Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды техникалық университеті

«Кәсіпорын экономикасы және менеджмент» кафедрасы

КУРСТЫҚ

ЖҰМЫС

Практикалық аудит пәні бойынша

(пән атауы)

Тақырыбы: Еңбекақы төлеу бойынша қызметкерлермен есеп айырысу аудитінің ерекшеліктері

(баға) Қабылдаған:

Султанова Г. И.

(тегі, аты-жөні)

(қолы)

Комиссия мүшелері: Орындаған:

Айтуова Д. Б.

(тегі, аты-жөні)

(қолы, тегі, аты-жөні) Э-17-2 (УиА)

(тобы)

(сынақ кітапшасының шифры)

(қолы, тегі, аты-жөні)

(қолы, тегі, аты-жөні)

Қарағанды 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім

1. Еңбекақының экономикалық мәні және оны жетілдірудің жолдарын қазіргі заманғы ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу жасау . . . 5

1. 1 Еңбекақының экономикалық мәні . . . 5

1. 2 Еңбекақы есебін жетілдіру бойынша ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу . . . 14

2. «М-1 enternational» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және есеп қаржы жұмысын ұйымдастыру . . . 16

2. 1 «М-1 enternational» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық - экономикалық сипатамасы . . . 16

2. 2 «М-1 enternational» ЖШС қаржы жұмысы мен есебінің ұйымдастырылуы . . . 21

3. Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті . . . 22

3. 1 Еңбекақы есептеу аудитінің тапсырмалары және жүйелігі . . . 22

3. 2 Аудиторлық қорытынды . . . 29

Қорытынды . . . 31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 33

КІРІСПЕ

Қазіргі нарықтық шаруашылықта еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуында, елдің өндіріс тиімділігін арттыруда кәсіпорындардың алатын орны мен қосатын үлесі ерекше. Елдің экономикалық өркендеу жағдайында нарықтық қатынастарға қатысушы мүдделі тұлғалар ұйымның қызмет ету процесіне үлкен көңіл аударатыны белгілі. Сол себепті олар есеп мәліметтеріне сүйене отырып, ұйымның қаржылық жағдайын бағалауға ұмтылады, кәсіпорындар тиімді дамуы үшін бақылауда ұтымды жүйені жетілдіріп, басқарушылық және ақпараттық жүйені құрады. Оны жүзеге асыруда кәсіпорынмен өндірілетін өнімдер мен істелінетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін, еңбек өнімділігін дұрыс бағалау, сонымен қатар жұмсалған еңбектің саны мен сапасын, жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан бөлінетін қаржыларды бақылау маңызды орын алады.

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық жағдайының бірден-бір көрсеткіші тұрғындарының еңбекақысы мен өмір сүру деңгейі болып табылады. Сол себепті еңбекақымен байланысты мәселелер маңызды болып есептелінеді.

Нарықтық экономиканың дамуымен байланысты кәсіпкерлік қызметтердің жаңа түрлері пайда болуына, акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шекетеулі серіктестіктер, комерциялық банктер т. б. көбеюі аудит қызметтерінің кеңеюіне және өсуіне алып келді.

Нарықтық экономика қатынастарында шаруашылық операциялары жөніндегі шешімге келу көпшілік жағдайда қаржы жөніндегі ақпараттарға негізделген, өйткені олар дұрыс, анық және талапқа сай болуы қажет. Осылардың барлығы нарық капиталының міндетті түрде үнемді пайдалануына әсерін тигізеді, оларды бағалауға мүмкіндік жасайды және экономикалық дұрыс шешімге келуге көмектеседі. Еңбекке ақы төлеу бойынша қызметкерлермен есептесудің есебі мен аудиті бухгалтерлік есеп аспектілерінде үлкен орынға ие. Осы ақпараттардың дұрыстығын, заңдылығын тек тәуелсіз аудитор ғана анықтап айта алады.

Еңбек ақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексергенде аудит іскерлік қызметтің бір түрі ретінде шаруашылық жүргізуші субъектінің жұмыс істеу ережесіне қатысты фактілер немесе, сондай-ақ ережелер мен жұмыстар туралы ақпараттар және тексерумен шұғылданады, оны өкілетті тұлға жүзеге асырады, әрі белгіленген нормативтерге сәйкес жұмыстың ереженің немесе ақпараттың сапалық жағы туралы тұжырым береді.

Қызметкерлермен еңбекке ақы төлеу бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексеру - аудиторлық қызметтің көп еңбекті қажет ететін процестерінің бірі, ол ұйым қызметінің жекелеген түрлерінің ерекшеліктерін білуді талап етеді. Оның мақсаты - еңбек және еңбек ақы есебінің қолданыстағы заңдылықтарының сақталуын, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы мен жай-күйін, сондай-ақ жүргізілген есеп айырысулардың дұрыстығын тексеру. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті - еңбекақы төлеуде нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбек ақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы − қазіргі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына жан-жақты объективті баға беруде аудитор мен аудиторлық ірі ұйымдардың алатын орнын айқындау.

Курстық жұмыстың мақсаты − еңбекақы бойынша есеп айырысуды аудиторлық тексерудің маңыздылығын көрсету. Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

-еңбекақының экономикалық мәні және оны жетілдірудің жолдарын қазіргі заманғы ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу жасау;

-«М-1 enternational» ЖШС-нің экономикалық сипаттамасы және есеп қаржы ұйымдастыруды зерттеу;

- қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысудың аудиті.

Осы курстық жұмыстың зерттеу объектісі болып «М-1 enternational» Жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жұмысты орындау кезінде Қазақстан Республикасының “Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы”, “Қазақстан Респуликасының қаржылық есеп стандарттары”, «М-1 enternational» жауапкершілік шектеулі серіктестігінің жылдық есеп мәліметтері қолданылды.

Курстық жұмыстың теоретикалық және әдістемелік негізі болған ғалымдардың және тәжірибиешілердің еңбектері, инструктивтік және нормативтік құжаттар.

Тақырып бойынша курстық жұмыста келесі әдістер қолданылды: салыстыру, талдау әдістері, теоретикалық және нақты материалды тұжырымдау, статистикалық топтастыру, баланстық тұжырым, екі жақты жазу, түгелдеу, бағалау.

Курстық жұмыс мына бөлімдерден тұрады: кіріспе бөлімнен, ғалымдар мен тәжірибиешілердің еңбегіне шолу бөлімінен, кәсіпорынның ұйымдық - экономикалық сипаттамасы, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Күтілетін нәтиже болып еңбек және оған ақы төлеудің есебімен мен аудитін кәсіпорындарда тиімді ұйымдастыру жолдарын және жетілдіру бағыттарын қарастыру болып табылады.

1. Еңбек ақының экономикалық мәні және оны жетілдірудің жолдарын қазіргі заманғы оқымыстылар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу жасау

1. 1 Еңбек ақының экономикалық мәні

Еңбектің көмегімен адам өз қажетін өтеу үшін табиғатты өзгертеді, өзіне лайықтап икемдейді. Адамның тіршілік етуінің негізгі шарттарының бірі де - еңбек. Адам еңбек арқылы хайуанаттар дүниесінен бөлініп шықты, табиғат күштерін игере отырып, оны өз мүддесіне пайдаланды, еңбек құралдарын жасауды игерді, қабілетін дамытты, білім алып, оқу өнер, ғылымды игерді.

Еңбек туралы айта отырып, еңбек өнімділігі мен еңбек қарқындылығы деген ұғымдарда да тоқталған дұрыс болар. Еңбек қарқындылығы - белгілі бір уақыт ішінде жұмсалған еңбектің мөлшері мен еңбек пәрменділігі. Конвейерлі (тізбекті) жұмыс әдісін шапшандатқанда, бір мезгілде жұмыс істейтін жабдықтарды көбейткенде, уақыт ұтып еңбек қарқындылығын арттыруға болады.

Ғылыми-техникалық революция жағдайында, өндірісті кешенді механизациялау және автоматттандырумен байланысты жұмысшының дене күшін жұмсауы азаяды, есесіне ой - ми энергиясын жұмсауы ұлғаяды. Жұмыс күнінің ұзақтығы қысқартылса, еңбек қарқындылығы артады, керісінше, жұмыс күнінің ұзақтығы артатын болса, еңбек қарқындылығы төмендеуі мүмкін. Ғылыми-техникалық революция еңбек сипатын өзгертті. Еңбектің мамандық дәрежесі өсті, кадрларды кәсіптік жағынан даярлауға кететін уақыт көбейді, өндірісте күрделі машиналар мен механизмдерді пайдаланумен байланысты адамдардың дене еңбегінің үлесі барған сайын азаюда, жұмысшы технологиялық процестің мәнін ұғынып, қымбат та күрделі жабдықтармен жұмыс істей алатын, өздігінен бастама көрсететін дәрежеге көтерілді. Жұмыс күні бойынша еңбек қажетті және қосымша болып бөлінеді. Жұмысшы жұмыс уақытының бір бөлігін өзін қажетті өнімдерді өндіруге жұмсайды. Бұл уақыт ішінде жұмсалған еңбек болып табылады. Алайда жұмысшы тек осындай көлемде өнім өндірумен шектелсе, қоғам одан әрі дами алмаған болар еді. Өндіріс көлемін ұлғайту және барған сайын жетілдіру, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, еңбекке жарамсыз адамдарға көмек көрсету, материалдық емес өндіріс салалары қызметкерлерінің қажеттіліктерін өтеу қоғамның міндеті. Сондықтан жұмысшыға қажетті жұмыс уақытынан тыс еңбек етуге де тура келеді. Мұндай уақыт ішінде жұмсалған еңбек-қосымша еңбек деп аталады. Бір ескеретін жәйт еңбектің қажетті және қосымша болып бөлінуі маркстік әдебиеттерге ғана тән, ал қазіргі батыстық экономикалық әдебиеттерде бұл жоқ.

Шаруашылық үрдістері жабдықтау, өндіру және сату деп алдыңғы тауарларда айтып өткен болсақ, осы өнім өндіру үшін қажеттілер еңбек заттары, еңбек құралдары, сондай - ақ жұмысшы күші екендігі белгілі. Тауарлық - материалдық қорлардың есебін қарастырғанда еңбек заттарының, негізгі құралдардың есебін қарастырғанда еңбек құралдарының есебі қалай жүргізілетіндігіне тоқталып өткен болатынбыз. Ал кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жүмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбекақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.

Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері :

1. Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау.

2. Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау.

3. Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау.

4. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау.

5. Жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу.

6. Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу.

7. Еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есепті беру.

Сонымен қатар еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет :

  1. Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
  2. Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.
  3. Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.

4. Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Жалақы-еңбек құнының (бағасының) ақшалай өлшемі. Қазақстан Республикасының аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық экономикаға көшу кезінде минимальды деңгейдегі еңбекақыны мемлекет кепілдендіреді және жоғарғы деңгейдегі еңбекақыға шек қойылмайды. Бұл еңбекті материалды ынталандырудың және еңбек өнімділігін арттырудың басты құралы болып, қоғамдық өндірісті тиімді дамытуға ықпал етеді.

Жалақыны дифференциялау және оның принциптері. Еңбек ақы деңгейі халық шаруашылығы саласына қарай өзіндік ерекшелігімен айқындалып, ол төрт принципке негізделген.

Бірінші принцип - еңбектін күрделігі. Күрделі, біліктілікті (квалификацияланған) еңбек жай еңбекке қарағанда молдау құнды құрайды және оған еңбек ақы жоғары болуы тиіс.

Екінші принцип - еңбек жағдайына қарай жіктеу. Еңбек жағдайы жеңіл және ауыр; қалыпты және зиянды болуы мүмкін. Сондықтан қалыпты жағдайда еңбек еткендерге қарағанда, ауыр әрі зиянды жұмыс істейтіндер жалақыны көп алуы қажет.

Үшінші принцип - еліміздің дамуын байқайтын экономиканың ең қажетті салаларында басқаларына қарағанда өсім мен ақы төлеу жоғары болады.

Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 9-қаңтардағы «Қазақстан Республикасы экономика саласындағы жұмысшыларға еңбек ақы төлеу туралы» қаулысына сай, жалақыны есептегенде қолданып жүрген салалық, аудандық коэффиценттер мөлшері сақталады. Таулы, құмды және сусыз жерлердегі жұмыс үшін, экономикалық келеңсіз аймақтарда тұратындарға коэффиценттер сақталады.

Төртінші принцип - жұмыскер өзі еңбек ететін жердегі және жалпы

ұжымның еңбек нәтижесімен байланысты.

Жалақыны ұйымдастырудың негізгі принциптері тарифтік жүйеде бейнеленген. Еңбек сыйпатының сандық және сапалығын есепке ала отырып, тарифтік жүйе жалақыны ұйымдастырады және реттейді .

Жалақы - еңбек үшін оның күрделілігіне саны емес, сапасына сәйкес төленетін сый ақы немесе табыс.

Орташа жалақы дегеніміз- қызметкерлердің өткен уақыт ішінде алған нақты жалақысынан есептелген еңбек ақы төлемінің мөлшері деп түсінеміз. ҚР-ның «Еңбек туралы» Заңы бойынша орташа жалақы есептеп шығарудың әртүрлі ережелері пайдаланады, сол бойынша мемлекеттік және коғамдық міндеттерді орындаған уақыт үшін басқа жұмысқа ауысқан кезде донорлық міндеттерді орындаған уақыт үшін, жұмыстан шығарылған кезде жәрдем ақы ретінде жұмыстан амалсыз қалған уақыт үшін, кезекті және қосымша демалыс уакыттары үшін, пайдаланылмаған демалыс үшін, өтем ретінде оқуға демалыс уақыты үшін, жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдем ақы ретінде төлемдер төленеді. Орташа жалақыны есептеп шығарудың негізінде қызметкерлер өзінің негізгі жұмысын жалғастырып істеп берген жағдайда қанша жалақы алатын болса орташа жалақыны да сол мөлшерде анықтау мақсаты сақталады. Ай сайын өзгермейтін тұрақты мерзімдік төлем алып тұратын қызметкерлер үшін орташа жалақы белгіленген айлық сол ақыдан анықталады. Еңбек төлем ай сайын өзгеріп тұратын қызметкерлерге орташа жалақы төленер айдың алдындағы календарлық 12 ай бойынша есептеледі. Ал демалыс үшін төленетін төлем қызметкерлерге (календарлық емес) жұмыс жылында бір рет беріледі. Демалыс жұмысқа қабылданған күннен бастап есептеледі. Қызметкер сол кәсіпорында 11 ай үзіліссіз жұмыс істегеннен кейін демалыс алуға құқылы, демалыстың ұзақтығы жұмыс істеп жүргендердің әртүрлі категориялары бойынша ұжымдық шартқа және заң күші бар ережелерге сәйкес белгіленеді. Демалыс төлемін 12 календарлық айдағы жалақы есебінен осы кезеңге тиесілі белгіленген үстемелермен қосымша ақыларды және сыйлықтық орташа мөлшерлікті ескере отырып төлейді.

Заң жүзінде еңбеккерлердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай нысандағы төлем), олардың заңмен арнайы есептеу тәртібі белгіленген (зейнетақыны, азаматтардың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды есептеу кезінде және олардың еңбек міндеттемесін орындау кезінде) кезде:

- ұйымдар жойылған жағдайда жеке еңбек шарты бұзылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқарған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін;

- үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді армияға шақырғанда;

- пайдаланбаған демалыс үшін компенсациялық төлем немесе демалыс ақысын есептеу үшін;

- қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау үшін;

-басқада әлеуметтік төлемдер жасау үшін.

Орташа жалақы - бұл белгілі -бір уақыт кезеңіне еңбеккерлердің жалақысынан алынған орташа жалақының деңгейі (сағатқа, күнге, айға, жылға) . Оны есептеу үшін он екі календарлық айлар және сол айлардағы тиесілі төлемдер алынады. Бұл кезеңді есептік кезеңнің ұзақтығы депте атайды.

Орташа жалақы белгілі-бір кұбылыстармен байланысты жағдайларды есептеу үшін қажет, мысалға: ұйымдар жойылған жағдайда, босанғандарға компенсация есептеу үшін, әртүрлі жәрдемақылар есептеу үшін және уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін т. б. Барлық жағдайда есептік кезеңнен ҚР-ң заңымен белгіленген мереке күндері, есептеу кезінде есепке алынбайды. (Заңмен белгіленген мереке күндері: 1-2 қаңтар, 8, 22-наурыз, 1, 9-мамыр, 30-тамыз, 25-қазан және 16-17 желтоқсан) .

Бұл күндер демалыс күндерімен сәйкес келген жағдайда келесі күн жұмыс күні болып саналады. Қызметкерлердің орташа жалақысын есептеу үшін орташа күндік, немесе орташа сағаттық жалақысы алынады. Орташа еңбек ақыны есептеу барысында төлем жүйесінде қарастырылған әрі тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені, қосымшаны және басқада марапаттау төлем түрлерін ескереді. Орташа жалакы есептік кезеңдегі нақты істеген уақытынан да анықталуы мүмкін. Демек орташа жалақына есептеудің екі жолы бар, ол біріншісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбек ақы алынса, ал екіншісінде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні үшін есептелген жалақысы алынады.

Қызметкердің негізгі құқықтары мен міндеттеріне жұмыс беруші мен «Еңбек туралы» заңда белгіленген тәртіппен және жеке еңбек шартын жасауға, өзгертуге, тек еңбегі үшін қандай да болсын кемітусіз тең ақы алуға, қауіпсіздік пен гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына кәсіптік одақтарға немесе басқа да қоғамдық бірлестіктерге өз еркімен мүше болуға өзінің еңбек міндеттерін атқаруға байланысты денсаулығына немесе мүлкіне келтірілген зиянды кепілдіктер мен төлем ақылар алуға еңбек дауларын талаптардың келісуімен немесе сот тәртібімен шешуге, жұмыс берушіден жеке еңбек шартында тараптың атынан өкілдік ететін лауазымды адамдардың өкілеттілігін растауды талап етуге, ұжымдық шартпен және жұмыс берушінің актілерімен танысуға өзінің кәсіби біліктілігін арттыруға құқығы бар.

Кәсіпорын қаражаты есебінен берілетін жәрдем ақылар, бұған жататындар: жұмыс көлемінің қысқаруына немесе жұмыс сипатының өзгеруіне байланысты (кәсіпорын таратылған кезде қызметкерлер саны, штат қысқарған жағдайда сондай-ақ өндірістегі жазатаным жағдайының кесірінен жұмыстан шығарылған немесе кәсіби ауруға шалдықкан жағдайларда) жұмыстан босатылған қызметкерлерге еңбекке берілетін жәрдем ақы.

Кәсіпорыннның қызметкерлері акциялар бойынша өкімге есептелген сала ретінде алған табыстар және қызметкерлердің ұйым меншігіне қатысуынан түскен басқадай табыстар (дивиденттер, проценттер, үлестік жарналар бойынша төленетін төлемдер) жалақы құрамына енгізілмейді. Еңбек жөніндегі қорытынды есеп бергенде бөлек көрсетіледі.

Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындауға міндетті уақыт- жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмыс уақытының калыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келісімі бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы 40 сағаттан аз болуы мүмкін. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы 14 жастан 16 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 24 сағаттан 16-18 жасқа дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан аспайтын, ауыр дене жұмыстарында жеке еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін қызметкерлер үшін аптасына 36 сағаттан болып белгіленеді.

Қызметкерлер үшін 2 демалыс күні бар 5 күндік жұмыс аптасы белгіленеді. 5 күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы жұмыс берушінің актісі мен немесе жұмыстың ерекшелігін еңбек ұжымының пікірін ескеріп және жұмыс аптасының белгіленген ұзақтығын сақтай отырып жұмыс беруші бекіткен ақысын төлей отырып белгіленеді. Кәсіпорынның сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша 5 күндік жұмыс аптасын енгізу орынсыз ұжымдарда 5 күндік демалысы бар алты күндік кезінде күнделікті жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7 сағаттан аспауы керек, ал апталық норма 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы керек. Бес күндік немесе алты күндік жұмыс аптасы еңбек немесе ұжымдық шарттың талаптарымен жұмыс беруші өзі белгілейді.

Кәсіпорында кешкі сағат 22-00 ден таңғы 6 дейінгі жұмыс уақыты - түнгі уақыттағы жұмыс болып саналады.

Есепті кезең ішіндегі жұмыс уақыты сағаттарының жиынтық осы кезеңдегі сағаттардың нормасына тең болуы мүмкін.

Жұмыс уақытының жиынтық есебін жасаған кезде кызметкерлердің осы санаты үшін белгіленген орташа жұмыс күні мен жұмыс аптасының ұзақтығы сақталуға тиісті шектелі кезең есепті кезең болып танылады. Жұмыс уақытының жиынтық есебін қолдану тәртібі жұмыс берушінің актілерімен айқындалады және ұжымдық шартпен белгіленеді. Күнделікті жұмыс ішінде қызметкерге демалу және тамақтану үшін жинақтап алғанда ұзақтығы 1 сағаттан кем болмайтын үзіліс берілуге тиіс. Бұл үзіліс жұмыс уақытына енгізілмейді және қызметкер оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Үзіліс беру уақытымен оның ұзақтығы жұмыс берушінің актілерінде жеке еңбек және ұжымдық шарттарда белгіленеді. Өндіріс жағдайлары бойынша үзіліс беру мүмкін емес жұмыстарда жұмыс беруші қызметкерге жұмыс уақытында демалумен тамақтану мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндеттенеді. Мұндай жұмыстардың тізбесі демалу және тамақтану тәртібімен, орны жұмыс берушінің актілерінде белгіленеді. Жылдың суық мезгілінде ашық далада жылу өзгермейтін жабық үй-жайларда жұмыс істейтін жүк тиеу, түсіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерге жылыну және демалу үшін арнайы үзілістер беріледі. Арнаулы үзілістер жұмыс уақытына қосылады. Жұмыстың бітуі мен оның келесі күнде босатылу арасындағы қызметкерлердің күн сайынғы демалысының ұзақтығы 12 сағаттан кем болмауға тиіс. Сондай-ақ қызметкерге демалыс күндері (апта сайынғы үзіліс демалыс уақыты беріледі) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру
Персоналмен еңбекақы бойынша есеп айырысу
Қызметкерлерге еңбекақы төлеу
Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері
Еңбек және еңбек ақы төлемдерін ұйымдастыру жолдарын жетілдіру
Бюджеттік ұйымдардағы бухгалтерлік есептің ұйымдастыру
Еңбекақыны есептеу
Контал жауапкершіліг шектеулі серіктесмтігінде еңбекақы төлеудің есебі
Еңбек ақының экономикалық мәні және оны жетілдірудің жолдарын қазіргі заманғы ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріне шолу жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz