ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

бизнес және құқық факультеті

жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән: „Мемлекет және құқық теориясы“

тақырыбы: «Құқық бұзушылықтар: қылмыстар мен теріс қылықтар»

Орындады:

В049 құқық қазақ тобы

Абылқасымова Г. А.

Ғылыми жетекші:

НҰР-СҰЛТАН - 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны

  1. Құқық бұзушылықтың түсінігі . . .
  2. Құқық бұзушылықтың белгілері . . .
  3. Құқық бұзушылықтың түрлері

2 Құқық бұзушылықтың құрылымы

2. 1 Құқық бұзушылықтың объектісі мен объективтік жағы . . .

2. 2 Құқық бұзушылықтың субъектісі мен субъективтік жағы . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 00

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 00

КІРІСПЕ

Қазіргі заманауи өмірде біз адамдардың әр қилы мінез-құлқымен ұшырасамыз, ол белгілі бір қылықтар мен іс-әрекеттерді жасауда, сондай-ақ әрекетсіздікте байқалады да, әр түрлі қағидалармен және нормалармен реттеледі. Бұл адамгершілік нормалары, діни, құқықтық, әдеп, техникалық және тағы да басқа нормалар болуы мүмкін. Бұндай мінез-құлық нормативті, яғни әлеуметтік нормаларға негізделген деп аталатын болады.

Құқық бұзушылық проблемасын адамзаттың даму тарихынан бастау алған кезеңнен бастап осы уақытқа дейін қоғам үшін өз маңызын әлі күнге жоғалтпаған құбылыстардың бірі деп атауға болады. Аталған проблема қандай да бір қоғамдық құрылым мен қалыптасуда өзінің өзектілігін жоғалтқан емес. Құқық бұзушылық ықылым заманнан бері болған. Сол себепті де француз социологы Эмиль Дюркгейм айтқандай «қылмыс кез келген салауатты қоғамның элементі болып табылады» деген тұжырыммен келіспеске шара жоқ.

Қоғамдағы құқық бұзушылықты зерделеу кезінде мемлекет пен құқық теориясының басты міндеті осы құбылыстың әлеуметтік мән-мазмұнын ашуда болады. Алайда, олардың әлеуметтік мәнін талдау үшін ең алдымен құқық бұзушылықтың не екенін біліп алған жөн. Олай дейтініміз, құқық бұзушылықтың барлық түріне (қылмыстық, азаматтық-құқықтық, әкімшілік және өзге де теріс қылықтар) тән және оларды басқа да қоғамдық құбылыстардан айырып тұратын жалпы белгілерін сипаттау қажет болады.

Сонымен бірге, барлық қылмыстарға, азаматтық-құқықтық бұзушылықтарға, әкімшілік теріс қылықтарға және тағы да басқаларына белгілі бір ортақ сипаттар тән. Оларды, ең алдымен олардың ішкі, әлеуметтік мәнінің бірлігі байланыстырып тұрады, ол туралы біз біршама кейін нақты тоқталып атап өтетін боламыз. Дегенмен де, бұдан басқа олардың барлығы оларды тұтастай алғанда айрықша қоғамдық құбылыс - құқық бұзушылық ретінде сипаттайтын белгілі бір жалпы сыртқы (сипаттамалы) белгілерге ие.

Құқық бұзушылықтар, ең біріншіден табиғат күшімен, заттар немесе жануарлармен емес, адамдармен жасалады. Құқық бұзушылықтар тек қана қоғамдық қатынасты, яғни адамдардың (жекелеген индивидтердің немесе олардың ұйымдарының) қарым-қатынасын реттейтін құқықпен тікелей байланысты болып келеді.

Құқық бұзушылықтар жекелеген инвидиттермен - Қазақстан азаматтарымен (азаматтар немесе лауазымды адамдар ретінде), азаматтығы жоқ адамдармен, шетелдіктермен жасалуы мүмкін. Сондай-ақ ұйымдар да құқық бұзушылықтың субъектісі бола алады.

Алайда, әрбір индивид құқық бұзушылықтың субъектісі болуы мүмкін емес. Заманауи құқық белгілі бір жасқа келген және есі дұрыс адамдардың ғана құқықтық міндеттерді өз бетінше орындай алу мүмкіндігін мойындайды. Құқық бұзушылық ең алдымен құқықтық міндеттердің орындалмауымен байланысты. Сондықтан да заңда көрсетілген жасқа толмаған балалардың теріс қылықтары, сондай-ақ ақыл-есі дұрыс емес адамдардың іс-әрекеті заңсыз болуы мүмкін емес.

Мемлекет және құқық теориясы өз жұмысын жекелеген құқық бұзушылықтар жөніндегі салалық тәртіптері қорытындысының жинақтап мазмұндалуына әкелуі мүмкін емес. Ол ең алдымен құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәнін ашуы керек. Бірақ та бұл істің бір жағы ғана. Құқық бұзушылықтың әлеуметтік мәнін зерттеу осы құбылыспен байланысты құқықтық мәселелердің неғұрлым терең және дұрыс шешілуіне қызмет етуі керек. Сол себепті де мемлекет пен құқық теориясы ғылымының міндетіне құқық бұзушылықтың қоғамдық зиянының құқықтық түрлерін ашу, олардың объективті және субъективті жақтарының қажетті элементтерін анықтау, қылмыстар мен теріс қылықтардың негізгі өзіндік ерекшелігін талдау, өзара байланысты құқық бұзушылықтарды шектеу кіреді.

Құқық бұзушылықтың түсінігін ашу - қаралатын қоғамдық құбылыстың проблемаларын жоятын терең ғылыми жұмыс үшін маңызды алғышарт. Алайда, бұл тек алғышарт қана. Негізгі маңыздысы құқық бұзушылықтың барлық түрлерінің қарқындылығын жүйелі және жоспарлы түрде зерделеуден, олардың жасалуына ықпал ететін нақты шарттарын егжей-тегжейлі зерттеуден тұрады. Екінші алғышарт ғалымдардың үлкен ұжымының ұзақ жұмысын талап етеді. Сол себепті де осы жұмыста құқық бұзушылықты жеңу проблемасы тек қана олардың әлеуметтік табиғатының жалпы ұстанымын қарастырады. Алдымен біз құқық бұзушылықтың әлеуметтік және құқықтық жақтарын өзара салыстыра отырып, оның түсінігін қалыптастырамыз, содан кейін қылмыс пен теріс қылыққа толықтай тоқтала отырып, құқық бұзушылықтың түрлерін қарастырамыз және өз кезегінде олардың ішкі жіктемесін құрамыз, ең соңында өз кезегінде әрқайсысы құқық бұзушылық мотивациясының теориясын құрған немесе дамытқан әр түрлі бағыттағы ғалымдардың көзқарастарымен танысып, осы қоғамдық құбылыстың негізгі себептерін сипаттауға тырысамыз.

Курстық жұмыстың өзектілігі. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашанда адам қоғамының құндылығы, жеке және тұлғаның мүддесіне нұқсан келтіруінен көрінеді. Демек, қоғамның маңызды құндылықтары, оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді. Құқық бұзушылықтың қоғамға қауіптілігінің деңгейі түрлі дәрежеде болуы мүмкін. Мәселен, адамның өміріне қастандық жасау - өте қауіпті қылмыс болса, біреудің үйіне түсіп, мүлкін ұрлау оған қарағанда жеңілірек дәрежеленеді. Дегенмен, осы екі әрекет те қоғам үшін өте қауіпті болып табылады. Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын бұзып, маңызды қоғамдық қатынастарға әлеуметтік шиеленіс енгізуінен де көрініс табады.

Зиян қандай да болсын заң бұзушылықтың теріс зардабы - ажырамас белгісі оның көлемі, мөлшері, сипаты түрліше болады. Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сол себепті де адамзат баласы қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған, сонымен қатар керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық туындап, орын ала бастады.

Құқық бұзушылық - қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл - шартты құбылыс. Құқық бұзушылық - заңды, оның қағидаларын, құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Ал әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда зандылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.

Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.

Құқық бұзушылық - биологиялық, физиологиялық, технологиялық ерекшеліктерге сай адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.

Құқық бұзушылық - құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-құлық. Әрбір құқық бұзушылық - нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі.

Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:

1. Құқық бұзушылық - қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті әрекет, әрекетсіздік занда құқыққа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі керек деген мағынаны білдіреді.

2. Құқық бұзушылық - объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті деп отырғанымыз, кез келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдықтәртіпке қауіп төндіреді. Дәл осы мағынада құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік және зияндылық мәнге ие болады.

Курстық жұмыстың мақсаты - құқық бұзушылық және олардың түрлері, ұғымы және түсінігі тақырыбы бойынша жеке зерттеу. Құқық бұзушылық мәселесі бойынша жаңа бағыттар жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері - құқық бұзушылықтың қоғамда алатын орны, құқықбұзушылықтың құрылымы мен негізгі белгілері және түрлері туралы толық мағлұмат беру.

Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімімінен тұрады.

Құқық бұзушылық проблемасы, біздің ойымызша, әрқашанда өзіне қызығушылық туғызып отырады, себебі қандай да бір құндылықтарға, адамдар қоғамының басымдығына қол сұғатын іс-әрекеттер болды. Қазіргі кезеңде құқық бұзушылық проблемасының өзектілігі Қазақстанны қоғамдық өмірінің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістермен байланысты саяси, мүліктік, қаржылық және басқа да қатынастардың айтарлықтай күрделенуімен түсіндіріледі. Жыл өткен сайын Қазақстан Республикасындағы құқық бұзушылықтың саны арту үстінде. Құқықтық күзетке алынатын қоғамдық қарым-қатынастардың жаңа түрлері пайда болуда және осының салдарынан құқық бұзушылықтың да жаңа түрлері пайда бола бастайды. Құқық ғылымы бұған бей-жай қарай алмайды. Бірде-бір құқық бұзушының заңды жауаптылықтан бұлтартуына жол бермеу және сонымен қатар бірде-бір кінәсіз адамның негізсіз жазаланғанына да жол берілмеуі керек, ал оған қол жеткізу үшін «құқық бұзушылық» түсінігінің нақты анықтамасын және ең алдымен жалпы құқық теориясының аясында әр түрлі құқық бұзушылықтар арасындағы ара-жікті айқындап алу керек.

1. Құқық бұзушылықтың қоғамдағы орны

1. 1 Құқық бұзушылықтың түсінігі

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіті бұзуға бейім азаматтар да аз емес.

Қандай да бір құбылысты немесе терминді зерделеуге кіріспес бұрын бірінші кезекте оның түсінігін айқындап алу керек. Сонымен, құқық бұзушылық дегеніміз не? Осы мәселе бойынша қандай көзқарастар мен ұстанымдар қалыптасқан? Соған тоқталып өтейік.

Құқық бұзушылық өзіндік пайда болу, даму және жойылу заңдылықтарына ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген құқық бұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады. Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқық бұзушылықтың түсінігін береді.

Ең алдымен құқық бұзушылық теориясының жалпы құқық теориясының элементі ретінде салыстырмалы түрде кешірек қалыптаса бастағанын атап өткен жөн. ХХ ғасырдың 50-жылдардың соңында 60-жылдардың басында құқық бұзушылықты зерделеу заң ғылымдары саласының құзыретінде болды. Жалпы құқық теориясы аясында құқық бұзушылықтың жекелеген аспектілері заңдылықты, құқықтық қарым-қатынасты, заңды жауаптылықты және басқа да проблемаларды зерттеу үдерісінде талқыланды. Алайда соңғы уақытта құқық бұзушылықтың жалпы теориясын жасауда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізілді.

Заң нұсқамаларына ауытқудың қоғамда едәуір кең таралған сипаты бар. Себептердің және оларға жәрдемдесетін жағдайлардың көп болуына, субъектілер мен жасалатын және құқыққа қарсы әрекеттер сипатының алуан түрлі болуына қарамастан, олардың көпшілігінің (объективті құқыққа қарсыларын қоспағанда) бірқатар ортақ белгілері бар, солардың негізінде заң ғылымы оларды әлеуметтік құбылыстың біреуіне жатқызады. Бұл құбылыс “құқық бұзушылық” деген ұғыммен белгіленеді.

Сонымен, «құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке адамға зиян келтіретін, заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі. ». Бұл түсінік адамгершілік, діни, дәстүрлі сипаттағы нормаларды бұзатын іс-әрекеттердің заңға қайшылығын қамтымайды.

Құқық бұзушылық - құқыққа және оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-құлық. Демек, құқықты бұзушылық дегеніміз - оған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық - нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде және жағдайда жасайды немесе жүзеге асырады.

Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал келтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қаупіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі зиян келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді. [1, 15б]

Кез келген қоғамда құқықтық нормалардың жарлығын бұзу бұқаралық сипат ұстанады және оған аса елеулі моральды және материалдық зиян келтіреді. Құқыққа қарсы жасалған әрекеттер сипаты, субъектілері, шарттары себептерінің әртүрлілігіне қарамастан, олардың бәрі бір әлеуметтік құбылысқа құқық бұзушылыққа алып келуге жол беретін, жалпы белгілерге ие.

Құқық бұзушылықты зерттейтін әр түрлі анықтаулар бар. Жалпы қорытындылық түрде олар, өздеріне заңдық жауапкершілік алатын қоғамға зиянды әрекет еткен тұлғалар немесе тұлғаның құқыққа қарсы, өзін кінәлі еткен құқық бұзушылыққа ұласады.

Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш белгісімен сипатталады:

- мемлекеттік мәжбүрлеу;

- құқық бұзушыны жауапқа тарту;

- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.

Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нормаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет органдары тиісті шаралар қолдануға құқылы.

Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет органдары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады - тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп, соның нәтижесінде шешім қабылдайды.

Құқық бұзушылық - қоғамның, мемлекет пен жеке адамның мүдделеріне зиян келтіретін субъектінің кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті.

Заңның талаптарына теріс пиғыл-құқық бұзушылықтың қайнар бұлағы. Құқық бұзушылық - құқыққа қарсы қылықтан көрініс табады.

Құқық бұзушылық заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адаммен мінез-құлық арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекет ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет - бұл құқық нормаларының іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарапынан бағалануы.

Құқық бұзушылық дегеніміз - адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңғы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекекеті немесе әрекетсіздігі.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.

1. 2 Құқық бұзушылықтың белгілері

Құқық бұзушылық ең алдымен әлеуметтік құбылыс болып табылады, себебі субъекті оны жасауда қоғамда қалыптасқан тәртіп пен қоғамдық өмірдің әр түрлі саласындағы адамдар арасындағы қарым-қатынастардың нормаларына қол сұғушылыққа жол береді. Бұл пікірді ғалымдардың бір тобы ұстанып, олардың пайымдауынша, егер де құқық бұзушылықтың нәтижесінде тауар жойылса, онда оның меншік иесі де, қоғам да зардап шегеді, себебі бұл тауар саудаға түспейді және оған мұқтаждардың қажеттілігін қанағаттандырмайды, ал егер қылмыстың нәтижесінде адам өлсе, онда ол да, экономика да (ол енді еш уақытта тауар өндірмейді), күйеуінен, әкесінен, бауырынан айырылған отбасы да зардап шегеді. Құқық бұзушылықты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеу бізге оның мән-мағынасын түсінуге көмек береді, ал ғалымдардың екінші бір тобы «құқық бұзушылықтың әлеуметтік мән-мағынасын зерттеу осы құбылыспен байланысты заң мәселелерін анағұрлым терең және дұрыс шешуге қызмет етуі керек» дейді. Осылайша, құқық бұзушылықтың әлеуметтік аспектісін, мән-мағынасын зерделеу қазіргі уақытта бірінші кезекте тұр деп қорытынды жасауға болады.

Ғалымдар құқық бұзушылықты әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттайтын оның бірқатар әлеуметтік белгілерін атап көрсетіп отыр.

Біріншіден, құқық бұзушылық ең алдымен қоғамда қалыптасқан құқықтық тәртіпке, адамдардың күн өткен сайын өздерінің қажеттіліктерін іске асыратын қоғамдық қарым-қатынастарға қол сұғушылық болып табылады. Осының салдарынан, ғылым құқық бұзушылықтың объектісін оның маңызды белгісі ретінде көрсетіп отыр. Ғалымдардың көзқарасынша, қоғамдық қарым-қатынас құқық бұзушылықтың объектісі болып әрекет етеді, ал олардың жиынтығы түпкілікті есепте ол әлеуметтік ағзаны қалыптастырады.

Екіншіден, пайда болған тәртіпке қол сұғушылықтың ерекше әдісі құқық бұзушылыққа тән. Онымен қалыптасқан әлеуметтік байланысты объективті түрде бұзатын немесе бұза алатын іс-қимылдар қамтылады. Құқық бұзушылықты жасау әдістері олар қол сұғатын қоғамдық қарым-қатынастың ерекшеліктерімен негізделеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Әкімшілік жауапкершілік түсінігі және белгілері
Құқық бұзушылық түсінігі, түрлері
Құқықбұзушылық түсінігі
Әкімшілік құқық бұзушылық
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Құқықбұзушылықтың белгілері
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы және белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz