Еріксіз тербелістердің амплитудасы, тербеліс периоды



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1. Электромагниттік тебелістер - контурдағы ток күшінің периодты түрде өзгеру процесі
1.1 Электромагниттік тербелістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Еріксіз тербеліс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2. Сыртқы периодты күштің ықпалынан жасалатын тербелістер - еріксіз тербелістер
2.1 Еріксіз тербелістің дифференциалдық теңдеуі және оның шешуі ... ... ... .13
2.2 Еріксіз электр тербелістер.Резонанс құбылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
2.3 Еріксіз тербелістердің амплитудасы, тербеліс периоды ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29

Аннотация
Бұл куpстық жұмыстa eріксіз тepбeлiстep, еpiксiз тepбeлiстepдiң физикaлық мaғынaсы жайлы тepeңірек aшылып, тaбиғaтпен epіксіз тepбeлістepді бaйланыстыpa отыpып түсіндіpілeді.Epіксіз тepбeліс дeгeнiміз - қандaй дa біp жүйeдe пepиодты түpде сыpтқы күштің әсepінен пaйда болaтын тepбeлісті айтамыз(мысал келтіретін болсам:aйнымалы мaгнит өрісі әсepінен болaтын тeлeфон мeмбрaнaсының тepбeлісі жәнe тағы басқа).Epіксіз тepбeлістің сипaты сыpтқы күштің тaбиғaты мен жүйeнің өзінe тән қaсиeттеpі aрқылы aнықтaлaды. Қандай да бір сыpтқы күштің болуы -- epіксіз тepбeлістің қозуы мен болуының қaжeтті шаpты болып табылады.Пepиодты сыртқы күштiң туындауынан eрiксіз теpбeлістің сипаты бастапқы кeздe уақытқа байланысты өзгeрeді.Тeк шaмaлы уaқыт өткеннен кeйін, жүйeде пepиодты сыpтқы күштің пepиодына тeң epіксіз тepбeліс қaлыптaсaды (оpныққaн eріксіз тepбeліс). Дepбeс жағдaйдa, сыpтқы күштің (жиілігі жүйенің меншікті теpбеліс жиілігіне жуық) әсеpінен сызықтық теpбeлмeлі жүйeдe epіксіз тepбеліспeн біp мезгілдe мeншікті (еркін түpдегі) тepбeліс пaйдa болады.Тepбeлістің бастaпқы кезіндe ол тepбeлістepдің aмплитудaлapы біp-біpінe тeң болaды, ал фaзaлaры қapaмa-қapсы болып келеді. Содaн, меншікті тepбeліс біpтіндeп өшкeннeн кeйін, жүйeдe тeк оpныққан epіксіз тepбeліс қaлaды.Сондықтaн тepбeлмeлі жүйeдe мeншікті тepбeліс нeғұрлым epтepeк өшсe, соғұpлым сол жүйeде оpныққaн eріксіз тepбeліс тезіpeк орнығады.

Кіріспе
1.1Зерттеудің өзектілігі:
Қазіргі таңда өзіміз куә болып отырғанымыздай ғылым мен білімнің дамуы адам баласы үшін зор ықпал етті.Дегенменде қанша дамығанымен болашақта проблемалар саны кемімейтін секілді.Жаңашыл жетістіктерге жетсек соғұрлым жаңа сұрақтар туындайды,ол да болса өмір талабы.Біздің дәуірімізге дейінгі VII-ғасырда өмір сүрген гректің философы Милет Фалестің жазғанына қарағанда, жүннен тоқылған матаға үйкелген янтарьдың жеңіл-желпі заттарды өзіне тартатындығын әуелде тоқымашы әйелдер байқаған.Бұл жаңалықты тек екі мың жылдан аса уақыт өткенде ғана, 1600 жылы ағылшын дәрігері Джильберт айқындап одан әрі зерттеген болатын.Ол осындай қасиеттерді янтарьмен қатар жібекке үйкеген шыныда және тағы басқа бірсыпыра заттардан байқалғанын ашты.Сөзбе-сөз айтқанда "янтарьланған" денелер.Грекше электрон сөзінің маңынасы-янтарь сөзді береді.Екі ғасырға таяу уақыттың ішінде XVII ғасырдың аяғына дейін денелердің электрленуін зертеу ісі жәймен дамыды да, сонымен бірге оның басқа табиғат құбылыстарын зертеумен ешқандай байланысы болмады.Негізі ғалымдар денелерді үйкелеу арқылы электрленген күйге келтіру және олардың арасындағы өзара әсер күштерін зерттеу ісімен ғана қанағаттанған еді.Электр жөніндегі ілімнің бұл бөлімі кейіннен электростатика деген атауға ие болды. 1789 жылы Гальвани токтың физиологиялық әсерін ашты.Ол жаңа ғана сойылған бақаны бел омыртқа нервтерінен мыс ілгекке іледі де, қылтиманың темір шарбағына ілген мезетте, бақаның бұлшық еттері әрдайым шарбаққа тиген уақытта жиырылып қалатынын байқайды.Электрленген денелер арқылы разрядтағанда бұлшық еттердің жиырлатыны оған дейін де таныс болғанымен біраз уақыт электрлік құбылыстардың біртұтастығы тағайындалмады да, жұрт электрлік құбылыстардың өзінің гальванилік электр және үйкеліс арқылы алынатын электр деп ажыратқан болатын.
Менің бұл тақырыпты таңдап алуымның басты себебі - ХІХ ғ. басында ғана электрлік құбылыстардың төтенше әрқилы болып келетінін көрсететін көптеген ірі жаңалықтар ашылды яғни: электр тогының пайда болу шарттары тексерілді, токтың жылулық және де магниттік әсерлері тағайындалды, диэлектриктердің ролі және тағы басқа да жаңалықтар анықталады. Электромагниттік индукция құбылысының ашылуы электромагниттік өріс жөніндегі біздің дүниетанымымызды яғни көзқарасымызды одан әрі тереңдетті.Бірақ мәселе тек мұнда ғана емес.Өзіндік индукция құбылысының арқасында зарядтың, ток күшінің және электр тізбектерін сипаттайтын басқа да шамалардың тербелуі мүмкін, мұндай тербелістерді электромагниттік тербелістер деп аталады. Маятниктің тербелісінің конденсатордың индуктивтік катушка арқылы разрядына мүлдем ұқсастығы жоқ секілді.Міне ашылған жаңалықтың бірі Электромагниттік тербелістер, Еріксіз электромагниттік тербелістер тақырыптарын тереңірек зерттеп, мағынасын ашу.
1.2 Зерттеу мақсаты:
Электромагниттік тербелістер , Еріксіз электр тербелістері және тағы басқа үғымдарды тереңірек, кқптеген оқулықтардың түсіндермесін жетік түсіне отыра,таңдалған тақырыпқа байланысты туындаған сұрақтарға толықтай жауап ұсыну.

1.3 Зерттеу міндеттері:
Электромагниттік еркіксіз тербелістердің, Өшетін электромагниттік тербелістің дифференциалдық теңдеуін қорытып шығару.

1.4 Зерттеудің негізгі сұрақтары:
# Электромагниттік тербелістер?
# Еріксіз электр тербелістері?
# Резонанс құбылысы?

1.5 Зерттеу нысаны:
Бұл тақырыпты зерттеу барысында Электромагниттік тербелістер терминімен және тербелістердің:еркін және еріксіз тербелістерге бөлінуін зерттеп, оның ішінде Еріксіз элетромагниттік тербелістер ұғымынмен танысуды басты нысан етіп алдым.

1.6 Зерттеу әдістері:
* Оқулықтар деректерін талдау
* Ғаламтор деректін сараптау және тағы басқа тәсілдер

1.7 Зерттеу жұмысының құрылымы:
Зерттеу жұмысы:
:: Кіріспе бөлімінен;
:: Негізгі бөлімнен;
:: Қорытынды бөлімнен;
:: Пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады
Кіріспе бөлім екі бөлімге,негізгі бөлім үш бөлімге бөлінген.

Электромагниттік тербелістер - контурдағы ток күшінің периодты түрде өзгеру процесі.
1.1Электромагниттік тербелістер
1.2 Еріксіз тербеліс
Тербелістер - тербелмелі жүйенің күйін сипаттайтын параметрлер уақыт бойынша қайталанатын процестер. Epіксіз тepбeліс дeгeнiміз - қандaй дa біp жүйeдe пepиодты түpде сыpтқы күштің әсepінен пaйда болaтын тepбeлісті айтамыз(мысалы, aйнымалы мaгнит өрісі әсepінен болaтын тeлeфон мeмбрaнaсының тepбeлісі жәнe тағы басқа).Epіксіз тepбeлістің сипaты сыpтқы күштің тaбиғaты мен жүйeнің өзінe тән қaсиeттеpі aрқылы aнықтaлaды. Қандай да бір сыpтқы күштің болуы - epіксіз тepбeлістің қозуы мен болуының қaжeтті шаpты болып табылады.Пepиодты сыртқы күштiң туындауынан eрiксіз теpбeлістің сипаты бастапқы кeздe уақытқа байланысты өзгeрeді.Тeк шaмaлы уaқыт өткеннен кeйін, жүйeде пepиодты сыpтқы күштің пepиодына тeң epіксіз тepбeліс қaлыптaсaды (оpныққaн eріксіз тepбeліс).Дepбeс жағдaйдa, сыpтқы күштің (жиілігі жүйенің меншікті теpбеліс жиілігіне жуық) әсеpінен сызықтық теpбeлмeлі жүйeдe epіксіз тepбеліспeн біp мезгілдe мeншікті (еркін түpдегі) тepбeліс пaйдa болады.Тepбeлістің бастaпқы кезіндe ол тepбeлістepдің aмплитудaлapы біp-біpінe тeң болaды, ал фaзaлaры қapaмa-қapсы болып келеді.Содaн, меншікті тepбeліс біpтіндeп өшкeннeн кeйін, жүйeдe тeк оpныққан epіксіз тepбeліс қaлaды.Сондықтaн тepбeлмeлі жүйeдe мeншікті тepбeліс нeғұрлым epтepeк өшсe, соғұpлым сол жүйeде оpныққaн eріксіз тepбeліс тезіpeк қaлыптaсaды.
Еріксіз тербелістің амплитудасы әсер ететін күштің амплитудасы мен жүйедегі меншікті тербелістің сөну(өшу)дәрежесіне байланысты анықталады. Егер меншікті тербелістің өшу дәрежесі азырақ болса, онда еріксіз тербелістің амплитудасы әсер ету күшінің жиілігі мен жүйенің меншікті тербеліс жиілігінің ара қатынасына едәуір дәрежеде тәуелді.Сыртқы күштің жиілігі жүйенің меншікті жиілігіне жуықтаған уақытта еріксіз тербелістің амплитудасы кенеттен артып, резонанс құбылысы пайда болады.Сызықтық емес жүйелерде тербелісті меншікті тербеліске және еріксіз тербеліске ажырату әрқашан мүмкін бола бермейді.Механикалық тербелістерде маятникке сырттан периодты күш әсер етсе, ал тербелмелі контурда периодты кернеу әсер етеді. Мұндай тербелістер сыртқы мәжбүр етуші әсердің (кернеудің) жиілігіндей жиілікпен және сондай заңдылықпен жүреді. Бұл тербелістерді еріксіз тербелістер деп аталады. Мысалыға: айнымалы электр тогы еріксіз тербеліске жатады, өйткені,ол тізбекте айнымалы ток генераторынан алынған айнымалы кернеудің әсерінен пайда болады.Біз күнделікті тұрмысымызда жиілігі 50 Гц айнымалы токты қолданып жүрміз.Еріксіз тербелістер өшпейтін тербеліске жатады.Тербелмелі контурда еркін тербелістер өшпейтіндей болу үшін, жүйені энергия қорымен периодты түрде қамтамасыз ету керек.
Еріксіз тербелістер.Егерде денеге сыртқы периодты күш әсер еткен жағдайда, онда дене осы күш жиілігімен тербелетін болады. Мұндай кезде тербеліс амплитудасы уақытқа, дене тербелісінің меншікті жиілігіне, өшу коэффициентіне және мәжбүр етуші күш жиілігіне Focos wt тәуелді. Уақыттың бастапқы кезінде амплитуда шамасына меншікті жиілік әсер етеді - тербеліс амплитудасының периодты түрде өзгеруі, яғни соғу пайда болады. Тек қандай да бір уақыт өткен соң тербеліс амплитудасы орнығады.Меншікті жиілік пен мәжбүр етуші күш жиілігі сәйкес келген кезде тербеліс амплитудасы бірден өседі.Жиіліктер сәйкес келгендегі амплитуданың өсуі резонанс деп аталады.Резонанс кезіндегі тербеліс амплитудасының шектелуі екі себеп арқылы анықталады: кедергі күшінің болуы (өшу коэффициенті) және меншікті жиілік пен мәжбүр етуші күш жиілігінің арасындағы айырмаға әкелдіретін амплитуданың жиілікке тәуелділігі.
Еріксіз тербеліс - Жүйеге ықпал ететін сыртқы күш Fck - мына гармоникалық заңмен өрнектеледі:
Fck=F0sinωt
мұндағы:
F0-сыртқы күш амплитудасы;
ω -сыртқы күштің циклдік жиілігі;
Еріксіз тербелістің сипаты сыртқы күштің табиғаты және жүйенің өзіне тән қасиеттері арқылы анықталады.Сыртқы күштің болуы - еріксіз тербелістің қозуы мен болуының қажетті шарты. Периодты сыртқы күштің ықпалынан еріксіз тербелістің сипаты бастапқы кезде уақытқа байланысты өзгереді.Тек қандай да бір уақыт өткеннен кейін, жүйеде периодты сыртқы күштің периодына тең еріксіз тербеліс қалыптасады (орныққан еріксіз тербеліс). Дербес жағдайда, сыртқы күштің (жиілігі жүйенің меншікті тербеліс жиілігіне жуық) әсерінен сызықтық тербелмелі жүйеде еріксіз тербеліспен бір мезгілде меншікті (еркін) тербеліс пайда болады.Тербелістің алғашқы мезетінде ол тербелістердің амплитудалары бір-біріне тең де, ал фазалары қарама-қарсы болып келеді.Содан, меншікті тербеліс біртіндеп өшкеннен кейін, жүйеде тек орныққан еріксіз тербеліс қалады.Сызықтық емес жүйелерде тербелісті меншікті тербеліске және еріксіз тербеліске ажырату әрқашан мүмкін бола бермейді.
Еріксіз тербелістер деп - тербелмелі жүйеде периодты түрде өзгеретін күштің ықпалынан пайда болатын өшпейтін тербелістерді айтамыз.
Серіппелік маятник қозғалысының дифференциалдық теңдеуі мына өрнекпен өрнектеледі:
my''=-ky-βy'+Fmcosωt
y'+2δy'+ω02y=Fmmcosωt
мұндағы: ω -сыртқы әсер ететін күш жиілігі.
Дифференциалдық теңдеулер теориясынан біртекті емес теңдеудің жалпы шешімі оған сәйкес келетін біртекті теңдеудің жалпы шешіміне және біртекті емес теңдеудің y1=Acosωt-φ дербес шешімінің қосындысына тең болады.
(y1) қосылғышы тербелістің орнығуы деп аталады, ол алғашқы кезде ғана роль атқарып, уақыт өткен сайын кемиді, оны ескермеуге де болады.
Сонымен (y) функциясы орныққан еріксіз тербелістерді сипаттайды:

y=Fmmcosωt-arctg2δωω02-ω2ω02-ω22+4δ 2ω2

Еріксіз тербелістің амплитудасы мәжбүр етуші күштің Fm амплитудасына пропорционал және оның жиілігіне тәуелді яғни:

A=Fmmω02-ω22+4δ2ω2

Еріксіз тербелістер фазасы бойынша мәжбүр етуші күштен қалып қояды да, әрі қалу шамасы мәжбүр етуші күш жиілігі ω-ға тәуелді болады.
tgφ=2δωω02-ω2
Сыртқы күштің ω жиілігі жүйенің меншікті ω0 жиілігіне жақындаған кезде еріксіз тербеліс амплитудасының ең үлкен мәніне жету құбылысы резонанс деп, ал оған сәйкес келетін жиілік резонанстық жиілік деп аталады.
Периодты түрде өзгеретін күш әрекет ететін тербелмелі жүйеде периодты қозғалыс орнытады. Мұндай қозғалысты еріксіз тербелістер деп атайды.Еріксіз тербелістердің периоды мәжбүр етуші күштің периодына тең болады.Еркін тербелістер энергияның шығын болуына байланысты бір-бірден өшетінін көрдік.Ал еріксіз тербелістер болса, үйкелістің болғанына қарамастан, мәжбүр етуші күштің әрекеті бар болған жағдайда периодты болып табылады.Бұл еріксіз тербелістер кезінде үйкеліске шығын болған энергия жүйеге әрекет етуші периодты күш жұмысының есебінен үнемі толығып тұратындығымен түсіндіріледі.Ал еркін тербелістер кезінде жүйеге тек қозғалыстың алғашкы сәтінде ғана энергия қоры беріледі де, қозғалыс осы энергия қоры түгелдей таусылғанша ғана жалғасады.
Еріксіз тербеліс-қандай да бір жүйеде периодты сыртқы күштің әсерінен пайда болатын тербеліс.Еріксіз тербелістің сипаты сыртқы күштің табиғаты мен жүйенің өзіне тән қасиеттері арқылы анықталады. Сыртқы күштің болуы - еріксіз тербелістің қозуы мен болуының қажетті шарты болып табылады.Периодты сыртқы күштің ықпалынан еріксіз тербелістің сипаты алғашқы кезде уақытқа байланысты өзгереді. Тек белгілі бір уақыт өткеннен кейін, жүйеде периодты сыртқы күштің периодына тең еріксіз тербеліс қалыптасады (орныққан еріксіз тербеліс). Дербес жағдайда, сыртқы күштің (жиілігі жүйенің меншікті тербеліс жиілігіне жуық) әсерінен сызықтық тербелмелі жүйеде еріксіз тербеліспен бір мезетте меншікті (еркін) тербеліс пайда болады. Тербелістің алғашқы кезеңінде ол тербелістердің амплитудалары бір-біріне тең де, ал фазалары қарама-қарсы болып келеді. Содан, меншікті тербеліс бір-бірлеп өшкеннен кейін, жүйеде тек қана орныққан еріксіз тербеліс қалады.Сондықтан тербелмелі жүйеде меншікті тербеліс неғұрлым ертерек өшсе, соғұрлым сол жүйеде орныққан еріксіз тербеліс жылдам қалыптасады.Еріксіз тербелістің амплитудасы ықпал етуші күштің амплитудасы мен жүйедегі меншікті тербелістің өшу дәрежесіне байланысты анықталады. Егер меншікті тербелістің өшу дәрежесі азырақ болса, онда еріксіз тербелістің амплитудасы ықпал ету күшінің жиілігі мен жүйенің меншікті тербеліс жиілігінің ара қатынасына зор дәрежеде тәуелді болады.Сыртқы күштің жиілігі жүйенің меншікті жиілігіне жуықтаған мезетте еріксіз тербелістің амплитудасы кенет артып, резонанс құбылысы пайда болады. Сызықтық емес жүйелерде тербелісті меншікті тербеліс пен еріксіз тербеліске ажырату әрқашан мүмкін бола бермейді.Еріксіз тербелісті шығарып алуымыз үшін системаға периодты түрде өзгеріп тұратын сырттай әсер беру қажет болады. Электр тербелісі жағдайында, мұны контур элементіне тізбектей қосылған айнымалы электр қозғаушы күшін немесе контурды үзіп, жаңадан пайда болған контактіге айнымалы U кернеуін беру арқылы іске асыруымызға болады. Бірақта электр және механикалық тербелістердің арасындағы ұқсастықты соңыда дейін жүргізу үшін біз еріксіз электр тербелістерінің теңдеулеріне басқаша түр бере отыра, тағы да қарастырамыз.Тербелістің өшпеуі үшін энергияның шығынын толықтырып отыру қажет болады.Оның екі жолы бар.
Бірінші жолы - тербелмелі жүйеге периодты түрде сырттан ықпал ете отыра, энергияны толықтырып отыру.Механикалық тербелістердің маятнигіне сырттан периодты күш, ал тербелмелі контурда периодты кернеу ықпал (әсер) етеді. Бұндай тербелістер сыртқы мәжбүр етуші әсердің (күштің немесе кернеудің) жиілігіндей жиілікпен және де сондай заңдылықпен орындалады.Бұлар - еріксіз тербелістер.Мысалыға, айнымалы электр тогының өзі еріксіз тербеліске жатады, өйткені тізбекте айнымалы ток генераторынан алынған айнымалы кернеудің әсерінен пайда болады. Күнделікті өмірде яғни адамдар күнделікті тұрмыста жиілігі 50 Гц айнымалы токты пайдаланып жүрміз.
Өшпейтін тербелістердің екінші түріне автотербелістер жатады.Автотербелістер - еріксіз тербелістерден сыртқы периодты ықпалды керек етпейтінімен өзгешеленеді.Энергия көзі тербелмелі жүйеде болады да, шығынды толтыратын энергияның берілуін жүйенің өзі реттеп отырады.
Сонымен, автотербелістер дегеніміз - сыртқы периодты күштердің әсерінсіз жүйеде жүретін өшпейтін тербелістер.Автотербелістер жиілігі мен амплитудасы тербелмелі жүйенің құрылысына байланысты. Кез келген автотербелмелі жүйе мына бөліктерден тұрады: энергия көзі, тербелмелі бөлік ,клапан. Клапан немесе кілт тербелмелі бөлікке оның тербелістеріне сәйкес қажетті уақытта энергия көзінен келетін энергияны жіберіп, не жауып отырады. Бұл үдерісті тербелмелі жүйенің өзі автоматты түрде реттеп тұрады.Электрлік автотербелістердің мысалы ретінде транзисторлы генераторды қарастыратын болсақ.Ол тербелмелі контурдан, энергия көзінен және транзистордан тұрады.Ең алдымен, транзистор деген не екенін еске түсірейік.Транзистор - өткізгіштігі әр түрлі үш жартылай өткізгіштен яғни:эмиттерден, базадан және коллектордан тұратын триодты айтамыз.
Транзисторлар р-п-р немесе п-р-п типтес болады.Эмиттер және коллектордың негізгі заряд тасушылары бірдей (мысалыға кемтіктерді жатқызамыз), ал базаның негізгі заряд тасушыларының таңбасы оған қарама-қарсы (мысалыға электрондарды жатқызамыз).Транзистор энергия көзін қосып тұратын клапанның (кілттің) рөлін атқарады.Транзисторлы генератор жоғары жиіліктегі (өлшемі МГц) тербелістерді шығарады, сондықтанда кілт өте тез жұмыс істеуі керек және ол инерциясыз болуы керек.Транзистор жалпы шарттарды толық қанағаттандырады. Ал енді генератордың жұмысын айтар болсақ.Тербелмелі контурдағы энергия шығынын толықтыруымыз үшін оған тұрақты кернеу көзін қосамыз.Егер ол тербелмелі контурға үнемі қосулы тұрса, периодтың жартысында (кернеу көзінің оң полюсіне конденсатордың оң зарядталған астары қосулы тұрған мезетте) конденсаторды үстемелеп зарядтайды да, ал периодтың екінші жартысын конденсатор астарларындағы зарядтың таңбасы өзгеріп, конденсатор разрядталады. Басқаша айтар болсақ, тербеліс периодының бірінші жартысында энергия контурға берілсе, екінші жартысында кернеу көзіне қайтадан беріледі. Әлбетте мұндай жағдайда кернеу көзі энергия шығынын толтыра алмайды.Ал, егер кернеудің көзі тербелмелі контурға периодты түрде, конденсатордың оң полюске қосылған астары оң зарядталып тұрған кезде ғана қосылсатын болса, конденсатор тек кана үстемелеп зарядталып отырады.Онда тербелістер өшпейді екен. Кілтті (яғни транзисторды) осылай қолдану үшін кері байланыс керек.Ол үшін индуктивтік катушканы қолдануға болады. Генератордың жұмыс істеу принципін ұғыну үшін оның схемасын карастыратын болсақ.Тұрақты кернеу көзі тербелмелі контурға транзистор арқылы жалғанған. Транзистордың Б базасы n-типті жартылай өткізгіш, ал К коллектор мен Э эмиттер р-типті жартылай өткізгіштен жасалған болсын. Эмиттерге оң потенциал, ал коллекторға теріс потенциал берілген. Эмиттер - база - өтуі тура болса, ал база - коллектор - өтуі кері болады да, тізбекте ток мүлдем жүрмейді.Тізбекті тұйықтауымыз үшін базаға эмиттермен салыстырғанда теріс потенциал беруі қажет және осы кезде конденсатор үстемелеп зарядталу үшін оның үстіңгі астары оң зарядталуы тиіс. Конденсатордың үстіңгі астары теріс зарядталып тұрған уақытта тізбектегі токтың болмауы қажет. Ол үшін эмиттермен салыстырғандағы базаның потенциалы оң болуы тиіс.Сөйтіп, тербелмелі контурдағы конденсаторды керек кездерде үстемелеп зарядтап, энергия шығынын толықтыру үшін эмиттерлік кернеу контурдағы кернеудің тербелістеріне сәйкес таңбасын периодты түрде ауытқып отыруы қажет. Жоғарыда айтылған кері байланыс, міне, осы үшін қажет екен. L2 индуктивтік катушка эмиттерлік өтуге қосылған. Бұл катушка тербелмелі контурдың L1 катушкасымен индуктивтік байланыста болады. Электромагниттік индукция құбылысының нәтижесінде L1 катушканың магнит өрісінің тербелістері L2 катушкадағы кернеудің тербелістерін тудырады, сондықтан да эмиттерлік өтуде кернеудің тербелістері туындайды. Тізбек қаажет уақытта тұйықталып тұру үшін эмиттерлік өтудегі кернеу тербелістерінің фазасын дұрыстап реттеп алу тиіс. Контурдағы энергия шығыны энергия көзінен келген энергиямен теңгерілгенше тербеліс амплитудасы өсе береді. Нәтижесінде өшпейтін стационар тербелістер режимі орнығады.Олар радиобайланыстарда, теледидарларда, ЭЕМ-ларда және тағы басқа жерлерде қолданылады.Электромагниттік тербелістер тірі жанның ағзасына пайдалы әрі зиянды әсерін тигізуі ықтимал.Адам ағзасының кез келген мүшесінің өзіне тән резонанстық жиілігі болады.Сыртқы тербелмелі ықпалдың жиілігі резонанстық жиілікпен тура беттескенде солқылдау байқалады, ал оның нәтижесі амплитудаға тәуелді болады. Электромагниттік сәулеленудің өзі адамның психикасынада ықпал ететіні айқын дәлелденген.
Қазіргі таңда медицина саласында өте жоғары жиіліктегі электромагниттік тербелістерді пайдаланатын емдік тәсілдер барған сайын кеңінен таралуда. Сонымен бірге оптикалық диапазондағы электромагниттік тербелістерің өзі емдеу, диагнозды анықтау мақсатында қолданыста.

2.1 Еріксіз тербелістердің дифференциалдық теңдеуі және оның шешуі

Іс жүзінде тербелуші жүйеге энергия берілмеген жағдайда, онда кез-келген тербеліс сөнеді.Себебі ортаның кедергісін жою үшін қандай да бір энергия жұмсалады. Осы жұмсалған энергияны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еріксіз тербелістердің жиілігі
Мектепте физика курсын оқытуда физикалық есептерінің алатын орны
Еріксіз тербелістер, амплитудасы және тербеліс периоды
Оқушыларды табиғаттағы тербелмелі және толқындық құбылыстарды меңгертуде жасалынатын физикалық практикумдар және оны ұйымдастырып өткізудің әдістері
Тербелмелі қозғалыс
Механикалық тербелістер, механикалық толқындар
Физикалық маятник
Жаңа буын оқулығы бойынша электрондық оқулық (9-сынып)
Тербелмелі қозғалыстар. Тербеліс параметрлері. Резонанс
ГАРМОНИКАЛЫҚ ТЕРБЕЛІСТЕРДІҢ ГЕНЕРАТОРЛАРЫ
Пәндер