ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ


ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
бизнес және құқық факультеті
жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пән: „Мемлекет және құқық теориясы“
тақырыбы: «Құқық бұзушылықтар: қылмыстар мен теріс қылықтар»
Орындады:
В049 құқық қазақ тобы
Абылқасымова Г. А.
Ғылыми жетекші:НҰР-СҰЛТАН - 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны
- Құқық бұзушылықтың түсінігі мен белгілері . . .
- Құқық бұзушылықтың түрлері
2 Құқық бұзушылықтың құрылымы
2. 1 Құқық бұзушылықтың объектісі мен объективтік жағы . . .
2. 2 Құқық бұзушылықтың субъектісі мен субъективтік жағы . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 00
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 00
КІРІСПЕ
Қазіргі заманауи өмірде біз адамдардың әрқилы мінез-құлқымен ұшырасамыз, ол белгілі бір қылықтар мен іс-әрекеттерді жасауда, сондай-ақ әрекетсіздікте байқалады да, әртүрлі нормалармен және қағидалармен реттеледі. Бұл адамгершілік нормалары, құқықтық, әдеп, діни, техникалық және тағы да басқа нормалар болуы әбден мүмкін. Бұндай мінез-құлықты нормативті, яғни әлеуметтік нормаларға негізделген деп атауға болады.
Құқық бұзушылық проблемасын адамзаттың даму тарихынан бастау алған кезеңнен бастап осы уақытқа дейін қоғам үшін өз маңызын әлі күнге жоғалтпаған құбылыстардың бірі деп қарастырған жөн. Аталған проблема қандай да бір қалыптасуы мен қоғамдық құрылымының өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Құқық бұзушылық ықылым заманнан бері болған. Сол себепті де француз социологы Эмиль Дюркгейм былай деген: « . . . қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады», ал біздің бұл тұжырыммен келіспеске шарамыз жоқ.
Қоғамдағы құқық бұзушылықты зерделеу кезінде мемлекет пен құқық теориясының басты міндеті осы құбылыстың әлеуметтік мән-мазмұнын ашуда болады. Алайда, олардың әлеуметтік мәнін талдау үшін ең алдымен құқық бұзушылықтың не екенін біліп алған жөн. Олай дейтініміз, құқық бұзушылықтың барлық түріне (қылмыстық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік және өзге де теріс қылықтар) тән және оларды басқа да қоғамдық құбылыстардан айырып тұратын жалпы белгілерін сипаттау қажет болады.
Сонымен бірге, барлық қылмыстарға, азаматтық-құқықтық бұзушылықтарға, әкімшілік теріс қылықтарға және тағы да басқаларына белгілі бір ортақ сипаттар тән. Оларды, ең алдымен олардың ішкі, әлеуметтік мәнінің бірлігі байланыстырып тұрады, ол туралы біз біршама кейін нақты тоқталып өтетін боламыз. Дегенмен де, бұдан басқа олардың барлығы оларды тұтастай алғанда айрықша қоғамдық құбылыс - құқық бұзушылық ретінде сипаттайтын белгілі бір жалпы сыртқы (сипаттамалы) белгілерге ие.
Құқықбұзушылықтар, ең біріншіден табиғат күшімен, заттар немесе жануарлармен емес, адамдармен жасалады. Құқық бұзушылықтар тек қана қоғамдық қатынасты, яғни адамдардың (жекелеген индивидтердің немесе олардың ұйымдарының) қарым-қатынасын реттейтін құқықпен тікелей байланысты болып келеді.
Құқық бұзушылықтар жекелеген инвидиттермен - Қазақстан азаматтарымен (азаматтар немесе лауазымды адамдар ретінде), азаматтығы жоқ адамдармен, шетелдіктермен жасалуы мүмкін. Сондай-ақ ұйымдар да құқық бұзушылықтың субъектісі бола алады.
Алайда, әрбір индивид құқық бұзушылықтың субъектісі болуы мүмкін емес. Заманауи құқық белгілі бір жасқа келген және ақыл-есі дұрыс адамдардың ғана құқықтық міндеттерді өз бетінше орындай алу мүмкіндігін мойындайды. Құқық бұзушылық ең алдымен құқықтық міндеттердің орындалмауымен байланысты. Сондықтан да заңда көрсетілген жасқа толмаған балалардың теріс қылықтары, сондай-ақ ақыл-есі дұрыс емес адамдардың іс-әрекеті заңсыз болуы мүмкін емес.
Мемлекет және құқық теориясы өз жұмысын жекелеген құқық бұзушылықтар жөніндегі салалық тәртіптері қорытындысының жинақтап мазмұндалуына әкелуі мүмкін емес. Ол ең алдымен құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәнін ашуы керек. Бірақ та бұл істің бір жағы ғана. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәнін зерттеу осы құбылыспен байланысты құқықтық мәселелердің неғұрлым терең және дұрыс шешілуіне қызмет етуі керек. Сол себепті де мемлекет пен құқық теориясы ғылымының міндетіне құқық бұзушылықтың қоғамдық зиянының құқықтық түрлерін ашу, олардың объективті және субъективті жақтарының қажетті элементтерін анықтау, қылмыстар мен теріс қылықтардың негізгі өзіндік ерекшелігін талдау, өзара байланысты құқық бұзушылықтарды шектеу кіреді.
Құқық бұзушылықтың түсінігін ашу - қаралатын қоғамдық құбылыстың проблемаларын жоятын терең ғылыми жұмыс үшін маңызды алғышарт. Негізгі маңыздысы құқық бұзушылықтың барлық түрлерінің қарқындылығын жүйелі және жоспарлы түрде зерделеуден, олардың жасалуына ықпал ететін нақты шарттарын егжей-тегжейлі зерттеуден тұрады. Екінші алғышарт ғалымдардың үлкен ұжымының ұзақ жұмысын талап етеді. Сол себепті де осы жұмыста құқық бұзушылықты жеңу проблемасы тек қана олардың әлеуметтік табиғатының жалпы ұстанымын қарастырады. Алдымен біз құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық жақтарын өзара салыстыра отырып, оның түсінігін қалыптастырамыз, содан кейін қылмыс пен теріс қылыққа жан-жақты тоқтала отырып, құқық бұзушылықтың түрлерін қарастырамыз және өз кезегінде олардың ішкі бөлінісін құрамыз, ең соңында өз кезегінде әрқайсысы құқық бұзушылық мотивациясының теориясын құрған немесе дамытқан әр түрлі бағыттағы ғалымдардың айтуынша, осы қоғамдық құбылыстың негізгі себептерін сипаттауға тырысамыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және заңды тұлғаның мүддесіне нұқсан келтіруінен көрінеді. Демек, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау - өте қауіпті қылмыс болса, біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, қоғам үшін осы екі әрекет те өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады.
Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы - ажырамас бөлігі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сол себепті де адамзат баласы қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған, сонымен қатар керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық туындап, орын ала бастады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық - құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-құлық. Әрбір құқық бұзушылық - нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.
Курстық жұмыстың мақсаты - құқық бұзушылық және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі тақырыбы бойынша жеке зерттеу. Құқық бұзушылық мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері - құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны, құқықбұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері және түрлері туралы толық мағлұмат беру.
Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімімінен тұрады.
Құқық бұзушылық проблемасы, біздің ойымызша, әрқашанда өзіне қызығушылық туғызып отырады, себебі қандай да бір құндылықтарға, адамдар қоғамының басымдығына қол сұғатын іс-әрекеттер болды. Қазіргі кезеңде құқық бұзушылық проблемасының өзектілігі Қазақстанны қоғамдық өмірінің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістермен байланысты саяси, мүліктік, қаржылық және басқа да қатынастардың айтарлықтай күрделенуімен түсіндіріледі. Жыл өткен сайын Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтың саны арту үстінде. Құқықтық күзетке алынатын қоғамдық қарым-қатынастардың жаңа түрлері пайда болуда және осының салдарынан құқық бұзушылықтың да жаңа түрлері пайда бола бастайды. Құқық ғылымы бұған бей-жай қарай алмайды. Бірде-бір құқық бұзушының заңды жауаптылықтан бұлтартуына жол бермеу және сонымен қатар бірде-бір кінәсіз адамның негізсіз жазаланғанына да жол берілмеуі керек, ал оған қол жеткізу үшін «құқық бұзушылық» түсінігінің нақты анықтамасын және ең алдымен жалпы құқық теориясының аясында әр түрлі құқық бұзушылықтар арасындағы ара-жікті айқындап алу керек.
1. Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны
1. 1 Құқық бұзушылықтың түсінігі мен белгілері
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Қазақтың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы да: «Тәртіпке бас иген ел құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деп қоғамдағы құқық бұзушылық пен тәртіпті өзінің өткір сөзімен жеткізе білген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз емес.
Қандай да бір құбылысты немесе терминді зерделеуге кіріспес бұрын бірінші кезекте оның түсінігін айқындап алу керек. Сонымен, құқық бұзушылық дегеніміз не? Осы мәселе бойынша қандай көзқарастар мен ұстанымдар қалыптасқан? Соған тоқталып өтейік.
Құқықбұзушылық өзіндік пайда болу, даму және жойылу заңдылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздіктің әлеуметтік табиғаты мен заңды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.
Ең алдымен құқық бұзушылық теориясының жалпы құқық теориясының элементі ретінде салыстырмалы түрде кешірек қалыптаса бастағанын атап өткен жөн. ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңында 60-жылдарының басында құқық бұзушылықты зерделеу заң ғылымдары саласының құзыретінде болды. Жалпы құқық теориясы аясында құқық бұзушылықтың жекелеген аспектілері заңдылықты, құқықтық қарым-қатынасты, заңды жауаптылықты және басқа да проблемаларды зерттеу үдерісінде талқыланды. Алайда соңғы уақытта құқық бұзушылықтың жалпы теориясын жасауда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді.
Заң нұсқамаларына ауытқудың қоғамда едәуір кең таралған сипаты бар. Себептердің және оларға жәрдемдесетін жағдайлардың көп болуына, субъектілер мен жасалатын және құқыққа қарсы әрекеттер сипатының алуан түрлі болуына қарамастан, олардың көпшілігінің (объективті құқыққа қарсыларын қоспағанда) бірқатар ортақ белгілері бар, солардың негізінде заң ғылымы оларды әлеуметтік құбылыстың біреуіне жатқызады. Бұл құбылыс “құқық бұзушылық” деген ұғыммен белгіленеді.
Сонымен, «құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке адамға зиян келтіретін, заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі. ». Бұл түсінік адамгершілік, діни, дәстүрлі сипаттағы нормаларды бұзатын іс-әрекеттердің заңға қайшылығын қамтымайды.
Құқық бұзушылық - құқыққа және оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-құлық. Әрбір құқықбұзушылық - нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде және жағдайда жасайды немесе жүзеге асырады.
Құқық бұзушылықтың мәні - басты өзіне ғана тән, оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні ретінде қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы сөз болады. Демек, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, қоғамға қауіпті деп жекелеген әрекет-әрекетсіздік бағалануы мүмкін. Ол зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді. [1, 15б]
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауапкершілік тағайындалады. Құқықтық жауапкершілік негізгі үш белгімен сипатталады:
- мемлекеттік мәжбүрлеу;
- құқықбұзушыны жауапқа тарту;
- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай туындату.
Мәжбүрлеу шарасын, әрине, мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда, мәжбүрлеу арқылы олардың сақталуы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқылы.
Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын, құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың қылығы, мінезі, іс-әрекеті немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің
іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адаммен мінез-құлық арқылы байқалады. Адамның ой-желісін заңмен реттеуге болмайды. Алайда, қандай да болсын іс-әрекет пен мінез-құлық ойдың және сана-сезімнің қатынасуынсыз жүзеге аспайтыны белгілі. Олардың барлығы ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Бұдан шығатын тұжырым: заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Құқықбұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіре отырып, қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.
Құқық бұзушылық ең алдымен әлеуметтік құбылыс болып табылады, себебі субъекті оны жасауда қоғамда қалыптасқан тәртіп пен қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың нормаларына қол сұғушылыққа жол береді. Бұл пікірді ғалымдардың бір тобы ұстанып отырғаны мәлім, олардың пайымдауынша, егер де құқық бұзушылықтың нәтижесінде тауар жойылса, онда оның меншік иесі де, қоғам да зардап шегеді, себебі бұл тауар саудаға түспейді және оған мұқтаждардың қажеттілігін қанағаттандырмайды, ал егер қылмыстың нәтижесінде адам өлсе, онда ол да, экономика да (ол енді еш уақытта тауар өндірмейді), күйеуінен, әкесінен, бауырынан айырылған отбасы да зардап шегеді. Құқық бұзушылықты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеу бізге оның мән-мағынасын түсінуге көмек береді, ал ғалымдардың екінші бір тобы: « . . . құқық бұзушылықтың әлеуметтік мән-мағынасын зерттеу осы құбылыспен байланысты заң мәселелерін анағұрлым терең және дұрыс шешуге қызмет етуі керек . . . » дейді. Осылайша, құқық бұзушылықтың әлеуметтік аспектісін, мән-мағынасын зерделеу қазіргі уақытта бірінші кезекте тұр деп қорытынды жасауға болады.
Ғалымдар құқық бұзушылықты әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттайтын оның бірқатар әлеуметтік белгілерін атап көрсетіп отыр. Соларды атап өткен жөн деп санаймыз:
біріншіден, құқық бұзушылық ең алдымен қоғамда қалыптасқан құқықтық тәртіпке, адамдардың күн өткен сайын өздерінің қажеттіліктерін іске асыратын қоғамдық қарым-қатынастарға қол сұғушылық болып табылады. Осының салдарынан, ғылым құқық бұзушылықтың объектісін оның маңызды белгісі ретінде көрсетіп отыр. Ғалымдардың көзқарасынша, қоғамдық қарым-қатынас құқық бұзушылықтың объектісі болып әрекет етеді, ал олардың жиынтығы түпкілікті есепте ол әлеуметтік ағзаны қалыптастырады.
екіншіден, пайда болған тәртіпке қол сұғушылықтың ерекше әдісі құқық бұзушылыққа тән. Онымен қалыптасқан әлеуметтік байланысты объективті түрде бұзатын немесе бұза алатын іс-қимылдар қамтылады. Құқық бұзушылықты жасау әдістері олар қол сұғатын қоғамдық қарым-қатынастың ерекшеліктерімен негізделеді.
үшіншіден, құқық бұзушылықтың субъектісі дараландырылған және қоғамның ырқына сай келмейтін өзінің ырқын білдіруге қабілетті болуы керек. Яғни, құқық бұзушы құқық бұзушылық жасау кезінде өзінің қандай да бір қызығушылығын қанағаттандыра отырып, ол қоғамда қалыптасқан тәртіпке қол сұғатындығын түсінуі тиіс. Демек, бұл белгі құқық бұзушының тұлғасын сипаттайды.
төртіншіден, құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігі немесе қоғамдық зияндылығы оған тән белгі болып келеді. Бұл белгі алғашқы үш белгінің нәтижесі болып табылады, себебі оған субъекті қол сұғатын қоғамдық қарым-қатынастың түрі, қол сұғудың түрлері мен субъектінің өзіндік ерекшеліктері тікелей әсер етеді.
Аталған белгі субъекті қол сұғатын қоғамдық қарым-қатынастардың маңыздылығын байқатады. Қоғамдық қарым-қатынас маңыздырақ болса, оған қол сұғушылықтың қоғамдық қауіптілігі де жоғары болады және субъект анағұрлым ауыр жаза арқалайды. Шындығында да, қоғамдық қауіптілік, мысалы адамды өлтіру қандай да бір мүлікті ұрлаудан анағұрлым жоғары тұрады. Зиянның көріну формалары әр түрлі болып келуі мүмкін: айтарлықтай және айтарлықтай емес, материалдық және моралдық, т. б.
Сонымен, әлеуметтік көзқарас тұрғысынан құқық бұзушылық - қалыптасқан қоғамдық қарым-қатынас тәртібіне қауіп төндіруші қоғамдық қауіпті іс-әрекет болмақ.
Құқық бұзушылықтың әлеуметтік сипаты құқықтық сипаты үшін алғышарт болып табылады, ол негізінен құқықтық әдебиеттерде де айрықша аталып өтеді. Құқықтық сипатты қалыптастырушы ғалымдардың айтуынша: « . . . құқықтық сипат әлеуметтік сипатты толықтырады және нақтылайды, ол талданатын құбылыстың ерекшелігін жарыққа шығарып көрсетеді, оған құқықтық теория тұрғысынан басқа қырынан қарайды . . . ».
«Құқық бұзушылық» түсінігінің көптеген анықтамасымен бірге оның өзіндік белгілері де бар. Олардың бәрі толықтай талданған күйде құқық бұзушылық құқыққа қабілетті тұлғалардың қоғамдағы құқыққа қайшы, кінәлі зиян келтіретін немесе құқықтық жауаптылыққа әкелетін тұлғаның іс-әрекетіне келіп саятынын көрсетеді.
Құқық бұзушылық - адамның биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі. [5, 250б]
Құқық бұзушылық аса маңызды белгілер қатарына ие, олардың ішіндегі ең негізгілеріне мыналар жатады:
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқыққа қайшы келушілік
Жазаланушылық
Кінәлілік
Қоғамға зияндылығы және қауіптілігі
Әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекет
Енді құқық бұзушылықтың осы аталған белгілеріне қысқаша тоқталып өтейік:
1) құқыққа қайшы келушілік - әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің және ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды әрі оны бекітеді;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz