Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Проза жанрының дамуы.

2. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы.

3. 1960 жылдардағы қазақ прозасының ахуалы.

4. Әдебиетте қалыптасқан дәстүрдің жалғастығы.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Тарихи прозаның тарихи сананы қалыптастырудағы атқаратын ролі айырықша. Қазақ әдебиетінің тарихына көз жүгіртіп қарағанда тарихи прозаның шындап жетіліп, дамып, ілгері басқан кезеңі ХХ ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтқанда 60 жылдардан басталды деп айтуға болады. 1960 жылдардан бастап жаңа сипаттағы шығармалардың дүниеге келуінің басты себебі - қоғам мен адам арасындағы қатынастар әдеби шығармаға негіз болып, олар тереңірек талданды. Адамды жеке субъект ретінде қарастыған қаламгерлер оның әртүрлі көңіл-күйіне көз жіберді. Қаламгерлер адамның мінез-характерін даралай отырып, өмір шындықтарын шынайы сипаттады. 60-жылдар қазақ прозасының әдебиеттегі адам жанының күрделенуімен, кейіпкер санасы мен ой-арманының биіктеуімен құнды болды. Түпкі нәтижеде ұлт санасы оянып, өткен ғасырлардағы тарих жаңғырығы там-тұмдап жетіп, өз нәтижесін бере бастады.

1. Проза жанрының даму сипаты мен өзіндік ерекшеліктері .

Проза (латын тіліндегі prоsa сөзінен алынған) - әдеби жанр, қара сөзбен жазылған көркем шығарма (әңгіме, повесть, роман) деген ұғым береді. [1. ] Проза әдебиеттің эпикалық тегімен байланысты, лирикалық проза немесе прозалық өлеңдер кездеседі. Проза XVII ғасырдың ортасына дейін сөз өнерінде поэзиямен аралас өмір сүрді. Тарихи шежірелер, жылнама, трактаттар, естелік, сапарнама, діни уағыздар, т. б. өлең жанрына тән шығармалар болып есептеледі. Шын мәніндегі проза қайта өрлеу дәуірінде қалыптасып, поэзиядан бөлініп шықты. Осы кезден бастап әдебиеттің дамуында проза жетекші орынға ие болды. Рабғузи, Бабыр, М. Сервантес, Д. Дефоның шығармаларынан бастау алатын проза сөз өнерінің дербес, айрықша түрі ретінде қалыптасты. Сөз өнері тарихында проза поэзиямен тығыз байланысты дамыды. Прозада өмір құбылыстары, адам характерлері кең ауқымды қамтылып, жан-жақты суреттеледі.

Бүгінгі күндері дүние жүзі оқырмандарының қолына тиіп отырған күрделі, көркем туындылары бар, биік даму дәрежесіне, кемел шағына жеткен, танымдық, тәрбиелік, эстетикалық әсері күшті қазақ прозасының эволюциялық өсу жолында жиырмасыншы жылдарда туған әр түрлі идеялық-көркемдік ізденістердің жемісі саналатын алғашқы үлгілердің маңызы зор. С. Сейфулиннің «Жер қазғандар», «Айша» повестері, «Тар жол, тайғақ кешу» романы; Б. Майлиннің «Раушан - коммунист» повесі, «Қадыр түнгі керемет», «Шариғат бұйрығы», «Жол үстінде» және т. б. әңгімелері; М. Әуезовтің «Қорғансыздың күні», «Жетім», «Қаралы сұлу», т. б. шығармалары жиырмасыншы жылдардағы қазақ прозасының даму қарқынын, саяси-әлеуметтік нысанасын, идеялық-көркемдік деңгейін танытатын қатардағы шығармалар ғана емес, әдебиетіміздің алтын қорына қосылатын ұлттық классикалық үлгілері болып саналады.

Осы аралықта қазақ әдебиеті, соның ішіндегі қазақ прозасының өткен жолы, тарихы жайында да қысқаша болсада шолу жасай кеткенді дұрыс санадық. Қазақ әдебиетiнiң ежелгi бастаулары б. з. б. ІІІ-І ғасырларлар аралығында пайда болған «Алып Ер Тоңға», «Шу батыр» дастандарында жатыр. Осынау жазбалардағы оқиғалардың қазақ халқының арғы тарихымен тығыз байланыста өрбiгендiгi соңғы уақыттардағы ғылыми iзденiстер барысында толық дәлелдендi. Орхон-Енисей жазба ескерткiштерi ұлттық әдебиетке тiкелей қатысты үш түрлi мәселенiң басын ашып бердi. Бiрiншiден, қазақ жазба әдебиетiнiң түп-тамыры Түрiк қағандығы тұсынан басталатыны белгiлi болды. Екiншiден, өз дәуiрiнiң кескiн-келбетiне сай дамыған мәдениетi мен өнерiнiң болғанын айғақтады. Үшiншiден, жазба жәдiгерлер поэтикалық қуатымен, тарихи шежiрелiк сипатымен және ой тереңдiгi, мазмұн байлығы, көркемдiк қасиетi жағынан түркi тайпаларында сөз өнерiнiң жоғары дәрежеге жеткенiн көрсеттi.

Одан кейінгі Х-ХІІ ғасырлардағы түркi халықтарына тән ортақ мұра болып саналатын көркем әдебиеттiң өркендеуiне орай туындаған сыншылдық-эстетикалық, ғылыми-зерттеушiлiк, әдеби-теориялық ой-пiкiрдiң ояну дәуiрiн көруге болады. Бұл кезеңде мәдениет, ғылым, әдебиет, сәулет өнерi өркендедi. Оның iшiнде сөз өнерiне деген құрмет ауыз әдебиетi мен жазба әдебиеттiң дамуына ықпал жасады, филологиялық бiлiмдер жүйесiмен айналысу тек көркем әдебиет өкiлдерi ғана емес, барша зиялы қауымға тән құбылыс болды. Шешендiк өнердi меңгеру, нақышты сөйлей бiлу, өлең шығару қабiлетiне ие болу - бiлiмдi деп саналатын адамдардың мiндеттi түрде игеруге тиiстi қасиеттерiне айналды. ХІІІ-ХҮ ғасырлар арасында жасалып, Алтын Орда дәуiрiнен қалған мәдени, әдеби, тарихи мұралар, жазба ескерткiштер, қолжазбалар, көркем шығармалар, сөздiктер мен аудармалар, шежiрелер қазақ халқына да тән мұралар болып саналады. Аталған кезеңдердi қорыта келгенде қазақ халқының этностық тұрғыдан ұйысып, жеке ұлт болуына дейiнгi түркi халықтарына ортақ әдеби үрдiстiң қазақ әдебиетi де заңды мұрагерi болып табылатындығы ғылыми тұрғыдан жан-жақты дәлелденiп, тұжырымдалды. Қазақ хандығының мәдениетi, өнерi, әдебиетi бұрынғы қазақ даласын жайлаған түркi тайпаларының ғасырлар бойы жасаған рухани қазынасының дәстүрлi жалғасы ретiнде, көркемдiк дамудың тарихи сабақтастығы принципiне сай дами бастады. Қазақтың халық ауыз әдебиетi ұлттық сипат алып, жанрлық түрлерi көбейдi, әсiресе жаугершiлiк заманның эстетикалық талап-тiлегiне сай эпостық жырлар молая түстi. Ұлттық әдебиеттiң өзiндiк ерекшелiгiн танытатын ақын-жыраулар поэзиясы кеңiнен қанат жайды. Қазақ жыраулары ертедегi түркiлердiң жазба поэзиясын тақырыптық, мазмұндық, жанрлық, көркемдiк, образдылық, өлең құрылысы жағынан байытып, өркендеттi. Жыраулар поэзиясы философиялық ой-толғамды, дидактикалық насихатты жалғастыра отырып, отаншылдық, патриоттық сарынды, лирикалық, реалистiк суреттеудiң алғашқы белгiлерiн, әдебиетке халықтық сипат әкелдi, сөз өнерiнiң халық тарихы мен өмiрiне тығыз байланыстылығын, ел мұңын жырлау идеясын кiргiздi. Кеңестiк кезеңде қазақ әдебиетi барынша жылдам қарқынмен қаулап өстi, ақын-жазушылардың шығармашылық белсендiлiгi артып, қазақ әдебиетi жанрлық тұрғыдан елеулi түрде молайды. Әйтсе де идеологиялық қысым салдарынан өз мүмкiндiгiн толық көрсете алмады. Республика тәуелсiздiгiн алуымен бiрге ақын-жазушыларға толық шығармашылық еркiндiк берiлiп, әдебиетке қойылатын талап-тiлек те өзгерiске ұшырады. Осыған байланысты бұған дейiн де қазақ әдебиетiнiң даму барысында, әсiресе поэзияда байқалып келген белгiлi бiр күрделi өзгерiстер тұсында аңтарылу, дағдару секiлдi өткiншi құбылыстар аз уақыт қана орын алды. Қазiргi уақытта жан-жақты өсiп-өркендеп, кемелденген қазақ халқының ұлттық әдебиетi елдiң тарихи өмiр жолы, тұрмыс тiршiлiгi, әдет-ғұрпы, салт-санасы, эстетикалық талап-тiлегi мен философиялық танымының өркендеу деңгейiне сай туып, дамып келедi. Қазақ әдебиеттану ғылымы қазақ әдебиетiнiң тарихын зерделеуде бүгiнгi күнi бiршама орнығып, ғылыми түрде дәлелденген нақтылы тұжырымдарға қол жеткiздi. Кеңестiк қазақ әдебиеттану ғылымында қазақ әдебиетiнiң тарихын кезеңдеу, оларды идеялық, жанрлық тұрғыдан жiктеу мәселесiне байланысты қалыптасқан кейбiр бiржақты теориялар түзетiлдi.

Қазiргi қазақ әдебиетi жалпы әдебиеттiң түпкi мақсаты - адам жанын терең түйсiну, оны көркемдiкпен шынайы-шыншыл бейнелеу жолындағы қалыпты даму ырғағына түстi. Тұтастай алғанда қазiргi уақытта қазақ әдебиетi - әлем әдебиетiнде өз орны бар, тарихы бай, жан-жақты жетiлген дәстүрлi әдебиет болып қалыптасты.

Қазақ әдебиеті - қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақтың сөз өнерiнiң тегi әрiден, түркi тiлдес тайпалардың өз алдына халық болып қалыптаспай тұрған кезiнен басталады.

Қазақ әдебиеті тарихының ежелгi дәуiрiн танып-бiлуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежiрелер де ерекше маңызды рөл атқарады. Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да рухани мұра болып келе жатқан мұндай шежiрелердi қазақтың зиялы ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы бiлген. Қазақ халқының тарихы мен әдебиетiне тiкелей қатысты түркi тiлiндегi осындай жәдiгерлердiң iшiнен Әбiлғазы Баһадүр ханның «Шежiре-и Түрк» («Түрiк шежiресi»), Қыдырғали Жалайыридiң «Жамиғ-ат тауарих» («Шежiрелер жинағы»), Захир әд-Дин Мұхаммед Бабырдың «Бабыр-наме», Мұхаммед Хайдар Дулаттың «Тарих-и Рашидиi» ерекше орын алады. Бұлар ежелден-ақ қазақ оқырмандары арасында тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындылар ретiнде қабылданды. Қадым замандардағы сақтар мен ғұндардың аңыз-әфсанаға айналып кеткен ерлiк тарихынан, көк түрiктердiң ежелгi қаһармандық шежiресiнен сыр шерткен жыр-дастандар бертiн келе, қазақтың батырлық жырларының идеялық және көркемдiк тұрғыдан қалыптасуына тiкелей ықпал еттi. Ал, ислам дiнi дәуiрiнде өмiрге келген этикалық-дидактиктикалық мазмұндағы дастандар мен сопылық сарындағы хикметтер, моральдiк-философиялық трактаттар, ғибрат сөздер, т. б. қазақ ақын-жырауларының толғау-жырларынан өзiнiң логикалық, тарихи, көркемдiк жалғастығын тапты.

Қазақтың ұлттық әдебиетiнiң төл тарихы қазақтардың ұлт болып қалыптасуы мен дербес мемлекеттiгiн құрудан басталады. ХІХ ғасырдан бастап қазақтың жазба әдебиетi - әлеумет халiн ұғып, ел қамын жақтауға кiрiсiп, өлең бұрынғыша, қызық, сауық сияқты ермек емес, қауым қызметiн атқара бастады, елдiң саяси пiкiрi мен тiлек, мақсат, мұң, зар сияқты сезiмдердiң басын қосып, жаңадан ой негiзiн, салт санасын құрауға кiрiстi, бұл уақытқа шейiн болмаған әлеуметшiлдiк сарыны, азаматтық нысанасы бой көрсеттi. Осындай әлеуметшiлдiк сарынды көбейткен тарихи оқиғалар бұл дәуiрде орыс отаршылдығымен байланысты туды. Ресей империясына бодан болу, сонымен байланысты туған ел iшiндегi өзгерiстер, қанаудың күшеюi, халық тың тiршiлiк ету аясының тарылуы, ұлттық намыстың тапталуы қазақ ақындары шығармаларында кеңiнен бейнелендi.

Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда ХІХ ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше.

Қазақ әдебиеті тарихында кеңес дәуiрi ерекше iз қалдырды. Бұл кезең, негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан, одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарым-қатынасқа түскен шағы болды. Алайда, әдебиеттiң даму қарқыны үнемi бiркелкi болмады. «Әдебиеттiң партиялылығы» принципi оның тақырып таңдауына керi әсер еттi. Әдебиетте науқаншылдық өрiстеп, адамзат мүддесiне ортақ мәселелер жеткiлiксiз көтерiлдi, оның алдына бiрыңғай кеңестiк жүйенiң «артықшылығын» дәлелдеу мiндетi қойылды. Соған қарамастан ұлттық әдебиет туған халқының өмiрiмен байланысын үзген жоқ, оның қайшылықты өмiр жолын көркемдiкпен тануға ұмтылды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы Кеңес өкiметiнiң теңдiк, әдiлдiк ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды. Олардың басында Сәкен Сейфуллин тұрды. Сейфуллин жырларында азаттық, теңдiк аңсаған, сол үшiн күрескен жаңа адамның бейнесi жасалды. Ол табиғат суреттерi мен махаббатты, сезiмдi жырлаған лирикалық өлеңдер, поэмалар («Көкшетау», т. б. ), прозалық шығармалар («Тар жол, тайғақ кешу») жазды. Сәкен бастаған бағытқа Бейiмбет Майлин, Iлияс Жансүгiров, Шолпан Иманбаева, Сәбит Мұқанов, т. б. ақын-жазушылар үн қосты. Олар қазақ жерiнде жаңа туа бастаған кеңестiк шындықтың жарқын жақтарына ризашылық бiлдiрiп, шаттық жырын жырлады. Алайда, 20-жылдардағы ашаршылық пен шаруаларды күштеп ұжымдастыру, қолдағы малды тартып алу, содан туған қуғын-сүргiн көшпелi елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн қиындатып жiбердi. Бiрақ бұл жағдайды суреттеуге кеңес әдебиетi бара алмады. Осы олқылықтың орнын Мағжан Жұмабаев шығармалары ғана толықтыра алды. Большевиктер билiгiн қабылдамаған Мағжан демократиялық әдебиет дәстүрiн жалғастыра отырып, халық басындағы қайғылы тұстарды көркем суретке түсiрдi. Ол өмiрдiң мұңды, қайғылы жақтарына көп үңiлдi, өкiнiш пен күйiнiшке бой алдырды. Бiр мезгiл орыс декаденттерiне елiктеп өлеңдер жазды. Мағжанның махаббат пен табиғат жырлары да қазақ лирикасының ең жарқын беттерi болып саналады. Сәкен мен Мағжан шығармалары 20-жылдардағы қазақ әдебиетіндегi екi сарынның бейнесi iспеттi. Жаңашыл жас ұрпақ Сәкен маңына топтасты. Әдебиеттiң өмiр жаңалықтарын зерттеп, жаңа тақырыптарды игеруге бет бұрды. Азаматтық, саяси лирика дамыды, лирикалық-публицистик поэмалардың үлгiлерi туды. Көркем проза, драматургия даму жолына түстi. Мұхтар Әуезов, Жүсiпбек Аймауытов осы екi жанрда бiрдей елеулi шығармалар бердi. «Қилы заман», «Қараш-қараш» оқиғасы, «Қартқожа», «Ақбiлек», т. б. повестер мен романдар, «Еңлiк-Кебек», «Қаракөз», «Мансапқорлар», «Шернияз» сияқты пъесалар жазылды. Әңгiме жанрында Майлин жемiстi еңбек еттi. Әдебиетшi кадрлар қатары өсiп шықты. А. Тоқмағамбетов, Ө. Тұрманжанов, Ғ. Мүсiрепов, Ғ. Мұстафин, С. Шәрiпов, Ж. Тiлепбергенов, Е. Бекенов, М. Дәулетбаев, т. б. шығармалары әрқилы әлеуметтік көзқарастарына қарамастан, 20-жылдар әдебиетiнде жаңа бетбұрыс жасалғандығын көрсетедi. Мұндай қарқынды бұған дейiн ешбiр әдебиет тарихы көрiп-бiлген емес. Оған азаттық идеясының әсерi болғаны даусыз. 30-жылдар Қазақстан экономикасын, мәдениетiн кеңес саясатына ыңғайлау ұранымен басталды. Социалистік реализм әдiсi қабылданып, әдебиет социалистік шындықты бекiтетiн материалдар негiзiнде жұмыс iстейтiн болды. Бұл, белгiлi дәрежеде әдебиеттiң еркiндiгiн шектедi.

50-жылдарда жеке адамға табынушылықты сынау мен елдiң iшкi нормаларын демократияландыру саясаты әдебиетке бiрсыпыра жеңiлдiк әкелдi. Әдебиетке қойылған қасаң тәртiп босаңсып, «жылымық» туды. Мұның өзi жазушылардың шығармашылық белсендiлiгiн арттырды, олар өмiрдi боямалап көрсетуден бас тартып, заман шындығын қайшылықты құбылыстар арқылы тануға ұмтылыс жасады. Бұл iзденiс Әуезовтiң «Өскен өркен», Т. Ахтановтың «Қаһарлы күндер», «Боран», Т. Әлiмқұловтың «Ақбоз ат», Ә. Нұрпейiсовтiң «Қан мен тер», С. Жүнiсовтiң «Жапандағы жалғыз үй», З. Шашкиннiң «Сенiм», «Темiртау» романдарынан көрiндi. Х. Есенжановтың тарихи романдары, Б. Момышұлының әскери прозасы жарық көрдi. Идеологиялық шектеудiң әлсiреуi, 60-жылдары әдебиетке келген жаңа ұрпақтың шығармашылық iзденiстерiне тың шабыт бердi. Олар адам өмiрiн жан-жақты тереңдiкпен, философиялық ойшылдықпен жырлауда, оның бойындағы ой, сезiм еркiндiгiн ашуда елеулi табыстарға жеттi.

2. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы

Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы. Қазақ прозасының бұл кездегі өкілдері туралы пікір көп. Тәуелсіздікпен таласа есік ашқан жас дарындардың аздығын көп әңгіме қылады. Соның алдында ғана болашағынан үміттендірген бір топ жас қаламгерлердің көбі қазір аталмайтынын айтып қынжылады. Жастық ғұмырлары қысылтаяң шаққа тура келген бұл буын - жоғалған таланттар. Яғни, күнкөріс қуып, қым-қуыт тірлікке жұтылып кеткендер. Бұл кезең прозасы тоқырап қалмағанмен, тіпті баяғы қарқынын жоғалтпай жазылып жатты дегенмен, тепе-теңдік бұзылған. Анығырақ айтсақ, жазарман мен оқырман арасындағы арасалмақ жойылған. «Әдебиеттің алтын ғасыры - ХХ ғасыр» деген бір ауыз сөзбен түсіндіре салуға болады, бірақ, бұл әлемдік деңгейге тиесілі сөз. Біздің еңсесін енді көтеруге талпынып жатқан еліміз үшін айтар болсақ, құндылықтар алмасып, коммунизмді көксеп жүрген көптің күтпеген жерден нарықтық экономикаға тап болып, абдырап қалып, кетеуі бір кеткен қисайған тірлігін түзеу жолында жанталасып кеткен тұста кітап оқып жатар баяғы кең заман жоқ. Шопан атаулының алдына отарды салып берумен қатар қолына «ішің пысқанда парақтарсың» деп кітап ұстататын салт жекешелендірілген, талауға түскен отармен бірге келмеске кетті. Азаттық кезіндегі жазушылардың көп танылмауының бір себебі де осы. .

Тарихи сабақтастық үзілуге тиіс емес. Алдыңғы толқын ағалар мен кейінгі буын інілер өзара селбесіп, қатар қалам тербеген тақырыптар аталмыш кезеңде кеңейе түскенін байқауға болады. Сөз аңдитын мекеменің жойылуын есептесек, бұл заңды да. «Азаттықтың ақ таңы енді атты» деген ақжолтай хабардың ізін ала шыққан романдарға ортақ тақырып - әлеуметтік және тарихи тақырып болып есептеледі. Одан басқа көп қалам тартылған тарап - іштен шіріген кеңестік кезеңнің соңғы жылдарында шектен шыққан адам құқығының аяққа тапталуы мен жұмысбасты ерлі-зайыптылардың тәрбие беруге үлгермеген бала-шағасының әлсіздіктері басты тақырыпқа айналды. Қалқып қана емес, күні бүгін тілінің ұшы қимылдағандар жамандай жөнелетін кеңес дәуіріндегі қызмет адамдарының бет-бейнесіне заман ауқымын ескере отырып, түсіністікпен қарауға тырысушылық айқын аңдалады. Былай тартса арбасы сынып, былай тартса өгізі өліп, екі арада шөре-шөреде қалған образдардың трагедиясын жылнамалық көрсеткіштерден тоқсаныншы жылдар әдебиеті деген тізімді шолып шықсаңыз, көптеп кездестіресіз.

Қаламы мұқалмаған ағалар мен орта жастағы сөз ұстаған тұлғалар қалыптаған жаңа заман прозасына көз жүгіртсеңіз, заманның қиындығына қарамай роман жанрының бабынан таймағанын көрер едіңіз. Ә. Нұрпейісовтың «Соңғы парызы», Ш. Мұртазаның «Ай мен айша», Ә. Таразидың «Жаза», Қ. Ысқақтың «Ақсу - жер жәннаты», Т. Әбдіктің «Парасат майданы», О. Сәрсенбайдың «Шеңбер», Б. Нұржекенің «Әйел жолы жіңішке», А. Алтайдың «Алтай новелласы», Ж. Шаштайұлының «Біздің заманның Аяз биі», Б. Мұқайдың «Өмірзая», Ә. Асқардың «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді», Т. Нұрмағамбетовтың «Айқай», т. б. авторлар романдары арғы-бергі кезеңді қысқаша шолып, әркім өзіне етене жақын тақырыптарды игерген.

Сөз болудың өзі қалып бара жатқан біршама тың тақырыптар игерілді дедік. Соның ішінде иман, дін мәселесі қалам ұшына іліне бастаған да осы тұс. Қазақтың салт-дәстүрлеріне жан бітіру идеясы тұрғысында көптеген үзінділерге жолығуға болады. Кеңестің іргесі шайқала бастаған тұста өмірге келген адамдық мораль мәселесі дамып, ұлттық құндылық дәрежесінде әспеттелетіні де осы кезең. Ендігі кейіпкерлердің басым бөлігі баяғы жаттанды уағызды тәрк етіп, жаңа замандағы қазақтың ел болуын, іргесін мықтауын көксейтін, өткенге ой көзімен үңіле алатын, тіпті үкімет басындағылардың шешіміне де сыни көзбен қарай білетін еркін ойлы адамдарға айналды. «Кеңес одағы - ортақ үйіміз» деп тебірене сөйлейтін, ұлтқа, жікке бөлінуді ар санайтын бұрынғы образдар өз туған жерін жан-тәнімен сүйетін, ертеңіне елеңдейтін, сағына білетін, ауылдан алыста сарғайып жүрген кейіпкерлерге орын берді.

Тың көзбен баға беру жағынан кеңес дәуірінің соңын көрген, сол кезде-ақ жарияға жетіп үлгерген бірқатар жазушылар қалам тартты. Жаңа ғасырдың алғашқы жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болған Баққожа Мұқайдың «Өмірзая» романы соның бір көрінісі. Оқиға желісі желтоқсан оқиғасының арғы-бергі тұсына құрылған шығарманың тағы бірі сәл кейіндеу жарық көрген Т. Сәукетайдың «Айқараңғысы» романы. Көтерер жүгі - қарапайым адамдар мен билік арасындағы мызғымас тас қамалдың пайда болуы, таланттылар мен іскерлерге деген қысастық, туысқаншылдық сияқты жағымсыз көріністер төңірегінде. Кінәсіз адамды шерменде күйге түсірген қуғындаудың салдарынан орын алатын финалдық трагедия, бәрі-бәрі ізі өше қоймаған өткен күннің бір суреті. «Өмірзаяда» Желтоқсан оқиғасын сырттай тамашаласаңыз, «Айқараңғысында» ішіне дендеп еніп, небір айуандықтарға кейіпкерлермен бірге куә боласыз. Ж. Шаштайұлының «Біздің заманның Аяз биі» романы да Кеңес үкіметіндегі көзбояушылықтар төңірегінде сыр шертеді. Жоспар орындау жолында дүниенің бәрін ұмытқан кейіпкерлер арасындағы тартыс арқылы сол заманды аяусыз шеней отырып, соған жеткізген себеп-салдарды психологизм арқылы ашады.

Жоғарыда аталған романдар шоғырына ортақ тағы бір белгі - рухани және материалдық құндылықтар арасындағы майданды тілге тиек етеді. Өз алдына отау құрған елде мұндай мәселенің көтерілуі заңды да. Кейіпкерлер әлеуметтік жетімсіздік салдарынан түрлі жағдайларға ұшырайды. Тұрмыс тауқыметіне төзбей сынып кеткен, нәтижесінде араққа салынған әке мен жеңіл жүріске салынған шеше, ортада қараусыз қалған бала тағдырын беру - осы шоғыр өкілдерінің бір қыры.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар прозасы
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тәуелсіздік кезеңіндегі прозаның қалыптасуы мен дамуы
Қазақ әдебиеті жазушыларының шығармаларын меңгертудің тиімді жолдары
Қазақ прозасының зерттелуі
Лирикалық проза. Қазіргі қазақ поэмаларының көркемдік философиялық мәні. Мемуарлық шығармалар
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің дамуы
Жазушы Қуандық Түменбайдың шығармашылығы
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚ СИПАТ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz