Жер телімінің кадастрлық құнын мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрына енгізу


МАЗМҰНЫ
1 бөлім. Мемлекеттік жер кадастрын қалыптастырудың теориялық және методологиялық негіздері
1. 1 Қазақстан Республикасында жер кадастрының қазіргі жағдайы
1. 2 Жер кадастрындағы инновациялық технологиялар
2 бөлім. Мемлекеттік жер кадастрында ГАЖ технологияларының қолданылуы
2. 1. Жер кадастрының деректер базасын құрудың мақсаты мен функциялары
2. 2. Заманауи геоақпараттық жүйелер мен технологиялар негізінде жер кадастрын қалыптастыру
3 бөлім. Іле ауданының мемлекеттік жер кадастрын қалыптастыруда ГАЖ технологияларын пайдалану
3. 1 МЖК-да геоақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі
3. 2 Іле ауданының жер кадастрлық деректемелеріне сараптама
3. 3 Жер кадастрында ГАЖ технологияларын пайдалану нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Кез келген мемлекеттің жер ресурсы оның ұлттық байлығы болғандықтан, ол байлықты тиімді пайдалану жер ресурстарын басқару жүйесінсіз мүмкін емес. Қалыптасқан жер ресурстарын басқару жүйесі мемлекет пен қоғамның құқықтық, саяси, экономикалық, экологиялық және әлеуметтік жағдайлар ескереді.
Жер пайдалануды жоспарлау, жердің есебін жүргізу, жерді пайдалануды тіркеу, жерді бөлу мен қайта бөлу, халық тұратын жерлерді жоспарлау, жер дауын шешу, жерді пайдалануды мемлекеттік бақылау, жер қоырн мемлекеттік басқарудың жалпыға мойындатылған қызметтері болып табылады. Аталған әрбір қызмет өзіне тиесілі басқарушылық қызметтің негізделген түрін, оны атқаратын органдардың жүзеге асыру әдісі мен нысанын көрсетеді. Жер қорын мемлекеттік басқару жүйесінде пайда болған жер кадастрлық қызмет қоғамдық өндірістің жалпы және жердің табиғи ресурстарының есебінсіз пайда болуы мүмкін еместігінен туындайды.
Кадастрлық қызмет - табиғи ресурстардың экономикалық жағдайы, сандық, сапалық ақпараттармен толықтыру, жаңарту, сақтау, жүйелеуге бағытталған мемлекеттік органдардың ұйымдастыру-басқару іс-шараларының түрі.
Жер кадастрлық қызмет қазіргі заманға сәйкес кадастрды құру мен қолдауға бағытталған, жер кадастрлық іс-шаралардың біртұтас жүйесіне біріктірілген және мемлекеттік жер кадастры аясында жүргізілетін жерді бағалау, жер пайдалануды тіркеу, жерді мемлекеттік есепке алу жөніндегі іс-шараларды қамтиды.
ГАЖ технологиялары-бұл объект пен субъект сияқты процестердің құрамдас бөліктері арасындағы қатынастар туралы жаңа түсінік. Қазіргі уақытта ГАЖ технологиялары қоршаған ортадағы белгілі бір процестерді орындау аясында жоғары сапалы және сандық сипаттамаларды қамтамасыз ете отырып, өмірдің көптеген салаларында қолданылады. Географиялық ақпараттық жүйелер құрылымдық түрде әр түрлі шығу тегі мен белгілі бір логикалық тізбектермен байланысты сандық элементтері бар процестің "ағзасы" ретінде қарастырылады. Мұндай жүйелер клиенттің қолда бар деректермен тікелей байланысу мүмкіндігіне және әр түрлі процестер өтетін ортаға белгілі бір параметрлердің өзгеруіне қатысты іс-әрекеттің толық еркіндігіне негізделеді.
Диссертациялық жұмыс аясында ГАЖ технологияларын арқылы мемлекеттік жер кадастрын жүргізу мен осы процессті қалыптастыру барысында қолдану тиімділігін көрсету негізделді. Уақыт өте келе адамның ақпаратқа деген қажеттілігі артып, оның қызметінің жаңа қырларына әсер етеді. Қазіргі заманғы салалардың барлығы дерлік белгілі бір факторларға байланысты тез өзгеретін ақпаратқа байланысты, сондықтан адам үлкен ақпарат ағынымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және әртүрлі көздерден алынатын құрал жасау жолында болады. Осылайша, ақпараттың қағаз түрінің өзекті еместігі мәселесі туындайды, өйткені басқарушылық шешімдердің белгілі бір түрін қабылдаудың жылдамдығы мен семантикалық бөлігі жоғалады, іс жүзінде бұл проблема оның құрылымында өзгермелі автоматтандырылған жүйелерді жоюға арналған.
Бұл тақырыптың өзектілігі автоматтандырылған жүйелерді еңбек процестеріне енгізуге көшумен байланысты, пайдаланушы мен жүйе арасындағы белгілі бір процестердің орындалуын жеңілдетуге қабілетті жаңа саланың ерекшеліктерін зерттеу қажеттілігін тудырады, сонымен қатар орындалудың өзгергіштігі немесе әртүрлі басқарушылық шешімдер қабылдау тұрғысынан жаңа мүмкіндіктер ұсынады.
Бұл диссертацияның мақсаты географиялық ақпараттық жүйелерді кадастрмен, дәлірек айтқанда жер учаскелеріне қатысты процестермен байланысты әртүрлі процестерді ұйымдастырудың жаңа ортасы ретінде зерттеу болып табылады.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты: Геоақпараттық технологиялардың мемлекеттік жер кадастрын жүргізу барысындағы тиімділігін көрсету.
Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасыр техника мен жасанды интеллектінің дамыған кезеңі. Сол себепті көптеген салаларда жұмысты автоматтандыру маңызды болып отыр. Атқарылатын жұмыстар ретін автоматтандыру мақсатында геоақпараттық жүйелер мен геоақпараттық технологияларды әр салаға енгізу маңызды болып табылады. Әсіресе, табиғи ресурстарды зерттеп, болжап, мониторинг жүргізуде геоақпараттық технологиялардың тигізетін әсері зор. Диссертациялық жұмыста Мемлекеттік Жер Кадастрын (МЖК) жүргізуде геоақпараттық технологияларды пайдалану тиімділігі ашып көрсетілген.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы: жұмыс анықтамалардан, қысқартылған сөздерден, кіріспеден, 3 тараудан, 7 бөлімшеден, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 МЕМЛЕКЕТТІК ЖЕР КАДАСТРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қазақстан Республикасында жер кадастрының қазіргі жағдайы
Жер ресустарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттерді тиімді, уақытылы және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпараттарды іздеу, сақтау және пайдалану қазіргі есептеуіш және телекоммуикациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан, республикамызда қазірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзегі болып табылады.
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып жер кадастрын жүргізудің түбегейлі жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады.
Жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі тиісті мәліметтер базаларында жер ресурстары туралы ақпаратты жинайды, сақтайды. Оларды барлық деңгейдегі кәсіпорындары, қызметтері, тиісти министрліктер және ведомствалар пайдаланады.
Жер кадастры - ол күрделі, көп нысаналы, көп қызметті, үздіксіз дамып жатқан ұйымдастыру - технологиялық жүйе. Оған:
- жер ресурстарын басқару процестерінің мүмкіндігінше толық ақпараттары;
- басқарудың барлық деңгейлері бойынша ақпараттың өте қысқа уақытта өтуі;
- жер пайдалану жүйесіне басқарушы жерлердің жоғары ұйымдылығы;
- басқарылатын жүйеде/ ер мониторингі болатын барлық өзгерістерді дер кезінде тауып, есепке алу;
- жер ресурстарын басқару мақсатына мемлекеттен бөлінетін қаржыларды нәтижелі пайдалану мүмкіндіктері кіреді.
Қалыптасып жатқан жер кадастырының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі қызметі мына мәселелерді қамтиды: жер пайдаланушы субъектілерге, басқару органдарына, барлық мүдделі органдарға, ұйымдарға, кәсіпорындарына заңды және сол салада жұмыс істейтін жеке тұлғаларға қызмет көрсету, жер меншігінің әр түрлеріне негізделген жер қатынастарының орнатылуын қамтамасыз ететін және жер нарығының дамуын қолдаушы мемлекеттік ақпараттық құрылым ретінде қарауға болады. Оны Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттік құрамында құруда және жүргізуде бұрынға мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жүйесін пайдалану мүмкіндігі қаралған.
Қазақстан Республикасының аумағында жер кадастрын жүргізу белгілі бір әдістеме бойынша жүзеге асыруды көздейді және кадастрлық есепке алуға жататын және жер учаскелерінің ерекшеліктеріне байланысты жер учаскелері туралы мәліметтерді жинаумен, жүйелеумен, жинақтаумен, өңдеумен, есепке алумен, құжаттаумен, сақтаумен және ұсынумен айналысатын іс-қимылдар жиынтығы болып табылады.
Қазақстан Республикасының жер кадастрлық заңнамаларына сәйкес, мемлекеттік жер кадастры жүзеге асырылатын ортақ қабылданған принциптер бар.
Біріншіден, Мемлекеттік жер кадастрының (МЖК) бүкіл Қазақстан Республикасының аймағында бірегей жүйе мен технологиялар негізінде жүргізіледі. Ол бүкіл ел аумағындағы жер телімдерінің ғана емес, сонымен қатар субъектілердің де бірегей әдіс пен келісімдердің, жер кадастры жүйесінің ақпараттары мен құжаттарының да бірыңғай негізде жүргізіледі. Бұр принцип жер кадастрын жүргізуде ерекше аймақтарда қолданылады.
Екіншіден, Мемлекеттік жер кадастрынына жер телімдерінің өзгерістерін үздіксіз енгізіп, тіркейді. Жер қорында үнемі болатын жер қатынастарын қайта ұйымдастыру, жеке меншікті қалыптастыру, жерді пайдалану мен иелену, мемлекеттік жер қорындағы жер телімдерінің сапалық және сандық өзгеруі, сондай-ақ оның санатының өзгеруі секілді өзегрістерді үнемі жүйеге енгізуді қамтиды. Сол себепті де жер кадастрын жүргізуде оның үздіксіздігін, жүйелілігін, периодтылығын қамтамасыз ету қажет.
Үшіншіден, Мемлекеттік жер кадастры деректерінің қолжетімідлігі. Жер кадастрының мәліметтері заңды және жеке тұлғалар үшін максималды түрде қолжетімді болуы тиіс( мемлекеттік құпиядан басқа) . Ол заманауи есептеуіш техника мен компьютерлік технологияларды пайдалана отырып, көпке түсінікті түрде болуы тиіс. Жер кадастры мәліметтерін жер кадастры мәліметтер базасын қалыптастыратын ұйымдар мен ведомствалар да қолдана алады. Кейбір деректер жабық түрде болуы мүмкін. Осындай сақтық шараларының негізінде жер-кадастрлық ақпаратты пайдаланушылар мен жер кадастры мәліметтерін санкцияланбаған қолданыстан, жойылып кетуден, өзгерістен сақтайды.
Төртіншіден, Мемлекеттік жер кадастры мәліметтерінің басқа да мемлекеттік және өзге де кадастрлармен реестрлермен ақпараттық ресурстармен сәйкестігі. Бұл принцип әр түрлі кадастрлардан табиғи ресурстар туралы ақпараттарды жинауда бір әдіспен бір қалыпты толықтығымен, детальділігімен өтуін қамтамасыз етеді. Осының негізінде кадастрлық деректерді бір жүйеге келтіруге болады[1] .
Жоғарыда аталған ұстанымар( принциптер) Мемлекеттік жер кадастрын жүргізудегі бастыларының бірі болып табылады. А ймақтық деңгейлерде бұл ұстанымдарды жеке ұстанымдарымен толыруына болады:
-Мемлекеттік жер кадатстрын жүргізуде деректер базасында(ДБ) қалыптасқан мәліметтерді пайдалану;
-деректер базасын жүргізуде әдісінің дәйекті болуы;
-жер кадастры мәліметтерін электронды тасығыштарда, қағазда құжаттарын жүргізу;
-жер-кадастрлық құжаттарды (жер-кадастрлық карта, жер-кадастрлық істер және т. б. ) үнемі сақтау(мәңгілік) .
1-сурет. Кадастрлық жұмыстар реті ( автор құрған)
Кадастрдың картографиялық негізі болып - жер-кадастрлық карталар табылады, олар жер телімдеріне қатысты барлық өзгерістер мен деректерді қамтуы тиіс. Жер-кадастрлық картаның масштабы Кадастрдың жүргізілу деңгейіне сәйкес жүзеге асырылады. Кадастрды автоматты жүргізу барысында картографиялық негізі геоақпараттық технологияларды пайдалана отырып, электронды түрде жүргізіледі және қағазда көшірмелері болуы тиіс.
Жер телімдеріне қатысты өзгерістер жергеорналастрыру жұмысы барысында алынған деректер негізінде жүзеге асады және шекарасының өзгеруі немесе жер пайдаланулардың аудандары өзгеруі жүйелі түрде жаңартылып отырады.
Жер телімінің шекарасы мен жер-кадастрлық іс қозғалса заңды түрде қалыптасқан болып табылады. Жер-кадастрлық іс - жер телімінің қалыптастырылғандығын дәлелдейтін, жер теліміне қатысты мәліметтерді қамтитын іс.
Жер телімін жеке меншікке беру барысында, бірінші реттік жер-кадастрлық істі қалыптастыруда осыған дейін жеке меншікке немесе пайдалануға жеке және заңды тұлғаларда болған жағдайда, аймақтық жер ресурстарын басқару органдарына өтініш жазу негізінде жүзеге асырады. Өтінішке жеке басын куәландыратын құжат, жер теліміне құқығын дәлелдейтін құжат немесе атқарушы органдардың шешемі негізінде алынған жер телімінің сызбасы болуы тиіс. Жер ресурстарын басқару органдары аталған құжаттарды тексеріп, арнайы мамандандырылған ұйымға тексеріске жібереді. Ол мамандар, яғни кадастр, осы құжат негізінде жер телімінің осы аймаққа тиесілілігін тексереді. Тексеріс барысында қандай да бір өзгеріс болған жағдайда, шекарасының өзгеруі, ауданының өзгеруі, мақсатты пайдалануының өзгеруі секілді өзгерістер анықатлса, жергілікті атқарушы органдар осы элементтерді құжатта көрсетуі тиіс[2] .
Өзге жеке тұлғада немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың иелігіндегі жер телімдерінен жер телімін қалыптастыру екі жақты келісім негізінде ғана жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың иелігіндегі жер телімін мемлекеттік қажеттілік үшін қалыптастыру барысында соттың шешімі мен жер -кадастрлық іске өзгеріс енгізіле отырып, жаңа жер телімін қалыптастыру жұмысы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қажеттілік үшін жер телімі алынғанда немесе азаматтар арасында келісім негізінде қалыптасқан жер теліміне жаңа жер-кадастрлық іс қалыптастырылмайды. Жаңа жер телімін қалыптастыру негізіндегі барлық құжаттар және жаңа кадасрлық іс осыған дейін қалыптасқан жер-кадастрлық іске қосылады.
Мәжбүрлі түрде алынған немесе тәркілеу барысында алынған жер телімдерінің құжаттары заңды-атқарушылық өндірістік құжатқа енгізіледі.
Қалыптасқан жер-кадастрлық істер жер телімінің жер-кадастрлық кітабын қалыптастырады.
Жер-кадастрлық кітап -жер теліміне қатысты дәйекті деректерді қамтитын (кеңістіктік мәліметтер, табиғи және шаруашылық жағдайы туралы мәліметтер) құжат болып табылады. Жер-кадастрлық кітабы бар жер телімінің өзіне ғана тән, қайталанбайтын, индивидуалды кадастрлық номер беріледі. Осы номер негізінде жер-кадастрлық іс, жер-кадастрлық құжаттар қалыптастырылады. Кадастрлық номерды қалыптастыру арнайы ережерлер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асады.
Жер-кадастрлық карта жер телімінің орналасқан орны мен көлемін, шекарасын, біріктіріліп немесе бөлінгендігін визуалды түрде бейнелеуге негізделген. Жер-кадастрлық карталарды жүргізу арнайы қалыптасқан ережелерге сәйкес жүзеге асады.
Кадастр қағаз тасығыштарда ғана емес, сондай-ақ электронды жинау, өңдеу, сақтау негізінде де жүргізіледі. Кадастрдың автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арнайы мамандандырылған техникалық-бағдарламалық кешенде жүргізіледі. Оның функционалды қызмет етуі арнайы орталықтандырылған жер ресурстарын басқару органдарының басқаруымен жұмыс жасайды.
Жер-кадастрлық құжаттар мына талаптарға сай болуы тиіс:
-реквизиттары бар арнайы бекітілген бланкілерде жүргізілуі тиіс (органның, ұйымның, мекеменің атауы, күні, құжаттың номері, адресат) көрсетілуі тиіс;
-жер телімдерінің планын (сызбасын) дайындау арнайы бекітілген жер ресурстарын басқару бойынша құзырлы органдардың техникалық талаптарына сай жүргізілуі тиіс;
-жер телімінің планында (сызбасында) көрсетілген мемлекеттік құпияға жататын объектілер арнайы бекітілген шарттар негізінде құпия болып қалуы тиіс.
Кадастрлық есепке алынатын жер телімдеріне Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан барлық жер телімдері ( жер теліміне меншік формасына, мақсатты пайдалануына қарамастан) жатады. Жер телімдерін кадастрлық есепке алу олардың орналасқан орны бойынша бір тәсілмен жүзеге асады.
Жер телімінің сапасы мен санын есепке алу оның жағдайы мен пайдаланылуына сәйкес болады. Барлық өзгерістер болғаннан кейін ғана, есепке алынады. Әр жер телімінің деректері жер-кадастрлық кітапта сәйкесінше есепке алынады.
Есепке алу деректері жер телімдеріне, жергілікті аймаққа, аудандарға, облыстарға, астанаға, республикалық маңыщы бар қалаға, жалпы республика аймағына сәйкес жүзеге асады. Соның ішінде ерекше қорғалатын табиғи-тарихи объектілері ерекшеленеді.
Есепке барлық жер телімінің категориялары алынады және жер пайдаланудың барлық түрі боойынша жүзеге асады. Көлемі, мөлшері, орналасқан орны туралы деректер бірінші реттік есепке алу жұмысы барысында анықталады, ал өзгерістер ағымдағы есепке алу жұмыстарында анықталып, көрсетіледі.
Кадастрлық мәліметтерді жаңарту және анықтау мақсатында:
1) жер телімдерінің иелері, жер пайдаланушылар, жергілікті атқарушы органдар жыл сайын жер ресурстарын басқару бойынша құзырлы органға жер телімінің жағдайы мен пайдалануы бойыншадеректкерді, жер теліміне қатысты орын алған барлық өзгерістерді 1 қарашаға жылдық есеп береді;
2) жер ресурстарын басқаруы бойынша құзырлы органдар аймақтық жер телімдері бойынша есеп дайындайды. Ол жылдық қорытынды есепте мына мәліметтер көрсетіледі:
-ауылшаруашылық жер телімдерінің бар-жоғы, орын алған өзгерістер, жер телімдерінің санаттар бойынша бөлінуі, сондай-ақ жер телімдерінің сатылуы туралы деректер көрсетіледі;
- 5 жылда бір рет жер телімдеріне қатысты алымдардың жүргіщілуі, жер санаттары юойынша категорияларына сай бөлінуі, аудандарының өзгеріуі секілді деректер көрсетіледі.
Жер телімінің сапасын есепке алу мен кадастрлық құнын анықтау мына мақсаттар үшін жүргізіледі:
-жер телімінің мақсатты пайадаланылуы мен оның өнімділігін анықтау үшін;
-жер телімін жеке меншікке сату барысында құнын анықтау үшін;
-салық салу көлемін анықтау үшін;
-мемлекеттік мұқтаж үшін жер телімін жеке меншік иелерінен сатып алу кезінде құнын анықтау үшін.
Жер телімінің сапасы мен кадастрлық құны жер-кадастрлық кітапа әр жер теліміне сәйкес көрсетіледі.
Жер телімін есепке алу мен оның үстінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектілері де міндетті түрде тіркелуі тиіс. Жер телімін есепке алу кезінде мына мәліметтер міндетті түрде көрсетілуі тиіс:
-жер телімінің иесі немесе пайдаланушының аты-жөні;
-жер телімінің ауданы;
-жер телімінін пайдалану мақсаты;
-жер теліміне қатысты ауырпалықтар мен сервитуттар;
-жер телімінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі;
-жер телімінің кадастрлық номері;
-жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектісі.
Әр жер теліміне жер және құқықтық кадастрға сәйкес өзіне тиесілі кадастрлық номер беріледі. Жеке және заңды тұлғалар жер теліміне кадастрлық номерді алу үшін немесе жер телімінде орналасқан жылжымайтын мүлік объектісі үшін кадастрлық номер алу үшін жергілікті жер ресурстарын басқару бойынша органдарға өтініш жазуы тиіс[3] .
Өтінішке жер теліміне құқығы, жер телімінде орналасқан объектіге құқығы, жер телімінің планы секілді құжаттар көшірмелерімен бірге берілуі тиіс.
Жер теліміне идентификациялық жұмыстар жүргізу барысында оның жер телімін анықтап алуы тиіс, ауыртпалықтар көрсетіліп, пайдалану мақсаты анықталады. Сонда й-ақ, жер-кадастрлық кітапта жер теліміне кадастрлық номер беру бойынша жазбалар көрсетіледі.
Кадастрлық номер облыс немесе республикалық маңызы бар қаланың коды, аудан немесе облыстық маңызы бар қаланың коды, квартал коды мен жер телімінің кварталдағы реттік номері бойынша анықталады. Ол 11 саннан тұрады. Егер квартал ішіндегі жер телімінің реттік номері 999 болса, онда келесі жер телімінің номері 4 санды номер болады.
Жер телімі біріктіріліп немесе бөлінген жағдайда еске кадастрлық номер жайылып, жаңа кадастрлық номер беріледі. Жер телімінің иесі өзгерген жағдайда кадастрлық номер өзгертілмейді.
Жер кадастрының пайдаланушылар болып мыналар табылады:
-мемлекеттік басқару органдары - территорияны жоспарлау бойынша мәселелерді, жерді зоналау, табиғи ресурстарын рационалды пайдалану бойынша және басқа да жер ресурстарына қатысты мәселелерді қарастырады;
-жылжымайтын мүлік объектілері мен онымен жасалатын келісімдерді тіркеуді жүзеге асыратын құзырлы облыстық мемлекеттік органдар;
-мемлекеттік статистика саласындағы органдар;
-жобалық, ізденіс, ғылыми-зерттеу ұйымдары - жобалық-ізденіс және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру үшін ағымдағы деректерді алу бойынша мәселелер;
-архитектуралық-қала құрылысы саласындағы құзырлы органдар - мемлекеттік қала құрылысын жүргізу бойынша мәселелер мен қала құрылысын жүзеге асыру үшін құжаттарды дайындау;
-қоршаған ортаны қорғау бойынша құзырлы органдар - табиғи ресурстарды пайдалану бойынша, қоршаған ортаның қазіргі жағдайы туралы деректерді алу;
-салық салу органдары - жерге салық салу бойынша мәселелерді қарастырады;
-басқа да жеке және заңды тұлғалар.
Белгілі бір жер телімінің кадастрлық мәліметтерін қағаз немесе магнитті тасығыштарда берілуі мүмкін, сондай-ақ кадастрдың санкцияланған деректер банкінен техникалық немесе телекоммуникациялық құралдар арқылы тіркелген жерінен ала алады.
Жер телімі туралы мәліметтер жер-кадастрлық картамен сәйкестендіріледі. Мемлекеттік құпия болып табылмайтын жер телімінің кадастрлық мәліметтері, жалпыға қол жетімді, яғни кез келген жеке және заңды тұлғалар сұраныс жасау арқылы пайдалана алады. Мемлекеттік органдар кадастрлық мәліметтерді арнайы сұраныс жасау немесе рұқсатнама жазуды қажет етпейді.
Кадастрлық мәліметтерді алу режимі немесе мәліметтерді дұрыс болмаған жағдайда заңды актлерге сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Жер учаскелерiне кадастрлық нөмiр беру жер учаскесiне меншiк құқына және тұрақты жер пайдалану құқына акт жасау кезiндегi жұмыстардың барысында жүргiзiледi.
Жергiлiктi атқарушы органның уақытша жер пайдалануға бөлiнген жер учаскесi нақты түрде белгiленедi және жалдау шартын жасау жөнiнде жұмыстардың барысында кадастрлық нөмiр берiледi [3] .
Барлық жер учаскелерiне меншiк құқығы, жердi тұрақты немесе уақытша (бiр жылдан аса мерзiмге) пайдалану құқығы басқа меншiк иесiне ауысқан жағдайда жер учаскесiнiң кадастрлық номерi ауыстырылмайды.
Азаматтарға немесе заңды тұлғаларға аталған құқықтарда бұрын берiлген жер учаскесiнiң шекарасын айқындау жаңа жер учаскесiнiң пайда болуы ретiнде қаралмайды және оның кадастрлық нөмiрi ауыстырылмайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz