Шұбаркөл көмірінің олеосуспензиясының реологиялық қасиеттері мен тұрақтандыру механизмі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Қабдолданов Ақан

Көмірдің олеосуспензиясының реологиялық қасиеттерін анықтау

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5B072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы»

Алматы 2021

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Химия және химиялық технология факультеті

Аналитикалық, коллоидты химия және сирек кездесетін элементтер технологиясы

кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Көмірдің олеосуспензиясының реологиялық қасиеттерін анықтау»

5В072100 - «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша

Орындаған: Қабдолданов Ақан

Ғылыми жетекші: Керимкулова М. Ж.

Қорғауға жіберілді:

Хаттама № «___» 20___ ж.

Кафедра меңгерушісі

Норма бақылаушы

Алматы, 2021 ж.

ТҮЙІНДЕМЕ

Дипломдық жұмыс көлемі туралы мағлұмат:

Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын кілт сөздер:

Зерттеу нысаны:

Жұмыстың мақсаты:

Зерттеу әдістері:

Алынған нәтижелер мен олардың практикалық маңыздылығы:

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КІРІСПЕ

  1. ӘДЕБИ ШОЛУ
  2. ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ
  3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Жұмыстың өзектілігі. Қазақстан экономикасы үшін көмір өндіру өнеркәсібін дамытудың маңызы зор. Себебі елдегі көмірдің үлкен қоры халқымыздың отынға, электр энергиясына деген қажеттілігін ұзақ уақытқа қамтамасыз ете алады.

Көмірді технологиялық тиімді отынға айналдырудың маңызды бір жолы - оны микрогетерогендік дәрежеге дейін ұнтақтап, сумен араластыра отырып суспензия түрінде сулы көмір отынын алу. Сонымен қатар, көмірдің олеосуспензиясын алу көмір өндіру саласында жиі пайда болатын ұсақ ұнтақталған көмір шахталарын оңай жолмен тікелей өндірісте дайындаудың оңтайлы әдісі болып табылады.

Көмірдің олеосуспензиясын алудың тәсілдерін жетілдіруде Ресей ғалымдарының (Мурко В. И., Костовецкий С. П., Трубецкой К, Моисеев В., Жуков М. Ф., Тимошевский А. Н. ) еңбектерін, сонымен қатар шет ел фирмаларының - «Сarbogel», «Fluidgarbon» (Швеция), «Co-Al» (АҚШ), «Densecoal» (Германия) - үлесін атап айтқан жөн. Бұл бағытта жасалған Қазақстандық ғалымдардың (Жұбанов Қ. А., Қаирбеков Ж. К., Аккулова З., Байкенов М. М., Аубакиров Е. А., Ешова Ж. Т. ) жұмыстары көбінесе көмірді химиялық өңдеуге арналған. Бірақ көмірдің судағы суспензиясының тұрақтылығы мен реологиялық қасиеттері тиісті дәрежеде әлі зерттелмеген. Сондықтан Қазақстан көмірлері, әсіресе энергиялық құндылығы төмен қоңыр көмірлер негізінде, СЕП пен БАЗ-дарды пайдаланып тұрақты да аққыштығы оңтайлы КСС-тың алудың экономикалық тиімді жаңа ғылыми-техникалық негіздерін жасау егеменді еліміздің алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі.

Жұмыстың мақсаты: Жұмыстың мақсаты - суда еритін полимер мен беттік-активті заттардың композицияларымен тұрақтандырылған көмір-су отынын - жоғары дисперсті көмірдің олеосуспензиясын, - алудың ғылыми негіздерін жасап, реологиялық қасиеттерін анықтау.

Жұмыстың міндеттері :

Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

- Шұбаркөл көмірін жоғары дисперсті күйге дейін ұнтақтаудың оңтайлы әдісін табу;

- Көмір олеосуспензиясын СЕП, БАЗ және олардың композицияларымен тұрақтандырудың ерекшеліктерін анықтау;

- Көмірдің олеосуспензиясының реологиялық қасиеттерін (тұтқырлық, аққыштық) реттейтін факторларды (тұрақтандырғыштардың табиғаты мен концентрациясы, дисперстік фазаның мөлшері, көмір олеосуспензиясын алу жағдайлары) анықтау;

- Тұрақтандырғыштардың табиғаты мен дисперстік фазаның концентрациясының сулы көмір отынының жылу физикалық қасиеттеріне әсерін анықтау.

Зерттеу әдістері мен нысаны: Зерттеу нысаны - Қазақстанның Шұбаркөл кен орнының көмірінен алынған 30 %-ды көмірдің судағы суспензиясы.

КСС-тың тұрақтандырғыштары ретінде СЕП-тер: полиэтиленимин (ПЭИ) мен натрий тұзы (NaКМЦ), БАЗ-дар: оксиэтилденген алкилфенол (ОП-10) мен натрий додецилсульфаты (NaДДС) және суперпластификатор С-3 қолданылды. Бұл полимерлер мен беттік-активті заттарды зерттеу нысандары ретінде таңдап алудың басты себебі олардың суда жақсы еритіндігі, физика-химиялық қасиеттерінің толық зерттелгендігі және халық шаруашылығында кеңінен қолданылуы.

Дипломдық жұмыстың жаңалығы. Отынның жаңа түрі - сулы көмір отынын, - өндіруді қамтамасыз ететін СЕП, БАЗ және олардың композицияларының көмір гидросуспензиясының тұрақтылығы мен реологиялық қасиеттеріне тигізетін әсерін ғылыми негіздеу.

Жұмыстың маңызды нәтижелері:

  • Алғаш рет суда ерігіш полимерлер көмір бөлшектерінің бетіне адсорбцияланып, оның электркинетикалық потенциалын өзгерте отырып, дисперстік жүйелердің ең күшті тұрақтандырушы факторы - Ребиндердің құрылымдық-механикалық тосқауылын құру арқылы СЕП-тің концентрациясына байланысты экстремалды тәуелділігі анықталды;
  • СЕП пен БАЗ-дың көмір бөлшектерінің бетінде аралас адсорбциялық қабат түзілуіне байланысты БАЗ қатысында суда еритін полимердің көмір гидросуспензиясына тұрақтандырғыш әсерінің күшеюі анықталды;
  • Алғашқы рет бетон қоспаларының пластификаторы - суперпластификатор С-3-тің өте аз (~ 0, 005% - 0, 01%) концентрациясында көмірдің судағы гидросуспензиясының тұрақтылығының едәуір жоғарылайтындығы (3 тәулікке дейін) көрсетілді;
  • Алғашқы рет сулы көмір отынның жаңа түрін - көмірдің олеосуспензиясының судағы эмульсиясын - алу мүмкіншілігі көрсетілді.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коллоидтық жүйелердің реологиялық қасиеттері: теория және тәжірибе
Текелі ЖЭО-2 БКЗ-75-39Ф қазанындағы NOx шығарындыларын азайтуға арналған Шүбаркөл көмірінің жоғары концентрациялы шаңын беру және пиролизді жану горелкасының эскиздік жобасы мен технико-экономикалық негіздемесі
Негізгі реологиялық механикалық модельдер және құрылымдық жүйелердің ығысулық қасиеттері
Беттік активті заттар мен полимер композицияларының фазааралық адсорбциялық қабаттарының реологиялық қасиеттері
Ньютондық және ньютондық емес сұйықтардың тұтқырлығы және реологиялық қасиеттері
Қан айналым жүйесінің биофизикасы, қанның реологиялық қасиеттері және гемодинамикалық модельдеу
Магистральдік мұнай құбырларының айдау станциялары: мұнайдың физика-техникалық және реологиялық қасиеттері, резервуар паркі мен автоматтандырылған басқару
Нұр-Сұлтан қаласына энергия өндіру мақсатында Шұбаркөл көмірін Лурги әдісімен газификациялау кешенінің жобасы
Нарықтың мәні, құрылымы және қызметтері: қалыптасу механизмі мен Қазақстандағы тұрақтандыру және дамыту мәселелері
Реология мен гемодинамика: сұйық ағысының заңдылықтары, қанның реологиялық қасиеттері және қан қысымын өлшеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz