Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
"Ақмешіт" гуманитарлық-техникалық институтыДиплом жұмысының тақырыбы:
«Жарнама - кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру құралы»
6B03231 Кітапханаісі - мамандығы бойынша
Ғылыми жетекші: Әлібекова А
Орындаған : Бектұрғанова А
Қызылорда 2017 жыл
Кіріспе . . . 3
I. Тарау. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат . . . 6
1. 1 Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері . . . 6
1. 2. Жарнама маркетингі мен менеджменті . . . 12
1. 3. Кітапхана жарнамасы іс-әрекеттің заңдастырылуы . . . 14
ІІ. Тарау. Жарнама -кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру
құралы . . . 17
2. 1. Жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру
ерекшеліктері . . . 17
2. 2 Жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері . . . 23
2. 3. Кітапхана жарнамасын тарату жолдары . . . 29
2. 4. Кітапхананың фирмалық стилі . . . 50
3. Тарау. Кітапханадағы жарнама әрекетінің бағыттары . . . 52
Қорытынды . . . 56 Диссертациялық зерттеулдің әдебиеттер тізімі . . . 60
Кіріспе
Кітапхана ісі мәдениет саласы ретінде ақпаратық, білім беру және мәдени ағарту қызметінің негізі болып табылады.
XXI ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Кітапхана - адамгершілік пен ізгіліктің, ғылым мен білімнің қайнар көзі, мәдени құндылықты жинақтаушы, ақпараттық ресурстардың жүйеленген қоры бар киелі шаңырақ болып саналады. Салауатты өмір салты мен адамзат өркениетінің ұйытқысы кітапханада екені баршамызға анық.
Кітапхана өмірі - сырт көзге біліне бермейтін ағысы баяу, тулаған толқындар ішінде жатқан өмір. Сол өмірге бойлап енген адам ғана кітапханашы мамандығының қыры мен сырын аңғара алады. Қоғамның дамуы, адамзаттың өсіп -өркендеуі кітаппен тығыз бапйланысты.
Қазіргі кезде адамдардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығымен жалпы қабілетін дамыту және жоғары эстетикалық талғамын қалыптастыру міндеттерін іске асыруды кітапханалардың алар орны ерекше.
Кіапхана саласы ақпараттық және білім орталығы ретінде оқырмандарға және мекемелермен ұйымдардың қызметіне әдістемелік көмек көрсетіп, кітапхана ресурстарын талдауда, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізуде және біріңғай жүйені жетілдіруде ақпарат көздерін қоғамда, пайдалануға ықпалын тигізіп, ұйымдастыратын идеологиялық және ғылыми ақпараттық орталық болып табылады. Кітапханашылар үшін ең маңыздысы жеке тұлғалық комуникативті қасиет, оқырмандармен қарым -қатынас жасай білу.
Жалпы кітапханалар жүйесін сақтап қалу, оқырмандарға жаңаша түрде қызмет қөрсету, оқуға баулу, рухани байлығын көтеруде кітапханалық жарнаманы қазіргі заманға сай жүргізілуі қажет деп есептеймін.
Жарнама кітапхана мен оның пайдаланушылары өміріне кеңінен еніп отыр. Оның ақпараттық қызмет туралы хабарлайтын негізгі құрал ретінде ерекшелігі - кітапхана қоры туралы ақпарат таратып, кітапхананың әр түрлі топтағы пайдаланушыларының ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктерін көрсете алады. Бүгінгі таңда жарнама тек қана ақпараттық ресурстар мәлімет беріп қана қоймай, сонымен бірге оның мүмкіндіктері мен әр қызмет түрлеріне сұраныс тудыруы, хабарлау технологияларын дамыту, кітапхана қызметкерлерінің жағымды бейнесін жасау қызметінде атқарады.
Кітапхана жарнамасының феноменін әлі мамандар толық зерттемеген. Арнайы кәсіби баспа беттерінде прoблемалық мақалалар сиpеk жарияланса да, оның пайдаланушыға әсері зор екені даусыз.
Қазіргі кезеңдегі компьютерлік инфрақұрылым кітапхана қызметіне түбегейлі өзгеріс енгізуде, сондықтан ақпараттық қоғамда кітапхана жұмысы жаңаша болуы маңызды.
Кітапханаларда жүйелі түрде ғылыми - практикалық конференциялар, байқаулар, семинар-тренинг, практикалық сабақтар, көмектер, дөңгелек үстел, іс-тәжірибе трибуналары және көптеген көпшілік іс-шаралардың белсенді түрлері мен әдістерін жарнамалау. Әдебиетті көрнекті жарнамалау формасы оқырманның назарын актуалды тақырыптарға, нақты кітаптарға, жазушының творчествосына аудару үшін қағазға немесе картонға салынған, текс пен иллюстрациялардан тұратын композизициялық жарнама біздің елімізге нарықтық экономикалық қатынастармен бірге келіп кірді. Қазақстан кітапханаларында кітапхана - библиографиялық жарнама қалыптасуы алғы шарттар жасалынуда. Жарнамалық ақпараттың өмір сүруінің ең таралған әдісі библиографиялық құрал.
Алайда жарнамаға өнер мен мәдениет саласында оның ішінде кітапханада ғылым туындысы емес, насихат құралы ретінде қарау пост кеңістікте бір - бірімен ақпаратық жарнама арқылы байланысады. Ақпарат алуан түрлі. Оны қолдану аясына байланысты жағымды- жағымсыз, пайдалы- пайдасыз, құнды-құнсыз, құпия-жалпыға бірдей, шынайы- жалған түрлері болады. Осыған байланысты ақпараты қорғау, ақпарат қауіпсіздігі проблемасы туындайды.
Диплом жұмысында қазіргі кітапханалық жарнамасының мәселелелерін шешу жолдары, негізгі әдіс-тәсілдерін жан-жақты талдап зерттеген. Зерттеу барысында қазіргі уақыт талабына сай жұмыс процесінде кітапханалық жарнамасының қолдану жолдарын атап көрсеткен.
Ізденуші диплом жұмысының тақырыбына байланысты әдебиеттерге аналитикалық және синтетикалық талдау жасаған. Кітапханатану және библиографиятану салалары бойынша деректемелермен құжаттардың мол қорын пайдалана отырып орындағаны көрініп-ақ тұр.
Зерттеуші өз тақырыбын қазіргі нарықтық экономиканың шарықтап тұрған кезеңінде кітапхана жарнамасының орны мен ролін атап көрсеткен.
Диплом жұмысының құрылымы қалыптастырылған. Ол кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 бөлімде ақпарат қоғамындағы ақпарат қоғамындағы кітапхана жарнамасының ұғымы және тарихи аспектілері, кітапхана ісіндегі жарнаманың негізгі әдіс-тәсілдері, жарнама маркетигі мен менеджменті, кітапханадағы жарнамалық іс-әрекеттің заңдастырылуы, жарнама қазметін ғылыми ұйымдастырудың бағыттарын атап өткен.
2 тарауда жарнама кітапхананың жаңа имиджін қалыптастыру құралы ретінде жарнама мәтіндерінің стилистикасы мен құрастыру ерекшеліктері, жарнамалық хабарларды көркемдеу әдістері, нарықтық жағдайда кітапханалық жрнамаларды тарату каналдары мен құралдары жайлы айтылған.
Қорытынды нәтижесі жасалынып, кітапхана қызметкерлерінің жарнамалық әрекеттерінің негізгі бағыттары, олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері жайлы ұйымдастыру мен басқаруда оның болашағы туралы ұсыныс пікірлер айтылған.
Диплом жұмысының материалы жүйелі түрде құрылған. Диплом жұмысында кітапхананың жаңа имиджін қалыптастырудың әдіс-тәсілдері, қазіргі уақыттағы ерекшеліктері мен ұйымдастырудың формалары қызықты әрі тартымды етіп баяндалған. Мазмұны түсінікті әрі тілге жатық. Диплом жұмысының құрылымы мен бөлім аттарын дұрыс жүйеленген.
Дипломдық жұмыстың танымдық маңызы бар, мамандық бойынша арнайы пәндер мен қосымша материалдарға және мерзімді басылымдарға зерттеулер жүргізіліп талданады.
XXI ғасырда кітапхананы ақпараттық мекеме ретінде қарай отырып, оның дамуына автоматтандырылған технологияларды пайдаланумен қатар оның интернет жүйесіне қосылуы кітапхана қызымметінің сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейін көтерілуіне тиімді әсер етті.
Кітапхана саласын автоматтандыру - уақыт талабы, жаңа техналогияларды күнделікті кітапхана - библиография процестеріне енгізу басты назарда болып отыр. Ақпарат дәуірінде кітапхана жұмысының жаңаша сипат алуы заңды.
Қазіргі таңда кітапханаларды компьютерлендіру ғаламтор желісіне қосылу, ақпараттандыру, жарнамалау ісі белең алуда. Кітапханашылар жаңа технологияларды меңгеруші маманға айналды, жаңа міндеттер пайда болып, жаңдай жаңарда. Ақпарат пен білімді ұштастыру нәтижесінде пайдаланушыларға ақпарат іздестіру бойынша жұмыс көлемі кеңейді. Ақпарат жеткізгіштерді пайдалану, заманауи озық техналогиямен жұмыс, жұмыстың жаңа ережесі . Кітапхана қорын цифрлау жәй, ғана теңденция ем ес. Ол тез жылдам дами бастады.
Соған орай Қазақстанда жарнама өнеркәсіп, сауда салаларымен салыстырғанда қаржы - несие жүйесінде, соның ішінде банк қызметіде нақты дамып келеді.
Жарнама агенттіктері, сондай-ақ оларға тапсырыс беретін жеке фирмалар, мемлекеттік кәсіпорындар, дайын жарнама өнімін насихаттайтын жарнаманы жоғары бұқаралық ақпарат құралдары - тек орыс тілінде жұмыс істеді.
Қазіргі таңда кітапханаларда жарнаманы кеңінен падалана алмайтындағы және арнайы бөлімінің жұмыс жасамайтындығы бізді қатты қынжылтады. Міне, мен сондықтанда осы тақырыпты таңдап кітапханалық жарнаманың кітапханада, оның орны ерекше екендігін атап өтіп, оны кітапханашылар мен студенттер арасында кеңінен насихаттадым. Бұл дипломдық жұмысымда Қазақстан Республикасының кітапханалық жарнамасының мәселелерін шешудің жолдарын, жарнама жасаудың әдіс-тәсілдерін, түрлерін, жарнаманың кітапханада кеңінен қолдану ерекшеліктерін атап көрсетіп, терең талдау жасап, ғылыми зерттеу жұмысын жүргіздім.
Сонымен проблеманың көкейтестілігі қазіргі кезеңдегі кітапхана ісін одан әрі дамыту және осы кезеңдердегі қағидаларды басшылыққа ала отырып, кітапхана ісін жандандыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы тауқыметті шешудің негізгі тұтқасы кітапхана ісін жаңа ақпараттану технологиялық әдістермен ұдайы жетілдіріп отыру, сапалы мағлұматтар мен ақпарат көздерін қоғамда пайдалануға ықпалын тигізіп, оқырмандардың сұраныс талаптарына жаңаша түрде қызмет көрсетуін жарнамалау арқылы тұтынушыларды оқуға баулу.
Зертеу объектісі - ақпаратық білім орталығы кітапханалардың маркетингтік жарнамалық бөлімі.
Зерттеудің жетекші идеясы - қазіргі таңда кітапханалақ жарнаманың ерекшелігін, атқаратын қызметі мен маңыздылығы.
Диплом жұмысының міндеттері:
- кітапханалық жарнамалардың тарихын зерттеу;
- кітапханалық жарнамалардың түрлері мен атқаратын қызметін түсіндіру.
- кітапханалық жарнаманың әдістерін талдау.
- кітапханалық жарнаманың қажетілігін айқандау;
- кітапханалық жарнамаларды халық игілігіне ұсыну.
Дипломдық жұмысының практикалық мәнділігі.
- кітапханалық жарнама арқылы оқырмандарды, тұтынушыларды кітапханаларға тарту;
- кітапхана жарнамасы арқылы кітапхананың ақпараттық білім орталығы
екендігін таныту;
- қорда бар құнды мәдени байлықтарды жарнамалау.
- Зерттеу нәтижелерін университеттер мен педагогикалық институттарды практикалық сабақтарда пайдалану;
- Студентерге іс-тәжірибе барысында пайдалану.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- ҚР кітапханалық жарнамасының көкейтесті мәелелері;
- кітапханалық жарнаманың тарихы;
- кітапханалық жарнамасының қазіргі кезеңдегі ерекшелігі;
-компьютерлік технологияларды кітапханалық жарнамасында дұрыс пайдалану;
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі бөлімнен, қортытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалрдан тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейтестілігі, пәні, мақсаты, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, деректі көздері мақұлдануы мен практикаға енгізілуі баяндалады.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері бойынша тұжырымдамалар жасалынып, проблема бойынша келешекте орындалатын зерттеу перспективасы тұжырымдалады.
Зерттеудің міндетері:
1. Жарнамалық қызмет көрсетудің мәнін, мазмұнын айқындайтын тірек ұғымдарды ғылыми тұрғыда зертеу.
2. Кітапханалық жарнамасының тарихы, құрылымы, тәжірибелері арқылыақпараттық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау.
I Tapay. Жарнама және қоғамдық мемлекеттік саясат
1. 1. Кітапхана жарнамасының тарихи аспектілері
Жарнама (франц. - Reclame, лат. Reclama-re - айқайлау) .
Адам белгілі бір тауарды жеткілікті мөлшерде немесе артығымен шығара бастаған соң-ақ, айырбас үрдісі басталады. Айырбастау үшін нарық қажет. Нарық дегеніміз ең әуелі тұтынушы табу деген сөз. Міне, осылайша маркетинг, жарнама да қажет болады. Кітапханалық жарнама - бұл қоғамға, қоғамдастықтарға, жеке тұлғаларға жарнамалық ақпараттарды қалыптастыру және пайдалану бойынша қажетті білім, білік және дағдыларды меңгеруге бағытталған ақпараттық мәдениеттің құрамдас бөлігі. Кітапханалық жарнама түрлеріне бөлінеді: тікелей (тұлғааралық және пошта), сыртқы және ішкі, баспа, кескіндемелік, графикалық және көрме-постер, кітапханалық медиа жарнама, имидждік. Тұтынушылардың талаптарын іске асыру жарнамалық өнімді дайындау технологиясын таңдаудың алғышарты болып табылады.
Кітапханалық жарнама - бұл әлеуметтік (әлеуметтік-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-идеологиялық, әлеуметтік-технологиялық, әлеуметтік-ақпараттық) құбылыс, қазіргі заманғы кітапханалық-ақпараттық қызмет бағыттарының бірі. Кітапхана жарнамасының технологиясын интерактивті және коммуникативті аспектілерінің бірлігінде зерттеу, қолданушы мен кітапханашының сәйкес параметрлерін қалыптастыру әдістемелерінің жиынтығы кітапхана ісі үшін жаңа технологияларды әзірлеу және қолдану тәсілдері туралы түсінік береді.
Жарнамалық ақпарат - бұл ақпараттың ерекше түрі. Жарнамалық ақпарат ұғымы жарнама құбылысын басқалардан шектеу принципі бола алады. Жарнамалық ақпараттың авторлық анықтамасы: Жарнамалық ақпарат - бұл кітапханалық ақпараттық нарықта сатылатын өнімдер интеллектуалды және материалдық ресурстар туралы ақпарат.
Жарнамалық-ақпараттық кітапхана қызметі - жарнамалық ақпараттарды дайындау және тарату, тұтынушыларға жарнамалау қызметі қазіргі уақытта белсенді дамып келеді.
Жарнамалық-ақпараттық кітапхана қызметінің негізгі процестері мыналар: жарнамалық өнімді құру, оларды тарату және жарнамалық-ақпараттық қызметтер, ал оның негізгі құралдары - жарнамалық ақпарат. Жарнамалық-ақпараттық кітапханалық қызметтің түпкі нәтижесі - жарнамаланатын тауарларға: кітапхана-ақпараттық мекемелердің ресурстарына, өнімдеріне және қызметтеріне қол жетімділік деңгейі.
Кітапхана - ақпараттық мекеме. Әрине, алға қойылған мақсаттар болуы мүмкін
кітапханалардың, мұрағаттардың, мұражайлардың және басқалардың қызметін нақты үйлестіре отырып жүзеге асырылады
әлеуметтік-мәдени мекемелер. Жаңа ақпараттық технологиялар, техниканы қолдану
кітапханадағы маркетинг кейбір мәселелерді айтарлықтай жеңілдетуі мүмкін
пайдаланушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. Нәтижесінде бұл мүмкін болады
бірыңғай ақпараттық кеңістік, шекарасыз кітапхана туралы айту.
Кітапханалық жарнама - бұл өзіндік пәні, әдістемелік базасы және зерттелген проблемалары бар кітапханалық зерттеулердің жаңа бағыты. Қазіргі уақытта кітапхана жарнамасын салыстырмалы түрде тәуелсіз ғылыми пән ретінде сипаттауға болады, оның объектісі кітапханадағы жарнама болып табылады.
Постерлер мен стендтердің, сондай-ақ кітап көрмелерінің жарнамалық дизайнының интерьер дизайнымен үйлесуі композицияның тұтастығын тудырады, мұнда интерьерге, оның түсі мен жарық шешіміне белгілі бір рөл жүктеледі.
Түс - интерьердің ең субъективті аймағы. Екі түрлі адамның белгілі бір көлеңкеге қалай әсер ететінін ешқандай зерттеулер болжай алмайды. Сонымен қатар кез-келген түс туралы біздің жеке жалпылауымызды нақты жағдай жоққа шығаруы мүмкін. Әрбір адам, егер сүйікті түс болмаса да - ол оң қабылдайтын түстер тобы бар, ал тітіркендіргіштер де бар.
Библиографиялық сипаттамаларды топтау әдістері бойынша каталогтардың негізгі түрлері.
Каталогтардың кең тараған түрлері - алфавиттік, жүйелік және тақырыптық.
Алфавиттік каталогта кітаптардың сипаттамалары авторлардың аты-жөндерінің, авторлар ретінде қабылданған мекемелер мен ұйымдардың атауларының және жұмыстардың атауларының алфавитімен орналастырылған.
Кітапхана ақпараттық, бос уақыт, білім беру мекемесі ретінде өзінің қызметін жарнамалауы керек: библиографиялық өнімдердің жарнамасын, қызметтерді, инновацияларды және т. б.
Кітапхана қызметінің жарнамасы, әрине, өндірістік кәсіпорынның немесе сауда кешенінің жарнамалық қызметінен ерекшеленеді, бірақ бұған қарамастан барлық қызмет салалары үшін негізгі болып табылатын жарнама туралы федералды заңда бекітілген белгілі бір нормалар мен ережелер бар. кітапхана және ақпарат.
Әрбір кітапхана ақпараттың пассивті сақтаушысы рөлінен бас тартуға және өзінің ақпараттық қызметтерін баспасөз, жергілікті радио, теледидар және т. б. арқылы ұсынуға міндетті, басқаша болуы мүмкін емес.
Жарнамалық ақпарат құралдары: парақшалар, плакаттар, буклеттер, брошюралар, каталогтар, пресс-релиздер.
Бұл құралдардың көпшілігі жанрлық белгілерімен ерекшеленеді. Кітапша парағы қысқа библиографиялық тізімі бар кітаптағы бетбелгі немесе жай ұранға және кітапхана жадына сәйкес келеді.
Дизайн кітапхананың жарнамалық қызметінде үлкен маңызға ие, бұл оны тартымды және көркемдік жаңалық етеді.
Постерлер мен стендтердің, сондай-ақ кітап көрмелерінің жарнамалық дизайнының интерьер дизайнымен үйлесуі композицияның тұтастығын тудырады, мұнда интерьерге, оның түсі мен жарық шешіміне белгілі бір рөл жүктеледі. Түс - кеңістікті анықтайтын сәндік элементтердің бірі.
Кітапханалар қызметінде жарнаманы пайдалану қазіргі кезде негізгі рөл атқарады, өйткені оның қызметін жарнамасыз кітапхана стратегиясын жүзеге асыру мүмкін емес.
Жарнама кітапхана мен оның оқырмандарының өміріне органикалық түрде еніп отырды. Бүгінде ол оқырман осы мекеме туралы бәрін немесе барлығын білетін құрал рөлін атқарады. Бұл оның ақпараттық ресурстарын ғана емес, мүмкіндіктерін, технологияларын да көрсетеді, мекеменің неғұрлым тартымды имиджін жасайды.
Кітапхана жарнамасының тиімділігі кітапхана пайдаланушыларының санымен, оның ресурстарымен, мәліметтер базасымен, қызметтерімен және оларға қол жетімділік жиілігімен анықталады.
Жарнамалық білімдер шеңберін анықтаудың күрделілігі жарнаманы ғылым ретінде түсіндіреді, оның пәндік аймағын жеткіліксіз анықтау, мұнда бірқатар білім блоктарын ажыратуға болады: әлеуметтік-мәдени (жарнаманы әлеуметтік ретінде зерттеу) құбылыс, ақпарат әлеуметтік құбылыс ретінде, мәдениеттің компоненті) . теориялық (жарнаманың мәнін, міндеттерін, функцияларын, құрылымдарын және басқа теориялық компоненттерін зерттеу, негізгі ұғымдарды түсіндіру) ; әдіснамалық (жарнама саласындағы ғылыми-практикалық қызмет әдістерін анықтау) ; тарихи (жарнама эволюциясын, жарнамалық білімді, жарнама әдістері мен технологияларын көрсету) ; технологиялық (жарнамалық технологияларды, атап айтқанда, кітапханалық-ақпараттық қызмет саласында оңтайлы пайдалану үшін жағдайларды зерттеу және құру) .
Зерттеудің теориялық маңызы таңдалған пәндік саланың тұжырымдамалық аппаратын дамытудан, кітапханалық жарнама ұғымдарын түсіндіруден, маркетингтік стратегия негізінде жарнама түрлерінің теориялық модельдерін құрудан, тарихи тенденцияларды анықтаудан тұрады. кітапхана саласындағы жарнаманың дамуы ақпараттық мәдениет пен әлеуметтік құбылыстың құрамдас бөлігі болып табылатын кітапханадағы жарнаманың теориялық-әдістемелік, әлеуметтік-технологиялық және ақпараттық-мәдени аспектілерін зерттеу нәтижелерінің жиынтығы болып табылады.
Жарнама адамдардың басқа адамдарға шығарылған өнімдер мен көрсетілетін қызметтер туралы мәлімет беру қажеттігінен туған. Осыған қарап-ақ жарнаманың өте ерте заманда пайда болғанын аңғаруға болады.
Жарнаманың көнезаманғы үлгісі ретінде Каирдың археологиялық музейінде тұрған «Мен, Крит аралында тұратын Ринос, түс жоримын» деген жазуы бар тасты алуға болады. Бұл жарнаманың пайда болғанына 2, 5 мың жыл екені анықталған. Бұдан басқа да ерте заманғы жарнама түрлері бар. Лондонда сақтаулы тұрған, құл сатылатыны жайлы иероглиф жазуы бар Мысыр папирусы; көне заманғы қолөнершілердің әртүрлі ендері мен таңбалары. Олар қазіргі тауар белгілерінің арғы тегі болып табылады.
Қытайда 10-ғасырда баспа жарнамасы болған. Месопотамия саудагерлерінің эмблемалары да жарнамаға жатады. Ерте кезде жарнамалық хабарларды сауда жолдарының бойындағы жартастарға, тастарға, мыс пен сүйектерге жазатын. Тарихи құжаттарда. ортағасырлық қалаларда өндірушілердің тауарларын халық көп жиналған жерде мадақтап, хабарлайтын азаншылар қоғамы болғаны жайлы мәліметтер бар.
«Жарнама тарихындағы бетбұрыс жылы - 1450 жыл болды», - деп жазады О. О. Борисова «Кітапхана жарнамасы: тарихи аспект» (5 ғыл. -практ. конф. - М., 2000) деген мақаласында. Бұл жылы Иоганн Гутенберг баспа станогын ойлап тапты. 18 ғасырдың екінші жартысында жарнамалық хабарландырулар басылатын алғашқы неміс мерзімді басылымдары шыға бастады. Ал 1812 ж. Англияда алғашқы жарнама агенттігі пайда болды.
Капитализмнің дамып, нығаюына байланысты жарнама жеке сала болып қалыптаса бастайды. Ол сала концерн, корпорация, кәсіпорын, фирмалардың мүддесін қорғайтын, олардың нарықты жаулап алу, пайда түсіру үшін қолданатын негізгі құралы болатын ірі индустрияға айналды.
Сонымен, 19-ғасырда жарнама барлық дамыған капиталистік елдердің өмір салты болып қалыптасты. Ресейде де жарнама ісі жақсы жолға қойылғанын айта кету керек. 10-11 ғасырдың өзіңде-ақ орыс көпестері өз тауарларын жарнамалаудың алуан түрін қолданған: сауда қатарының алдыңда көңілді өлеңдер мен жаңылтпаштар айтып, тауарларды мадақтайтын арнаулы жалданған азаншылар тұрды. 19 - ғасырдың аяғында Ресейде баспа жарнамасы дамиды, сонымен бірге газет пен журналдардағы жарнама да даму үстінде болды. «Сауда», «Сауда және өмір» журналдары, «Комиссионер» (Москва), «Сатып алушының серігі» (Төменгі Новгород) газеттері сияқты арнайы жарнамалық басылымдар пайда болды. Жарнама ісінің зор табыстарын 1897 жылдың соңында Петерборда Бүкіләлемдік сауда плакаты кормесі болғанынан, онда өр елден келген жарнамашылардың 700-ден астам жұмыстары қойылғанынан көруге болады. Бұл жұмыстардың ішінде орыс суретшілерінің жұмыстары да болды. Революциядан кейін жаңа экономикалық және қоғамдық қатынастар орнап, жарнаманың міндеттері де түбірімен өзгерді. «Жарнамалық хабарландыруға мемлекеттік монополия жариялау туралы» декрет және барлық жеке жарнамалық мекемелерді кәмпескелеу туралы декрет қабылданды. Енді жарнама пролетариат диктатурасының экономикалық базасын нығайтуға және социалистік шаруашылықты нығайту үшін алғы шарттар қамтамасыз етуге қызмет етті. Азамат соғысы және одан кейінгі күйреу жылдары жарнама әрекетінің табиғи түрде жойылуына әкелді. Бірақ жаңа экономикалық саясат (ЖЭС) заманында жарнамаға қайта көңіл бөлінді. Дәл сол кезде «Рекламтранс», «Байланыс», «Промреклама» дейтін алғашқы советтік жарнамалық агенттіктер құрылды. Мемлекеттік жарнама ісіне журналист, жазушы, ақын, суретшілер тартылды. Мысалы, В. В. Маяковский хабарландырулар үшін 100-ден аса өлең мәтіндерін жазды, соның ішінде, қанатты сөзге айналып кеткен «Моссельпромнан басқа, барлық жер қасқа» деген өлең жолдары бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz