Мұхтар Шаханов поэзиясының ұлттық мінезі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті КеАҚ

Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ әдебиетінің тарихы
пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Mұхтар Шаханов шығармаларындағы ұлттық мінез сипаты

Мамандық шифры
Оқу бөлімі
6В01707 қазақ тілі мен
Әдебиеті
Күндізгі

Орындаған: _________________ Куатова Индира

Тексерген: _________________ аға оқыт., фил.маг. Нуржаксина М.Қ.

Бағасы:

Көкшетау, 2021

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

I. ХАЛЫҚ ҮШІН ДАРА ТУҒАН ЖАН - МҰХТАР АҚЫН
1.1 Мұхтар Шаханов - қазақ халқының жаңа биігі ... ... ... ... ... ..
1.2 Шетелдік зерттеушілердің М. Шахановтың шығармашылығын зерттеуі.

II. ХАЛЫҚ ҮШІН ДАРА ТУҒАН ЖАН - МҰХТАР АҚЫН
2.1 . Ақын шығармаларының бастау алар қайнары - ұлттық намыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Мұхтар Шаханов поэзиясының ұлттық мінезі ... ... ... ... .

III. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

IV. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Кеңестік және қазақстандық ақын, жазушы, қоғам қайраткері, Қазақстанның өзін-өзі ұлт ретінде анықтау барысында шындық, әділдік үшін күрескер болған - бұл Мұхтар Шаханов. Оның өмірбаяны оның Қазақстанның халық ақыны ғана емес, Қазақстан халқының ар-ожданы мен абыройы екендігін айқын көрсетеді. Мұхтар Шахановтың шығармашылығы қазіргі әлемнің үш негізгі құндылығын - гуманизмді, демократиялық дәстүрлерді және ар-намыс пен адалдықтың моральдық - этикалық идеалын қамтиды. Бұл ақынымыздың кез-келген шығармасын оқығаннан кейін, азды-көпті ойланбай қоймайсыз. Ойға беріліп кетесіз... Адамзаттың ата жауы өзі екені бұрыннан бері айтылып келе жатқан шындық. Мұхтар Шаханов шығармасының басты жетістігі осы мәңгілік мәселелер жайында ой жарыстыруында.
Мұхтар Шаханов поэзия есігін алғаш ашқанда, әлі ешкім бастамаған жол іздеуге мақсат ұстанған болатын. Ал қазіргі күні оның өз жолы бар. Оның оқырмандары осы жолдың әлі де болса кеңи түсіп, ақыннан алда талай ұтымды дүниелер болатына сенеді.

Курстық жұмыстың мақсаты:
- Мұхтар Шахановтың қазақ тарихындағы орнын саралау;
- Ұлтжандылығының арқасында көрсеткен жетістіктерін баяндау;
- Айбынды елінің ұлы қайраткерлерінің бірі екендігі көрсету;
- Мұхтар ақынның поэзиясында бастау алған тақырыптардың болмысын таныту;

Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: Зерттеу жұмыстарын орындаған кезде мынадай әдістерді қолдандым:
- Ақынның өмірі мен шығармаларына қайта жолу жасап, танысып шықтым. - Шығармалырына көркемдік тұрғысынан талдау жасадым.
- Ақын поэзиясының тақырыптарын жүйелей отырып, қорытынды шығардым.

Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспе, екі тараудан және қорытынды мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жалпы көлемі - ----- бет.

I. ХАЛЫҚ ҮШІН ДАРА ТУҒАН ЖАН - МҰХТАР АҚЫН

1.1 Мұхтар Шаханов - қазақ халқының жаңа биігі.
" Мен ешкім туралы жаман айтпаймын,
бірақ мен әрқайсысы туралы білетін барлық жақсы нәрселерді айтамын," - деп, Бенджамин Франклин айтқандай, мен де қазақ халқының ұлы тұлғаларының бірі Мұхтар Шаханов туралы сөз қозғауға бел будым.
XX ғасырдың алпысыншы жылдарында қазақ поэзиясында өз болмысымен, өз үнімен жарқ етіп танылған Мұхтар Шаханов - қазақтың біртуар көрнекті ақыны. Қазақ әдебиетінде ерекше орын алатын Мұхтар поэзиясының негізгі сарыны, идеясы - ұлттық рух, азаттық, тәуелсіздік негізі патриоттық сезімдер арқылы жырланғанын бәріміз білеміз. Ал, енді осы автордан туған шығармаларда кездесетін ұлттық рухты тақырыптарды жүйелеп, сөздердің құрылысын зерттеп көрейін.
Өз елінің намысын ту қып ұстаған ақын өмірбаянына сөз берсек...
1942 жыл 2 шілдеде өмірге келген. Туған жері: Оңтүстік
Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылы. Қызмет жолына көз жүгіртсем, трактордың тіркеушісі болып жұмысын бастаған, одан кейін Облыстық Оңтүстік Қазақстан газетінде корректор, әдеби қызметкер; Лениншіл жас газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші; Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы; Республикалық Жалын журналының бас редакторы; КСРО халық депутаты, КСРО Жоғары Кеңесінің мүшесі, ҚР халық депутаты болып жұмыс атқарған Мұхтар ақын ерен еңбектері үшін 1994 жылы " Қырғыз Республикасының Халық ақыны ", ал 1996 жылы " Қазақстанның халық жазушысы " атты марапаттарға ие болды.
Мұхтар Шахановтың өмірбаяны ерекше адамның ерік-жігерін, еңбекқорлығын және патриотизмін көрсетеді. Оның Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі өмір жолын украиналық ақын Евгений Маланюктің мына сөздері тамаша суреттеп көрсетеді: "Ұлттың көсемі болмаған кезде, оның көсемдері -- ақындар". Бұл сөздерден Мұхтар Шахановтың елі үшін, елінің намысы үшін жасаған істерін айқындай алады.
Жалпы зерттей келе, ақын өз елінің мемлекеттік дәрежедегі сыйлықтарынан, Халық қаһарманы атағынан, орден, медалдарынан жүйелі түрде бас
тартқан екен. Ол оны былай түсіндіреді. Отан біздің ең үлкен анамыз.
Әркім өз анасына еткен қызметі үшін жылу дәметпеуі керек. Отан да өзінің дараланған перзенттерін марапаттап отыруы шарт. Бірақ ол өте әділетті түрде шешім табуы тиіс. Қазір елімізде кез-келген заңдастырылған немесе заңдастырылмаған ұрылардың ең кемі екі орден, үш медалі бар.

Солардың қатарында болғым келмейді. Ал шет мемлекеттер ұсынған сыйлықтарды алатын себебім, ел перзентіне көрсетілген, есепке құрылмаған риясыз құрмет сәл де болса республикамыздың рухани мәртебесін өсіреді, - деген оймен тұжырымдаған екен.
Мұхтар Шаханов қазіргі қоғам мен адамның жан - жағдайын сезінетін Жазушылар ұрпағына жатады. Олардың шығармашылығы әлеуметтік -ұлттық бағытқа ие және, әдетте, руханиятқа қатысты мәселелерді қозғайды.
Дүниетанымдық тұрғыдан Мұхтар Шаханов қоғамның моральдық тозуын, адамның деструктивті күшін бастан кешірген, қоршаған әлемге, табиғатқа тұтынушылық тұрғыдан қарайтын Шыңғыс Айтматовтың рухына жақын.
Мұхтар Шаханов - атақты ақын және публицист. Оның көркем шығармалары ұлттық және әлемдік тарих ұсынған жеке тәжірибе мен сабақтарға негізделген. Оның шығармашылық тәсілінің ерекшелігі - тарихи жағдайда ол жалпы адамзаттық, әлемдік проблемалардың мәнін құрайтын ауырсыну нүктелерін көреді.

1.2 Шетелдік зерттеушілердің М. Шахановтың шығармашылығын зерттеуі.
Оның шығармашылығы әлемдік мәдени қоғамдастықта әр түрлі болды.
Көптеген тілдерге аударылған ақын шығармалары шетелдік оқырмандарынан да біраз жақсы пікірлерімен қолдау тапты.
Гуманизмге толы поэтикалық шығармалары үшін ЮНЕСКО-ның "Боорукер" клубы Мұхтар Шаханов жылдың ең мейірімді адамы атанды. Оның есімі Біріккен Ұлттар Ұйымының Алтын кітабына енген, ол халықаралық Индустрия, Білім және өнер академиясының (АҚШ) академигі болып сайланды және кейінірек осы академияның А.Эйнштейн атындағы алтын медаліне ие болды. 2001 жылы Түркияда Мұхтар Шаханов "түркітілдес елдердің ең үздік ақыны"деп жарияланды.
Шетелдік кәсіби оқырмандарды Мұхтар Шахановтың шығармаларына оның бүкіл адамзатқа деген гуманистік көзқарасы қызықтырады. Олар ақынның Адамзаттың рухани дамуын бәсеңдетуге ықпал ететін өркениеттің теріс салдары мәселесіне үндеуін ерекше атап өтеді. Мысалға, Жазушы, Фин ПЕН-клубының Басқарма мүшесі Юкка Маллиненнің Мұхтар Шаханов туалы өз пікірінде, оны Орталық Азияның ұлы ойшылдары мен ақындарымен салыстырады: "өзінің ұлы бабасы, әлемнің екінші Аристотелі деп аталған Отырардан шыққан философ Әбу Насыр Әл-Фараби сияқты, ол қазіргі өркениеттің жай-күйі туралы батыл әрі ауқымды ой жүгіртеді.
Мен финдік оқырманға ұсынғым келетін шығармасы " Жазагер жады космоформуласы " атты іргелі эксперименталды поэтикалық романы, ол бүгінгі әлемнің алаңдаушылығына драмалық, жанды жағынан жауап береді.

Ал атақты неміс жазушысы және аудармашысы Фридрих Хитцер
егжей - тегжейлі алғы сөздің авторы болып табылады, онда ол шығармаға келесі баға берді: " жазагер жадтың космоформуласында " өмірдің басқа аспектілерімен күрделі араласып, біздің заманымыздың маңызды мәселелерінің бірі-екі мыңжылдықтың тоғысындағы руханият мәселесі көтеріліп, оқырманды жазалаушы жадтың мәні туралы ойлауға итермелейді.
Бұл полифониялық шығарма, менің ойымша, ақынның өзі мен оның ұлтының ғана емес, бүкіл Орталық Азия философиялық көркем ойының сөзсіз жетістігі" [2, c.290].
Фридрих Хитцер болса, Мұхтар Шахановты "қазақтың көрнекті ақыны" деп атайды және оқырмандардың назарын алдыңғы "Өркениеттің адасуы" поэмасы қазіргі әлемдік поэзияның жетістіктерінің бірі ретінде
ЮНЕСКО-ның жоғары бағасына ие болғанына көңіл аударады.
Жазушы Евгений Евтушенконың пікірінше, Мұхтар ақынды нағыз қазақ ақыны деп біледі. Бірақ оған ұлттық шектеулер жат, соған қарамастан оны үлкен болашақ күтіп тұр деп ойлайды.Себебі, ақын Шаханов өз халқының тарихи және қазіргі заманғы даналығын фольклорлық нақыштардан қорыта отырып, асқақ ұмтылысқа ұмтылады және әлемдік рухтың биіктігіне көтеріледі деп ой толғайды.
Дағыстан халқының ақыны Расул Гамзатов болса былайша пікір қосады: "Ақын Мұхтар Шаханов - өзінің күрделі дәуірінің белсенді ар-ожданы. Билік оны бағаламауы екіталай. Бірақ мен оның менің досым екеніне мақтан тұтамын," - деген ойын білдіреді.
Америкалық ақын Джон Эшбери: " Құдай әр ақынның өз ұлтына Мұхтар Шаханов сияқты қызмет етуін берсін, " - деген тоқтамға келеді.
Орыс ақыны Андрей Вознесенскийдің пікірінше: " Мұхтар Шаханов - өз заманының азаматтық ар-ожданы. Біз оның 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы төңірегінде әділдікті қалпына келтірумен табанды түрде айналысқанын білеміз. Мәскеудегі және мұндағы билік бұны ұнатпады. Біз, ақынның жақтастары, егер Шахановтың басынан бір ғана шаш түссе, біз бірден бүкіл әлемге оның қорғауында дауыс көтереміз деп нық мәлімдейміз ," - деген азаматтық пікірін қалдырды.
Белгілі бір сұхбатында мына бір сұраққа жауап алынған еді.
Евгений Евтушенко, В Россий поэт - больше чем поэт деп жазған еді. Қазақстанда қалай? Біздің ақын-жазушыларымыз халық пен қоғам алдындағы борыштарын қаншалықты адал атқарып жүр?
Қазіргі таңда адамдардың әсіресе, зиялы қауым өкілдерінің сөзі мен ісінің арасы тым алшақтап кетті. Енді мені тыңдаңыз:
Кім шындығын жоғалтып алса,
Ақты ақ, қараны қара деп айтудан қалса,
Сөзі басқа, ісі басқа болса,
Елдік, ұлттық, ғаламдық мүддеге тамыр жібере алмаса,

Пенделігі тек өзін емес, қоғамын да алдаса,
Ондай ақынның да, ғалымның да, саясаткердің де,
Мазмұны, даңқы далбаса!
Осы секілді көптеген пікірлерді баяндап отыра беруге болады. Біздің бұл пікірлерден көретініміз, Мұхтар ақын тек қана кеңестік елдерді емес, жалпы әлемді бағындырған ақын деп санауға болады.

II. ХАЛЫҚ ҮШІН ДАРА ТУҒАН ЖАН - МҰХТАР АҚЫН.

2.1 . Ақын шығармаларының бастау алар қайнары - ұлттық намыс.

Жазушы Мұхтар Шаханов Алматыдағы 1986 жылғы оқиғаларды тергеу жөніндегі комиссиядағы бір ғана жұмысымен өзіне деген сүйіспеншілік пен құрметке ие болған жоқ. Ол қазірде 80-ге табан тіреген шақта бір жағынан ашу - ызаны, екінші жағынан бата ала отырып, ең өткір мәселелерді көтеруді жалғастыруда.
Жалпы, Мұхтар ақынның поэзиясының арқауы болған бұлтуған ана тілі, халқының тағдыры мен ұлттық намысы.
Оның шығармаларының тақырыптары сан алуан: ақын шығармаларынан оқырман Қазақстанның маңызды тарихи сәттері, қазақтардың аңыздары мен ақынның айналасындағы әлем туралы ойлары туралы біле алады.
21 ғасырдың көптеген заманауи ақындары Шахановты әдебиет әлеміндегі жетекші деп санайды.
Ұлт мүддесін қорғаушылардың еі алдыңғы сапында келе жатқан қайсар, тұлғалы Мұхтар ақын өз шығармаларының жақтаушылары міндетті түрде сене отырып, ұлттық мінезді қозғай отырып, поэзиясының қайнары қып патриоттық сезімдерді алады. Әсіресе, ана тілі мәселесін өз өлеңдерінде кеңінен тарқата қозғайды. Қазақтың алмас қылыштың жүзіндей өткір сөздерін орынды қолдана білген ақынның қазақ тілі мәселесі жайлы өлеңдерінің әрбір жолы ұйқыдағы сананы оятардай өткір сөздермен жазылған. Мысалы, ақынның Тілсіздену анатомиясы атты поэмасының мына жолдары осыған дәлел боларлықтай.
Ана тілін қорғамаған,
Қорғағанды қолдамаған
Өз еліне шыншыл қызмет ете алмайды саналы!
Бәрін таптай бермек пе әлде рухсыздық табаны?
Бұл сұраққа өркениет қашан жауап табады?
Бұл жолдарда ақынның ана тілімізге деген алаңдаушылығымен қоса ана тілін қор қылған адамдарға айтылған сынды да айқын байқаймыз.
Ақынның тілін жойсаң - ұлтын жойдың деп білгін! деген сөздерін еске алсақ, Мұхтар ағаның ананың ақ сүтімен бойына тараған қазақ тілін өз өмірінің негізі деп ойлайтындығын түсінеміз. Осы жолдар арқылы өзінің ұлттық мінезін сипаттай отыр. Тағы ескере кетсем, Баба тілі төңірегіндегі машақтар атты өлеңінің әр жолы осыған дәлел боларлықтай.
Ана тілім-бабам тілім,қасиетім,қанатым,
Ғұмыр бойы бас иетінар-ожданым,санатым,
Мың азаптан,мың тозақтан еңсе бүкпей өтіп ең.
Мұң дөңбекшіп өзегіңде,
Жаһандану кезеңінде,
Рухсыздар шыққан шақта белсенді боп шетінен,
Жойылуға жол алдың ба ұлы жердің бетінен?
Ақын бұл жолдар арқылы әрбір қазақтың қара домалақ баласы мен қара көзді қазақ қыздарына тіл тағдырын баяндап жатқандай күй кешесің. Ақынның бұл өлеңдегі негізгі ойы Расул Ғамзатовтың :
Егер тілім жойылатын болса ертең,
Онда Құдай мені бүгін алмай ма? деген өлең жолдарына келеді.
Ақын өлеңінің мына жолдары осы сөздерді дәлелдеп тұр:
Ә дегенде өзіңді өзің өз тіліңде танымау,
Табиғатқа зорлық жасау емес пе бұл жаным-ау?
Бұдан былай ылғи алдан шыға ма осы тас қамал,
Расул сөзін қайталаудан қалмай ма енді басқа амал?
Ақынның өлеңін оқып отырғанда ұлттық рухтың да ұлттың да негізі ана тілі екенін байқаймыз. Тілсіздену бұл рухсызданудың құзар шыңы.
Өз ана тілінен айрылған ұлт ұлт атын жоғалтады. Бұл өлең әр адамға тәрбие берудегі орны ерек. Тәрбие басы баладан демекші, әр қазақ баласы Мұхтар Шахановтай ақындардың өлеңдерін оқып өссе, тілімізді бала кезінен қадірлеуді үйренуші ме еді?!
Тағы бір шығармасында
"Кімде-кім өз ұлтын жойылудан сақтағысы келсе,
Бабаларының сан ғасырлық үміт-сенімін ақтағысы келсе,
Өшіргісі келмесе тірліктен халқының рухани ізін,
Өз ана тілінде оқытуға міндетті ұлы мен қызын!"
Осы тақырыпқа байланысты Мұхтар ақынның берген сұхбатынан үзіндімен талқылап көрейін,
Туған тіл жайында...
" - ... Мысалы, өткен ғасырдың 20 жылдары құрмет тұғырына көтерілген Әліби Жангелдин деген қайраткер болған. Ол: "қазақ тілі не үшін керек, біз орыс тілінде сөйлей аламыз", - деді. Ол билік алдында алданып қалды, тіпті фамилиясын өзгертті және Степнов ретінде танымал болды. Тіпті діні өзгерді, мұсылмандықтан бас тартты және христиан дінін қабылдады.
Ал қазір елімізде оның құрметіне аталған мектептер мен көшелер көп. Тіпті Қостанай облысындағы бүкіл аудан оның есімімен аталды.
Бір тарихшы да ана тілінің маңыздылығына күмән келтіріп: "бізге қазақ тілі не үшін керек? Оның орны мұражайда, " - деп айтқан екен. Бірақ ұлтты, тілді Құдай ойлап тапты, бұл жеке адамдардың өнертабысы емес.
Мысалы, Жапонияда 12 жасқа дейінгі әр бала тек ана тілінде тәрбиеленеді, өйткені осы жылдар ішінде ол тілдің тәнін, энергиясын, ерекше қасиеттерін сіңіреді. Балалар ана тілін мықтап меңгергеннен кейін ғана басқа тілдерді меңгере бастайды. Ал бізде балабақшалардағы үш жасар балалардың көпшілігі орыс және ағылшын тілдерінде білім алады, ал қазақ тілінде бірен - саран ғана, ата-аналар үйде балаларымызбен ана тілінде сөйлейтініміз жеткілікті деп. Бұл үлкен қателік".
Ақынның бұл сұхбатынан ұлт жанашыры ана тілін құрметтеуді парыз қылады. Осылай ол поэзиясына арқау болған ана тілін өмір бойы құрмет тұтуға тырысады.
Ақын және азамат болып танылып келе жатқан М.Шаханов өзі көріп куәсі болған жәйттердің бәрінің қасында, басында болғысы келді. Оның жаратылыс болмысы да осыған лайық. Желтоқсан оқиғасының мәні мен мағынасын депутат ретінде Кремль сарайының мінберінен айқара ашты.
Құрбан болғандардың мұңын жоқтап, құнын даулап дабыл қақты. Ұлы рухын төмендетпей, жоғары көтеруді аңсады.
Ақын өзінің Рух мектебіндегі мұң өлеңінде:
" Кейде албырт Батырлық та Тасырлықтан кетпекке
Оймен, мұңмен көз тастайды Рух атты мектепке.
Ол мектептің түсі жадау, терезесі қираған,
Ішіне даңқ сыйғанымен, даңқы байлық жимаған.
Содан оған жұрттың көбі құлықты емес баруға,
Шу менен Бу дес бермейді мектеп парқын тануға
Сол мектептің ұстазы едік, нәпіге бас имеген,
Аңқау, сенгіш адамдығын қайсарлығы сүйреген.
Күллі рухсыз биіктердің парқы, даңқы сұйықтау,
Біз шыққан тау - Шындық тауы, барлықтан таудан биік тау!."
Бұл өлең жолдарында ақын желтоқсан оқиғасына байланысты баяндайды. Ол рух атты мектепті нағыз батырлықтың шыңы ретінде бейнелеп көрсетеді. Ақын Шахановтың намысты өлеңдерінің қатарына осы оқиғаға байланысты өлең - жырларын алып қарастыруға болады. Ол өлеңдерінде алаң көңіл жастарының әділет іздеп қайсарлықпен шеру тартқандығын айтып намыспен оларды мақтан тұтады.
Және олардың құрметіне арнап мақтаныш пен еске алу өлең жолдарын шығарады.
Желтоқсан алаңы
" Сәл аялдап, тағзым етпей, бұл алаңнан өтпеңдер...
Желтоқсанда ызғырықтан тітіркеніп көк пен бел,
Бұл жер, қалқам, асқақ рух жарылысы өткен жер,
Қайта оянған ұлт намысы қызыл қанға бөккен жер,
Ерте есейген ару қызды шаштан сүйреп, тепкен жер,
Жатты мұнда естен танып, көзге айналған көктемдер.. " - деу арқылы, желтоқсан оқиғасының құрбаны болған алаң - көңіл жастарының ерен еңбектерінің орны бөлек екендігін терең мойындап жазады.
"Ұлттың бағы жанар ма екен хас тұлпары, нары жоқ,
Ал біреулер намысы жоқ, жігер, қауқар, қары жоқ
Кемсітпекші, "Желтоқсанның жалаң аяқтар",-деп.
Жоқ!!! Кешегі сын сағатта көкірегінде жанып от,
Тұрған солар аяз сорған қызыл беттің ары боп,
Дәуірінің тауығына шашылмаған тары боп."
Осы жолдар арқылы олардың бұл істерін құрмет тұтуды өтінеді, олардың сол кездегі көрген азабтарын сөзбен айтып жеткізе алмайтындығына көзі жеткен ақын. Олардың ұлт намысы үшін жасаған ерліктерін келер ұрпаққа танытқысы келетіндігі байқалады.
Ал кейбір шығармаларында сол кездегі парақорлықтың көрінісін көрсете алды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Ақын Мұхтар Шаханов
Мұхтар Шаханов поэзиясының қалыптасуы мен даму жолы
Қазақ поэзиясының ұлттық сипаты
Шығыстың Шахановы
Бүкіл әлем даму біз үшін ұшы қиырсыз мәселе
Қазіргі қазақ өлеңінің құрылысы: дәстүр және даму үрдістері
Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
XІХ ғасырдың әдебиеттің ерекшелігі
Мұхтар Шаханов Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман
Пәндер