Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі "Ш.Есенов
атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті"
коммерциялық емес акциoнерлік қоғамы.

Бизнес және құқық факультеті
Менеджмент кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Мемлекеттік басқару жүйесі және негізгі элементтері

Орындаған: Аманқосова А.
Тексерен: АбдиеваС.

Ақтау 2020 ж
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері.министрліктер, агенттіктер: құрылымы және қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ҚР мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру перспективалары ... ... ... ... ... ... .9
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ МЕН МӘНІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.1. Мемлекеттік басқарудың түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2. Мемлекеттік басқарудың мәні және деңгейлері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .24
3. ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

КІРІСПЕ

Қурстық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс-әрекетін құқықтық реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси-заңдық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай-ақ мемлекеттік басқару мемлекеттің тұтас қоғамға жалпы ықпалы және де оның әлеуметтік жүйенің әр түрлі элементтерімен өзара әрекеті қарастырылатындықтан, бұл әлеуметтік ғылым. Осыларға орай мемлекеттік басқару теориясы - саяси-құқықтық және әлеуметтік ғылым.
Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны -- қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың зандылықтары мен қағидаларын оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар); мемлекеттік билік ( саяси, әкімшілік, экономикалық және т.б.); басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-құқықтық реттеу); басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық);
- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару зандылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;
- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезендерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стра-тегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
- басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік (үш тармақ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру жэне орталықсыздандыру және басқару;
- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық-әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.
Жұмыстың өзектілігі. Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани-идеологиялық басқару.
Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастар), саяси және рухани дамуын басқару.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты - мемлекеттік басқару теориясына түсінік берумен қатар басқарудың обьектілері мен субектілеріне тоқталу болып табылады.
Осыған сәйкес курстық жұмыстың міндеті:
- берілген тақырыпқа теориялық шолу;
- мемлекекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктерін көрсету;
-Қазақстандағы мемлекеттік басқаруға сипаттама.
Курстық жұмыстың объектісі - құқықтық мемлекет теориясы болып табылады.
Курстық жұмыстың пәні - Мемлекеттік басқару теориясы.
Курстық жұмыстың құрылымы. Аталған тақырыпта жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
1.1. Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері. Министрліктер, агенттіктер: құрылымы және қызметтері

Басқару күрделі қоғамдық құбылыс, ол өзінің көрініс табуы тұрғысынан көп қырлы және қоғамдық өмірдің барлық салаларында орын алады. Заманауи ғылымда басқару мәселелері күрделі білім жүйесі болып табылатын түрлі бағыттарда дамуда, онда түрлі ғылым салалары дара қарым-қатынаста, біріне-бірі ықпал ете отырып, бірақ өз әдістері мен пәнінің ерекшеліктерін сақтап, тәуелсіз негізде қалыптасып, даму үстінде. Заманауи қоғам түрлі ұйымдар жүйесі ретінде түрлі әлеуметтік процестерді үйлестіруге қатысты басқару қызметін, сондай-ақ сызықтық емес, күрделі, нақты емес, көп қырлы параметрлерді құрайды. Басқару қызметінің шарттары болып саналатын бұл параметрлердің бірлесуі басқару түрлерін, формалары мен басқару әдістерін анықтайтын өз бетінше іштей дифференцияланатын детерминантаны құрайды.
Басқару және билік - рухани тұрғыдан өзара жақын әлеуметтік реттеудің формалары. ХХ ғ. 80-жылдарына дейін мемлекеттік басқару атқарушы-бұйрықтық сипатындағы қызмет ұғымы ретінде танылып келді. Ю.М. Козловтың пікірінше атқару біріншіден, бұл қызметтің негізгі бағытын, заңдар мен заңға тәуелді нормативтік актілерді өмірде қолдану, екіншіден, бұл мақсаттың орындалу құралы - бұйрық беруді білдірді, қажетті заңи-биліктік өкілеттіктерді қолдану деген мағынаны анықтайды. [1] Мұндай түсініктеме жалпылама алғанда атқарушы және бұйырушы мемлекеттік органы немесе мемлекеттік басқару органы ретінде айқындалған мемлекеттік басқарудың арнайы субъектілерінің айрықша белгісі ретінде қарастырылады.
1977 жылғы КСРО Конституциясына сәйкес, КСРО Министрлер кабинеті атқарушыбұйырушы орган ретінде анықталған (128-бап). Тұрақты қызмет ететін заң шығарушы және бақылаушы орган ретіндегі КСРО Жоғарғы кеңесінің өкілеттігіне министрліктер мен өзге орталық мемлекеттік басқару органдарын құру кірді. КСРО Президенті мемлекеттік басқару органдарының жүйесін басқаруы және олардың КСРО Жоғарғы мемлекеттік билік органдарымен өзара әрекет етулерін қамтамасыз етті (127.3-баптың 4-тармағы). КСРО Министрлер кабинеті одақ қарамағындағы мемлекеттік басқару мәселелерін шешуге құқылы болды (131-бап). Бұл термин тек Конституцияда ғана емес, оның ережелерін дамытушы өзге актілерде де қолданылады. Бұл кезеңде мемлекеттік басқару органдары заңнаманы жүзеге асырушы бірден-бір негізгі буын болып табылатын халық депутаттары Кеңесі - мемлекеттік билік органдарының орталық атқарушы аппараты ретінде қарастырылды.
Қоғамның жаңа терминологияны түсіну жолдарын, оны мемлекеттік-құқықтық құрылымның қабылдау деңгейін, сондай-ақ ол өзгерістердің заңнамада көрініс табу тәсілдерін, 90-жылдардың басындағы ғылыми-зерттеу басылымдарына жасалған талдаудан көруге болады. Бұл Қазақстанның мемлекеттік егемендігін жариялауымен демократиялық құқықтық мемлекетті құрудың бастапқы кезеңімен, билік бөлінуі принципінің жүзеге асырылуымен тығыз байланысты құбылыс.
Құқықтық мемлекетті қалыптастырудың алғашқы кезеңінде әкімшілік билікті реформалау қажеттілігі мойындалды. Онда сол кезеңге тән әкімшілік билікті орасан зор, ауқымды басқару жүйесінен құқықтық мемлекеттің атқарушы билігіне айналдыру мақсаты көзделді.
Мемлекеттік меншікті жекешелендіруге көшу, яғни меншік нысандарына қатысты тікелей мемлекеттік басқару мүмкіндіктерін жоғалту, ең алдымен саясат саласында елеулі өзгерістерге алып келді. Осыған орай, біздің ойымызша, атқарушы билік ұғымын кеңірек қолдану сияқты өзге терминологияға көшудің негіздемесі экономикалық фактор екендігін атап өткен жөн, яғни осы кезеңге тән мемлекеттік меншікті жекешелендіру процесі ерекше мәнге ие.
Басқарудың бір түрі ретіндегі мемлекеттік басқаруға белгілі бір объектіге тәртіптік тұрғыдан ықпал ету тән. Мемлекеттік басқару жөнінде сөз қозғағанда оның атқарушылық бағыты туралы ұмытпаған жөн. Осылайша, қарастырып отырған аспектідегі атқару дегеніміз мәні бойынша тікелей мемлекеттік - атқару қызметі, яғни басқарушы ықпал және атқарушылық ықпал толықтай өзара бірлескен ұғым.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік басқару ұғымының орнына атқарушы билік ұғымын айналымға енгізді. Осыған байланысты конституциялық нормалар құрамында атқарушылық билік қана емес, оны жүзеге асырушы органдар туралы да түсінік қалыптастыра алатын бірқатар ережелер бар. Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген қолданыстағы заңнама мемлекеттік қызметтің сол түрін сипаттауға қажетті құқық теориясы мен тәжірибесінде қалыптасқан ұғымдардан бас тартпайды, себебі олар бүгінгі таңда түрлі қоғамдық қатынас салаларында атқарушы билікті жүзеге асыруға бағытталған. Осыған орай атқарушы билік органдары дегеніміз (олардың жаңаша аталуына қарамастан) - мемлекет атынан мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асырушы органдар. Сондықтан оларды мемлекеттік басқару органдары деп атауға барлық негіздер бар екендігін ұмытпаған жөн. Қолданыстағы заңнаманы сараптап, талдау негізінде мемлекеттік құрылымдағы өзгерістерге қарамастан мемлекеттік басқару ұғымы көптеген құқық салаларының негізін қалаушы актілерінде қолданылатындығына көз жеткіздік. Мысалы, салық, жер, орман, су кодекстері және т.б.
Заңи әдебиеттерде мемлекеттік басқару ұғымын кең және арнайы (тар) мағынада қарастыруға болады. Қоғамдық өмір тәжірибесі көрсеткендей, әрбір ұстанымның өмір сүру мүмкіндігі бар, себебі олар мемлекеттік басқару ғылымының жалпы теориясына негізделеді.
Кең (саясаттанулық, конституциялық) мағынадағы мемлекеттік басқару қоғамдық қатынастарды реттеуге байланысты мемлекет қызметі ретінде айқындалады. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда мемлекеттің тарихи дамуының нақты кезеңдерінде мемлекеттік билік органдарының қоғамдық өмірдің түрлі салаларының дамуына экономикалық, саяси әлеуметтік мемлекет сипаттамалары тұрғысынан, мақсатты түрдегі ұйымдастырушылық ықпал етуі арқылы жүзеге асырылады. [2]
Арнайы (тар) мағынадағы мемлекеттік басқару арнайы субъектілердің жалпы мемлекеттік ауқымда жүзеге асыратын ұйымдастырушылық және реттеушілік ұғымын білдіреді. [3] Бұл тұжырымдама мемлекеттік басқару мәселесіне өзгеше көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік береді. Билік тармақтарының бөлінуіне негізделген конституциялық механизмнің конституциялық қызмет ету жағдайында арнайы (тар) мағынадағы мемлекеттік басқару атқарушы биліктің сапасын білдіреді, себебі бір жағынан мемлекеттік басқарудың көптеген түрлері, формалары мен әдістері мемлекеттік биліктің заң шығарушы және сот тармақтарының басқару қызметі және екінші жағынан, атқарушы билік органдарының басқарушылық қызметі арасында теңестіруге толық негіздер жоқ екендігін білдіреді.
Билікті бөлу тұрғысынан алып қарағанда атқарушы билік мемлекеттік басқаруға қатысты арнайы қызметті жүзеге асыратындығы айқындалған. Жалпылама алып қарастырғанда бұқаралық мүдделер бірлесуі орын алатын, өзара біріккен еңбектері нақты ұжымдар мен түрлі санаттағы кешендер қалыптастыратын адамдар тәртібіне реттеушілік ықпал ету түрінде көрініс табады. Атқарушы билік басқаруы аясына коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар, салалар, облыстар, кешендер, аумақтар кіреді. Бұл жерде ішкі ұйымдастырушылық сипатындағы (менеджмент теориясына негізделген іскерлік әкімшіліктендіру) атқарушылық биліктің барлық басқару элементтері арнайы мағынадағы мемлекеттік басқарудың негізгі бағытымен үндеседі, соңғы нәтижесінде мемлекеттік саясатты өмірге енгізу процесінде атқарушы биліктің мақсаттары мен міндеттеріне жетудің бірден-бір бағытын айқындайды.
Шындығында да заң шығарушы және сот билігі тармақтарында мемлекеттік биліктің басқарушылық элементтері бар. Алайда олар қосалқы сипатқа ие және заң шығару және сот билігі тармақтарына жүктелген мемлекеттік қызметтерін тиімді жүзеге асыруға арналған шарттармен қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңнамаға жасалған талдаулар нәтижесіне сүйене отырып, қазіргі таңда мемлекеттік басқару келесі қызмет түрлерінен құрылады деп тұжырымдауға негіз бар: а) атқарушы билікті жүзеге асырушы органдар қызметінен; ә) жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметінен; б) жекелеген бұқаралық мүдделерді қозғайтын кейбір өкілеттіктерді қамтитын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың қызметінен жоғарыда атап көрсетілген ұйымдастыру жүйелерінің өзара қатынастарының әртүрлі деңгейде болуы салдарынан мемлекеттік басқарудың көптеген құбылыстарын теориялық тұрғыдан сипаттауға мүмкіндік пайда болады, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың салалық, салааралық, аймақтық, экономиканы, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік-саяси кешенді мемлекеттік басқару түрлерін бөліп көрсетуге негіздеме туындайды.
Мемлекеттік реттеу ұғымының мәндікмағыналық сипаттамасына келсек, ол: қоғамдық қатынастар субъектілерінің жалпы тәртіп (қызмет) ережелерін мемлекет тарапынан белгілеу және қамтамасыз ету және өзгеріп отыратын жағдайларға қатысты оларға тиісті толықтырулар мен түзетулер енгізу. [4]
Мемлекеттік реттеу мемлекеттік басқару органдарымен жүзеге асырылатын, заң шығару, атқарушы және бақылау сипатындағы белгіленген мақсаттарға жетуді көздейтін шаралар жүйесі ретінде анықталады. [5]
Ю.М. Козлов мемлекеттік реттеуді кең және тар (арнайы) деп екі түрлі мағынада анықтайды. Оның ойынша кең мағынадағы мемлекеттік реттеу дегеніміз: а) әкімшілік құқық нормаларымен анықталған мемлекеттік басқарудың түрлі салалары аясында (басқару, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени және т.б.) қоғамдық даму мүдделеріне жауап беретін режимдік нормалар белгілеу; ә) әкімшілік-құқықтық тәсілдер көмегімен сол режимнің қатаң сақталуын қамтамасыз ету; б) реттелетін қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау; в) реттелетін объектілердің жедел қызметіне араласпай, ықпал етудің экономикалық тетіктерін басым түрде қолдану.
Тар мағынадағы мемлекеттік реттеу жоғарыда аталған негізгі реттеу қырларын сақтай отырып реттелетін атқарушы орган объектілеріне ұйымдастыру сипаты жағынан бағынбайтын өзге атқарушы органдарды қоса алғандағы реттеу болып табылады. [6]
Мемлекеттік басқару мазмұнындағы түрлі ұстанымдарға қарамастан барлық жағдайларда мемлекеттік басқаруға тән белгілер айқын көрініс береді. Біріншіден, әкімшілік-құқықтық сипаттағы мемлекеттік реттеу дегеніміз арнайы мемлекеттік билік субъектілерімен жүзеге асырылатын кешенді әрекеттер болып табылады. Екіншіден, атқарушы биліктің кешенді заңи әсер етулер (тәсілдер мен әдістер) кешені ретіндегі мемлекеттік реттеуі әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси өмірде нормативтік тұрғыдан бекітілу арқылы көрініс табуы. Үшіншіден, мемлекеттік реттеу әдістері әртүрлі және көп нұсқаулы болып келеді. Басқаша айтқанда мемлекеттік реттеу терминін қолдану мемлекеттік басқару ұғымындағы айырмашылықты емес, бір құқықтық құбылысты әртүрлі сипатынан қарастыруды білдіреді.
Мемлекеттің өз органдары көмегімен қызмет салаларының қандай да бір аясына ықпал етуі мемлекеттік әкімшіліктендіру мақсатында мүдделерін қамтамасыз етумен тығыз байланысты, ал әкімшіліктендіру термині әкімшілік (яғни басқару аппараты) терминімен туыстас. Ол қоғамдық өмірдің қандай да бір саласында мемлекет саясатын жүзеге асырушы мемлекеттік органдарды басқару қызметін сипаттауда жиі қолданылады. Сондықтан мемлекеттік әкімшіліктендіру дегеніміз жиі жағдайларда мемлекет сипатын іске асыруға байланысты өздерінің өкілеттіктеріне берілген басқару құралдары арқылы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби басқару қызметі.
Осыған байланысты мағыналық сипаттағы мемлекеттік басқару жүйесін екі элементтің бірлігі ретінде қарастыруға болады: мемлекеттік саясатты жүзеге асыру процесі ретіндегі мемлекеттік саясат және мемлекеттік әкімшіліктендіру.

1.2 ҚР мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру перспективалары

Ең алдымен мемлекеттік басқаруды жаңарту мақсатында іске асырылып жатқан кең ауқымды шаралар жөнінде айтуымыз қажет. Олардың алдыңғы қатарында бюджет жүйесі мен ұлттық қордың жаңа ереже негізінде жұмыс істеуін атап көрсету ләзім. Ол ереже бойынша бюджеттік қаржыларды бюджетаралық қатынастарды жетілдіре отырып тиімді пайдалану қарастырылса, Ұлттық қордың инвестициялық рөлін көтеру көзделген. Бұл орайда корпоративтік басқарудың ұйымдастырушылық және әдіснамалық негіздерін қалыптастырудың маңызы зор. Ұйымдастырушылық жағынан келгенде бірінші кезекте шешетін мәселенің қатарына мемлекеттік активтер көлемі мен құрылымын анықтап, оларды корпоративтік басқару жүйесіне көшіру жатады. Бұл жолда жасалған маңызды іс-шараның алғашқысы ретінде Самұрық қазақстандық холдингі мен Қазына тұракты даму қорын құруды атап өтуіміз керек. Жақын арада ҚазАгро холдингісі мен 7 -- 8 әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құрылуға тиісті.
Енді әдіснамалық жағынан келетін болсақ, онда ең алдымен корпоративтік басқарудың тұжырымдамасы мен іргелі қағидаларын анықтап, оларға ғылыми сипаттама беруіміз керек. Тұжырымдамаға ең ықшамдалған тұжырымдама түрінде анықтама берсек, ол мына төмендегідей болар еді: корпоративтік басқару тұжырымдамасын ұстану - ол жалпы мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіре және жаңарта беру үрдісінде шешуші рөл атқара отырып шаруашылыктың тиімділігі мен жоғары әлеуметтік стандартты әрдайым ұштастырып отыру болып табылады. Басқаша сөзбен айтқанда, корпоративтік басқарудың мәні мен маңызы - пайдалы еңбек нәтижелерінің тиімділігіне қол жеткізу болса, оның мақсаты - әлеуметтік стандарттың жоғары деңгейіне қол жеткізу екенін баса көрсету ләзім. Сондыктан да әлгіндей басқарудың мәнін түсінбей маңызын айқындай алмас едік, ал оның маңызына терең бойламай тұрып мақсатын айқындай алмас едік. Енді осы үшеуін логикалық жағынан тығыз байланыста қарастырмасақ, онда корноративтік басқарудың жалпы мемлекеттік басқару (жергілікті басқару) жүйесіндегі орны мен рөлін де дұрыс анықтай алмас едік.
Осындай тұжырымдамадан туындайтын қағидаттарға да тоқталу керек. Олардың негізгілерін сөз ететін болсақ, мына төмендегілерді атап өткен дұрыс болар еді. Ең алдымен, корпоративті басқарудың маңызды қағидаты ретінде оның сапасын жоғарылату жағдайында басқару объектісін тиімді пайдалануға әрдайым қол жеткізіп отыруды келтіргеніміз жөн. Өйткені бұл жерде басқару сапасы жоғары болмайынша оның нәтижесінің тиімділігі жөнінде сөз қозғауға болмас еді, ал оның тиімсіздігі әлгіндей басқару жүйесінің сапасыздығын дәлелдер еді.
Екіншіден, корпоративті түрде басқарудың маңызды қағидаты оның күнделікті болып тұратын өзгермелі жағдайларға бейімделгіштігімен түсіндіріледі. Яғни, басқару мақсаты ішкі мүмкіндіктер мен сыртқы жағдайларды (конъюнктураны) ескеретін болса, онда сол басқару жүйесі әлгі жағдайларға сәйкестендірілуі керек. Керісінше болса, аталмыш жүйе сапасыз деңгейде қызмет етеді деген сөз. [14]
Келесі үлкен мәселе - ол корпоративті басқару үрдісінің қарапайым халық үшін ашықтығы мен жалпы мемлекеттік басқару жүйесімен үндестігі болып табылады. Бүл қағидатты ұстанудың маңызы мынада: корпоративті басқару түптеп келгенде халық пен мемлекет мүддесін өнебойы алдыңғы кезекке қойып, сол арқылы мемлекеттік басқарудың біраз жүгін өз мойнына алып отыруға тиіс. Бұл жағынан келгенде корпоративті басқару жергілікті мемлекеттік және жергілікті өзін өзі басқару жүйесі мен тетіктерін жетілдіре беруде де үлкен рөл атқарады. Бұган қазіргі өмірге келіп жатқан әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қызметі жеткілікті дәлел бола алады.
Корпоративті басқару жүйесінде және оның қызметін үйлестіруде қолданылатын әдістер мен әкімшілік-экономикалық тетіктер де өз алдына зерттеуді талап ететін күрделі мәселе болып табылады. Бұл жерде айтарымыз - әдістер жүйесін қолдану жаңағыдай басқару үрдісінде қабылданатын шешімдерді дайындауға жақынырақ тұратын болса, тетіктер жүйесі әлгі шешімдерді іске асыру барысында кеңінен қолданылады. Орындалмайтын (іске асырылмайтын) шешімдерді қабылдау басқару жүйесі мен қызметінің сапасыздығын сипаттайтынын ескерсек, онда олардың сапасын жақсарту мәселесі жаңағы әдістер мен тетіктерді логикалық тығыз байланыста қарастырып, оларды қолдануды біртұтас үрдіс ретінде түсінуіміз қажет.
Мемлекеттік басқаруды жетілдірудің келесі, екінші маңызды бағыты ретінде орталыктандырылған, аймақтық және жергілікті атқарушы органдар арасындағы функцияларды сәйкесінше аныктап, олардьщ аталған басқару деңгейлерінде қайталанбауын қадағалау негізінде мемлекеттік басқару органдарының құрылымын өмір талабына сай өзгертіп отыруды атап көрсетуіміз керек. Бұл өзгерістер ғылыми-ұйымдастырушылық және жаңаша ақпараттық технологияға сүйене отырып жүргізілетін болғандықтан функциялық маңызы жағынан керексіз буындарды жоюға және сол арқылы салалық (аймақтық) биліктегі лауазымдық сатыларды қысқартуға алып келуі керек. Бұл үрдіс бара-бара Электронды үкімет тұжырымдамасын іске асыруға себепкер болады. Бұл орайда керексіз буындар мен лауазымдық сатыларды айқындау және қысқарту үрдісі науқаншылдықпен емес, тұракты жалдау негізінде жүргізіліп, орталыктандырылған және аймақтық (жергілікті) басқару органдарының ...басқарушылық шешімдер қабылдаудағы өкілеттіктері мен дербестігі күшейтілуге тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттік басқаруды жетілдіру үшін іске асырылуға тиісті маңызды шара - мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру. Ол үшін, Президентіміз атап көрсеткендей, әлгіндей қызмет көрсетуді енгізілетін салалық стандарттарға сай жүргізу талап етіледі. Ал, бұл талаптың орындалу деңгейін қадағалап отыру мақсатында әлеуметтік сауалдама мен рейтингілік бағалау жүйесін күнделікті тәжірибеге енгізудің маңызы зор. Аталмыш стандарттарды дайындау мен енгізу жөнінде сөз болғанда алдымен іске асырылатын шараның бірі мен бірегейі - ол әрбір мемлекеттік басқару органының стратегиялық жоспарын жасактау болып табылады. Сол жоспарда тиісті негіздемеге сүйенген мақсаттар мен міндеттердің орындалу деңгейі орталыктандырылған және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының қызметін рейтингілік бағалау көрсеткішіне тікелей әсер етуі керек.Осыдан барып жоғарыда аталған органдардың бірінші басшыларының басыңқылықты міндеттері туындайды. Ол -- салалық және аумактық шаруашылыкты дамыту саясаты мен стратегиясын айқындап отыру және оларды іске асыру мүмкіндіктерін алдын ала ыңғайлап, қойылған мақсаттарға сөзсіз қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде еліміздің интеллектуалдық ресурстары мен адами даму индексінің күрт өсуі мемлекеттік басқару қызметінің технологиялық әдістерін кеңінен пайдалануға жағдай жасап отыр. Басқару үрдісінде орындалатын көптеген қарапайым жұмыстың ауыр жүгі барған сайын техника иығына көшірілетін болғандықтан мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық астары өнебойы назарда болып, объективті өзгерістерге сәйкестендіру мақсатында қайта қарастырылып отыруы керек. Бұны мемлекеттік басқаруды жетілдірудің тағы да бір маңызды бағыты ретінде қабылдаған жөн.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған Қазақстанның халықаралық бәсекелестікке қабілеттігін арттыру стратегиясы еліміздің одан әрі даму бағыт- бағдарларын айқындап берген сыңайлы. Алайда жуырда болған еліміздің жоғары саяси басшылығындағы ауыс-түйістер сарапшылар тарапынан кеңінен талқыланып, алуан түрлі бағаға ие болды. Әрине ел Үкіметі, Президент Әкімшілігі және Парламент Сенатындағы жаңа тағайындаулар әрбір тұлғаның жеке қасиеттерін ескере, сонымен бірге Қазақстан таңдап алған даму басымдықтарына сәйкес іске асты. Ең маңыздысы, билік басындағыларды түбегейлі жаңарту емес, күштерді қайта топтастыру деп бағалаған дұрыс. Осының нәтижесінде Үкіметтегі сабақтастық қағидасы сақталынды. Бұл елімізде орын алған қоғамдық-саяси тұрақтылықтың тағы бір айғағы іспеттес. Доғарысқа кеткен Үкіметтің атқарған шаралары аз болған жоқ. Мәселен, темір жол, электр қуатын өндіру, байланыс салаларының біршама ырықтандырылуы іске асып, бәсекелестік орта қалыптасып жатыр. Яғни, өнідірістік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы Үкіметтің қадамдары құтты болды деп айтуға толық негіз бар.
Мемлекетіміздің стратегиялық қорлары саналатын мұнай мен газ салаларында қызмет жасайтын ұлттық компанияларымыздың позициялары күшейтілді. Арасынша стратегиялық маңыздылығы бар ұлттық компаниялар Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Самұрық Қазақстандық холдингіге біріктірілді. Ал мемлекеттің экономикалық өсімін қамтамасыз етуіне оңтайлы жағдай қалыптастыру және индустриалдық-инновациялық салада мемлекеттің басқару жүйесін жетілдіру үшін Қазына орнықты даму қоры құрылған болатын. Президенттің кезекті Парламент сессиясын ашу кезінде жүктеген тапсырмаларына сәйкес, ауыл шаруашылығы саласында ҚазАгро ұлттық холдінгі өз қызметін бастап кетті. Мәдениет пен өнер салаларына мемлекеттің қолдауын пәрменді күшейтуді көздейтін біраз заң жобалары қабылданды. Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейтуге және одан әрі дамытуға арналған қаржы көлемі едәуір ұлғайтылды. Бұқаралық ақпарат құралдарын тиімді реттеуге бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Сонымен қатар, атқарушы биліктің толығымен іске асырмаған, не кешеуілдеп қалған жұмыстары да болғанын мойындау керек. Соның ішінде, отандық агроөнеркәсіп саласын көтеру, тұрғын үй құрылысын жан-жақты дамыту, инфляция деңгейінің күрт өсуі секілді келеңсіз құбылыстардың белең алғаны рас. Тұтастай алғанда, ескі Үкіметтің елімізді тұрлаулы өрлеу даңғылына түсіретін біраз міндеттер атқарғанын нық сеніммен айтуға болады. Алайда қазіргі таңда саннан сапаға көшетін уақыт жетті. Ел Үкіметінің жаңа басшысы алдында кезек күттірмес бірқатар ауқымды шаралар тұр. Жаңа Үкіметке үміт артқан Елбасы әлеуметтік-экономикалық салада басты кемшін тұстарды атап өтіп, осы олқылықтардың орнын толтыруға нақты міндеттер жүктеді. Солардың арасында әкімшілік реформалардың үдемелі дамытудың қажеттігі жайлы шегелеп айтты. Кейін бұл басымдық Президенттің Мемле-кеттік басқару жүйесін жаңарту шаралары туралы Жарлығында көрініс тапты. Міне, осы тектес ауқымды әрі кешенді іс-шаралардың басы-қасында міндетті түрде үйлестіруші мемлекеттік билік органы болуы шарт. Осыған орай мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан республи-касы Премьер-Министрінің басшылығымен әкімшілік реформалар жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылған болатын.
Қазіргі таңда оның алдында Президент жүктеген бірқатар міндеттер шешімін күтіп тұр:
1. Мемлекеттік басқару жүйесін жаңарту жөніндегі бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын бекітіп алу.
2. Мемлекеттік аппарат қызметінің кәсіпқойлығын, тиімділігін және оның үйлесімділігін мейлінше арттыру.
3. Мемлекеттік басқару процестері мен рәсімдерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсетуді сапалы түрде жетілдіру.
Жалпы, мемлекеттік басқару жүйесінің әрбір деңгейінің өзіне тән басқарудың мақсаттары және міндеттері болатыны баршаға аян. Қазақстан егемендігін жариялағалы мемлекеттік аппаратты жаңарту саласында ұдайы реформалар жүзеге асыруда. Өйткені, еліміз КСРО-дан басқару органдарының бір-бірінің қызметін қайталау, басқару деңгейлері ара-сында жауапкершіліктің анық межеленудің болмауы сияқты бұрынғы жүйенің жағымсыз жақтарын мұраланды. Осы мәселелерді тиімді шешу үшін еліміздің басқару жүйесінде айтарлықтай істер тынды-рылуы тиіс екендігі даусыз. Мәселен, кезең-кезеңімен орталықсыздандыру, басқару деңгейлерінің функцияларын қатаң анықтау, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту жөніндегі жұмыстарды атқару өзектілігі күннен күнге артуда. Жергілікті өзін-өзі басқару жайлы сөз қозғасақ, мұнда, ең бастысы, жергілікті орындарда атқарушы мен уәкілетті билік тежемелік пен тепе-теңдік жүйесін орнату көзделуде. Жергілікті өзін өзі басқарудың органдарының функциялары мен уәкілеттіктерін, ішкі құрылымын, қаржыландыру көздері және қорғану тетіктерін ойластыру керек. Сонымен қатар, облыс әкімдерін сайлау кезінде аса мұқияттылық пен сарабдалдық танытқан абзал. Әлемдік тәжірибеде бұл жүйеден бас тарту жәйттері де жоқ емес. Мәселен, ұзақ уақыт бойы демократиялық дәстүрлерді қалыптастырған Ұлыбритания, Дания және Бельгия секілі елдерде қайта орталықтандыру үрдістері байқалды. Сондықтан да, алғашында қала мен аудан деңгейіндегі әкімдердің сайлау нәтижелерін, әлеуметтік-саяси салдарын ес-кере, қорытындылау қажеттігі туындап отыр. Қазіргі таңда елімізде іске асырылып жатқан әкімшілік реформалардың алдында бірсыпыра міндеттер тұр - мемлекеттік аппараттың көлемін оңтайландырумен бірге оның тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін арттырумен қатар олардың әлеуметтік беделін көтеру. Жалпы алғанда, әкімшілік реформалардың жаңа кезеңі төмендегідей бағыттарда дамыту қажеттігі анық.
Біріншіден, мемлекеттік қызмет институтын одан әрі жетілдіру. Мемлекеттік қызмет ин-ститутын - саяси, әкімшілік және азаматтық қызмет деп ажыратқан дұрыс. Сот және әскери қызметкерлерінің жұмысындағы ере-кшеліктерін ескеретін дербес классификациясы болу керек. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік Басқару Академиясы негізінде ұлттық менеджерлер даярлайтын жаңа тұрпаттағы білім ордасын қалыптастыру керек. Соған сәйкес, мем-лекеттік қызметкерлердің біліктілігі мен кәсіпқойлығын үнемі арттыру мәселесі шешілмек. Мұнда ынталандыру тетіктерін қолданған тиімдірек деп есептейміз. Еңбекақы төлеу жүйесін одан әрі жетілдіру әрбір мемлекеттік қызметші жұмысының тиімділігін арттырумен байланысты болады.
Нәтижесінде шағын ғана мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру, олардың жұмысының тиімділігін арттыру, мемлекеттік қызметтің мәртебесін одан әрі нығайту және мемлекеттік органдарда жұмыс істеу үшін жоғары кәсіби кадрларды тарту мүмкін болады.
Екіншіден, сыбайлас жемқорлықпен күресті жүйелендіру. ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің ішінде құрылған Тәртіптік комиссия жұмысының тиімділігін одан әрі арттыру. Қазір оның құзырына С-1 деңгейіндегі лауазымды әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге дейінгі тәртіптік істері жатады. Бұл комиссияның құзырын В-1 деңгейіндегі лауазымды әкімшілік мем-лекеттік қызметкерлерге дейін көбейтіп, оның құрамына тәуелсіз қоғамдық бақылаушыларды кеңінен тарту қажет. Тек қана азаматтық қоғам институттарымен иық тіресе жұмыс істеудің арқасында мемлекеттік аппараттағы сыбайлас жемқорлықпен күресті тиімді әрі жүйелі негізде жүргізуге болады. Оның үстіне, мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын жүйелі негізде көтеру және жалақының мөлшерін ақтық нәтижеге бағыттау жүйесі әзірленуде. Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы заңнаманы күшейту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігі мен этикасын арттыру жөнінде шаралар қатар іске асып жатыр.
Осылайша, сыбайлас жемқорлықтың салдарымен емес, оны тудырушы факторлармен күресжанданыру қажет деп ойлаймыз. Олардың ішінде - кейбір заң нормаларының қарама-қайшы келетін не бұлыңғыр тұстары, әкімшілік рәсімдердің (мемлекеттік қызмет көрсету) қиындығы, жалақы мен әлеуметтік қорғау деңгейінің төмендігі, дұрыс азаматтық бақылау жүйесінің жоқтығы, жемқорлықпен күрестегі ақпараттық-талдау жұмыстарының жеткіліксіздігін атап өткен жөн. Үшіншіден, мемлекеттік аппараттың құрылымын оңтайландыру. Мемлекеттік басқару жүйесін реформалау кезінде, ең бастысы, қызметкердің құзыры мен оған қойылатын міндеттерді тиімді орындау арасында оңтайлы тепе-теңдік орнауы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдар классификациясына құрылымдық сыни талдау жүргізу арқылы, ол қайта қаралып, керек емес артық лауазымдар, қосалқы және тиімсіз буындар жойылуы керек. Ел Үкіметі толықтай стратегиялық басқару, жалпы реттеу функцияларын іске асыру мен заң жобаларын әзірлеу жұмыстарына ден қоюы тиіс. Оның құрылымы мемлекеттік саясаттың басымдықтарына сәйкес қайта жаңартылып отырады. Үкімет атқарушы биліктің жергілікті органдарына берілген функцияларды іске асыруға мұқият талдау жүргізетін болады және мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін одан әрі ажырату жөнінде ұсыныстар дайындайтын болады. Санамаланған бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыс мемлекеттік органдардың ішкі құрылымын қайта құруға, оларға жүктелген өкілеттіктерді іске асырудың тиімді тетіктерін құруға және тиісінше олардың қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді.
Бір деңгейдегі мемлекеттік басқару органдары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу жөніндегі ұсыныстар әзірленетін болады. Төртіншіден, басқарудың, үйлестірудің және бақылаудың тиімді тетіктерін енгізу. Ең әуелі атқарушы мемлекеттік билік органдарының қызметіне функционалдық талдау жұмыстары жүргізіліп, осының нәтижесінде артық және қайталанатын міндеттер жойылуы тиіс. Мемлекеттік қызметкерлердің жұмысының сапасы мен тиімділігін бағалаудың кешен-ді жүйесі енгізу міндеті тұр. Соның ішінде, мемлекеттік органдар іс-әрекетінің (қызмет көрсетудің) рейтингілік жүйесін әзірлеуді аяғына дейін жеткізген абзал. Мемлекеттік қызмет көрсетудің салалық және бірыңғай стандарттарды әзірлеуді тездету керек. Құжаттардың өту мерзімін қысқарту және шешімдер қабылдауды жеделдету үшін басқару рәсімдерін жетілдіру және регламенттеу жөнінде жұмыстар жүргізіледі.
Функционалдық талдау негізінде Үкімет бақылау және қадағалау функцияларын реттеуге, бақылау және қадағалау функцияларын нақты мемлекеттік органдардың құзыретіне жатқызу өлшемін белгілеуге мүмкіндік беретін мемлекеттік функцияларды жіктеуді аяқтайды.
Бесіншіден, электрондық Үкімет жүйесін толықтай іске қосу. Бұл игі бастаманың өзектілігі мемлекеттік органдардың әрекет жасауының тиімділігін арттыру қажеттілігімен түсіндіріледі және алдыңғы қарастырылған әкімшілік реформалар бағыттарының жүзеге асырылуына қомақты үлес қосады. Әсіресе, мемлекеттік қызмет көрсетудің өзі ептеп электрондық форматқа көшірілетінін ескеру керек. Осы арқылы мемлекеттік қызметкер мен тұтынушы арасында тікелей қарым-қатынастар едәуір қысқарады деп күтілуде. Бұл өз кезегінде, мемлекеттік қызметкер мен қарапайым тұтынушы арасында әкімшілік жемқорлық өрісінің пайда болуына жол бермейді. Сонымен қатар, электрондық Үкімет ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесін әзірлеу, іске қосу және одан әрі дамыту келесідей себептер бойынша Қазақстанның қарыштап да-муына септігін тигізеді деген пікірдеміз. Әуелі, электрондық Үкімет ақпараттық технологияларға негізделген жобаның негізгі компоненттерінің әзірленуі жанама түрде ұлттық ақпараттық инфрақұрылымның жедел қалыптасуына жәрдемдеседі. Оның үстіне осы ақпараттық-технологиялық жүйенің тағы бір артықшылығы - болашақта өз инфрақұрылымын жаңғыртуды ешбір қиындықсыз жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Яғни мемлекеттік басқару процестері мен рәсімдерін мерзімді жетілдіріп тұру енді жеңілірек болады деген сөз. Есесіне электрондық Үкімет жүйесі мемле-кеттік органдардың біртұтас тасымалдау ортасын қалыптастыруға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік басқарудың теориялық негіздері
Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыптасу мәселелері
ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ
Құқықтық реттеудің негіздері мен ерекшеліктері
Жергілікті өзін өзі басқарудың теориялық негіздері
Мемлекеттік басқарудағы құқықтық реттеудің рөлі
Жергілікті мемлекеттік басқару түсінігі
Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практикалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу
Пәндер