Электронды оқулықтарды құру технологиясы


Электронды оқулық жасау әдістері
Орындаған : Камалбаева Айсұлу Тынысбекқызы
Тобы : 404
Мамандығы : 0111000, Негізгі орта білім
Біліктілігі : 0111093, Информатика пәні мұғалімі
Ғылыми жетекшісі : Сентаева Асия Боранбаева
Информатика және математика ПӘК оқытушысы
Семей, 2021
МAЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Электронды оқулық құрудың жолдары мен құрылымдық ұйымдастырылуы . . . 8
1. 2 Электронды оқулық және оны құруға қойылатын талаптар . . . 17
1. 3 Электронды оқулықты құру барысында қолданылған Macromedia Flash бағдарламасы . . . 22
ІІ. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2. 1 «Информатика сабағында электронды оқулықты пайдалану тиімділігі» атты сауалнама . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Электронды оқулық құрудың жолдары мен құрылымдық ұйымдастырылуы . . . 8
1. 2 Электронды оқулық және оны құруға қойылатын талаптар . . . 17
1. 3 Электронды оқулықты құру барысында қолданылған Macromedia Flash бағдарламасы . . . 22
ІІ. ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
2. 1 «Информатика сабағында электронды оқулықты пайдалану тиімділігі» атты сауалнама . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Зерттеу жұмысының болжамы: Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады. Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын ролі зор. Электронды оқулықты жасау барысында әсіресе Macromedia Flash программалау ортасы көп көзге түседі. Түрлі бағдарламалар негізінде электронды оқулықты құру жоларын зерттеу қазіргі күннің өзекті тақырыбының біріне айналды деп айтуға болады.
Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі - оқу процесіне электрондық оқулықтарды жасау және оны қолдану. Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Зерттеудің мақсаты: Программалау бағдарламалардын пайдаланып электрондық оқулық құру.
Зерттеу мақсатына орай мынадай негізгі міндеттер қойылады:
- Электронды оқулық құрудың жолдары мен құрылымдық ұйымдастырылу жолдарын зерттеу;
- Электронды оқулық және оны құруға қойылатын талаптарды сипаттау;
- Электронды оқулықты құру барысында қолданылған Macromedia Flash бағдарламасын атау;
- Электоронды оқулықты жасауда Delphi программалау ортасын пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Орта буын оқушылары.
Зерттеу пәні: Информатика.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Оқу-тәрбие үрдісін оқушылардың жеке басының дербес және дара ерекшеліктерін ескере отырып, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында ұйымдастырудың жолдары айқындалды.
Зерттеудің теориялық мәні: оқу-тәрбие процесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты, міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы: Осы уақытқа дейін білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан білім беру жүйесінде электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Курстық жұмыстың зерттеу әдісі:
- Жинақтау;
- Зерттеу;
- Бақылау.
Зерттеу жұмысының базасы: «Қарақол орта мектеп бақшасы» КММ
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
КІРІСПЕ
Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен [1] .
Педагогикалық технология - мұғалімнің кәсіби қызметін жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс - әрекеттер жиынтығы.
“Инновация” сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді.
Қазақстанда ең алғаш “инновация” ұғымын қазақ тілінде анықтаған ғалым, профессор Н. Нұрахметов. Ол “Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызмет” деп көрсетеді.
Инновациялық технология - білім сапасын арттыру кепілі. Электрондық оқулықтарды, жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Білім саласында компьютер оқушы үшін оқу құралы, ал мұғалім үшін жұмысшы болып табылады.
К. Д. Ушинский айтқандай, «Мұғалім тек өз пәнінен сабақ беріп қана қоймауы керек, сонымен қатар тәрбиеші адал, әділетті, шыншыл адам болуы керек». Олай болса, әр мұғалім сабаққа қойған үш мақсатының үшеуіне де жетіп, білім мен тәрбиені ұштастыруымыз қажет.
ХХІ ғасырдың жан - жақты зерделі, дарынды, талантты адамды қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұрғыда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр.
Қазіргі заман талабының өзі оқушыны 1 - орынға қою, яғни мұғалім сабаққа бағыт беруші болып, оқушы алдын - ала берілген тапсырмалар арқылы сабақ түсіндіріп, өздік, өзіндік талдау жасап, бірін - бірі бағалап, өз ойларын толық жеткізіп, білім беруші рөлін алады.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияның жан - жақты дамуына байланысты, оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолдануда. Электрондық оқулық дегеніміз - мультимедиялық оқулық. Бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: «Оқыту процесін үздіксіз және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. » Білім берудің кез келген саласында электрондық оқулықтарды пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай жасайды.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес, сондықтан электронды оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуы тиіс.
Электронды оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Оқу үрдісін дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу, оқушының пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, оқыту сапасын жетілдіруге, белсенділіктері, ынталары артуына көмектеседі, білім сапалары тереңдейді. Электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп өз бетімен практикалық тапсырмалар орындай отырып, мәселені түсінеді. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұрын мұғалім тақтаға бормен жазып түсіндірсе, қазір электрондық оқулық арқылы оқушыларға әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды электронды оқулықтың көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймыз. Оқушы бұрын алған білімдерін қолданады, түрлі білім көздерінен жаңа білім алады, тұлға баға жетпес тәжірибе жинайды, «мәселелерді шешу» құзыреттілік деңгейі жетіледі [2] .
Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдалану оқушыға:
- Уақытты үнемдеуге, оқулық материалын іздеп отырмай, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге;
- Оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды қысқа уақытта табуға;
- Түсінбеген материалды шексіз қайталауға;
- Өз бетінше оқу қызметін жүзеге асырып, жұмыстың барлық кезеңінде өзін - өзі тексеруге;
- Өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға көмектеседі.
Электронды оқулықты пайдаланудың мақсаты: білім беру, білімді бекіту, дағды мен іскерліктер қалыптастыру, меңгеру деңгейін бақылау, ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
- Оқушы мақсатын нақты анықтай білу керек;
- Ақпаратты жинақтап, жүйелеу қабілетін қалыптастыру;
- Шығармашылық ғылыми ізденіске;
- Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру.
Осы мақсат пен міндеттерді жүзеге асыруда оқу - тәрбие үрдісі жүзеге асырылады. Мақсатты айқындауда оқушы жаңа ақпаратпен таңысады.
Электронды оқулықты қолдана отырып, оқушылар төмендегідей жұмыс жасауға мүмкіншілігі болады.
- өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге;
- оқушының өздігінен дайындап, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін - өзі тексеруге;
- жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға;
- өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;
- қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға;
- фонохрестоматияларды да кіріктіре отырып, сабақ үрдісінде қолдануға;
- мультимедиалық бейне және дыбыс бөлімдерінің бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды іске асыруға.
Мұның өзі ізденімпаздыққа, дербес ойлауға, өзіндік қорытынды жасауға жетелейді.
Ақпараттық- коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі:
- оқушының өз бетімен жұмысы;
- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;
- білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;
- түсіндіру арқылы жүзеге асыру;
- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;
- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;
- экономикалық тиімділігі;
- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;
Күтілетін нәтиже:
- Қызығушылықты оятады;
- Сабақ беру әдісі өзгереді;
- Оқушылар ізденуге үйренеді;
- Уақыт тиімді пайдаланылады;
- Оқушылардың даму деңгейін үнемі бақылап отырамыз.
Оқытушы сабағында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық- коммуникативтік технологияны пайдалану оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын.
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
- Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
- Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.
- Оқытудың жүйесінің көп деңгейлі жетілдіруі олардың таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.
- Оқушы өз бетінше немесе өзге оқушылармен топтасып бірге жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
- Оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады.
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Электронды оқулық құрудың жолдары мен құрылымдық ұйымдастырылуы
Дәстүрлі оқулық баспа негізінде 400 жылдық тарихы бар білім беру үрдісінде өзгеріссіз кітап. Ал электрондық оқулық құрудың алғашқы қадамдары персоналды компьютер шыққаннан бастап-ақ жүргізіле бастады. Бірінші дидактикалық тапсырмаларды жасады. Мысалы, 20 ғасырдың 90 жылдарында мектеп бағдарламасында педагогикалық бағдарламалар өңделді. Модельдік экспериментті, тестілеуді, интерактивті шешім қабылдау т. б. фунуциялары шыңдалды. Ары қарайғы аппараттық және бағдарламалық мүмкіндіктері баспа негізіндегі аналогтік оқулық құру болып табылады. Қазіргі кездегі аппараттық және программалық қамсыздандыру өте үлкен деңгейге жетті. Электрондық оқулық құрудың соңғы жабдықтары: мультимедиа, аудио файл, гипермәтін, интерактивтілік [3] .
Мультимедиалық технология ол компьютердің ақпараттық және бағдармалық кешені. Ол ақпараттарды біріктіреді. Әр түрлі формадағы (мәтін, сызба, дыбыс, видео, анимация) интерактивті режимде жұмыс істеуге рұқсат береді. Қарапайым оқулықта ақпарат тек бір мәтінмен сызбада көрсетіледі. Ал электрондық оқулықта мультимедиа технологиясын пайдалануға болады: электрондық оқулық мәтінінің ашық болуымен, ерекшеленген сызған қаріп түсін, өлшемін әр түрлі альфавит қорымен, математикалық формулаларды арнайы символдармен, пиктограммаларды пайдалана отырып жасауға болады.
Графикалық суреттерді құру өте оңайға түседі (суреттер, фотосуреттер, кесте, кез келген түрлі графика, гистограмма) .
Ақпарат анықталған блогынан бағытталғанда дыбыстық фон немесе дыбыс сигналын пайдалануға болады (суретке, басқару нүктесіне) . Автономды немесе интерактивті режимде дыбыстық бейнелерді динамикалық үрдісте беруге болады.
Видео бейнелерді көп рет пайдалануға болады. Соның ішінде видеоматериалдарды білім берудегі дайын магниттік тасушыларда немесе фотопленкада болса.
Мультимедиалық технология анимацияларды, суреттерді тірілтуге мәтіндерді т. б. оқу объектісін пайдалануға мүмкіндік береді.
WEB-те көріністермен қатар аудиофайлдар мен бейнеклиптер де маңызды роль атқарады. Кез-келген WEB-торап барлық ақпаратты беретін барлық төрт құралын да бір парақта біріктіре алады.
Аудиоклипті Web-параққа енгізу кескінге қарағандағы айырмашалағы - ол дайын файл жүктегенде, яғни ойнатылуында: көріністер мен мәтін бір мезетте жүктелсе, ал аудиоклип олардан бөлек жүктеліп, парақты қарастырып жатқанда ойнатыла береді.
WAV кеңейткіші ең бірінші Windows - да шығарылатын аудиофайлдар үшін пайдаланылады. Алайда WAV файлдары әртүрлі платформадағы компьютерлерде тыңдауға әрекет жасағанда, проблемалар туындауы мүмкін. Егер біздің WEB-торабымызға қатынаушылар WINDOWS-та жұмыс істейтін болса, WAV файлдар идеалды болып табылады. Бүгінде WAV - файлдары барлық жерде қолданылады.
Мультимедиялық жиынтығына кез-келген адам өзіндік аудиофайлдарын жоғарыдағыдай оңай-ақ жазуға болады. Алдымен дауысты цифрлейтін арзан микрофон (Microsoft Sound System Kit -дыбыс жазатын бағдарламалық жабдықтауы және микрофонын ) сатып алу керек. Аса күрделі клиптерді жазу үшін стереожүйемізді стандартты кабель көмегімен дыбыстық картамен тікелей қосу қажет [4] .
Клипті таңдау - WEB-параққа дауыс беру үрдісіндегі ең қиын кезеңі. Бұл бөлімде аудиофайлдарды WEB-параққа орналастырудың бірнеше тәсілдерімен танысамыз.
Аудиоклиптерді енгізу бұл нағыз мультимедиялық үй парағын жасаудағы тек бір ғана қадамы. Келесі қадам - бейнеклиптерді енгізу. Бейнеклиптер - бұл қозғалатын суреттер мен дыбыстарды фильм түрінде үлестіру. Бұл клиптер әр түрлі болады. Ол нағыз фильмдердің үзіндісінен бастап, атақты бір адаммен сұхбатқа дейін. Алайда мүмкін болатын көріністер мен дыбыстардың әртүрлілігі осымен шектелмейді. Аудиоклиптер сияқты, оларды да гипермәтіндік сілтемелер арқылы немесе тікелей параққа енгізу болады. Өкінішке орай, бейнеклиптерді қолдануды күрделендіретін бірқатар кемшіліктері болады. Ең үлкен мәселе ол файл мөлшері. Бейнеклиптер алып өлшемдерге ие. Әдетте 1-2 Мбайт. Әрбір бейнеклип тізбектеліп және бір-бірінен кейін жылдам орындалып отыратын жүздеген көріністерден тұрады. Мысалы, 1 минутқа дейін созылатын бейнеклип 1000 әр түрлі көріністерден тұруы мүмкін 2-мегабайттық файлды максималды файл максималды жылдамдықпен жүктеу 10-20 минут уақыт алады.
Ал WWW-миллиондаған қолданушылары WWW 14, 4, тіпті одан да аз жылдамдыққа ие модем пайдаланады. Бұл қолданушылар осындай үлкен файлдың жүктеуін күтетіні белгілі. Алайда кейде бейнеклиптер жұмсаған уақытпен күшке тұрады.
Компьютерде бейнеклиптерді көру үшін сәйкес аппараттық және бағдарламалық жабдықтау қажет. Бұл Windows-та жұмыс істейтін компьютерлер үшін экрандағы қозғалатын фильмдерді қарау үшін қажетті оперативті жады көлемі болу керектігін білдіреді. Сонымен қатар, бізге арнаулы бағдарлама қажет.
Гипермәтін қарапайым мәтіннен айырмашылғы гипермәтін көптеген гиперсілтемелер арқылы байланысқан мәтіннің бөлек-бөлек бөліктері. Төмендегі сызбада мәтін мен гипермәтін құрылымы көрсетілген.
Әрбір түйінде бір немесе бірнеше сілтемелер болуы мүмкін (кілттік сөз, алмасу нүктесі ерекшеленген графикалық элементтер түрінде) олардың көмегімен келесі түріне өтуге болады. Гипер мәтіннің ашық құрылымы келесі мінездемелерге ие бөліктерінің ақпаратты әртүрлі өлшемде бөліктер арасындағы гиперсілтемелер пайдалануға бір бөліктен екіншіге өтуге рұқсат береді. Жүйелік принцип сілтеме құрылымы ретінде жүреді. Гипермәтіннің барлық элементтерін пайдаланушыларға бір мезетте шығуға көмектеседі. Пайдаланушы қатарыннан динамикалық бақылау гипермәтінде қайда беру керектігін шешеді.
Гипермәтін - қосымша элементтерді басқару мақсатында ішіне арнаулы код, яғни екпінді (anchor) орналасқан мәтін. Ол мәтін ішіне сурет, дыбыс енгізу, мәтінді пішімдеу (форматтау) ісін орындайтын немесе осы құжаттың басқа бөлігіне сілтемесі бар алғашқы нүкте ретінде қарастырылатын белгіленген сөз. Сөзді ерекшелеп белгілеу дегеніміз - келесі көрсетілетін құжат бөлігі қалай бейнеленетінін анықтайтын айырықша кодты осы сөз ішіне енгізу.
Гипермәтінді бейнелеу үшін броузер (browsers) деп аталатын арнайы көрсету бағдарламалары қолданылады. Гипермәтін экранда белгіленген қарапайым сөз ретінде тұрады, егер курсорды сол сөзге жеткізіп, тышқанды шертсек (ENTER пернесін бассақ), онда сонымен байланысты (ол сілтеп тұрған) басқа құжатты оқимыз. Ол құжаттар мәліметтер ішіндегі басқа парақтарда немесе Web жүйесіндегі басқа тораптарда орналасып, бейнежазба, сурет, жазылған дыбыс күйінде болуы мүмкін.
Интерактивтіліктің үш түрі бар:
1) Реактивті интерактивтілікте оқушылар бағдарламада берілген тапсырмаларда ғана жауап береді. Оқушы еркін өзін қызықтырған тақырыпты аша алады бірақ мазмұнын өзгерте алмайды. мұндай тапсырма оқып жатқан материал бойынша демокстрация немесе бірінші таныстық болуы мүмкін.
2) Нақты интерактивтілік бағдарламаларды оқушылар басқарады. Олар белгіленген тапсырманы бағдарлама тәжірибесімен орындай ма, әлде өз беттерімен орындай ма, өздері шешеді. Берілген тапсырмалар типі гипермәтіндік белгі немесе электрондық анықтама құрылымын таңдайды. (Энцеклапедия берілгендер базасы) . Сызықтық емес оқыту моделі пайдалануға өз бетімен оқуға мүмкіндік береді. Әр түрлі білім стратегиясымен қарулануға мүмкіндігі зор. Сызықтық емес оқу моделі қашықтықтан оқытуда тиімді.
3) Өзара интерактивтілік - оқушылар мен бағдарлама бір-бірімен оңай байланысады. Ол үлкен диапозонда бола тұра ақпарат мазмұнына әсер етуге мүмкіндік береді:
- тышқан тетігімен экрандағы объектілерді басқару;
- гиперсілтемелерді пайдаланып иеархиялық новигация жасау;
- анықтамалық, диалогтық функция;
- өте әсерлі, егер ақпаратты таныстыруға икемді болса;
- кері байланыс бағдарлама реакциясы пайдаланушының қимылына баға мен сапа беру, бұл реакция экранға шығады [5] .
Электрондық оқулықтың құрылымдық ұйымдастырылуы
Электрондық оқулықтың дәстүрлі оқулықтан айырмашылықтары. Дәстүрлі оқулықтардың басты кемшілігі қолданылып келе жатқан баяндаудың дәстүрлі сызықты тәртібі және проблемалық баяндалуының жоқтығы. Мұндай оқулықты оқу оқушының білім алуға қызығушылығын шыңдамайды. Сонымен қатар дәстүрлі оқулықты қолдану кезінде кері байланыстың ұйымдастыру және білім меңгеру үрдісін бақылау мүмкін емес. Электронды оқулықды пайдалану кезінде аталған кемшіліктерден арылуға болады. Электронды оқулық оқыту үрдісінің нәтижелігін айтарлықтай арттырады. Оны оқушының өздік жұмысын әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастыруға оқушының білімі мен дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін қосымша оқу әдістемелік құрал ретінде қарастыруға болады.
Электронды оқулық дәстүрлі оқулықтардан артықшылықтары мен компьютерлік технологиялардың мүмкіндігін ұштастыра білген жаңа ұрпақ әдебиеті болып табылады. Сондай электронды оқулық үрдісін дидактикалық цикілінің үздіксіздігімен толықтығын қамтамасыз ететін теориялық материалды ұсынатын білім деңгейін бақылаудың әр түрлі тәсілдерін көрсететін интерактивті кері байланыстын жүзеге асырылу жағдайында сервистік функцияларын қамтамасыз ететін қолдану мақсатындағы кешенді оқытушылық бағдарламалық жүйе. Электронды оқулық құрылымына дыбыстық фрагменттер, мультиплекация және видеофрагменттік енгізу электронды оқулық жасауды айтарлықтай күрделендіргенмен оған динамика және ұғынуға күрделі сәттерді көрнекі түсінікті технологияның бұл мүмкіндіктерін береді. Алайда компьютерлік технологияның бұл мүмкіндіктері де дұрыс құрастырылған. Оқулықтың барлық жетістік артықшылықтарын толық көрсетуге жеткіліксіз. Илюстрацияны қолдану қажетті элементтің жанында жазудың шығуын қамтамасыз ететін көмекпен бірлесіп өте жақсы нәтиже берді. Мәтіндік баяндауда түсінуге қиын курс тармақтарында енгізілген анимациялық клиптермен видеоақпарат электронды оқулықда міндетті элемент болып табылады. Видео клиптер уақыт ауқымын өзгертуге және де құбылыстарды жеделдетіп және баяулатып көруіне мүмкіндік береді. Электронды оқулықтың дамуындағы келесі баспалдақ оның мазмұнының дискретті фрагменттерден дианмикалық қалыптасуы. Оқулық фрагменттерін оқулық тармақтарының бөлуіне сәйкес бөліп қарастыруға болады.
Бірінші кезеңде бұл пайдаланушыға бірегей сұраныс жасау арқылы кез келген деңгейдегі оны қызықтырған тармақталған мәтінді алуға мүмкіндік береді. Электронды оқулықты жетілдіру жолындағы тағы бір қадам материалда қарапайымнан күрделендіру немесе нақты бір тақырыпты оқытуға бағытталған оның модификацияларын жасауды айтуына болады.
Ал ендігі ең маңызды қадам материалдың баяндау тәртібін ескертетін оқулық фрагменттері арасынан ақпараттық байланыс құрылымын жасап енгізу болып табылады (мысалы фрагменттер арасындағы байланыс бір тармақты оқу қажеттілігінен нұсқауы мүмкін. Бұл жағдайдағы құрылым бәйтерек түрінде болады) . Әрине байланыстарды ашып көрсету әзірленушімен айтарлықтай уақыт шығынын талап еткенімен электронды оқулық сапасы бұл жағдайда біпр деңгей жоғары тұрады.
1) Алынған құрылым курсты әзірленушіге материалдың баяндалу тәртібін бақылауға көмектеседі. (А ұғымы В ұғымы арқылы анықталса, ал В А арқылы анықталатын жағдайларды ашып көрсетеді. Баяндаудың ең қолайлығы бірізділік қалыптастыруы) ;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz