ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ


Ф 11. 01-2020
1-баспа 25. 06. 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ЗАҢ» факультеті
«Экономика және құқық» кафедрасы
КУРСТЫҚ Жұмыс
пәні бойынша
Тақырыбы: «Азаматтық құқықтағы талап беру мерзімі және мерзімдерді есептеу»
Білімгер: Серік Дидар __ Тобы В19ГСиАП
/аты-жөні/ /қолы/
Жетекші Сатылғанов Ержан ___
/қызметі/ /аты-жөні/
Қорғауға жіберілді «»20ж.
/қолы/
Жұмыс қорғалды «»20__ж. бағасы
/жазбаша/
Комиссия мүшелері:
/аты-жөні/ /қолы/
/аты-жөні/ /қолы/
Тараз 20___
Ф 11. 01-2020
1-баспа 25. 06. 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ
кафедрасы тобының білімгеріне курстық жоба (жұмыс)ТАПСЫРМА пән бойынша/аты-жөні/
1. Тақырыбы
2. Тапсырманың арнайы нұсқауы
Кафедра мәжілісінде бекітілген «»20___ ж. хаттама №
Жетекшісі:
/қызметі/ /қолы/ /аты-жөні/
Тапсырманы орындауға қабылдадым «»20___ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ЗАҢДЫЛЫҚ ФАКТІСІ ЖӘНЕ Мерзім ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ . . . 5
1. 1. Заңдылық фактісінің түсінігі . . . 5
1. 2 Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері . . . 6
2. ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ . . . 9
2. 1 Талап қою құықығының түсінігі . . . 9
2. 2. Талап қою мерзімі . . . 13
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 22
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері. Азаматтық айналымда және әлеуметтік проблемаларды шешуде уақыт факторы маңызды рөл атқарады. Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуы заңда, мәміледе немесе сотта көзделген әрекеттерді немесе әрекетсіздікті жасау қажет болатын уақыт кезеңіне (аралығымен) немесе уақыт мезетіне байланысты болады.
Басталуы немесе өтуі белгілі бір құқықтық салдар туғызатын уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті азаматтық құқықта мерзім деп аталады. Зеттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетінiміздей, заңдық фактiлер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Мерзімнің түрлері. Мерзімді әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзететін, қүқықты өзгертетін және қүқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді.
Талап қоюға құқығы бұзылған мүдделі адам ғана емес, сондай-ақ азаматтық іс жүргізу заңдарына сәйкес басқа адамдар да құқылы болады. Сондықтан талап қою мерзімі ұғымының анықтамасында талап қою субъектісіне нұсқау болмайды. АК-ның 179-бабына сәйкес, сот талап қою мерзімін соттың шешімі шыққанға дейін жасалған талапкердің өтiніші бойынша ғана қолданады.
Талап қою мерзімі және оны есептеу тәртібі занда көзделеді және оны тараптардың келісуімен өзгертуге болмайды (АК-ның 177-бабының 2-тармағы) . Осыдан келіп, тараптардың келісуімен талап қою мерзімін ұзартуға немесе қысқартуға жол берілмейтіндігі туындайды. Талап қою мерзімі - бұл осы уақыт шегінде қойылған талапты сот қанағаттандыра алатын уақыт кезеңі.
Заң талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті талапкердің немесе жауапкердің ерікті іс-әрекеттерімен байланыстырады. АК-ның 183-бабына сәйкес, талап қою мерзімінің өтуі мынадай екі негіз бойынша үзіледі:
- белгіленген тәртіппен талап қою;
- міндеткер адамның борышты немесе өзге мiндеттерді мойындағандығын дәлелдейтін әрекеттер жасауы.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті: Бұл мән-жайлардың біріншісі заңның талаптарына толық сәйкестікте сотқа шағымдануды, яғни ведомствоға қарастылықты, сотқа дейінгі реттеуді, әрекетке қабілетті адамның талап қоюын және т. с. с. сақтай отырып шағымдануды ғана қамтиды. Бұл тәртіптің бұзылуы талап қою мерзімінің өтуіндегі үзілісті жоққа шығарады.
Талап қою, әдетте, дауды мәніне қарай шешуге және соттың шешімін шығаруға мәжбүр етеді. Мұндай жағдайларда талап қою мерзімі өзінен-өзі қажет болмай қалады.
Ұсынылып отырған курстық жұмыста Азаматтық құқықтағы мерзiмдердiң түсiнiгi түрлерi сонымен қатар талап қою мерзiмiнiң түсiнiгiмен және оны есептеудiң ережелерi қарастырылған.
Курстық жұмыстың құрылымы мен көлемі: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, бірнеше бөлімшелерден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ЗАҢДЫЛЫҚ ФАКТІСІ ЖӘНЕ МЕРЗІМ ҰҒЫМЫ МЕН ТҮРЛЕРІ
1. 1. Заңдылық фактісінің түсінігі.
Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматтық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т. т. заңдылық фактілер болып табылады.
Азаматтық кодексте сату-сатып алу, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртіптейтін баптардың болуы сол жеке тұлғалардың арасында немесе сондай-ақ заңды тұлғалардың арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сату-сатып алу туралы АК-тің баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сату-сатып алу мәмілесіне кірісуі керек. Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды (АК-тің 7-бабының 8-тармағы) . Адамның өлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
Заңдылық оқиғалар абсолюттік және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолюттік оқиғаларға адам еркінен тыс туындайтын оқиғалар. Олардың қатарына мыналар жатады: су тасқыны, жер сілкінісі, уақыттың жылжып өтіп жатуы. Ал салыстырмалы оқиғаларға тұлғаның әрекеті нәтижесінде туындайтын, бірақ онан соң оның қатысуынсыз дамитын құбылыстар жатады. Сондықтан оқиғалар әрекеттерден айырмашылығы олар осы құбылыстардың даму сипатына қарай белгілі болдады. Белгілі заңдық себептердің басталуына орай оқиғалар заңдық мағынаға ие болады.
Азаматтық құқық қатынастарының тууы, өзгертілуі және тоқтатылуы олардың мерзімінің басталуына немесе тоқтатылуына байланысты. Мерзім дегеніміз субъектілердің еркінен және әрекеттерінен тыс және олар өз іс-қимылдарының уақытын тоқтатуы мүмкін емес категория. Бұған қосымша мерзім оқиға немесе әрекет секілді ерекше заңдылық факті болып табылмайды. Оны салыстырмалы оқиға деп санауға болады, өйткені мерзім туралы сөз қозғай отырып адамдардың іс-қимылдарын жоққа шығаруға болмайды да.
Мерзімдер өзінің тууына байланысты ерікті болып табылады, себебі азаматтық заңдар нормаларымен белгіленеді. Енді мерзімнің ұғымына және олардың түрлеріне көшейік.
1. 2 Азаматтық құқықтағы мерзім ұғымы және оның түрлері.
Мерзімнің маңызы - оның басталуына немесе өтуіне белгілі бір заңдық салдар байланысты болады. Мерзім азаматтық айналымды реттейді, оның қатысушыларын тәртіпке келтіреді; азаматтық құқықтың әр түрлі субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін дер кезінде қорғауды қамтамасыз етеді. Өзінің заңдық табиғаты бойынша мерзім - бұл заңдық факт, заң онымен белгілі бір заңдық салдардың тууын байланыстырады. Құқық теориясы курсынан білетінiміздей, заңдық фактiлер, өз кезегінде оқиғаларға және әрекеттерге бөлінеді. Мерзімді, әдетте, оқиғалар санатына жатқызады, өйткені мерзімнің басталуы немесе өтуі объективтік сипатта, яғни азаматтық құқықтар субъектілерінің еркіне тәуелсіз сипатта болады. Бірақ заң әдебиеттеріндегі келесі көзқарас бойынша, мерзім оларды оқиғаларға да, әрекеттерге де жатқызуға болмайтын ерекше, дербес заңдық фактілер санаты болып табылады. Бұл көзқарас мынадай жағдайға негізделген: заңдық мерзімдер уақыттың өтуінің объективтік заңына бағына отырып, шығу тегі жөнінен қалай дегенде де еріктік мерзімдер болып табылады, өйткені оларды заң шығарушылардың не шарттағы тараптардың еркі айқындайды, сондықтан да екіжақты табиғаты болады. Бұл пікірмен келісу қиын, өйткені әлде біреудің еркімен белгіленген мерзім уақыт кезеңі немесе уақыт мезеті ретінде қалай дегенде де бір кезде басталады, яғни оны жақындатуға да, алыстатуға да, өзгертуге де, жоюға да болмайды.
ҚР Азаматтық кодексінің 6-тарауында мерзімдерді есептеу тәртібін егжей-тегжейлі реттейтін нормалар бар. АК-ның 172-бабындағы 1-тармаққа сәйкес, заңдармен, мәмілемен белгіленетін не сот тағайындайтын мерзім күнтізбелік күнмен немесе сөзсіз болуға тиісті оқиға көрсетіліп белгіленеді.
Күнтізбелік күн дегеніміз - бұл белгілі бір айдың және жылдың нақты саны.
Оқиғалар дегеніміз - бұл адамдардың еркінен тәуелсіз пайда болатын заңдық маңызы бар фактілер (адамның табиғи өлімі, мерзімнің өтуі және т. с. с. ) . Мұндағы фактінің болмай қоймайтындығы мынадан көрінеді, заң актісінде не мәміледе немесе соттың шешімінде көрсетілген оқиға міндетті түрде болуға тиіс. Сөзсіз болуға тиісті оқиғаны көрсете отырып, оның мерзімін анықтау ерекшелігі мынада, азаматтық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның нақты басталатын уақытын алдын ала білмейді. Мәселен, АК-ның 1042-бабындағы 2-тармаққа сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны қайтыс болған деп жариялаған кезде, егер сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн мұраның ашылу уақыты болып табылады.
Уақыт кезеңі болып табылатын мерзім оның ұзақтығын көрсетумен анықталады және жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептеледі (АК-ның 172-бабының 2-тармағы) . Мерзімді дұрыс есептеу үшін оның басталуы мен аяқталуын дәл анықтаудың зор маңызы бар. АК-ның 173-бабына сәйкес, уақыт кезеңімен белгіленетін мерзімнің өтуі күнтізбелік күннен немесе мерзімінің басталуы белгіленген оқиға болғаннан кейінгі келесі күннен басталады. Мәселен, тұрғын үйді жалдау шарты 2003 ж.
15 ақпанда жасалған болса, оның қолданылу мерзімі 2003 ж. 16 ақпаннан басталады. Күнтізбелік күн немесе оқиғаның басталуы есепке алынбайды. Ал мерзімнің аяқталуы ережесіне келетін болсақ, ол пайдаланылатын уақыт бірлігіне қарай өзгеріп отырады.
Жылдармен есептелетін мерзім - мерзімнің соңғы жылының тиісті айы мен күнінде бітеді (АК-ның 174-бабының 1-тармағы) . Мәселен, үш жылдық талап қою мерзімі 2003 ж. 1 сәуірден басталса, 2006 ж. 1 сәуірде аяқталады.
Айлармен есептелетін мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Мұнда, егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы оңдай күн жоқ айға келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күнінде бітеді. Мәселен, мүлікті айлық жалдау мерзімі 2003 ж. 31 қаңтардан басталса, ол 2003 ж. 31 ақпанда аяқталуға тиіс, ал күнтізбеде мұндай күн жоқ болғандықтан, ол 2003 ж. 28 (немесе 29) ақпанында аяқталады.
Жарты жылда және тоқсанда есептелетін мерзімнің соңғы күні туралы мәселе де осылайша шешіледі. Мұнда жарты жылдық мерзім алты айға, ал тоқсан -үш айға тең деп есептеледі, тоқсанды есептеу жылдың басынан бастап жүргізіледі.
Жарты ай деп анықталатын мерзім күндермен есептелетін мерзім ретінде қарастырылады және 15 күнге тең деп есептеледі. Мерзімді апталармен есептеуде ол соңғы аптадағы мерзім басталған күнмен аяқталады. Мәселен, апталық мерзімнің өтуі жұмада басталса, онда ол өзі басталғаннан кейінгі келесі жұмада аяқталады. Мерзімнің соңғы күні жұмыс істемейтін күнге келетін жағдайларда одан кейінгі ең жақын жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі. Бұл арада, мереке, жалпыға бірдей белгіленген демалыс күні, сондай-ақ осы ұйымның режимінде көзделген күн жұмыс істемейтін күн болып есептеледі.
Сағаттармен анықталатын мерзімді есептеуде мерзімнің басталуын анықтау қажеттігі тумайды, өйткені мерзімді бұлайша анықтау әдісінде оның басталуы немесе аяқталуы әуел бастан-ақ өте дәлдікпен белгіленеді. Егер мерзім қандай да бір әрекетті жасау үшін белгіленген болса, ол жалпы ереже бойынша, мерзімнің соңғы күнінің 24-сағатына дейін орындалуға тиіс.
. Мерзімнің түрлері. Мерзімді әр түрлі негіздерге сүйеніп жіктеуге болады. Мерзімді кімнің белгілейтініне қарай заңды, шарттық және сот мерзімдерін ажыратады. Туғызатын құқықтық салдарына қарай мерзім құқық түзететін, қүқықты өзгертетін және қүқықты тоқтататын мерзімге бөлінеді. Өзінің табиғатына қарай мерзім мынадай түрлерге бөлінеді:
1) азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мерзімі - бұл осы кезенде уәкілетті адам өзінің субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға бағытталған қандай да бір әрекеттерді жасау мүмкіндігі болатын уақыттың бір бөлігі. Оны, әдетте, заң актісі белгілейді, бірақ тараптардың келісімімен де анықталуы мүмкін (меншік құқығы, авторлық құқық және т. б. ) ;
2) субъективтік құқықтардың қолданылу мерзімі - бұл осы уақыт аралығында қолданылу шегі уақытпен шектеулі туындаған субъективтік құқықтар сақталатын уақыт кезеңі. Мысалы, сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі;
3) тыйым салатын мерзім - бұл белгілі бір құқықтарды жою мақсатында белгіленетін мерзім. Мәселен, Нотариат туралы 1997 ж. 14 шілдедегі ҚР Заңының 8-бабындағы 6-тармаққа сәйкес, нотариус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуына біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі деп үзілді-кесілді түрде атап көрсетілген; кепілдік мерзім - сатушының ұзақ мерзім пайдалануға немесе сақтауға арналған өнімнің әдеттегі қабылдап алу кезінде байқала қоймайтын кемшіліктерін анықтауына арналған мерзім. Кепілдік мерзімді мемлекеттік стандарттар немесе шарт белгілейді. Оның үстіне, шарт, егер тіпті олар мемлекеттік стандарттарда немесе техникалық талаптарда көзделмеген болса да кепілдік мерзім белгілеуі мүмкін, сондай-ақ стандарттарда көзделген мерзімнен едәуір ұзақ кепілдік мерзім белгілей алады. Кепілдік мерзімді белгілеу тұтынушылардың мүдделерін қанағаттандырады және өндірілетін өнімнің немесе орындалатын жұмыстың сапасын арттыруға ынталандырады; шағымдану мерзімі - заң бұл мерзімді міндеттерін ерікті түрде орындауды талап ету құқығын бұзуына байланысты субъективтік құқықты бұзған адамға белгілейді. Заң шағымдану мерзімін ғана емес, сондай-ақ оған жауап беру мерзімін де белгілейді. Мысалы, тасымалдаушыға жүкті тасымалдаудан туындайтын талап қоюға дейін оған көлік туралы заң актілерінде көзделген тәртіпте талаптар қойылуы міндетті (АК-ның 706-бабының 1-тармағы) ;
6) азаматтық-қүқықтық міндеттерді орындау мерзімі - шартта белгіленеді. Мәселен, қарыз беру шарты бойынша борышты қайтару сәті міндетті орындау мерзімі ретінде қарастырылуы мүмкін;
7) азаматтық қүқықтарды қорғау мерзімі, немесе азаматтық құқықта аталып жүргеніндей, талап қою мерзімі.
2. ТАЛАП ҚОЮ ҚҰҚЫҒЫ МАЗМҰНЫ.
2. 1 Талап қою құықығының түсінігі
Кейінгі уақыттарда қоғамда орын алған түбегейлі өзгерістер еліміздің азаматтық сот ісін жүргізу саласына да ықпал етті. Талап қою құқығын іске асыру мәселесінің ауқымына талап, талапқа құқық, талап қою кұкығы, талап қою құқығының алғы шарттары және талап кою кұқығын іске асыру шарттары кіреді.
Талап қою құқығын қарастырғанда талаптың және талапқа құқықтың екі мағынадағы түсініктеріне сүйеніп, оған талапқа құқықтың іс жүргізушілік мағынасы ретінде талдау жасаймыз. Талап қою құқығы талапқа құқықтың іс жүргізушілік мағынасы ретінде субъективтік құқық немесе заңды мүддені қорғау үшін сотқа жүгіну құқығын білдіреді. Бірақ бұл жерде талап қою құқығының сотқа жүгіну құқығы көрінетін жалғыз нысан емес екендігін айта кету керек. М. А. Гурвичтің айтуынша, мұндай нысандарға талап қою құқығына қоса талап бойынша жауап беру құқығы, басталған процеске қатысу құқығы, талапты қамтамасыз ету құқығы, шешімге шағым жасау құқығы, мәжбүрлеп орындату шараларына құқық жатады. Сотқа жүгіну құқығының барлық нысандары істің ілгерілеу үрдісіндегі оның даму және ашылу фазаларын білдіреді.
Әдебиеттерде талап қою құқығының заңдық табиғаты және оның пайда болуының шарттары туралы мәселеге байланысты әртүрлі пікірлер айтылады.
Бір авторлар сотқа жүгіну құқығын субъективтік материалдық құқықты соттық немесе өзге заңи қызмет арқылы мәжбүрлеп жүзеге асыруға құқық ретінде қарастырады. Мысалы, Н. И. Авдеенко былай деп жазады: Мәжбүрлі тәртіпте жүзеге аспайтын азаматтық субъективтік құқық жоқ. Субъективтік құқықтың осындай түсінігі бар жерде ерекше, материалдық құқықтан айырмашылығы бар жария-құқықтық құқықөкілеттіктің құрылымында мемлекетке жүгіне отырып құқығын қорғауға ұмтылудың, яғни іс жүргізушілік мағынадағы талапқа құқықтың болуының қажеттілігі жоқ.
Басқа ғалымдар тобы сотқа жүгіну құқығын азаматтық іс жүргізушілік құқық қабілеттілігін білдіреді деген көзқарасты ұстанады. Бірақ бұл ойды әр ғалым әртүрлі негіздейді. Мысалы, О. В. Иванов сотқа жүгіну құқығы тікелей іс жүргізушілік құқық қабілеттіліктен туындайтыны, өйткені оның туындауы үшін қандай да бір заңды фактінің пайда болуы қажет еместігі жөнінде ой айтады. В. Н. Щегловтың ойынша, сотқа жүгіну құқығы азаматтық іс жүргізуге құқық қабілеттілік болып табылады, ол нақты іс бойынша азаматтық процестің пайда болуына әкеледі. К. И. Комиссаровтың пікірінше, сотқа жүгіну құқығының иесі ретінде кез-келген іс жүргізушілік құқық қабілеті бар тұлға бола алады. Сотқа жүгіну құқығын бұлайша түсіну революцияға дейінгі іс жүргізушілік әдебиетте кең тараған болатын.
Келесі ғалымдар тобы сотқа талаппен жүгіну құқығын белгілі бір заңи фактілердің негізінде пайда болатын, азаматтық іс жүргізу заңымен көзделген субъективтік азаматтық іс жүргізушілік құқық ретінде қарастырады. Мысалы Д. М. Чечоттың пікірінше, объективтік құқық барлық субъективтік құқықтардың базасы болып табылады, бірақ ол субъективтік құқықтарды тура және тікелей туғызбайды, тек субъектілерде олардың белгілі бір шарттар болған жағдайда ғана пайда болу мүмкіндігін туғызады. Кез-келген субъективтік құқықтың қалыптасу үрдісі міндетті түрде заңи факті сатысынан өтеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz