Химиялық эксперимент - химияны оқытудың негізі


КІРІСПЕ
«Егер мұғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мұғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ» - деген ұлы ғалым Д. И. Менделеевтің өсиеті бар. Оқушымен зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, белгілі бір тақырып aлып, оған жоспар жасап, жұмыс істеу балаларды тиянақтылыққа тәрбиелейді және сабақтан тыс уақытта қызықты, қарапайым тәжірибелер жасау арқылы күнделікті тұрмыстағы химиялық құбылысқа көз жеткізуге болады.
Химияны оқытуда ең басты рөлді оқу процесінің құрамдас бөлігі болып саналатын химиялық эксперимент алады. Химиялық эксперименттің ерекше қасиеттерінің бірі - әрбір ғылыми түсінік логикалық түрде қойылған тапсырмадан көрініп, практика жүзінде меңгеріле білуі.
Химиялық эксперимент химияға деген қызығушылықты күшейте отырып, өз-өзіне деген сенімділікті қалыптастыра біледі, яғни экспериментті орындау кезінде оқушылар жүмыстың практикалық нәтижесіне қол жеткізіп қана қоймай, өз білімін шығармашылық түрде игеру мүмкіншілігіне ие болады. Сан алуан химиялық экспериментті пайдалана отырып, мүғалім өзінің теориялық білімін нақтылай түсіп, практикалық біліммен байланыстыруға үйретеді. Химиялық эксперимент фактілерге негізделіп, теориялық түрде алынған химиялық түсініктерді тәжірибе арқылы дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Химиялық эксперимент оқушылардың ойлау қабілетін, біліктілігін арттырады, эксперименттен алынған нәтижені дұрыс критерий ретінде қарастыруға болады. Эксперимент көп жағдайда қабылдаудың негізі болып келеді, эксперимент болмаса продуктивті ойлану іскерлігі жүрмейді. Ойлауды дамытуда маңызды рөлді экспериментпен, практикамен біріге отырып, теория алады.
Эксперименттің жүйелі түрде жүргізілуі оқушылардың химиядан үлгерімі мен сабаққа деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай, болашақ та өздік ізденістерінде, жоғарғы оқу орындарында да қолдана алады. Тәжірибелік бақылауда, сондай-ақ эксперименттік тапсырмаларды орындауда барлық анализаторлар функциріленеді. Осылайша, окушылар қай зат қандай түске ие екенін, ол заттан қандай иіс шығып жатқанын, дәмі мен тығыздығы, зерттеліп жатқан заттың тағы да басқа қасиеттерін анықтап, олардың табиғатынан тани білуді үйренеді. Химия сабағында экспериментті жүйелі түрде өткізе білу фактілерді бақылауға, теориялық білімнің көмегіне сүйене отырып оларды түсіндіре білуге, эксперименттік біліктілік пен дағдыларын арттыра түсуге, жұмысты еркін түрде жоспарлай білуге, өз бетінше жүмыс істей білуге, жеке түлға ретінде қалыптасуға, шығармашылық іскерлігін арттыруға үлес қосады.
Алынған дағдылар мен біліктіліктерін оқушылар тек мектеп қабырғасында ғана пайдаланып қоймай, болашақта өздік ізденістерінде, жоғарғы оқу орындарында да қолдана алады.
Диплом жұмысының өзектілігі: Химияны оқытудың негізі - химиялық эксперимент болғандықтан, оқу үрдісі кезінде зертханалық сабақтар мен практикалық жұмыстарды ұйымдастырумен қатар оған қажетті құрал-жабдықтардың заманауи талаптарға сай болуы білім алушылардың химиядан алған білімдерін толық жетілдіре түсуіне мүмкіндік туады. Қазіргі таңда тұлғаның құзіретті болуына білім, білік, дағдымен қатар пәндік құзіреттіліктің қалыптасуы ерекше рөл атқарады. Осыған орай, химия пәні бойынша пәндік құзіреттіліктер жүйесін химиялық эксперимент арқылы жүзеге асырып, оны күнделікті өмірде қолдану өзекті болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: жоғары оқу орны педагогикалық «Химия» мамандығы 1 курс студенттері оқитын «Бейорганикалық химияның теориялық негіздері» пәні «Ерітінділер» тақырыбы бойынша жүргізілетін зертханалық тәжірибелердің нәтижелерін түсіндіруді көрсететін және болашақ химия пәні мұғалімдерінің біліктілігін қалыптастыруға ықпал жасайтын әдістемелер құрастыру.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылды:
- Жоғары мектептің химия курсында химиялық эксперимент жүргізу туралы әдеби материал жинақтау және жүйелеу.
- «Ерітінділер» тақырыбы бойынша химиялық эксперименттердің жүргізілу жолы мен түсіндірілу нәтижелерін көрсететін әдістемелер құрастыру.
- Таңдалған химиялық эксперименттер бойынша құрастырылған дидактикалық материалдарды апробациядан өткізу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Жоғары оқу орнындағы химия пәні бойынша оқу үрдісі
Дипломдық жұмыстың жаңалығы: Жоғары мектепте білім алушыларға таңдап алынған химиялық эксперименттердің ғылыми тұрғыдан түсіндірілуін көрсететін әдістемелер құрастырылды.
Практикалық маңыздылығы: Жоғары мектепте химиялық эксперимент арқылы білім алушылардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру үшін ұсынылып отырған әдістемелерді мектеп мұғалімдері, магистранттар, сонымен қатар жоғары оқу орнында жұмыс істей бастаған жас оқытушылар химиялық эксперимент жүргізуде пайдалана алады.
I ӘДЕБИ ШОЛУ
- Жоғары мектепте білім алушылар - болашақ химия мұғалімдерінің
біліктілігін арттыру
Елбасымыз Н. Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген. Бұл міндет қазіргі өмір талабынан туындаған жаңа білім беру мазмұнының принциптері, білім берудің «ізгілік» парадигмасын ауыстыратын «өмірге дайындалған адам», «іскер адам» парадигмасы болып табылады. Баланың алған білімінің қолданысы келешекте-практикалық қажеттіліктен туып, тиімді, сенімді, ой-өрісімді, өлшемді болатындай дәрежеде болу керек. Ол үшін мектептің жүрегі болып саналатын - мұғалім өз ісіне, педагогикалық шығармашылығы, яғни құзырлығы сай болу керек [1] .
«Егер мүғалім ғылымға өзі беріліп, оны толық меңгеріп, сүйе білмесе, онда оқушыларды да ғылымға құлшындыра алмайды, мүғалімнің бұл саладағы еңбегі де жеміссіз болмақ» - деген үлы ғалым Д. И. Менделеевтің өсиеті бар. Соған қарай қазіргі таңда оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру үшін мұғалімнің қажырлы еңбегі және талантты балалармен жүмыс істеу қажет. Ғылыми тәжірибе жасау, жарыс ойындары, ойлап тап, көшбасшы, т. б. кештер, сонымен қатар экологиялық білімін көтеру мақсатында балалармен жүмыс істеу тиімді. Табиғат аясында ғылыми зерттеу жүмыстарын жүргізу, тұжырым жасай білуге дағдыландыру, ғылыми конференцияларға қатыстыру, оқушының ойлау қабілетін дамыту, еңбекке баулу үлкен еңбек. Талабы таудай, қабілеті мол, ізденімпаз жастар көбейіп адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.
Оқушымен зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, белгілі бір тақырып алып, оған жоспар жасап, жұмыс істеу балаларды тиянақтылыққа тәрбиелейді. Және сабақтан тыс уақытта қызықты, қарапайым тәжірибелер жасау, күнделікті тұрмыстағы химиялық құбылысқа көз жеткізуге болады. Осы мақсатты іске асыру үшін 9 «г» сынып оқушыларымен «Қазақстандағы химияның дамуы-біздің болашағымыз» атты жүйелі ізденіс жұмыс өткізіледі.
Оқушылар зерттеу жұмысында көп жаңа ақпаратпен танысып, ашық сабақ өткізілді.
Адамзат баласының алдындағы негізгі міндеттің бірі - қол жеткен қоғамдық рухани және материалдық құндылықтарды, өндірістік тәжірибені игерген тұлға даярлау. Осы міндетті жүзеге асыру негізінен білі беру жүйесіне жүктелетіні белгілі.
Ғылыми ұғымдарды қалыптастыруда пәнаралық байланысты жүзеге асырудың басты мақсаты - білім алушыларды жан-жақты дамыту, оларға ғылыми көзқарас қалыптастыру және бір пәннен екінші пәнді игеруде қолдана білуге дағдыландыру. Осыған байланысты, химия пәнінің мазмұнын химия тарихымен байланыстыра оқыту білім алушылардың пәнді жан-жақты игеруіне көмектеседі. Осы екі пәннің арасындағы байланысты тереңінен меңгереді.
Бұл пәннің басқа пәндер арасындағы статусы мен құрылымы, орны мен рөлі
ерекше.
Химиялық білім, басқа да іргелі ғалымдар сияқты, тіршілікте өзімізді қоршаған заттар мен қүбылыстар әлеміне, ондағы заңдылықтардың қалыптасуына бүтіндей қарап, мәдениеттіойлауды, түйсіне ұғынуды, парасатты болуды орта мектептен бастайды. Химия курсын оқытуда окушылардың жаңа ғылыми дүниетанымы мен химиялық логикалық қабілеттері дамытылы оқытылады. Химияны оқып үйрену нәтижесінде окушылардың ғылымға деген қазіргі таңдағы ой өрісі кеңейе қалыптасып химиялық қосылыстар өзгерісінің механизмі, химияның өнеркәсіп пен шаруашылығындағы, жалпы күнделікті өмірдегі маңызды рөлі туралы түсінікті жетілдіре түседі. Оқушылар оқу барысында химияның негізгі заңдылықтары мен теориясының, химияның сандық есептеулер техникасын терең меңгеріп, химиялық элементтерді өздері орындауға, байқалатын құбылыстарға негізделеген реакциялар теқдеулерін құрастыра біліп, қорытынды жасау.
Химия тарихының теориялық негіздері барлық химия пәндерінің негізін қүрайтын тарихи мәліметтерін, теориялық ережелері мен тұжырымдарды қарастырады. Химия пәнінің негізгі мақсаты - білім алушыларға, химиялық заттар мен олардың шығу тарихын, химия дамуындағы тарихи құбылыстар мен процестер және оларға байланысты негізгі мағлұматтар беру, олардың қоғам мен өндіріске қажеттілігі, қоғам өмірінің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен сәйкестігі жаратылыс пен математикалық ғылымдардың дамуымен байланысты. Жеке тарихи дәстүрлердегі химия дамуымен заңдылығы химияның прогресі туралы мағлұматтар беру [2] .
Химия пәнінің оқу барысында химияның даму жолдарымен химиялық технологияның мәні жайында көзқарасын орнықтырып, химияның тарихи
дамуының негізгі мағлұматтары мен бұрынғы және қазіргі белгілі ғалымдардың іс-әрекеттерін білулері керек.
Адамды тәрбиелейтін қоғам мен орта болса, ал баланы тәрбиелейтін мұғалім мен отбасы. «Мұғалім мектепке жан кіргізеді, кемшілігін жақсылығы - жабады деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, мұғалім жас буынды, қазіргі заман талабына сай тәрбиелеп білім береді. Білім негізі - сабақта Мұғалімнің әрбір сабағы бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру қажет. Ол үшін сабақтың әрбір минуты тиімді және білімділік, дамыту, тәрбиелік мақсаттары айқын болуы қажет. Қазіргі кездегі талап-сабақга білім берудің жаңа технологиясы әдістерін қолданып, окушылардың шығармашылдығын дамыту. Сабақ үстінде оқушының ынтасын көтеріп, білім-білік дағдыларын қалыптастыру мүғалім мен оқушының қарым-қатынасына байланысты болады. Оқушыға материалды талқылап толық игеру үшін және өздігінен қорытындылай білуге қажет. Бұл оқушылардын пәнге деген белсенділігін арттырады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында атап өткендей, білім беру жүйесінің негізгі міндеті - баланың рухани және тәндік мүмкіндігін дамыту, оны оқыту, тәрбиелеу мен өзіндік қабілетінің дамуына жағдай жасау. Қоғам алдындағы тұрған негізгі мақсаттардың бірі-білім беру
жүйесін түбегейлі жаңғырту, XXI ғасырда жалпы білім беретін орта мектептерде оқушыны жеке түлға ретінде дамытуға байланысты білім берудің жаңа үлгісін таңдау.
Қоғам өзгерістеріне байланысты қазіргі кезеңдегі мектеп әрбір балаға жеке адам ретінде қарап, өзіне тән ой-өріс, еркін әрекет жасайтын қабілеті бар, батыл пікір айта алатын тұлға екенін ескере отырып тәрбиелеуге бетбұрды. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауға байланысты деген пікір айтады. Ал оқушылардың өзіндік
жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал-тәсілдер қолданып
жасайтын шығармашылық жұмыстар жатады.
Қазақстан жоғары мектебінің басты талап, негізгі міндеттерінің қатарына - әлемдік стандарттар деңгейіне білім беру ісінің күн тәртібіне батыл да өткір қойылған айрықша айтар едік.
Елімізде жүргізіліп жатқан ашық қоғамға қатысты бетбұрысқа демократия мен тәуелсіздік талаптары осы тұрғыдан келсек, қазіргі кезеңдегі жас ұрпаққа ұлттық мұратты, тарих тағлымын, өнер өнегесін, білім- ғылымның кемел де келелі тұстарын тамыршыдай тап басып, дүрыс бағыт- бағдар берілсе, келешек көкжиегі көркем де нұрлы, шуақты да сәулелі бола түсер еді.
Оқу орындарының материалдық-техникалық базасы қалыпты ізге түскен, ұстаз - білім алушының әлеуметтік мәртебесі айқындалған, оқулық пен әдістемелік құралдары жеткілікті, компьютер, мультимедиялық - лингафондық кабинеттер, кітапхана қоры мен ақпараттық - библиографиялық дерек көздері мол кез-келген ұжымда - білім мазмұны, біліктілік мәселесі, тәлім - тәрбие ісі, тағылымдық шаралар кең өріс алары анық. Мұның өзі жас ұрпақтың жүйелі білім мен сапалы тәлім-тәрбие алуына, мәдени-рухани жағынан өсіп есеюіне, қазіргі кезеңнің өскелең өзгерістерін толық сезініп, ұлттық мұратқа адалдық танытып, дәстүр-өнегелерін, жасампаздық қасиеттерді, инабап пен ізгілік нұрын молынан алуда әсер-ықпалы зор. Осы тұста ойға алар, оқу мен оқыту ісінде басымдылық берер жайттардың бірі - ұстаздылық шеберлік пен шешендікке келіп саяды. Мұғалім өскелең ұрпақтың мәңгі өзгермелі қарама-қайшылығы мол жан дүниесін білетін адам [3] .
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауындағы білім беруді жетілдіру, дүниежүзілік білім кеңістігіне ену бойынша үкіметке берген тапсырмасында білім саласына айырықша көңіл бөлген. 2015 жылдан білім саласы қызметкерлерінің жалақысын 29 % -ға көтеру туралы ұсыныс осының дәлелі.
Орта мектеп оқушыларына білім берген кезде, олардың жан-жакты білім алуына, қоршаған орта туралы материалисьтік көзқарас қалыптасуына баса назар аударылады. Жастар, негізінен қоғамдық, жаратылыстану, физика, математика, тіл, т. б. жеке тұлға қалыптастыруға қажет пәндерден білім алады. Солардың ішінде химия пәнінен жастарда қоршаған орта, онда жүретін өзгерістер туралы материалисьтік-диалектикалық көзқарас қалыптастырудағы орны ерекше. Сонымен қатар, XXI ғасыр техниканың жедел даму кезеңі болғандықган химия теориясы мен практикасы халық шаруашылығында кеңінен қолданыс табуда. Кезінде орыс ғалымы М. В. Ломоносов «химия адам іс-әрекетіне өз қанатын кең жаяды» деген көріпкел сөзі іске асуда. Сондықтан да, орта мектепте химияны оқытуға және химик- мұғалімдер даярлауға ерекше көңіл бөлетін уақыт жетті. Химия пәні мектепте дидактикалық принциптерге сай оқыталады. Атап айтқанда, пәннің ғылымилығы, өмірмен байланыстығы, білімнің жеткіліктілігі, оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру, білім мазмұнының сабақтастығы және т. б. химияны оқыту арқылы жастарда қоршаған ортаға деген материалисьтік- диалектикалық көзқарас қалыптасуы тиіс. Соған орай, пән мазмұны қарапайымнан күрделіге, оңайдан-қиынға. сабақтасып құралады. Қазіргі мектеп бағдарламасы бойынша химия 8, 9-сыныптарда негізінен бейорганикалық химия оқытылса, ал органикалық химиядан қысқаша түсініктер берілетін, 10-11 сыныптарда бейінді пән болып екі бағытта оқытылады. Жалпы алғанда орта мектепті бітірушіде химиядан заттар, жай және күрделі заттар туралы үғым қалыптасады. Ары қарай оларды ажырата
білу, атом, молекула ұғымын, оның құрылысын, химияның негізгі заңдарын оқып үйретеді. Сонымен қатар, оқушылар химиялық реакция, реакция жылдамдығы, химиялық тепе-теңдік үғымдарының заңдылықтарын оқу арқылы оларды ерітінділер тарауында және жалпы табиғатта жүретін процестерді түсіндіруге пайдалана атуы тиіс. Химиялық элемент ұғымын меңгеріп негізгі элементтер меп олардың қосылыстарына периодтық жүйеде орналасуына орай сипаттама бере алуы тиіс.
Заманауи инновациялық экономика жағдайында барлығына үлгеру үшін бұрынғылардан бөлек дағдылар қажет. Оку, жазу, сынай білу сияқты базалық дағдыларға қосымша жеке тұлғалық қасиеттер (табандылық, білім құмарлық пен бастамашылық) мен белгілі құзыреттіліктерге ие болу керек (командада жұмыс жасай білу, мәселені шеше білу, креативті болу) .
Аталған дағдылар бұрын тек кейбір қызметкерлерде болса, еңбек нарығындағы өзгерістер сол дағдылардың барлық қызметкерлерде болуын талап етеді. Барлық елдердің экономикасы креативтілік, иннновациялық технологиялар мен командада жұмыс жасау арқылы дамыған. Білікті мамандар қазіргі жағдайда құрылымдалмаған мәселелерді жиі шешуге және ақпаратты тиімді талдауға міндегті. Сонымен қатар технологиялар біздің өмірімізде қол еңбегін белсенді ығыстыруда. Осы орайда жұмыс орындарының қысқаруы қызметкерлердің қажетті дағдыларды игермегендігіне байланысты болып отыр. Жалпы білім беру мекемелерінің бітірушілері мамаңдық таңдауда еңбек нарығының талаптарына сәйкес болуда көптеген қиындықгарға кездесуде. Оның себеп-салдары бүгінгі сабақтың сапасын арттыру қажеттілігіне алып келеді. Яғни, XXI ғасыр дағдыларының қаншалықты өзекті екенін барлығы - мүғалім, оқушы мен ата- ана түсінуі тиіс.
Тұлға бойындағы дағдыларды қалыптастыруда мектептің рөлі үлкен. Бүгінгі күнге дейін мектепте оқушынын білім, білік және дағдыларын тек «білу-түсіну», еңбек жоғарысы - «қолдану» деңгейіне жеткізе алды. Сондықтан бүгінгі мектептің міндеті - оқушының ойлау деңгейін арттыру арқылы ХХI ғасыр дағдыларын дамыту болып табылады. Өз кезегінде сол оқушыны талапқа сай дамытатын мұғалімді дайындау мәселесі туындайды. Яғни, мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының мазмұны мен форматын өзгерту қажеттілігіне тірелеміз.
Әрине, осындай шәкірттерді тәрбиелейтін кадрларды дайындау - ең қиын мәселе болыр отыр. Осы орайда Қазақстан Республикасы мүғалімдерінің біліктілігін арттыру курстары туралы 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында бірқатар өзгерістер енгізілетіні аталған. ҚР президенті 2012 жылғы Қазақстан халқына жолдауында былай деген: «Мұғалімдер біліктілігін арттыруға жэне оларды материалдық ынталандыруға жеке назар аудару қажет. Біз озық педагогикалық тәжірибелер негізінде әзірленген педагогтерді қайта даярлаудың жаңа үш деңгейлі бағдарламасын енгіздік. Үкіметке таяудагы 5 жыл ішінде 120 мың мұғалімді біліктілікті арттырудың жаңа бағдарламасы ойынша оқытуды қамтамасыз етуді тапсырамын».
Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы бетбұрыстың оқушының бойында XXI ғасырда қажетті дағдыларды дамытуға бағытталғаны қуантады. Осындай қиын, қажетті бетбұрыстың «штурвалын» «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы ұстап басқаруда. Педагогикалық шеберлік орталығы 2012 жылдың сәуір айынан бастап әр облыс орталығында ашылған филиалдарында деңгейлік курстар өткізуде. Аталған курстардың үш деңгейі бар: үшінші деңгей - «Тиімді оқыту, екінші деңгей - «Мектептегі мүғалімдердің көшбасшысы», бірінші деңгей- «Педагоги калық қоғамдастықтағы мүғалімдердің көшбасшылыгы», - деп аталады. Осы уақыт аралығында республика бойынша қырық мыңға жуық мұғалім деңгейлік курстан өтті. Курс мазмұны сындарлы оқыту теориясының негізінде құрастырылып, білімі саласында болып жатқан жаңалықтар мен мәселелерді қамтиды. Жоғарыда айтылған XXI ғасырда қажетті дағдыларды дамытуға бағытталған курстар больш табылады. Осы бағдарламамен оқытылған мектеп бітіруші негізгі үш бағыттағы дағдыларды игеруі тиіс, олар: базалық, құзыреттілік және жеке тұлғалық қасиеттер. Мұнда базалық дағдыларга оқу мен жазу, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, мәдени және азаматтық сауаттылық жатады. Құзыреттілік дағдыларға сыни тұргыдан ойлау, креативтілік, коммуникативтілік, командада жүмыс жасай білу кіреді. Жеке түлғалық қасиеттерге білім құмарлық, бастамашылық, табандылық, бейімделе білу қабілеті, көшбасшылық, әлеуметтік және мәдени сауаттылық жатады. Аталған үш негізгі дағдылардың дамуы түлғаны өмір бойы үздіксіз білім алуға үйретеді [4] .
Қазақстанда білім беру сапасына айрықша көңіл бөлінуде, себебі білімді ұрпақ болашақ кепілі. Осы мақсатта Қазақстан педагогтарының біліктілігін арттыру үш айлық оқу курстары практикаға енуде.
Біліктілікті арттыру курстарының мақсаты - бағдарламага сай жеті модуль аясында өткізілетін сабақтардың сапасын арттыруға негізделген. Мұндағы міндет - мүғалімдерді өзгермелі өмірге даярлай отырып, жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланып оқушылардың өзіндік
Қабілетін ашу, білімге сын көзбен қарауына дағдыландыру.
Осы орайда мүғалімдерге үлкен талап қойылады, ол шығармашылық ізденіс. Шыгармашыл, сын түрғысынан ойлай алатын ұстаз ғана оқушы шығармашылығын дамыта алады.
Мұғалімнің негізгі міндеті - білім алушымен қарым - қатынас, білім алушылардың өзара түсінуі, оларға шығармашылық үшін жағдай жасай білу, еркіндікке үйрету.
1. 2 Химиялық эксперимент - химияны оқытудың негізі
Химияны оқытудың негізі - химиялық эксперимент болғандықтан, оқу үрдісі кезінде зертханалық сабақтар мен практикалық жұмыстарды ұйымдастырумен қатар оған қажетті құрал- жабдықтардың заманауи талаптарға сай болуы білім алушылардың химиядан алған білімдерін толық жетілдіре түсуіне мүмкіндік туады. Қазіргі таңда тұлғаның құзіретті болуына білім, білік, дағдымен қатар пәндік құзіреттіліктің қалыптасуы ерекше рөл атқарады. Осыған орай химия пәні бойынша пәндік құзіреттіліктер жүйесін химиялық эксперимент арқылы жүзеге асырып, оны күнделікті өмірде қолдану өзекті болып табылады.
Қазіргі заманғы тұлғалық - бағдарланған оқыту тәсілін оқу үдерісіне қолдану білім алушылардың ғылымға, білімге деген қызығушылықтарын арттыруға жол ашады. Осы мақсатта химияның қолданбалы, практикалық және экологиялық бағытын күшейтуді жүзеге асырудың бірден-бір жолы химиялық эксперимент.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz