Отбасында бала тәрбиелеу әдістері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 328 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

С.С. СЕЙТЕНОВА А.С. АБИЛ

ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану

Әдістемелік құрал

Ақтөбе - 2017

Сейтенова С. С. Абил А.С.
Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмысы: әдістемелік құралы - Ақтөбе. 2017 ж. - 230 бет

Пікір жазғандар:
Медеубаева К. - п.ғ.к., доцент Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогика институты. Альмурзаева Б.К. - п. ғ. к., аға оқытушы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті

Ұсынылып отырған Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмысы пәні бойынша әдістемелік құралы кредиттік оқу жүйесі бойынша оқитын 5В012300 - Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығының күндізгі және сырттай бөлім студенттеріне арналған.
Әдістемелік құралының мақсаты - студенттердің отбасы тәрбиесінің негіздері туралы ғылыми - теориялық білімнің жүйесін қалыптастыру, отбасымен әлеуметтік - педагогикалық жұмыс саласында кәсіби біліктілігін дамыту.
Әдістемелік құралы дәріс, практикалық сабақтардың жоспарларынан, студенттерге арналған оқытушы көмегімен орындалатын студенттің өз бетінше жұмыстары (ОСӨЖ) мен студенттің өздігінен орындайтын жұмыстарынан (СӨЖ), білімді байқау тестерінен және емтиханға арналған тапсырмалардан тұрады.
Әдістемелік құрал педагог мамандар даярлайтын оқу орындарының оқытушылары мен білімгерлеріне, магистранттарға пайдаланатын көмекші құрал болатынына сенім білдіреміз.

Қ. Жұбанов атындағы АӨМУ-ның оқу әдістемелік кеңесінің мәжілісінде мақұлданып, баспаға ұсынылды. №6 Хаттама 20 маусым 2017 ж.

АЛҒЫ СӨЗ

Қазіргі педагогикалық ғылымның баланың тұлғалық дамуы үшін отбасы тәрбиесінің даусыз басым болып келетіндігін дәлелдейтін көптеген айғақтары бар. Адамның отбасы - әлеуметтік-тарихи тәжірибесінің қайнар көзі, адамдар арасындағы эмоциялық, іскерлік қарым-қатынас тәжірибесін балаға жеткізу амалы.
Соңғы жылдары ғалымдар отбасын зерттеу мәселесіне көбірек көңіл бөлуде және отбасын тәрбиенің әлеуметтік институты ретінде сипаттайтын жаңа мағмұлаттарын ұсынып отыр. Қазіргі педагогикалық мекеменің жұмысы - баланың отбасына, отбасымен тығыз қарым-қатынасқа бағыттау. Осыған байланысты бүгінгі жас мамандардың алдына қойылатын өзекті талаптардың бірі - отбасының және отбасы тәрбиесінің негіздерін білу.
Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс оқу курсы студенттердің отбасы туралы, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері, принциптері, отбасы тәрбиесінің психологиялық- педагогикалық негіздері туралы білімдерін қалыптастыруға арналған. Курс материалдарын зерттеу студенттерге - болашақ әлеуметтік педагогтарға - отбасымен әрекеттестікке психологиялық дайындығын қалыптастыруға, сол әрекеттестіктің табысты болуын қамтамасыз ететін маңызды кәсіби қасиеттерін дамытуға көмектеседі.
Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс курсы оқу жоспарына сәйкес 5В012300
oo Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану мамандығы бойынша 4 курс бакалаврларына арналған және философия, әлеуметтану, экономика, жалпы және әлеуметтік педагогика, жалпы және жас ерекшелік психологиясы курстарын оқу барысында алған білімдеріне негізделеді.
Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс курсының мақсаты - болашақ әлеуметтік педагогтарға отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып,оларды отбасымен бірлесіп жұмыс жасауға,ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге даярлау,студенттердің отбасы тәрбиенің негіздері туралы ғылыми - теориялық білімнің жүйесін қалыптастыру, отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс саласында кәсіби біліктілігін дамыту.
Курстың міндеттері:
1. Отбасы тәрбиесінің әлеуметтік-педагогикалық, заңнамалық негіздерін зерттеу;
2. Отбасы тәрбиесінің мәні, механизмдері, негізгі бағыттары, әдістері және формалары туралы студенттердің ғылыми білімдерін қалыптастыру;
3. Баланың психикалық, тұлғалық дамуында отбасы тәрбиесінің маңызын ашып көрсету;
4. Дамуында ауытқуы бар балалардың отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін анықтау;
5. Отбасын зерттеудің, әлеуметтік-педа гогикалық жұмысты ұйымдастырудың, жоспарлаудың, жүргізудің алғашқы дағдыларын қалыптастыру;
6. Болашақ мамандардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасау, өз- өзінің білімдерін көтеруге, өздерінің кәсіби біліктілігін жетілдіруге қажеттілік туғызу.
Әрбір отбасы қоғамның кішкентай бір бөлігі болып табылатындықтан, қоғамды өркениетке жеткізу ең алдымен әрбір отбасындағы өмірді ұйымдастырудан басталмақ. Тәрбиенің бастапқы әліппесін бала отбасында алады.
Алайда тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік педагог ата-аналармен жұмыс жүргізу барысында бірқатар қиындықтарға тап болып отыр. Педагогтар өздерінің педагогикалық қызметіндегі ең қиын жұмыстардың бірі ата-анамен жұмыс деп есептейді. Сондықтан да бүгінгі таңда болашақ әлеуметтік педагог кадрларды кәсіби даярлауда
Отбасымен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс ерекше орын алады. Отбасы тәрбиесінің негіздері туралы білімді меңгермей, жақсы әлеуметтік педагог болу мүмкін емес.

БІРІНШІ МОДУЛЬ

1. ОТБАСЫМЕН ӘЛЕУМЕТТІК - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ МІНДЕТТЕРІ
0.1. Отбасы педагогикасының қалыптасуы мен даму тарихына шолу Мақсаты: Болашақ әлеуметтік педагогты отбасы тәрбиесі туралы ғылымның - отбасы
педагогикасының пайда болуы мен құрылуына, даму тарихына шолу жасау, қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерімен таныстыру.
Жоспар:
1. Отбасы тәрбиесі туралы ғылымның - отбасы педагогикасының пайда болуына, құрылуына, даму тарихына шолу
2. Отбасы тәрбиесінің тарихи даму аспектісі. Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері
3. Қоғамдық және отбасы тәрбиесі: ұқсастығы және айырмашылығы.
Негізгі ұғымдар: отбасы, отбасы тәрбиесі, қоғам, қоғамдық тәрбие, отбасы педагогикасы, дәуір, рухани, неке, туысқандық, әлеуметтік, қауымдастық.
1. Отбасы тәрбиесі туралы ғылымның - отбасы педагогикасының пайда болуына, құрылуына, даму тарихына шолу. Отбасы педагогикасы ғылым ретінде салыстырмалы тұрғыда кейін пайда болды. Отбасы педагогикасының пайда болуы қоғамда отбасы құндылықтары мен отбасы тәрбиесінің күрделенуімен, отбасылық мәселелердің артуымен түсіндіріледі. Отбасы педагогикасы ғылым ретінде отбасының алғашқы пайда болу тарихынан бастап, бүгінгі таңдағы отбасының өзіндік ерекшеліктерін сипаттайды. Отбасы тәрбиесі қай кезеңде болмасын өз маңыздылығын жоғалтқан емес. Отбасының өзіндік даму тарихы бар. Яғни, адамдардың өндіріс тәсіліне сәйкес отбасы да әлеуметтік топ ретінде тарихи дамып отырады. Отбасының тарихи болмысын Платон, Аристотель зерттеулерінен көре аламыз. Ал, отбасының тарихи дамуының ғылыми-материалистік теориялары американдық ғалым Льюис Морганның зерттеулерінен бастау алған. Осыдан кейін классикалық неміс философиясының өкілі И.Кант және Фихте, Гегель,француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко т.б өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған. Дүниежүзіндегі әрбір халықтың өзіне тән отбасы тарихы бар. Олар бір-бірінен қалыптасу тарихы тұрғысынан ерекшеленеді. Отбасы педагогикасында осы аталған отбасыерекшеліктері кеңінен зерттеліп, отбасы тәрбиесінің рөлі мен маңызы айқындалған.
Отбасы, жанұя, үйелмен, семья деген атаулар бір мағынаны береді.
Мәселен,
oo "Отбасы - семья, үй деген сөздің синонимі" яғни бір оттың (ошақтың) басында өмір сүріп жатқан қандастар.
oo "Жанұя - өмірдегі туысқандық қарым - қатынастық ортақ белгісі"
oo "Үйелмен - ғасырлар бойы өмір сүріп келе жатқан адам баласының әлеуметтік ортасы"
oo "Семья-некеге немесе қандас туысқандыққа негізделген қоғамдық шағын топ, адам тұрмысын ұйымдастырудың бастапқы формасы".
Осы төрт анықтамадан түйіндейтініміз - адамның өз өмірінің негізгі процестерін бастан кешіретін кіші әлеуметтік топ отбасы болып табылады. Отбасындағы әрбір адам өмірінің онымен тығыз байланыстылығы сонша, ол әрбір отбасы мүшесінің дамуына шешуші әсер етеді. Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын комплексті әлеуметтік құбылыс. Сондықтан да отбасыға объективтік тұрғыдан ғылыми зерттеу жүргізу оңай емес. Адам мен қоғам үшін отбасының маңызы, атқаратын қызметі алуан түрлі болғандықтан оны зерттеуші қоғамдық ғылымдар да көп. Бұл ғылымдардың әрқайсысы өз анықтамасын беруге тырысады. Педагогикалық ойдың даму тарихында отбасы мәселелері Батыс және Шығыс елдері философтары, әлеуметтанушылары,

педагогтары, психологтары және т.б. ғалымдардың зерттеу нысаны болды. Жалпы алғанда, жас ұрпақты тәрбиелеу - ортақ мұрат, оларды сапалы біліммен қаруландырып, тәрбиелі азамат етіп шығару- әр қоғамның көкейіндегі басты арманы. Ал баланың негізгі білім мен тәрбиенің қайнарын әуелі отбасынан, мектептен, одан соң белгілі бір оқу орындарынан алатыны баршаға мәлім. Сол сияқты жастарды отбасы өміріне даярлау да өмір баспалдағына байланысты, оларға мектеп жасына дейінгі кезеңдерінен - ақ отбасы деген тақырыпта әңгіме құрып, әр затты өз уақытында түсіндіріп, олардың жас ерекшелігіне байланысты тақырыпты күрделендіре түсіріп, ұғындырып, санасына құйып отырған жөн. Бала әртүрлі отбасында тәрбиеленеді. Сондықтан әр үйдің жағдайына, оның тұрмыс жайына, ондағы қалыптасқан әдеттер мен дағдыларға, ата-аналардың өзара жасайтын қарым-қатынасына, ондағы адамдардың кәсібі мен қызметіне т.б. өзіндік ерекшеліктеріне қарай тәрбие әдістері де түрленіп отыруы қажет. Тәрбиенің белгілі бір әдісін баланың өскен ортасына, алған тәрбиелік бағытына, жас ерекшелігіне, сыныбына, тағы басқа артықшылықтарына қарай кейбір балаға қолданғанда ойдағыдай нәтиже берсе, екінші бір жағдайда нәтиже бермеуі де мүмкін. Көптеген отбасында қазір бала тәрбиелеу күннен - күнге қиындап бара жатыр деген пікір бар. Ол пікірді әр адам әртүрлі қабылдайды, біреуі заман өзгерді десе, тағы бірі адам өзгеріп барады дейді. Бірақ біз бір затты ескеруіміз керек, отбасында бес бала болса, оларға бірдей тәрбие берілсе де балалар әртүрлі болып өседі. Себебі, әр адамның қабылдауы әр түрлі .
ғасырдың екінші жартысынан бастап отбасына деген тарихи көзқарастар толықтырыла түсті. Мысалы, 1877 жылы шыққан Ежелгі қоғам атты кітабында Л. Морган отбасының тарихын, оның некелі қарым-қатынасын, экономикалық, әлеуметтік дамуын және қызметін қарастырған. Одан кейінгі уақыттарда отбасы туралы марксистер де жазды. Соның бірі - Ф. Энгельстің 1884 жылы шыққан Отбасының, жеке меншіктің және мемлекеттің шығуы атты еңбегі. Мұнда Ф. Энгельс жанұяны тарихи категория ретінде қарастырып, оның формаларының байланысын, даму жолдарын көрсетті.
Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо, швейцарлық И.Г.Песталоцци, орыс педагогтары К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко,т.б.өз еңбектерінде отбасы тәрбиесін қарастырған .
Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих, т.б. ғылымдардың қарастыруына байланысты көптеген анықтамаларды кезіктіруге болады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені, барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. Олай болса, отбасының бірнеше анықтамаларына тоқталайық. Жоғарыда айтқандай, отбасы-жанұя- семья-үйелмен-бәрі бір ұғымды білдіреді. Сондықтан кейбір жерде отбасы, кейбір жерде жанұя деп ала береміз (Ә.Р.)
Философиялық тұрғыда отбасы - қоғамның ажырамас құрамды, өмірде зор мәні бар кішігірім ұйымы деп санаса, әлеуметтану ғылымында отбасы - некеде және қандас туыстар негізінде құрылған кішігірім топ деп берілген. Оның мүшелері бір-бірімен тұрмыстық, моральдық жауапкершілік, өзара жәрдем көрсету қарым-қатынаста болып, әлеуметтік құрылыс ретінде қоғамның экономикалық базисінің дамуына байланысты өзгертіп, жекелей дербестікте болады деп көрсетеді.
Ал, педагогикалық - психологиялық тұрғыда отбасы - ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі-зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде Отбасы - өзіне, неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ деп анықтама берілген. Оның ерекшелігі - тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.

Отбасы өмірі материалдық және рухани үрдістермен сипатталады. Табиғи- биологиялық және шаруашылық тұтыну қатынастары оның материалдық жағын құраса, рухани жағын құқықтық, адамгершілік және психологиялық қатынастар құрайды.
Отбасы мәселелері ТМД елдерінің ғалымдары В.И. Зацепин, В.Д. Цимбалюк, Г.К. Матвеев , Ю.И. Семенов, Н.Е. Соловьев, А.Г. Хрипкова, З.Я. Янкова, ал Қазақстанда С.Қалиев, М.Жарықбаев, Ж.Б. Қоянбаев, К. Бейсенбиева, М. Тажин, Б. Аяғанова секілді ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Бұл ғалымдардың тұжырымдалары бойынша отбасы - адамдардың, яғни некелік негізде қосылған еркек пен әйелдің, олардың туған немесе тумаған балаларының, кей кезде басқа да бірге тұратын жақын адамдарының қарым-қатынастық, бірлестік формасы. Авторлардың ойынша бұл анықтама барлық отбасының кез келген даму кезеңдерінің мәні мен сипаттарын қарастырады.
Қазіргі таңда отбасы педагогикасы-қарқынды түрде дамып келе жатқан ғылыми білімнің бір саласы. Болашақ әлеуметтік педагог кадрларды кәсіби даярлауда Отбасы педагогикасы ерекше орын алады. Отбасы тәрбиесінің негіздері туралы білімді меңгермей жақсы педагог болу мүмкін емес.
Отбасы педагогикасы курсының мақсаты - болашақ педагогтарға отбасы тәрбиесінің ерекшеліктері туралы түсінік бере отырып, оларды отбасымен бірлесіп жұмыс жасауға, ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеруге даярлау. Отбасы педагогикасы отбасы тәрбиесінің негізін, отбасының бала тұлғасын қалыптастырудағы рөлін, отбасының қазіргі даму тенденцияларын, отбасы тәрбиесінің ерекшеліктерін, отбасында бала тәрбиелеу әдістері мен формалары, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін жетілдіру жолдарын, білім беру мекемелерінің отбасымен әрекет жасау сияқты бағыттарын зерттейді.
2. Отбасы тәрбиесінің тарихи даму аспектісі. Қоғам дамуының әр түрлі кезеңдеріндегі отбасы тәрбиесінің мақсаты мен міндеттері. Әрбір мемлекеттегі тәрбие жүйесінің дамуы мен қалыптасуы сол мемлекеттің тарихымен тығыз байланысты. Мемлекет дамуының тарихи кезеңдері балаларды дамыту мен білім алуына деген анықталған көзқарастарының болуымен, білім беру үдерісін жүзеге асыру мүмкіндігінің болуымен, тәрбиелі және білімді қоғам қажеттілігімен және мемлекеттік білім беру жүйесінің жағдайымен сипатталады.
Білім беру саласындағы нормативтік - құқықтық, публицистикалық және көркемдік ақпарат көздерінің тарихи - мұрағаттық, заңды құжаттарына талдау жасау отбасы және үй тәрбиесін мемлекеттің қоғамдық, әлеуметтік мәдени және экономикалық жағдайының өзгеруімен байланысқан күрделі білім беру үдерісі ретінде қабылдауға мүмкіндік береді.
Көне заманнан бастап халықтар өздерінің педагогикасын жасап, балаларды түрлі тәрбиелік құралдар арқылы тәжірибелік іс-әрекетке, өмір қиыншылықтарымен күресуге даярлады.
Отбасы пайда болған кезден бастап, көптеген мыңжылдықтар ағымында отбасы тәрбиесі қоғамда балаларды тәрбиелеудің жалғыз формасы болып келді. Мектептер мен басқа да білім беру және тәрбиелеу мекемелері өте аз болды және олар тек аз мөлшердегі жоғарғы тап өкілдерінің балаларына ғана қызмет жасады. Қоғамның кластық сипаты түрлі бағыттарын анықтап берді.
Афинада біздің дәуірімізге дейін VII-V ғасырларда тәрбие және білім жүйесінде отбасы тәрбиесі мен білім басты орын алған. Мемлекеттік болған спартандық тәрбие жүйесінен айырмашылығы Афинада 7 жасқа дейінгі балалар отбасында тәрбиеленген. Әйелдерге қатысты ережелерге байланысты құл иеленуші қоғамда қыздар тек қана отбасы тәрбиесінде болған. Онда қыз балаларды дәстүрлі сауаттылыққа (оқу, жазу, санау) үйретумен бірге музыкалық аспаптардың біреуінде ойнауды, үй шаруашылығына қарау, қол өнері, тігін тігуді үйреткен.
Көптеген спартандық және афиналық тәрбие мен білім ұстанымдары кейіннен Римде дамыды (біздің дәуірімізге дейінгі VI ғасыр). 7 жасқа дейінгі ұл балалар, ал қыз балалар 7 және одан да үлкен жасқа дейін Афинадағыдай шешелерінің тәрбиесінде немесе балалар тәрбиесін тапсыратын үлкен жасқа келген туыс әйелдердің бақылауында болған. 7 жастан кейін ұл балалар көбіне әкелерінің қарамағына өтіп, үйрене бастайтын. Оқыту таза

практикалық мақсатта болатын - баланы қоғамдық, әскери және отбасының әлеуметтік жағдайына қарай шаруашылық жұмысқа дайындайтын. Шаруа немесе қолөнершінің балалары, оқу, жазу және санаудан басқа әке шаруашылығында жұмыс жасауға дайындалды, ал ақсүйектердің балалары қару ұстауға, жүзуге, атқа отыруға үйретілді, ежелгі Римнің мемлекеттік құрылымымен таныстырылды, әкесінің меншігіндегі ауылшаруашылық жұмыстарына басшылық жасауға үйретілді.
Рим тәрбиесі мен білім беру жүйесінің ең басты ерекшелігі - оның азаматтық сипатта болуы. Олардың басты мақсаты қоғамның белсенді мүшесін, мемлекеттегі және әулеті үшін жанын қиюға қабілетті, қайсар жауынгер, кірмелердің барлығын орынды жек көретін, өнерлі саясаткер, есепті жер иеленушілерді даярлау болатын.
Ғасырлар өте келе бұл жүйенің кейбіреулері ғана өзгерді: балаларды тәрбиелеумен құлдар айналысатын болды, ал білім берумен арнайы шақыртылған мұғалімдер айналысты.
Ежелгі орыс тәрбиесінің басты назары оның тұрмыстық тәртібіне аударылды. Бұл ережелерді меңгеру үшін христиандық өмір, христиандардың қалай өмір сүру керек екендігі туралы мәлімет беретін Кодекс дайындалды. Бұл Кодекс үш ғылымнан тұрады: рухани парыз туралы ілім; азаматтар қоғамының тұрмысы туралы ғылым; үй шаруашылығын жүргізу туралы ғылым.
Кодекс төмендегі үш ғылымнан тұрады
Рухани парыз туралы ілім
Азаматтар қоғамының
тұрмысы туралы ғылым
Үй шаруашылығын жүргізу туралы ғылым

В.О. Ключевский көрсеткендей, осы үш ғылымды меңгеру ежелгі Русьте жалпы білім беру мен тәрбиенің міндеттерін құраған.
Ежелгі орыстардың рухани оқуларының педагогикалық мақсаты төмендегідей ережелермен анықталған: ол өзінің отбасы мүшелерінің рухани және дене тазалығын сақтауға, оларды қорғауға, оларға өзінің рухани бір бөлігі ретінде қарап, қамқорлық көрсетуге міндетті болған. Үйдегі еңбек тәрбиесін ол өзінің жарымен бөліскен.
Балалары өсіп келе жатқанда оларды ата-анасы: әкесі ұлдарын, шешесі қыздарын кәсіп пен қолөнерге үйреткен. Бұл кәсіптерді таңдау және үйрету тәртіптері балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай, сондай-ақ ата-аналардың қоғамдағы дәрежесіне сәйкес анықтаған.
Ежелгі тәрбие педагогикасының негізгі құралы - жанды үлгі-өнеге. Бала тәрбиесін тек сабақта ғана жүргізбей, өзі өмір сүрген ортадан да ала білуі керек болған.
ХI - ХII ғасырлардың өзінде Киев мемлекетінде бірқатар қолжазбалар пайда болды. Мысалы, Пчела, Златоуст, Святославтың жинақтары және т.б. Аталған жинақтар әмбебап - педагогикалық сипатта болды және адамдарды көптеген ар - намыс, қадір -қасиет, еңбексүйгіштік, даналық және білімге ұмтылу сияқты өмірлік жақсылықтарға үйреткен. Олар үлкен ағартушылық рөл атқарады.
ХVI ғасырда балаларды отбасында тәрбиелеу және шаруашылыққа баулу туралы жазылған жинақтардың бірі - әулие Силвьестер жазып қалдырған Домострой атты жинақ.
Бұл жинақта отбасындағы ері мен әйелінің, әрбір отбасы мүшелерінің қызметтері туралы кеңестер берілген. Тәрбиеде қатыгез шараларды пайдалану ортағасырлық педагогиканың негізгі сипаттамасы болып табылады.

Бұл дәуірде ата-аналар мен балалардың қатынасы қарама-қайшылықтарға толы болды. Мысалы, бір жағынан ата-аналары балаларына ерекше қамқорлық көрсетіп, аналық махаббатқа бөлесе, екінші жағынан балалар әке еркіне бағынышты болды. Мысалы, 1649 жылғы заңдарға сәйкес балаларын өлтіргені үшін әкесін бір жылға ғана түрмеге отырғызған. Ал балалардың ата - аналарына қарсы шығуына құқы болмаған.
Отбасы тәрбиесінің негізі - бағыну, құдайдан қорқу, ата-аналарын сыйлау, еңбексүйгіштік және азаматтық. Отбасы тәрбиесі тәжірибелері алғашқы педагогикалық теориялардың түп тамыры болды. Қоғамдық тәрбиенің шығуына байланысты отбасы мен мектеп тәрбиесінің қарым - қатынасы мәселесі туындады. Ол әр қоғамдық құрылысқа, ойшылдардың философиялық, әлеуметтік - саяси көзқарастарына байланысты әр түрлі шешіледі.
Мысалы, ежелгі Римнің шешен теоритегі Квинтилианның пікірінше, қоғамдық (мектептегі) тәрбие үйдегі жеке тәрбиеге қарағанда, көбірек құдіретке ие. Ол: Кім жалғыз оқыса, ол өмірге өзі танып білгенімен еніп, күннің ашық түсті жайма - шуақ жарық сәулесіне бөленіп, әрбір жаңа жағдайда тығырыққа тіреледі, - деп жазды.
Бала тәрбиесі отбасында басталу қажеттілігі турады айтқан ғалымдардың бірі - Я.А. Коменский. Ол балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр қайсысы 6 жастан 4 жас кезеңіне бөліп қарастырды.

Я. А. Коменский бойынша балалардың жас ерекшелік кезеңдері
1
балалық шақ
туғаннан бастап 6 жасқа дейін;
2
жеткіншек шақ
6 жастан 12 жасқа дейін;
3
жастық шақ
12 жастан 18 жасқа дейін;
4
ересектік шақ
18 жастан 24 жасқа дейін.

Жоғарыдағы кестеде көрсетілген кезеңдерге сәйкес Я.А.Коменский білім берудің төмедегідей сатысын ұсынды.

Жас кезендеріне сәйкес Я.А.Коменскийдің ұсынған сатысы
1
6 жасқа дейінгі балалар үшін ол аналық мектеп;
2
Жеткіншектер (6 жастан 12 жасқа дейін) үшін әрбір қауымда, жергілікті жерлердегі
алты жылдық ана тілі мектебі;
3
Жастық кезеңіндегілер үшін (12 жастан 18 жасқа дейін) латын мектебі немесе
гимназия;
4
Ересектер үшін (18 ден 24 жасқа дейін) академия.

Оның ойынша, аналық мектеп - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың сатысы, онда негізгі тәрбиеші ана болып табылады. Аналық мектепте сабақ Коменскийдің идеясы бойынша, белгілі қатаң бағдарлама бойынша ерекше қарапайым осы жас кезіндегі балаларға түсінікті әдістемелік тәсілдерді қолдана отырып өткізу қажет болды. Аналық мектептің бағдарламасына ғылымның барлық салаларынан алғашқы мәліметтер енгізілді. Онда балалар су, жер, ауа, жаңбыр, қар, мұз, тас, темір, ағаш, шөп және т.б. дегеніміз не екенін білу қажет болды, табиғаттанудан қарапайым мәліметтерді меңгеру тиіс болды. Балаларды бояуды ажырата білу, аспанның, күннің, айдың не екендігі туралы география ғылымынан мәліметтер мен алғашқы түсініктер берілді.
Я.А.Коменскийдің айтуынша, аналық мектеп балаларды адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше мән берді (адамды сүю, үлкенге құрмет, кішіге ізет, тәртіпті болу, кішіпейілділік және т.б.).
Балаға отбасында гувернерлер басшылығымен жеке тәрбие беру мәселесін жақтаушылардың бірі ХVII ғасырда өмір сүрген ағылшын философы - Дж. Локк. Өзінің педагогикалық көзқарастарын Дж.Локк Тәрбие туралы ойлар (1693), Ақылды тәрбиелеу туралы педагогикалық еңбектерінде жан-жақты талдаған болатынды.

Біздің кездесіп жүрген адамдардың ішінде он адамның тоғызының рақымшыл немесе қатыгез, пайдалы немесе пайдалы болмауы тек ғана тәрбиеге байланысты, - деп тұжырымдады Дж.Локк. Ол қарапайым адамды ғана тәрбиелегісі келген жоқ, өз ісін алдын ала ойластыра істейтін джентельменді тәрбиелегісі келді. Ол: Джентельмен буржуазиялық іскер адамдардың сапасын меңгеруі қажет, қарым-қатынаста өзіндік қасиеттермен ерекшеленіп тұруы керек,- деді.
Сондықтан оған дене, адамгершілік және ақыл-ой тәрбиесін беру керек, ондай тәрбиенің негіздері мектепте емес, отбасында гувернерлердің басшылығымен берілуі керек, ал мектеп жағымсыз тәрбиеленген балалардың әр түрлі тобыры, - деп пайымдады. Оның пікірінше, нағыз джентельмен үйде тәрбиеленеді, кемшілігі бола тұрса да, үйдегі тәрбие мектепте берілетін білімдер мен ептіліктерден әлдеқайда пайдалы.
Қоғамның тәрбие мәселесіне деген көзқарасын өзгертуге ұмтылған ХVIII ғасырдағы француз философтары, соның ішінде Клод Адриан Гельвеций, отбасылық тәрбиеге қарағанда, қоғамдық тәрбиеге басты мән берді. Оның ойынша, мектеп мемлекеттің қолына берілуі қажет. Бұл позицияны ағылшынның социалист-утописі Р.Оуэн де жақтады. Ол отбасылық тәрбиеге қарсы болды. Оның ойынша, неке мен отбасы капиталистік қоғамның үш жамандығының бірі. Отбасыдағы екі жүзілік қарым-қатынас адамдарды адамгершіліктен алыстатады. Балалар жаңа негіздегі мемлекеттік жүйелерде тәрбиелеуі қажет. Онда балалар бірдей білім алады. Ата-аналар балаларын көріп тұруына болады, бірақ кең қоғамдық тәрбие беру жүйесі отбасын алмастырады, -деп түйіндейді Р.Оуэн.
Дегенмен бірқатар педагогтар мектептегі тәрбие мен отбасы тәрбиесін қарсы қойған жоқ. Солардың бірі - Швейцария педагогы И.Г.Песталоцци. Песталоцци отбасы тәрбиесіне ерекше мән берді. Оның ойынша, отбасында баланың адамгершілік мінез-құлқының негіздері қаланады. Балаға сүйіспеншілік сезімі, оларға сене білу, тәртіп, алғыс сезімі, шыдамдылық, борыш, моральдық сезімдер, т.б. баланың анасына деген қарым-қатынасынан пайда болады. Песталоцийдің пікірінше, баланың анасына махаббаты, ол бала ағзасының күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету негізінде пайда болады. Одан әрі балалардың адамгершілік күш-жігері мектепте іске асуға тиіс, онда мұғалімнің балаларға қатынасы оның әкелік махаббатының негізінде құрылады. Отбасындағы қарым-қатынас баланың ең алғашқы және табиғи қарым-қатынасы болып табылады.
Отбасы қарым - қатынасының күші, - деп көрсетті Песталоций - өмір барысында, жақын адамдардың қатынасында, баланың күнделікті ісі мен әректеті барысында жүзеге асатындығында. Ата - анасымен қарым - қатынас барысында бала алғашқы қоғамдық міндеттерді меңгереді. Отбасылық ұстанымдар мен отбасылық өмір барысында баланың мінез - құлқы, адамгершілік, ақыл - ойы қалыптасады.
Песталоций балалардың адамгершілік мінез - құлықтарын қалыптастыру моральдық өсиеттерді айтумен шектелмей, оларда моральдық сезімдерді дамыту адамгершілік бейімділіктерді қалыптастырудың қажеттілігіне тоқталды.
Сондай - ақ ол отбасылық тәрбиені қоғамдық тәрбиеге қарсы қоймай, керісінше, отбасы тәрбиесінің артықшылық жақтарын пайдалануды ұсынды.
Отбасы тәрбиесі мен үйдегі тәрбие мәселесі В.Г. Белинский, А.И. Герцен, Н.И. Пирогов, Н.А. Добролюбов, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой және басқа да ағартушылардың назарында болды. Аталған авторлардың еңбектерінде отбасы тәрбиесіндегі бірқатар жеке тұлғаның белсенділігін басып тастау, табиғи дарындылығын ескермеу, ерте жастан шет тілін оқыту, ұрып - соғып жазалау сияқты кемшіліктер сыналады. Сонымен бірге отбасындағы бала тәрбиесін жетілдіру, олардың сезімдерін аялай отырып, адамгершілік жүріс - тұрыс әдеттерін, өз бетімен әрекет ету, ойлау белсенділіктерін қалыптастыру туралы пікірлерді алға тартты.
Орыстың көрнекті ағартушылары жаңа қоғамды құратын адамдар отбасы мен мектепте тәрбиеленеді деп есептелді. Олардың пікірінше, балалар үйінде күнделікті өмір барысында қажеттіліктерді көрсе, қоғамда оның қалай жүзеге асып отырғандығын байқап, ата - аналарынан жаңа білімдер алады.

А.Ж. Герценнің ойынша, отбасылық тәрбие мен мектептегі тәрбиенің тұтастығы тәрбие ісінің қоғамдық мәнінде болып отыр. Бала өмірге келісімен ата - ананың мойнына үлкен жаңа міндеттер жүктейді және өсе келе оның шеңберінен шығып, қоғамдық өмірге аяқ басады.
Сонымен, жоғарыда айтылған пікірлерді қорыта келе, қоғамдық және отбасы тәрбиесі төмендегідей үш түрлі бағыт бойынша жүргенін байқауға болады:

Бірінші
Отбасы тәрбиесінің басымдылығын мойындау. Бұл бағыт бойынша баланың болашақ өмірге дайындығы отбасында қаланады.
Екінші
Отбасы тәрбиесінің мүмкіндігін жете бағаламау. Бұл бағыт бойынша әр тарихи кезеңдегі әр түрлі әлеуметтік, саяси және мәдени жағдайларға байланысты шыққан отбасылық қарама - қайшылықтардың үдеуі адамның табиғи тәрбие ортасы ретіндегі отбасының беделін төмендетеді.
Үшінші
Қоғам және отбасы тек бірлікте болған жағдайда ғана өзінің міндеттерін орындай алады. Бала тәрбиелеу әр ата - ананың жеке ісі ғана емес, азаматтық міндеті.

ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында Н.В. Шелгунов, Я.Ф. Лесгафт, Я.Ф. Каптерева, М.И. Демкова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде отбасы тәрбиесінің теориясы педагогика ғылымының жеке бір саласы ретінде қарастырылды. Бұл ғалымдардың еңбектерінде отбасын баланың алғашқы табиғи ортасы, қоғамның бір бөлшегі ретінде зерттеу қажеттілігі қарастырылады.
Отбасы және үй тәрбиесіне қоғамның көңіл аудара бастауының бір айғағы ретінде 1884 жылы Петербургте ашылған Ата-аналар үйірмесін айтуға болады. Үйірме мүшелері отбасы тәрбиесінің тәжірибесін зерделеп, оның теориясын жасауды өз мақсаттары етіп алды. Үйірме алғаш рет өзінің баспа мүшелерін құрды. Ол Отбасы тәрбиесінің энциклопедиясы деп аталды. 1898-1910 жылдар аралығындаП.Ф. Каптеревтің редакциялық басшылығымен оның 59 басылымы жарыққа шықты.
Революцияға дейінгі педагогтар отбасын балалардың ұлттық сезімдері мен идеалдарын қалыптастыратын бастау ретінде қарастырады. 1912 жылы Ресейде отбасы тәрбиесіне қатысты 1 Жалпыресейлік съезд болды. Оның негізгі мақсаты - отбасына бала тәрбиесі мәселесі бойынша көмектесу. Аталған съезде аналарға арналған курс ұйымдастыру, лекциялар өткізу, ата-аналар үйірмесін құру сияқты әртүрлі педагогикалық көмек формалары ұсынылды.
Отбасы тәрбиесіне ерекше мән берген ғалымдардың бірі - А.С.Макаренко. Ол ең бірінші болып, кеңес педагогтерінің ішінен өте маңызды мәселені талдаумен айналысты. Көптеген отбасының өзінің тәрбие қызметін жеткіліксіз орындайтындығын ескере келіп, ол
Ата-аналар кітабы атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегі 1937 жылы жарыққа шықты. Макаренконың отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. Ата-аналар кітабы және
Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар балаларды отбасында тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.
Ата-аналар кітабында екі ата - ананы салыстыра отырып, жалғыз балалы, көп балалы отбасы мәселелерін көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды.
Бірінші кейіпкер Петр Александрович Кетов - ол күшті, ақылды әрі адам психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша, көп балалы отбасы орташа адамды тәрбиелейді. Жалғыз бала дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп соқтырады.
Ол кейіпкерге Степан Денисович Веткиннің көп балалы, бақытты отбасы мүлде қарама- қарсы. Ол отбасы мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалардың

кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл мысылдардан екі отбасының екі түрлі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады.
Сондай-ақ отбасында адам өмірге келеді, тәй-тәйлап басады, бірінші қуанышы мен қиындығын кездестіреді, өседі, өнеді, одан үлкен өмірге аттанады. Осы жерде көптеген сұрақтар туындайды. Олар: Отбасы деген не? Оның мәні неде? Қоғамда қандай рөл атқарады? Әр адамға не береді? Осы сұрақтарды жан-жақты қарастырып, шешуге кезінде көптеген ойшылдар, ғалымдар ат салысқан. Мысалы: ежелгі грек ойшылы Платон Адамдар отбасын құру үшін болашақ өмірдегі серігінің қандай отбасынан шыққанын, оның әке- шешесі мен ата-бабаларын жақсы білуі қажет, ал Аристотель болса, Отбасы - адамдардың қарым-қатынастарының ең бірінші түрі және ол мемлекеттің бірінші кішігірім бөлігі,-дейді. Классикалық неміс философиясының өкілі Кант отбасы мәселесін қарастыра отырып, ондағы адамдардың құқықтық мәселелеріне көп көңіл бөлген. Фихте Отбасының негізі-махаббат деген. Отбасындағы тәрбие мәселесін көптеген әлеуметтану, философия, психология, педагогика, демография, құқық, әдептану, тарих ғылымдары қарастырады. Бұл да дұрыс шығар, өйткені барлық ғылымдарды бірдей қанағаттандыратын бір анықтама табу өте қиын. Педагогикалық - психологиялық тұрғыда отбасы - ата-ана мен балалар арасындағы, ерлі- зайыптылардың және басқа да отбасы мүшелерінің қарым-қатынасының тарихи нақты жүйесі болып табылады.
Отбасы - өзіне, неке мен қандас туысқа негізделген шағын топ. Оның ерекшелігі- тұрмыстың ортақтығы, өзара көмек және рухани жауапкершілік арқылы байланысқан. Қоғаммен, бүкіл қоғамдық қатынастардың жүйесімен тығыз байланыста бола тұрса да, отбасы - қоғамдық өмірге қарағанда адамдардың белгілі дәрежедегі дербес сырлас тобы.
Отбасының даму тарихына шолу жасайтын болсақ, отбасының өзіндік даму тарихы бар. Отбасы - кішігірім мемлекет, әлеуметтік топ. Ол алғашқы адам баласы пайда болған кезеңнен бері қарай дамуда. Ертеде отбасын құру - күнкөріс қамынан, ерлі-зайып қатынасынан, ұрпақ әкелуден туындаған. Бүгінде отбасыға мынадай анықтама беруге болады: қазіргі заманғы отбасы - ерлі-зайыпты екі адамның арасындағы некеге құрылған негізгі әлеуметтік топ, отбасыға сонымен бірге ұрпақтары (ұл-қыздары) да кіреді. Отбасының функциясы бала тауып, тәрбиелеп өсіру, ерлі-зайыптылардың эмоциялық сезімдерін және басқа (әлеуметтік, экономикалық) қажеттерін өтеу. Келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени -- ғылыми өрісі озық етіп тәрбиелеу -- біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Жалпы, отбасының тарихи дамуының ғылыми- материалистік теориясын американдық ғалым Льюис Морганмен байланыстыруға болады. Морганның зерттеулеріне негізделген жорамал бойынша, адамзат қоғамы тарихының бастапқы кезеңінде адамдар арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған - үлкендер мен жастар, балалары мен ата-аналары қатынаса берген. Бұл жабайы не жартылай жабайы кез болатын. Морганның және басқа зерттеушілердің дәлелдеуіне қарағанда, отбасылық қатынас промискуитет, яғни жалпы аралас деп аталатын бұл кезеңнен кейін бір қандастар отбасы, снидиасмикалық отбасы және моногамиялық отбасы кезеңдерінен өткен. Бір қандастар отбасы топтық некеге негізделеді. Бір ұрпаққа жататындардың бәрі, яғни аға-інілер мен апа-қарындастар туысқандығына қарамастан бір отбасын құрған. Мұндай семья эндогамиялық (жақын туыстар арасындағы отбасы дегенді білдіреді) топ болады, өйткені оған бір руға немесе тайпаға жататындар кіреді. Қазіргі кезде мұндай отбасылар жоқ, бірақ кейбір халықтарда ағайынды екі адамның балаларының үйлену фактілері кездеседі (өзбектер, арабтар). Бұдан кейін біртіндеп эндогамиялық принцип экзогамиялық принциппен, яғни руаралық некелесу формасымен ауысады. Бір рудың бір топ қыздары (апалы-сіңлілер) басқа рудың бір топ туысқан жігіттеріне шығатын болған. Бұл бір әйел мен бір еркектен тұратын отбасына көшудің алғашқы қадамы болды. Бір еркек пен бір әйелден тұратын моногамиялық отбасыға өтудің тарихи типі синдиасмикалық отбасы болды
oo ол жабайылықтан варварлыққа өту кезеңінде пайда болды, ал полигамиялық (көп әйел алу формасында) тек еркектердің ғана еркіне тиді. Отбасының бұл формасында баланың шын биологиялық әкесі белгілі болатын болды да, мұның өзі рулық қоғамның ыдырап, жеке

меншіктің, қосымша өнімнің шығуына, сөйтіп, моногамиялық отбасының тууына жағдай жасады. Қазіргі заманғы отбасының негізгі типтері өзгеше. Қазіргі заманда бір типті отбасы жоқ. Отбасылық қатынастардың формалары түрліше болуының себебі белгілі бір қоғамның даму дәрежесімен және ондағы қоғамдық қатынастардың сипатымен анықталады.
3. Қоғамдық және отбасы тәрбиеcі: ұқсастылығы және айырмашылығы. Қоғам деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады. Күнделікті өмірде бұл ұғым кең түрде және әр түрлі мағынада қолданылады. Мәселен, 1) тандаулы адамдардың қоғамы, 2) театр өнерін сүюшілер қоғамы; 3) Ресей немесе Қазақстан қоғамы; 4) адамзат қоғамы, т.б. мағынада қолдану бар. Әлеуметтану ғылымы осы аталғандардың ішіндегі үшінші топтағы қоғам ұғымын зерттейді. Көп уақытқа дейін мемлекет және қоғам ұғымдарын мазмұн және терминологиялық жағынан айырып көрсету болмады. Бұл ұғымдардың мазмұнын айыруда алғаш қадам жасаған итальяндық ғалым Н. Макиавели болды. Осы мемлекет ұғымын қоғам ұғымынан айырып қарау үшін stato деген арнайы термин енгізді. Бұл аталған ұғымдардың айырмашылығын немістің ұлы философы Гегель теориялық жағынан негіздеп, дәлелдеді. Мемлекет, қоғам, ел деген ұғымдарды синоним ретінде түсіну әлі де кездеседі. Әрине, бұл атауларда жақындық болғанымен, оларда айырмашылық бар. Егер біз оларға жеке тоқталсақ, қоғам - бір-бірімен өзара байланыста, қарым-қатынаста болатын адамдардың үлкен қоғамдасуы; мемлекет - сол қоғамдағы басқаратын билік органы; ел - әлгі аталған қоғам қалыптасып, мекендейтін белгілі бір территория. Ғылыми әдебиеттерде қоғамның мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150-ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей қоғам деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанымен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілер бар. Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе, қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама береді. Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни қоғамның тұтастығының негізі - коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады. Бұл анықтамалардың бәріне тән ортақ сипатты белгі - қоғамды өзара тығыз байланыста болатын элементтердің тұтас жүйесі ретінде қарастыру тән. Бұл - қоғам өміріне жүйелік тұрғыдан қарау деп аталады. Қоғамға жүйелік тұрғыдан қараудың негізгі принциптеріне көшпес бұрын, алдымен жүйе (система) дегенге анықтама беру керек. Жүйе - өзара байланыста болып, белгілі бір тәртіпке келтірілген элементтерден тұратын, өздігінен дамитын және өзін өзі реттеп отыратын күрделі тұтастық. Кез келген тұтас жүйенің ішкі табиғатын, мазмұнын оны құрайтын элементтердің құрамы анықтайды. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал әлеуметтік жүйе деп негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым-қатынастардан тұратын, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз. Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады. Қоғамдық тәрбие -өзін-өзі жүзеге асыра алатын тұлға қалыптастыратын, өркениетті қоғам мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуына өскелең ұрпақтың рухани байлығы мен мәдениеттілігіне еркін ойлау сүйіспеншілігін арттыруға зор үлесін қосатын үрдіс.

Қ о ғ а м д ы қ т ә р б и е
Ұлттық мәдениет пен қоғамдық заңдарды сақтауға үйретеді

Еңбек, дене тәрбиесіне баулып, ғылыми дүниетанымын қалыптастырады
Тұлғаны жан-жақты дамытады, еңбек тәрбиесіне баулиды
Қоғамдық және отбасылық тәрбиенің жүргізілетін бағыттары

Отбасы тәрбиесінің басымдылығын мой ындау, бұл бағыт бойынша баланың болашақ өмірге дайындығы отбасында қаланады

Отбасы тәрбиесінің мүмкіндігін жете бағаламау, бұл мәдени, саяси жағдайларға байланысты шыққан отбасылық қарама- қайшылықтардың үдеуі отбасы беделін төмендетеді
Қоғам және отбасы тек бірлікте болған жағдайда ғана өзінің міндеттерін орындай алады, бала тәрбиелеу ата-ананың жеке міндеті ғана емес, азаматтық міндеті

Ал отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, ата-ана борышы. Отбасы тәрбиесі - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Отбасы бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келеді. Сондықтан ол адам үшін ең үлкен мәнге ие орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралардың сақтаушысы. Онда бала алғашқы рет өмір жолымен танысады, моральдық нормаларды игереді. Сондықтан отбасылық өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Отбасы барлық уақытта да, өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешуде үлкен мүмкіндіктерге ие болған. Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі - ата- ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы. Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасына белгілі бір қиыншылықтар туғызады. Ата-аналардың білім деңгейіне байланысты да отбасында ерекшеліктер орын алады. Мысалы: ата-аналардың білімі жоғары болған сайын олардың балалары мектепте жақсы оқиды. Қазіргі ата-аналар жұмыс басты болғандықтан, бала тәрбиесі көбінесе білімі төмен ата мен әжелерге жүктеледі. Отбасында балалардың тәрбие

барысында табысты ықпал жасауда басқа да жағдайларды сипаттайтын белгілерді атауға болады. Оларға мына мәселелер жатады:
1. Отбасының этникалық құрамы және құрылымы: толық, толық емес жанұя, бір балалы, көп балалы, бір ұлттық, көп ұлттық жанұя.
2. Тіршілік әрекетінің және ортаның жағдайлары: жанұя мүшелерінің білім дәрежесі, еңбектену, кәсіпшілік құрамы, бюджеті, жалпы материалды әл-ауқаты, ауылдық және қалалық жанұя.
3. Отбасының тәрбие потенциалы: күнделікті тұрмыстың жалпы мәдениеті, күн режимі, демалыс және оның нысаналары, кітапхананы, теледидарды, музыка аспаптарын пайдалана білуі, спортпен айналасуы, отбасының дәстүрлік мерекелері, т.б.
4. Отбасының ішкі қатынастары: жанұя микроклиматының сипаттамасы, отбасындағы көзқарастың бірлігі және айырмашылығы, оның мүшелерінің өз міндеттеріне көзқарасы, жауапкершілігі.
5. Қоғамға көзқарасы: еңбек және қоғамдық міндеттерге, қоғамдық тәрбие институттарына қатысы.
6. Отбасының тәрбиелік жағдайы: жанұя тәрбиесінде қолданылған әдістер, ата- аналардың және басқа мүшелердің педагогикалық мәдени дәрежесі, т.с.с. Қорыта келе, отбасы тәрбиесі - қоғамдық тәрбиенің бір бөлігі, отбасының жоғарыда көрсетіліп отырған белгілерінің тәрбиелік ықпалы өте күшті, оларға тәрбие барысында ерекше көңіл бөліп, ескеру қажет. Белгілі кеңес педагогы А.Макаренко ата - аналарға бір сөзінде былай деген екен. "Сіз қалай киінесіз, қалай қуанып, қалай қайғырасыз, достарыңызбен және қас адамдарыңызбен қалай қарым - қатынас жасайсыз, сіз қалай күлесіз, газетті қалай оқисыз, радионы қалай тыңдайсыз, міне, барлығының да балаға әсері мол. Отбасылық тәрбие ережелеріне тоқталатын болсақ, жаратылысынан жүрек жылуы мен мейірім шуағы мол бала тәрбиесіне оларды болашақ өмірге дайындау мәселесіне ерекше көңіл бөлетін әлеуметтік институт ол-отбасы.
Бақылау сұрақтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы тәрбиесі
Қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасылар мен балаларға мекенжайлық әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің әдістері
Отбасындағы сәтсіздік түрлері балалық шаққа педагогикалық демеу беру әдістері
Отбасы - ерекше педагогикалық жүйе ретінде
Отбасылық тәрбие стилдері
Отбасы - тәрбие ұжымы
Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде отбасының рөлі
Отбасындағы адамгершілік тәрбиенің мазмұны
Отбасы баланы тәрбиелеу институты ретінде
Пәндер