Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканы зерттеудің ғылыми негіздері мен басты қағидалары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы . Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани және мәдени қазынасы ретіндегі тілді зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі, әр тіл - өз бойында ұлт тарихын, мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтай білген таңбалық жүйе.

Әрбір халықтың тілі арқылы сол халықтың өмірінің рухани қазынасын, мәдениетін білуге болады. Бұл жөнінде академик Ә. Қайдар: «Әрбір халықтың тілі тек қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар рухани болмысы мен мәдени байлығын, барлық болмысы мен тұрмыс-тіршілігін, дүниетанымы мен әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, ата мұрасын, асыл қазынасы ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, отыратын қасиеті бар» деп тілге анықтама берген [1, 34 б. ] .

Қазақ халқының ұлт - болмысының бір ерекшелігі оның ой - өрісі, таным-түсінігі, тұрмыс-тіршілігі көркем бейне түрінде дамыған. Әрбір жеке тілдік тұлғаның өзіндік қабылдауынан, түйсінуінен туған «дүниенің тілдік бейнесі», әсіресе этнолингвистикада, яғни кез келген ұлттың мәдени лексикасынан айқын көрінеді. Ал қазақ халқының ұлттық болмысын оның тілі арқылы танып білуді мақсат еткен тіл білімінің қарқынды дамып, қалыптасып келе жатқан күрделі салаларының бірі этнолингвистика болып табылады. Этнолингвистикалық зерттеу - этномәдени, этнопсихологиялық және тілдік факторлардың өзара байланысқан тілдегі қызметі мен дамуына негізделген тіл біліміндегі үлкен сала. Ғылымның бұл саласы ұлттық ұғымдарда сақталған халық дүниетанымы, яғни бүкіл болмыс-бітімі, қоғамдық өмірі, таным-түсінігі «этностың тілі арқылы көрініс табады» деген ғылыми тұжырымнан туындайды. Әлемнің тілдегі көрінісі, яғни тілдің кумулятивтік қызметі, әсіресе тіліміздегі этномәдени атаулардан айрықша көрініс табады. Оның бірден - бір себебі тек ұлт топырағында тамырланып, нәр алған халық тіліндегі сөздер мен тұрақты тіркестер, әр түрлі этномәдени атаулар ғана ұлт ерекшелігін, менталитетін айқындап бере алады.

Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ тіл білімінде соңғы жылдары этномәдени атаулар әр бағыт тұрғысынан көбірек зерттелуде. Өйткені антропоцентристік парадигма арқылы халықтық этномәдени атаулардың ментальдық сипаты, грамматикалық, семантикалық ерекшеліктері тарихи, салғастырмалы аспектіден әр қырынан қарастырылып жатыр. Себебі қазіргі кезде қазақ тілтанымы ғасырлар тоғысында қалыптасқан функционалдық, прагматикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік, гендерлік, әлеуметтік лингвистикалық бағыттардың негізінде өрісін кең жаюда. О. Бөкеев шығармалары стильдік тұрғыдан жиі зерттелді. Дегенмен, автор шығармалары этномәдени тұрғыдан әлі де терең зерттеуді қажет етеді. Себебі халықтық тілден нәр алған О. Бөкей шығармалары этнолинвгистикалық қырлары, этнонимдерді қолданылу шеберлігі де ерекше.

Автор туындыларында этномәдени атаулардың тұлғалық, мағыналық құрылымы жағынан дамуы-қоғамдағы өзгерістер, бір ұлттың тарихы, оның танымдық дүниесі және тұрмыс-тіршілігімен тікелей байланысты болғандықтан, аталған жұмыстың өзектілігі артады. Себебі ғасырлар бойы халықтың көкірегінде жатталып, жадында сақталған көне тамырлы сөздердің тарихына үңіліп, тілдік тұрғыдан барлап, жасалу мен сақталу жолдарының тілдік құралдарын анықтау, мағыналық даму заңдылықтарын көрсету мен көнеру себептерін анықтау қазіргі кезде тек түркітануға ғана тиеселі емес, сонымен бірге тіл теориясының да зерттеп, зерделеу үлесі болып табылады.

Зерттеу нысаны - о. Бөкеев шығармаларындағы этномәдени атаулар, сөздер мен сөз тіркестері, тұрақты тіркестер, мақал - мәтелдер, басқа да тілдік қолданыстар.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері:

Диплом жұмысында О. Бөкеев шығармаларының этнолингвистикалық сипатын ашуды, авторлық қолданыстарды айқындауды мақсат етеді. Автор шығармаларындағы қазақ ұлтының өзіндік менталдық ерекшеліктерін көрсететін тілдік материалдарды: сөздер мен сөз тіркестерін, фразеологизмдер мен мақал - мәтелдерді зерделеу арқылы ұлт мәдениетін, ұлттық болмысты таныту көзделді. Осы негізгі мақсаттарға қол жеткізу үшін, алдымызға мынадай міндеттерді қойдық:

  • қазақ этнолингвистикасының даму және қалыптасу жүйесін анықтау;
  • қазақ тілінің этномәдени құрылымының негізгі қырларын анықтаудың қағидаларын сипаттау;
  • О. Бөкеев шығармаларындағы этномәдени атаулардың халықтық дүниетанымға қатыстылығын, ұлттық салт-дәстүр мен кәсіпке байланысты қалыптасқандығын жүйелі түрде анықтау;
  • О. Бөкеев шығармаларында халықтық лексиканың этномәдени сипатына талдау жасау;
  • Диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері:

Диплом жұмысының ғылыми негіздері ретінде отандық ғалымдар Ә. Қайдар, Р. Сыздықова, Ә. Болғанбаев, Б. Хасанұлы, Ж. Манкеева, т. б. ғалымдар еңбектеріндегі тіл білімінің басты теориялық негіздері алынды. Сонымен бірге мерзімді баспасөз бетіндегі тіл білімінің этнолингвистика бағытына байланысты жарияланған ғалымдар мен жас зерттеушілердің ғылыми тұжырымдары басшылыққа алынды. Сондай-ақ отандық ғалымдармен бірге Ресей және шетел ғалымдарының еңбектері диплом жұмысының теориялық және әдіснамалық негізін құрады.

Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні.

Диплом жұмысында көркем шығармалардағы тілдік бірліктердің этномәдени сипаты сараланып, тіліміздегі этнографизмдер семантикалық жағынан топтастырылды. О. Бөкеев шығармаларындағы этнографизмдер мен басқа да тілдік бірліктер ғылыми талдауға жасалып, жүйеленді, құрамы мен құрылымы талданды. Автор туындыларындағы ұлттық мәдени лексиканың дінін құрайтын, ұлттық болмыстың рухани қазынасын сипаттайтын ұлттық этнонимдер макро, микрожүйе бойынша қарастырылды. Диплом жұмысы, әрине, этнолингвистика саласының кем-кетігін түгендей қоймасы анық. Алайда аталған салада ой-түрткі боларлық тұжырымдарды этнолингвистика, стилистика, лексикология, тіл біліміне кіріспе пәндерін оқыту барысында немесе филология факультетіндегі қазақ бөлімдері үшін өтілетін арнайы курстар мен семинарлар жүргізуде кеңінен пайдалануға болады.

Диплом жұмысын жазуда мынадай ғылыми-зерттеу әдістері пайдаланылды: сипаттама, салыстырмалы - тарихи және компоненттік талдау әдістері пайдалынылды.

Диплом жұмысының құрылымы: диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ. ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЭТНОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫ

1. 1 Қазақ тіл білімінде этнолингвистиканы зерттеудің ғылыми негіздері мен басты қағидалары

Қазіргі кезде қазақ тіл білімінде этнолингвистика - ғасырлар тоғысында пайда болып, қарқынды дамып келе жатқан негізгі бағыттардың бірі. Халқымыздың әр дәуірдегі материалдық және рухани мұрасын, өз бойына сақтаған этномәдениетінің әртүрлі қырларын (этнографиялық, археологиялық, өнертану, тарихи, әдеби т. б. ) зерттеу Ш. Уәлиханов жазбаларынан басталып, Ә. Марғұлан, М. Әуезов, С. Мұқанов, Х. Арғынбаев, Ө. Жәнібеков, С. Қасқабасов, С. Қасиманов еңбектерінде жалғасын тауып, жан-жақты қарастырылды. Бірақ олардағы тілдік деректердің сипаты, көлемі, түсіндіру-талдау принциптері әртүрлі және жүйесіз болды. Негізінен қазақ тіл білімінде этнолингвистика саласының дамып-қалыптасуы Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Ж. Манкеева сынды ғалымдардың есімімен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, академик Ә. Қайдардың этнос тілінің тілдік табиғатын анықтауға арналған еңбегі тіл біліміне қосқан сүбелі үлес болды. Этнолингвист-ғалым Е. Жанпейісов М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы этнографизмдерді тілдік әрі халықтық болмыс тұрғысынан зерттеуі қазақ халқаның мәдениеті тіл деректері арқылы танытуда қосқан зор үлес деп білеміз.

Ғалым Ж. Манкеева өз еңбегінде қазақ тіліндегі этномәдени атаулардың танымдық негіздерін зерттеп зерделеуге тырысқан. Ол өз еңбегінде қазақ ұлттық мәдениетінің ерекше болмысын сипаттайтын этнолингвистиканың қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесіне сәйкес жаңа деңгейде жаңғыруы керектігін атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, этнолингвистиканы когнитивтік, коммуникативтік-прагматикалық, этика-эстетикалық, лингвомәдениеттік жағынан алып қарастыруды жөн деп есептейді. Сонымен этнолингвистика дегеніміз - халықтың ғасырлар бойы шашпай-төкпей, ұрпақтан ұрпаққа аманат ретінде табыстап, жеткізіп келе жатқан мәдени мұрасын, халықтың этногенезін, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпын, мекен-жайын, басқа халықтармен тарихи-мәдени байланысын, күнделікті тұрмысын, материалдық және рухани мәдениетін қалыптастыратын лексика.

Ғалым Ә. Қайдар тіл білімінің бұл саласына мынадай анықтама берсе, «этнолингвистика-этнос болмысын оның тілі арқылы танып білу мақсатынан туындаған лингвистиканың дербес саласы» [3, 35б], ал Ж. Манкеева «этнолингвистика- ана тіліміздің мәдени лексикасының ұшан теңіз байлығын, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып беріліп келе жатқан асыл қазынасын барынша толық жиып көрсетіп, қыр-сырын анықтайтын саласы» [4, 20б], - деп сипаттайды. Осы анықтамаларда көрсетілгендей, аталған мәселелер қазақ тіл білімінде қарқынды дамып келе жатқан бұл саланың ерекшелігі мен өзегін құрайды.

Кез келген халықтың ойлау ерекшелігі мен дүниетанымы, ең алдымен, оның ұлттық тілінде көрініс табады. Адамзаттың ойлау жүйесі мен дүниедегі құбылыстар жөніндегі нанымдары жалпы алғанда бірдей болғанымен, оларды тек бір-бірінен ой формасы болып табылатын тіл ғана ерекшелендіріп отырады. Сондықтан да тіл тағдыры-ұлт тағдырымен тамырлас, өзектес десек те болады. Халықтың салт-дәстүрі, ой-санасы, әлеуметттік жағдайы, мәдени деңгейі сол ұлттың ана сүтімен берілген өз тілінде бейнеленеді.

Тіл білімінің этномәдени лексикасы - сол тілді мәдениет, тілдік, мәдени және этнопсихологиялық факторлармен байланыстыра қарастыратын, қазіргі кезде қарқынды дамып келе жатқан лексика. Ол жалпы алғанда тіл білімінде тұтастай семантика мәселелерін де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, этномәдени лексика кез келген халықтың сөздік қорындағы ғасырлар бойы қордаланып, шоғырланып тұратын лексикалық байлықты жүйелеп, ретке келтіріп қарастырады.

Жалпы этнографияның қойнауында ХІХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап этнолингвистиканың жеке бағыт ретінде пайда болуы АҚШ-тың тіл білімінде басталған. Ол солтүстік, одан кейін орталық Американың үндіс тайпаларын зерттеумен тығыз байланысты шықты. Соның негізінде америка тіл білімінде жаңа тың дәстүрдің негізі қалыптасты. Оның негізін жасауда Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Уорф сынды ғалымдар зор роль атқарды.

Тіл білімінде этнолингвистика бағытының қалыптасуы туралы Б. Қалиұлы былай дейді: «Тіл білімі тарихында тіл мәселелерін сол тілде сөйлеуші халықтың мәдени өмірімен, салт-сана, әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік болды. Бұл жөніндегі алғашқы пікір В. Гумбольдт еңбектерінде кездеседі. Бірақ тіл мәселелерін мәдениетпен, халықтың әдет-ғұрпымен, салт-санасымен байланыстыра зерттеуге ерекше көңіл бөлу, арнайы еңбектер жазу ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында ерекше белең алды. Осы негізде қалыптасқан екі түрлі бағыт бар. Оның бірі --Америкада, екіншісі - Германияда . . . » [5, 37б] .

Ал бұл саланың Ресей тіл білімінде дамып қалыптасуы Ф. И. Буслаев, А. Н. Афанасьев, В. Топоров, В. Иванов, А. Потебня сынды ғалымдардың еңбектерімен тығыз байланысты. Олар өз еңбектерінде нақты бір тілдің тарихын сол тілде сөйлеуші ұлттың тарихымен байланысты қарастырады, этнолингвистикалық атластар жасайды, тіл мен мәдениеттің арақатынасына қатысты мәселелерді шешуге тырысады. Ал бұл дәстүрдің шығыс әлемінде ерте кезден қалыптасқанын әр дәуірдегі зерттеулерден көреміз.

Шығыстың ғұлама ғалымы Мағмұд Қашғари өзінің «Диуани лұғат ат-түрік» атты (ХІғ) сөздігінде де, қыпшақ тайпалары тілінің сөздігі-«Кодекс Куманикусте де» (ХІҮғ), тіпті шығыстың ұлы шайыры Әлішер Науаидың «Екі тіл туралы ой-пікір» атты (ХҮғ) поэтикалық трактатында да тіл материалдарын топтастырудың тамаша үлгісін көрсетеді. Сол себепті де кез келген ұлт, ұлыс туралы мол деректер мен мағлұматтарды тек тіл ғана өз бойына сыйғызып, сары майдай сақтап, шашпай-төкпей ұрпағына жеткізе алады деп толық сеніммен айта аламыз. Өйткені тілді адам баласының рухани дамуы, оның ақыл-ой парасатынан, мәдени өмірінен бөліп алып қарау мүмкін емес. Осы қасиетіне байланысты тіл феномені - «тіл әлемін» этностың өзін танып-білудің қайнар көзі десек артық айтқанымыз емес. Бұл ұғымға тілдің бүкіл өлшемі сияды. Яғни өмірінің өзегі де, өзін-өзі танып білу өлшемі де тіл арқылы жүзеге асады.

Жалпы қазіргі кезде көптеген көне сөздер жаңғырыла, жаңартыла қолданылып, ана тілімізді семантикалық тұрғыдан байытуда. Этнолингвистиканың қарқынды дамуына орай тілдің әр деңгейінің этносқа байланысты саласы қалыптасқан. Әдетте тілін жоғалтқан халық құриды деген сөз көп тараған. Ана тілінің рухани уызы сақталған этнос ешқашан құрымайды, жойылмайды, жоғалып кетпейді. Мысалы, белгілі ғалым Б. Хасанұлы өз еңбегінде ана тілінің этнос өмірінде қаншалықты маңызды екендігі жөнінде былай дейді: «Әр этностың материалдық, рухани құндылығы өзіндік ұлттық ерекшелігімен дараланатын болса, ол сол этностың ана тілі арқылы жасалады әрі нығая түседі.

Ұлт мәдениетінің төл ерекшелігі өзін туғызған тілде сақталады» [6, 67б] . Демек, ана тілін жоғалтқан этнос өзінің әдет - ғұрпын да, салт-дәстүрін, мәдениетін де жоғалтады, тіпті ана тілінен мүлдем айрылған кезде аталған барлық ұлттық құндылықтардан да мақұрым қалады.

Жалпы тіл біліміндегі мәдени лексиканың, яғни этнолингвистиканың даму барысына шолу жасап, оның жеке сала ретіндегі негіздерін анықтауға арналған еңбегінде ғалым М. Копыленко қазақ тіл біліміндегі этнолингвистикалық мектептің еңбегін қалыптастырушы - Ә. Қайдар деп көрсетеді. Ал ғалым Ә. Қайдардың пікірінше, көненің көзіндей тілдің қат-қабат қойнауларында сақталып қалған, осы дүниенің сыры мол тіл әлемінің тереңіне үңіліп, тарихымен тұтас қарап сырын ашу- этнолингвистиканың үлесі. Осы орайда ғалым ұзақ жылдар бойы орасан зор тілдік материалдар жинап, оны сұрыптап, бір ғылыми негізге салып, оларды макрожүйелер мен микрожүйелерге бөліп, өзара тіл біліміндегі салаларға бөліп, табиғи жүйе боынша жіктеп, топтап, үлкен идеографиялық классификация жасаған. Соған орай тілімізде этнолингвистикалық сөздіктің негізін қалыптастырған. Осы сөздіктің кейбір жобаларын көрсеткен мақаласында автор бұл сөздіктің, яғни этнографиялық байлықтың әдеттегі басқа тілдік сөздіктерден мүлдем басқаша тәсілмен жасалғандығын айтады: «Егер аталмыш сөздіктерде бұл тәрізді сөздер мен сөз тіркестерінің көбінше номинативтік және ауыс мағыналары түсіндірілетін болса, айтып отырған этнолингвистикалық сөздікте бұл мағыналардың сыртында жатқан қат-қабат этнографиялық түсінік-ұғымдар, әлі күні бүгінге дейін бір ізге түспей, тұтас бір жерге жиналмай, назардан тыс қалып, тіпті ұмытыла бастаған, бірақ халық үшін ең бір қымбатты әрі қадірлі, етене жақын дүниелер, тілдік фактілермен өрілген өмір көріністері, рухани, материалдық мәдениетіміздің өткен дәуірлерінен елес беретін терең сырлы, алуан түрлі ұғымдар сөз болуға тиісті» [7, 37б] .

Қазақ тіл білімінде жалпы этнолингвистикалық бағыттағы жазылған мақалалар мен зерттеулер шоқтығы биік еңбектер ретінде қарастырылады. Олардың қатарына қазақ тіл білімінде жеке-жеке қырлары жан-жақты қарастырылып, алып келе жатқан тұсында жарық көрген ғалым М. М. Копыленконың аталған мәселенің жалпы теориялық негіздерін түсіндіруге арналған «Основы этнолингвистики» (Алматы, 1985ж) атты монографиясын, Е. Жанпейісовтың М. Әуезовтің шығармаларының материалдары негізінде қазақтың этномәдени лексикасын тарихи-лингвистикалық зерттеуге арналған монографиясын (Алматы, 1994ж) айтуымызға болады. Бұл ғылыми жұмыстар этнолингвистика ғылымының негіздерін анықтап, болашақ мүмкіндіктерін талдаған зерттеулер болды. Ғасырлар тоғысында этнолингвистикалық зерттеулер М. Мұсабаева, С. Жанпейісова, С. Сатенова, К. Аронов т. б. еңбектерімен толықтырылса, ХХІ ғ. б. Р. Шойбеков, Б. Тоқтағұл, А. Керімбаев, Ә. Айтпаева сынды ғалымдар этнолингвистикалық бағытта өздерінің ғылыми еңбектерін қорғады.

Негізінен мәдени-тілдік ұжымның (халықтың, ұлттың, этностың) байырғы дүниетанымы, түйсігі, салт-дәстүрі жеке сөздерде, атауларда, фразеологизмдерде, мақал-мәтелдерде молырақ қордаланған. Сондықтан тіліміздегі мұндай атаулар, тілдік қолданыстар мен фразеологизм, мақал-мәтелдер этномәдени лексиканың қоймасы, этномәдениетті сақтаушы және бүгінгі заманға жеткізуші екендігі көрер көзге танадай ұрып, анық көрініп тұрады. Халықтың байырғы күнтізбе жүйесі, уақыт және кеңістік өлшемдері, халық астрономиясы, мал шаруашылығы, дәстүрлі мәдениет институттарына т. б. қатысты ұғымдар, тірлікте болмағанмен, тілде сақталған мифологиялық, этнографиялық көнеліктер көбіне осындай тілдік құрылымдардың құрамында кездеседі. Яғни тіліміздегі мұндай тілдік бірліктерде адам- қоғам -табиғат жөнінде тілдік ұжымның сан ғасырлық дәстүрлі білімдер жүйесі сақталған.

Тіліміздегі мәдени лексикаға байланысты сөздер, сөз тіркестері, фразеологизмдер, тұрақты тіркестер мен мақал-мәтелдер де ұлт тілінің даму ерекшелігін және ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткішін айқындайтын тілдің ажырамас бір бөлігі болып табылады. Сол себепті қазіргі қазақ тіл білімінде атаулар мен сөздердің, тұрақты тіркес мен тұрақты теңеулердің және мақал-мәтелдердің семантикасында ұлттық мәдениеттің бейнеленуіне ерекше көңіл бөлінуде. Осыған сәйкес, соңғы уақытта тіл білімінде лингвоелтану, лингвомәдениеттаным деген жаңа бағыттар даму үстінде.

Әр халықтың тілдік бірліктері, тұрақты тіркестері, тұрақты теңеулері мен мақал -мәтелдері - сол ұлттың болмысына сай қалыптасқан төл мәдениетінде сақталған негізгі дереккөздері. Олардың ұлттық мысалы тіліміздегі қалыптасқан тілдік бірліктерден, сан алуан тіркестерден айқын көрінеді. Мысалы, адамның іс-әрекетіне қатысты «апшысын қуыру», «араны ашылу» секілді қалыптасқан тұрақты тіркестер бар. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» апшысын қуыру деген тұрақты тіркеске екі түрлі анықтама береді : «а) көлемін тарылту, азайту: « . . . асфальт жолдың апшысын қуырып, зырлап келеді (З. Шашкин, «Сенім») ; ә) асып-састыру, тездеттіру: « . . . үй ішінің апшысын сол қуырып әкетеді де, бар байлам асығыс, ашу үстінде болады» (Ғ. Мүсірепов, «Оянған өлке») . Жалпы тілімізде апшы сөзі жиі қолданылмайды. Бұл сөздің түп төркінін басқа генеологиялық жағынан төркіндес тілдерден іздесек, қырғыз тілінде : апчы - шап беру ұстау, бас салу; монғолша: авчих - жиырылу, бүрісу; тұңғыс-маньчжұр тілдерінде: аапчаа - қақталған (күн көзінде) ; екіншісінде: апча - жинау дегенді білдіреді. Аталған мағыналардың барлығы тез деген ұғымға саяды. Яғни бір нәрсені шапшаңдату, тездету дегенді білдіреді.

Тіліміздегі қалыптасқан сан алуан атаулар, этнографизмдер, тұрақты тіркес пен тұрақты теңеулер, мақал-мәтелдер әр дәуірде өмір сүрген ата-бабаларымыздың тек рухани дүниесін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар бай да көркем материалдық мәдениетін де бейнелеген. Бұл туралы нақты ақпаратты, құнды деректер мен қажетті мәліметтерді ғылыми тұжырымдарға негізделген сүбелі еңбектерден табамыз.

Әр ұлттың айналадағы дүниені танып-білуі, әлемді тану тәсілі, рухани санасы, бүкіл болмыс-бітімі сол ұлттың тілімен тығыз байланысты екендігі анық. Осымен байланысты ұлттық дүниетанымның тілдің терең құрылымдарынан, оның бай сөздік қорынан, лексикасынан көрініс беруі заңды. Мысалы, тілімізде адаммен байланысты, мифтік танымға сәйкес мәдениеттің тілдік бірліктері қалыптасқан. Тіліміздегі Күн астындағы Күнікей, Қорқыт ата, Ұмай ана қалыптасқан ұғымдар халқымыздың сан ғасырлық дүниетанымына қатысты туған. Тіпті тіліміздегі адамның күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қолданылаған күнқайыру, санау, есептеу т. б. әрекеттері адамның жалпы интеллектуалдық даму өрісінің қалыптасуына әсер еткен. Оның біз табиғатпен астасып өмір сүрген көшпенділердің қолданған тілдік қолданыстардан, қазіргі тілімізде қалыптасқан этнографизмдерден, мәдени лексикамыздан көреміз. Яғни ғалым Ж. Манкееваның сөзімен айтсақ : «Ғасырларға созылған осы қарым-қатынаста сол ұжымдық топқа жататын адам араларында ұқсастық, ортақ жақтары қалыптаса бастайды. Мұндай сапалық нәтижеге тек бой, бет, пішін, қалыптық, түстік, т. б. Көріністер емес, сонымен бірге осы ұжымда қалыптасқан этникалық топтың рухани ерекшеліктері де жатады. Яғни қазақ топырағында қалыптасқан мұндай тілдік қатынастар этнолингвистиканың дамып қалыптасуына өз үлесін қосады » [4, 92б] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ этнолингвистикасының қалыптасуы
Этнолингвистика
Түркі сөзінің тамыршысы
Этнолингвистиканың теориялық негіздері
Адамның жас ерекшелігімен қатысты атаулар
Жас ерекшелігіне қатысты атаулардың этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеленуі
Халықтық наным-сенімдердің этнолингвистикалық сипаты
Ұлттық әшекей бұйымдардың тілдегі көрінісі
Этнолингвистиканың зерттеу объектілері мен мақсат - мүдделері
Қазақ тіліндегі өлшем бірліктеріне қатысты лексикалық қабат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz