Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Халықаралық Қазақ-Түрік Университеті
2020

БӨЖ
Тақырыбы: Алматы қаласы

Тобы:ЖГА-711
Орындаған:Кабдулов Адил
Қабылдаған:Беласарова Шынар
Жоспар
1.Кіріспе
1.1.Әкімшілік орны
2.Негізгі бөлім
2.1.Тарихы
2.2.Табиғаты
2.3.Экономикасы
2.4.Негізгі объектілері
3.Қорытынды

Кіріспе
Алматы қаласы -- Алматы облысының орталығы, республикалық мәртебесі бар қала. Қазақстанның оңтүстік-шығысында, Іле Алатауының солтүстік баурайында орналасқан. Аумағы 190 км2, тұрғыны 1,35 млн. адам (2007). 1929 жылдан 1997 ж. қазан айына дейін Қазақстанның астанасы болды. 6 қалалық әкімшілік ауданға бөлінген. Жергілікті басқару органы - Алматы қалалық әкімшілігі.
Алматы Іле Алатауынан бастау алатын Қарғалы, Үлкен және Кіші Алматы, Есентай, т.б. өзендер атырабында орналасқан.

Негізгі бөлім
Қаланың айналасы негізінен таулы, сайлы-жыралы келеді. Қала маңындағы биік таулы еңіс (3000 - 5000 м) бедері тік жартасты, терең құзды, құлама беткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Тау етегіне ұштасып жататын жазық өңір негізінен борпылдақ жыныстардан және малтатасты-дөңбектасты шөгінділерден түзілген. Оның беті сары, борпылдақ топырақ, құмды-сазды қабаттардан тұрады. Таудан келген жер асты және жер беті ағындарының сүзілуі нәтижесінде жер асты суының мол қоры жиналған. Мұнда апатты жерсілкінулері болған (28.5.1887; 22.12.1910). Сондай-ақ лайлы тасқындар мен сел қатері жиі байқалады. Таудан бастау алатын өзендерге сел тасқындарынан қорғайтын бөгеттер салынған (Медеу бөгеті, т.б.).
Қала және қала төңірегінде континентті климат қалыптасқан. Ауаның көп жылдық орташа температурасы 10 С, ең жоғарғы температурасы 43,4 С (тамыз, 1983), ең төменгісі - 38 С (1968 - 69). Алматыда қаңтар айының орташа температурасы - 7,8 С, шілде айынікі 23,3 С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 575 мм, таулық бөлігінде 1000 мм-ге жетеді.Алматыда орташа атмосфералық қысым 926,3 гПа. Қала арқылы Үлкен Алматы мен КішіАлматы және олардың салалары - Қарғалы, Ремизовка, Казачка, Қарасу өзендері ағады.Алматының топырағы мен өсімдігі биіктік белдеулер мен белдемдерде әр түрлі. Ең төменгі белдем (600 м) қаланың солтүстігінде. Одан жоғары 900 - 1300 м биіктіктегі қарашіріндісі (гумус) орташа қара топырақта әр түрлі шөп өседі. Келесі белдемнің (1300 - 1800 м) қара топырағын ылғалды-шалғын және шыршалы орман басқан. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние жүзіне әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс және көкөністер өседі. Жануарлар дүниесінен құстың 141 түрі, сүтқоректілердің 50-ге тарта түрі кездеседі.

Тарихы
Алматының 2,5 мың жылдық тарихы бар. Қала тұрған жерді ежелден қазақ ұлтын құраған тайпалар мекен еткен. Іле Алатауының етегіндегі Алматы қаласы туралы алғашқы жазба деректер Рашид-ад-Диннің шығармаларында кездеседі. Бабыр Шыңғысхан шапқыншылығынан қираған Алмалық, Алмату қалалары туралы жазады. Археологиялық зерттеулер қазіргіАлматының орнында ертеректе сақтар, кейінірек үйсін, орта ғасырда дулат тайпалары өмір кешкен елді мекендер мен қалашықтар, Алмалық пен Алмату қалалары (екеуі екі басқа қала) болғандығын дәлелдеп отыр. Бұл қалалардың қираған құрылыстарын 1251 - 59 ж. француз королі ІХ Людовиктің елшісі және Қытай саяхатшысы Чжан Дэ өз көздерімен көргендіктерін жазған. Алмату қаласының аты жазылған күміс ақшалар, сақтардың 25 барыс бейнесімен безендірілген Жетісу құрбандық табағы, ғажайып Қарғалы диадемасы бұл жердің мыңдаған жылдық тарихы бар өркениетті өлкенің орталығы болғандығын көрсетеді. Өңірдің Ресейге қосылуына байланысты қаланың ежелгі орнына 1854 ж. Заилийск (кейін Верныйқаласы) бекінісі салынғанға дейін бұл жерде отырықшы және жартылай отырықшы қазақтар тұрған. Алматы 1867 ж. құрылған Жетісу облысының әкімшілік орталығына айналып, қала атанды. Мұнда 1918 ж. 2 наурызда Кеңес өкіметі орнады. 1921 ж. оған өзінің ежелгі Алматыатауы қайтарылды. 1927 ж. 3-сәуірде Кеңестердің Бүкілқазақстандық 6-сьезінде АлматыҚазақстанның астанасы болып жарияланды. Республика астанасының Алматыға көшуі (1929) қаланы аса ірі саяси-әкімшілік, ғылыми-мәдени және экономикалық орталыққа айналдырды. Қаланың жедел қарқынмен дамуына Түрксіб темір жолының салынуы үлкен әсер етті. 1930-жылдары Алматыда ондаған ірі өнеркәсіп орындары іске қосылды. Тұңғыш автобус маршруты (1927), трамвай (1937), троллейбус желісі (1944) пайда болды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары (1941 - 45) Алматыға КСРО-ның батысынан 30-дан астам кәсіпорын, 8 госпиталь көшірілді. Қала тұрғындары майданға жан-жақты көмек көрсетті. Соғыстан кейін Алматы бірте-бірте Азиядағы ірі саяси, мәдени және экономикалық орталыққа айналды. 1986 ж. желтоқсанда әкімшіл-әміршіл билікке қарсы қазақ жастарының Желтоқсан көтерілісі болды. 1991 ж. 16 желтоқсанда Алматыда Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланды. Сол жылғы 21 желтоқсандаАлматыда Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) дүниеге келді. 1992 ж. Алматыда дүниежүзілік қазақтарының құрылтайы болып өтті.
Қала құрылысы арнайы ойластырылған жоба бойынша салынған. 1908 жылғы жоспар бойынша Алматы батыс және оңтүстік-батыс бағытқа кеңейіп, оңтүстік шекара Басарық (қазіргі Абай даңғылы), ал батыста Қастек (қазіргі Қожамқұлов) көшесіне жетті. 1930 - 35 ж. темір-құйматастан, күйген кірпіштен құралған, жерсілкінісіне төзімді материалдардан салынған Байланыс үйі, Ішкі істер министрлігінің клубы, Түрксіб темір жол басқармасы, Алатау кинотеатры, т.б. алғашқы ірі ғимараттар бой көтерді. Соғыс жылдары Опера және балет театры (1941), ал 1950 ж. Қазақстан Ғылым академиясының бас ғимараты мен Үкімет үйін салу қолға алынды. Алматы - республикадағы ең сәулетті қалалардың бірі. Қала архитектурасында ұлттық ерекшеліктің элементтері, қала аумағының табиғат сұлулығы және құрылыс саласындағы ғылым мен техниканың жетістіктері жүйелі түрде, жоғары талғамдықпен үндестік тапты. Алматыда әр ғимарат өзіндік ерекшеліктерімен, ұтымды инжерлік-архитектуралық шешіммен көзге түседі. Қаладағы Республикалық алаң кешені, Президент резиденциясы, Даңқ монументі, Республика сарайы және Ұлттық кітапхана ғимараты, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театры, Қазақстан, Отырар, Рахат-Палас, Анкара, Достық қонақ үйлері, Студенттер сарайы, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, Медеу спорт кешені, Республикалық Орталық мұражай, т.б. көптеген мәдени, ғылыми және қала тұрғындарына арналып салынған ғимараттар бой көтерді. 1995 жылдың басында қалалық тұрғын үй қорының жалпы алаңы 20 млн. шаршы метрден асты. 1988 ж. метрополитен құрылысы қолға алынды.
Тянь-Шань жоталарының етегінде орналасқан әсем қаланы бақша-қала деп бекер атамаған. Көктем маусымында, оңтүстік алқаптардағы бау-бақшаларда алма, өрік, шие гүлдеген кезде қала ертегіге айналады. Алматы қаласының атауы алма сөзінен шыққан. Дәл осы жерде аты әлемге танымал апорт алмасы өседі.
Кейбір деректерге сүйенсек, ескі замандарда осы жерде, яғни керуен жолы -- Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. ХІІІ ғасырда оны Шыңғысхан ордасы тас талқан етті. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болды. Кеңес Одағы жылдары қала атауы Алма-Ата болып өзгертілді, 1929 жылдан 1997 жылға дейін Алма-Ата Қазақстан астанасы болды. 1993 жылы тәуелсіздік туралы Ата заң қабылданған сәттен бастап, бұрынғы Верный, одан кейінгі Алма-ата Алматы деп өзгертілді.
Алматы теңіз деңгейінен 650-1200 метр биіктіктегі Іле Алатауының солтүстік бөктерінде орын алған. Қала жазықтықта орналасқан, үш жағын биік таулар мен жасыл массив қоршаған. Алматы -- Еуразия континентінің орталығы. Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында.
Алматының баурайларын Іле Алатауының ұлттық паркі алып жатыр. Онда көптеген табиғи қорықтар орналасқан. Мұнда өмір сүретін сирек құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Олардың қатарына Алматының мемлекеттік гербын әшекейлеген барыс жатады. Тау баурайы дәнді дақылдар алқабы, бақша, темекі плантациялары мен жүзімдіктер, жидектер мен жеміс бақшаларына ұласады. Қала территориясының 8 мың га-дан астамын бақшалар, парктер, саябақтар мен бульварлар алады.
Қала 170 шаршы км-ден астам алаңды құрайды. Ол кіші және үлкен Алматы өзендерінің алқабында орналасқан. Тау өзендері қаланы сумен қамсыздандырудың басты көзі болып саналады. Алматы 1997 жылғы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, Астана қаласына көшірілді.
Алматы -- елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.
Басты қала құндылықтарының бірі -- Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биікте орналасқан. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар.
28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.
Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А.Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берген.
Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы -- Шота Уәлиханов. Монументтің ұшында барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.
А.Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей -- республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады.
Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан.

Әкімшілік бөлінуі:
Алматы қаласы 8 ауданнан тұрады:
* Алмалы ауданы;
* Алатау ауданы;
* Әуезов ауданы;
* Бостандық ауданы;
* Жетiсу ауданы;
* Медеу ауданы;
* Наурызбай ауданы;
* Түрксiб ауданы.
*
Экономикасы
Алматы қаласын халықаралық деңгейдегі қаржы орталығына айналдыру үшін атқарылатын жұмыс көп, ол бәсекелестікті күшейту, бәсекелестік орта қалыптастыру. Жекелеген компаниялардан, жеке тұлғалардан бағалы қағаздар нарығын дамытуға қаржы көздерін тарту, Алматы қаласының қаржы орталығы болуы үшін инфроқұрылымын дамыту және жаңарту, халықтың қаржымен жұмыс жасау жөніндегі мәдениетін арттыру, қолайлы инвестициялық жағдай жасауды жалғастыру, қор нарығына жаңа эмитенттер тарту, қор нарығын дамыту үшін мемлекеттік үстемелеуді жалғастыру, бағалы қағаздар нарығын дамыту, Қазақстанда іскерлік белсенділікті арттыру және т.б. ауқымды істерді жүзеге асыру. Бұл түйткілді мәселелер Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2011-ші жылға дейін жасаған стратегиялық жоспарында кеңінен айтылып кеткен. Үлкен жобаны іске асыру жолында ең үлкен мәселелердің қатарына елде белең алған жемқорлықпен күресті күшейту, сот жүйесінің ашықтығын, тәуелсіздігін арттыру жұмыстарын кеңейту, сапалы мамандарды дайындау секілді түйткілді мәселелерді шешуіміз керек. Ұлттық қор нарығын дамыту біздің еліміз үшін ішкі қаржыландыру көздерін табудың үлкен балама шешімі болмақ.
2010 жыл нәтижесі бойынша Алматы бюджеті 5 млрд АҚШ долларынан асқан.
2005 ж. 1-қаңтардағы мәлімет бойынша, қала аумағында 1668 өнеркәсіптік кәсіпорын тіркелген. Олардың 168 -- ірі және орта (қызметкер саны 50 адамнан асады), жалпы өндіріс көлеміндегі үлесі -- 77,7%. Жалпы алғанда, қала бойынша ірі және орта кәсіпорындары өнім өндірісін 2004 жылы алдынғы жылға қарағанда 10,2% ұлғайтты.
2004 жылы қалада жалпы құны 169563,2 млн теңге өнеркәсіп өнімі өндірілген, бұл 2003 жылдың деңгейімен салыстырғанда 113,4% құрады, ал қаржылық емес сектор бойынша 168274,7 млн теңге - 113,4%.
Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы қала бойынша өсуін өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындары қамтамасыз етеді. Осы сала бойынша өндірілген өнімнің көлемі есеп беру кезеңіне 156311,8 млн теңгеге жетті, физикалық көлемінің индексі 116,6% құрады, ал өндірілген өнімнің жалпы салмағынан үлесі 92,2% құрады. Тау-кен өнеркәсібінің үлесі - 0,1%, ал электр қуатын өндіру мен үйлестіру, газ және су үлесі −7,7%.
Өңдеу өнеркәсібінде өнім үлесі ең көп салалар:
* Азық-түлік өнеркәсібі - 38,0%;
* Көлік жасау - 15,4%;
* Целлюлозды-қағаздық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы
Қазақстанның қазіргі заман тарихы пәні
Экскурсиялық құжатты жобалау (Алматының архетектуралық көрінісінің ерекшелігі)
Тиіндер тұқымдасының түрлері
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алматы қорығының сирек және жойылып бара жатқан жануарлар популяциясының экологиясы
«Шу-Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері»
ЖЕРДІҢ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАСЫ
Табиғат және жер-су иелеріне сиынумен байланысты агиотопонимдер
Пәндер