Зейіннің негізгі қасиеттері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ АТЫНДАҒЫ САРАН ЖОҒАРҒЫ ГУМАНИТАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Зейін және оның түрлері

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: БМ-9-17 тобының студенті

Мадибекова Ақниет

Ғылыми жетекшісі: Коранова А. М.

Курстық жұмысты қорғаған бағасы:

Хаттама № «__»20__ж

2021

Мазмұны

І. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім

1 бөлім Зейін, зейіннің теориялық негіздемесі

  1. Зейін туралы түсінік, зейіннің физиологиялық негізі зерттемесі . . .
  2. Зейін түрлері . . .
  3. Зейіннің негізгі қасиеттері . . .

2 бөлім Балада зейіннің дамуы және тәрбиелеу жолдарының практикалық негіздемесі.

2. 1. Зейінді дамыту мәселелері . . . 16

2. 2. Балада зейінді тәрбиелеу жолдары.

ІІІ. Қорытынды . . . 23

ІҮ. Қолданылған әдебиеттер тізімі.

І. КІРІСПЕ

Зейін және оның түрлері.

Зерттеу проблемасы. Қазіргі жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес - оқушы сын тұрғысынан ойлауын, зерттеу жұмыстарын жүргізуін, тәжірибе жасауын, коммуникативті қарым-қатынасқа түсуін, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуін, функционалды сауаттылығын арттыру, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыруын, өзін-өзі әділ бағалай алатын дағдыларын қалыптастыру үшін, ең алдымен баланың оқуға деген зейінің тұрақтандыруымыз қажет. Қазіргі таңда оқушының оқу іс-әрекетіне қызығушылықпен қарап, зейінің аудару өзекті мәселелердің бірі болып тұр десек те болады.

Зерттеу проблемасының өзектілігі. Қазіргі кезде зейін өзінің субъективті және объективті көріністерімен адамның психикалық іс-әрекетінің жүйелілігін талап етеді. Жүйелі психикалық іс-әрекеттің кез келген түрі: белсенді қабылдау, терең ойлау, естегі бейнеге шоғырлану немесе күрделі қозғалыстарды сапалы орындау - зейіннің қызметіне тәуелді. Зейін психологиядағы сана және ерік-жігер сынды іргелі ұғымдармен тығыз байланысты. Бүгінге дейін мектеп оқушыларындағы зейін психологиясының теориялық негіздері толық ашылмай, әсіресе эксперименталды зерттеулер қолданбалы дәрежеде жеткілікті қалыптаспаған. Сонымен қатар зейін психологиясында көптеген жетістіктерге қарамастан қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтар баршылық. Зейін психологиясына қатысты көптеген шешімін таппаған күрделі мәселелер де жеткілікті. Сол себепті зейін мәселесінің тағдыры мен оны шешу - психология ғылымының өзекті тақырыптарының бірі.

Зерттеу нысаны: Зейін және оның түрлерін оқу іс-әрекеті барысында тиімді жүзеге асыру.

Зерттеу пәні: Психология

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

  1. Отандық және шетел зерттеулеріндегі зейіннің психофизиологиялық, психологиялық теорияларын талдауда зейіннің анықтамасының, түрлерінің, қасиеттерінің психологиялық мазмұнын қазіргі психологиядағы ғылыми тұжырымдарын ескере жаңаша өңдеу.
  2. Оқушыларда зейін қасиеттерін дамытудың теориялық-әдіснамалық мазмұнын ашып, қолданбалы мүмкіндіктерін зерттеу.
  3. Зейін қасиеттерін (тұрақтылығын, шоғырлануын, ауысуын, бөлінуін, көлемін) тұлғаға-бағдарлай оқыту және оқушыларға көрнекілік құралдарды пайдалана отырып зейін деңгейін анықтау контексінде эксперименталды зерттеу.
  4. Зейін қасиеттерін дамытуға негізделген іс-әрекет үрдісін тиімді ұйымдастыру жолдарын сараптау.
  5. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін қалыптастыру және дамыту барысында туындайтын қиындықтарды сараптау мен оларды шешу мүмкіндіктерін зерттеу.
  6. Зейін қасиеттерін зерттеудегі әдістемелерді талдау негізінде зерттеудің кешенді жүйесін қалыптастыру.

Зерттеу гипотезасы: Оқушылардың зейінін дамыту барысында егер, мұғалім іске ынтасыз, енжар, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан жөнді нәтиже шығара алмайтыны сөзсіз. Ы. Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәламауы қажет, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауы тиіс» деген.
Балаға әсер етерлік психологиялық тактіні меңгеру мен өз мамандығына жетік болуы зейінді тәрбиелеуге қатысы бар фактордың бірі. Мұғалім даусының мәнерлі келуінің де зейінді тәрбиелеуге тигізетін әсері зор. Мұғалім сөзі анық, әрі құлаққа жағымды сыңғырлап тұруы қажет. Сыныпты меңгере алуы да басты рөл атқарады. Яғни, кейбір балалардың зейіні тұрақсыз болса, онда оқытушы сабақ беру барысында тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушылардың зейінің толықтай оқу іс-әркетіне аудара білуі қажет.

ІІ. Негізгі бөлім

Зейін, зейіннің теориялық негіздемесі

1. 1 Зейін туралы түсінік, зейіннің физиологиялық негізі зерттемесі. Психикалық іс- әрекеттің мақсат бағдарлы және нәтижелі болуы үшін адам ең алдымен өзінің ой- санасын істеп жатқан әрекеті сол әрекет нысанына тоқтата білуі қажет. Әдемі сурет салуға бекінген баланы көз алдыңызға келтіріңіз. Сурет затын, оның түр- түсі мен қағазға қалай орналасуын ойластырамын деп, жас суретшінің жұмысқа шомғаны сонша, тіпті ата- аналарының оған айтқан сөздерін мүлде аңғарар емес. Мұндайда бала зейінін істеп жатқан әрекетіне шоғырлады, назарын қажетті заттарына аударды, басқа заттардың бәріне алаңдамастан, өз керегімен шұғылданды дейміз. Келтірілген мысал адамның бір мезгілде әрқандай заттар туралы ойлап, әртүрлі іспен бірдей шұғылдана алмайтынының дәлелі. Сондықтан да оның санасы белгілі мезеттің әрбір бөлігінде өзіне қажет болған заттар мен құбылыстардың маңызды да мәнді тараптарына бағытталады. Ой- сананың бағытталуы деп, ең алдымен психикалық әрекеттің таңдамалылылқ сипатын, нақты объектті күні бұрын ниетті іріктеуін не оған мән бермеуін айтамыз. Зейінді болу үшін қандай да бір істің түрін таңдап алу жеткіліксіз, сол таңдауды тұрақтатып, сақтап қалу қажет. Зейін сөзі сонымен бірге біздің ой- санамыздың белгілі іс- әрекетке шоғырлануы немесе шому мағынасын да білдіреді. Зейін әдетте, адамның бет- дене қалпы мен қозғалыстарында көрінеді. Сырттай- ақ зейінді тыңдап отырған оқушыны зейінсізінен айыруға болады. Зейін табиғатын түсіндіруде Н. Н. Ланге ғылымда қалыптасқан келесі тұжырымдар тобын алға тартады: 1. Зейін қимылдық икемделудің нәтижесі. Мұндай пікір келесі негізде туындаған: зейіннің бір заттан екінші затқа ауысуы бұлшық ет қозғалыстарынсыз мүмкін емес, қимыл нәтижесінде ғана сезім ағзалары қабылдау үшін тиімді жағдайларға икемделеді. 2. Зейін сана аумағының шектеулі болуынан туындайды. Сана аумағы мен ауқымының қандай мәнге ие екенін түсіндіріп жатпастан, И. Герберт пен У. Гамильтон күшті елестердің әлсіз елестерді тежейтінін алға тартады. 3. Зейін- көңіл- күй нәтижесі. Ағылшын психологиясында кең өрісті дамыған бұл теория зейіннің алға қойылған ниетке тәуелділігіне негізделеді. Дж. Миль «ұнамды немесе жағымсыз сезімге не идеяға бөлену сол факторларға зейінді қатынас- екеуі де бір нәрсе»- деп тұжырымдайды. 4. Зейін өткен тәжірибенің жемісі, яғни адам білген, таныған затына ден қояды. 5. Зейін рухтық сананың ерекше белсенділік қабілеті. Зейін құбылысының таң қалған кей психологтар оны пайда болуы түсіндіруге келмейтін әу бастан бар белсенді қабілетпен баламалайды. Қазіргі заман психологтарының зейінді түсіндіруге байланысты пайымдаулары П. Я. Гальперин еңбектерінде келтірілген. Олар келесідей: - зейін бағыттау- зерттеушілік іс- әрекеттің бір кезеңі, осыдан зейін адам психикасында нақты бір мезетте пайда болған бейнелер мен ой мазмұнын тұрақтатуға бағышталған психологиялық әрекет; - белгілі өнім шығаруға бағытталған әрекеттен ерекше зейіннің өз алдына нәтижесі болмайды; - психикалық бақылау әрекеті ретінде танылған құбылыс тұрғысынан зейіннің әрбір нақты көрінісі жаңа ақыл- ес ептіліктерінің пайда болу ізімен туындайды. Жалпы айтқанда, зейін дегеніміз- бұл кісінің сезімдік, ақыл- ес және қимылдық белсенділігін көтеруге қажет дүниелік не идеалды нысанға сананың бағытталуы не шоғырлануы.

1. 2. Зейін түрлері

Өзінің пайда болуы мен іске асу жағынан, әдетте, зейін ырықсыз және ырықты болып екіге бөлінеді. Ырықсыз зейін- ең қарапайым және адамда алғашқы көрінетін психикалық процесс, оны сонымен бірге енжар, еріксіз деп те атайды, себебі ол адамның алдына қойған мақсатына тәуелсіз туындайды әрі әрекетке қосылады. Орындалып жатқан іс адамды өзінің қызықтылығы және тосындылығымен еріксіз баурап алады. Ырықсыз зейіннің пайда болу себептері әртүрлі, олар іс- әрекет иесінің дене- тәндік, психофизиологиялық және психикалық кейіп- қалпымен байланысты келіп, өзара ықпалды қатынасынан туындайды. Ол себептерді бірнеше категорияларға келтіріп қарастыруы мүмкін. Бірінші себептер категориясына тітіркендіргіш әсердің сипаты мен сапасы жатады. Олардың ішінде ең алдымен ескеретініміз әсер күші мен қарқындылығы. Елестетіңіз: оқушы жазба жұмысын орындап отыр, оның жұмысқа құныққаны сонша, көшедегі, үйдегі анау- мынау жеңіл сыбдыр- шуды тіпті аңғарар емес. Ал кенеттен өз столынан түсіп кетіп, «тарс» ете қалған заттың дыбысы оны еріксіз мойын бұруға мәжбүр етеді. Әрдайым күшті тітіркену әсері, айқай- шу, көз қамастырар жарық, екпінді соққы, ащы иіс, дәм біздің зейінімізді еріксіз тартады. Аталған себептер тобына тітіркендіргіш әсердің жаңалығы мен тосындылығы да кіреді. Бұл тұрғыдан жаңалық деп бұрын білмеген, көрмеген зат, құбылыстар әсерін ғана емес, сонымен бірге бірдененің ықпалында болып жүрген әсерлеріміздің физикалық қасиеттерінің өзгерісі немесе орын ауысуынан туындаған тітіркендіргіштерді танимыз. Адамның көңіл- күйіне, мұқтаждық қажетсінуіне сәйкес тысқы тітіркендіруші әсерлер ырықсыз зейін туындатушы себептердің үшінші тобын құрайды. Мысалы, аш адам мен тоқ адамның тағам жөніндегі әңгімені, болмаса оның иісі мен дәмін қабылдауы бірдей емес. Зейін себептерінің төртінші тобы тұлғаның жалпы бағыт- бағдарына байланысты, Міне, осыдан көше бойлап келе жатып, аула тазалаушының назары қоқысқа түседі, тәртіп сақшысы- орынсыз тұрған машинаны аңғарады, ал архитектор не суретші- ежелгі ғимараттың сәніне сүйсінеді. Адамның бағыт- бағдары сонымен бірге оның бұрынғы тәжірибесі мен қалыптасқан сезімдік күйіне де байланысты. Ырықсыз зейіннің маңызды себептері, сонымен, бізді қызықтырып, эмоционалды кейпімізді өзгеріске түсіретін заттар, жағдайлар, құбылыстар. Ырықты зейіннің ырықсыз зейіннен ерекшелігі оның саналы мақсатқа тәуелді келуі. Зейіннің бұл түрі адам еркімен тығыз байланыста болып, оның еңбектік күш салуларының нәтижесінде пайда болады, сондықтан да ырықты зейін ерікті, белсенді, ниеттелген деп те сипатталады. Қандай да бір шешімді қабылдай отырып, біз іске кірісеміз, сол іс біз үшін тап сол мезетте ұнамаса да оған саналы зейін қойып, оны орындауға өзімізді мәжбүрлейміз. Ырықты зейіннің басты қызметі- психикалық процесс ағымын белсенді түрде реттеп бару. Ырықты зейін себептері биологиялық емес әлеуметтік: ол тәнмен бірге берілмейді, сәбидің ересектермен қатынасқа келу барысында қалыптасады. Л. С. Выготский зерттеулері анықтағандай, зейін қызметі алғашқы даму кезеңінде сәби мен ересек адам арасында бөлінген: ересек қоршаған ортадан нысанды бөле көрсетіп, оны сөзбен баламалайды, ал бала ым- ишараны байқаумен, затты танып не сөзді қайталап сигналға жауап қайтарады. Осылайша қажетті затты бала тысқы өрістен бөліп алады. Кейін жас бала өз бетінше мақсат қоюға үйренеді. Ырықты зейін дамуы сөз, сөйлеумен тікелей байланысты. Баладағы ырықты зейіннің қалыптасуы алғашқыда оның өз қылық- әрекетін үлкендердің ауызша нұсқауларына бағындыруына тәуелді, ал содан соң тіл қабілетінің артуымен өз әрекетін өзінің ауызша талаптарына көндіруіне байланысты. Ғалым- психологтардың кейбірі ырықты зейін секілді мақсат бағдарлы, бастапқы күш еріктік күш салуды талап ететін зейіннің және бір түрін айырып қарастырады. Бұл зейін түрінде адам толығымен іс- әрекетке шомады, оған енді әрекеттің нәтижесі ғана емес, сол әрекеттің өзі де мәнді әрі қызғылықты болып көрінеді. Мұндай зейін түрін орыс әдебиеттерінде « после произвольный» деп атаса, қазақ тіліндегі оқулықтарда «үйреншікті зейін» атауымен баламаланған. Қай іс- әрекет болмасын алғашқы кезде оны игеру қаншама маңдай тер төккізіп, қиналысқа түсіріп, зорлануға душар ететіні белгілі, ал кейін үйрене келе, дағдыланудан әрекеттің нәтижесі ғана емес, оның өзі де адамды өзінен өзі баурап, әдемі орындалуынан көңілді қуаныш сезімге бөлейді. Әрекет енді әдейі қайталап, еске түсіріп тұруды, ерік күшін қосуды қажет ете бермейді, өзінен өзі орындалып жатқандай болып көрінеді. Педагогикалық процеске орай үйреншікті зейін үлкен маңызға ие. Оқу, тәрбие барысында шәкірттердің зейінін бір қалыпты ұстау үшін педагог олардың ерік күшіне арқа сүйегені қажет те жөн. Бірақ бұл балаларды шаршатады. Сондықтан шебер педагог балаларды өздерінің бой, ой қуатын босқа сарп етпей, жұмыс істеуі үшін сабақты қызғылықты, тартымды, ойын әдісімен өтуге тырысады. Оқушы сабақта біреудің тапсырысымен іс қылып, жатырмын деген ойдан аулақтап, өмірімнің қызықты бір мезетін өтудемін дегендей сезімнен еңбек ләззатына бөленуі керек.

1. 3. Зейіннің негізгі қасиеттері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зейін қасиеттерін дамытудың теориялық әдіснамалық негіздері
Зейіннің психологиялық және физиологиялық мазмұны
Зейін және оның қасиеттері
Зейін психологиясын зерттеген ғалымдардың ой пікірлері
Инженер еңбегіндегі зейіннің ролі
Үйреншікті зейін - зейіннің ерекше түрі
Зейіннің түрлері мен қасиеттері
Бала зейінін дамытуда ойынның маңызы
Зейіннің қасиеттері
Бастауыш сынып оқушыларының зейінін бағалау ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz