АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ


ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Дипломдық жобаның басты мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы Атқарушы биліктің ұйымдастырылуы мен биліктің қайта бөлінуе теориялық-тәжірибелік талдау жасау болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
1. Қазақстан Республикасындағы атқару билігі туралы жалпы түсінік беру;
2. Қазақстан Республикасы Президентінің атқару билігі аясындағы қызметінің конституциялық ерекшеліктеріне талдау жасау;
3. Қазақстан Республикасының атқару билігі туралы заңнамаларды жетілдіру және конституциялық реформалар аясындағы биліктің қайта бөлінуіне құқықтық талдау жасау болып табылады.
Дипломдық жобаның ғылыми жaңaлығы. Зерттеу жұмысының ғылыми, жаңалығы мынада: қaзіргі отaндық eңбeктeр мен жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде Қазақстан Ресубликасының атқарушы билік органдарының қызметіне, конституциялық реформалардың мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы маңызын талдаумен, ұсыныстарымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының өзара байланысын, жаңа талаптар мен мақсаттарды жүзеге асырудағы қызметінің бағыттары айқындалған.
Кейінгі жылдарда баспа беттерінде жарық көрген қазақстандық қоғам қайраткерлері мен тәжірибелі құқық қорғау саласының тәжірибелі мамандарының пікірін назарға ала отырып, талдау жасалғаны бaсты нaзaр aудaртaды. Дипломдық жобада aлынғaн нәтижeлeр мeн қорытындылaр жaлпы aлғaндa жүйeлілігі жәнe логикaлық қисынды құрылымымeн сипaттaлaды. Сонымeн қaтaр Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгерістер мәселесін қозғап, өзгерістердің жаңа қырларын талдаған еңбек болып табылады.
Дипломдық жобаның теориялық және практикалық маңыздылығы. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің құқықтық реттелуі, атқарушы билік органдарының қызметінің ұйымдастырылуы мен осы саланы жетілдіру бағыттары, реформалар мен биліктің қайта бөлінуі туралы қарастырылған.
Дипломдық жоба ізденушілерге Қазақстан Ресубликасындағы жүзеге асырылған конституциялық реформалар, мемлекеттік биліктің арақатынасы мен атқарушы билік қызметінің ұйымдастырылуы туралы тереңдете зерттеуге бағыт береді. Сонымен бірге, оқу үрдісінде мемлекет және құқық теориясы, құқық негіздері, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәндерін оқуда қолдану арқылы маңыздылығын арттырады. Сонымен қатар, тақырып бойынша ұсыныстар мен тұжырымдар осы тақырып бойынша зерттеу жұмысында пайдалануға мүмкіндіктер береді.
Тақырып бойынша қорытындылар мен атқару билік институтын жетілдіруге, заң жобасын жасау мен заңнаманы жетілдіруде, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды тәжірибеде жүзеге асыруда көмек болады.
Дипломдық жобаның әдістемелік негізі. Тақырыпты талдау мен негізгі түсініктерді ашу, анықтамалар беру, қорытынды жасау мен тұжырмдарға келу үшін салыстырмалы-құқықтық, нақты-әлеуметтік, талдау әдістері қолданылды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Коджахметова Динара Галимжановна
Акажанов Мирас Айдарұлы
Тулешов Сұлтан Кадырбекович
Қазақстан Республикасындағы атқару билігін ұйымдастыру: негізгі реформалар мен оның бағыттары
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5В030100- «Құқықтану» мамандығы бойынша
Талдықорған, 2021
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
«Қорғауға жіберілді»
Мемлекеттік-құқықтық пәндер
кафедрасының меңгерушісі
Т. Б. Жумагулов
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы атқару билігін ұйымдастыру: негізгі реформалар мен оның бағыттары
Мамандығы: 5В030100 - «Құқықтану»
Орындаған Коджахметова Д. Г.
Акажанов М. А.
Тулешов С. К.
Ғылыми жетекшісі,
заң ғылымдарының докторы,
профессор Ағыбаев А. Н.
Талдықорған, 2021
І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті
Факультет Құқық және экономика Кафедра мемлекеттік-құқықтық пәндер
Мамандығы 5В030100 - Құқықтану
(шифр, атауы)
БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі
« 02 » қараша 2020 ж.
студент Коджахметова Динара Галимжановна, Акажанов Мирас Айдарұлы
Тулешов Сұлтан Кадырбекович
дипломдық жоба бойынша
ТАПСЫРМАСЫ
1. Дипломдық жобаның тақырыбы Қазақстан Республикасындағы атқару билігін ұйымдастыру: негізгі реформалар мен бағыттары
Университеттің Басқарма Төрағасы - Ректордың «30» 10 20 20 ж. № 763- с бұйрығымен бекітілген.
2. Студенттің аяқталған жобаның өткізу мерзімі 05. 05. 2021 ж.
3. Дипломдық жобаның мақсаттары мен міндеттері. Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы Атқарушы биліктің ұйымдастырылуы мен биліктің қайта бөлінуе теориялық-тәжірибелік талдау жасау болып табылады. Көзделген мақсатты іске асыру үшін бірнеше міндеттер алға қойылады.
1. Қазақстан Республикасындағы атқару билігі туралы жалпы түсінік беру;
2. Қазақстан Республикасы Президентінің атқару билігі аясындағы қызметінің конституциялық ерекшеліктеріне талдау жасау;
3. Қазақстан Республикасының атқару билігі туралы заңнамаларды жетілдіру және конституциялық реформалар аясындағы биліктің қайта бөлінуіне құқықтық талдау жасау болып табылады.
4. Қарастырылатын сұрақтардың тізімі
5. Графикалық ж/е иллюстрациялық материалдар тізімі_
6. Жоба бойынша кеңес берушілер
Тапсырма
берілді
7. Тапсырманың берілген ай-күні 02. 11. 2020 ж.
Жетекші
(қолы)
Тапсырманы орындау үшін қабылдадым
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1 қазақстан республикасындағы атқару билігінің жалпы сипаттамасы . . . 6
1. 1 Қазақстан Республикасындағы атқару билігі: түсінігі, белгілері және қызметі . . . 6
1. 2 Қазақстан Республикасындағы атқару билігі жүйесінің конституциялық даму негіздері . . . 11
1. 3 Қазақстан Республикасы Президентінің атқару билігі аясындағы қызметінің конституциялық ерекшеліктері . . . 14
2 қазақстан республикасындағы атқарушы биліктің ұйымдастырылуы . . . 19
2. 1 Үкіметтің атқарушы билік органы ретіндегі қызметі . . . 19
2. 2 Атқарушы билікті жүзеге асырушы ретіндегі үкіметтің конституциялық құқықтық мәртебесі . . . 24
2. 3 Үкіметтің басқа билік тармақтарымен арақатынасы . . . 27
3 АТҚАРУШЫ БИЛІКТІ ЖЕТІЛДІРУ МЕН БИЛІКТІҢ ҚАЙТА БӨЛІНУ ТӘЖІРИБЕСІ . . . 30
3. 1 Қазақстан Республикасының атқару билігі туралы заңнамаларды жетілдіру мәселелері . . . 30
Қорытынды . . . 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 36
КІРІСПЕ
Дипломдық жобаның өзектілігі. Мемлекеттік билікті нығайтудың объективтік қажеттіліктері қазақстандық қоғамның кезек күттірмейтін міндеттерін: бәсекеге қабілетті экономика тұрғызу, әкімшілік сот-құқықтық реформалар жүргізу, қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз ету, Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырудан туындайды.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 64, 65 - баптарында «Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды.
Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етудiң негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады; Республика Президентiнің келісімімен мемлекеттік бағдарламаларды бекітеді, сондай-ақ олардың орындалуын қамтамасыз етеді; », - деп қарастырылған [1] .
Атқарушы билік органдарының қызметін ұйымдастырудың тиімділігінің әлсіз болуы, оның қазіргі конституциялық бекітілген моделінің ескі жүйедегі ұйымдастыру әдістерінің қалдықтарымен ұштасуымен қатар жүрді және жаңа тиімді әдістерді жуық арада тез енгізе қою мен жүзеге асыру қиыншылықтары әсер етті. Бұндай атқарушы билік аясындағы кері әсерлі мемлекеттік-құқықтық қатынастар Қазақстанның конституциялық құрылысының негізгі қағидаларына нұқсан келтіреді.
Сондықтан да Қазақстан Республикасының атқарушы билік аясындағы бағытталған негізгі конституциялық реформалар атқарушы биліктің конституциялық-құқықтық мәртебесін нақтылау, әртүрлі атқарушы билік органдары арасындағы басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталады.
Мемлекеттік билік органдарының қызметін атқарушы билік органдарының тиімді жұмысынсыз жүзеге асуы мүмкін емес. Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында баса атап көрсетті: «Үкіметке «Қазақстанның ұлттық технологиялық бастамасы» деп аталатын Елді үшінші жаңғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудың стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.
Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаңғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ», - деген тапсырма берді [2] .
«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2017 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік биліктің салаларына қатысты сұрақтар көтеріліп, «Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің қызметінде Республика Президентінің және Парламенттің алдында жауапты» [3] .
Дипломдық жобаның ғылыми жaңaлығы. Дипломдық жобаның ғылыми жaңaлығы рeтіндe қaзіргі отaндық eңбeктeр мен жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілер негізінде Қазақстан Ресубликасының атқарушы билік органдарының қызметіне, конституциялық реформалардың мемлекеттік билікті жүзеге асырудағы маңызын талдаумен, ұсыныстарымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының өзара байланысын, жаңа талаптар мен мақсаттарды жүзеге асырудағы қызметінің бағыттары айқындалған.
Кейінгі жылдарда баспа беттерінде жарық көрген қазақстандық қоғам қайраткерлері мен тәжірибелі құқық қорғау саласының тәжірибелі мамандарының пікірін назарға ала отырып, талдау жасалғаны бaсты нaзaр aудaртaды. Дипломдық жобада aлынғaн нәтижeлeр мeн қорытындылaр жaлпы aлғaндa жүйeлілігі жәнe логикaлық қисынды құрылымымeн сипaттaлaды. Сонымeн қaтaр Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілген өзгерістер мәселесін қозғап, өзгерістердің жаңа қырларын талдаған еңбек болып табылады.
Дипломдық жобаның объектісі. Қазақстан Республикасындағы Атқарушы биліктің ұйымдастырылуы мен биліктің қайта бөлінуінің құқықтық реттелуінен туындайтын қоғамдық қатынастар.
Дипломдық жобаның пәні . Атқарушы биліктің ұйымдастырылуы, құқықтық мәртебесі мен биліктің қайта бөліну тәжірибесі, мемлекеттік билікті құқықтық реттеудегі нормативтік-құқықтық актілер, сонымен қатар оларды қолдану тәжірибесі.
Дипломдық жобаның мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жобаның басты мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы Атқарушы биліктің ұйымдастырылуы мен биліктің қайта бөлінуе теориялық-тәжірибелік талдау жасау болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Қазақстан Республикасындағы атқару билігі туралы жалпы түсінік беру;
- Қазақстан Республикасы Президентінің атқару билігі аясындағы қызметінің конституциялық ерекшеліктеріне талдау жасау;
- Үкіметтің атқарушы билік органы ретіндегі қызметі мен оның конституциялық-құқықтық мәртебесін айқындау;
- Үкіметтің басқа билік тармақтарымен және мемлекеттік органдармен
арақатынасын жіктеу;
- Қазақстан Республикасының атқару билігі туралы заңнамаларды жетілдіру және конституциялық реформалар аясындағы биліктің қайта бөлінуіне құқықтық талдау жасау болып табылады.
Дипломдық жобаның теориялық және практикалық маңыздылығы . Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің құқықтық реттелуі, атқарушы билік органдарының қызметінің ұйымдастырылуы мен осы саланы жетілдіру бағыттары, реформалар мен биліктің қайта бөлінуі туралы қарастырылған.
Дипломдық жоба ізденушілерге Қазақстан Ресубликасындағы жүзеге асырылған конституциялық реформалар, мемлекеттік биліктің арақатынасы мен атқарушы билік қызметінің ұйымдастырылуы туралы тереңдете зерттеуге бағыт береді Сонымен бірге, оқу үрдісінде мемлекет және құқық теориясы, құқық негіздері, Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы, Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәндерін оқуда қолдану арқылы маңыздылығын арттырады.
Дипломдық жобаның әдістемелік негізі. Дипломдық жобаның методологиялық негізі болып филососфиялық, жалпы теориялық, тарихи және арнайы құқықтық білімдер жүйесі және олар теориялық білім мен анықтама, көзқарас, қорытынды жасаудың негізі болып табылады.
Жұмысты дайындау үшін жалпы теориялық, тарихи және құқықтық әдебиеттер зерттеліп, заң бойынша осы үрдістің іске асуы мен реформаларға арқау болған жағдайлар туралы мәселелер көтеріліп, заңнамаларға зер салынған.
Тақырыпты талдау мен негізгі түсініктерді ашу, анықтамалар беру, қорытынды жасау мен тұжырмдарға келу үшін салыстырмалы-құқықтық, нақты-әлеуметтік, талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жобаның бойынша ұсынылатын нәтижелер:
1. Қазақстан Республикасындағы Атқарушы билік - заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді.
Атқарушы билік өз өкілеттілігі шеңберінде азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады; азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қалыпты өмір сүруіне ықпал ететін жағдайларды туғызады; азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін, қоғам ерікті, саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлері үшін жағдай туғызады;
2. Атқарушы билік органы - мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқықтық мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады. Сондықтан олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін жан-жақты қарауды қажет етеді;
3. Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдарының конституциялық қағидаларға сай қалыптасуы мен дамуы мемлекеттік қызмет саласындағы реформаларды жалғастыруды талап етеді. Әсіресе, бұл қайта құрулар мен өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының әлеуметтік- экономикалық, саяси дамуы жолындағы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруға тікелей жауапты атқарушы билік органдарының қызметімен тікелей байланысты;
4. Жаңа конституциялық реформалар арқылы Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының құзіреттілігі артты. Заң билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді етуге бағытталды. Сонымен қатар, атқарушы билікке, оның ішінде жергілікті атқарушы билік органдарына қатысты енгізілетін парламенттік бақылау мемлекеттілікті құру жолындағы әлемдік тәжірибе талабына толығымен сәйкес келеді. Мұндай бақылау қағидасы дүние жүзінің көптеген дамыған елінің конституцияларында бекітілген және тәжірибе жүзінде жақсы нәтиже көрсетті.
Дипломдық жобаның сыннан өтуі. Дипломдық жоба І. Жaнсүгіров aтындaғы Жeтісу унивeрситeті, құқық және экономика фaкультeтінің мемлекеттік-құқықтық пәндeр кaфeдрaсындa орындaлды.
Зeрттeу жұмысының тeориялық нeгізгі тұжырымдaры, ұсыныстaры, қорытындылaры конференция материалдарында баяндалды:
1, Әкімшілік құқықбұзушылық бойынша ұстап алуды қамтамасыз етудің құқықтық реттелуі. - Салық Зимановқа арналған халықаралық конференция материалдары. - Қостанай, 2021. 321 статьясы да осында
Дипломдық жобаның құрылымы . Диплoмдық жоба кiрiспe, екі бөлiмнeн, қoрытынды мeн пaйдaлaнылғaн әдeбиeттeр тiзiмiнeн тұрaды.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АТҚАРУ БИЛІГІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы атқару билігі: түсінігі, белгілері,
қызметі
Атқарушы билік органдары - мемлекеттік биліктің осы тармағын жүзеге асыратын негізгі субьект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті іс жүзінде жүзеге асыру, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік-құқыктық мәртебесі көпшілігінде нақ осындай мемлекеттік органдардың қызмет аясында шындыққа айналады.
Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір дәрежеде ұйымы деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада бірлескен қызметтің қандай да болмасын түрін жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін ең аз дәрежеде болса да адамдар ұжымының рәсімделген жекелеген бастауыш ұйымын білдіреді. Кең мағынада ол осындай бастауыш ұйымдардың жиынтығын білдіреді.
Ұйымдарды мемлекеттік және мемлекеттік емес сипатына қарай ажырату алынған. Біріншілері ресми түрде мемлекетпен рәсімделеді. Екіншілері олардың мүшелерінің еркімен рәсімделеді (мысалы, партия) .
Мемлекеттік ұйымдардың тобына мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және, соңында, мемлекеттік органдар енлзіледі. Бұл кәсіпорындар мен мекемелерді біріктіретін ортақ белгі мынаған салды. Олар өзінің қызметін, оларды құратын мемлекеттің атынан, бірақ қандай да болмасын биліктік өкілеттіктерсіз және өзінен сыртқары қандай болса да басқару функцияларын атқармай, жүзеге асырады. Кәсіпорындар мен мекемелердің ішінде басқару сипаты бар функцияларды тиісті ұжым емес, оның басшылары, яғный әкімшілігі жүзеге асырады.
Бұл келтірілген жағдайлар атқарушы билік органдарының ерекшелігін түсіну үшін қажет. Олар мемлекеттік ұйымдардын жүйесінде ерекше орын алады, ол өзінің тікелей көрінісін мыналардан табады.
Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот биліктері органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың бөлек буыны болып табылады. Бұл, біріншіден, олардың мемлекет атынан тікелей өкілдік ететінін, шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси өмірдің әр түрлі салаларында оның саясатын жүзеге асыратынын білдіреді және, екіншіден, оларға мемлекет бұл үшін қажетті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің белгілі бір көлемін береді, бұлардың кәсіпорындар мен мекемелерде болуы мүмкін емес.
Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың:
- мемлекет атынан ұйымдастыру бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғаларға арналатын заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығару;
- құқықтық актілермен белгіленген талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқап отыруды (қадағалауды) жүзеге асыру;
- заңды түрде міндетті болатын актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз ету және оларды бұзушылықтан өзінің сипаты бойынша мемлекеттік иландыру, түсіндіру, мадақтау т. с. с. шараларды, ал қажет болған жағдайларда-мемлекеттік (әкімшілік) мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен қорғау құқығынан көрініс табады [4] .
Атқарушы билік органдарының мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері тек мемлекеттік-басқарушылық қызмет мақсаттарына ғана пайдаланылады. Бұл органдар заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді (олардың ішінде өздерінің актілерін де) орындау үшін құрылады.
Атқарушы билік органдары өзінің қызметін заңға тәуелді негізде атқарады. Бұл - мемлекеттік - басқарушылық кызметтің негізгі базасы заң екендігін білдіреді оның субъектілері осы мемлекеттік органдар болып табылады.
Республиканың да, сондай-ақ аймақтың да деңгейлерін - де болатын атқарушы билік органдары мемлекеттік әкімшіліктің бірыңғай жүйесін құрады. Осы жүйенің шегінде оның әрбір буынының яғный нақты атқарушы билік органының қажетті қолма-қолдық дербестігі болады. Ол өзінің көрінісін, сол сияқты осы органға тиісті өкілеттіктердің көлемі мен тапсырылған іс үшін оның жауапкершілігінің шарасында оның құзыретінен (міндеттері, функциялары, өкілеттіктері, жауапкершілігі) табады. Бұл органдардың құзыретінің негіздері жарым-жартылай Конституцияда және заңнамалық актілерде бекітіледі.
Азаматтық құқық қабілеттілік атқарушы билік органдарының құқықтық мәртебесінің белгісі болып табылмайды. Оларды сипаттау үшін Заңды тұлғаның санатын жалпы алуға болмайды, өйткені олардың жүзеге асыратын мемлекеттік-басқарушылық қызметінің сипатын да, сондай-ақ оларға тиісті мемлекеттік-биліктік өкілеттіктердің ерекшелігін де білдіруге қабілетсіз.
Атқарушы билік органдары адамдардың белгілі бір ұжымы әкімшілік-басқарушылық персоналдың қызметкерлері немесе мемлекеттік қызметшілер (штаттар) . Ұжымның шеңберінде белгілі бір ұйымдық-құқықтық байланыстар жасалынады, функционалдық міндеттер мен құқықтар бөлінеді, сондай-ақ тапсырылған жұмыстың бөлігі үшін жауапкершілік айқындалады. Бұл мемлекеттік-қызметтік қатынастар, өйткені осы органның қызметкерлері мемлекеттік қызметшілер болып табылады.
Атқарушы билік органдарының ұйымдастыру құрылымы, яғный бағынышты құрылымдық бөлшектер құруын болжайтын ішкі құрылысы болады (мысалы, министрліктердің департаменттері) . Олардың қызметі осы атқарушы билік органының өзінің сыртқары, яғный тікелей мемлекеттік басқару аясында міндетін тиімді орындауға қабілетті болу үшін қажет ішкі ұйымдастырудың (өзін-өзі ұйымдастырудың) көрінісі болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдары туралы Е. О. Баянов: «Атқарушы билік органы - мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік - басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік - құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік - құқықтық мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады», - деген анықтама береді [5] .
Шетелдік ғалымдар демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқару үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөлген ағылшын ойшылы Джон Локк (1632-1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689-1753) болғанын айтады [6] .
Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік - заң күшіндегі реттеу өкілеттілігін, сыртқы саяси өкілдіктің өкілеттілігін, әртүрлі бақылау түрлерін жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерді қоса алғандағы мемлекеттік істерді басқару бойынша өкілеттіліктердің жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасындағы атқарушы биліктің мақсаты:
1) Азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
2) Азаматтардың, қоғамның және мемлекеттің қалыпты өмір сүруіне ықпал ететін жағдайларды туғызу;
3) Азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру үшін, қоғам ерікті, саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірлері үшін жағдай туғызу.
Атқарушы биліктің белгілері:
1) Жан - жақтылығы (адамдар ұжымының қызмет ететін жерлердің барлығында және үздіксіз болуы) ;
2) мәжбүрлеушілігі (күшке сүйенуі - ықпал ету шараларын жеке, дербес жүзеге асыру мүмкіндігі) ;
3) құралдылығы (құқықтық, ақпараттық, техникалық, ұйымдық қорларының (ресурстарының) болуы) ;
4) ұйымдастырушылық сипатта болуы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz