Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасында қолданылатын педагогикалық технологиялар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және Ғылым Министрлігі

Жоба
Тақырыбы: " Мектепке дейінгі ұйымдардың практикасында қолданылатын педагогикалық технологиялар "

Жоспары:
I. Кіріспе
Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік технологиялар
II. Негізгі бөлім
2.1 Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік технологиялар
2.2 Міндеттері:
2.3 Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар
2.4 Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
2.5 Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
2.6 Мнемокесте
2.7 Мнемотехника
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиет

Кіріспе
Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік технологиялар.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы - мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары және т.б.) қолдану дағдыларын дамыту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;
- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.

2. Негізгі бөлім
2.1 Мектепке дейінгі ұйымдағы заманауи білімдік технологиялар.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық үдерістердің инновациялығы - мектеп жасына дейінгі балалардың тиімді дамуына себін тигізетін жаңа технологияларды мақсатты ендіруінде болып табылады.
Педагог пен баланың өзара әрекет етуі жүзеге асырылатын оқытудың интерактивті әдістерін қолдану барынша маңызды бола бастады. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының жұмыстарына заманауи білім беру бағдарламалары мен технологияларын ендіру бойынша бірыңғай талаптар және практикалық ұсыныстармен қамтамасыз етуге бағдарланған және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие сапасын және тәрбиешілердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға бағытталған.
Мектепке дейінгі ұйымдардағы инновациялық педагогикалық технологиялар диагностикасын жүргізу материалдарына талдау, қолданылатын технологиялар жұмысының ерекшеліктерін анықтау және әртүрлі жас топтарында туындайтын қиындықтарды, мәселелерді шешу жолдарын айқындау;
- мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасаудың заманауи интерактивті нысандары туралы біртұтас білім қалыптастыру;
- мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үдерісінде интерактивті нысандарын (диалогтық технологиялар, ТРИЗ технологиялары, денсаулық сақтау технологиялары және т.б.) қолдану дағдыларын дамыту;
- мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында мектеп жасына дейінгі балалармен интерактивті өзара әрекет ету үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану қабілетін қалыптастыру;
- мектепке дейінгі білім беруді жаңғырту жағдайында мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен педагогтарында өзіндік білім алу қажеттілігін қалыптастыру.

2.1 Міндеттері:

- мектепке дейінгі ұйымдардың материалды-техникалық базасын нығайту және жетілдіру; мектепке дейінгі ұйымдарда әртүрлі әдістемелік шараларды қолдану арқылы педагогтардың кәсіби құзыреттілігін арттыру; педагогтардың мониторинг нәтижелерін практикалық қызметте қолдану қабілетін дамыту;
- инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану мәселесі бойынша педагогтар арасында тәжірибе алмасу жүйесін ұйымдастыру;
- педагог пен балалардың бірлескен іс-әрекетінде инновациялық педагогикалық технологиясын қолдану арқылы олардың өзара әрекет ету үлгісін өзгерту.

2.3 Ақпараттық - коммуникативтік технологиялар (АКТ)
Ақпараттық технологиялар деп оқыту педагогикасында арнайы техникалық ақпараттық құралдарды (интерактивті тақта, электронды - есептеуіш машиналар, аудио, бейне) пайдаланатын барлық технологияларды атайды. Компьютерлер білім беруде кеңінен қолданыла бастады, оқытудың компьютерлік технологиясы термині пайда болды. Компьютерлік технологиялар бағдарламалаған оқытудың идеяларын дамытады, заманауи компьютерлер мен коммуникацияның бірегей мүмкіндіктерімен байланысты тың, әлі зерттеле қоймаған нұсқаларды ашады. Оқытудың компьютерлік (жаңа ақпараттық) технологиялары - бұл оқытушыға компьютер арқылы ақпараттарды дайындау және беру үдерістері. Компьютерлік технологиясының мақсаты ақпаратпен жұмыс жасау қабілетін қалыптастыру, коммуникативтік қабілеттіліктерді дамыту, ақпараттық қоғам тұлғасын дайындау, зерттеу қабілетін қалыптастыру, оңтайлы шешімдерді қабылдау қабілеті болып табылады.
Ақпараттық - коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде денсаулық сақтау технологиялары туралы естен шығармау керек, тәрбиелеудің техникалық құралдарын қолдануды балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес уақытпен шектеу керек. Сөйтіп, АКТ-ны оқу-тәрбиелеу үдерісіне ендіру педагогтың кәсіби сипаттамасы болатын, педагогикалық шеберлікті құрайтын педагог құзыреттілігін қалыптастыру қажеттілігін тудырады. Технология мен ақпаратты тиімді қолдана білетін педагогта ойлаудың жаңа, басқа стилі болады, туындайтын мәселелерді, өз іс-әрекетін ұйымдастыруын бағалауға өзгеше қарайды. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде бірінші орынға тұлғаның өзін-өзі дамыту идеясы, оның дербес іс-әрекетке дайындығы қойылады. Педагогтың қызметі ауысады. Енді ол интеллектуалдық ізденістің, эмоционалдық күйзелістің және практикалық іс-әрекеттің ұйымдастырушысы. Ол үшін оқытушының әрекеттің ұйымдастырушысы оқытушының белсенді рөлін қалыптастыратын жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру қажет.
Педагогикалық технологиялар міндетті түрде таным белсенділігінің негізін - ізденгіштігін; өз бетімен шығармашылық (ойлау, көркемдік) және әртүрлі іс-әрекет түрлерінде табысты болуға мүмкіндік беретін басқа да міндеттерді:
- интеллектуалдық және тұлғалық дамуы ретінде шығармашылық қиял - елесі;
- коммуникативтік - ересектермен және құрдастармен сөйлесу қабілеті;
- рефлексия қабілеті - басты тұлғалық қасиеттердің бірі ретінде;
- өзін тануы мен ұғынуы (іс-әрекеттер, сөйлеу тәртібі, сезім, жағдай, қабілеттілік) шешу қабілетін дамытуы керек.
Педагогтардың мектепке дейінгі білім беруде жаңа технологияларды игеруі - бала тұлғаның табысты дамуының кепілі. Қазіргі таңда ойынның маңыздылығы заманауи баланың ақпаратпен қанығуынан артады. Теледидар, бейнетаспа, радио, интернет алынатын ақпарат ағымын ұлғайтты және түрлендірді.

2.4 Заманауи денсаулық сақтау технологиялары
Денсаулықты сақтау және ынталандыру технологиясы: стретчинг, ырғақ пластикасы, динамикалық үзілістер, қозғалмалы және спорт ойындары, релаксация, эстетикалық бағыттағы технологиялар, саусақ гимнастикасы, көз гимнастикасы, дем алу гимнастикасы, сергіту гимнастикасы, түзету гимнастикасы, ортопедиялық гимнастика.

2.5 Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
ТРИЗ - өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы. Негізін салушы - Генрих Альтшуллер. Оның технологиясының басты идеясы техникалық жүйелер белгілі бір заңдармен туындап, дамиды: бұл заңдарды тануға болады және өнертапқыштық тапсырмаларды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі таңда Г.С.Альтшуллердің ТРИЗ технологиясы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуін, тапқырлығын, шығармашылық елестетуін, диалектикалық ойлауын дамыту үшін бала бақшаларда табысты қолданылады. ТРИЗ мақсаты - балалардың ой-өрісін дамытумен қатар, жүріп жатқан үдерісті түсіндіре отырып, жүйелі ойлауынуға үйрету. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ТРИЗ технологиялары - бұл тәрбиешілер үшін толық әдістемелік ұсыныстары бар ұжымдық ойындар мен сабақтар жүйесі. ТРИЗ негізгі бағдарламасын ауыстыруға емес, оның тиімділігін барынша арттыруға арналған. Тәрбиеші жұмыс істейтін кез келген бағдарлама негізінде практикада тексерілген ТРИЗ әдістері мен тәсілдерін қолдануға болады.

Ойын іс-әрекеті үдерісінде ересектер мен баланың интерактивті өзара әрекет етуі
Ойын - баланың әлеуметтік тәжірибесі болып табылады. Іс-әрекеттің бұл түрі балалардың ересектердің өміріне қатысуын ынталандыруын іске асыратын құрал қызметін атқарады. Балалар ойын арқылы:
- өзінің жеке өмірлік жоспарын құруға үйренеді;
- іс-әрекеттерді және оларға қол жеткізудің құралдарын анықтайды, жасайды;
- конструктивті қарым-қатынас және басқа адамдармен өзара әрекет ету мектебінен өтеді.
Ойын - баланың танымдық және әлеуметтік, физикалық және психикалық дамуының, жалпы адами мәдениеттің негіздерін қалыптастырудың әрекетті құралы болып табылады. Мектепке дейінгі кезең соңында балада өзінің мінез-құлқын басқару қабілеті, ережелер мен талаптарға бағыну қабілеті туындайды. Көптеген зерттеушілер ойын мен оқу іс-әрекетінің генетикалық сабақтастылығына сүйене отырып, ойыннан бірте-бірте мектепке дейінгі кезеңдегі оқуға өтудің маңыздылығын көрсетеді.
БАЛАЛАРДЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДА, ҮСТЕЛ ҮСТІ МНЕМОКЕСТЕЛЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктеген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі де, бірегейі де ұрпақ тәрбиесі. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы қалыптасқан тілі мен мәдениетіне мойын ұрып, ұрпағымызға төл тәрбие, ұлттық тағылым беру бүгінгі күннің басты ісі. Бүгінгі балабақшаларындағы оқу -тәрбие жұмысының сапасын қазіргі кезеңге сай қалай жақсарту керек дегенде, ең бастысы ҰОІӘ формаларымен оның құрылымын жетілдіру, оқытудың жаңа әдіс тәсілдерін жетілдіру.
Халық даналығында былай деп айтылған: Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте. Біздің Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев әр азаматқа өз тілінде сөйлеуге,салт - дәстүрін сақтауға мүмкіндік береді. Сондықтан біздің республикамызда тұратын әр халықтың мемелекеттік тілді үйренуге ынтасы зор. 2050 бағдарламасына сәйкес әр қазақстандықтар мемлекеттік тілде сөйлеуге міндетті.
Кез келген халықтың ұлттық қазынасы тіл болып табылады. Әрбір халықтың тілінде оның ұлттық дәстүрінің, сана-сезімінің, ойлау тәсілінің, мінез- құлқы белгілері көрініс табады. Ал тілді, тіл мәдениетін игеру баланың сәби шағынан іске аса бастайтын, біртіндеп жетілетін үрдіс. Олай болса, баланың тілін дамыту жұмысы отбасынан, балабақшадан бастап жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Балабақшада қазақ тілін оқытудың қай түрін алсақ та, ол оқыту, үйрету үрдісінің бүкіл жүйесін қамтиды.
Жаңа технологияны, әдіс - тәсілдерді тиімді қолдану білім сапасын көтереді. Ең басты мақсатым: жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, қазақ тілінде еркін сөйлеу дәрежесін көтеру.
Балабақшадағы тәрбиелеу-оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген.
Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі- тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді.Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде, балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып
- балалардың сөздік қорларын дамытамыз;
- жаңа сөздерді меңгертеміз;
- үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отырамыз.
Осы аталған міндеттерді педагог үнемі сөздік жұмысын жүргізуде басшылыққа алып отыруы тиіс. Балалардың сөздік қорын дамытуда ойын, тапсырма, жаттығулардың орны ерекше.
Сонымен қатар, балалардың жас ерекшелігін ескеру әдіс-тәсілдерді таңдаумен сай келеді, ҰОІӘ өткізгенде бірінші орынға ойын және ойын түрлері қойылады.
Тіл үйренуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру.
Сөздік қорды дамытуға бағытталған әдістердің жалпы міндеті. Сөздің мағынасын дұрыс түсініп, оны өз сөзінде дұрыс қолдану. Сол әдістердің бірі:
Түсіндіру әдісі - жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданады.ҰОІӘ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады.
Көрнекілік әдісі - ҰОІӘ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Балаларға түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды яғни эсттетикалық жағынан жақсы , әртүрлі түстен болуы керек .
Ы. Алтынсарин Натуральды әдіс туралы былай деген: Балаға айтып түсіндіргеннен гөрі, қолымен ұстап, көзімен көріп, мұрнымен иіскеп түсіндірген сабақ ұғымды деген.
Жемістер-көкөністер тақырыптарын қозғаса, баланы осы тақырыптарға сай қазақ тілінде сөйлетіп үйрету оқыту үрдісін әлдеқайда жеңілдетеді.
Тіл үйретуде ең басты міндет - балалардың сөйлеу тілін жетілдіру. Балалар тілдің грамматикасын білу арқылы бір - бірімен сөйлесуді,сұрақ қоюды үйренеді. Диалогтың және монологтың жеке тұлға үшін атқаратын қызметтері бір арнаға тоғысып жатады баланың танымдық қабілетін, жалпы тәрбиелік деңгейінің дамуына әсер етеді.Диалог пен монологтардың тіл үйренуші үшін маңызы өте зор.Күнделікті бала өмірінде жиі қолданыста жүрген сөздерді пайдалана отырып сөйлесу тілді тез меңгеруге мүмкіндік береді. Диалог пен монологтарды сурет бойынша, техникалық құралдар және ойын элементтері арқылы құрастыруға болады
ҰОІӘ тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады:
Жұптық.Топтық.Ұжымдық.
Жұптық оқыту.Жұптық оқыту қалпында тілдік қатынас екі баланың арасында жүреді. Онда негізгі мақсат- екі баланың өзара тілдесу ерекшеліктеріне, тілді білу дәрежесіне т.б. сүйене отырып іске асырылады. Мұнда балалар екі- екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке тапсырмалар бойынша жұмыс істейді де, олардың сыңарлары бір- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы
Ата - аналардың педагогикалық қатынастарымен талаптарды үйлестіру
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Көру кемшілігі бар балаларды мектепте оқыту
Балаларды ақпараттық технология білімін жетілдіру
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Сатылай оқыту технологиясы
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Педагогикалық технология негіздері
Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі
Пәндер