Стандарттың негізі - баланың әлеуметтік және отбасылық тәрбиесін оңтайлы үйлестіру идеясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
6
Кіріспе . . .: 1
6: Бөбекжай-бақша ғимаратын заманауи үлгіде қайта жобалаудың теориялық негіздері . . .
8
Кіріспе . . .: 1. 1
6: Бөбекжай-бақша ғимаратын заманауи үлгіде қайта жобалаудың теориялық маңыздылығы . . .
8
Кіріспе . . .: 1. 2
6: Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру . . .
13
Кіріспе . . .: 1. 3
6: Бірінші тарау бойынша қорытынды . . .
27
Кіріспе . . .: 2
6: Шымкент қаласындағы бөбекжай-бақшаның ғимаратын заманауи үлгіде қайта жобалаудың ерекшеліктері мен тәсілдері . . .
28
Кіріспе . . .: 2. 1
6: Қазіргі заманғы бөбекжай-бақшалардың замануи дизайнына талдау жасау . . .
28
Кіріспе . . .: 2. 2
6: Шымкент қаласындағы бөбекжай-бақшаның ғимаратын заманауи үлгіде сауықтыру-шынықтыру шаралары мен дамыту үйірмелерімен қайта жобалау . . .
48
Кіріспе . . .: 2. 3
6: Екінші тарау бойынша қорытынды . . .
56
Кіріспе . . .: 3
6: Шымкент қаласындағы бөбекжай-бақшаның ғимаратын заманауи үлгіде қайта жобалауда жасалған жұмыстардың нәтижесі . . .
58
Кіріспе . . .: 3. 1
6: Шымкент қаласындағы бөбекжай-бақша ғимаратын қайта жобалаудың барысы, қолданылған әдістер және қосымша құжаттар . . .
58
Кіріспе . . .: 3. 2
6: Шымкент қаласындағы бөбекжай-бақшаның ғимаратын заманауи үлгіде қайта жобалауда қоладанылған құрылыс материалдар мен технологиялар . . .
64
Кіріспе . . .: 3. 3
6: Үшінші тарау бойынша қорытынды
73
Кіріспе . . .: Қорытынды
6: 74
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6: 79
Кіріспе . . .: Қосымша (дипломдық жобаның үлгісі)
6: 82


Кіріспе

Жобаның өзектілігі. Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің ертеңі өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан-жақты қабілетті ұрпақ - ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Қоғамымызда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне өтуі білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға уақыт талабына сай өзгерістерді енгізуді талап етіп отыр.

Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы - балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи­ педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Ендеше мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі - өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу. Әрине бұл үшін мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде балалардың жеке басының қалыптасуы мен дамуына педагогтардың заманауи инновациялық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты.

Тәрбие мен білім - егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Егемен еліміздің талабына сай мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру, қазіргі заманға сай білімді де тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу - білімді, жан-жақты тәрбиешілердің еншісінде. Заман өзгерген сайын­ әдіс-тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып жатыр. Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану үздіксіз тәрбие беру мен білім сапасын арттырады. Сол себепті ғимартты заманауи жаңа технологияларды қолдана отырып қайта жаңарту керек.

Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасау қажет. Жобалатын балабақшада балаларға үздіксіз білім беруде барлық жағдай қарастырылған. Себебі қазіргі заман балаларының берілген ақпаратты тез қабылдауынан, есте сақтау қабілеттері жоғары дамығандығын байқауға болады.

Жобаның мақсаты. Шымкент қаласындағы бөбекжай-бақшаның ғимаратын замануи үлгіде сауықтыру-шынықтыру үйірмелерімен қайта жобалау.

Жобаның міндеттері:

- дизайн жобалауды ұйымдастыру;

- жобалау процесінде интерьердің құрылымдалуын, кеңістікті ұйымдастыру;

- стильдік құрылымдауда дұрыс шешімдегі әдістер мен тәсілдерді және құралдарды таңдау;

- техникалық және көркемдік материалдарын жобалау;

- экстерьерді кеңістікте жобалаудың теориялық негізгі әдістемесін меңгеру;

  • мектепке дейінгі балалардың тұлғалық қалыптасуында эстетикалық дамыту ортасының рөлін сипаттау;
  • балабақша қасбеттерін безендіруде жобаларды әзірлеудің негізгі принциптерін сипаттау;
  • объект маңындағы аумақтың абаттандыруын жақсарту;
  • ғимаратты функционалдық мақсатын өзгерте отырып қайта жаңарту;
  • ғимаратты және оның инженерлік жүйелерін заманауи талаптарға сәйкес қайта құру;

Жобаның нысаны. Шымкент қаласында орналасқан балабақша.

Жобаның жаңашылдығы. Ғимаратты сауықтыру-шынықтыру рәсімдері мен балалардың қабілеттерін жақсартатын үйірмелерімен қайта жаңарту.

Жобаның пәні. Балабақшаның концептуалды шешімін табу.

Зерттеу базасы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Дизайн және инженерлік графика» кафедрасы.

Зерттеу әдістері. Бақылау, моделдеу, компоненттік саралау, сауалнама алу, жобалау, графикалық және жобалық- композициялық әдістер.

Зерттеу көздері. Жазбаша және иллюстративті әдебиет көздері, заманауй тәжірибедегі аналогтар, дизайнерлердің еңбектері, ғаламтор көздері.

Жобаның ғылыми болжамы. Қазақстан Республикасының білім саласында бөбекжай-балабақшасын жаңа форматта ұсыну.

Зерттеудің тәжірибелік мәні ретінде, архитектуралық дизайн жобасын жүзеге асыру көмегімен, Қазақстандағы білім саласының дамуымен және оның әлемдік деңгейге өтуімен байланысты бірқатар проблемаларды шешу.

1 Бөбекжай-бақша ғимаратын заманауи үлгіде қайта жобалаудың теориялық негіздері

1. 1 Бөбекжай-бақша ғимаратын заманауи үлгіде қайта жобалаудың теориялық маңыздылығы

Қазақ халқының нағыз азаматын тәрбиелеп өсіру негіздерін қалыптастыратын тұңғыш мектеп- ол балабақша. Балабақша келер ұрпақты еңбекке, өнер-білімге, елінің ар намысын қорғауға және ізгі адамгершілік ниеттерге баулиды. Балабақша-келешек, ел басқарар, жер суына иелік етер, ел халқын гүлдетер, мерейін өсіріп, мәртебесін биіктетер жасампаз жандарды шыңдап өмірдің ең басты сатысын қалайтын киелі ұя.

Балабақшаның алғаш дүниеге келуі шет елдерде ағылшын педагогы Роберт Оэннің (1771-1858) есімімен байланысты. Ол 1802 жылы пролетариат балабақшаларында қоғамдық тəрбе беретін мектеп-балабақша ашып, қоғамдық тəрбие ғана жан-жақты дамыған адамды қалыптастыруға мүмкіндік береді деп тұжырымдаған. Кейіннен неміс педагогы Фридрих Фребель1837 жылы мектепке дейінгі мекеме ұйымдастырып, оны балабақша деп атаған. Осындай шетелдік тəжірибелердің рқасында Ресейде ХІХ ғасырдың 60 жылдары төлем ақылы, жеке адамның меншігіндегі ең алғашқы балабақшалар дүниеге келе бастаған (сур. 1. 1) [1] .

Сурет 1. 1 Роберт Оэн [1]

Ең бірінші балабақша 1859 жылы Гельсингфорста (Седмиградский) екіншісі 1863 жылы Петербургте Петербург университетінің профессоры С. А. Люгебильдің жұбайы ашқан, үшіншісі - 1863 жылы Гельсингфорста, төртіншісі -1866 жылы Петербургте Детский сад журналының редакторы А. С. Семонович ашқан. Фребельдің мектепке дейінгі тəрбие жүйесі көптеген сын пікірлерге ұшырағандықтан, басқа балабақшалар өздігінше ізденіс жасап К. Д. Ушинский Л. Н. Толстойдың ой-пікірлерін, көзқарастарына сүйене жұмыс жасаған. 1863-1869 жылдар аралығында С. Люгебиль, А. С. Семоновичтің балабақшаларында тəрбие жұыстарын ұйымдастыру кезінде уақыт мөлшеріне ешбір шек қойылмай, баланың дербес əрекетіне, сүйікті ісімен шұғылдануына мүмкіндік жасап, жылы кезде ойынды таза ауада өткізіп, жыл мезгіліне байланысты тəрбие жұмысы мазмұнына өзгерістер енгізіп отырған. Сонымен қатар ата-аналармен жұмыс жүргізіп, балабақшаға шақырып, бала шұғылданатын іс-əрекеттерімен таныстыру, баланы тəрбиелеу жайында кеңестер бере отырып, баланың дамуын, қабілетін тəртібін бақылап, қол жеткен табысарды жазып отыған. А. С. семонович, К. Д. Ушинскийдің ой-пікірлеріне сүйене отырып, теориялық педагогика баланың физиологиялық жəне психологиялық дамуын зерттеуден қалыптастырды. Үйрету, оқыту - тəрбиенің ең басты құралы. Баланы сəбилік шағынан үйретіп оқытса, оның ақыл-ойы, адамгершілік сана - сезімі, қарапайым білім дағдылары соғұрлым ерте қалыптасады, сол себепті үйрет оқыту мен тəрбиелеу үрдісі біртұтас болу керек-деп уағыздаған. 1860-1870 жылдары Воронеж, Иркутск, Москва, Петербург, Тбилисиде меншікті төлем ақылы балабақшалар ашылған.

Мектеп жасына дейінгі баланы мектепке оқуға даярлау ісін алғаш жолға қойған балабақшалар да болған. Мəселен, 1869 жылы Иркутскіде, Москвада (В. Соловьева), 1872 жылы Тулада (Е. П. Смидович) балабақша-мектеп тəріздес ашылған балабақшаларда тəрбие жұмысын ойынмен аяқталатын сауат ашу, жазу, сурет салу, мүсіндеу, əн айту, шет тілдерін үйрету, тəрбие жұмыстары мен мектепке даярлау істері жүзеге асырылған. Ресейде 1866 жылы Петроград жұмысшы əйелдердің балалары үшін Арзан пəтер қоғамының жанынан қайырымдылық қорымен тұңғыш рет тегін балабақша ашылған. Онда балалар киімін тігетін шеберхана, асхана, кір жуатын орын болған [2] .

Қазақстан Республикасында қоғамдық тəрбие беретін тұңғыш балалар алаңы Алматыда 1917жылы 1-мамыр күні ашылып, жүзге тарта бала қабылданған. Бұл балалар алаңы О. Д. Мухля, Е. А. Минский, А. А. Хариналар қиындықтарды жеңе отырып, ойыншықтармен қамтамасыз етіп, алғашқы кезеңде еңбекақысыз жұмыс істеп, нағыз педагогттік үлгілі істер атқарған. 1919 жылы Торғай губерниясында отыз жеті балалар алаңы ашылып, онда мыңға жуық тұрғылықты халық балалары тəрбеленді. Осы жылы Орынбор қаласында мектепке дейінгі Сəрсенов атындағы балалар үйі ашылып 1926 жылы бұл балалар үйі таратылған. 1920 жылы Ақмолада М. В. Покровский 3 балалар алаңы жəне қазақ балаларына арналған бірінші балабақша ашылып, онда 35 бала тəрбиеленген. 1921 жылы Семей қаласында 5 балалар алаңы ашылып, оның біреуі қазақ тілінде жұмыс жасаған. Осындай игі істер республикада дами бастап, 1920-1923 жылдары қазақ балалары алаңы мен балабақша саны 90-ға жетсе, 1930-1937 жылдар аралығында 7502 баланы қамтыған 239 маусымдық балабақша оған қоса 1231 бала тəрбиеленген 37 тұрақты қазақ балабақшалары болған. Сұрапыл соғыс жылдары қазақ тілінде 21 балабақша жұмыс жасаған. Соғыстан кейінгі жылдары 89 қазақ балабақша жұмыс жасап, оның 50-і Шымкент обылысында ұйымдастырылған. Сөйтіп, қазақ тілінде мектепке дейінгі мекемелер саны өсіп, 1978 жылы 535 ясли - балабақшада 26122 бала тəрбиеленген, 1986 жылдары - 990 қазақ балабақшаларында 65 мыңнан астам бала тəрбиеленген. Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңына сəйкес қазақ тілді балабақшалардың өміршеңдік құқығы жоғары болуға тиіс еді, бірақ жылдан жылға азайып, 2001 жылы 280ғана балабақша қалып, онда 19959 бала тəрбиеленді. Бұрын бірде бір қазақ балабақашасы болмаған Алматы қаласында Б. Баймұратқызы тікелей мəселе көтеріп, сұраныс жасауымен алғашқы балабақшалар дүниеге келе бастады.

Қазақ балабақшаларының ашылуына белсене атсалысқан ақын жазушылар Шона Смаханұлы, М. Əлімбаев, Қ. Мырзалиев, Ə. Дүйсенбаевтар, Б. Баймұратқызы. Қазақстан Республикасында аса қиындықпен шаңырақ көтерген қазақ балабақшаларының тартыспен дүниеге келгендігіне тарихи дамуына Б. Баймұратқызының адал да қажымай еңбек етуінің айғағы екені сөзсіз. Сол себепті біз апайды қазақ тілді тұңғыш балабақшалардың тұңғыш негізін қалаған, мектепке дейінгі тəрбиенің педагогика саласында тұңғыш рет қалыптасуына ықпал жасаған педагог - ғалым Р. Жұмағожина Ұлы Отан жылдарындағы балабақшалардың дамуы (19441-1945ж. ж) тақырыбында зерттеу жұмысын жүрізді. Ал, 1981 жылы Ауыз əдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану көмекші құралы жарық көрді. Автор ауыз əдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалануда тəрбиешілердің атқаратын жұмыстарына тоқталған. Ертегі түрлерінің балабақша бағдарламасында сабақта өткізсе, күннің жартысында Ойыншықтармен ойын көрсету ( қуыршақ театры), Көлеңке театры, Ертегіні драмалау жəне т. б. арқылы баланың тілін дамытуға болатынын, немесе үнтаспаға жазылған жəне көркемсөз шеңберлерінің оқыған ертегілерін тыңдау ұсынылды. Р. Жұмағожина - мектепке дейінгі пещдагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесінің қосқандарының бірі. Профессор А. Меңжанова Балаларды көркем шығарма туындылары арқылы адамгершілікке жəне еңбекке тəрбиеле (1999) монографиясында мектеп жасына дейінгі балаларды əдеби шығармалар арқылы адамгершілікке, еңбекке тəрбиелеу мəселелеріне қарай таңдап пайдалану ұстанымдары жəне оларды тəрбие жұмысында қолдану жолдары жөнінде ғылыми тұжырымдар берілген. 1992 жылы профессор А. Меңжанованың Мектепке дейінгі педагогика деп аталатын, жоғары жəне арнайы кəсіптік білім беретін оқу орындарында арналған оқу қралы жарық көрді. Тағы осы сияқты ғалым-ұстаздарымыздың еңбектері орасан зор [3] .

Ғимараттарды қайта жаңғырту дегеніміз - олардың функционалды тағайынын түбегейлі, жарым- жартылай өзгерту, олардың көлемдік-пландық жəне конструктивтік шешімдерін, аймағын көріктендіруді, айбаттандыруды нормаларға сəйкестендіру қажеттлігін шешу. Яғни ғимараттың негізгі техникалық - экономикалық көрсеткіштерін өзгерту болып табылатын шаралар комплексін айтамыз.

Қайта жаңғыру өндірістік жəне азаматтық ғимарат нысандарына, қала, ауыл, аймақтарына, аудандарына немесе жергілікті орынға, тұғын массивтеріне, əлеуметтік жəне тұрғын комплекстерге, мəдени жəне демалыс орталықтарына, өндіріс жəне жұмыс орындарына техникалық өзгеріс жасауда жүргізіледі. Ғимараттың қайтадан жаңғыртылуы, қажеттілік туған жағдайда, конструкцияларды күшейту немесе құрылымдарды қалпына келтіру шараларымен бірге жүреді. Нақтылап айтса, ғимараттар үшін пландық өзгерістер, көлемдік өзгерітер, ғимараттарды күшейту, конструкцияларды алмастыру, қабат санын кеміту немесе өсіру, қасбеттерді жаңғыру жұмыстары жүргізіледі [4] .

1993 жылдан бастап біздің елімізде инвестициялық жəне əлеуметтік саясат пен ақуалдың күрт өзгеруіне байланысты ғимараттарды қайта жаңғыртуға курделі қаражат бөлу тез өсті. Бұл өндірісті өзгерту, жаңа технологияларды енгізу, жаңа өнімдер шығару қажет етті. Бұлай болу себебі жаңа құрылысқа қарағанда ғимараттарды қайта жаңғыртуға:

  • күрделі қаражаттың аз жұмсалуы,
  • шығынның қайырымы 2-2, 5 есе жылдам болуы,
  • құрылыс мерзімінің кететін уақытының 1, 5-2 есе аз болуы үлкен əсер етті.

Бүгінгі қалыптасып отырған тұрғын үйлердің өте зəрулігі, салынған ғимараттырдың тозу дəрежесінің жоғары болуы, олардың жекешеленіп кетуі жəне инженерлік құрылымдардың түгелдей дерлік ескіруі, оларды қайта жаңғыруға едəуір қаржы бөлуге мəжбүрлеп отыр. Бұл əсіресе 1960-1980 жылдары салынған ғимараттарға қатысты жəне олардың үлесі жалпы құрылыс көлемінің көп бөлігі болғандықтан. Əсіресе, аталған ғимараттардың соңғы қабылданған нормативтік құжаттардың талаптарына сай келмеуі.

Ғимараттарды қайта жаңғыру комплексті мазмұнда болуы қажет. Олар қалалармен тұрғын аймақтардың, өндіріс орындарының ұзақ мерзімді даму бас жоспарымен тығыз байланыста болуы қажет. Жалпы алғанда ғимараттарды қайта жаңғыру кезінде құрылысты жүргізу көбінде, қолайсыз сығылыстық жағдайда жүргізіледі. Бұл машина мен механизмдерді оптималды пайдалануға, құрылыс материалдарын жинақтау жəне олардың нормативтік қорын жасауға мүмкіндік бере бермейді. Сондықтан бұл күрделі мəселе болып ғимараттарды қайта жаңғырудың, жалпы құрылысқа қарағанда, өзіндік ерекшелігі барын көрсетеді. Тіпті кейде, көтергіш механизмдерді, крандарды қолдану жəне жалпы индустриалды - конструктивтік шешімдерді пайдалану мүмкіндігі жағдайы болмайды. Сондықтан аталған қиындықтарды шешу үшін көптеген тың ұсыныстар мен шешімдер, жаңа типті жəне берік құрылыс материалдарын пайдалану жəне тағы басқа ұсыныстармен əдістерді табуға тура келеді. Бұл да бір ғимараттарды қайта жаңғырудың өзіндік қиындығы мен ерекшелігі болып табылады.

Ғимараттарды қайта жаңғыру олардың пайдалану көрсеткіштерін жоғарылату, көтергіш конструкцияларын күшейту жəне алмастыру мен тығыз байланысты. Аталған жұмыстар əр туындалған мəселеге арнаулы шешімдер мен əдістер қабылдауға əкеліп тірейді жəне бұл жаңа құрылысқа қарағандағы оның ерекшелігі болады. Өндісістік ғимараттарды қайта жаңғыру кезінде қосымша өте күрделі қиындықтар туындайды. Себебі бұл өндірісті тоқтатуға, соған байланысты үлкен шығынға ұшырауға əкеліп соғады. Сол себепті өндісістік ғимараттарды қайта жаңғыру кезінде, мейлінше өндірісті тоқтатпауды қөздеу қажет. Бұл үшін арнаулы күшейту əдістерін пайдалану қажет, конструкцияларды бұзу жəне монтаждау жұмыстары ерекше жоспарлану керек жəне т. б.

Біздің тəуелсіздікке қолы жеткен жас Қазақстан Республикасы экономика саласында көптеген табыстарға қолы жетті. 20 жылдан астам уақытта Қазақстан Республикасы біріккен ұлттар ұйымының толық мүшесі болып, көптеген мемлекеттер мен саяси қатынастар жасап отыр. Дұрыс ұстаған саясаты арқасында, Қазақстан Республикасы ТМД елдер ортасында ең бірінші нарықтық қатынас орнатылған ел болып танылды. Қазақстан Республикасы үшін ғимараттарды қайта жаңғырудың алатын орны ерекше. Қазақстанның алдыңғы қатарлы, өндірісі дамыған, ауыл шаруашылығы мол өнім өндіріп жəне оны өңдей алатын өндірістік мемлекеттер арасынан орын алуы үшін, көптеген зауыттар мен өндіріс орындарын, гидротехникалық құрылыстарды салу немесе кайта жаңғыру керек. Бұған тек темірбетон конструкцияларын түрлерін, металл жəне ағаш конструкцияларын, соңғы үлгідегі технологияларды пайдалана отырып пластмасса жəне пластикалық бұйымдарды құрылыста көптеп пайдалану арқылы, Республика ерекшеліктерін ескере отырып, тиімді конструктивті шешімдерді іс жүзінде қолдану арқылы қол жеткізуге болады.

Өндіріс ғимараттарды қайта құрудың типтік есептеріне мыналар жатады: аралық тіреулерді алып тастау арқылы аралықтың ұзындығын үлкейту, ғимараттың, цехтың биіктігін, арлығын ұлғайту, технологиялық жүктерінің көбеюіне байланысты аражабындардың көтеру қабілетін күшейту.

Ғимараттарды қайта жаңғыртуда қойылатын талап: жаңа эксплуатациялық жағдайының беріктік жəне деформативті жарамдылығына байланысты қолда бар конструкцияларды мейлінше пайдалану. Əлеуметтік, қала құрылысы жəне архитектуралық мəселелерінде ғимараттарды қайта жаңғыртудың рөлі өте маңызды.

Ғимаратты қайта жаңғырудың негізгі мақсаты болып олардың шешімдерін жақсарту, қолайлы ету, жайлы ету, көркемдеу, көркейту, пайдалану мақсатына өзгертулер енгізу жəне т. б. табылады. Осы тұрғыдан тұрғын жайларды жəне ғимараттарды қайта жаңғыртуды былай топтауға болады:

  • пландық жəне көлемдік шешімдерді жаңғыру;
  • конструктивтік шешімдерді жаңарту;
  • инженерлік құрылымдарды жақсарту;
  • демографиялық жəне əлеуметтік сұраныстарға сай нормалау;
  • ескі ғимараттарды жаңғыру, əсіресе 100 жылдық ғимараттарды мейлінше алмастыру, 50 ж. ғимараттарды қайта жаңғыру [5] .

Қоғамдық ғимараттарды қайта жаңғыруда мынадай жағдайлар туындайды:

  • пайдалану мақсаттарынын өзгерту (пəтер немесе тұрғын үйді дүкен ету, клубты мешітке айналдыру жəне т. б. ) ;
  • физикалық немесе моральдық тозуды жою;
  • медицина орталықтарын қайта жабдықтау жəне жаңғыру;
  • мектеп жəне басқа оқу орындарын жаңғыртуды, талаптарға сай өзгерту (төменгі жəне жоғарғы аудандық көрсеткіштерді оқушы саны бойынша қайта қарау, бір кезекте оқыту, арнаулы пəндер сыныптарын ашу, интернеттік жүйелі компьютерлік сыныптар ашу жəне т. б. ) ;
  • ықшамдау.

Қайта құру жобасы ғимараттардың қасбеттік элементтерін жаңартуды, терезе мен есік ойықтарын, кіру топтарын, тамбурлар мен балкондарды жасауды, өзгертуді немесе жоюды да қамтуы мүмкін. Қоршаған аумақты өзгертуі мүмкін.

Объектілерді жаңарту және қалпына келтіру бойынша жұмыстардың негізгі тізбесі:

  • ғимараттарды қайта құру жобасы келесі іс-шараларды өткізу кезінде орындалады:
  • құрылыстың ішкі үй-жайларын қайта жабдықтау және қайта ұйымдастыру;
  • құрылыстың пайдалы алаңын өзгертуге әкелетін құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау. Бұл кеңейту құрылысы, қосымша едендерді салу, шатырды салу және жаңарту;
  • жертөле құрылысы;
  • көтергіш құрылымдарды күшейту;
  • кірпіш қалауды қалпына келтіру, қасбеттің жарықтарын жою.

Топырақ пен іргетастарды нығайтуды мамандандырылған бригадалар іргелес учаскелер мен негізгі құрылыстың тұтастығын сақтау үшін тұтқалардың көмегімен (өлшемі 2 м-ден аз) жүзеге асырады.

Топырақтың тығыздығы мен көтергіштігін арттыру әртүрлі әдістермен жүзеге асырылады: битумизация, цементтеу, электросиликатизация, силикатизация, шайырлы қосылыстармен өңдеу, толтырылған қадаларды төсеу және қиыршық тасты тығыздау [6] .

Ғимаратты қайта құру бойынша барлық іс-шаралар жүргізілгеннен кейін алаңның шаршы метріне қысым төмендейді.

Ғимараттың қасбетін қайта құру үшін жобаны келісіп, жұмыстарды орындауға рұқсат алу керек. Құжаттаманы дайындау кезінде қалпына келтіру оның тұтас сәулеттік келбетін бұзбауы үшін қолданыстағы құрылымның сыртқы түрі ескеріледі.

Нысандарды қалпына келтірудің соңғы кезеңінде шатырды жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық ақауларды жойыңыз, зақымдалған жерлерді бояңыз, тозған құбырлар мен ойықтарды өзгертіңіз. Жұмсақ шатырларға патчтар қойылады, ал тозған кезде олар бүкіл жабынды өзгертеді.

  1. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі білім беру

Қазақстандағы білім беру жүйесі өткен ғасырдың 90-шы жылдары ескірген әдістемелік база жағдайында дамыды. ЮНЕСКО жүргізген зерттеулер Қазақстандағы білім беру сапасының төмендеуінің тұрақты үрдісін көрсетті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп, отбасы, жұртшылық және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық
Білім беру үрдісіндегі әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Мектеп пен отбасының бала тәрбиесіндегі ынтымақтастығы
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік институттардың өзара әрекеттестігі
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік иституттардың өзара әрекеттестігі
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
IX-XII ғасырлардағы қазақ отбасы тәрбиесінің қалыптасуы мен дамуы
Мектепке дейінгі бала тәрбиесі
Қазақ отбасындағы тәрбие ерекшеліктерін эмпирикалық зерттеу
Ұрпақ тәрбиесі - қоғамның болашақ мұрагерлерін тәрбиелеу ісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz