өзім сал, кімге зармын.
Жасым бар жиырмада жасырмаймын
Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын.
Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,
Сен түгіл, патшаға да бас ұрмаймын, -
деп ақындық қуатынық зорлығын, шалқар талантының бар екенін ескертіп, биік пафоспен жоғары әуенменен айтады. Осыдан-ақ Біржанның ақындық қуатын танимыз. Ақын сөзін әдемі өрнектеп, соған сай қуатты әнменен қосады. Яғни, ол қазақ даласындағы біріккен, тоғыспалы, синкретті өнер түрін сазгерлік, ақындық, әншілік сипатта үш тоғыстың басын қосқан айрықша талант. Біржан ең бастысы ақын екендігі мәлім.
Созады Біржан даусын қоңыр қаздай
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай, -
сынды сөздері Біржанның ақындық күшін көрсетеді.
Аты жоқ құс болады көкек деген,
Алдында терезенің секектеген.
Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің,
Айырылып сені сәулем кетеді деген.
Кім сүймес шешек атқан көкек айын
Бейне жаз менің сүйген сәулетайым.
Ақ қалқам отыр ма екен, жатыр ма екен,
Әй, көкек, ұшып барып білші жайын.
Шекеңе селдіретіп айдар тағып
Көкектеп бос жүргенше секең қағып,
Қосайын өле-өлгенше мен әніме,
Қалқадан хабар әкел ұшып барып.
Бұл жырында ақын сағынған сұлуын көкекке барып білші деп соншалық нәзіктікпен ұшқан құсқа мұңын шағып айтады. Біржанның сезімді әндерді ақындық қуаты мол.
Өзіміз айтқандай Біржан Қожағұлдың бауырында, соның қарауында өседі.
Ұсынсам қолым жетпес туған айға,
Айтсам да арыз жетпес бір құдайға.
Жылына бес жүз теңге тапсам-дағы,
Жақпадым өзім әкем Тұрлыбайға, -
деп өзінің бір өлеңінде айткандай атасы Қожағұл киелі болғандығын байқаймыз. Біржан жас кезінен-ақ әнші, әнге құмар, жырға құмар, әр кезде де соны аңсайтын жүрекпен, музыканы, әнді, домбыраны ұнатқан жүрекпен ер жетеді. Егер ауылға келген әлдебір әнші, я болмаса күйші болатын болса соның жанынан шықпай, мүмкіндігінше барын тыңдауға, түгел тауысып ұғынуға тырысады. Ал егер көрші маңайындағы бір ауылда ән мен жырдың думаны болып жатса сол маңға тартып кеткенді жақсы көреді. Ол тек қана әнге емес, сал-серілікті де ұнатады. Сұлу киім, жүйрік ат, алғыр тазы, қиырдағыны шалар қыран құс осының бәрі Біржанның бала шақтағы ұнатқан құмарлығы болады. Жас кезінде «әнші бала» атанып жүрген Біржан «әнші жігіт» дейтін дәрежеге де жетеді. Ол ел аралап жүріп, жұрт аралап жүріп қазақтың осы бір ешкімге ұқсамайтын өнерінен өзегі қанып ішеді. Әдемі ер-тоқым, әдемі киім, Сарыарқаны тербеткен ғажап дауыс, сұлу бейне, көркем келбет осының бәрі қай жерде жүрсе де Біржанның бойын өзгеден биік көрсетіп, қандай жағдайда кім болмасын басын бұрып қарайтындай, мынау Біржан-ау дейтіндей дәрежеге әкеледі. Аздаған уақыттың ішінде Біржан жұртқа танылып, яғни Біржан әнші, Біржан сазгер, Біржан өнерпаз, Біржан сал атымен біліне бастайды. Бізге Біржанның қалай әнші болғандығы жөнінде, қала берді кімдердің жолымен жүргендігі, кімдерден дәріс алғандығы беймәлім. Демек, біз Біржанның әрбір әні қалай туғандығына қарап қана оның шығармашылық жолын байқай аламыз. Біржаннын, оқыған мектебі, әншілік мектебі, қала берді өскен ортасы, алғашқы ән салыстары мен домбыра қағыстары бәрі Алаштың ішінде, қазақтың ішінде болғандығы мәлім. Демек, Біржан сал Қожағұлұлының алғашқы мектебі қазақ елі, Сарыарқада сайрандап күн кешкен, аққуға үн қосқан сол кездегі Алаштың басындағы бір тәтті кездер, Біржанның әнінен естіледі. Соның ішіндегі «Аққуым» деп аталатын ән:
Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,
Ешкімнен кейін емес салтанатың.
Кез келіп ұшырастық сәті түсіп,
Аман бол, жолыққанша перизатым, -
деп жай басталып келіп, ойнақшып келіп одан әрі қарай дауысын жоғары көтеріп әкететін әдемі ән Біржанның алғашқы туындыларының бірі деуге болады. Біржанның тағы бір кесек әндерінің бірі «Жаймашуақ».
Көл жағалай бітеді көкше құрақ,
Шырқаушы еді осылай Ләйлім шырақ.
Қозыбақтың үйінде мәжіліс боп,
Ән еді Біржан салған жаймашуақ -
деп басталатын әнде Қозыбақтың үйіндегі жиында отырған шағында, әншінің шабыттанған кезіндегі, толықсып, шығармашылық тұрғыда биікке шапқан кезіндегі шығарған әніндей болып көрінеді. Бұған қарағанда Біржан әнді көңіл-күйдің қалауымен шығарған секілді. Көңіл хошы түскен кезінде, жан рахатын кешкен сәтінде осындай «Жаймашуақ» секілді қай кезде де алып қарасаңыз өз биігінен түспейтін әдемі әнді шығарып кете береді. Осы секілді әндердің тағы бірі «Айтбай» деп аталады. Айтбай бүл қыздың аты. Қазақ келесі туатын бала ұл болсын деп ырымдап, қыз балаға кейде ер адамның есімін қоятын әдеті бар.
Мамекем Айтбай десем күлімдейді,
Сұр жорға астындағы сүрінбейді.
Аққудай аспандағы жүз құбылып,
Сал Біржан ән салуға ерінбейді, -
дейтүғын тұстарында Айтбайдың әдемілігі, Айтбайдың сұлулығы айтылады.
Атымның қақ түрады сауырына,
Қос тепкі салып екі бауырына,
Қолынан бір шай ішіп кетейін деп,
Келемін Айтбай сұлу ауылына.
Бүл да сол кездегі Біржанның халінен, Біржанның жағдайынан ауыл аралап, ел аралап ән салып жүрген салсерінің сайран күндерінен, сол кездегі қазақтың еркін көңілінен, сол шақтағы қазақ халқының бостандықта жүрген кезі ән салып, әнге елтіп жүрген кезінен бізге дерек беретіндей.
Осындай әндердің бірі, жақсы әндерінің бірі - «Ләйлім шырақ» әні. Жалпы бұл әннің тууы да ерекше болады: Біржан сал Ләйлім атты қызы бар өзімен тұстас, замандас Көлбай, Жанбай деген азаматтары бар үлкен елге келеді. Біржанның әнші екенін, жүртқа қадірлі екенін біліп тұрып, Көлбай мен Жанбай салға өзі қалағандай құрмет көрсетпейді. Жұрт алақанға салған серіні менсінбегендей сипат көрсетеді. Осыны байқап таңертеңінде «Ләйлім шырақ» атты бір ғажап әнді туғызады. Бұл бір қарағанда қызға еркелеп, сол ауылдағы әдемі аруға айтқан назындай болып көрінгенімен, екінші жағынан Көлбай, Жанбайға да тиетіні байқалады.
Ләйлім шырақ,
Мен де өзіңдей жас едім, жана талап,
Біреу Ташкент барғанда алдырып ем,
Қызыл жібек қырмызы төрт-бес қадақ, -
деп келеді де:
Өзіме бер шідерді тауып алсаң,
Елу теңге берер ем сүйінші алсаң.
Жерде шіріп қалса да көзім көріп,
Қыршын жасым қиылсын бітім алсам, -
дейді. Яғни шідерді сен алдың, шідерді Ләйлім алды, ұрлап алды және жай алмады үлкен бір ғашықтық жүрекпен ұрлап алғандай астары бар деп көрсету үшін өзгеше бір әдетке, өзгеше бір әдіске басады.
Ләйлім шырақ - асыл тасым,
Көлбай, Жанбай бірге өскен замандасым.
Келген жоқ көктен пері, жерден шайтан,
Шідерімді ұрлаған қарындасым, -
дейді. Осы арада Ләйлім де қатты сасып, не істерлерін білмей Көлбай мен Жанбай да сасып қалады.
Ләйлім шырақ,
Таудан аңңан сылдырап мен бір бүлақ.
Қамыс болсын, жіп болсын неге керек,
Шідерімнің бағасы қырық қысырақ. -
деп алдындағы бір қайыс үшін осылай істеуге бола ма деген сөзге қарсы шығып, Біржан шідерінің өзі үшін бағасының тым қымбат екендігін қайта-қайта айтады. Содан кейін ғана барып Көлбай, Жанбай ауылы салды басқаша құрметпен күтіп, өзгеше бір ілтипатпен қарсы алып, сал-серіге тән дәрежеде шығарып салады. Бүл Біржан салдың аса бір ерекше жазылған шығармасы.
Біржан тағы бір әнінде өз жайынан былай хабар береді:
Баласы Қожағұлдың Біржан салмын,
Ешкімге зияным жоң жүрген жанмын.
Кісіге өзім деген бас имеймін,
Өзім әнші, өзім сал кімнен қормын? - деген сөзі сол кездегі Біржанның жайын, әншінің бір жұрты сүйетін, еліне сенетін жайын байқатады.
Кейін келе Біржан жасы ұлғайған шағында ауылдан, елден көп шыға бермейді. Бүл тұстары алдындағы қалыптасқан әдеттен, мінезден өзінің ағалары Ержан, Нұржан мүмкіндігінше тежеп, әншіні көбінесе шығармай, өз ауылында шідерлеп үстауға тырысады. Бірақ Біржан бүған көне бермейді.
Жасым бар елу бесте жасырмаймын,
Басымнан жаман сөзін асырмаймын.
Қысқа жіп келмесе де күрмеуіме,
Саған да туысым бас ұрмаймын, -
деп айтады. Бұл тұстарда Біржанның шын мінезін, оның кімнен болса да қайтпайтындығын, күрескерлігін, ержүректігін анық тануға болады. Әншінің Жанботаға айтқан сөзінен, сол кездегі туған ғажап бір әннен де көрінеді. Бұл - баяғыдан қастас екі бай Жанбота мен Азнабайдың арасындағы аса бір иык тіресіп, бірімен бірі қатар тіркесіп түсіп, мен баймын, я болмаса мен ас-ханмын деп тұрған асқақ мінездің ортасында туған, ызамен туған ән.
Жанбота, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің.
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статьядан көрген жері?
Өзін сабаған, өзіне қол көтеріп қарсы шықңан жанға көнбейтүғын кесек мінез иесі екенін Біржан расында өлеңдерінен анық байқатады.
Жанбота өзің болыс, әкең Қарпық,
Ішінде сегіз болыс шенің артық.
Өзіңдей Азнабайдың поштабайы,
Қолымнан домбырамды алды тартып.
Демек, бұл арада сол поштабайдың дегеніне көнбейтұғын, қолындағы домбырасын бермеуінің астарындағы ер мінез, жігіт мінез, қала берді өнер үшін тұра білетіндігі, ән көгінде өзіндік аспаны бар екендігі, сол өнер аспанына ешкімге де аяқ бастырмайтын аса қайсар ерекше мінез ақын көрінеді.
Тартса да домбырамды бергенім жоқ,
Есерді поштабайдай көргенім жоқ.
Қамшымен топ ішінде үрыл еді,
Намыстан, о дариға, өлгенім жоқ.
Бүл сөздер де сол кездегі Біржан халі, әнші жайынан, оның қандай мінез иесі болғандығынан хабар берген-дей. Ешкімнен ңорқа бермейтіндігін, ңайтпайтындығын айтңандай. Сонда өзі сенген Жанботаға қарап, бай араша түспеген кезінде ашына атйңан екен:
Созады Біржан дауысын қоңыр ңаздай,
Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.
Бас қосқан мәжілісіміз болады деп,
Жанбота, мазамды алдың ала жаздай.
Айтады Біржан өлең ентелетіп,
Біржанды халық қойған еркелетіп.
Есерге, поштабайға көз алдыңда,
Біржанды қоймақ па едің желкелетіп?
Осылайша өнерді қадірлемейтін, сыйламайтын жандарға тиісті жазасын уытты сөзбен береді. Мәселе ел арасындағы шенді-шекпенділердің Біржанды қаншалықты қадірлегенінде емес, мәселе қазақ әнін қанщалықты қадірлегендігінде, өнерді қаншалық сүйгендігінде. Қазақ әндері өзінің тиісті бағасын әлі алып болмаған біздің халқымыздың ұлы мұраларының бірі. Ол - тек кешегі Біржан дәуіріндегі дерт қана емес, бүгінгі күннің де үлкен дерті. Сол кездегі әнді қабылдамаған шенді-шекпендіге Біржан ренжиді. Өзі үшін емес, әнші хақымен емес, қазақ әнінің атынан сонау замандардан домбырамен бірге жеткен музыкалық мұра үшін, жетпес биік үшін, өнердің тазалыры үшін, өнердің бұлақ басы үшін ренжиді. Сол үшін қапаланады.
Бұрынғының биіндей би қалмады,
Бүгінгінің биінде не қалмады?
Хатым, ққран болмаса молдалардан,
Өлікке тамнан басқа сый қалмады.
Бұрынғының жақсысы тамам болды,
Ендігінің жақсысы жаман болды.
Арғымақтың аяғын арқан шалып,
Есек озып бәйге алған заман болды.
Бұл Біржанның кезіндегі ғана қазақ дерті емес. Оны айтпай қалу, мұны мойындамау мүмкін емес. Біржан сал бір ешкімге бас имейтін шағын қайта-қайта айта береді.
Жігітке кедейшілік ол сергелдең,
Болмаса жалғыз атың өлгенмен тең.
Үйіңе құрбың келіп құр аттанса,
Не пайда ол өмірден босқа сүрген, -
дейді. Яғни адамдықтың, арлылықтың белгісі тек қана әншілікте емес, сал-серілікте де емес, жігіттікте тұрғанын қайталап айта береді.
Шетіне орамалдың түйдім сусар,
Көп жылқы көгалалы көлде жусар.
Кешегі ел қыдырған есер шақта,
Ән екен Біржан салған жамбас сипар.
Берген соң қүдай өмір ақбас болдық,

Келін менен балаға да жақпас болдық.

Көрген соң көзі құрғыр шыдай алмай,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Біржан сал және оның ақындық айналасы
ХІХ ғасыр қазақтың аса көрнекті компазиторы Біржан сал Қожағұлұлы (1834 - 1897)
Біржан Қожағұлұлы (1834-1897)
САЛ - СЕРІЛЕР ПОЭЗИЯСЫ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР
Біржан сал
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)
Біржан салдың лирикалық өлеңдері
Қазақ поэзиясы мен музыка өнері
Біржан Сал- тарихи этнографиялық тұлға
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы музыка мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz