Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт


ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ
Қашықтықтан оқыту орталығының Нұр-Сұлтан қаласындағы өкілеттігі
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Пәні: АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
Тақырыбы: Шартты жасау, өзгерту және тоқтату тәртібі
Орындаған: Абылқасымова Г. А., Ю-20-1в/кАс тобы
Тексерген: магистр, аға оқытушы Кульшарбекова Г. К.
Нұр-Сұлтан - 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 Шарт ұғымы.
- Шарттың жіктелуі мен түрлері . . . 6
- Шарт туралы жалпы ережелер . . . 12
2 Шарттың мазмұны
2. 1 Шартты жасасу, өзгеріс енгізу және тоқтату . . . 21
2. 2 Шарттың орындалуын қамтамасыз ету . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 27
КІРІСПЕ
Шарт - көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы қолданыста жүруі оның құқықтың пайдалы әрі икемді түрі екенін байқатады. Тиісінше, шарт арқылы әр түрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың ең басты және негізгі міндеті - заң аясындағы адамдардың іс-әрекетін реттеу. Ал егер де олардың бұзушылығына орын алса, онда оны заң талаптарын бұзушылық деп тануға болады.
«Шарт» термині азаматтық құқықта әр түрлі мағынаға ие. Шартты жағдай негізіндегі заңды деректі міндеттемелік құқықтық қатынастарды бекітетін құжат деп те түсінуге болады. Осыған сәйкес шарт азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әкелетін бір немесе бірнеше тұлғалар арасында жасалатын келісім.
Шартты (contractus) ежелгі рим құқығы үш түрлі аспектіде қарастырған:
1. құқықтық қатынастардың туындауы;
2. құқықтық қатынас;
3. құқықтық қатынастың тиісті нысаны.
Шарт туралы осындай мазмұндағы түсініктер Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстерінде келтірілген. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 378-бабында былай делінген: «Екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады». Мұндай анықтама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: «шартқа екіжақты және көпжақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады». Сонымен бірге, «мәміле» ұғымы «шартқа» қарағанда кең ауқымды болып келеді, себебі мәміле біржақты болуы мүмкін. Шарттан туындайтын міндеттемелерге Азаматтық кодекстің тиісті баптарында шарттардың жекелеген түрлері үшін ережелерде өзгеше мәселе көзделмегендіктен, мндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады. Мысалы, шарттан (оның кез келген түрінен: бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт, т. б. ) туындайтын заттық, мүліктік, меншіктік, авторлық немесе басқа да құқықтық қатынастар, осы заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнінен өзгеше жағдайлар туындамаса, онда оған осы шарттардың жалпы ережелері қолданылады.
Азаматтық кодекстің 380-бабына сәйкес азаматтық құқықтың субъектісі шарт жасауда еркін болады. Ол атап айтқанда:
1) шартты жасау не жасамау;
2) шарт бойынша серікті жақты таңдау;
3) шарттың түрін тандау;
4) шартқа белгілі бір не басқа жағдайларды өзінің қалауынша енгізу.
Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады. Ең бастысы, ол заңға қайшы келмесе болғаны (АК-тің 380-бабының
2-тармағы) .
Тәжірибе көрсеткендей, отандық кәсіпкерлер өзара міндеттемелерді реттеуде көбіне-көп Қазақстанда әлі жақсы өріс ала қоймаған нарық механизміне, сондай-ақ вербалды (ауызша) келісімдерге сүйенеді. Ал, кәсіпкерлікте шарттық құқықты білмеу - пайданы, серіктестерді, абырой-атақты жоғалтуға әкеліп соғады. Ал бизнестің шетелдік қатысушылары кәсіпкерлікте нақтылы әріптестік қарым-қатынаста барлық шарттарды егжей-тегжейлі реттеуге дағдыланған.
Сонымен, шартты ең көп тараған мәміле деп қарастыруға болады. Бұнынң бірден бір дәлелі - мәмілеге тарайтын барлық ережелердің шартқа да тарайтындығында және одан туындайтын міндеттемеліктерге азаматтық құқықта туындайтын міндеттемеліктер ережелерінің қолданылуында.
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауларының бірінде, атап айтқанда «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты жолдауында «Дамыған кәсіпкерлік сектор - кез келген ел экономикасының негізі» деп нық басып айтылды, бұл біздің қарастырып отырған тақырыбымыздың негізіне келіп тіреледі, себебі әрбір азамат немесе кәсіпкер азаматтық құқықтың кез келген субъектісімен шартқа отырғанда оның тиісті дәрежеде орындалуын алдын алуға және оны орындауға өз үлестерін қосуға міндетті. Шарттың орындалуын қамтамасыз ету шараларын қолдану оның орындалғандығы болып табылады және кәсіпкерліктің дамуына бірден-бір кепіл береді. Ал кәсіпкерліктің дамуы - ел экономикасының негізі.
Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі қоғамдағы қатынастарды дұрыс шешуге өз үлесін қосады, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Қазақстан Республикасында соңғы жылдары әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйелер өзгеріп, экономика нарықтық кезеңге өтті.
Еліміздегі жүргізіліп жатқан құқықтық реформаларды әр саланы қамтып, азаматтардың күнделікті өмір сүруіне қажетті құқықтық жағдай туғызды. Соның бірі ретінде Қазақстан Республикасында қолданып жүрген нормативтік құқықтық актілердің қолданыс аясы бойынша көлемдігі азаматтық құқық болып табылады.
Еліміз нарықтық экономикаға өту саласында мемлекеттік шектік монополистік ролінен негізгі өндірушіден елімізде шығарылған тауарларды жеткізушіге, бөлушіге және жеке бөлушіге экономикалық қатынастарды жүргізу аясын кеңейтуге тыйым салудан бас тартты және азаматтық құқықтық мүліктік қатынастарды реттеу аясының кең көлемде жүргізілуіне жол ашты.
Курстық жұмыстың мақсаты - Азаматтық құқықтық қатынасқа түсушілер арасында белгілі бір шартты міндеттемелік қатынастар арасында құқықтық жағдайы болды, бұл қатынасты реттеуге шарттық құқық қолданылады. Шарттық құқықпен нақты тұлғалар арасындағы құқықтық қатынасты реттейтін яғни бір тұлға басқа тұлғадан белгілі бір әрекетті жасауға талап етуге, ал екінші тұлға мұнда қойылатын талапты орындауға міндетті мәнін белгілейтін құқық саласы екенін көрсетеді.
Курстық жұмыстың міндеттері - Шарттың орындалуын қамтамасыз етудің ерекшелігі, сонымен қатар қандай да болмасын қатынастардың (нақты шартты орындамағаны үшін жауаптылық) бұзылуының алдын алу және реттеу болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы - курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шарттың орындалуын қамтамасыз етудің құқықтық және теориялық мәселелеріне талдау жасау арқылы маңызды мән-жайларын ашып көрсеткен. Сонымен қатар шарттың орындалуын қамтамасыз ету еліміздің экономикасына тиімді болып отырғанына терең түсінік берілген. Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыруға талдау берілген. Жұмыс барысында айтылған ойларды тәжірибеде қолдануға болады.
Шарт заң талаптары және шарт талаптарына сәйкес ал мұндай талаптар шартта болмаған жағдайда-іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ғана немесе басқа талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс.
Шарт бойынша талаптарды орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін орындауына ықпал етіледі.
Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады.
Тараптар арасында пайда болған шарттар немесе заңға негізделген міндеттемелер, шарт немесе заң, талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне негізделеді.
1. Шарт ұғымы
1. 1 Шарттың жіктелуі мен түрлері
Шарт дегеніміз - екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шартқа осы Кодекстiң 4-тарауында көзделген екiжақты және көпжақты мәмiлелер туралы ережелер қолданылады.
Шарт дегеніміз - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Соңдықтан да шарт тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады. Шарт ретінде тараптардың құкықтары мен міндеттері жазылып тиісінше ресімделген құжатты да түсінуге болады. Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді. Оларды, егер екі жақты немесе көп жақты келісімдер жайлы әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға болады. Мәміле сонымен бірге заң бойынша өсиет қалдыру жағдайларында бір жақты да бола алады. Шарт ұғымы бұған қоса міндеттемеден де ажыратылады. Егер де шарт заңды факті деп танылса, ал міндеттеме азаматтық құқық қатынасы деп есептеледі. Құқық қатынасы ретіндегі міндеттеме шарттаң, сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген басқа да негіздерден туындауы мүмкін. Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады.
Екiден көп тараптармен жасалатын шарттарға (көпжақты шарттар), егер бұл осындай шарттардың көпжақтылық сипатына қайшы келмесе, шарт туралы жалпы ережелер қолданылады
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме үшін мүдделері қарама қарсы екі тарап болуы керек: біреуіңде талап ету құқығы (несие беруші), екіншісінде - сол құқыққа икемделген міңдет (борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады,
ол ҚР АК-ның 228-бабында айқындалған.
Шарттарды жіктеудің маңызы өте зор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты (күшіне енуі) реалды және консенсуалды болып бөлінеді.
Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып-алу, мүлікті жалға алу, т. б.
Реалды шарт бойынша шартты жасасудың негізі - мүлікті немесе затты беру. Яғни, зат берілген уақыттан бастап шарт жасалынды деп есептелінеді. (Мысалы, несие шарты. )
Жеткізіп беру шарты - бұл консенсуалды мәміле, құқықтық міндеттердің пайда болу сәті тараптардың келісімімен анықталады. Бұл жерде бір келісімге келу жеткілікті, мәселен, мүдделі тараптар келіскен мерзімде шарт бұзылса, екінші тарап шарттың дұрыс орындалуын, шығындардың орнын толтыруды, айыппұлды үстемелеуді және т. б. талап етуге құқылы.
Несие шарты - бұл реалды шарт, құқықтар мен міндеттер несие алушының ақша қаражатын алғаннан бастап пайда болады.
Шарттарды сонымен қатар, біржақты міндеттеуші және өзара келісілген деп жіктеуге болады. Шарттардың басым көпшілігі өзара келісілген, яғни құқықтар мен міндеттер екі жақты да бірдей.
Мәселен, сатып алу - сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге мінлетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап - сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да құқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек құқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.
Жария шарт. Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт деп атайды. Бұл шарт, негізінен байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т. б. салаларда қолданылады.
Коммерциялық ұйымдардың шарт жасау немесе жария шартын жасау барысында бір тарапқа көмек көрсетуден бас тартып, екінші бір тарапқа жеңілдік беруге құқығы жоқ.
Жария шартының талаптары барлық тұтынушыларға бірдей қойылады. Яғни, жария шартын жасауға ниет білдіргендердің барлығы тең болуы тиіс.
Кез келген мәміле сияқты шарт та еріктілік қағидасының негізінде жасалады. Бір ерекшелігі, шартта еріктілік әрқашан екі тараптан туындауы керек. Сондықтан да Азаматтық кодексте шарт еріктілігін бекітетін бірнеше нормаларды көруге болады. Біріншіден, азаматтық құқық субъектілерінің шартты жасауға немесе жасамауға байланысты еріктері бар. Азаматтық Кодексте көзделген реттерде ғана еріктілік шектелуі мүмкін. Екіншіден, шартта жасау барысында серік (партнер) таңдау еркі. Мысалы айталық, кепілге беруші не кепіл ұстаушы ерікті түрде кез келген сақтандырушы таңдауға ерікті. Үшіншіден, азаматтық қатынастарға түсушілердің шарт түрін таңдауға еріктілігі. Азаматтық Кодекске сәйкес, тараптар заңда немесе өзге де нормативтік актілерде көзделген не көзделмеген шарттарды араластырып жасай алады (аралас шарт) . Төртіншіден, тараптар шарт жағдайларын ерікті түрде қарастыра алады. Азаматтық Кодекске сәйкес, жалға алушы ағымдағы жөндеу жұмысын заңнамада немесе шартта өзгеше көзделмесе, өз есебінен жүргізеді. Ортақ келісім арқылы бұл арада жөңдеу жұмыстарын жалға алушы емес жалға беруші де өз есебінен жасауы мүмкін. Шарттың үлкен артықшылықтарынынң бірі - заңда болып жататын өзгерістер шартта көзделген нормаларды өзгерте алмайды, яғни сенімділік жоғары болады. ҚР АК 378-бабында шарттың ұғымы берілген. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады. Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастар туындауы мүмкін. Шарт еркіндігі шарттың негізгі қағидасы болып табылады. Азаматтар және заңды тұлғалар шарт жасауға ерікті. Осы Кодексте, заң құжаттарында немесе өз еркіме қабылдаған міндеттемеде шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт жасауға мәжбүр етуге жол берілмейді. Тараптар заңдарда көзделген шартты да, көзделмеген шартты да жасаса алады.
Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы:
- шартты жасау еркіндігі;
- шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;
- жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;
- тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;
- тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Шарттық қатынастарды кездейсоқ қатынастар ретінде түсінбеу керек. Олардың табиғаты, мазмұны қоғам өмірінің материалдық жағдайларымен шартта байланыста. Біздің елімізде шарттық қатынастар нақтылы шаруашылық жүйесімен анықталады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық қатынастарының негізгі реттеушісі ретінде азаматтық-құқықтық шарттар кеңінен колданыла бастады. Бүгінгі танда кәсіпкерлік қызметтің жаңа субъектілері пайда болуына орай жоспарлы шарттардың орнында тараптардың еркі айқын аңғарылатын еркін түрдегі шарттар жасала бастады. Азаматтық-құқықтық шарт тәуелсіз тауар ендірушілер мен таратушыларға дербестік негізде тауар-ақша айналымында барабарлық (эквиваленттік) және етемелік принциптерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі құқықтық нысан болып табылады.
Азаматтық құқықтық шарттар азаматтардың қоғамдық қатынасқа түсу барысында ерекше рөл атқарады. Шарт жасасу азаматтардың құқықтарын қорғаудың бір жолы болып табылады. Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (Азаматтық кодексі, 378-бап) . Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін.
Шартқа отырудың құқықтық қағидаттары бар. Шартқа отыруда тараптар ерікті, сонымен қатар шартқа отырғаннан кейін белгілі бір заңдылықтарды орындау қажеттілігі туындайды, яғни шарттың құқықтық рәсімделуі. Шарттың тараптары болып кез келген тұлға табылады, бірақ бұл жағдайда әрекетқабілеттік есепке алынуы керек. Шартқа отыруда тараптар шарт жағдайларын анықтап алуы қажет. Шарттың ережелерін тараптар өз қалаулары бойынша белгілейді.
Шарттың пәні болып әр түрлі жағдайлар табылады (сату, айырбастау, қызмет көрсету, жұмыс атқару т. с. с) .
Кез келген шарт түсіндіруді қажет етеді, яғни шарт мазмұны тараптарға айқын болуы керек.
Шарттардың нысаны жазбаша, ауызша болуы мүмкін.
Жалпы ҚР Азаматтық кодексіне жүгінсек 148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп тану туралы және т. б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек. Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз тараптардың келісімі. Сондықтан, азаматтық кодекстің 148-бабының 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет болып табылады.
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік) туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқығына арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден бекер емес.
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерек-шеліктеріне байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс. "Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкін" деген ережені Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады. Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің Азаматтық кодекстерінде кездеспейді.
Шарт әр түрлі болып келеді. Құқықтар мен міндеттердің тараптардың арасында бөліну сипатына байланысты шарттар бір жақты және өзара болып бөлінеді. Бір жақты шарт ретінде тараптардың бірі тек құқықтарға, ал екіншісі міндеттерге ие болатын шарт танылады. Мысалы, бұларға заем шарты келісімге сәйкес заем беруші заем алушыдан ақша сомасын немесе сондай түрдегі және сападағы заттардың тең санын қайтаруды талап етуге құқылы. Ал заем алушының оларды меншік иесіне қайтарып беру міндеті ғана бар.
Өзара шарттар жағдайында екі тарап та кұкықтарға да, міндеттерге де ие болады. Осындай негіздерде тауар жеткізілімі, сатып алу-сату және т. б. шарттары жасалады. Мысалы, сатып алу-сату шарты бойынша сатушы сатып алушыға оның сатып алған заттарын беруге (өткізуге) міндетті, ал сатып алушы бұл заттарды өзіне беруді (өткізуді) талап етуге кұқылы. Сонымен бірге осы шартқа сәйкес сатып алушы сатып алған заттар үшін келіскен соманы төлеуге міндетті (осы шартқа сәйкес), ал сатушы оның төлеуін талап етуге кұқылы. Өзара шарттың ерекшелігі егер заңда, шартта немесе міндеттеменің мәнінде өзгеше көзделмесе, екі жаққа да міндеттемені бір мезгідде орындау жүктелетіндігінен көріңеді (АК-тің 284-бабы) .
Азаматтық кодекстің 393-бабының 2-тармағында нақты шарттың жасалу кезі туралы айтылған. Шарттардың көпшілігі консенсуальдық болып табылады, (лат. consensus - келісім), яғни оларды жасау үшін ол жайында келісім болса жеткілікті. Бұған мысал, сатып алушы мен сатушы арасындағы келісімге қол жеткен кезден бастап сатып алу-сату шарты жасалды деп саналады. Затты беру, ақша төлеу және басқа әрекеттер жасалынып қойған шартты орындау мақсатында атқарылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz