Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің тәртібі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті комерциялық емес акционерлік қоғамы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік құқығы
Тақырыбы: Заңды күшіне енбеген сот үкімдері мен қаулыларын қайта қарау сатысының мәні мен міндеттері.
Орындаған:ЮП-18-(5) тобының студенті
Қылышбек Асыл
Рецензент: з.ғ.ғ., доцент Алибеков С.К
Актау. 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
1. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау сатысының түсінігі, міндеттері мен маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің тәртібі ... 10
1.3 Заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің күшін жоюдың немесе өзгертудің негіздемелері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
1.4 Аппеляциялық өндірістің түсінігі, козғау негіздері, пәні және шектері ... 16
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, билік үш салаға бөлінеді: заңшығарушы, атқарушы және сот билігі. Сот билігін жүргізу тек қана соттарға жүктелген және олардың өздерінің өкілеттігіне, атқаратын міндеттеріне қарай жиынтығы сот билігінің жүйесін құрайды.
Қылмыстық істі шешу, яғни, айыптау үкімін шығару барысында қылмыстылықты және қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамның кінәлілігін немесе ақтау барысында оның кінәсіздігін анықтау тек бірінші сатыдағы соттың міндетіне жүктелген. Сот істі қарап, дұрыс шешім қабылдауы тиіс. Бұл жерде, ең бастысы іс жүргізу тәртібін реттейтін заңдардың, сондай-ақ сотталушы жасаған іс-әрекеттің қылмыстылығын және жаза колдану дәрежесін анықтайтын заңдардың еш бұрмаланбай, катаң сақталғаны жөн. Осы талаптарға ақтау үкімін шығару, сол сияқты істі қысқарту жағдайлары да бағынады.
Айыптау немесе ақтау үкімі, яғни істі қысқарту жөніндегі қаулы -- бұл соттың каралған дауға байланысты жасаған қорытындысы. Ол әрдайым тараптардың мүддесіне, ал, кейде тіпті екі жақтың да мүддесіне сәйкес келе бермеуі мүмкін. Өкінішке орай, сот практикасында істі қарау және шешім қабылдау барысында заң ережелерінің бұзылуына жол берілуде. Міне, осынау қүкық бүзушылықтар мен кемшіліктерді жойып, кылмыстық іс жургізудегі әділеттілікті қамтамасыз ету апелляциялык сот өндірісіне жүктеліп отыр.
Істі бірінші сатыда толық және әділ қарауға кепілдік орнату, ең алдымен әділ үкім шығаруды қамтамасыз ету мен сотты кездейсоқ кателесуден қорғау міндетгерін алдыға тартады. Сол себепті де сот шешімдерін кайта қарау институты осы талаптарға сай негізделеді, яғни сот шешімі немесе үкімі сотгыкқ тексеруге жатқызылады. Сот өндірісінің осындай нысандарының бірі аппеляция болып табылады.
Қазакстан Республикасының Конституциясы әрбір адамға өзінің құқыктары мен бостандықтарының соттық корғалуына кепілдік береді. Қылмыстық сот өндірісі және бас сот талқылауы барысында азаматтардың қуқықтары шектелуі мүмкін болғандықтан, Қазакстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі қылмыстық істерді объективті және әділ шешілуінің маңызды тәсілдерінің бірі ретінде сот үкімдері мен қаулыларына шағымдану. наразылық білдіру және сот шешімін қайта қарауды тиянақты түрде көрсеткен.
1. ЗАҢДЫ КҮШІНЕ ЕНБЕГЕН СОТ ҮКІМДЕРІ МЕН ҚАУЛЫЛАРЫН ҚАЙТА ҚАРАУ.
1.1 Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау сатысының түсінігі, міндеттері мен маңызы
Қылмыстық сот өндірісінің бірде-бір нысаны (үлгісі) бірінші сатыдағы сотпен қабылданатын шешімдердің ешқандай қателіксіз болуын қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан көптеген елдердің заңнамаларында заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қараудың әртүрлі нысандары қарастырылған.
Әлемдік тәжірибеде үкімдердің заңдылығын және негізділігін тексерудің екі түрлі нысаны, яғни апелляциялық және кассациялық өндіріс қалыптасқан.
Әртүрлі елдердің заңнамаларында апелляциялық өндірістің екі түрі: толық апелляция және толық емес апелляция нысандары қарастырылған.
Толық апелляция үшін төмендегідей белгілер сипатты болады:
- дәлелдерді толық көлемінде қайта зерттеу;
- жаңа дәлелдердің кез келген түрін сотқа ұсыну;
- істі бірінші сатыдағы сотқа қайтару құқығының болмауы;
- жаңа шешім шығару немесе бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдыру.
Толық емес апелляцияға төмендегідей белгілер тән болады:
- бірінші сатыдағы сотпен қарастырылмаған жаңа дәлелдерге жүгінуге тыйым салынуы;
- тұтастай алғанда, тек жазбаша дәлелдерді талдауға негізделетін дәлелдерді зерттеудің шектеулілігі;
- шығарылған шешімді негізінен қайта қарау үшін істі бірінші сатыдағы сотқа қайтарудың мүмкіндігі.
Кассациялық өндіріс о баста Францияда пайда болды және өзінің дамуының үрдісінде таза және аралас кассация белгілеріне ие болды.
Кассацияның таза нысанын келесідей белгілермен сипаттауға болады:
- іс тек тараптардың өтініші бойынша қайта қаралады;
- кассациялық сатыдағы сот істің мәнісіне үңілмейді, тек оны заңды және процесс формаларын қолдану тұрғысынан ғана қарастырады;
- кассациялық сатыдағы соттың шешімі заңның бұзылғандығын анықтайды, сол себепті төменгі сатыдағы сот шешімінің күшін жояды, немесе заң бұзушылықтың орын алмағандығын атап көрсетеді, бұл өз кезегінде шағымның қанағаттандырылмай қалуына әкеп соғады.
Кассацияның аралас түріне келесідей белгілер тән болады:
- ревизиялық бастау;
- істің мәнісіне үңілу;
- істі бірінші сатыдағы сотқа қайтармастан шешімді өзгертудің мүмкіндігінің болуы.
Әлемнің әртүрлі елдеріндегі апелляциялық және кассациялық өндірістер сот өндірісінің ұлттық дамуындағы дәстүрлер мен ерекшеліктерді айқын көрсетеді. Отандық апелляцияны апелляцияның толық типіне жатқызар болсақ, кассацияны аталған өндірістің аралас түріне жатқызуға болады. Қолданыстағы заңнаманы тиісті деңгейде талдау бізге осындай пайым жасауға негіз береді.
Шындығын айтқанда, апелляциялық өндіріс пен кассациялық өндірістің арасындағы айырманы тап басып айту қиын. Біздің ойымызша, кассациялық өндірісті қылмыстық сот өндірісінің дербес сатысы ретінде бағалауға ешқандай негіз жоқ сияқты. Басқа сөзбен айтар болсақ, кассация, апелляциямен бірге заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қараудың бір нысаны ретінде ғана қалып отыр. Осыған орай, кассациялық өндіріс сатысын алақа билердің қатысумен талқыланған істер бойынша шығарылған, күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қараудың бір нысаны ретінде ғана бағалаған дұрыс сияқты.
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайтақарау - апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы соттыңбасты рөл атқаруының негізінде, қылмыстық процестің қатысушыларының құқықтық қатынастары мен қызметінен көрініс табатын, төменгі сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген шешімдерінің күшін жою немесе өзгерту үшін фактілік немесе заңи негіздердің болуы немесе болмауын анықтау бойынша қылмыстық іс жүргізудің сатысы болып табылады.
Апелляция және кассация соттың заңды күшіне енбеген шешімдерін қайтан қараудың нысандарына жатқызылады.
Апелляциялық өндіріс - облыстық және оларға теңестірілген соттардың қылмыстық істер жөніндегі алқасының басты рөл атқаруының негізінде, аудандық және оларға теңестірілген соттардың заңды күшіне енбеген үкімдерінің күшін жою немесе өзгерту үшін фактілік немесе заңи негіздердің болуын немесе болмауын анықтау бойынша қайта қарау нысаны.
Заңды күшіне енбеген үкімдер мен қаулыларды қайта қарау сатысын да, қадағалау сатысындағы іс жүргізуді де, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс жүргізуді қайта бастау сатысын да сот бақылауы ретінде қарастыруға болады. Осы сатылардың бақылау функциялары олардың міндеттерін айқындайды.
Берілген сатының міндеттері болып төменде көрсетілгендер табылады:
- қылмыстық істерді қарау және шешу барысында соттармен жіберілген қателіктерді табу;
- заңды күшіне енбеген сот шешімдерінің күшін жою немесе оларға өзгерістер енгізу арқылы анықталған қателіктерді түзету бойынша заңмен қарастырылған шараларды алу.
Қарастырылып отырған сатымен шешілетін міндеттер оның көпжақты маңызын айқындайды.
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау сатысының маңызын төменде көрсетілгендер арқылы ашуға болады:
- ол сотталушының заңсыз және негізсіз сотталуынан немесе қылмыс жасаған адамдардың жазасыз қалмауынан маңызды кепіл болып табылады. Сонымен бірге бұл саты тек сотталушының ғана емес, сондай-ақ процестің өзге де қатысушылары: жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және басқа да тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне кепілдік береді;
- бұл саты төменгі соттардың қызметіне соттық бақылауды жүргізудің нысаны бола отырып, олардың Қазақстанның барлық аумағында заңдарды біркелкі қолдануын қалыптастырады;
- аталған саты бірегей сот саясатын қалыптастыра отырып, материалдарды сотқа дейінгі дайындаудың сапасын арттыруға және сол арқылы олардың қызметінде заңдылықтың нығаюына жағымды ықпал етеді;
- берілген саты азаматтарға тәрбиелік, алдын алушылық ықпал етулерді жүзеге асыруды қамтамасыз етеді, мемлекетте құқық тәртібін нығайтуға, заңды құрметтейтін азаматтарды тәрбиелеуге жәрдем етеді.
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің негізіне апелляцияның немесе кассацияның сипатты белгілері деп атау қалыптасқан белгілі бір бастауларды жатқызуға болады. Берілген сатының өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, оларда тұтастай алғандағы қылмыстық сот өндірісіне тән болып табылатын қағидалар өз көріністерін табады.
Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау сатысының сипатты бастаулары ретінде келесілерді атап көрсетуге болады:
1. Соттың заңды күшіне енбеген шешімдеріне шағым жасаудың бостандығы.
ҚПК-нің 396-бабына сай үкімге шағымдану құқығы сотталушыға, ақталушыға, олардың қорғаушылары мен заңды өкілдеріне, жәбірленушіге және оның өкіліне тиесілі. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері үкімге, оның азаматтық талапқа қатысты бөлігінде шағым жасауға құқылы.Наразылық білдіру құқығы істі қарауға мемлекеттік айыптаушы ретінде қатысушы прокурорға тиесілі. Сонымен қатар заңнамада Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның орынбасарлары, облыс прокурорлары мен оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары, аудандардың және оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары істі қарауға қатысу-қатыспауына қарамастан өз құзіреті шегінде үкімге наразылық білдіруге құқылы екендігі бекітілген.
2. Үкімнің заңдылығы мен негізділігін тексеру.
Істі апелляциялық тәртіппен қарау барысында сот бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулыларының заңдылығы мен негізділігін тексереді. Осының барысында апелляциялық сатыдағы сот апелляциялық шағымдар, наразылықтар бойынша істің нақты мән-жайын анықтаудың және қылмыстық заңды қолданудың дұрыстығын, іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде қылмыстық іс жүргізу заңы нормаларының сақталуын істе бар және қосымша табыс етілген материалдар бойынша бірінші сатыдағы сот үкімінің немесе қаулысының заңдылығы мен негізділігін толық көлемінде тексереді (ҚПК-нің 405 б.).
3. Үкімінің заңдылығы мен негізділігін тексерудің ревизиялық сипаты.
Қылмыстық іс жүргізу заңнамасында бекітілген ережелер бойынша апелляциялық өндіріс, бірінші сатыдағы сотпен істі қарау ережелеріне сәйкестікте жүргізілетін жаңа сот талқылауы болып табылады.
Сонымен қатар апелляциялық өндірістің ревизиялық сипаты шектеулі мәніске ие болады, себебі сот бірінші сатыдағы соттың судьясы шығарған үкімнің заңдылығын, негізділігін және әділеттілігін тек шағым келтірілген немесе наразылық жасалған бөліктерінде және шағым немесе наразылық тиісті болып табылатын сотталушыларға қатысты түрде ғана қарайды.
Алайда егер істі қараған кезде заңсыз үкімнің (қаулының) шығарылуына алып келген басқа сотталушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы анықталған болса, сот қылмыстық іс жүргізу заңнамасының қағидаларын сақтай отырып, оның шағымдалмаған, наразылық берілмеген бөлігінде де және өздері туралы шағым, наразылық берілмеген тұлғаларға қатысты да күшін жоюға немесе өзгертуге құқылы екендігі заңда бекітілген (ҚР ҚПК-нің 404 б.).
Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңнамасының кассациялық шағымдар, наразылықтар бойынша істерді қарау тұрғысындағы ережелерінде кассациялық сатыдағы соттың кассациялық шағымның немесе наразылықтың мазмұнына тәуелді екендігі көрсетілмеген, яғни аталған сатыдағы сот істі толық көлемінде және барлық сотталғандарға, соның ішінде шағым берілмеген және наразылық келтірілмеген тұлғаларға қатысты да қарай алады деген тұжырым жасауға болады.
4. Жаңа материалдарды ұсыну (талап ету) мүмкіндігі.
Апелляциялық және кассациялық сатыдағы соттар үкімнің заңдылығы мен негізділігін істе бар материалдардың негізінде, сондай-ақ қосымша берілген материалдар бойынша да тексере алады.
5. Жағдайды нашарлатуға тыйым салынуы - бірінші немесе апелляциялық сатыдағы сот қылмыстық заңды дұрыс қолданбаған жағдайда кассациялық сатыдағы сот сотталған адамға неғұрлым жеңіл қылмыс туралы заңды қолдануға және жасалған әрекеттің өзгертілген саралануына сәйкес жазаны төмендетуге құқылы, бірақ ол неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдана алмайды және тағайындалған жазаны күшейте алмайды.
Ауырлау қылмыс туралы заңды қолдану немесе жазаның тым жеңіл болуы себепті, нақ осы мән-жайларға байланысты прокурор наразылық келтірген немесе жеке айыптаушы не жәбірленуші шағым келтірген реттерде үкімнің күші жойылуы мүмкін.
Бірінші сатыдағы соттың ақтау үкімі немесе апелляциялық соттың үкімі (қаулысы) кассациялық тәртіппен тек прокурордың наразылығы немесе жеке айыптаушының, жәбірленушінің не сотпен ақталған адамның шағымдары бойынша ғана күші жойылуы мүмкін.
Кассациялық сатыдағы сот ешбір жағдайда сотталушының жағдайын нашарлата алмайды, оны тек үкімде жасауға болады, ал ол бұл сотпен шығарылмайды.
Жағдайды нашарлатуға тыйым салу апелляциялық өндірісте де әрекет етеді. Алайда бұл өндіріс - нәтижесі бойынша жаңа үкім шығара алатын жаңа сот тергеуі болып табылатындықтан, апелляциялық сот сатысы сотталушының жағдайын нашарлатуға құқылы.
Бұл сот ақтаудың негізсіздігі және жазаның тым жеңілдігі туралы прокурор наразылық келтірген немесе жеке айыптаушымен, жәбірленушімен немесе олардың заңды өкілдерімен шағым келітірілген жағдайларда ғана ақтау үкімінің күшін жойып және сотталушыға судьяның жеке-дара тағайындаған жазасынан ауырлау жаза тағайындап айыптау үкімін шығара алады.
Апелляциялық (жекеше) шағымдар, наразылықтар үкім, қаулы жария етілген күннен бастап он бес тәулік ішінде берілуі мүмкін, ал күзетпен ұсталатын сотталған адам оларды өзіне үкімнің, қаулының көшірмесі табыс етілген күннен бастап дәл сондай мерзімде бере алады.
Мерзімді өткізіп алып берілген апелляциялық (жекеше) шағым, наразылық үкімді, қаулыны шығарған соттың қаулысымен мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат болмаған ретте осы негізер көсетіле отырып, авторға қайтарылады. Егер шағымдарды, наразылықтарды бірінші сатыдағы сот қабылдаған соң оларды беру мерзімінің өткізіп алынғаны аппеляциялық сатыда анықталса, апелляциялық саты судьясы өз қаулысымен оларды қараусыз қалдырады.
Шағым, наразылық беру мерзімін өткізіп алған жағдайда шағым, наразылық беруге құқылы тұлғалар үкімді, қаулыны шығарған сот алдында өткізіп алған мерзімді қалпына келтіру туралы өтінішхат бере алады. Өткізіп алған мерзімді қалпына келтіруден бас тартқан судьяның қаулысына тиісті облыстық немесе оған теңестірілген сотқа шағым жасауға, наразылық келтіруге болады. Сонымен қатар ҚПК-тің 419-бабына сай процеске қатысушының құқытары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі мүмкіндігін шектейтін заң бұзушылық кезінде (сот отырысының хаттамасын уақытылы дайындамау, іске қатысатын, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамға сот актісінің көшірмесін аудармасыз табыс ету, сот актісінің қарар бөлігінде шағым жасау мерзімін көрсетудегі ағаттықтар), сондай-ақ оның шағымды уақытылы беруіне немесе нарзылық келтіруіне объективті түрде кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болған кезде апелляциялық (жекеше) шағым берудің, наразылық келтірудің өткізіп алынған мерзімін қалпына келтіруге міндетті.
Апелляциялық және кассациялық шағымдардың немесе наразылықтың келтірілуі үкімнің, қаулының заңды күшіне енуін және оны орындауға келтіруді тоқтата тұрады. Шағым және наразылық келтіру үшін бекітілген мерзім өткеннен кейін, үкімді шығарған сот, істі бір тәуліктен кешіктірмей, істі оған келіп түскен шағымдармен, наразылықпен, оларға қоса берілген құжаттармен, сондай оларға қарсылықтармен қоса тиісті соттың апелляциялық сатысына жібереді.
Іс келіп түскен күнінен бастап бір айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуы тиіс. Егер сот жаңа материалдар мен дәлелдемелерді зерттеу және жаңа үкім шығару қажеттігіне негіз бар деп тапса, іс келіп түскен күннен бастап екі айдан кешіктірілмей апелляциялық тәртіппен қаралуға тиіс. Дәлелді себептер болған кезеде, заңда бекітілген жалпы мерзім апелляциялық сатыдағы соттың қаулысы бойынша бір айға ұзартылуы мүмкін. Істің ерекше күрделі болуына байланысты немесе өзге де ерекше жағдайларда істі апелляциялық сатыда қарау мерзімін одан әрі ұзарту тиісті облыстық және оған теңестірілген соттың алқа төрағасының қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте істі қарау мерзімінің әрбір ұзартылуы бір айдан аспауға тиіс.
Сот істі апелляциялық тәртіппен қараудың нәтижесінде мынадай шешімдердің бірін қабылдауы мүмкін:
1) бірінші сатыдағы соттың үкімін, қаулысын - өзгеріссіз, ал апелляциялық (жекеше) шағымды, наразылықты қанағаттандырусыз қалдыру;
2) үкімді өзгерту;
3) үкімнің күшін жою және істі толық көлемінде немесе бір бөлігінде тоқтату;
4) айыптау үкімінің күшін жою және жаңа айыптау немесе ақтау үкімін шығару;
5) ақтау үкімінің күшін жою және жаңа ақтау немесе айыптау үкімін шығару;
6) алқабилердің қатысуымен шығарылған үкімнің күшін жою және істі жаңадан сот қарауына жіберу;
7) жаңа қаулы қабылдау арқылы қаулыны өзгерту, қаулының күшін жою;
8) үкімнің күшін жою және істі ҚПК-тің 323-бабына сәйкес прокурорға жіберу.
Апелляциялық соттың сотталған (ақталған) адамның жағдайын нашарлататын шешімі айыптаушы тараптың шағымдарында, наразылығында көрсетілген шектерден шықпауы тиіс.
Апелляциялық соттың ұйғарымы сот отырысы залында төрағалық етушімен немесе соттың мүшесімен бірден жарияланады.
1.2 Заңды күшіне енбеген сот шешімдерін қайта қарау өндірісінің тәртібі
Бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген үкіміне немесе оның істі қысқарту туралы қаулысына шағым немесе наразылық тиісті облыстық немесе оған теңестірілген сотқа беріледі. Апелляциялық (жекеше) шағымның және наразылықтың рәсімделуіне белгілі бір талаптар қойылады. Атап айтар болсақ, апелляциялық шағымда, наразылықта:
1) шағым, наразылық жіберіліп отырған тиісті апелляциялық сатыдағы соттың атауы;
2) шағым берген немесе наразылық келтірген тұлғаның процестік жағдайы, тұрғылықты жері немесе тұрған жері, онымен хабарласудың байланыс құралдарының нөмірлері көрсетіле отырып, ол туралы декректер;
3) шағым, наразылық беріліп отырған үкім немесе қаулы және осы шешімді шығарған соттың атауы;
4) үкімнің, қаулының қай бөлігінде немесе оларға толық көлемінде шағым, наразылық беріліп отырғанын көрсету;
5) шағым, наразылық берген тұлғаның өз пікірі бойынша соттың үкімінің, қаулысының дұрыс еместігі неде екендігі, сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыру кезінде немесе істі қарау кезінде заңның қандай нормалары бұзылғаны және мұның ол бойынша шешім қабылдауға әсер еткені туралы дәлелдері және оның өтінуінің мәні;
6) шағымның, наразылықтың авторы өз талаптарын негіздейтін, оның ішінде бірінші сатыдағы сот зерттемеген дәлелдемелер;
7) шағымға, наразылыққа қоса берілген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz