Жазушы өзінің туған жері туралы бір сөзінде


МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3
I - тарау. Ш. Айтматов әлемі және оның прозасындағы образдық бейнелердің көркемдігі …… . . .
1. 1. Жазушы Ш. Айтматов түйген ой-толғамдар . . .
1. 2. Ш. Айтматовтың көркем прозадағы тың ізденісі
II - тарау. Шыңғыс Айтматов: Әдебиеттегі Мәңгүрттік сана ұғымы . . .
2. 1. Ш. Айтматов пен Ә. Кекілбаев шығармаларындағы адам мен аңыз проблемаларының үндестігі.
2. 2. Мәңгүрттік тарихи сананы жоғалту
Қорытынды. . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . .
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Адамзат тарихында ХХ ғасыр мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мәдениеттің дамып, қалыптасуына әсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен өріс алуы жалпы адамзаттық мәдениеттің дамуына және оның ұлттық түрлерінің нәрленуіне, олардың, өзара қарым-қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше әсер етті.
Міне, осы жағдайларды ескере отырып, ХХ ғасыр мәдениетінің мазмұнын ашып көрсетуге екі басты мәселеге баса назар аударғанды жөн көрдік. Оның біріншісі, ХХ ғаыср мәдениеті дамуының басты бағыттары (ХХ ғасыр мәдениетінің қалыптасуының сабақтастығы мен дәстүрлері, қазіргі заман мәдениетінің тоқырауға ұшырауы мен одан шығу жолдары және бұл процестің түрлі мәдени концепцияларда көрініс табуы және т. б. мәселелері), екіншісі, ХХ ғасыр мәдениетінің (жалпы адамзаттық және ұлттық диалектика және т. б. ) .
Ұлттық мәдениет дәстүрлерін сақтап қалу бағытының ерекше етек алып отыр. Дүниежүзілік өркениеттің даму барысының өзі-ақ ұлттық мәдениеттердің маңыздылығы бүгінгі таңда бұрынғыдан да артып отырғандығын және әрбір мәдениет дүниежүзілік дамудың түрлерін өз қажетінде қабылдауымен қатар, жалпы адамзаттық мәдениеттің қалыптасу процесіне өздерінің қомақты үлестерін қосып отырғандығын көрсетіп отыр. Қазіргі дәуірде тән ерекше қасиет - ұлттық мәдениеттердің тұйықтықтан арылып, бір-бірімен байланыстарын жаңа сапалық дәрежеге көтеруі болып табылады.
Ш. Айтматов шығармаларында өзінің шығармашылық позициясы мен өмірге көзқарасын жаңа бір биіктен танытып, адамгершілік негіздерін зерттеуде, адамның табиғи қасиетін танытуда шебер жазушы екенін дәлелдеген жазушы. Көркем шығармада аңыздық желіні пайдалану үрдісі қай кезең, қай дәуір әдебиетінде де мол кездесетіні белгілі. Бұған қазақ әдебиеті тарихынан да көп мысал келтіруге болады. Бәрін тізіп жатпай-ақ Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Иса Байзақов, Сәбит Мұқанов, Сапарғали Бегалин, т. б. поэмаларын еске түсірсек те жеткілікті. Келтірген мысалдар арасында ой жүгіртсек жаңа жазба әдебиетінің қалыптасу, даму барысында көркем бейне жасау, өткен тарих шындығын бейнелеу поэзия жанрында көріну және аңыздық желіні пайдалану тағы да еске түсетіні рас. Осы бір үрдіс өткен ғасырдың алпысыншы жылдары прозалық шығармаларда да молынан ене бастады [1, 41б] .
Осы бір құбылыс Әбіш Кекілбаевтың «Ханша-Дария хикаясы», «Күй», «Аңыздың ақыры» тәрізді прозалық шығармаларында-ақ көрініс тапса, Ш. Айтматовтың «Боранды бекет», «Ақ кеме» шығармаларында Адам деген кім, ол өмірге неге келіп, неге кетеді, оның болмысының мәні неде деген сияқты философиялық проблемаларды қойып, соны керемет шеберлік деңгейінде шешеді.
Ел тағдыры мен жер тағдырынан қымбат нәрсе болушы ма еді?! Бастауы мен қайнары көне- көне дәуірлерде, ықылым заманалар қойнауында жатқан осынау халық өмірінің мәңгілігін тануға, таразылауға, сүюге, дәріптеуге, асқақтатуға үйретер жазушы әлемінің мақсаты мен мұраты да осы екеніне сенеміз.
Осы мақсатта Ш. Айтматов және қазақ жазушылары қаламынан туған туындылары арқылы - барлық халықтардың өмір сүруі үшін лайықты, шын мәнінде адамға тән материалдық және рухани жағдай жасау, планетамыздың тіршілік жағдайын қамтамасыз ету, оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау екеніне тоқталамыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Ш. Айтматов шығармаларын талдау. Ш. Айтматов пен қазақ жазушысы Әбіш Кекілбаев, шығармасымен байланысына тоқталып, олардың әдебиет процесіндегі орны мен қайнар бұлағын саралау, көкейкесті мәселелері аспектісінде қарастыру.
- Ш. Айтматовтың еңбектеріне шолу жасау;
- шығармашылығының әр түрлі саласы бойынша талдау жасай отырып, жазушының өзіндік қолтаңбасын айқындау;
- әдебиеттің теориялық мәселелері жайлы толғамдарын бүгінгі қазақ әдебиеті негізінде салыстыру;
Диплом жүмысында қолданылған әдіс-тәсілдер: ғылыми еңбектерді және жазушы шығармалары туралы жазылған мақалаларды саралап талдау, өзара салыстыру, пікірлерді жинастыру.
Диплом жұмысының дерек көздері: зерттеу еңбектері, оқу құралдары, ғылыми мақалалар, Ш. Айтматов шығармалары, естеліктер.
Зерттеудің нысаны: Ш. Айтматовтың әртүрлі тақырыптар бойынша жазылған шығармалары. Ш. Айтматовтың әртүрлі тақырыптар бойынша жазылған шығармалары.
Жұмыстың құрылымы: Кіріспе бөлім, екі тарау, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе
Әсілінде, талант табиғатын ашатын тумысынан ерекше жаралып суреткерлік қасиетімен ерекшеленетін киелі өнер саналатын сөз өнерінің үдесінен шығу кез келген суреткердің бағына бұйыра бермейді. Ол хас шеберлігімен дараланатын бейнеткеш шын таланттардың қолынан ғана келетіні белгілі.
Киелі өнер саналатын сөз өнерінің байыбына барып ой талқысы мен қалам азабының сырына қаныққан жан ғана ұлы суреткер деген ардақты есімді иеленетіні заңдылық. Осы құдыретті сөз өнерінің өрісін кеңейтіп ой азабында шырмалатын таным мен талғамы жоғары бейнеткеш суреткерлердің қатары да сирек.
Көркем шығарманың атауы әмәнда авторлық концепциямен, суреткерлік идеямен һәм образдар табиғатымен жымдасып келуі өте сирек құбылыс. Туындының эстетикалық әсерін, бар ой-салмағын сығымдап, бір ғана атауына сыйғызып, символдық мәнге айналдыруға, әрине шын таланттың ғана қауқары жетпек. «Ана - Жер-Ана», «Қош бол, Гүлсары», «Ақ кеме», «Боранды бекеттің» образды мағынаға ие болуының астары осындда жатса керек. Бұл қалам-қабілет - сөз өнерінде қырғыз әдебиеті поэтикасының құдіретін танытқан Шыңғыс Айтматовтікі. Адамзаттың зілмауыр проблемаларын там-тұмдап шығармасына төккен суреткер әлем мен адам алдына өмірлік құндылықтарды көрсете алды. Бір шығармасымен екіншісі ұқсамайтын Айтматов шығармашылығының тағдырлы кейіпкерлері Жәмиладан басталып, Танабай, Едігеден асып, Авдий Калистратов, Бостан Үркіншиев болып жалғасты. (1)
Көптеген әдебиет зерттеушілері, сөз зергерлері болсын Айтматовтың әдебиетке әкелген құбылысы, жаңашылдығы қандай деген сұрақ төңірегінде ізденіп жататындығы бар. Дәуір мен уақыт тоғысында болып жататын қимыл қозғалысты суреткерлік тұрғысынан шығарма желісіне арқау етіп бере білетін жазушы әу бастан тамырын терңнен алатын халықтық дүниетаным мен даналық сырларына қанық болып өткенімізбен бүгінімізді үндестіре байланыстырып астарлы ой мен көркемдікпен өрілген астарлы тілі арқылы бере білуінде.
Жазушы үшін шығармаларына материал жинау үнемі тоқтаусыз жүргізілетін ізденіс нәтижелері жазушының білуге деген құштарлығы талант тасасында қалатын бейнеткештігі шығармашылық тұлғасын даралайтын негізгі ерекшеліктер. Бала күнінен ұлттық рухта тәрбиеленіп Манас жырына сусындап өскен ұлы жазушы шығармасында үнемі тарихи сананы еш қашан өшіруге болмайтынын ұлт басынан өткен зобалаң мен қасіретті кеңестік кезең үстем құрып тұрған кезде де шығармаларында ашық айтуында.
Ш. Айтматов жазу жұмысы кезінде шығармашылық еңбектің азабын басқалардан кем тартпайды, сол азаптан арылу жолында өмір тәжірибесіне, дүниетанысына, суреткерлік нысанасына сүйенеді. З. Қабдолов
Айтматов феномені дегенде нені түсінеміз? Дүйім жұрттың назарын аударып адам, қоғам, ұлт сияқты қастерлі ұғымдарды біртұтастықта қарап үнемі шығармаларының өзегі болатын жазушы, ертеректе жас шағында, алдымен қалың оқырмандарға әңгіме, повесттерімен танылса, кейіннен күрделі тақырыптарда шығармалар жазып онда көтерілеті мәселелерді бірігіп шешу керектігін алға қоюында.
Жазушыны абыройын асқақтатып, зау биікке көтерген шығармаларында адамзатқа ой сала, ойландыратын өзекті деген проблемаларды шығармаларында батыл көрсетіп жалпақ жұртқа үн тастап, істі жұмыла шешуге шақырады. Бұл адамның құмарлықтары туралы (билікке деген ерік, махаббатқа деген, жалғыздыққа деген ерік), олардың зияндылығы, құдыреті мен сұлулығы туралы әңгіме. Осының бәрінен жоғары тек адамның ізгілігі мен бойындағы жылуы ғана жеңе алады, мұның бәрін табиғат, адам, адамзат игілігі үшін өзгертуге болады деген сенімнен туған шығармалар.
Ұлы суреткердің алып ұшқан қиялынан туған әлемі әркез оқырманын өзімен жетелеп ұйытып әкетер сыршыл қасиеттерге толы. Айтматов шығармаларының басты айбыны не десек оның қайталанбас құдыреттілігі жазушы шығармаларында шырмалып шымыр келетін халықтық аңыз аңыздарда символдар мен мифтерде, осының бәрі түп-тамырымен тереңнен қопарылып сыр шертетіндігінде, туған халқының бітім-болмысымен астасып жазушы да, одан нәр алып, осы шындыққа жан бітіріп, қайта түрлендіріп жан бітіретіндігінде.
«Шыңғыс Айтматов - қырғыз халқының ұлы жазушысы, ойшыл гуманист, қоғам және мемлекет қайраткері, Лениндік сыйлықтың иегері (1963), (1974), Социалистік Еңбек Ері (1978), КСРО Мемлекеттік сыйлығының үш мәрте иегері (1967, 1975, 1980) . Қаламгер проза жанрында, драматургия, әдебиет сыны, аударма және киносценарий салаларында бірдей өнімді еңбек еткен. Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматов 1928 жылы 12 желтоқсанда Қырғыстан Республикасы Талас өңіріндегі Шекер ауылында дүниеге келген. Жазушы өзінің туған жері туралы бір сөзінде: «Менің ата мекенім - Шекер аулы . . . Манас тауының шыңдарынан тамшыға тамшы қосылып, біздің Шекерге ақкөбік, көкбурыл су ағып келеді. Оның аты - Күркіреу. Атына заты жарасқан, маңындағы бар тіршілікке ғұмыр сыйлап келе жатқан су . . . Шекерге жақындағанда-ақ, жүрегім алас ұрады. Шіркін, алдыңнан күнге шағылыса асқақтап Манас-Ата шыңы көрінген сәттегі жан тебіренісін айтсаңшы! . . . » - деп өзінің туып-өскен жерін, табиғаты ғажайып қырғыз өлкесін сағынышпен тебірене еске алады. Ш. Айтматовтың өміріне шолу жасайтын болсақ, оның балалық шағы сұрапыл соғыс жылдарымен тұспа-тұс келді. Тылдағы ауылдың небір қиындықтарын басынан өткереді. Мектептегі оқуын амалсыз тоқтатып, он төрт жасынан ауылдық кеңестің хатшысы, он бес жасында аудан бойынша салық жинайтын агент, трактор бригадасының есепшісі және хат тасушы сияқты түрлі жұмыстар атқарады. Адамның балалық шағы оның өміріндегі өзгеше бір оқшау, ерекше мәнге ие болатын кез. Балалық шағында келешек өміріне өзгеше әсер ететін қилы оқиғалар өтеді. Осының барлығы жазушының өмірінде терең із қалдырды. Ш. Айтматов: «Соғыс жүріп жатты. Елдің жаны жаралы, көңілі қаралы. Осы кезде өмір мен үшін беймәлім беттерін аша бастады. Халық тұрмысының небір сан тарауларын өз көзіммен оқуға мәжбүр болдым. Кейіннен мұның біразын шамам келгенше «Бетпе-бет», «Ана - жер Ана», «Жәмила», «Шынарым менің, шырайлым менің», сияқты повестерімде көрсетуге тырыстым. Көріп-білгенімді жаздым, бәрін есте сақтап жаздым», - дейді». 1945 жылы мектептің алтыншы сыныбын бітірген соң, Жамбыл малдәрігерлік техникумының зоотехникалық бөліміне оқуға түседі, оны үздік бітіріп, Бішкектегі ауылшаруашылық институтына емтихансыз қабылданады. 1953 жылы ауылшаруашылық институтын үздік бітірген соң Қазақстандағы Жамбыл облысында зоотехник болып қызмет атқарады. Одан әрі: көптеген сан-сала жауапты жұмыстармен айналысады. Ш. Айтматов түркі әлемінің дамуына үлес қосқан ерекше үлесі үшін Түркі тілді елдердің мәдениет министрлерінің кеңесі (TURKSOY) тағайындаған халықаралық көрнекті сыйлықтың тұңғыш лауреаты (2008), тағы да басқа көптеген халықаралық сыйлықтарының иегері. Ең бастысы, ол - туған елінің ең жоғарғы «Қырғыз Республикасының Батыры» атағымен марапатталған. Шыңғыс Айтматовшығармашылық ізденістерден де қол үзген емес. Ш. Айтматовтың алғашқы туындылары «Әшім» (1952), «Сыпайшы» (1953) «Ақ жауын» (1954), «Мұрап» (1955) ХХ ғасырдың 50-жылдары жарияланды. Онан кейін «Байтамтал бойында» (1961) «Аспалы көпір» (1956), «Бетпе-бет» (1957) «Алғашқы ұстаз» (1961), «Ботагөз» (1961), «Шынарым менің, шырайлым менің» (1961), «Құс жолы» (1963), «Қош бол, Гүлсары!» (1966), «Қызыл алма» (1964), «Атадан қалған тұяқ» (1968), «Ақ кеме» (1970), «Ерте қайтқан тырналар» (1975), «Теңіз жағалай жүгірген тарғыл төбет» (1977), «Боранды бекет» («Ғасырдан да ұзақ күн») (1980), «Жан пида»(1986), «Кассандра таңбасы» (1995), «Құз басындағы аңшының зары» (1997), «Таулар құлағанда» (2006) т. б. болып жалғаса берді». Г. Асқарова
Жазушы Ш. Айтматовты өзімізге меншіктеп жататынымыз бар, шығармалары қазақ оқырмандары арасында кеңінен танылып адамзаттың Айтматовы деген атауды да жазушыға берген халықтың бағасы, ықыласы мен сүйіспеншілігі деп білеміз. Себебі жазушының тағдырында қазақ халқымен байланыстыратын жағдайлар өмірінде көп орын алған. Олардың ішіндегі ең бастысы жазушының өмірінен үлкен орын алып әрдайым мақтанышпен еске алып үнемі айтып отыратын қазақ әдебиетінің алыбы кемеңгер Әуезовпен таныс болғандығы. Шыңғыс Айтматовтың әлемдік деңгейде үлен жазушы болатынын тап басып болжағандай, жазушылық қадамына батасын беріп тілектестігін білдірген ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов болатын.
Менің шетелге шығарда төлқұжатымдай қастерлеп өзіммен ала кететін екі ұлы есім бар. Бірі - Манас та, екіншісі - Мұхтар Әуезов. Мен әрқашан сол екеуінің әруағына сыйынып жүремін», - деген сөз қалдырған Шыңғыс Айтматов заңғар Мұхаңа айнымас адал іні бола білді. Шыңғыс Айтматовпен қазақ әдебиетінің ақын-жазушыларыда тығыз шығармашылық қатынаста болды: Зейнолла Қабдолов, Қалжан Нұрмаханов, Тахауи Ахтанов, Қалтай Мұхамеджанов, Сейдахмет Бердіқұлов, Асқар Сүлейменов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Нұрлан Оразалин, Мұхтар Шаханов т. б. қазақ қаламгерлері шынайы достық рәуіштегі шығармашылық байланыс орнатты.
«Жазушыны алғаш әлемге танытқан таңдаулы туындысы әйгілі «Жәмилә» повесі Шығармадағы басты кейіпкер - Жәмилә бейнесі қазақ оқырмандарына да қадірлі, қымбат. Қазақ халқы Жамиләны шынайы өмірден алынған жанды, бейнелі образ болғандықтан сүйді, құрметтеді. Мұхтар Әуезов Қазақстаннан «Толыспаған Толстойлардың» арасынан өзінің ізбасарын іздеді, бірақ таппады. Ақыры, Қырғыз елінің балаң жазушысы Шыңғыс Айтматовты тапты. Оның «Жәмиласына» «Литературная газетадан» хикаятын жаңашыл, тың туынды ретінде жоғары баға берді. Бір сәті түскенде, Луи Арагонның қолына Шыңғыстың «Жәмиласын» тигізіп, оқып шығуына мүмкіндік жасады. Ол шығарманы француз тіліне аударды. Өмірінде қырғыз ұлтын білмейтін менменсінген Еуропа елі балаң жазушының талантына тәнті болып, таңырқады. Мұхаң Лениндік сыйлық беру Комитетінің мүшесі ретінде, Шыңғыс Айтматовтың «Тау мен дала хикаясы» атты кітабының Лениндік сыйлық алуына себепкер болды. Бүгіндері Шыңғыс Айтматов екінші Мұхтар Әуезов болып, шығыстан дүбірлетіп шыққан «Дүние жүзінің Шыңғыс Айтматовы» аталып отыр. (Мұхтартану) .
Бауырлас қырғыз халқының текті ұлының есімін белгілі қазақ ғалымы Бейсембай Кенжебаев қойған. Бұл жайында интернеттегі «Әдебиет порталында» «Ш. Айтматов және қазақ әлемі» 10 дерек атты мақаласында Асылбек Байтанұлының жазғанынан үзінді келтірсек. Бұл турасындағы мәліметті жазушы Әлібек Асқаровтың «Алатаудың арғы жағы, бергі жағы» атты мақаласынан («Егемен Қазақстан», 11 қараша, 2017ж. ) табамыз. Мақаладан үзінді келтірелік: «Бүгінгі әдеби сынның марғасқаларының бірі Құлбек Ергөбек айтқан мына бір естелікті естігенде біз де қайран қалғанбыз . . . Атақты әдебиеттанушы ғалым, Құлбек Ергөбектің рухани әкесі Бейсембай Кенжебаев пен Шыңғыстың әкесі Төреқұл Мәскеуде И. В. Сталин атындағы Күншығыс еңбекшілері коммунистік университетінде бірге оқыпты. Олар айнымас достар болыпты. Достықтары соншалық, университетті бітірерде: «Үйленіп, перзент көрерміз. Сонда бірімізден ұл, бірімізден қыз болып жатса, атастырайық, екеуміз бел құда болайық. Егер екеумізден де ұл болса, Шыңғыс қағанның атын берейік, ал егер екеумізден де қыз болса, Шолпан деп атайық», - деп қол алысып, төс түйістіріп серттесіпті. Кейін, отызыншы жылдардың ортасында екі дос Мәскеудегі тағы бір жиында кездесіп қалады ғой . . .
«Боранды бекет» романының жазылу тарихы, оның сюжетіне түрткі болған экономика ғылымдарының докторы, академик Бақберген Сәрсенұлы Досманбетов. Шыңғыс Айтматов Люксембургте елші болған кезіндегі екі рет болған кездесуіндегі өзара әңгімелері арқылы жақсы жеткізіпті. Жетпісінші жылдары пойызбен Шыңғыс Мәскеу жақтан келе жатқанда, Қазалы стансасынан қырғызға ұқсас қазақ отырған бейтаныс шалдың әңгімесін негізге алып, "Боранды бекет" повесін жазған. Б. Досманбетов "Сүйем сені, Сыр елі" атты өмірбаяндық деректі кітабында Шыңғыс ағаның сөзін былайша баяндайды: "Міне, сол шал Төретамға дейін 1, 5 сағат ішінде "Боранды бекет" романының жалпы желісін айтып берді. ». дейді жазушы.
1. 2. Ш. Айтматовтың көркем прозадағы тың ізденісі.
Ш. Айтматовтың әлемдік әдебиеттің алтын қорына қосылған ақыл-ой көркемдігімен нақышталған «Жан пида», «Боранды бекет» романдарының оқиғалары қазақ жерімен тығыз байланысты. Мәңгүрттікті суреттейтін «Боранды бекет» романының сюжеттері ұлан-ғайыр Сарыөзек даласында өтеді. Роман аңыз әңгіменің желісіне құрылған. Жазушы тақырып таңдауда да үлен мән беріп, метафоралық терең астармен атын қоя білген, олай дейтініміз романның желісінде баян етілетін қолдан жасалған мәңгүрттік емес рухани мәңгүрттік яғни адамзат үшін ең қауіптісі осы деп ой түйеді. Шығарманың түйген басты идеясы баласы үшін жанын құрбан қылмақ, жанталасқан Ананың бейнесі арқылы мәңгүрттіктің адамзат баласы үшін қауіпті, ең қатерлі дерт екенін келешек ұрпақты осы дерттен ада болуын сақтандырып, жаны тыншымай барлық өркениетке үн тастап олардың назарларын аударып, басты нысанға алып дабыл қағады. Жазушының қай шығармасын алсақта «Жан пида» дағы Авдий, «Боранды бекеттегі» Едіге образдарын үлкен тартыс алаңына алып шығып ізгілік пен руханилық қасиеттерді екі қаһарманның бойына жинақтайды. Едіге қарапайым темір жолшы, еңбек адамы ғана емес ол қасиетті ана сүтімен дарыған ата-бабасының дәстүрін жалғастырушы, сан ғасырлап ұрпаққа мирас болып келе жатқан дәстүріміздің жоқшысы, жанашыры. Жазушының да шығарма идеясы қылып алған негізгі айтар ойы да осы халықтың тарихи санасы немесе жеке адамның санасы болсын оның адамгершілігінің негізі, рухани құндылықтары ғасырлық қалыптасқан тәлім-тәрбиесі халықтың басынан өткізген зұлмат кезеңдері бәрі-бәрі халықтық аңыздарда орнығып, тарихи іс-әрекетінде көрініс тапқан осының негізінде қалыптасатын ұлтық мінез екені білеміз. Тарихи сананы жоғалтпау мәселесін адам тағдырымен берілетін романда өзіндік көркемдік шешімін тапқан.
«Тандыры кепкен өзектер мен тақыр жыралардан қу құлқынға талғау табу үшін зор шыдам керек. Біресе ін қазғыш мақұлықтың шиыр-шимай шалағай ізін кесіп, біресе саршұнақтың інін апыл-ғұпыл қазып, енді бірде жыраның тұмсығына тығылып қалған атжалман алаңқайға секіріп шықса мүлт жібермей бас салмақшы болып зарыға аңдып, кәкір-шүкір аулап ақсиған аш түлкі бүлкіл жортақпен алыстан көрінген темір жолға қасара жақындап келе жатты.
Даланы қақ жарып, ұзыннан-ұзақ бозамықтана жонданып жатқан шойын жол аш түлкіні әрі ынтықтырып, әрі үрейлендіргендей. Жерге жел ықтырған ащы кермек түтінін будақтатып, әудем жерді дүрсілдетіп, дүр сілкіндіріп иә шығысқа, иә батысқа қарай пойыздар зулап өтіп жатыр» (Ш. Айтматов. Боранды Бекет. Алматы, «Жалын», 1986, 7-бет) -деген жолармен басталатын.
Сондай-ақ, жазушы романдарында көтерілетін күрделі ғаламдық проблемалар толастамай қайта оқырмандарын сюжеттік желісімен қызықтыра түсіп адамзаттық проблемалардыда астарлы оймен беріп отырады. Темір жол жағалаған аш түлкіні суреттеу арқылы жазушы қазақ даласының экологияға ұшыраған сұрықсыз күйін бейнелеп кетеді. Тандыры кепкен өзектер мен тақыр жыралардан қу құлқынға талғау табу үшін темір жол бойын жағалаған аш түлкінің консерві қалбырлары мен шөлмектердің иісінен тыжырынып шиыршық атып ыршып түсетін түлкіні суреттеу арқылы адамзаттың қоршаған ортаға тигізіп жатқан зиянынан туындаған экологиялық проблемаларды басты назарға алуды ұсынады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz