Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті


ӘОЖ 37. 013 : 001. 895(574) Қолжазба құқығында
ИСКАКОВА ПАРИДА КУАНДЫКОВНА
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін
басқаруды кәсіби қалыптастыру
13. 00. 08 - Кәсіптік білім беру теориясы мен әдістемесі
Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
АВТОРЕФЕРАТЫ
Қазақстан Республикасы
Түркістан, 2008
Жұмыс Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орындалған
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Момынбаев Б. К.
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Таубаева Ш. Т.
педагогика ғылымдарының кандидаты Тұрсынбаев А. З.
Қорғау «» 2009 жылы сағат __ Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14. 61. 35 диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы, кіші мәжіліс залы.
Диссертациямен Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен-жайы: 161200, Түркістан қаласы, Университет қалашығы, Мәдениет орталығы.
Автореферат 2008 жылы «» таратылды.
Диссертациялық кеңестің
Ғалым хатшысы Беркімбаев К. М.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үдерісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технология-ларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады. Мұндай даму қоғамды ақпараттандыру технологиясын қарқынды дамыту аясында жүзеге асырылып отыр.
Жоғары оқу орнының басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін қазіргі заман талабына сай дайындау.
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Бүгінгі күнгі педагогика ғылымының көкейкесті мәселелері - әлемдік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, кәсіби қалыптастырудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.
Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», - деген болатын.
Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.
Қазіргі заман педагогтары Б. Әбдікәрімов, М. С. Молдабекова, Т. С. Садықов, А. А. Саипов, Л. Х. Мажитова, Г. Ж. Меңлібекова, Е. Ө. Медеуов, Ж. Ж. Жаңабаев, А. А. Жолдасбеков, Ж. К. Оңалбек, С. Маусымбаев, А. М. Абдыров, Б. А. Оспанова, К. М. Беркімбаев және т. б. маманды кәсіби даярлау үдерісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.
Жоғары оқу орындарында болашақ түрлі мамандардың кәсіби даярлығын жетілдіру жолдары А. В. Усова, И. Л. Беленок, Б. К. Момынбаев, М. А. Құдайқұлов, Ш. Т. Таубаева, А. Е. Әбілқасымова, А. Б. Абибуллаева, О. С. Сыздықов, А. Г. Қазмағамбетов, Б. Т. Кенжебеков, С. М. Кеңесбаев, Қ. Ералин, Б. Тойлыбаев, К. М. Беркімбаев, А. З. Тұрсынбаев және т. б. ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.
Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудің қазіргі заманғы келелі мәселелері Б. К. Момынбаевтың, Л. К. Керімовтің, С. Ж. Пірәлиевтің, М. Н. Сарыбековтың, С. С. Хасеновтың, В. А. Кимнің, Ж. И. Намазбаеваның, Н. Асановтың, Қ. Б. Бөлеевтің, О. Салимбаевтың, Ж. А. Шоқыбаевтың, Е. Омардың, Н. К. Ахметовтың, К. М. Беркімбаевтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Н. Асанов, Ш. Т. Таубаева, С. С. Хасенов, Е. Ш. Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н. А. Әбішев, К. Д. Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үдерісін басқару Б. К. Момынбаев, К. Ө. Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ. Ж. Аганина, А. М. Мүсілімов, Г. Т. Хайруллин және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Инновациялық үдерістерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үдерісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К. Ангеловски, М. В. Кларин, В. Я. Ляудис, М. М. Поташник, С. Д. Поляков, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова, В. И. Загвязинский, П. И. Пидкасистый, Н. И. Лапин, А. И. Пригожин, Ю. Н. Кулюткин, А. К. Маркова, Н. Д. Никандров, Я. А. Пономарев, В. А. Сластенин, Л. С. Подымова, Л. Н. Фридман және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог ғалымдар зерттеген.
Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үдерістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.
Атап айтар болсақ, С. А. Көшімбетова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану, Қ. М. Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д. Р. Принбекова мектеп басқарушыларының инновациялық дайындығын негіздеп, кәсіптік ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.
Сонымен қатар, К. А. Сарбасова жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау үдерісін зерттеп, инновациялық педагогикалық технологиялар мүмкіндіктерін айқындаған. Инновациялық педагогикалық технологиялары негізінде мұғалімдердің дайындығын дамыту жолдары белгіленген.
С. А. Абдыманапов заманауи университет білімінің құрылымдық диверсификациясын талдап, университет білімін қалыптастыру әдістемесін (функциялары, макропринциптері, бағыт-бағдарлары, инновациялық технологиялары) жетілдірген. Білім жүйесінің тиімділігін арттыру және оны жетілдірілген потенциалға келтіру мақсатында білім беру саласына белсенді ақпартану қажеттілігін көрсеткен.
Е. Ш. Қозыбаев үздіксіз көп деңгейлі жоғары педагогикалық білім жүйесі үздіксіз білім мазмұнын интеграциялық тұрғыдан құру, басқару жүйесіндегі субъект - субъектілік өзара әрекет, білім сапасын басқарудың инновациялық механизмдері арқылы бітірушілердің педагогикалық дайындығының қажетті сапасын қамтамасыз етуге қабілетті екендігі анықтаған.
Т. А. Линчевская Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесіндегі инновациялық үдерістерді қарастырып, "инновациялық мектеп" түсінігі мен оның тұжырымының маңызын айқындаған. Қазақстан Республикасында инновациялық түріндегі оқу орындарының қызмет көрсету тәжірибесі жинақталып, қалыптасу және даму ерекшелігі айқындалған.
Қ. С. Құдайбергенева жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдердің "өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру", "мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлығы", "атаулы мектеп", "инновациялық топ" базалық ұғымдарды нақтылап, мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлық үлгісін әзірлеген.
Г. Д. Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың құрылымдық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттырудың өзара байланысын дәлелдеген.
Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл - жоғары оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаппай, жүйесіз енгізу мен жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негізі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипаттайды. Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды «Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру» деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: жоғары оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеудің пәні: жоғары оқу орындарындағы білім берудегі инновация.
Зерттеудің мақсаты: жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыруды теориялық тұрғыда негіздеп, әдістемесін жасау, оны тәжірибелік эксперименттен өткізу.
Зерттеудің болжамы: егер, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігі теориялық тұрғыда негізделіп, оны пайдаланудың ғылыми-әдістемелік жүйесі жасалса, онда олардың кәсіби қалыптастыру деңгейі жоғарылайды, өйткені жоғары оқу орындарында әр маманның білім беруге деген қызығушылығы артып, бағдарлылық, жүйелілік, инновациялық және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асырылады.
Зерттеудің міндеттері:
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негіздерін анықтау;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісін құру;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың педагогикалық әдістемесін жасау;
- тәжірибедегі үлгіге сүйене отырып, жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру әдістемесінің тиімділігін тәжірибелік-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ маманның кәсіби іс-әрекетін білімді ақпараттандыру жағдайында жоғары және жаңа деңгейде жетілдіру ғылыми-педагогикалық тұрғыдан маңызды мәселе, себебі жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру жоғары деңгейге көтеруді қамтамасыз етеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері: инновациялық білім беру іс-әрекетін жүзеге асыру, мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру заңдылықтарын, сондай-ақ, педагогикалық үдерістегі ақпараттың әлеуметтік рөлі туралы ережені ашып беретін қазіргі заманғы философиялық, психологиялық және педагогикалық тұжырымдамалар құрайды.
Диссертациялыќ зерттеудіњ теориялыќ, єдіснамалыќ, ғылыми-єдістемелік жєне эксперименттік ќаѓидаларын жасауда кєсіби оќыту үдерісін зерттеудегі ж‰йелілік, т±лѓалыќ жєне іс-єрекет т±рѓысынан ќараудыњ жалпы ѓылыми принциптері, сонымен бірге кєсіпќойлыќ, оныњ бєсекеге ќабілетті жєне кєсіби толысќан маман болып ќалыптасуындаѓы рµлі жайлы; іс-єрекеттіњ философиялыќ, психологиялыќ, педагогикалыќ теориясы; жеке тұлғаны әлеуметтендіру, әрекет, жүйе, сапа, басқару, инновация, технология, оқыту туралы философиялық, психологиялық және педагогикалық теориялары мен идеялары.
Зерттеудіњ кµздері: зерттеу мәселесі бойынша философтардыњ, єлеуметтанушылардыњ, психологтардыњ, педагогтардыњ ењбектері; ЌР ‡кіметініњ ресми материалдары; Білім жєне ѓылым министрлігініњ жоѓары мектептіњ білім беру мєселелеріне ќатысты нормативті ќ±жаттары мен оќу-єдістемелік кешендері (стандарттар, типтік оќу баѓдарламалары, оќулыќтар, оќу ќ±ралдары жєне т. б. ) ; Қазақстан Республикасы жоғары міндетті кәсіптік білім беру бағдарламалары; Білім беру саласындағы педагогтардыњ ѓылыми жетістіктері мен озыќ тєжірибелері. Автордыњ жоғары оқу орнындағы көп жылдық педагогикалыќ жєне зерттеушілік іс-әрекет тєжірибесі.
Зерттеу єдістері: зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (модельдеу, аналитикалық-синтетикалық, салыстырмалы, индуктивті-дедуктивті талдау), эмперикалық (сұрау, бақылау, педагогикалық эксперимент, педагогикалық іс-тәжірибелер) ; әлеуметтанулық (сауалнама) ; білім беру жүйесі субъектілерінің тәжірибесін талдау, салыстыру, зерделеу, жинақтау, тәжірибелік-әдістемелік жұмыстарды жүргізу, математикалық статистикалық есептеу әдістері қолданылды.
Зерттеудің кезеңдері: зерттеу жұмысы үш кезеңде жүргізілді.
Бірінші кезеңде (2004-2005 жылдар) - тєжірибелі-ізденіс жұмыстары жүргізілді; зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге және педагогикалық инновацияға қатысты отандық және шетелдік тәжірибелерге жан-жақты талдау жасалды. Олардың зерттеу мәселемізге байланысты қарама-қайшылықтары анықталды. Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негіздері жасалды.
Екінші кезеңде (2005-2006 жылдар) - теориялыќ-єдістемелік т±рѓыдағы жұмыстары жүргізілді; әдістемелік жұмыс өзінің оң нәтижесін беруі үшін, жалпы психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми тұжырымдарға талдау жасау арқылы, зерттеу барысындағы жетекші теориядан туындайтын талаптарға сәйкес бір жүйеге келтірілген құрылымдық-мазмұндық үлгі жасалып, әдістемелер қолданылып, тәжірибелік-эксперимент ұйымдас-тырылды. Жасалған үлгінің тиімділігін және студенттердің білім дейгейлерін анықтау мақсатында арнайы тексеру жұмыстары жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2006-2008 жылдар) - эксперименталды -ќорытындылау жұмыстары негізінде тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері анықталып, сандық және сапалық тұрғыда өңделіп, қорытындыланды. Деректер статистикалық өңдеуден өтті. Пайдаланылған әдебиеттер бір жүйеге келтіріліп, диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелі-экспермент жұмысы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қазақ ұлттық аграрлық университетінде, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде жүргізілді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру теориялық тұрғыда негізделіп, олардың мәні мен түрлері анықталды;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі құрылды;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың педагогикалық әдістемесі жасалып, тәжірибеге ендірілді;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тиімділігі тәжірибелік-эксперименттік сынақтан өткізілді.
Қорыта келгенде, барлық көрсетілген жаңалық элементтері білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың үлгісін құрайды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Зерттеудің нәтижелері бойынша жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған “Қазіргі заманғы педагогикадағы инновациялық үдерістер және оларды жүзеге асыру технологиялары” атты арнайы курс бағдарламасы жасалды; жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың әдіс-тәсілдері белгіленді; инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименталдық мүмкіндіктері анықталып, оның мәні, түрлері, құрылымы және деңгейлері ашылды.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарының оқу үдерісін ұйымдастыру барысында және жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқарушылардың нақты практикалық қызметтерінде пайдалануына болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- қазіргі заман талаптарына сәйкес, адам мен қоғам арасындағы үйлесімділік туралы философиялық қағидаларға, таным теориясына, іс-әрекеттік теорияларына, ғылыми-педагогикалық теориялар мен кәсіби маман қалыптастыру тұжырымдамаларына негізделген жоғары оқу орындарында инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру үдерісінің теориялық негізі;
- жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың сапасын жетілдірудегі мәні, мазмұны және құрылымы;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың әдістемелік-тәжірибесін жүзеге асыруға негізделген, инновациялық білім деңгейін анықтауға бағытталған (компоненттер, өлшемдер, көрсеткіштер) құрылымдық-мазмұндық үлгі;
- инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру нақты шарттар арқылы ( мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік ) жүзеге асырылуы: мазмұндық -тұжырымдама негізінде пән бағдарламаларын жасаумен айқындалуы; ұйымдастырушылық - оқу-тәрбие үдерісінде әртүрлі жұмыс формаларын, әдіс-тәсілдерді пайдаланумен анықталуы; әдістемелік - білім беру үдерістерін басқаруды диагностикалау, жоспарлау, ұйымдастыру мен талдауға негізделген жұмыстар сипаттамасы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және іс-тәжірибеге ендіру эксперимент жүргізу барысында жүзеге асты және “Орталық Азия елдерінің мемлекетаралық интеграциялық байланыстарын жаңғырту” атты Орта Азия елдерінің ІІ Түркістан интеграциялық форумында, “Жоғары оқу орнында білім берудің жаңа технологиялары: теориясы мен практикасы” атты І халықаралық конференцияда және “ХХІ ғасырда білім мен ғылымды ұштастырудың жолдары және білікті мамандар даярлау сапасын арттырудың өзекті мәселелері” атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда баяндалып, мерзімді «Қазақстан жоғары мектебі», «Ұлт тағылымы», «Ізденіс» атты ғылыми-педагогикалық басылымдарда көрініс тапты.
Зерттеу нєтижелерініњ дєлелділігі мен негізділігі алѓашќы әдіснамалық және теориялыќ кµзќарастармен; практикалыќ ж±мыс мазм±ныныњ ѓылыми аппаратќа сєйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар єдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерініњ дєлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үдерісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.
Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің ғылыми аппараты: көкейкестілігі, мақсаты, зерттеу пәні, нысаны, міндеттері, ғылыми болжамы, зерттеудің жетекші идеясы мен ғылыми жаңалығы айқындалып, жұмыстың теориялық және іс-тәжірибелік маңыздылығы, зерттеу кезеңдері, сондай-ақ зерттеу нәтижелерін енгізу жолдары сипатталды.
«Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық мәселелеріне; жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру мазмұнының қазіргі күй-жайына; инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық үлгісі жасалып, сипаттама берілді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz