Мемлекет қызметінің жіктелуі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ БИЗНЕС, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: Мемлекет және құқық теориясы
Тақырыбы: Мемлекет қызметінің түсінігі және мазмұны

Орындаған: Елубай Ш.Е. Ю-20-1к тобының студенті
Тексерген:Абиев Е.С.

ҚАРАҒАНДЫ - 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІНЕ
ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР
Мемлекет қызметі түсінігі, мазмұны және белгілері
Мемлекет қызметінің жіктелуі
Мемлекет қызметінің жүзеге асырылу нысандары

ҚР ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ҚЫЗМЕТТЕРІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
ҚР ішкі қызметтерінің ерекшеліктері
ҚР сыртқы қызметтерінің ерекшеліктері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Әр мемлекет өзінің өмір сүру үрдісінде бірнеше күрделі міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асырады, кейбір мақсатты іс-әрекеттерді дамытады. Бұл қызметте мемлекеттің өз алдына қоятын мақсаттарын ажыратып алу қажет, содан кейін осы мақсаттарды жүзеге асыратын құралдарды бөліп алу керек. Бұл мақсаттар, бір жағынан аса көп, басқаша жағынан, тарихи және мәдени жағдайларға байланысты өзгермелілігі әр түрлі болып келеді. Мемлекет әскери күштің ұйымдастырушысы ретінде, қауіпсіздікті қорғаушы ретінде, сот ретінде де, мәдени мұраларды сақтаушы ретінде де көрінеді.
Бірінші тетікке қатысты айтар болсақ, олар мемлекеттік мақсаттар сияқты әр алуан болып келеді. Мемлекеттің халыққа білім беру мақсатына мыналар жатады: оқу орындарын салу, ең алдымен шаруашылық амалдар қатарын жүзеге асыру,
сонан кейін мұғалімдерді таңдау, олардың дайындығы, сабақ өткізудің жоспарын өңдеу және т.б. аталған тетіктерді жүзеге асыру үрдісі барысында мемлекет қызметтің күрделі кезеңіне өтеді. Дегенмен мемлекеттің билік етуші кеңесі бар, яғни өзінің мақсаттарын орындау және оларды жүзеге асыруға арналған тетіктерді реттеу кезінде ол - билік ете алады, бұйырады, әмір етеді, өкім шығарады. Біз мемлекеттік қызметтің тетіктерін сөз еткенде, олардың барлық әр түрлі көлемінде мемлекеттік міндеттерді жүзеге асырудың жалпы формасы түсінігінде қабылдаймыз. Бұл форма біркелкі, себебі бұлардың барлығында билік етушілік элементер бар. Мемлекет кімнің атынан шықса да және қалай әсер етсе де, ол -
билік етеді, белгілі ретпен бірыңғай билік етуші актіні жүзеге асырады. Бұл билік етуші акті көп түрлі емес және олардың жіктелуі ішкі қажетті қағидалар негізінде құрылуы мүмкін.
Мемлекет қоятын мақсатты, бұл мақсаттарды жүзеге асыруда
пайдаланылатын тетіктер және билік етуші актінің формасы (түрі) айтылады. Мемлекеттің шаруашылық және заңнамалық функциялары бірдей айтылады, дегенмен, заңнама халыққа білім беру немесе қаржы мағынасында функциялық мақсат болып танылмайды, заңнама - шаруашылық, қаржылық және мәдени сияқты әр түрлі мақсаттарды жүзеге асыру барысында қолданылатын билікке әсер етуші бірден-бір тәсіл.
Аталмыш курстық жұмыста зерттеудің мақсаты: мемлекеттік функцияларын қарастыру. Міндеттері:
- мемлекет қызметі түсінігін анықтау;
- мемлекет қызметінің мәні мен маңызын қарастыру:
- мемлекет қызметін жіктеу;
- мемлекеттің ішкі қызметін талдау;
- мемлекеттің сыртқы қызметін зерттеу;

3
Мемлекеттік функциясында оның мәнін көрсетумен қатар, қоғам
дамуындағы негізгі мәселелерді шешудегі ролін және ең алдымен, ел
тұрғындарының әр түрлі мүдделерін қамтамасыз ететіндігі айқындалады.
Мемлекеттің функциялары, оның даму кезеңдеріндегі, алдарындағы тұрған
мақсаттарына байланысты белгіленеді және сол мақсаттарды іске асыратын құрал
ретінде көрінеді. Мемлекеттің мақсаттарының мазмұны, оның ішкі және сыртқы
жағдайларына байланысты болады. Елдің экономикалық өміріндегі кризистік
құбылыстар, мемлекеттен өзінің барлық органдарының күшін біріктіріп, сол
экономикалық жағдайды жөндеуді талап етеді. Қылмыстың өсуі, мемлекеттен жер
кезінде оған қарсы шараларды ұйымдастыруды талап етеді.

4
1 МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕміндеттерінің түсінігі

1.1 Мемлекет қызметінің ұғымы, мазмұны және белгілері

Мемлекет функциясының ұғымы өзінің бағытына сәйкес мемлекет, әдетте, өз қызметін белсенді атқарады, яғни қоғамдық өмірдің маңызды салаларындағы істердің жағдайына белгілі бір дәрежеде ықпал етеді. Осындай тіршілік ететін неғұрлым тұрақты және салыстырмалы түрдегі дербес бағыт мемлекет функциясын құрады. Оның астарынан мемлекеттануда мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарын түсіну қабылданған, онда өзіне қажетті қарым-қатынас тәртібін бекіту мен алдағы қойған мақсатқа қол жеткізу ниетін түсіну қиын емес.
Мемлекеттің прогрессивті дамуына, жақсаруына, түрлі саяси, экономикалық саласында, әлеуметтік саласында нығаюына жұмыс жасайтын
функциялар орындалады. Енді, бұл функциялардың қалай бірігіп, мемлекет
функциясын құрайтынын білгеніміз жөн.
Функция - заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-
мақсаттары, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс- тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппараттарының функциясы деген заңды ұғым қалыптасады [1, 986. ].
Мемлекеттің қызметі Кеңестік дәуірде өте кең түрде падаланылды.
Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгертіп, ескіріп, жаңарып
отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес одағы ыдырап, республикалар дүниежүзілік
қауымдастыққа бет бұрып, либерал-демократияның даму процесіне көшкенде мемлекеттің функциясын тек қоғамдық таптың мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі, функцияның дамуына таптар мен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор әсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзқарас.
Кеңестік дәуірде де, қазіргі кезде де мемлекеттің қызметін дамытуға көп
көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп, білу тек
мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге
қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес қосуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бұл обьективтік процесс. Қазіргі заманда Қазақстан республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда, негізгі бағыты нарықты, экономиканы қалыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің қызметі туралы әр түрлі ой-пікірлер бар. Солардың бірі
Функцияның көп өзгеруіне ұшырамайтын деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы қоғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық,
экологиялық, интернационалдық функциялар.

5
Мемлекет қызметінің осы негізгі бағыттарының әрқайсысы тұтастық пен
оқшаулықтың үлгісін көрсете отырып, белгілі бір айқындығымен сипатталады; онда аз мөлшердегі компоненттер жинағы міндетті түрде болады, ол компоненттер мемлекеттің мемлекеттің дербес функциясын ерекшелеп тұрады. Ең алдымен функцияның мағынасы туралы, яғни мемлекеттің қоғамдық қатынастың қандай да бір саласына белсенді және мақсатты ықпалы туралы айту керек. Мұндай ықпалдың процесінде мемлекет бір қатынасты бекітіп, дамытып, жетілдіруге тырысса, екіншісін бейтараптандырып немесе тіпті жеңіп шығады, үшіншісінде - жаңадан пайда болуына мүмкіндік тудырады және т.б. мемлекеттің ықпал ету объектісі болып табылатын бұл қатынастар бір функцияны екіншісінен ерекшелейтін белгі ретінде саналады. Функцияның нақты мағыннасы өзіне лайықты нысанға ие болу мұқтаж. Нысан түсінігі көп мағыналы, оныңқұрамына функцияны жүзеге асыру жүктелген мемлекеттік органдардың жүйесі сияқты, онымен құқықпен байланысты қызметте (құқықшығармашылығы, құқықты жүзеге асыру және құқық қорғау) кіреді.
Мемлекет қызметі оны жүзеге асыру әдісі сияқты мынадай компонентін
бөліп көрсету керек, оның астарынан ара қатынасть:
a) сенімді және мәжбүрлеуді,
ә) басқаруды орталықтандырудың және орталықсыздандырудың бастауын,
б) авторитарлық пен қоғамдық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлық варианттарын еркін талдау принциптерін түсінуге болады [2, 152б.].
Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша орындау, қорғаныс функциялары.
Мемлекеттердің көпшілігі функцияны ішкі және сыртқы функциялар деп
екіге бөледі. Осы пікірді қазіргі заманда мемлекеттер дұрыс деп қолдануда.
Мемлекеттің қызметінің орындалуын қапмтамасыз ететін - мемлекеттік аппарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады.
Функцияны орындау кезең-сатылары: функция - орган - аппарат мемлекет. Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын толық білуге болады.
Мемлекет қызметінің негізгі белгілері:
- қызметінің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны
Ж әне қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
- функция сарапталып, жіктеліп, кешенді түрде жүргізіледі;
мемлекеттің қызметі
аппараттарының қызметіне
ұқсамайды.
Мемлекет функциясы қоғамдық көлемде жүргізіледі;
- мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының әдіс-
тәсілінен айыра білуге болады;

6
Осылайша, функцияның құрамына мемлекет қызметінің негізгі
бағыттарының бірі ретінде мағынасынан (өзінің басты компонентінен) басқа
жүктелген міндеттерді шешудің нысандары (ұйымдастыру, кадр және құқықтық) мен әдістері, сондай-ақ мемлекеттік ықпал ету объектілері (қоғамдық қатынастардың қандай да бір түрлері) жатады. Аталған компоненттерді тұтас қалпында анықтап алғанда ғана мемлекет функциялары туралы ұғым қалыптастыруға болады [3, 23б.].
Жоғарыда айтылғандарға мына төмендегілерді қосуға болады,
экономиканың нақты саласына мемлекеттің ықпал ету нысаны оның қандай
секторға - мемлекет пе, жеке немесе ұжымдық секторға жата ма, соған
байланысты. Мемлекеттің кәсіпорындарға, ұйымдар мен экономиканың
мемлекеттік секторының объектілеріне ықпалы мол; оған басқарудың шексіз
құқығы берілген (кадр мәселесі, қаржы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, бақылау, ағымдық оперативті басқару). Экономиканың мемлекеттік емес секторының кәсіпорындарына, ұйымдары шаруашылық объектілеріне қатысты айтатын болсақ, онда мемлекеттің оларды қызметіне ықпалы шамалы болып табылады, ол нормативті реттеу нысандарымен, сондай-ақ олардың заңдылық талабы мен белгіленген тәртіпті сақтауын бақылаумен шектеледі.
Экономиканы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларын қамтыған
дағдарысқа байланысты халықты әлеуметтік қамтамасыз ету мен қызмет көрсету жөнінен мемлекеттің мүмкіндігі күрт азайды. Сондықтан денсаулық сақтауға, ғылымға, мәдениетке, білім беруге және әлеуметтік саланың басқа да тармақтарына қаржы бөлу ұдайы қысқаруда, ал зейнетақы, жәрдемақы, стипендия, бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне жалақы төлеу кейде кешігіп жатады.
Азаматтар үшін мемлекет есебінен тұрғын үй құрылысын жүргізудің,
медициналық, мәдени-ағарту, ғылыми, мектеп, спорттық объектілердңі
бағдарламалары қысқартылды. Дағдарыстан шығу жағдайды түзетіп, мемлекеттің әлеуметтік саладағы қызметін қалыпқа келтіру мүмкіндік береді [4, 56б.].
Мемлекет қызметі тұрақты және уақытша болып екіге бөлінеді. Тұрақты
функция мемлекет дамуының барлық кезеңдерінде іске асырылады. Уақытша
функция өзіне белгіленіп берілген жұмысты орындағаннан кейін өз жұмысын
бітіреді. Яғни, төтенше сипатта болады (оларға, стихиялық жағдайды түзеу, үлкен апаттар, конституцияға қарсы көтерілістер жатады.
1.2 Мемлекет қызметінің жіктелуі
Мемлекеттің қызметі - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің
атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері. Мемлекет қызметі
н

7
жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың қызметтерін ұйымдастыру формасы
келесідей анықталады:
a) ұйымдастырушылық-регламенттаушы;
ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда
функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік
береді. Ал, функция деген жеке түсінік бамлекеттерде бұл мәселені
оқып, білуде өзгешелік кездеседі.
Жеке тұлғалар ерікті, еріксіз түрде орындайды; Мемлекеттік органдар,
бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзіретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер дұрыс орындалмаса еріксіз түрде де орындау қамтамасыз етіледі.
Мемлекет қызметі орындаудың құқықтық және ұйымдастырушылық
тәсілдері болады. Құқықтық тәсілдің өзі үшке бөлінеді:
- құқық шығармашылық, құқықты қолдану, орындау;
- құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық
(дотация, кредит, баға т. б.);
- саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа
идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу;
Мемлекеттік билік толып жатқан субьектілердің сан
алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді [5, 1026.].
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:
- нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
- жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
- нақты нысаны өзі үшке бөлінеді:
- құқық шығармашылық;
- құқықты орындаушылық;
- құқықты қорғаушылық.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілердің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді:
- экономикалық;
- саяси;
- идеологиялық;
- ұйымдастырушылық;
- халықаралық;
- мемлекет аралық т. б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шек-телмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік

8
аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
-материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс қағаздарын
дайындау, заңды, нормативтік актілерді басып шығару т.б. құжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
- әр түрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар жүргізу, өткізу;
- мемлекеттік органдардың тәжірибелерін жинақтап, қорытынды жасау;
- мемлекеттік органдардың жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды,
саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру;
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т. б. Қызмет істері.
Сонымен, мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері. Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бамлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешелік кездеседі.
Біздің пікіріміз - функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа. Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.
Мемлекет функциясын жүзеге асыруда мемлекеттік органдардың қызметтерін
ұйымдастыру формасы келесідей анықталады:
a) ұйымдастырушылық-регламенттаушы;
б) ұйымдастырушылық-шаруашылық;
b) ұйымдастырушылық-идеологиялық.
Ұйымдастырушылық-регламенттаушы қызмет бұл - осы және басқа нақты
саяси мәселелерді шешу бойынша аралық-оперативтік ұйымдастырушылық
жұмыстар, яғни мемлекеттік механизмнің әр түрлі звеносын қызметтендіруді
техникалық-ұйымдастырушылық тұрғыдан қамтамасыз ету.
Ұйымдастырушылық-шаруашылық қызмет бұл - әр түрлі мемлекеттік
функциялардың материалдық жағынан қамтамасыз етілуін орындайтын
оперативтік-техникалық, аралық шаруашылық жұмыстар (экономикалық негіздеу, бақылау-ревизиялық қызмет, бухгалтерлік есепке алу, статистика, өтімді, жабдықтауды ұйымдастыру және т.б.).
9

Ұйымдастырушылық-идеологиялық қызмет бұл - әр түрлі мемлекеттік
функциялардың күнделікті оперативтік-анықтамалық, тәрбиелік жұмыстар дың (мысалы, шығарылған заңға немесе басқа да нормативтік актілерге түсініктеме беру; қоғамдық пікірді, бұқаралық ақпарат құралдарды қалыптастыру) орындалуын қамтамасыз ету.
1.3 Мемлекет қызметінің жүзеге асырылу нысандары
Мемлекет қызметінің іске асыруының нысаны - оның функциясының
көмегімен жүзеге асырылатын мемлекет органдарының біржақты әрекеттері.
Құқықтық және ұйымдастырушылық нысандары болып екіге бөлінеді.
Біріншісінің екіншісінен айырмашылығы, заңды нәтиже туғызатын құқықтық
актілерді қабылдаумен байланысты. Құқықтық нысандарға мыналарды жатқызамыз:
құқықтық шығармашылық (нормативтік актілерді дайындау және
шығаруға арналған әрекеттер).
- құқықтық қолдану - нормативті актілерді нақты іс жүзінде жүзеге асыруға
арналып бағытталған, құқықтық қолдану актісін қабылдау жөніндегі әрекеттер, бұл күнделікті заңдарды орындау жұмысы және әр түрлі басқару мәселелерімен сипатталады.
- Құқық қорғау - адамның, азаматтардың құқықтар мен бостандықтарын
корғайтын жалпы құқық бұзушылықпен күрес және кінәлі адамдарды заңды
жауапкершілікке тарту т.с.с.
Үй Ұйымдастырушылық нысанына:
реттеушілік ұйымдасыру
белгілі бөліктердің, мемлекет органдарының құжаттар жобасын дайындаумен, сайлауды ұйымдастырумен, сайлауды ұйымдастыруға байланысты қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі ағымдағы жұмыстар жатады;
- шаруашылық ұйымдасыру - бухгалтерлік есеппен байланысты, жедел
техникалық, шаруашылық, статистикалық және жабдықтау жұмыстары жатады;
- идеологиялық ұйымдасыруға - күнделікті идеологиялық тәрбие жұмысы,
мемлекеттің әр түрлі функциясын орындаумен байланысты, әсіресе, жаңадан
шыққан нормативтік актілердің мазмұнын түсіндіру, қоғамдық пікірді
қалыптастыруды жатқызуға болады [6, 123б.].
Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі қызметі өте кең мағыналы ұғым
болып табылады. Себебі, Қазақстан Республикасының көптеген стратегиялық
бағыттар көзделіп жүзеге асырылуда.
Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы экономикалық даму
стратегиясы негізгі бағыт болып табылады. Қоғамдық өмірдің шешуші саласы
10

экономика саласындағы стратегия мен тактика құрылымдылық және
технологиялық артта қалушылықты бір мезгілде жоя отырып нарықтық жүйеге көшуді одан әрі жалғастыру болып табылады. Мемлекет қызметін жүзеге асырудыңандары - бұл мемлекеттің
функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес
қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөлуге болады: құқықтық және
ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысанданға мыналар жатады:
a) құқықшығармашылық -
шығаруға қатысты қызмет;
бұл нормативтік актілерді дайындау мен
ә) құқыққолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы
нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқық қорғаушы
бұл адам мен азаматтың құқықтары мен
бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі
тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және т. б. байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға мыналар жатады:
a) ұйымдастырушылық-реттеуші - бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар
жобаларын дайындаумен, сайлаулар жүргізумен т. б. байланысты мемлекеттік
органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ә) ұйымдастырушылық-шаруашылық
бұл бухгалтерлік есеппен,
статистикамен, қамтамасыз етумен т. б. байланысты жедел-техникалық және
шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық-идеологиялық
бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және т. б. байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы [7, 12б.].
Нарықты экономика жүйеде шарттық байланыстың маңызы күшеюде.
Сондықтан мемлекеттің шарттық қатынасты реттеп, басқару функциясы тиісті дәрежеде атқарылуы қажет.
Мемлекеттің қызметін құқықсыз реттеу қызметтері: мемлекеттік органдар
функцияларды іске асыруда көптеген іс-әркеттер жасап жатады. Сол іс әрекеттерді біріктіріп - құқықсыз реттеу қызметі деп атайды. Олардың қоғамды басқаруда маңызы өте зор.
Мемлекеттің қызметін орындау тәсілдері: ерікті, еріксіз, сендіру, нандыру
(бұл жеке тұлғаларға). Экономикалық тәсілдер: болжау, жоспарлау, кредит беру,
салықта жеңілдік беру, алушыларды монополистерден қорғау.

2 ҚР ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ ҚЫЗМЕТТЕРІН реттеу
2.
2.1 ҚР ішкі қызметтерінің ерекшеліктері
Мемлекеттің ішкі функциялары - бұл қоғамның ішкі өмірін басқару
бойынша мемлекет қызметінің негізгі бағыттары. Ішкі қызметтерді жіктеу
мемлекеттің қызмет ету ортасы бойынша жүргізіледі. Басқару нысанына немесе мемлекеттің құрылымдық нысанына қарамастан әр мемлекет негізгі
экономикалық, әлеуметтік, қорғаушы және барылау міндеттерін жүзеге асырады.
Сонымен қоса, қазіргі уақытта барлық мемлекеттердің маңызды міндеттерінің бірі коршаған ортаны қорғау болып табылады. Көрсетілген қызмет ету ортасына
байланысты мемлекет функциялары мынадай топтарға бөлінеді:
- экономикалық;
- әлеуметтік қызмет көрсетулер;
- азаматтардың меншігін, құқығы мен бостандығын қорғау, құқықтық тәртіпті
сақтау;
- экологиялық (табиғат қорғау);
- қаржылық бақылау.
Экономикалық функция аса тиімді режимде елдің экономикалық дамуының
стратегиялық бағыттарын мемлекеттің дайындап, қарастыруынан көрінеді.
Нарықтық тауарлық қатынастар жағдайында қалыптасатын құқықтық
мемлекетте экономиканы мемлекеттік реттеу негізінен экономикалық емес,
әкімшілік әдістермен жүзеге асырылады. Бұндай мемлекетке өндірушілердің,
әлеуметтік құндылықтарды тұтынушылардың теңдігі мен тәуелсіздігін нақты
қамтамасыз ететін меншік иесінің бостандығы мен өзінділігі сипатты болып
саналады.
Мемлекеттік реттеудің екі негізгі экономикалық әдісі бар: нақты және
анықталған салық саясаты, яғни мемлекетке оның әлеуметтік міндеттерін сәтті шешуге, сонымен қатар қоғамның өндіргіш күшін тепе-теңдікте дамыту
мақсатында ұлттық кірістің бөлігін қайта бөлуге мүмкіндік туғызады.
Қоғамға толығымен табыс әкелуден дамытылатын экономиканың приоритетті салаларында шаруашылық жүргізудің жағымды жағдайларын жасау.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің экономикалық қызметі келесідей бағыттарға
негізделеді:
a) мемлекет бюджетін қалыптастыру және оның бөлінуіне бақылау жасаудан
көрінетін қоғамның экономикалық өміріне елдің масштабында экономикалық
даму бағдарламасына сәйкес, өнеркәсіптік және ғылыми зерттеулер бағдарламасын қаржыландыруға, өндірісті ұмтылдыру үшін өндірушілердің
материалдық құндылықтар ретінде қаржылар беруіне мемлекеттік ықпал ету [8,
856.
12
Экономикаға ұмтылушылық ықпалды биліктің жергілікті органдары да
жасай алады. Олар жергілікті бюджет үшін үлкен қаражат алу мақсатында
бағынышты территориядағы кәсіпкерліктің дамуы мен капиталдың кірісін
қамтамасыз етеді.
Кәсіпкерлікті қолдай отырып, жергілікті би ік
инфрақұрылымды қалыптастырып, жұмыссыздық мәселелерін шешеді. Осы
міндеттерді жүзеге асыру үшін салықтар механизмі қолданылады, құрылысқа
жергілікті учаскелер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот билігі органдары
Мемлекеттік функцияның түсінігі
Жер құқығының қайнар көздері
«Жаза ұғымы және оның мақсаттарының тиімділігі»
Ақшаның пайда болуы және мәні жайлы
Басқарудың орталық деңгейінің құрылымын жетілдіру
Саяси жүйелер мен режимдердің жіктелуі
Инвестицияның жіктелуі және түрлері
Инвестициялық операциялары
КӘСІПОРЫН ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
Пәндер