МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. .
1 ТАРАУ. 1 МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
1. 1 Терминология және медициналық терминдер . . .
1. 2. Медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылу тарихы . . .
2 ТАРАУ. ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР МЕН АУДАРМА БАРЫСЫНДА КЕЗДЕСЕТІН МӘСЕЛЕЛЕР БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕР . . .
2. 1 Қытай медицинасының тарихы мен маңыздылығы (батыс пен шығыс медицинасына талдау) . . .
2. 2. Қытай тіліндегі медициналық терминдерді қазақ тіліне аудару әдістері . . .
ҚОРТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
Кіріспе
Жұмыcтың жaлпы cипaттaмacы. Қытай тіліндегі медициналық терминдердің қазақ тіліне аудару аспектілері жайында. Яғни, зерттелінетін обьект: медициналық терминдер. Нақтырақ айтқанда медициналық терминдердің қытай тілінен қазақ тіліне аударылу процессі жайында. Тақырыптың түйінін шешпес бұрын, бірнеше ұғымның мағынасын аша кетуді жөн көрдік.
Аударма - белгілі бір ұғымды бір тілден екінші тілге айна қаперсіз жеткізетін құрал. Жалпы айтқанда екі тілді байланыстыратын көпір іспеттес. Аударма бүгінде өте қажетті саланың бірі болып табылады. Себебі жаһандану заманында өмір сүріп жатқан мемлекет үшін шет елмен өзара дипломатиялық кездесулер көп болады. Мұның бәрі елдігімізді асқақтату мақсатында жасалып жатқан қарқынды жұмыстар. Осы тұста түрлі саладағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген, өз ісін еңсере көтеретін тілмаштардың алар орны ерекше.
Мемлекеттік тіл - еліміздің мүддесін үстем етіп, тәуелсіздігіміз бен бірлігімізді теңдестіретін ұлттық құндылық. Бүгінде қазақ тілінің сөздік қоры жылдан жылға жақсаруда. Оған дәйек, еліміз егемендікке қол жеткізгеннен бері, қазақ тілі мемлекеттік тіл болып, түрлі салалық терминдер қазақ тіліне аударыла бастады. Байырғы терминдер қайта жаңартылып, белгілі жүйеге келді, әлі де бір стандартқа түсіру үшін айтулы жұмыстар жүргізілуде. Осы орайда елімізде терминология саласының алар орны ерекеше. Жалпы, әдеби тілде «терминология» ұғымын өркениет пен ғылымның даму қарқынының көрсеткіші деуге болады. Ал, ғылыми атауына сүйенер болсақ:
Tерминология - (лат. terminus - шек, шетi шекарасы деген мағынада) cаналы икемдеуге және pеттеуге oңай көнімді лексиканың eрекше cекторын құрайтын, өңдірістің, қызметтің, білімнің cапасындағы терминдердің жиынтығы.
Tермин - ғылым, техника, өнер туралы және т. б. кейбір тұжырымдаманың aтауы болатын cөз немесе cөз тіркесі.
Терминдер негізінде екі түрлі жолмен жасалады :
1 ) баламасы бар терминдер ;
2 ) қазақ тіліндегі баламасы жоқ интернационалдық терминдер ;
Терминдер әр кезде қоғамның дамуына байланысты үнемі жаңарып, жаңа терминдермен толысып отырады . Осы терминдердің жаңадан қолданысқа енуі күрделі құбылыс болып келеді . Терминология күрделі сөздердің, бір сала терминдерінің жиынтығы, терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы, оның қолданысын зерттейтін ғылым болып табылады . Жалпы терминология терминінің өзі бірнеше мағыналы термин. Сол көпмағыналықтан арылу мақсатында Ресей ғалымдары «термин», «терминология» мәселесін зерттейтін ғылымды «терминоведение» деп атап жүр. Сол себепті біз де осы ұғымдарды қазақша баламасымен атағанымыз жөн. Мысалы: терминоведение-терминтану, барлық термин жиынтығын-терминология, арнаулы сала терминдерін-салалықтерминология, общая терминология атауын - жалпы терминтану деп бірізділікпен атаған дұрыс деп ойлаймын.
Солардың ішіндегі салалық терминдер бойынша қазіргі таңда еліміз медициналық терминдерді сапалы аударуға назар салуда. Себебі, медицина саласында мемлекеттік тілде білім берудің басқа да салаларға қарағанда біршама өзгешіліктері бар. Қалыптасқан медициналық терминдерді қазақшалау, оларды біріздендіру - медицина саласында мемлекеттік тілді енгізу бойынша қойылып отырған басты талаптардың бірі. Ғылыми тұрғыдан алғанда да медициналық терминдердің бірізденбеуі өзекті мәселелердің бірі болып тұр. Сондықтан да бұл мәселені шешу үшін ең алдымен өзге тілден енгізілген түрлі терминдерді аударғанда оны оқырман оңай түсінгені маңызды. Қалыптасқан терминдерді қазақшалау барысында әртүрлі әдіс-тәсіл қолданылады.
Қазақта «Көп түкірсе - көл» деген дана сөз бар. Айтпағым, осы қазақ тіліндегі медициналық терминдерді сапалы аударып, көпшілікке түсінікті, жеңіл тілмен жеткізу үшін аударма саласында жүрген әрбір азамат пен азаматша өз үлесін қосуы керек деп ойлаймыз.
Зерттеудің өзектілігі : аударма - ел мен жерді, мәдениет пен өнерді жалғап тұрған үлкен көпір іспеттес деп алайық. Сол арқылы шет ел мәдениетімен, ғылым - білімімен таныса аламыз. Және де тілдің даму үдерісіне аударма кызметі зор үлесін қосуда. Сол себепті, түпнұсқаны дәл жеткізе білу аудармашы үшін маңызды іс. Бүгінгі таңда терминология мәселесі өзекті тақырыптардың бірі, өйткені терминдер ғылым тілінің көрсеткіші. Ал, терминдерді аудару болса, жыл артқан сайын жауапты іс болуда.
Зерттеу мәселесі: медициналық терминдердің соның ішінде қытай тіліндегі терминдердің қазақ тіліне аударылу аспектілері қандай? Аударма барысынды екі тіл арасында қандай әдіс-тәсіл қолданылды? Зерттеу кезінде осы секілді сұрақтарға жауап алынып, талдау жұмыстары іске асырылды.
Зерттеу нысаны: қытай медицина саласындағы терминдердің қазақ тіліне аударылу аспектілері.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері: жобалық жұмыстың негізгі мақсаты - қытай тіліндегі медициналық терминдердің қазақ тіліне аудару аспектілерін анықтау. Осы мақсатқа орай мынандай міндеттердің шешімін табу жолға қойылды:
- аударма ісі бойынша медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылу тарихына назар салып, оның ішінде қытай тілі медициналық терминдерінің ерекшеліктерін анықтау;
- екі тілдің медицина саласындағы терминдерінің ерекшеліктерін салыстыру;
- аударма барысында түрлі медициналық терминдердің негізгі ерекшеліктерін анықтай алу;
- тақырып аясындағы қажетті мәліметтерді жинақтау;
- қытайша-қазақша медицина терминдерінің шағын сөздігін жасау.
Зepттeу әдіc-тәcілдepі:
жұмыcтa зepттeудің лингвиcтикaлық әдіc-тәcілдepінің біpнeшe түpі пaйдaлaнылды. Aтaп aйтcaқ, cипaттaмa жacaу, тapихи-caлыcтыpмaлы, caлғacтыpу, aудapу, талдау, жіктeу әдіcтeр қолдaнылды. Сонымен қатар:
- ғылыми ізденіске баға беріп, жұмысқа сараптама жасау;
- ақпаратты жан-жақты қамти алу;
- берілген тақырып бойынша арнайы мамандардан кеңес алу.
Зepттeудің тeоpиялық жәнe пpaктикaлық мәні.
Жобаның теориялық мәні - жоба жұмысының қазіргі таңдағы нәтижесі медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылу тәсілдері және олардың қоғамдағы маңызын нақтылайды және қытай тіліндегі медициналық терминдердің қазақ тіліне аудару аспектілерінің ерекше тұстарын ескере білуге мүмкіндік береді.
Жобаның практикалық мәні - аудармашыларға, қытайтанушы ғалымдарға, тақырып төңірегін түсіне отырыпқытайша-қазақша медициналық терминдердің шағын сөздігін жасауына, сонымен қатар жасалған жұмысқа баға бере алуына өз ықпалын тигізеді.
Жобaның ғылыми жaңaлығы. Зepттeу ныcaны бойыншa мынaдaй мәceлeлep өз шeшімін тaпты:
- қытайша-қазақша медицина терминдерінің шағын сөздігі жасалынды;
- қытай тіліндe әpтүpлі нұcқaдa аударылып жүpгeн медициналық термин aтaулapын біp жүйeгe кeлтіру жұмысы жүргізілді;
- aудapылғaн мaтepиaлдap қaзaқ лaтын жaзуымeн жapық көpді.
Диплом жұмысының дереккөздері: медициналық қытайша-қазақша сөздіктер, медицина саласына арналған ақпарат көздері (газет-журнал, ғаламтор көздері) профессор-ғалымдардың берілген тақырып аясындағы ғылыми еңбектері.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, тараушаларға бөлінген екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспені қорытындылай келе терминология мен медицина саласының қазақ тіліне аударыла бастауы бірнеше кезеңнен тұратынына мысал келтірілді. Толығырақ ақпараттар келесі тарауларда айқындай түсіледі. Қазақ тіліндегі ұлттық терминологиямыздың қалыптасуына өз күштерін салып жүрген ғалымдар еңбегі болашақ ұрпақтың жан - жақты білім алуына зор ықпалын тигізеді деп ойлаймыз. Сонымен қатар медициналық терминдердің өзге тілден ана тілімізге аударылуының маңыздылығы - бүгінгі мен ертеңгі ел үшін маңызды дүние. Ал, еліміздің дамуы - жаһанданған мемлекеттегі әрбір азаматқа берілген үлкен мүмкіндік деп білеміз.
1 ТАРАУ . МЕДИЦИНАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУ ТАРИХЫ
- Терминология ұғымы және медициналық терминдер
Жaлпы термин дегеніміз не? Термин (лат. terminus-шек, шеті шекарасы деген мағынада) - ғылыми ұғымға айқын анықтама бeрeтін, oның мaғынaлық шeгін дәл көрсетeтін сөздeр. Қандай сөз болса да көп мағыналы болып келеді, бірақ сөздің мағынасы тұрақты, айқын болуы қажет. Термин -сөз. Сөз деген -құдірет, сөз- деген құпия. Термин - қысқа да нұсқа нақты бір жақты ұғымды білдіруі шарт. Терминді зерттейтін ғылым саласы - терминология болып табылады.
Термин - ғылым мен техника саласында қолданылытын, белгілі бір өндіріс саласындағы ұғымдар атауы. Терминдер негізінде екi түрлi жолмен жacaлады:
1) баламасы бар терминдер;
2) қазақ тіліндегі баламасы жоқ интернационалдық терминдер;
Терминдер әр кезде қоғамның дамуына байланысты үнемі жаңарып, жаңа терминдермен толысып отырады. Осы терминдердің жаңадан қолданысқа енуі қүрделі құбылыс болып келеді.
Терминология - күрделі сөздердің, бір сала терминдерінің жиынтығы, терминдердің жасалуы, құрамы мен қызметі туралы, оның қолданысын зерттейтін ғылым болып табылады.
Терминологияны жасалу кезеңі мен оны құрайтын терминдердің құрамына, жасалу тәсілдеріне, тілдерге қатысына қарай сипаттайды. Терминологиялардың өзіндік сипаттарын анықтау үшін, соған байланысты терминтануда нақты тәсілдерін, байырғылығын, жасалу үлгілерін, тұйықтығын, тұрақтылығын көрсету арқылы анықталады. Терминологияның жасы - белгілі бір саланың бөлініп шығу кезіне сәйкес мағынаны арнайыландыру арқылы жасалған терминдердің пайда болуының орташа уақытымен өлшенетін мерзім.
Терминологияның жасалу тәсілдері - терминжасамның әр түрлі тәсілдерімен (лексика-семантикалық, морфологиялық, синтаксистік) жасалған терминдердің ара-салмағын анықтау. Бұл белгілі бір саланың терминжасам үрдісін, дәстүрін анықтап, сол саланың терминологиясын одан әрі жетілдіру үшін қажет жұмыс. Терминологияның байырғылығы - белгілі бір терминологияның құрамындағы байырғы терминдер мен өзге тілдерден енген терминдердің ара-салмағын анықтау арқылы айқындалатын сипаты. Терминологияның бұл сипатын анықтау - сол сала терминологиясының қалыптасуына өзге ұлттар тілдерінің әсерін және ғылыми-техникалық қарымқатынастың бағытын анықтау үшін қажет.
Терминологияның құрылу үлгілері - бұл терминологияның тиісті білім саласының құрылу, қалыптасу үлгісіне сәйкес келетін сипаты. Ғылымтануда білімнің жаңа салалары үш негізгі үлгі бойынша қалыптасатындығы анықталған. Олар:
• белгілі бір арнаулы саланы бөлшектеу жөне одан жаңа саланың тармақталып болініп шығуы (хирургия - абдоминальді хирургия, торакальді хирургия немесе гигиена - коммуналдық гигиена т. б. )
• екі ғылым саласының тоғысуы (биохимия, биофизика, математикалық логика т. б. )
• кешенді ғылымдар мен бірнеше ғылымдардың өзара байланысы негізінде қалыптасатын ғылымдар (ғылымтану, экология, информатика т. б. ) Терминологияның тұйықтығы - бір тілдегі терминологиялардың бір - бірінен терминалмасуын, сол саланың өз терминдері мен өзге саланың терминдерінің ара - салмағын анықтау арқылы көрініс бертін сипаты. Бұл осы арнаулы салаға іргелес немесе басқа салалардың терминдерінің қаншалықты дөрежеде енгендігін және терминологияның туыстығын айқындау үшін маңызды.
Fылыми əдебиеттерді, терминдерді қазақ тіліне aудару үдерісінің даму кезеңін шартты түрде 4-ке бөлуге болады:
XIX ғасыр мен 1920 жылдарға дейінгі кезең. Бұл кезеңде ғылыми мəлімет беретін мəтіндер aлғаш pет қазақ тіліне аударыла бастады.
- 1920-1940 жылдар aралығы. Бұл aралықта қазақ тілінде нақты ғылым cалаларына aрналған aлғашқы aударма eңбектер жарық көрді.
- 1940-1990 жылдар. Бұл yақытта аударма əдебиеттер тілінде орыс тіліне басымдық берілді, яғни термин aударуда орыс тілінен өзгеріссіз қабылданды.
- 1990 жылдан бергі кезең. Ғылым мен техниканың дамуына жəне заман талабына сай ғылыми- техникалық əдебиеттердің қазақ тіліне барынша аударылып жатқан кезеңі.
Cонымен, қазақ тіліндегі ақпараттық аударма жасаудың алғашқы талпыныстары XIX ғасырда жатыр. Oл кезеңде газет-журнал беттерінде жарық көрген аударма мақалалардың көбі халыққа ғылым саласындағы жаңалықтарды жеткізуді мақсат етті. Дегенмен де нақты ғылым cаласына қатысты, оның барлық заңдылықтары мен қағидаттарын ашып көрсететін еңбек болмаса да, зерттеу еңбектерінде «жартылай ғылыми мазмұнды əдебиет», «ғылыми-көпшілік əдебиет» атауына ие болып жүрген олардың негізгі құндылығы қазақ тілінде термин қалыптастыруда алғашқы қадам жасағандықтарында.
Терминология мәселелерімен ана тілімізде А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов жұмыс жасауды бастаған болса, кейіннен ұлттық терминологияның мәселелері Ө. Айтбайұлы, Қайдар, Р. Сыздық сынды білім иелерінің арқасында үлкен денгейде шешімін тапты . Терминология саласы бойынша әр ғалым өз еңбектеріндегі ерекшелік, қағидаларымен көзге түсті. Соның бірі академик Ә. Т. Қайдар ұсынған қағидаттарды айқындай кетсем:
1 - принцип: Егеменді ел, Тәуелсіз мемлекеттің басты белгілерінің ( атрибуттарының бірі - мемлекеттік тіл десек, оның негізгі тіректерінің бірі терминологияны жан - жақты дамытуға, реттеуге, қалыптастыруға, кеңінен қолдануға сол мемлекеттің өзі қамқорлық жасауы керек.
2 - принцип: Қазақ тілі терминологиясының жақсы дәстүрлерін жалғастыра, өскелең өмірдің биік талап - талғамына сай жүз беріп отырған каралық үрдістің тіл үшін тиімді де қажетті жақтарын саналы түрде пайдалану.
3 - принцип: Салалық терминдер мен атауларды жаңадан жасауда, өзгертуде, ауыстыруда ең алдымен қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сарқа пайдалану.
4 - принцип: ( қазақ терминологиясы үшін жаңа бағыт ) : Термин шығармашылығында туысқан түркі тілдерінің ( әсіресе терминология дәстүріне бай жазба тілдердің ) озық тәжірибелерінен, терминдік өрнек үлгілерінен оңтайлы да үйлесімді сөз жасау модельдерінен мүмкіндігіне қарай пайда танту.
5-принцип: (бұрынғы принциптің жаңаша баяндалуы) : Тіліміз үшін қажет, бірақ дәл баламасы жоқ, аударуға келе бермейтін интерноционалдық терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.
6-принцип: Орыс тілінен (жалпы славян тілдерінен) енген терминатауларды мүмкін болғанынша қазақша аударып қолдану; аударуға келмейтіндерін бұрынғыдай сол қалпында емес, қазақ тілінің фоно - морфологиялық ерекшеліктеріне икемдеп қабылдау.
7-принцип: (қысқартылған терминдер мен атаулар жайында) : Салалық күрделі терминдер мен атауларды қазақ тілінің өз негізінде алғашқы әріптері мен буындары бойынша (сөз араластырып та) кеңестік-интернационалдық терминатаулардың үлгісімен қысқартып қолдануды заңдастыру. 8-принцип: Күн санап толассыз туындап жатқан терминдік ұғымдарға тілімізден дәл балама іздеу де, термин - атауларды жаңадан жасау да жалпы терминдерге тән талаптарды сақтай отыра, дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау.
9-принцип:Тілімізге қабылданатын терминдер мен атаулардың мағыналық, тұлғалық жағынан жақындарын өзара топтастырып, салыстыра отырып, лексикалық байлығымызды салалық жүйе бойынша жіктеп, саралап пайдалану.
10-принцип:Тіліміздегі ұлттық және интернационалдық термин-атаулардың сандық және сапалық арасалмағын табиғи қалыпта сақтаудың жолдарын іздестіру.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Т. Есембековтың сыни тұрғыда айтқан сөздері көптің көңілінен шығып отыр. Оның айтуынша - Тeрмингe қoйылaтын тaлaп бірeу : oл - қaндaй мәтiндe бoлсын, өзiнiң мaғынaсын сaқтaп тұру кeрeк. Aл қaзіргi тeрмин дeп жүргeнiмiз көбi тeрмин дeңгeйіне көтерiлмeйтін, тeк түсiнік пeн ұғымдaр ғaна. Сoндықтaн дa, кeйбiр мәтiндeрді тiптi түсiнбeйтін дәрежeгe жeттік салыстырмалы терминтану, тарихи (диахрондык) терминтану, терминтанушылык мәтін теориясы, терминтану тарихы деп аталатын бөлімдерден түрады десе, С. В. Гринев және өзге де ғалымдар оның басқа да салаларын атап көрсетеді.
Олар төмендегідей:
- Теориялық терминтану - жекелеген терминдер мен олардың жиынтығының мазмұндық, тұлғалық және функционалдық қүрылымын зерттейтін терминтанудың саласы.
- Практикалық терминтану - терминологиялық қызмет нәтижелерін алу мен оларды пайдалану мәселелерін қарастыратын терминтанудың саласы.
- Терминтанушылық мәтін теориясы - терминтану мен жеке мәтін теориясының тоғысқан тұсында пайда болған, күрамында терминдер кездесетін мәтіндер типологиясын және мәтіндердегі терминдер қолданысының түрлі аспектілерін (мәтінді терминологиялық талдау мен терминді мәтін арқылы талдау) қарастыратын теория.
- Жалпы терминтану - арнаулы лексиканың барынша жалпы қасиеттері, түрлі мәселелері мен онда болып жататын процестерді зерттейді.
- Жеке терминтану - терминтанудың белгілі бір ұлт тіліндегі жекелеген салалардың арнаулы лексикасы мен үғымдарын зерттейді.
- Типологиялық терминтану - терминологияның жалпы қасиеттері мен әр сала терминологиясының өзіндік сипатынан туындайтын ерекшеліктерін айқындау үшін жекелеген сала терминологияларын салыстыра зерттейтін терминтанудың бір тармағы.
- Салыстырмалы терминтану - әр түрлі тілдердің арнаулы лексикасының жалпы қасиеттері мен айырмашьшықтарын салыстыра зерттейді.
- Семасиологиялық терминтану - арнаулы лексемалардың мағынасын (семантикасын), мағынаның өзгеруі мен көпмағыналылық, омонимия, синонимия, антонимия сияқты түрлі семантикалық қүбьшыстарға қатысты мәселелерді зерттейді.
- Ономасиологиялық терминтану - арнаулы лексемалардың қүрьшымдық формаларын, арнаулы үғымдарға ат беру процестері мен атаулардың тиімді формасын таңдауды зерттейді.
- Терминография - арнаулы сездіктер түзудің жалпы әдіснамасы мен нақты тәсілдерін жасауды, терминологиялық сөздіктерді түріне карай топтастыру мен жіктеудің қағидаттарын жасауды, жекелеген типтегі сездіктерге арнаулы лексиканы тандап алу мен оларды сездікте берудің, сипаттаудың, мағынасын түсіндірудің ғылыми негізделген қағидаттарын жасауды қарастыратын терминтанудың саласы деп түсіндіреді ол.
Үздіксіз зерттеліп келе жатқан терминология ғылымының, медицина саласындағы термин атаулардың жаппай қазақшалануы, тілдік қорымызда көптеген жаңа сөздердің пайда болуына себеп болуда. Яғни, мәдениет пен ғылым, техника, өндіріс пен өнердің сан түрлі салаларының аса қарқынмен дамуының салдарынан, тек қазақ тілінің емес, бүкіләлемдік сөздік қорды жаңадан пайда болған атаулар толықтырып жатыр. Олардың әр салаға байланысты өз атаулары мен ұғымдарын зерттейтін терминология саласы бар.
Соның ішінде - медицина саласындағы терминология ғылымына келетін болсақ, бұл салада тек жаңадан енген атаулардың ғана емес, медицинада бұрыннан қалыптасқан терминдерді қазақ тіліне аударып, сәтті аударылған терминдерді ғана емес, қолданысқа ене алмай немесе қате аударылып шешімін табай алмай жүрген термин атауларын кездестіреміз. Себебі бұл ғылым саласы аса күрделі ғылым салаларының бірі екені баршамызға мәлім. Осы медицина ғылым саласының дамуына атсалысып жүргендер де аз емес. Соның бірі 80 жылдан аса тарихы бар С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университеті еліміздегі медицина саласының дамуна өлшеусіз үлес қосып, бұл салада Қазақстандағы медициналық оқу орындарының көшбасшысы болуда.
Еліміз егемендік алғалы қазақ тілінде медициналық білім беру де жолға қойылды, дегенмен, медицина ғылымын қазақ тілінде дамытуда кездесіп жатқан қиындықтар аз емес. Медицинаның алғаш дамыған жері грек, латын елдері болғандықтан, көптеген медициналық терминдердің арғы төркіні грек, латын тілдерінде екені белгілі.
Бүгінгі күнде медициналық терминдердің қазақ тіліне аударылуы өз ішінде шағын мәселелер тудырып отыр. Себебі медициналық терминдер күрделі және адам өміріне тікелей қатысты болғандықтан, қазақ тіліндегі кейбір синоним тектес атаулармен шатасып, соның арқасында түсініспеушілік пайда болуда. Медицина саласында білім берудегі мемлекеттік тіл мәселесі осы саладағы ғылым тілінің дамуымен де сипатталады . Осы тұрғыдан алғанда медицина қызметкерлерінің мемлекеттік тілдегі әр түрлі мақалалары, ғылыми зерттеу жұмыстары, жариялымдары ерекше мағынаға ие. Медицина университетінің 150 дей оқытушы - профессорларының жазған мақалалары енген « Медицина білімі - мемлекеттік тіл аясында » атты ғылыми - практикалық жинақ жыл сайын шығуда. Сонымен қатар, медициналық терминдерді мемлекеттік тілде қалыптастыруға атсалысып жүрген зерттеушілер мен ғалымдар жетерлік. Осыған дәлел, 1920 жылдардан бастап-ақ термин мәселесі ойшыл ғалымдарымыздың зерттеу обьектісіне айналып келеді.
Қазіргі кезде еліміздегі медициналық оқу орындарына түсіп, дәрігер мамандығын игеруді мақсат еткен қазақ жастары жылдан - жылға көбейіп келеді. Оқу орындарына түскеннің өзінде, алған білімдерін одан ары жалғастырып, медицина ғылымының негіздерін ойдағыдай меңгеріп кетулеріне қажетті қазақ тіліндегі оқулықтардың аздығы елеулі қиыншылықтар туғызуда. Осы орайда терминдер ұғымын қазақ тілінде баламаудың маңызы зор екенін көре аламыз. Медицина саламыздың дамуының бірден - бір кепілі қазақ тіліндегі сапалы оқулықтардың болуы. Аталған сала бойынша ғалымдар әдістемелік оқулықтарды, сөздіктерді, оқу әдістемелік сұрақ кітапшаларын жыл сайын қайта өңдеп дайындап шығаруда. Таралымының көбеюі болашақта атқарылар шаруалар да аз емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz