Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық Цифрлық Технологиялар,Сәулет және Құқық колледж

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: Байланыс кәсіпорындарының экономикасы және кәсіпкерлік қызмет негіздері

Тақырыбы:Еңбекақы төлеуді ұйымдастыру

Орындаған:Жүсіпова С.Қ.

Тексерген:Қаржауова Л.М.

Орал 2020ж

Мазмұны
Кіріспе
І.Кәсіпорындағы еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеу және ұйымдастыру жүйесі
1.1.Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны төлеу нысандары мен жүйесі
2.2.Еңбекақы есебінің нормативті базасы.Еңбекақыны жоспарлау және реттеу
2.3.Еңбекақы есебінің басты мақсаттары
ІІ. Кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбек ақысын талдау
2.1. Адам құрамының есебі және жеке еңбек шарты
2.2. Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты қосымша төлемдер есебі
2.3. Еңбекақысының талдамалық (аналитикалық) және топтамалық (синтетикалық) есебі
ІІІ.Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
3.1. Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі
3.2. Қосымша жалақыны құжатпен ресімдеу және реттеу
3.3. Қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы арқылы ұсталуға болатын ұсталымдар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 17 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.Сондықтан бұған дейін ынта - ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарда қалыптастырудың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі экономиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі менеджер мен экономист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс.
Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті мамандар жинақталады.Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес - жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджемен іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді.Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компетентілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болады.
Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білгендері қажет.
Курстық жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда, елдің экономикасы кәсіпорындарға ікелей байланысты болып келеді. қызмет түріне қарамастан әрбір кәсіпорында қызметкерлердің жұмысын бағалауға, еңбекақысын есептеп көп көңіл бөлінеді. Еңбекақы есептеу тәртібі - кәсіпорын бухгалтериясындағы ең маңызды және жауапкершілігі мол операциялардың бірі. Еңбекақы - бұл қызметкердің жасаған жұмысының саны мен сапасына,өндірілген қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
Курстық жұмысының маңыздылығы. Нарықтық шаруашылық жүйесіне өзгеру нәтижесінде елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайымен қоса, кәсіпорындағы жалақыны төлеу, әлеуметтік жәрдемақылар және қызметкерлерді қорғау саясаты да елеулі өзгерістерге ұшырайды.Мемлекеттің осы мәселеге байланысты функциялары кәсіпорындарға түгелімен жүктелген.Оған формалар, еңбекақы төлеудің жүйелері мен мөлшері, материалдық қалыптастыру жатады.
Курстық жұмысының міндеттері. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру, соның ішінде:
еңбекақы ұғымы, негізгі элементтері және қоғамдағы маңызы;
еңбекақының төлеу нысандары, есептеу тәртібі,
еңбек жағдайының ауытқуына байланысты төлемдер есебін жүргізу;
қосымша еңбекақы есебі, оны құжатпен реімдеу және реттеу;
еңбекақыдан ұсталуға тиісті төлемдер.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы еңбекақының қоғамдағы орнын, мемлекет және кәсіпорын жағынан реттелінуін, еңбекақы ұғымын, еңбекақы төлеудің басты элементтеріне тоқталып, есептермен дәлелдеймін.
Екінші тарауда, Қызметкерлерге еңбекақыны есептеу тәртібін, яғни қызметкерді жұмысқа алу тәртібі, оған жалақы тағайындау, еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты қосымша төлемдер есебін жүргізу және еңбекақы есебінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру туралы айтылған
Үшінші тарауда, еңбекақының қосымша төлемдерін есептеп шығару, оны құжаттармен ресімдеу және реттеу және кәсіпорын бухгалтериясында ұсталуға болатын ұсталымдарды ұстап қалу иәселесі қарастырылған.
Курсттық жұмысын жазудағы мақсатым - еңбекақы төлеу есебінің теориялық зерттеуі болып табылады. Алдыма келесі мақсаттарды қойдым:
кәсіпорындағы еңбекақы төлеу есебін қарастыру;
еңбекақы және басқадай төлемдерді төлеу есебін зерттеу;
еңбекақыдан белгілі бір себептерге байланысты ақша ұстап қалу жағдайлары талдау.
Курстық жұмысының зерттеу пәні - кәсіпорындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебі. Осы жұмыс көбіне еңбекақы төлеу нысандарына, еңбекақыдан ұстап қалу төлемдеріне, қосымша еңбекақы түрлеріне кеңінен ашылып жазылған.
Курстық жұмысының зерттеу объектісі - Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары негізінде толық мәліметтер мен жазылды.
Курстық жұмысының әдістемелік құралы, ақпараттық базасы - Осы жұмыстың теориялық және методологиялық басы заңнамалық құжаттар, нормативті-хал актілері, монографиялық еңбектер, оқулықтар, электронды порталдардың мәліметтері қолданылды.
І .Кәсіпорындағы еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеу және ұйымдастыру жүйесі
Еңбекақы ұғымы және еңбекақыны төлеу нысандары мен жүйесі.
Нарықтық шаруашылық жүйесіне өзгеру нәтижесінде елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайымен қоса, кәсіпорындағы жалақыны төлеу, әлеуметтік жәрдемақылар және қызметкерлерді қорғау саясаты да елеулі өзгерістерге ұшырайды.Мемлекеттің осы мәселеге байланысты функциялары кәсіпорындарға түгелімен жүктелген.Оған формалар, еңбекақы төлеудің жүйелері мен мөлшері, материалдық қалыптастыру жатады. Еңбекақы ұғымы жаңа мағыналарға ие болды .Және де барлық жалақының түрлерін қамтиды.Оның ішінде сыйақылар, қосымша төлемдер, әлеуметтік жәрдемақылар және қызметкерлерге жұмыстан тыс уақытында есептелінген сомалар, яғни демалыс күндеріне төлемдер жатады.
Нарықтық қатынастарға көшкеннен қызметкерлерге жалақының жаңа формаларына қол жетті.Оның ішінде кәсіпорынның акцияларын мен облигацияларын сатып алу, соған байланысты дивиденттер алу болып табылады.
Еңбекақы ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастарның дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалады.
Олардың қазіргі нарықтық реалияға қаншалықты сәйкес келетіндігі еңбекақының негізгі қызметтеріне байланысты.
Соған байланысты, әрбір қызметкердің жалақысы тек кәсіпорынның нәтижесіне байланысты , салықтық органдар қарастырады деп айтуға болады.
Еңбек қатынастарын ұйымдастырудың заңдық жарғысы, соның ішінде еңбекақы төлеу, кәсіпорынның ұйымдық келісім шарты негізінде қалыптасқан, және онда барлық төлем көрсетіліп тұрады.
Қазақстанда және басқа да елдерде кәсіпорын есебінің басты мәселесі бұл қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі болып табылады.Еңбекақы төлеу есебі - ең қиын және жауапкершілігі зор операциялардың бірі болып табылады.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде ең маңызды орын алады
Кез келген кәсіпорын, өзінің қызмет түріне қарамастан, қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін жүргізеді.Сондықтан да осы мәселе қашанда маңыздылығы жағынан бірінші орында болатыны сөзсіз.
Кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысы оған дейін жарғыда көрсетілген ставка бойынша , ал келісім шарт бойынша жұмысқа алынған қызметкерлерге - сол келісімшартта көрсетілген талаптарға сай төленеді.
Кәсіпорын жұмыстң нормаларын мен бағаларын өзі қарастырып, белгілі бір жағдайларға байланысты ол өзгерілуі мүмкін.
Жоғары дәрежеге жеткеніне, жаңа рационализаторлық әдістерді ойлап тауып, пайдаланғанға, қаражатты үнемдегеніне , өте жақсы жұмыс көрсеткеніне, үздіксіз стаж және кәсіпорын алдында басқа да жақсы жағдайлар жасағаны үшін қызметкерлерге үстемақылар төленеді.
Еңбекақы (жалақы) төлеудің маңызын қызметкерлерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы бұл - жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оынң ақшалай түрі болып табылады.Былайша айтуға болады - еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шғындардың бір бөлігі.
Қызметкер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты бөлігі болып табылады.Сонымен қатар еңбекақы қызметкерлердің және оның жанұя мүшелерінің әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып саналады.
Жалақы - атаулы және нақты болып екіге бөлінеді.
Атаулы табыс жалақысы - бұл қызметкердің белгілі кезеңдегі істеген еңбегі үшін есептелген және берілетін жалақысы.
Нақты жалақы - бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы - бұл атаулы жалақының сатып алу жарамдылығы.
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары болады. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін , тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудің ең басты нысаны болып табылады.Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нысаны сирек кездеседі. Мұндай нысанды ақша айналымы бұзылған кезде, құлдырау кезінде кең қолданады.
Еңбекақы төлеудің негізгі және қосымша түрлері бар.Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
1.Мерзімдік үдемелі және келісімді еңбекақы төлеу кезінде орындалатын жұмыстың сапасы немесе мөлшері үшін пайдаланатын уақыт үшін төлемдер.
2.Еңбекақының қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты төлемдер, яғни мерзімінен тыс жұмыстары үшн, түнгі уақыттарда, мереке күндерінде және тағы басқа уақытта жұмыс жасағаны үшін төлемдер.
3.Сыйлықтар, сыйақылар, үстемақылар және тағы басқалары.
Қосымша еңбекақы ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңда қарастырылатын, жұмыс жасамаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
1.Демалыс уақытына ақы төлеу;
2.Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындалған уақыттары үшін ақы;
3.Кішкентай балалары бар аналарға жұмыстары, үзілістері үшін ақы;
4.Жас өспірімдерге белгіленген жеңілдік сағаттары үшін ақы төлеу.
Еңбекақы төлеудің жүйесіне 3 негізгі элементтер кіреді:
1.тарифтік жүйе;
2.еңбек нормасы;
3.еңбекақы төлеу формасы.
Тарифтік жүйеге мыналар жатады: тарифтік мөлшерлеме, тарифтік тор, тарифтік коэффициенттер.
3. Қазақстанда еңбекақыны мемлекет тарапынан реттеу қалай жүзеге асуда?
Кәсіпорын қызметкерлерінің саны көбіне еңбек шығындары бағасының өлшемі қызметін атқаратын жұмыс уақыты нормасымен анықталады. Жұмыс уақыты - бұл қызметкерлердің еңбекке қатысу ұзақтығының заң мен тағайындалған өлшемі. Еңбек заңына сай Қазақстанда қалыпты жұмыс аптасының ұзақтығы 40 сағаттан аспауы тиіс, 5 күндік жұмыс аптасында 8 сағаттан, 6 күндік жұмыс аптасында 7 сағаттан, ал 1 күн 5 сағаттан белгіленген. Бұл норма 15 жастан 16жасқа дейінгі қызметкерлер үшін 24 сағаттан аспауы тиіс. 16 жастан 18 жасқа дейін 36 сағаттан артық болмауы тиіс. Зиянды жағдайлары бар еңбек атқарғанда жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 36 сағаттан аспауы қажет.
Нақты жұмыс істелген уақыт дегеніміз - жұмыс уақытын есепке алу тізімдігінде көрсетілген жұмыс уақыты.
Апталық жұмыс нормасының негізінде жылдық жұмыс уақыты анықталады. Ол күнтізбелік жұмыс уақытынан өзгеше болып келеді. Жылдық жұмыс уақытын анықтау үшін жұмыс уақытының баланысы құрылады. Оның құрылымы мынадай күйде есептелінеді:
Жұмыс уақытының күнтізбелік қоры (К) қызметкерлердің орташа тізімдік саны мен кезеңнің күнтізбелік күндері санының көбейтіндісі ретінде анықталады:
К=D*C,
Мұндағы D - кезеңнің күнтізбелік күндер саны;
Жұмыс уақытының табельдік қоры (Тф) мына формуламен есептеледі:
Тф=К-В-П,
Мұндағы В - барлық қызметкерлердің жыл бойына демалыс күндерінің саны;
П - қызметкерлердің жыл бойғы мерекелік күндерінің саны.
Жұмыс уақыты ауысымдық кестесін құрғанда жұмыс уақытын пайдалануды есептеу табелінде, еңбек нормаларын есептеген кезде және жалақыны есептегенде ескеріледі
Ауысым кестесі - бұл айдың күндерінде әр қызметкердің жұмыс уақытының басталуы мен аяқталуын реттейтін жоспарлы құжат.
Қызметкердің нақты жұмыс жасаған уақытын есептеу үшін жұмыс уақытының есептеу табелі жүргізіледі. Бұл табельді басшысы әр қызметкердің нақты жұмыс жасаған уақыты туралы деректер бойынша жұмыс күнінің аяғында күнбе-күн толтырады. Келесі айдың басында табельге басшының қолы қойылып, жалақы есептелінуі үшін бухгалтерияға тапсырылады. Жалақыны есептеуші бухгалтер 2 құжаттың табель мен кестенің сәйкестігін тексереді. Екеуінің арасындағы сәйкес келмеушлер жоспармен салыстырғанда жұмыс уақытының өзгергендігін, мысалы, мөлшерден тыс жұмыс, демалыс күнгі жұмыс және мереке күндері, прогулдар, сырқаттануға байланысты жұмысқа шықпау және басқа да жұмыс уақытының нормасына байланысты өзгерістердің болғандығын білдіреді. Бірақ, нормадан асқан сағаттарға жалақының төленуі үшін, осы жұмыстардың қажеттілігін растайтын кәсіпорын әкімшілігінің кәсіподақ ұйымы мен келісілген шешімі (бұйрығы,өкімі және т.б.) құжат болуын талап етеді.
Жұмыс аптасы, әдетте бес күндік, (күнбе күнгі жұмыс ұзақтығы 8 сағаттан және 2 демалыс күні бар) және алты күндік болады (күнбе күнгі жұмыс ұзақтығы 7 сағаттан аспайтын және 1 күн демалысы бар). Мереке күндері қарсаңында жұмыс уақыты 1 сағатқа қысқартылады.
Қызметкердің келісімімен мереке күнгі жасалынған жұмыс күнінің сағаты жұмыс уақытының нормасына кіргізілмесе басқа бір күні демалыс берумен алмастырылады, ақшалай өтемақы мереке күндері жұмыс жасаған нақты сағаттары үшін барлық қызметкерлерге төленеді. Басқа бір күні демалыс берілген жағдайда жалақы 2 есе түрде төленбейді. Нормаланған және нормаланбаған жұмыс күні бар қызметкерлердің мереке күнгі кезекшіліктері жақын 10 күн аралығында кезекшілік мерзіміне сай уақытқа отлуг (демалыс) берілумен өтеледі.
Мерзімнен тыс істелген жұмыстар болып, тағайындалған жұмыс уақытынан тыс істелген жұмыстар есептелінеді. Мерзімнен тыс жұмыстар тек мынадай ерекше жағдайларда рұқсат етіледі:
1.Елді қорғау ісіне қажетті жұмыстар атқарылғанда, сондай-ақ қоғамдық немесе табиғи апатты болдырмау үшін жұмыстар жасалынғанда;
2.Сумен, газбен, жылумен, жарықпен қамтуға қажетті жұмыстар жүргізілгенде олардың дұрыс қызмет етуіне кедергі келтірер кездейсоқ немесе күтпеген жағдайларды жою үшін;
3.Өндірістің техникалық жағдайларына байланысты күтпеген немесе кездейсоқ кідірістің салдарынан басталған жұмыстың тиісті жұмыс уақытында аяқталмай қалуынан туған қажеттілікке байланысты;
4.Жөндеу мен механизмдердің қалпына келтіру жөніндегі уақытша жұмыс жасағанда, егер олардағы ақаулардың кінәсінен еңбеккерлердің көп бөлігі өз жұмыстарын жалғастыра алмайтын болса;
5.Ауыстыратын қызметкерлер жұмысқа қалса, егер ол жұмысты үзіліссіз атқару қажет болса.
Тағайындалған ұзақтық дегеніміз - заңмен және ұйым жұмысының кестесімен немесе тәртібімен анықталған жұмыс уақытының ұзақтығы: 6 күндік жұмыс аптасы кезінде күнбе күнгі жұмыстың ұзақтығы тікелей заңмен тағайындалған. Сондықтан мерзімнен тыс болып бұл жағдайда (тағайындалған ұзақтықтан тыс) жұмыс күнінің сағатынан асқан уақыт, мысалы 7-ге тең, ал демалыс күндері қарсаңында - 6 сағатқа тең. Ерекше түрде заңда мерзімнен тыс деп қаралмаған және басқа тәртіпте өтелінетін жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс жасалынған мына жұмыстар танылады:
- нормаланбаған жұмыс күні қолданылатын тұлғалар орындайтын жұмыстар;
- қандай да бір ұйымда негізгі жұмысынан тыс 2-ші жұмысты қатар атқарғанда.
Түнгі уақыттағы жұмыс 22 сағаттан бастап таңғы сағат 6-ға дейінгі уақыт түнгі уақыт болып есептелінеді. Жүкті әйелдерді түнгі уақытта жұмыс істеуге тартуға олардың келісімімен ғана жол беріледі. Түнгі уақытта жұмыс істеуге 18 адамға толмаған адамдар мен түнгі уақытта жұмыс істеуге тыйым салатын медициналық қорытындысы болған жағдайда өзге де адамдар жіберілмейді. Тәуліктің түнгі мерзіміндегі жұмыстан, тек өндіріс жағдайына сай, үздіксіз технологиялық процестері бар өндірістерде, байланыс ұйымдарында, емдеу мекемелерінде, көлікте және т.б. Түнгі ауысым болып, жұмыс уақытының 50%-ы түнгі уақытқа сай келетін жұмыс саналады. Ұйым қызметкерлеріне түнгі жұмыс үшін 35% кем емес сағаттық тарифтік ставка (оклад) жоғарылатылған төле төлеу ұсынылады. Үздіксіз жұмыс жасайтын өнеркәсіп кәсіпорындары қызметкерлеріне түнгі жұмыс үшін 50% кем емес көлемде жоғарылатылған төлем тағайындау ұсынылады.
Нормаланбаған жұмыс күні мыналарға қолданылуы мүмкін:
- Басшы, әкімшілік-басқармашылық, техникалық және шаруашылық қызметкерлеріне;
- Жұмыс уақыты олардың еңбектерінің жағдайларының ерекшеліктеріне сай дәл есептеуге келмейтін тұлғаларға.
Ұйымдарда нормаланбаған жұмыс күні бар қызметкерлердің лауазымдары тізімдері қызметкерлердің өкілдерімен келісіп әкімшілік бекітеді және ұжымдық шартқа тіркеледі. Ерекше еңбек жағдайлары үшін (жүктеменің жоғарылығы және мерзімнен тыс жұмыстардың болуына сай) нормаланбаған жұмыс күні бар қызметкерлерге өтемақы ретінде ұзақтығы 12 күн болатын қосымша еңбек демалысы беріледі. Кей жағдайларда нормаланбаған жұмыс күні бар қызметкерлерге мерзімнен тыс жұмыс жасағаны үшін 15-тен 25% көлемінде айлық тарифтік ставкасының, жұмыс істеген уақытына қосымша ақы төленеді.
2. Еңбекақының жүйесі мен нышанын қазіргі заманғы түсінігінде, қызметкерлердің еңбегінің нәтижесі мен шығынының оған тиесілі жалақы көлемімен арақатынасының ұйымдастыру-экономикалық механизмдері ретінде анықтауға болады. Төлеу нышандары белгілі бір мерзім ішінде қызметкер жалақысының көлемінің оның еңбегінен алынған нәтижеге тәуелділігін орнату әдісі, ал еңбекақы жүйесі - осы тәулікті іске асыру технологиясы ретінде анықталады. Әр түрлі меншіктегі кәсіпорындарда еңбекақыны төлеудің 2 нышаны кең таралған: кесімді өнімнің әрбір бірлігі үшін немесе орындалған жұмыс көлеміне сай төлеу және уақыт бойынша жұмыс жасалынған уақытқа төлеу, бірақ күнтізбелік уақыт емес жұмыс уақытына, нормативтік заңмен реттелетін уақытқа төлеу.
Қазіргі уақытта кесімді төлеуден уақыт бойынша төлеу жүйесіне ауысу байқалып отыр.
Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты экономикалық категориялар мен олардың маңызына деген ықпал өзгерді. Еңбекақы ретінде (жалақы) жұмыс күшінің құнын, орындалған жұмыстың белгілі бір көлемі мен сапасы үшін сыйақының қандай ма болмасын нышаны танылады. Жұмыс күшінің құны деген түсінік жұмыс күші нарығында қалыптасып келе жатқан ұсыныс пен сұраныс арақатынасы аралығын ескере отырып, жұмыс күшін қайта өндіруге қажетті шығынның жеке деңгейін бейнелейтін жұмыс күші құнының ақшалай белгіленуі.
Жұмыс күші құны кәсіпорында, салада, аумақта, сондай-ақ жұмыс беруші нақты қызметкерлерді жұмысқа жалдаған кезде клісім-шарт жасауда жалақы салатын қалыптастырудың негізі бола алады. Өзінің кең мағынасында бұл термин әр түрлі қызметкерлер еңбекақысының төленуін қамтиды: әр түрлі мамандық иелері жұмысшылардың, жоғары квалификациялы мамандардың, еңбегі білім алу мен арнайы оқуды талап ететін мамандар, дәрігерлер, оқытушылар, заңгерлер және т.б. халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуші ұсақ кәсіпорындар иелерінің. Жалақының бұл түрде анықталуы жағдайында оған сыйақы және басқа да ақшалай сыйлықтар беру енгізіледі. Сөздің тар мағынасында жалақы деп, жалақы ставкасы, яғни, белгілі бір уақыт ішінде - күнде, сағатта және т.б. еңбек бірлігін пайдаланғаны үшін төленген ақы аталады. Бұл анықтама жалпы жалақылар мен нақты жалақыны ажыратуға мүмкіндік береді.
Әр қызметкердің еңбекақысын жұмыс беруші оның орындаған міндеттеріне сай анықтайды. Еңбекақы көлемінің әр қызметкерге әр түрлі болуы қызметкер еңбегінің күрделілігіне, мазмұнына және еңбектің нәтижесіне сай жүргізіледі. Сонымен, қызметкер үшін жалақы - бұл жеке табыс көзінің бастысы және негізгісі, жанұя игілігін арттыру құралы болып табылады. Ал жұмыс беруші үшін өз жұмысшыларының еңбекақысын төлеу бұл өндірістік тауарлар мен қызметкердің өзіндік құнындағы ең бір негізгі шығын статьяларын құрайтын, жалданбалы жұмыс күшін қолдануға шығындалатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек түсінігі және еңбекақы есебі
Еңбек және еңбек ақы сипаты. Еңбек ақыны есептеу
Қызметкерлердің еңбекақы есебі
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы мен жұмыс уақытынпайдалану есебі
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есеп
Өндірістегі еңбекақының төленуіне кеткен шығындардың есебі
Еңбекақы мен тариф жүйелері туралы
Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруы
Еңбектің және оның төлемақы есебенің принциптері туралы ақпарат
Еңбек ақы есебі
Пәндер