Дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікке тең


КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының aлғaшқы Кoнституциясы aдaм құқығы мен бoстaндығының негізін сaлaды. Ол құқық билігін жaлпы aдaмзaттың жoғaрғы құндылығы ретінде бaғaлaп, мемлекетке құқықтық және демократиялық қоғам құруға конституциялық міндетті жүктеп, ал қоғамның, құқықтық мемлекеттің басына адам, адамның өмірін, оның құқықтары мен бостандықтарын қойған. Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген қағида бойынша, қылмыс жасаған тұлғаның кінәсі бар болғанда ғана қылмыстық жауаптылыққа жол беріледі. Әрбір айыпталушы тұлғаның кінәлілігі заңда көрсетілген тәртіпте дәлелденбегенге дейін, ол кінәсіз болып саналады.
Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заңнамаға сәйкес кінә - бұл қылмыстың қажетті әрі маңызды белгісі, оның психологиялық мазмұны. 1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде “Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған қоғамдық қауіпті әрекеті (немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс” деп айтылған. Бұл ережелер біздің заңнамаға “ойы”, "қауіпті жағдайы”, “наным-сенім”, абайсызда зиян келтіргендігі үшін жауапкершілік секілді обьективті айып арту жат нәрсе екенін дәлелдейді. Әрбір қылмыста азамат өзінің сыртқы әлемге, қоғамға, жеке тұлғаға деген қатынасын білдіреді. Қылмыстың психологиялық мазмұны да осымен көрініс табады.
Дипломдық зерттеудің осы тақырыбын таңдап алудың бір себебі - бұл қылмыстық іс-жүргізудегі ақиқат (шындық) туралы сұрақ. Бір жағынан бұл мәселе бойынша пікір - талас жүргізу үшін түпкі тамыр жоқ секілді көрінеді. Фактілердің дұрыс екенін анықтау - істің дұрыс шешілуінің алғашқы шарты болып келеді, кем дегенде - айыптау үкімінің дұрыс тағайындалуын алайық. Тәжірибеге анализ жүргізу барысында, біз дәл осы шарттың орындалмауы соттың қателіктер жіберуіне себепкер болатынын көреміз. Егер іс бойынша фактілер және қылмыс жасаған тұлға, яғни қылмыстың обьективтік жағы мен субьектіні барлық болған мән-жайларға дұрыс анализ жүргізу барысында анықтауға болса, бұл жағдайда қылмыстың субьективтік жағы ең ауыр және түсініксіз болып қала береді.
Көптеген жылдар бойы заңгерлер кінәға байланысты сұраққа пікір - талас жүргізуде: бұл моральдық категория ма, әлде әлеуметтік пе, жеке тұлғалық па әлде заңды ма? Оны жан-жақты қарастыра отырып, ғалымдар ол жөнінде қылмыстық жауапкершіліктің негізі ретінде, сондай-ақ ниет және мақсатпен қатар қылмыстың субьективті жағын құрастырушы белгілерінің бірі ретінде сөз қозғайды. Кінә нысаны ретіндегі қылмыстық құқық теориясының мұндай түсінігі, онда маңызды орындарының біріне ие. Осыған негізделе, қылмыстық құқықтың барлық жүйесі және мазмұны бірінші кезекте осы стандарттарға, және жалпы адамдық, гуманизмдік құндылықтарды қорғайтын заңдылық принциптеріне сәйкес келуі тиіс. Соған орай құқықтық жүйені жан-жақты реформалау және қазақстандық қылмыстық заңнаманы жетілдіру үшін шетел мемлекеттерінің заңдық тәжірибесін зерттеу қажет.
Құқықтық мемлекеттің және заңды гуманизациялаудың құрылуы мен дамуының қадамдарында қылмыстық құқық ғылымы алдында теориялық және практикалық сипаттағы бірқатар проблемалар тізімі өріс алды. Соған байланысты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің Жолдауында заңшығарушылық қызмет қазіргі заманның талаптары бойынша толық түбегейлі анализ бен жетілдірулерді қажет етеді деп ескеріп кетеді. Тағы оның жолдауында заңи тұрғыда көңіл аударатын мәселелердің бірі: “Бізді болашақта үлкен тапсырмалар күтуде, солардың бірі - Қазақстанда мықты фундаментте негізделген заңның күші басқаратын саяси және әлеуметтік әділдікті, халықтың экономикалық бостандығын құру. Ал қылмыспен күресу Егеменді Қазақстанның алдына қойылған басты тапсырмалардың бірі болып қала береді”.
Елбасы қылмыстық жазалау жүйесін гуманизациялау және түзеу мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсарту жолында ілгері қарай қозғала беруіміз қажет деп атап кеткен болатын.
ҚР-ның қолданыстағы қылмыстық заңнамасы бірқатар іс-әрекеттерді декриминализациялау, жеке қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті жеңілдетіп, бас бостандығынан айыруға альтернативті жаза санын кеңейтті. Бірақ, статистика көрсеткендей, құқыққолданушы тәжірибе керісінше қаталдау болып кетті. Сондықтан Президенттің Жолдауында былай делінеді: “Aшық және анық қылмыстық саясатты жүзеге асыру қажет: заң ауыр қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты қатаң, ал бірінші рет жеңіл немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасағандар мен әйелдерге және кәмелеттік жасқа толмағандарға гумандылау болуы тиіс”.
Қылмыстық құқықтың маңызды мәселелерінің шешуші шарттарының бірі - кінәнің бар болуына негізделген жауапкершілік принципін қатаң сақтау және қылмыстық істі қарау кезіндегі заңға негізделген қылмысты дұрыс саралау.
Кінә нысаны обьектілері бойынша ұқсас қылмыстарды бір- бірінен айыруға мүмкіндік береді, соңдай-ақ жазаны жекешелендіруге әсерін тигізеді және әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесімен бірге қылмыстардың заңды саралануының критериі болып табылады (мысалы, аса ауыр қылмыстарға тек қана қасақана жасалған қылмыстар жатады) . Кінә нысаны бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу үшін түзеу мекемесінің түрін тағайындауға, сонымен қатар жазаны өтеуден мерзімнен бұрын шартты түрде босатуға да әсерін тигізеді. Кінәнің қасақана түрі қылмыс рецидивін тануға да әсер етеді.
Қылмыстық құқықта субьективті жақтың, сонымен бірге, кінә мәселесіне ерекше назар аударылады, себебі кінәлі жауаптылық қағидасынан кішігірім ауытқудың өзі заңдылықтың бұзылуына, сондай-ак жауапкершілік, оның көлеміне қатысты сұрақтың әділетсіз шешімін табуына әкеп соқтыруы мүмкін. Өткен ғасырдың өзінде Г. С. Фельдштейн: “Кінәлілікті зерттеу мен оның үлкен немесе кішігірім тереңдігі, қылмыстық құқықтың өлшеуіші болып табылады” деген.
Құқықтық теория мен тәжірибеде кінәнің орны үлкен, мысалы қылмыстық кодекстің жалпы бөлімінің 9-бабында: “жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты (кінәлі) қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады” делінген. Кінә болмаса, қылмыстың да болуы екі талай. “Nullum crimen sine culpa” - кінәсіз қылмыс жоқ. Яғни кінә қылмыстың мазмұның құрайды. Сондықтан кінәсіз қылмыс та, жауапкершілік те жоқ. Қылмыстық сот өндірісінің негіздерінен туындайтын кінәсіздік презумпциясы кінә маңыздылығынын кепілі болып табылады. Кінәсіздік презумпциясы дегеніміз тұлғаның заң бойынша құзыретті органымен заңда көрсетілген тәртібі бойынша оның кінәсі анықталмағанынша және ол туралы үкім шығарылмағанша, жасалған қылмыс бойынша кінәсіз деп танылуы. Дәлелденбеген кінәлілік дәлелденген кінәсіздікке тең. Сондықтан кінәлілік фактісі болғанымен кінәлау жағы толық мөлшерде кінәні дәлелдеп беруі тиіс. Ал ендеше логикалық пайымдау бойынша дәлелденбеген кінәсіздік дәлелденген кінәлілікке тең деуге бола ма? Қылмыстық құқықтың теориясы мен тәжірибесіндегі заңның кері күші және күмәнділік кінәлінің пайдасына шешілуі керек деген ұғымдар бар. Сондықтан кінәлілік те, кінәсіздік те дәлелденбеген жағдайда сотты жүзеге асырушы құзыретті адам фактілер, белгілі дәлелдер мен өзінің ішкі сезімі негізінде барынша сотталушы адамның тағдырын бұзбай, гуманды түрде үкім (шешім) шығаруы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz