1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
Кафедра: Тарих.Құқық.Кәсіпкерлік
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: 1921-1922 жылдардағы ашаршылық.
Курс: 4
Топ: ИСТ-17-3
Орындаған: Аяғанова Қ.Ж.
Қабылдаған: Тоқбергенова З.С
ТАРАЗ 2020
Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2
1.Бөлім 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері ... ... ... ... ... ..5
1.1.Аштықтың ауыр зардаптары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Жұқпалы аурулардың таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2.Бөлім 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы ашаршылықтың сол кездегі баспасөздегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.1.Ашаршылықтың көп аймақтарда таралуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2.Ашаршылықпен күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: 1921-1922 жылдардағы ашаршылық Қазіргі кезеңде қазақ халқының жартысына жуығы қырылған. 1930-32 жылдардағы ашаршылық біршама зерттеліп жазылғанымен, 1921-22 жылдардағы ашаршылық жөнінде бірен-саран еңбектерде болмаса, ақиқат әлі айтыла қойған жоқ.Мұрағат деректері мен басылымдарға назар аудара келсек, 1921 жылы Қазақстанның бес губерниясы мен бір уезі, атап айтсақ, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Бөкей, Қостанай губерниялары мен Адай уезі ашаршылыққа ұшырады. 2 653 300 адам тұратын Қазақстанның батыс бөлігімен және онымен шекараласатын Қостанай губернияларының ашаршылыққа душар болуының объективті және субъективті себептері бар еді. Олардың әрқайсының аражігін таратпай жалпы айтсақ, 1921 жылғы аштықтың негізі әріде, тереңде жатты. 1916 жылы қазақ жастарын тыл жұмыстарына алу, шақырылғандардың бас сауғалап қашуы, халық наразылығының өршіп, Торғай төңірегін қамтыған ұлт-азаттық күресі, ақ пен қызыл кезекпе-кезек билікке келген аласапыран азамат соғысы, ер-азаматтың ат үстінде болуы қалыптасқан шаруашылық жүйесін тоқырауға ұшыратты. Оның үстіне 1920 жылғы жұт пен 1921 жылғы құрғақшылық ауыл шаруа - шылығын тұралатып, халықты күйзеліске душар етті.
Азамат соғысы аяқталғаннан кейін Кеңестер елін тағы бір ауыр сынақ күтіп тұрды. 1921-1922 жылдардағы ұзаққа созылған қарсыз қыс жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Курстық жұмыстың сипаттамасы: 1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды.
1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама тоқырауға ұшырады. Әсіресе, Орталық, Батыс облыстар, атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары, Адай уезі ашаршылық тырнағына ілініп, осының салдарынан мыңдаған адамдар аш-жалаңаш қалды.
1921 жылғы аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойды. Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде: Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын келтіріп отыр, - деп жазды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қай ұлттың болмасын қаламгерлер қауымы тарихтың тегершігімен бірге айналған жылдардың жүлгесінде өз халқының бастан кешкен басты қайғылы-тағылымды оқиғалары жөнінде көбірек қалам сілтеп, оқырман назарын осының байыбына барынша қырағаттап аударуға ұмтылады. Біздің қазақ үшін XX ғасырдағы сондай сұрапыл оқиғалардың арасында 1921 және 1931-1933 жылдар аумағын қамтыған ашаршылықтың алатын орны айрықша зор болды.Курстық жұмыстың басты мақсаты
ашаршылық кезінде болған оқиғаларды анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: 1921-1922 жылдардағы ашаршылыққа толықтай шолу жасау.Аштықтың ауыр зардаптары туралы баяндап жеткізу.
Рас, егемендігіміз еңсесін көтергенше, бізде бұл тақырыпта туынды тудырып, оны шығара қою аса қиынға түсті. Бұл ретте менің ойыма алдымен Бейімбет Майлиннің 1921 жылғы ашаршылық туралы жазылған Берен, Қырманда атты повестері, Күлпәш, Ашаршылық құрбаны, Айт күндері деген әңгімелері, Нұрхан Ахметбеков пен Нұрлыбек Баймұратовтың поэмалары оралады. Сол сияқты Жүсіпбек Аймауытов - тың Елес деп аталатын әңгімесі болды. Ал Жақан Сыздықовтың 1927 жылы жазылған Әлі қарттың әңгімелері дейтін поэмасы 1940 жылы кітап болып шыққан бойында өртелді. Содан бастап бұл тақырыпта жазуға тыйым салынды. Сондықтан сол бір зобалаң жылдар туралы сөз бола қалғанда, оны асыра сілтеу кезеңі деуден арыға бара алмадық. Дегенмен қаламгерлеріміз бұл тақырыпты жаңбыр-жаңбырдың арасымен қозғап тұруды да ұмытпады.
Курстық жұмыстың хронологиялық шегі:Елдегі ашаршылық жайы сол кездерде ұлт зиялыларын да бейтарап қалдырған жоқ. Атап айтқанда, 1920 жылдары орын алған ашаршылықтың зардабын сол кездегі зиялылардың көбі жазды, олардың арасында Тұрар Рысқұлов та, Мұстафа Шоқай да болды. Соңғы кезде ҰҚК мұрағатынан Мұхтар Әуезовтің 1921 жылы қазақтың тұңғыш құрылтайында сөйлеген сөзі табылды. Мұхаң сондағы сөзінде: соңғы жылдары ашаршылықтың салдарынан 1 миллион 700 мың қазақ қырылды, оның 700 мыңы - балалар деген екен. Сол тұста Правда газеті Сафаров есімді комиссардың 1 миллион қазақ қырылды деген сөзін келтіреді.
Курсық жұмыстың маңызы: Қазақстанның көпшілік аудандары етек жайған ашаршылық құрсауында қалд. Орал, Орынбор, Қостанай, Бөкей, Ақтөбе губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді.
1.бөлім 1921-1922 жылдардағы ашаршылықтың шығу себептері.
1921-22 жылдардағы ашаршылық қазақ тарихына қаралы да, жаралы жыл болып енді. Алайда бұл жылдардағы ашаршылық мәселесі тархымызда толықтай ашылып айтылған емес. Кеңес басшылары халық басынан өткен ашаршылық зардаптарын жасырып қалды.

Ашаршылықтың шығу себебі біріншіден, азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, екіншіден, егіс пен мал шаруашылығының кері кетуінен деп түсіндірілді. Шындығында, да азамат соғысы қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмеді. Халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға мәжбүр болды жнемесе сойып сатты. Бұл мал басының азаюына алып келді. Оның үстіне 1921 жылғы аптап ыстықтан малға азық боларлық шөп күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 %-ға, ал мал басы 67 %-ға, ал 1921 жылы егіс көлемі 47 %-ға, мал 83 %-ға азайған. Бұл көрсеткіш 1922 ж. бірнеше есеге көбейді.
Халық арасында жұқпалы (эпидемиялық) аурулар кең етек жайды. Әсіресе, сүзек, тырысқақ, іш безгегі сияқты аурулар ашыққан адамдардың арасында тез тарады. Үкімет орындары бастапқы кезде бұл жұқпалы ауруларды ауыздықтауға дәрмені жетпеді. Оған себеп, ауылды жерлерде арнайы дәрігерлік бөлімшелердің болмауы мен медициналық дәрі-дәрмектің жетіспеуі болды.
1921 жылдың тамызында Сібірдегі ашыққандар Семей губерниясын арқылы қазақ жеріне ішкерілей еніп, Лепсі уезіне қарай жылжыды. Ашыққан босқындар уезге қарай оба ауруын ала келді. Оба ауруы Лепсі уезінің барлық ауылдарына тарап, Талдықорған уезіне де жетті. Бұл өлкеде аз уақыттың ішінде 2152 оба ауруына шалдығып, оның 1294 адамы өлген, бұл 55 %-ды көрсетеді.
1921 жылы Қазақстанда 2093000 десятина жерге егін егіліп, бұл жерлерден орта есеппен 70 миллион пұт астық алуға тиіс еді. Алайда, бұл көрсеткішке жете алмады. Халықтың тұқымдыққа деп отырған бидайлары тартып алынып, мемлекет есебіне өткізіліп, орталыққа жөнелтілді. Оның үытіне үкімет салығы халықты титықтатып жіберді.
1921 ж. Халық Комиссарлар Кеңесі ауыл шаруашылығының барлық өнім түрлеріне салық мөлшерін белгіленген құжаттырн жариялады. Салық белгілі бір мерзім аралығында төленуге тиіс болды. Егер де салық төленбеген болса, шара қолданылып, жауапкершілікке тартылды. Салық жинау барысында шолақ белсенділер салық төлей алмағандарға күштеп қысым жасап, дөрекі озбырлыққа дейін барды. Қазақ кедейлерінің қолындағы соңғы малына дейін тартып алу жәйттері де кездеседі. Онымен қоса, 1920 жылдың тамызынан 1921 жылдың маусымы аралығында Орталық Қазақстанға 35 млн. пұт астық жинауды міндеттеген. Ал 1922 ж. егістіктен жиналған қазақтардың 54 миллион 734 мың 449 пұт астығын, оған қосымша 417 миллион пұт астығын салық деп тартып алған.
Қазақ азаматтары салық мөлшерінен тыс ашыққандарға көмек көрсетуге тырысты. Мысалы, Қостанай уезінің Әйет болысының №1 ауылының қазақтары Иманбаев, Иманқұлов, Тілеубердиндер аштарға жәрдем үшін комиссияға ақшадан басқа екі ат берген.
1921 ж. 15 шілдеде ашыққандарға арнайы төтенше көмек көрсету комитеті (Компомгол) құрылып, аштықпен күресу жұмысын басқару С. Меңдешеевке жүктелінді. Сейітқали Меңдешев 1920-1925 жж. аралығында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағалық қызметін, ал 1925-1926 жж. Қазақстан Өлкелік одағының төрағасы қызметін атқарған еді. Ол 1921 ж. шілдесінде оның қол қоюымен Қазақстан республикасындағы ашыққандарға көмек беріңдер! деген Түркістан республикасының халқына арналған үндеуі жарияланды. Үндеуде Қазақстанның аштық жайлаған аудандарындағы халықтың ауыр жағдайы айтылып, оларды апаттан құтқару үшін қол үшін беруін өтінді.
Осы жылдың тамыз айында тағы да С. Меңдешевтің қол қоюымен Қазақ АКСР ОК республика шаруаларына арнап үндеуі жарияланды. Онда аштықтың кең ауқымды жайлап бара жатқанына байланысты қоныстанушы шаруаларға қоныстанған жерлерін тастап, Украинаға көшулерін, бұл қиыншылық уақытша екендігін, сондықтан, сабырлық сақтап, ел жағдайын қылпына келтіруде көмек көрсетуге шақырды.
1.1.Аштықтың ауыр зардаптары.
Қазақ халқы талай тарихтың ауыр кезеңдерін бастан өткерген қайсар да қайтпас халық. Тек өткен ғасырдың басында Қазақ халқы трагедияға толы түрлі оқиғаларды басынан кешірді: үлкен және кішілі революциялар, отарлық қанау, репрессия, ұжымдастыру, тәркілеу, аштық және т.б. сындардан өтті.Осы аталған большевиктік саясат тұсында қазақ даласы екі ірі аштықты бастан өткерді.
Бұл азаматтық соғыстың енді ғана аяқталған, большевиктер ел ішіндегі саяси-экономикалық, әлеуметтік шиеленісті өз пайдасына әлі толық шеше алмаған өліара кезең еді. Кронштадт бүлігі, шаруалар наразылығы, большевиктер билігін әлі де мойындай қоймау сол кезеңнің жалпы ахуалының сипатын көрсететін. Осы кезеңде тек қана Қазақстанда ғана емес, Ресейдің бірқатар жерінде де - Астрахан, Царицын, Саратов, Самара, Симбирск, Уфа губерниялары ашаршылық құрсауына түскен болатын.Қазақстанға Ресейден 2 млн адамды қоныстандыру қажет деген мәселе күн тәртібінде тұрғанымен, осы уақытта Қазақстанда аталған бес губерния мен бір уезде ашаршылыққа ұшырағандар саны да мәлімет бойынша 2 млн адам еді. 1922 жылдың қаңтарындағы мәлімет бойынша Орынбор губерниясында - - 437 776, Қостанай губерниясында - 252 816, Ақтөбе губерниясында - 359 326, Орал губерниясында - 277 835, Бөкей губерниясында - 100 мың, Адай уезінде 75 мың адам ашаршылыққа ұшырады. Бұл мәліметтің өзін орталықтың қырына ұшырап қалмау үшін қазақ билігі азайтып берген де болуы мүмкін. Себебі осы жылдары ел ісіне белсене араласып, елдің ауыр халін өз көзімен көрген М.Әуезов ...аштықтан құтқару үшін дәл қазір шұғыл шара қолданылмаса, онда Қазақ республикасы қазақсыз қалады дегенді бекер айтпаған болуы керек. Бұл биліктің дәрменсіздігі мен аштан қырылып жатқан қазақты көрген адамның жан айқайы, ышқынуы еді. Қазақстанда осыншама 2 млн адам ашаршылыққа душар болғанда, оларды ашаршылық тұзағынан алып шығу үшін қажетті азық-түлік қорын қалыптастыру, оларға көмек беру орнына тағы да осындай 2 млн адамды Ресейден Қазақстанға қоныс аудару ешбір логикаға келмейтін еді.
Бірақ Қазақстанда ашаршылық тұзағына түскендер жоғарыда аталғандар ғана емес, басқа жағдайы дұрыс деген губерниялар жайы да оңып тұрмады. Тек қана Ақмолада аштыққа ұшырағандар саны 100 670 адам деп көрсетілді. Ақмоланың өзінде жағдай осылай болғандығына қарамастан, оларға Мәскеуден берілген жоспардан тыс тағы да 300 мың тонна астықты Ресейге жіберу міндеттелді. Лениннен жұмысшылар мен шаруаларға көмектесу керек деген жеделхат келген соң, Арал балықшылары да 1921 жылдың 25 желтоқсанында Ресейге 14 вагон балық тиеп жөнелтті. Аштыққа ұшыраған Қазақстанға орталықтан көмек келгені былай тұрсын, қайта азық-түлік жіберу талап етілді.
Ақиқатын айтсақ, осы кезде ұлтжанды қазақ зиялылары, оның ішінде С.Сәдуақасов пен М.Әуезов ашаршылылық жа - йын айтып дабыл қақты. ...дәл осы, 1921 жылдың күзі мен 1922 жылдың көктем айларына де - йінгі аралықта ұлттың мүддесін қорғайтын аса көкейтесті шаралардың бірде-біреуі Смағұл мен Мұхтардың қатысуынсыз өткен жоқ. Бұл қарсаңда қазақтың қаратаяқтары (зиялыларды қыр қазақтары осылай атаған) бұрын-соңды болып көрмеген дәрежеде ұйымшылдық танытып, ішінара сая іздеген саяқтары болмаса, қалғандарының барлығы да ұлттық мүдденің айналасына топтасты.
Сонымен қатар, шалғайда орналасуы, көлік қатынасының қиын болуы, көмектің дер кезінде жетпеуінен Торғай уезі халқының жағдайы нашарлады. Сырттан келетін азық-түліктің жетуі де қиын болды. Сондықтан қиын жағдайда қалған Торғай уезінің атқару комитетіне республикалық органдармен тікелей байланыс жасауға рұқсат берілді.
Осы жылдары ел қызметіне белсене араласқан М.Әуезов Еңбекші қазақ газетіне ашаршылыққа байланысты көлемді мақала жариялап, елді ашыққандарға жылу жинауға, көмек көрсетуге шақырды. Елдің ауыр халіне қазақ зиялылары көз жұмып қарай алмады. М.Дулатов та Ақжол газетіне бірнеше мақала жариялап, шындықты жазып, қазақ билігі қозғалсын, қимылдасын деген ниетте болды. Торғай үйезінде мал қырылып жатыр. Жазғы салым ашаршылық күтіп отыр - мыз. Алыстан азық таситын көлік қалған жоқ. Қарқаралы үйезінде шаруа күйзелді. Мал өліп жатыр. Жұрт жаяу, аш, жалаңаш... Темір үйезінде жұт. Ауру қалың, күнде жаназа... Бөкей ордасының қазақтары томыршық деген шөптің дәнін қағып жеп жатыр... Ырғыз үйезінің қазақтары саршұнақ тышқанды жеп жатыр. Күздігүні өлген малдардың өлексесін қар астынан қазып алып жеп жатыр. Өлексе әрі ас болмай, бишаралар қырылып жатыр деп жазды.
Ел ішін жайлаған аштық туралы айтылып, газетте жарияланғандарға бұл ұлтшылдардың босқа даурығуы, кеңес үкіметіне қарсы іс-әрекеті, сондықтан ұлтшылдарға қарсы күресті күшейту керек деп әрекетсіз отырған билікке М.Дулатов жанұшыра ашық түрде Аштық қырғынынан қайтсек құтыламыз? деген мақаласын Қазақстан үкіметінің назарына деп атаумен жазды. Елді ел қылу, қырғыннан құтқару үшін азамат тегіс атқа міну керек. Бірақ азамат өкіметтен рұқсатсыз атқа міне алмайды. Сондықтан қазақ өкіметі қазақты ел қыламын десе, закон жолымен бекітіп, аштар үшін күйлі елдерден жылу жинау - ға рұқсат етсін. Елге сенімді, білімді, таза азаматтарды бас - тық қылып, 20-30 комиссия шығарсын. Бұларға керекті күш-көмегін берсін. Комиссия - лар үйезді, облысты, ауданға бөліп араласын, жиналған малдарын жаз бойы ашаршылық болып жатқан жерлерге айдасын. Аш босқындарды аман елдерге көшіріп орналастырсын дей келіп, ...жалғыз өкімет тарапынан көрсетілген жәрдемге ғана сүйеніп отырсақ, елді қырып аламыз.
1.2. Жұқпалы аурулардың таралуы.
Аштықпен бірге сүзек, тырысқақ, оба, дінгене және басқа аурулар да қатар келді. Жұқпалы аурулармен ауырған адамдардың саны республиканың емдеу мекемелерінің мүмкіндіктерінен едәуір асып кетті. Аштық пен қайыршылық күй, эпидемия, ауруханалардың жетіспеуі, осының бәрі аурулар арасындағы өлімнің санын көбейтіп жіберді. Мысалы, Қостанай губерниясында аштар мен аурулардың 75%-ға жуығы көз жұмды. Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды.[[2]]. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д. Чурин өз естелігінде: 1921 -- 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған.[[5]]. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы -- қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы - украиндар болатын.
Қазақ республикасында 1922 жылдың наурыз және сәуір айларындағы дерек бойынша, Семей губерниясының тұрғындарын қоспағанда, алты губерния тұрғындарының 68,2%-ы ашықты. Кейбір губернияларда ашыққандар саны орта көрсеткіштен де асып кетті. Мәселен, Орал губерниясында тұрғындардың 99%-ы, Орынбор губерниясында -80,3%-ы, Қостанай губерниясында 74,5%-ы аштық құрсауында қалды. Бөкей губерниясында осы көрсеткіш 29,5%-ды, Ақмола губерниясында 40,2%-ды құрады.
Аштық пен құрғақшылықтан зардап шеккен губернияларда мал саны күрт азайды. Тек Қостанай губерниясында ғана 1920 жылмен салыстырғанда 1922 жылы жылқы 63%-ға, ірі қара (сауын малы) 50%- пайызға, ұсақ мал 65%-ға азайды, егіс алқабы 62%-ға қысқарды. (РК(б)П Қостанай губерниялық комитеті мен бақылау комиссиясының есебінен, Қостанай. 1923 жыл, 10-мәлімет).
Республиканың ашаршылық жайлаған губернияларының тұрғындары жан сауғалап өз еріктерімен оңтүстікке -- Түркістан республикасына, шығыста - Ақмола және Семей губернияларына қарай босты. Еділ бойының тұрғындары Орынбор жәнеТүркістан губернияларына қарай ығысты. Мұның өзі Қазақстандағы жағдайды одан әрі күрделілендіріп жіберді.
Көршілес республикалардан босып келген аш адамдардың толассыз ағыны астығы жақсы деп есептелетін Ақмола және Семей губернияларының да ашыққан халық санын көбейте түсті. 1922 жылдың наурызында-ақ ашыққандар саны 472 мың адамды құрады, ал бұл губернияның 1921 жылғы барлық тұрғындарының жалпы санынан сәл ғана кем еді. Республиканың ашаршылық өршіген аймақтарының халқы азық-түлік қорындағы болмашы астықты талау әрекетіне кірісті.1922 жылғы 19-27 ақпанда Орынборда өткен екінші жалпы қазақстанды өңірлік партия конференциясында Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Мендешевтің Қазақ АКСР-індегі ашаршылық және онымен күрес деген тақырыпта баяндамасы тыңдалды. Конференция көрсеткендей, ашаршылық Семей және Ақмола губернияларын қоспағанда, республиканың барлық аймақтарын қамтыды. Ашаршылықтың ғаламат болғаны соншалық, жүрек жалғайтын түк таппаған аш-арықтар өлгендер мәйітін де талғажу етті. ...Бүкіл елге тараған зұлмат аштық Қазақ АКСР-інің шаруашылық-экономикалық өмірін дамытуда басты кедергі болды, ол кеңестік құрылыс іргетасын шайқап қана қойған жоқ, сонымен бірге халықтың басты көпшілігін қайыршылыққа ұшыратты. деп жазылды конференция қарарында. Құжатта ашаршылықпен және оның салдарымен күресуге бағытталған бірқатар нақты шаралар белгіленді. Конференция ашыққандарға көмек көрсету жөніндегі комиссияны жұмысына партияның белсенді қызметкерлерін тарту қажеттігін атап көрсетті. Конференция делегаттары РКФСР көлік қызметкерлеріне арнап ашаршылықтан зардап шеккен аймақтарға тамақ өнімдері мен астықты үздіксіз жеткізу туралы үндеу қабылдады. Дала өлкесіндегі қазақ халқына көмек көрсетуге назар аударылсын, - деп айтылды қарарда, - сол үшін аппарат қызметін қайта құру қажет.
Республиканың губерниялық және уездік атқару комитеттерінің жандарынан ашыққандарға көмек көрсету жөнінде арнаулы комиссия құрылды. Алғашқы комиссиялардың бірі Кеңестердің Торғай уездік атқару комитетінің жанынан 1921 жылдың көктемінде-ақ ұйымдастырылып, жұмысын бастады.
Ашыққан ауылдар мен болыстарға алғашқы көмекті ұйымдастыру үшін уездік атқару комитеті мүшелерінің барлығы дерлік елге жіберілді, 1921 жылдың көктемінде әр селолық кеңестің жанынан көктемгі егіс жұмыстарын ойдағыдай өткізу үшін арнаулы комиссиялар құрылды, олар мүмкіндігінше қажетті астықпен қамтамасыз етілді. Аштық жайлаған Торғай уезінің тұрғындарына губерниялық азық-түлік комитеті көмек ретінде 50 000 пұт астық және көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге тұқым қорынан 500 пұтастық бөлді.
Торғай уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 12 мамырдағы кеңейтілген отырысында ашыққан халыққа жедел көмек көрсету жөнінде мәселе қаралды. Отырысқа уездік атқару комитетінің Т. Жүргенов басқарған мүшелері, ОАК-нің өкілдері Ә. Жангелдин, С. Арғыншиев, Тимошенко мен Арынғазиев қатысты. Уездік атқару комитеті төрағасының басқаруымен жабдықтау бөлімі, экономикалық және азық-түлік бөлімдері өкілдерінен ашыққан халыққа жедел көмек көрсету үшін комиссия құру туралы шешім қабылданды. Жергілікті жерлерде Комиссия бөлімшелерін ұйымдастыру көзделді.
Ашаршылық 1921 жылы Қостанай уезінің барлық аудандарына дерлік тарады. Көптеген болыс тұрғындарының 75%-ына жуығы аштықтан зардап шекті. Болыстық, селолық және ауылдық кеңестер ашаршылық пен бала өлімін тексеру үшін аянбай күресті.
1. жылдың екінші жартысында уездің ауылдары мен селоларында 10 балалар үйі ашылды, онда 1000-ға жуық ашыққан балалар орналастырылды. Балалар үйі азық-түлік салығы есебінен тамақпен қамтамасыз етілді, отындық ағаш дайындау шаруашылық қаражатымен жүзеге асырылды. Осыған қоса барлық болыс орталықтарында ашыққандарды тегін тамақтандыратын асханалар жұмыс істеді Ауқатты адамдардан өндіріліп алынған қосымша салық асханаларды азық-түлікпен қамтамасыз етті. 1921 жылы осындай шаралар Қазақстанның басқа аймақтарында да жүргізілді. Мысалы, Ойыл уездік атқару комитетінің 1921 жылғы 16 шілдедегі шешіміне сәйкес қараусыз, ашыққан картгарды болыстардағы ауқатты адамдарға табыстады. Оларды тегін тамақтандырып, жатар жаймен қамтамасыз етуді міндеттеді.
2. жылдың көктеміне қарай республика бойынша ашыққандарға көмек корсету үшін барлығы 7 губернииялық, губерниялыққа теңестірілген 1 уездік (Адай губерниясы), 46 уездік және аудандық, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz